Қысқаша тарихи очерк



бет6/13
Дата07.01.2022
өлшемі34.2 Kb.
#20817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Баланың даму кезеңдері:

Балалық шақ бала туылғаннан бастап 14 жас 11 ай 29 күнге созылады. Бала организмінің ересектерден ерекшелігі-ол әрдайым өсіп, жетіліп отырады. Бала ағзасында болып жатқан өзгерістерге қарай, оның дамуына келесі кезеңдерді ажыратамыз: құрсақ ішіндегі және құрсақтан тыс (постнабалды). 1.Құрсақ ішіндегі кезең -38-40 апта –аналық жасушаның ұрықтанғаннан бастап бала туылғанға дейін. Бұл кезеңнің ерекшелігі-ұрық тез өседі, ол өсіп дамуына қажетті заттарды ана ағзасы арқылы алады.

Құрсақтан тыс (постнабалды) кезеңге кіреді:

2.жаңа туылған нәресте кезеңі-0-29 күн;

3.емізулі кезең- 1 айдан -12 айға дейін;

4.мектеп алдындағы кезең: сәбилік-1-3 жас;

балабақша-3-6 жас;

5.төменгі сынып кезеңі -6-12 жас;

6.жоғарғы сынып кезеңі-12-17 жас.

Өсіп дамудың әр-бір кезеңінде бала сол кезеңге лайықты анатомиялық-физиологиялық, психикалық ерекшеліктерімен сипатталады.



Денсаулық топтары.

Ресейдің ДСМ бала мен жасөспірімдер гигиенасы институты 1965 жылы бала мен жасөспірімдер денсаулығын 5 топпен бағалауды ұсынды:



І-топ –дені сау балалар тобы: физикалық, психикалық дамуында ауытқулары жоқ балалар жатады;

ІІ-топ-қауіпті топ: дені сау, кейде өткір аурулармен ауыратын, созылмалы паталогияға айналу қауіпі аз, өміріне қауіпсіз туа пайда болған аномалиялары бар балаларды жатқызады.

ІІІ топ-созылмалы ауруы немесе компенсация қалпындағы туа пайда болған кемістігі бар және қорғаныш күштері өте төмен балалар жатады;

ІV-топ-созылмалы аурулары мен туа біткен ақаулары субкомпенсация күйіндегі асқынулар әлсіз балалар жатады;

V топқа-ауыр декомпенсация күйіндегі созылмалы аурулары бар, мүгедектікке әкелетін ауыр аурулары бар немесе мүгедек балалар жатады.

Денсаулық топтарға балаларды денсаулық жағдайын кешенді бағалау арқылы жатқызады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет