Іш сүзегінің Қазақстандағы 2010-2016 жылдар аралығындағы эпидемиологиялық жағдайы және іш сүзегіне жалпы сипаттама



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата16.01.2023
өлшемі1,1 Mb.
#61389
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Аспаптық зерттеулер: 
Айғақтар бойынша кеуде (ықтимал пневмотиф) рентген зерттеу 
әдістері; 
• ЭКГ - ауыр сүзегімен миокардит алынып тастау үшін. 
Маман консультациялары үшін көрсетілімдер: 
· Хирургтың консультациясы - күдікті немесе ішек асқазан-
ішек қан кету немесе перфорация дамығанда; 
· Басқа білікті маманның консультациясы – көрсетілім 
бойынша.  
 


Іш сүзегінің емі 
Іш сүзегінің ағымы мен нәтижесі дұрыс күтімге, диетаға, 
антибактериальды және патогенетикалық ем жүргізу тәртібіне 
байланысты. Іш сүзегінің емдеуі комплексті болуы керек. Науқасты 
тыныштықта, жайлы төсекте күту керек. Ауыз қуысы мен теріні 
күту маңызды орын алады. Төсекте жату режимін 6-7 күнге дейін 
сақтаған дұрыс. Ал 7-8-ші күндері науқастың отыруына рұқсат 
етіледі, 10-11-күндері дене қысымы тұрақтанса, жүріп-тұруға 
рұқсат беріледі. Науқастарға №4 және 46, сосын 4в, 2 диета 
тағайындалады. Іш сүзек- парасүзек аурулары кезінде 
антибиотиктердің ішінен ең тиімдісі -левомицетин болып табылған. 
Сонымен қатар ампициллинді де пайдалану қолайлы. 
Левомицетинді тәулігіне 6 реттен 0,5 г белгілейді, қалыпты дене 
температурасының З-ші күніне дейін, ал З-10-шы күні - тәулігіне 4 
реттен - 0,5 г. Ампициллинді 14 күннің ішінде тәулігіне 4 реттен 1г 
мөлшерінде пайдалану. Қоздырғыштар антибиотиктерге тұрақты 
болған жағдайда бактрим (бисептол) күніне 2-3 рет қолданылады, 
немесе нитрофуран препараттары (фуразолидон) күніне 4 реттен-
0,15-0,2 г. Сонғы жылдары фторхинолондар тиімді препараттар 
болып табылды (пефлоксацин 0,4 г. х 2 рет, ципрофлоксацин 0,5 г. 
х 2 рет). Ішектен қан кеткенде қатаң төсек режимі керек, 
шалқасынан 12-24 сағат бойы жатқызу. Қарынға суық басып, 10-12 
сағат аралығында тамақ ішуге тиым салынып, ішетін сұйықтықтың 
мөлшері 500 мл дейін шектеледі. Науқастарды ауруханадан 
дәрігер-инфекционистің бақылауы және рұқсаты бойынша 
шығарады. Қосымша ауруларды емдеу мақсатқа сәйкес жүргізіледі. 
Болжамы. Іш сүзегі тұсында болатын өлім тудыратын жағдай 
соңғы жылдары едәуір төмендеген және ол 0,3-0,2% құрап отыр. 
Десек те, әлі күнге дейін болжамы әрқашан жағымды емес, тіпті 
жеңіл ағымында да, себебі, ауыр асқынудың дамуы мүмкін 
(ішектен қан кету, ішек перфорациясы және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет