Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы



бет1/29
Дата27.02.2023
өлшемі0,49 Mb.
#70255
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: 3.1. IDE-мен танысу
1-сабақ.

Бөлім:

3-бөлім. «рython тілінде программалау»

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

3.1. IDE-мен танысу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.2.2. IDE интерфейсінің мүмкіндіктерін қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:
Программалар құрудың интеграцияланған ортасы интерфейсімен танысады.
Көптеген оқушылар:
Программалар құрудың интеграцияланған ортасының бөліктерін жіктейді.
Кейбір оқушылар:
Программалар құрудың интеграцияланған ортасы программалар құрады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

  • Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Қорытындылай келе,... Мұғалімнің көрсеткеніндей....

  • Қалай ойлайсың программалауды үйрену не үшін маңызды?

  • Программалар құрудың интеграцияланған ортасын (IDE) бойынша түсінігіңді сыныптастарыңа қысқаша қалай жеткізген болар едің?

  • Программалар құрудың интеграцияланған ортасы қандай бөліктерден тұрады?

Не үшін программалау тілдерінің арасынан Python -ды таңдадық?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет