Ішкі секреция бездерінің физиологиясы



Дата03.10.2022
өлшемі15,43 Kb.
#41104

Ішкі секреция бездерінің физиологиясы

  1. Ішкі секреция бездері туралы түсінік

  2. Гормондар гумаральдық реттелудің факторлары



Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік аппарат (грекше «endon» – ішкі, «crіno» – бөлемін) биологиялық белсенді (активті) заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа капиллярлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан сұйықтық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.
Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, айырша без (тимус), эпифиз, бүйрекүсті бездері және т.б. Ұйқы безі мен жыныс бездері – аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет атқарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар қанға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.
Гормондар (грекше «hormae» – қоздырамын, қозғалысқа келтіремін) – ішкі секреция бездерінен бөлінетін және ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы органикалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышқылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі.
Гуморальдық реттелу (гуморальная регуляция); (ге- gulatio humoralis; лат. regulatio — реттеу, реттелу; humor — сұйық, ылғал) — организмнің ішкі сұйық ортасына (қанғалимфаға, ұлпа сұйығына) шығарьшған эндокринді бездер немесе жекеленген эндокринді жасушалар гормондары мен биологиялық белсенді заттарының болмаса ұлпа сұйығында еріген басқадай заттардың әсеріне байланысты мүшелер қызметтерінің реттелуі, яғни организмнің сұйық ішкі ортасының қатысуымен мүшелер қызметтерінің реттелуі (сұйықтық реттелу).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет