Искакова Г. З. PhD доктор, доцент м а



Дата09.05.2022
өлшемі28,12 Kb.
#33380


Искакова Г.З. PhD доктор, доцент м.а.

Малдыбек А. 2 курс магистранты
Жетісу және Сырдария облыстарында пошта қызметінің дамуы (XIX ғасырдың екінші жартысы-XX ғасырдың басы)
Қазіргі замандағы ақпараттық қоғамда берілетін ақпараттың құндылығы оның жеткізілу жылдамдығына байланысты болып келеді. Сонымен қатар ақпараттық технологиялардың дамуына қарамастан дәстүрлі поштаның адамзат өркениетіндегі маңызын да ұмытпаған абзал. Пошта қызметі қазыргі заман талаптарына бейімделіп заманауи коммуникациялық кеңістікте ақпарат алмасу немесе жеткізудің негізгі құралдарының бірі болып қалып отыр. Жалпы пошта қызметінің коммуникация құралы ретінде өмір сүруі адамзат қоғамының өмір сүруімен негізделеді. Адамның өмір сүру жағдайында және қызметінде болған өзгерістер байланыс құралдары мен әдістерінің өзгеруіне, олардың техникалық жетілуіне алып келді. Сол сияқты поштаның пайда болуының өзі мемлекеттік, экономиканық және мәдени қажеттіліктермен тікелей байланысты болды. Өйткені мемлекеттің әскери күштерді, транспортты және қоғамның басқада да салаларын байланыс құралдары арқылы басқару мүмкін емес еді. Ал алғашқы байланыс құралы ретінде поштаның маңызы орасан зор болды.

Жетісу және Сырдария облыстарында XIX ғасырдың соңында-XX ғасырдың басында пошта-телеграф мекемелерінің қызметін және пошта қатынасының ұйымдастырылуын мақаланың мақсаты болып табылады.

Пошта – заттарды (жазба хабарларды, басылымдарды, ақша аудармаларын, т.б.) үздіксіз жинақтап, оларды көлік арқылы таратуды қамтамасыз ететін байланыс түрі. Пошта мемлекет байланыс жүйесінің маңызды мекемесі. Ол жергілікті халықтың мәдени-тұрмыстық мұқтажынақажет заттар жеткізу, бір ел ішінде және щетелдермен ақпарат алмасу мәселелерін қамтамасыз етеді [1, 392 б ].

Ресейде ХІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырлар аралығында хат тасымалымен айналысатын арнайы қызмет (мекеме) «русская гоньба» деп аталатын қызмет жасады. Мәскеуден шығатын жолда шабандоздар аттарын ауыстыратын земской дворлар орналастырылған болатын. XVI ғасырда осы ямская гоньбаны басқару мақсатында Ямской приказ атты мемлекеттік мекеме құрылған еді. 1782 жылы пошта департаментінің ашылуымен ямской дворлар енді пошта станциялары болып атала бастады. XVII-XVIII ғасырдың басында мемлекеттің қажеттілігі үшін құрылған ямская гоньбамен қатар бұқара үшін арныйы мекемелер құрыла бастады. Көптеген ірі қалалар аралығында байланыс орнатылып, почтамтар мен пошта конторалары ашыла бастады. 1781 жылы пошта арқылы ақша тасымалы мен почтольендардың корреспонденцияны тасымалдауы енгізілді. 1783 жылы посылканың салмағы мен жіберілітен қашықтығына байланысты біріңғай тарифтер енгізілді. Ресей империясында XIX ғасырдың басында 460 пошта мекемелері мен қызметкерлері болды. 1837 жылы Ресейде бірінші рет пошта теміржол арқылы тасымалдана бастады. 1843 жылы Петербургте, 1845 жылы Мәскеуде қалалық пошта құрылып, 1843 жылы қашықтығына байланысты емес пошта тасымалының бірыңғай тарифі енгізілді, 1848 жылы пошта жәшіктері орнатылып, штемпель конверттері шығарыла бастап, 1858 жылы пошта маркасы шығарыла бастады. Осының барлығы пошта қызметін жеңілдетті. 1865 жылы земская пошта селолық аймақтарға қызмет көрсету мақсатында ашылған болатын. 1878 жылы Ресей пошта ведомствосының Дүниежүзілік пошта конвенциясына қол қойды. Қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелерге байланысты 1878-1917 жылдар аралығында пошта қызметінде көп өзгерістер бола қойған жоқ [2, 457-458 с.].

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында пошта қызметі мемлекет тарапынан жеткілікті қаржыландырылмаған көрінеді. 1913 жылы бүкіл Ресей империясы территориясында шамамен 7618 байланыс мекемелері қызмет жасады. Олардың орналасуы біркелкі болмады. Мәселен, 80 %-ы Ресейдің еуропа бөлігінде орналасып, Сібір, Орталық Азия территориясында олардың саны мардымсыз еді. Бүкіл Түркістан аумағында бар болғаны ондаған мекеме орналасты. Көптеген елді мекендер пошта мекемелерінен 100 км қашықтықтан артық қашықтықта орналасқан болатын. Почта тасымал техникасы да әлсіз дамып, пошта негізінен арбалар (арқылы тасылды. Ресей империясында теміржол пошта жолдарының ұзындығы 58,6 мың км,теңіз және су пошта жолдарының ұзындығы 39,9 км болды. Почтаны өңдеу (сорттау, жүйелеу, рәсімдеу және т.б.) қолмен жүргізілді. Пошта мекемелерінің тек 3 % селоларда орналасты. Земская деген атқа ие болған пошта түрі пайда болып, сөйтіп поштаны жеке тұлғалар арқылы жеткізу белең алды (мұғалімдер, сатушылар). Селолы жерлерде пошта тек болыстық пункттерге ғана аптасына 1-2 реттен артық емес жеткізіліп тұрды. Жазба коррекпонденция бойынша 665 млн (шамамен бір адамға 4 хаттан жылына), газет, журналды 358 млн. (шамамен бір адамға 2,6 жылына), телеграмма 36 млн (шамамен бір адамға 0,26 жылына). Алайда бұл көрсеткіш Ресейдің шеткері аймақтарында одан да төмен болды [3, 328 c.].

Қазақстанда алғаш рет пошта бөлімі 1860 жылы Верный қаласында ашылған болатын. 1862 жылы Верный мен Пішпекті байланыстырған телеграф желісі алғаш іске қосылды [1, 392 c.].

Қазақ даласында алғаш рет XIX ғасырда пошта байланысын орда мен басқа елді мекендермен жолға қоюға әрекет жасағандардың бірі Бөкей Ордасының ханы Жәңгір хан болатын. Ол 1841 жылы Астрахань әскери губернаторы И.С. Тимирязевке Хан ордасы мен Черный Яр қала арасында пошта қатынасын орнату үшін арнайы хат жолдаған еді. Бұған Жәңгір өз тарапынан почмейстерге жыл сайын 170 рубль күміспен төлеп тұратын болды. 1845 жылғы «Бөкей Ордасында пошта станцияларын күтушілер тізімі» (Список содержателей почтовых станций в Бокеевской Орде) Бөкей Ордасында пошта байланысының орнағанының дәлелі болды. Мұнда аталған қызметкерлерінің есімдері мен оларға қызметтеріне төленетін ақы қарастырылған еді [4, 3 c.].

Жалпы Ресейде почта департаменті 1799 жылы құрылып, барлық почта ведомстволарын және орталық почта ведомствосын біріктірді. Сөйтіп Ресейде жоғары пошта басқару алты поштамтарына жүктелді.

Сырдария және Жетісу облыстарында пошта қызметі 1867-1868 жылдары жолға қойыла бастады. Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ережеде (§375-380) Жетісу және Сырдария облыстарының әскери губернаторларына пошта қатынастарының үздіксіз қамтамасыз етілуі жүктелгені көрсетілген. Сонымен қатар, пошта қатынастарының пошта ведомствосына берілгенше генерал-губернатор қарауында болып, әскери-халықтық басқару сметасына поштаны қаржылық қамтамасыз ету шығындары енгізілу міндеттелді. Жергілікті басшылықпен және пошта және телеграф министірлікпен келісе отырып пошта тасымалы төлемі (прогонная плата) анықталып отырды. Пошта корреспонденциясын ұйымдастырып, басқару мақсатында Верный мен Ташкент сияқты облыстық қалаларда облыстық пошта конторалары және оларға бағынышты уездік пошта бөлімшелері Сергиопольде, Қапалда, Ыстық Көл, Тоқмақ, Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулие-атада ашылды. Сол сияқты, Жетісу және Сырдария облыстары тұрғындарының империяның басқа бөліктерімен пошта қатынастарын жеңілдету үшін барша пошта конторалары мен бөлімшелерінде барлық түрдегі пошта корреспонденциясын қабылдау мен беру мүмкін болды. Олар қарапайым, сақтандыру, ақша, тасымал (посылочный) [5, 57-58 бб.].

1867-1868 жылдары Жетісу облысында екі пошта тракты болды. Біріншісі, Семейден Верныйға Сергиополь арқылы өтетін тракт. Екіншісі, Сергиопольдан Үржар станциясына дейін жалғасты. Сонымен қатар, Жетісу облысын Ташкент қаласы арасында қатынасты орнату мақсатында 1867 жылы Верный-Сергиополь тракты Ташкентке дейін ұзарды. Ал, 1870 жылы Вахтак бекінісі мен Үржар станциясы арасында байланысты орнату мәселесі туындап, арасында пошта тракты 1873 жылы ашылды. Алғашында ол тасымал (вьючный тракт) тракты болып, кейін пошта трактына айналып, Сергиополь-Үржар станциясының жалғасы болды.

Облыстағы басқа тракттар мына ретпен ашылды: 1868 жылы Борохудзир өзенінде орналасқан отрядтарымен байланысты орнату үшін Алтын-Емел- Борохудзир тракты құрылып, 1871 жылы Құлжаны басып алған соң бұл тракт бағыты ұзарып, Құлжаның Қытайға беріліп, шекара Хоргос өзені арқылы белгіленген соң осы тракттың соңғы пункты Хоргос посты болды [6, 55 c.]. Сол 1868 жылы Верный қаласы мен Ақсу бекінісі арасында (Ыстық көл уезі басқармасы орналасты) байланыс орнатылды. Басқарма Қаракөл қаласына (Прежевальск) ауысып, 1870 жылы 1 желтоқсанда Ыстық көлдің солтүстік жағалауымен Тоқмақ арқылы өтетін болды. Тоқмақтың Нарын бекінісімен байланыстру мақсатында 1873 жылы вьючное (вьючное сообщение) қатынас, 1876 жылы дөңгелек (колесное сообщение) қатынас орнатылып, 1880 пошта қатынасына айналды. Сонымен қатар, Лепсинск уездік қаласы үшін арнайы тракт бар еді, ол Абакумовск пикетінен бастау алатын еді.

Жетісу облысында 1892 жылы барлығы алты пошта тракты болды:

1) Ұзындығы 140 верстті құрайтын Сергиополь-Верный-Кара-Балта (Сергиопольско-Верненско-Карабалтинский) бағытындағы пошта тракты. Ол 42 пошта станцияларын қамтыды ( оның ішінде облыстық қала Верный, уездік қалалар Пішпек пен Қопал, 1 станица, 18 елді мекен (селений), 20 пикет).

2) Ұзындығы 278,25 верст Сергиополь-Үржар-Бахты (Сергиопольско-Урджарско-Бахтинский) пошта тракты барлығы 11 станцияны (Бахты бекінісі, 1 станица, 1 елді мекен (селение) және 8 пикет) қамтып отырды.

3) 172 ¾ верстқа созылған Алтын-Емел-Хоргос (Алтын-Эмельско-Хоргоский) пошта тракты 8 станцияны (участкелік қала Жаркент, 1 станица, 1 выселка (1 выселок), 5 пикет) қамтыды.

4) Ұзыдығы 368 ¼ верст Пішпек-Прежевальск (Пишпекско-Прежевальский) пошта тракты 14 танциядан тұрды (уездік қала Прежевальск, 6 елді мекен, 6 пикет).

5) Лепсі-Абакумов (Лепсинско-Абакумовский) пошта трактының ұзақтығы 92 ½ верст. Барлығы 3 станциядан тұрды (Лепсі қаласы, 1 станица, 1 выселок).

6) Күтемалды-Нарын (Кутемалдинско-Нарынский) пошта трактының ұзындығы 151 ¾ верстті құрады. Оған Нарын бекінісі мен 5 пикеттен тұратын 6 станция кірді.

Жоғарыда аталған пошта станцияларының жалпы ауқымы 84 станция, ұзақтығы 2103 ¾ верст еді [6, 56 c.].

Сол сияқты, бұл пошта тракттарынан бөлек 1870 жылдан бастап (вьючное сообщение) вьючное қатынас жолдары Верный мен Прежевальск қалаларын Мұзартта орналасқан Тянь-Шань отрядымен байланыстырды. Алайда Құлжаның Қытайға беріліп, мемлекеттік шекара жүргізілгеннен кейін қажетсіз болып қалды. Оның орнына земской поштаның құрылу қажеттігі туындап, әскери посттардың шекаралары арқылы өтіп, Жаркент пен Прежевальск қалаларын байланыстыратын қатынас 1883-1884 жылдары жол торабы ашылды.

Н. Северцов 1865–1868 жылдардағы Түркістан ғылыми экспедициясы туралы құрастырған есебінде: «Қазалыға дейінгі далада станцияларда пошта жылқылары мен түйелерге қатысты тоқтаусыз кідірістер болды. Біз Ташкентті алғаннан кейін осы жолмен жүріп өткен жолға әлі сәйкес келген жоқ. Сыр бойында, Қазалыдан жоғары, 1865 жылдың күзінде пошта станциялары әлі орнатылмаған; форттан Фортқа дейін жолдың ерекшеліктеріне байланысты жылқыларды немесе түйелерді жалдау керек болды, ал қараша айында доңғалақтармен құм немесе қармен жүру керек болды» деп сипаттама береді. 1858 жылы генерал–губернатор Катениннің жобасы бойынша пошта трактісі ашылды. Ең алғашқы маршрут Орскіден № 1 бекініске дейін болды. Пошта Орскіден Ташкентке аптасына бір рет жабдықталып, казактармен бірге жүрді. 1864 жылы Шымкент пен Верный бекінісі арасында байланыс ашылды. №1 форттан Ташкентке дейінгі пошта бағыты 1866 жылдың қаңтарында ашылды [7, 65].

Курьерлер 24 күн ішінде 1880 шақырым жолды жүріп өтетін болды, маңызды және шұғыл жағдайларда олар бұл қашықтықты 10–12 күнде жүріп өтті [8, 79]. К.К. Пален Түркістан өлкесін тексеру туралы есебінде пошта трактаттарының құрылымы мен мазмұнын қарастыра отырып, Орынбор–Ташкент және Орта Азия темір жолдарын өткізгенге дейін пошта трактаттары байланыстың жалғыз жолы болғанын атап өтті [9, 34] Зерттеу кезеңінде Ташкент Орта Азиядағы ең маңызды екі жолдың бастапқы нүктесі болды, оны бір жағынан Орынбор, екінші жағынан Верный және Семей жолдарымен байланыстырды, екі жол да Оңтүстік Қазақстан аумағы арқылы өтті. Пошта гоньбасының өзі мен пошта трактілері жыл сайын сауда-саттықтан және жалға беру келісімшарттары бойынша бірнеше кәсіпкерге тапсырылып отырды [10, 17]. Трактіні жақсартуға арналған жобалардың мазмұнын алуға ниет білдірген адамдардан өтініш кеңсеге келіп түсті, онда ұсынылған шарттар туралы егжей-тегжейлі анықтама жасалды. Одан кейін келіп түскен мәселелер почта–телеграф округі бастығының қорытындысымен бірге пошта және телеграф бас басқармасының бастығына хабарланды, ол өз кезегінде ұсынылған шарттарға келісуі керек немесе сауда–саттықты тағайындауды ұсынуы керек еді (олардың сипаты мен шарттарын (жылқы жұбының ақысын, сауда-саттықтың бастапқы және шекті бағасын және т.б.) генерал–губернатордың кеңесі анықтаған.).

Жолдарды қолданысқа қолайлы жағдайда ұстап тұру, керуендер мен почта қызметінің жұмысына жолдар жарамды болуы үшін әкімшілік көпірлердің салынуы мен жөндеу жұмыстарының жүргізілуінің маңыздылығын түсінді. Мысалы, Шымкент уезінің басшылығы өз баяндамасында Машат, Арыс, Чакпак өзендері арқылы өтетін көпірлерді салу үшін, Шымкенттен 11–ші шақырымдағы еңісті ашу және жол теңдеуін жасау үшін, беклербек пен шарапхананың арасындағы, беклербек пен Чимкент арасындағы, Арыс және Машат станциялары арасындағы, тегіс емес аймақтарын және Чакпак станциялары арасындағы еңістерді, жолдың соңғы верстін түзету үшін 1040 рубль мөлшерінде қаражат бөлуді сұрайды [11, 28]. Почта жолымен жүру бағасы бір миль үшін 3 тиын болды [7, 89]. 1871 жылға дейін пошта ұстаушыларға екі жылқы үшін жылдық төлем 6445 рубльді құрады. 1871 жылдан бастап аптасына 1 рет шығарылған екі жылқы үшін төлем тарифі көтеріліп, 9734 рубльді құрады, ал келесі 1872 жылы ол жылына 111900 рубль деңгейіне жетті [Почтовая гоньба 1871]. Егер станциялардың арасындағы қашықтық пошта трактілерінің ашылуының басында тым әр түрлі болып, ыңғайсыз жерлерден өтетін болса ХХ ғасырдың басында станциялардың арақашықтығы түзіліп, жолдар ыңғайлы жерлерден өте бастады.



Оңтүстік Қазақстанда ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басында барлығы 60–тан астам пошта станциялары салынды, олар бір мезгілде өткендер үшін түнейтін пошта үйлерімен және екі жылқы мен арба түріндегі көлік құралымен қамтамасыз етілді. Пошта құралдары мен жануарлардың (жылқы, ит, түйе) сақталуына жауапкершілік пошта басқармасына жүктелді. Дереккөзде Шымкент (112,5 верст), Әулие–Ата (282,5 верст) пошта станцияларында және Меркі станциясында (419,5 верст) арнайы белгілер жасалды. Облыс аумағы бойынша осы маршруттың пошталық алауы шамамен 3,5 тәулікке созылды [12, 299]. Жалпы алғанда, жолдарды жөндеу, көпірлер мен басқа да өткізу құрылғыларын салу, пошта үйлерін салу, Көлік құралдарын ұстау, топографтарға және пошта тракторларын орнатудағы басқа мамандарға іссапар ақшасын төлеу, пошташылар мен пошта ұстаушыларға жалақы төлеу сынды шығындарды қоса есептегенде пошта тракторларының құрылысы мен пошта станцияларын қамтамасыз ету қымбат болды. Сонымен,1869 жылы ашылған бір пошта жолының құрылысы мен мазмұны – Қазалы, Теректі қазынаға алты жүз мың рубльден астам шығын әкелді. Жергілікті отаршылдық әкімшілік ішкі провинциялармен, сондай–ақ Ресейдің Болат қаласымен тығыз байланысты қажет ете отырып, пошта бағыттарының барлық бағыттары бойынша 2 рет пошта жіберуге рұқсат сұрады, бірақ пошта жолдарының қолайсыздығына және пошта құрамының қымбаттығына байланысты бас тартты. Пошта қызметін көрсету үшін аймақта Түркістан пошта телеграф кеңсесі құрылды, онда кеңсе бастығы, кеңсе бастығының көмекшісі, 5 дәрежелі пошта телеграф қызметкерлері, 6 дәрежелі шенеуніктер, бақылаушылар, ақсақалдар мен пошташылар қызмет. Осындай құраммен Түркістан почта–телеграф кеңсесінде 9 ведомстволық бағынысты пошта станциясы болды, оның жеке құрамында 9 пошта станциясының старостасы, 54 жаттықтырушы, 63 вагон, 162 жылқы болды. Бірде–бір пошта станциясында хатшылар, пошта қызметкерлері болған жоқ, дегенмен штат кестесінде олардың қызметі қарастырылған . Пошта қызметтерінің спектрі қарастырылып отырған кезең үшін өте кең болды. Ол сол кездегі пошта қызметтерінің барлық тармақтарын қамтыды. Хат–хабарларды жіберу көзделді, ол өз кезегінде ақшалай және бағалы пакеттерді, сондай-ақ сәлемдемелерді жіберілетін тораптарға бөлінді. Сонымен қатар пошта мынадай қызметтер атқарды: хат–хабарларды алу; сәлемдемелерді кері және одан әрі жіберу; 1 рубльден 1600 рубльге дейінгі ақша және бағалы пакеттер жіберу, қаржы министрлігінің мекемелерімен жабық бағалы пакеттерде капиталды жөнелту [12, 299]. Пошта қызметтерінен басқа, пошта станциялары көлік қызметтерін де көрсетті. Бұл, біріншіден, поштаны жеткізу үшін шығарылған жылқылардың санынан, сондай-ақ "өту астында", яғни пошта станциялары көлік компанияларының қызметтерін толығымен орындағаннан көрінеді. Үш жыл ішінде, егер жылқы поштасын жеткізу үшін 40691 рет шығарылса, онда жылқы көлігі 44433 рет қолданылған. Яғни, статистика көрсеткендей, пошта аттары мен арбалар көлік ретінде неғұрлым қарқынды қолданылған. Аймақтың пошта байланысының дамуы көлік қатынасының жай–күйін жеңілдетсе де, оның мәселелерін толығымен шеше алмады. Темір жол салу қажеттілігі туындады. Бірақ жұмыс көлемі мен теміржол құрылысының шығындары үлкен болғандықтан, ол асығыс болмады. Сондықтан жолдар мен Доңғалақты және керуен жолдарына деген қажеттілік зор болды. Оңтүстік Қазақстан мен жалпы Түркістан қалалары арасындағы қозғалысты жеңілдету үшін орыс ізашарлары отарлық әкімшіліктің қолдауымен Амудария және Сырдария өзендері мен Арал теңізі арқылы су жолын ретке келтіруге әрекет жасады.

Қорыта келгенде, пошта, телеграф сияқты коммуникация құралдарының аймақта пайда болып, енгізілуі, олардың қызметіне қажеттіліктің өсуіне алып келді. ХХ ғасырдың басында пошта, телеграф ал қазыргі кезде радио, теледидар, интернет, ұялы байланыссыз қоғамды елестету мүмкін емес болып отыр. Қазақстан біртіндеп әлемдік ақпарат кеңістігіне кіріп, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы басталды. Байланыс құралдарының тарихын зерттеу арқылы қазіргі коммуникация құралдарының дамуы динамикасын түсінуге, ондағы өзгерістерді болжауға, процестердің өткендегісін қазіргіге проекциясын жасау арқылы белгілі заңдылықтарды анықтауға, сол сияқты қоғамның дамуына, адамдар санасына тигізген әсерін анықтауға септігін тигізеді.


Пайдаланған әдебиеттер


  1. Қазақстан. Ұлттық Энциклопедиясы 7 том (2005) Алматы, Қазақ Энциклопедиясы.-728 б.

  2. Большая Советкая Энциклопедия Том 20 (1975) М. -608 с.

  3. Большая советская энциклопедия Том 34. (1955.) М., -656с.

  4. Жумабаева Г. Почта и телеграф от хана Жангира// Приуралье 8 ноября, 2003.

  5. Ахметжанова А.Т. (2013)Рефорvs Российской империи 60-90-х годов ХІХ века в Казахстане: учено-методическое пособие Алматы, Қаз ун-ті.

  6. Обзор Семиреченской области за 1892 год http://elib.shpl.ru/ru/nodes/49780-za-1892-god-1893#mode/flipbook/page/3/zoom/4 (Дата обращения 24.03.2022)

  7. Жанысбекова Г.А. (2010). Историческая география Южного Казахстана во второй половине ХІХ-начале ХХ веков: диссертация кандидата исторических наук. – Алматы, – 178 c.

  8. Гейер И.И. (1991). Путеводитель по Туркестану. - Ташкент: Типографическая-литография В.М.Ильина.- 255 с.

  9. Отчет по ревизии Туркестанского края, произведенный по Высочайшему повелению Сенатором гофмейстром графом Н.Н.Паленом. Поземельно-податное дело. СПб.,1910. – 214 с.

  10. Emerson, M. , & Vinokurov, E. (2009). Optimisation of Central Asian and Eurasian trans-continental land transport corridors (EUCAM Working Paper, No. (7), pp. 1–18).

  11. Федченко А.П.(1875). Путишествие в Туркестан. Том 1.- Санк-Петербург: Сенат. – 106 с.

  12. Jenkins, I. A. (1994). All change – new directions for the road transport industries of Russia. Ukraine, Kazakhstan and Belarus, Journal Transport Reviews , 14 (4),р. 289–320.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет