Іш сүзегінің Қазақстандағы 2010-2016 жылдар аралығындағы эпидемиологиялық жағдайы және іш сүзегіне жалпы сипаттама



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата16.01.2023
өлшемі1,1 Mb.
#61389
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі 
1.Типтік түрі

Жеңіл 

орташа ауыр

ауыр
2. Атиптіктүрі

абортивті

амбулаторлы

көмескі 
3. Сирек кездесетін түрлері

менинготиф 

пневмотиф 

колонотиф 



нефротиф 
4. Бактериятасымалдаушылық 

транзисторы

жедел

созылмалы
5. Асқынулары: 

ішектен қан кету 

ішек перфорациясы, перитонит

инфекциялық токсикалық шок 
Іш сүзегінің асқынулары 
Іш сүзегінің асқынулары арнайы және арнайы емес болады. 
Арнайы асқынулар осы аурудың қоздырғышының әсерінен дамиды. 
Сүзектік жаралар пайда болған жағдайда жараның түбі қан тамыры 
болса ішектен қан кету асқынуы дамуы мүмкін. Жараның түбі 
ішектің қабықшасы болса ішек тесіліп (перфорация), перитонитке 
әкеліп соғуы мүмкін. Бұл асқынуларды жараның пайда болу 
мерзімінде, яғни аурудың 2-3 апталарында пайда болуын ескеріп 
алдын алушараларын қолдану керек. Ішектен қан кетудің 
нышандары - терінің бозаруы, құрғауы, дене қысымының төмендеуі 
және түсуі, пульстің жиілеуі, күре тамыр қысымының төмендеуі, 
іштің кебуі және перистальтиканың күшеюі. Аурудың арнайы 
асқынуларының қатарына инфекциялық- токсикалық шок жатады, 
себебі ол қарқынды бактериемия, токсинемия кезінде дамиды. 
Арнайы емес асқыну басқа микрофлорамен қоздырылады. Арнайы 
емес асқынуға өкпе қабынуы, ми қабықшаларының қабынуы, 
бүйректің қабынуы және тағы басқалары жатады. Басқа 
асқынуларда өкпенің қабынуы мүмкін, аурудың барлық кезеңінде 
отит, паротит, цистит, пиелонефрит, тромбофлебит, остеомиелит 
және т.б. дамиды. 
Іш сүзегін диагностикалау 
Дәрігер келесі жағдайларда ауруға күдіктенуі мүмкін: 
 науқас іш сүзегі бойынша қолайсыз елге барды немесе
науқаспен
байланыста болды; 


 интоксикация, жоғары температура, бірақ органдардың
айқын
зақымдануы жоқ ("жаман, бірақ неге түсініксіз"); 
 бауыр мен көкбауыр үлкейген. 
 Сыртқы белгілерден-алдыңғы құрсақ қабырғасы мен кеудедегі 
раушан
бөртпесі (диаметрі 2-4 мм жалпақ қызғылт дақтар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет