Іш сүзегінің Қазақстандағы 2010-2016 жылдар аралығындағы эпидемиологиялық жағдайы және іш сүзегіне жалпы сипаттама



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата16.01.2023
өлшемі1,1 Mb.
#61389
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Іш сүзегінің алдын алу шаралары.
«Іш сүзегі мен парасүзек ауруларын ескерту жөніндегі 
санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және 
жүргізу» (6 ақпан 2008 жыл бұйрық №52) санитарлық-
эпидемиологиялық ережелері мен нормаларына сәйкес 
жүргізіледі. 
Іш сүзегін алдын алу шаралары 3 бағытта жасалады: 
1. Инфекция көзіне бағытталған шаралар. 
2. Берілу механизміне бағытталған шаралар. 
3. Қабылдағыш организмге бағытталған шаралар. 
Инфекция көзіне бағытталған шаралар. Ошақта 
эпидемиологиялық тексеру төтенше хабарлау(Ф.058 у.) алғаннан 
кейін қалада 12 сағат,ал ауылдық жерде 24 сағат ішінде 
жүргізілуі қажет.Емдеу-профилактикалық мекемеде жұқпалы 
ауруларды тіркеу журналына тіркейді (ф.№ 60 у.).Хабарлама 
қоса МСЭҚБ-на телефон арқылы хабарлайды.Негізгі инфекция 
көзі-науқас адамды ерте анықтау, міндетті түрде инфекциялы 
аурулар ауруханасына жатқызып емдеу қажет. Науқастар 
ауруханадан антибиотикпен емдеуді тоқтатқаннан кейін 3 реттен 
кем емес зәр мен нәжісін бактериологиялық тексеруден өткізген 
соң, қызбасы 21 күн қалыпты болғанда шағарылуы тиіс. 
Диагнозы қойылмаған науқастар, дене қызуы 3 және одан да көп 
күн көтерілгендер іш сүзегіне қарсы тексерілуі тиіс. 
Бактериологиялық және серологиялық зерттеудің нәтижесі оң 
болған жағдайлар бактерия тасымалдаушы ретінде 
қарастырылуы тиіс, оларға емдеу жүргізу, есепке алу, 
медициналық бақылау белгілеу керек. Тасымалдаушылықты 
анықтау үшін диспансерлік бақылау (сауыққан адамдарға) және 
алдын алу тексерулер («декреттелген топ» жұмысқа тұрар 
алдында және жыл сайын) жасалады. 


Созылмалы тасымалдаушылар СЭҚБ тіркеуге алынады, су, 
тағам, балалар мекемелеріне, яғни эпидемиологиялық қауіп 
төндіруі мүмкін жұмыстан босатылады. 
Берілу механизміне бағытталған шаралар.Іш сүзегін алдын 
алуда ең маңызды санитарлық -гигиеналық шаралар болып 
табылады: 
1. Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету, су көздерінің 
санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестігін қадағалау, су 
құбырлары мен су тарату жүйесінің санитарлық-техникалық 
жағдайын қадағалау. 
2. Қалдық суларды су қоймасына жіберер алдында тазарту, 
залалсыздау. 
3. Тұрғылықты жерді уақтылы тазарту, қалдықтарды уақтылы 
шығару, жою, әжетханаларды тазарту. 
4. Тағам өнімдерін өңдеу, дайындау, тасымалдау, сақтау, тарату, 
қолдану барысында санитарлық қадағалау. 
5. Көпшілік тамақтандыру орындары және балалар мекемелерінде 
эпидемияға қарсы тәртіптің орындалуын қадағалау.
6. Жеке бас гигиенасын сақтау.
7. Санитарлық - ағарту жұмыстарын жүргізу. 
 Қабылдағыш организмге бағытталған шаралардың негізі-активті 
иммунизациялау. Ошақта науқаспен қатынаста болған адамдар 21 
күн медициналық бақылауға алынады, күнделікті дене қызуын 
өлшеу, сыртқы терісін бөртпелерге қарсы тексеру, 
бактериологиялық, серологиялық әдістермен тексеру, бактериофаг 
беру қажет. Карантин - 21 күн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет