Іш сүзегінің Қазақстандағы 2010-2016 жылдар аралығындағы эпидемиологиялық жағдайы және іш сүзегіне жалпы сипаттама



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата16.01.2023
өлшемі1,1 Mb.
#61389
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Іш сүзегінің эпидемиологиясы 
Іш сүзегі мен тек қана адамдар ауырады. Бұл таза антропоноз. 
Инфекцияның көзі - науқас адам немесе бактериятасымалдаушы. 
Қоздырғыштың бөлінуі жасырын кезеңнің соңында басталып, 
аурудың барлық ағымында жалғасады, ал кейде жазылу кезеңінде 
де тоқтамаған. Сондай-ақ адамның өмір бойына бактерияның 
бөлінуі жалғасып отыруы да мүмкін. Сүзек-парасүзек 
қоздырғыштары әсіресе азық-түлік өнеркәсібінде, көпшілік 
тамақтанатын және балалар мен сауықтыру мекемелерінде істейтін 
қызметшілердің арасында қауіпті. Іш сүзегі мен парасүзектер үшін 
жұғудың фекальды-оральды механизмі тән. Аурудың жұғу 
жолдары: су арқылы, азық-түлік өнімдері арқылы (алиментарлы) 
және тұрмыстық- контактілі. Егер ауру залалсызданған құдықтан 
суды пайдаланумен байланысты болса, онда ауру ошақтық сипатқа 
ие болады. 
Ауруға барлық адамдар сезімтал. Іш сүзегіне қабілеттілік жоғары, 
ол адамның жасы мен жынысына байланысты емес. Ауруды бастан 
кешкеннен соң тұрақты иммунитет дамиды. Бұл ауруларға жыл 
мезгілдері әсер етеді. Аурудың әсіресе өршумезгілі - шілдеден 
бастап, қыркүйек-қазан айларында болады.
Қазақстандағы 2010-2016 жылдар аралығындағы іш сүзегімен 
ауыратын халықтың динамикасына салыстырмалы жұмыс: 
Жылдар
Іш сүзегінің кездесу жағдайы 
2010 
100 ден көп жағдай тіркелген 
2011 
65 жағдай тіркелген 
2012 
46 жағдай тіркелген 
2013 
34 жағдай тіркелген 
2014 
12 жағдай тіркелген 


2015 
29 жағдай тіркелген 
2016 
13 жағдай тіркелген 
 
 
 

Жалпы бұл салыстырмалы жұмыста 2010-2016 жыл аралығында іш 
сүзегінің бастапқы жылдарға қарағанда тіркелуі едәуір азайғанын 
байқауымызға болады.Яғни су сапасын жақсарту, азаматтардың 
санитарлық сауаттылығын арттыру және декреттелген
контингентті (кәріз және тазарту ғимараттарының жұмыскерлері)
иммундау арқасында соңғы жылдары Қазақстанда едәуір 
азайғанын байқаумызға болады. Бұл Қазақстан үшін жақсы 
көрсеткіш болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет