«Ислам философиясы» Орындаған: Халимова Азиза



Дата13.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#24009

«Ислам философиясы»

Орындаған: Халимова Азиза

Қабылдаған: Абдуллаев Н.Қ

Әбу насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбунасыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, Араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденді,150-ге тарта трактат жазып қалдырды.

Данышпан Әбу Насыр әл-Фараби Түркістан тарапындағы Отырар шаһарында 870 жыл шамасында туған. 950 жылы Шам (Дамаск) шаһарында ұлы ұстаз дүние салды. Бұл мәлімет ерте заманғы арабша жазылған шежіре кітаптарында берілген.

Әл- Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Оны шығыстың Аристотелі деп атаған.

Әбу Наср әл – Фараби Аристотелдің "Метафизикасына" ежелгі заманның өзгеде ойшылдарының туындыларына түсініктер жазып оларды өз уақытының игілігіне айналдырған. Кемеңгер ғалымның "Қайырымды істер қаласының тұрғындары туралы толғаныс", "Мемлекет қайраткерлерінің мақал – мәтелдері" – қоғамның әлеуметтік ой тарихына із қалдырған туындылар. Өз заманында дүниенің шар тарабына жайылған. "Даналық жаухарлары" атты философиялық толғанысы, тұтас мың жыл бойы өшпейтін кітап болған.

Әл- Фараби- ұлы ғалым. Ол- ұлы ойшыл, философ, социолог, математик, физик, ботаник, лингвист, логик, музыка зерттеушісі.

  • Әл- Фараби- ұлы ғалым. Ол- ұлы ойшыл, философ, социолог, математик, физик, ботаник, лингвист, логик, музыка зерттеушісі.
  • Әл- Фараби араб, парсы, түркі, латын, грек тілдерін жақсы білген.

Еңбектері:

Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.

«Ғылымдар энциклопедиясы»

Әл-Фарабидің трактатының ғылым тарихында алатын орны ерекше. Бұл кітап мыныдай бес тараудан тұрады:

  • Тіл білімі және оның тараулары;
  • 2. Логика және оның тараулары;
  • 3. Математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, айла-әрекет жөніндегі ғылым;
  • Физика мен метафизика және оның тараулары;
  • Азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және кәләм (дін ғылымы).

Әл – Фарабидің тіл білімі

Фараби тіл білімін 7 тарауға бөледі:

  • Дербес және қарапайым сөздер мен сөйлемдер туралы;
  • Мәнерлеп оқу ережелері;
  • Тілдің заңы мен ережелері жайлы ғылым;
  • Дұрыс оқу ережелері;
  • Өлең жазу,
  • Шайырлық туралы ғылым немесе поэтика.
  • Ырғақ, ұйқас және поэзия болып бөлінеді.

Ибн синаға рубаи қалпындағы парсы тіліндегі өлеңдер тиесілі. Сонымен қатар мистикалық еңбектерінің қатарына “құстар жайлы кітап” , “махаббат туралы өлең”, “дұғаның болмысы жайлы кітап”, “қажылықтың мәні жайлы кітап” және де “ тағдыр туралы кітап” сынды кітаптар кіреді.

  • Ибн синаға рубаи қалпындағы парсы тіліндегі өлеңдер тиесілі. Сонымен қатар мистикалық еңбектерінің қатарына “құстар жайлы кітап” , “махаббат туралы өлең”, “дұғаның болмысы жайлы кітап”, “қажылықтың мәні жайлы кітап” және де “ тағдыр туралы кітап” сынды кітаптар кіреді.

Қорытынды..

  • Міне осылай екі ойшылдың философия жайлы ойларын және еңбектерімен таныстық. Былай айтуымызға болады: Аристотель əл-Фарабидің арқасында Аристотель болды. Алдыңғы Шығыс философиясында(Ибн Сина, Ибн Рушд) қарастырылған мəселелер алғаш оның еңбектерінде көтерілген болатын. Ортағасырлық Еуропа ежелгі грек философиясымен оның еңбектері арқылы танысты (тікелей немесе оның ізбасарлары Ибн Сина, Ибн Рушд, Маймонидтің еңбектері арқылы). Фарабидің философиясы оның шығыстағы ізбасарларының еңбектерінің арқасында байып, латын аверроистері арқылы өтіп, Қайта өрлеу дəуірінің үлесін қабылдап,  Спинозаның материалистік жəне атеистік философиясында, кейінірек – француз энциклопедистерінің ілімдерінде дамыды.
  • Міне, сол үшін ислам дүниесінің ең ірі ғұлама философы, Отырардың ұлы перзенті Əбу Насыр əл Фараби бізге қымбат.
  • Дәл сол сияқты Еңбек пен әдiлеттiлiктiң жалынды жаршысы болған Ибн Сина өз заманында осындай батыл да, дұрыс пiкiрлер айтқан.
  • Орта ғасырлардың ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Сина табиғат пен қоғам құбылыстарының өз замандастарына белгiсiз көптеген құпияларын ашты, адамның ақыл-ойын табиғатты танып, оны адамзатқа қызмет еттiруге ұмтылды. Соның үшiн де адамзат қоғамы Орта Азияның асқан ғалымы, ұлы ойшылы, тамаша табиғат танушысы Ибн Синаның есiмiн ғасырлар бойы құрметтеп келедi.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет