Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата29.12.2016
өлшемі3,36 Mb.
#686
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

ИМАНИ ГҮЛ
зиция сотында мұсылман испандықтар мен христиандар 
тазалығына қарап ажыратылатын болған.  
Сабынды  да  алғаш  қолданған  мұсылмандар  еді. 
Сондықтан  мұсылман  елдерінде  базарларда  сабынның 
хош иісі аңқып тұратын. Батыс тілдерінде сабынға «savon»  
делінсе, ағылшын тілінде «soap»  делінуде.  Бұл батысқа 
сабынның мұсылмандардан өткендігінің белгісі болса ке-
рек. 
Ислам  пайғамбары  Мұхаммед  (с.а.у.):  «Ей,  Алла 
Тағаланың  құлдары,  емделіңдер!  Құдай  түсірген  кез-
келген дерттің дауасы бар. Тек кәріліктің дауасы жоқ»
170
 
деп, емі жоқ аурудың жоқ екенін білдіріп, мұсылмандарды 
емделуге,  ем  іздеуге  шақырды.  Сондықтан  исламда 
дәрігерлік, емхана саласы ерте дамып, басқа адамдарға жол 
көрсетіп, бағыт берді. Оныншы  ғасырдың орталарында 
бір ғана Кордова қаласында елуден астам емхана болған. 
Біз қазір қолданып жүрген әлемдік терминдегі «медици-
на» сөзі Ибн Синаның  атымен тікелей байланысты деген 
де көзқарас бар. Бұл көзқарас бойынша «Медед» арабтың 
«көмек» деген сөзі, ал оның артына қосылған «Сина» сөзі 
Ибн Синананың аты. Сонда «Синаның адамзатқа көмегі» 
деген  мағынаны  білдіреді.  Ибн  Синаның  медицина  са-
ласы  бойынша  жазған  «Шифа»  атты  кітабы  әлемнің  әр 
түрлі тілдеріне аударылып, алты ғасырдай дәрігерлердің 
қолдарынан  түспейтін  дерек  көзіне  айналды.  Тіпті,  әлі 
күнге дейін батыс сөздіктері Ибн Синаға «дәрігерлердің 
патшасы» деген түсінік беруде. Кейінгі дәрігерлік сала-
сы  дамығанға  дейін  батыста  Ибн  Сина  теңдессіз  ұстаз 
қабылданды. 
170
  Мусаннафу  Ибни  Әби  Шәйба,  5-том,  421-бет.  Қосымша  мына 
кітаптарға  қараңыз:  Сунану  Ибни  Мәәжа,  әл-Мустадрак  алас-
сахихайн,  әл-Муғжамул-кабир  лит-Табарани,  Шуғабул-иман 
лил-Бәйһақи.

302
ИМАНИ ГҮЛ
Батыста  психикалық  ауруға  шалдыққан  адамдар-
ды  «ішіне  шайтан  кіріп  алған,  жын  иектеген»  деген 
түсінікпен  абақтыларға  қамалып,  тоқпақтау  арқылы 
емделетін.  Тіпті,  Інжілге  қарсы  келетін  сөздері  үшін 
оларды өлтіруге дейін баратын. Ауырып жатқан адам дін 
адамының алдында күнәсін айтып, мойындамаса, ол адам 
өлмеші халде болса да, оны дәрігерлердің емдеуіне қатаң 
тыйым  салатын.  Емдеген  жағдайда  христиан  дінінен 
шығарылатын. Поптардың түсінігі бойынша, дәрі – тәңір-
ге  деген  күпірлікке  жетелейтін  жол.  Бұл  жайлы  шіркеу 
мұғалімі  Татиан  былай  дейді:  «Дүниелік  дәрілерге,  шөп 
пен тамырларға сенім арту – тәңірге деген сенімсіздік. 
Адамдарды тәңірден алыстатқысы келетін шайтандар 
мен лас рухтар иманы әлсіздерді алдауда»
171
.
Кейіннен  батыс  елі  мұсылмандардан  көп  нәрсе 
үйренді.  Батыста  орын  тепкен  Андалусия  ол  кез-
де  мұсылмандардың  қолында  еді.  Қазіргі  Испания  ол 
кездері мұсылмандардың ғылым мен мәдениет орталы-
ғы болатын. Бар ғылым мен мәдениет батысқа ашылған 
осы  мұсылман  өлкесінен  тарайтын.  Андалусияның 
Кордова  қаласының  бір  ғана  кітапханасында  600  000-
ға  жуық  қолжазба  кітаптар  бар  еді.  Ал  ІХ  ғасырда 
батыстың  ең  бай  деген  Сенегалдағы  кітапханасында 
400 дей ғана кітап бар болған көрінеді. Кейіннен батыс 
мұсылмандардан  әсерлене  бастаған  шақта  Сен  Венсан 
кітапханасында кітап саны 11000-ға жетті. Мен бұларды 
батысты  жамандау  үшін  емес,  тек  тарихи  шындықты 
жеткізу мақсатында айтып отырмын. Шіркеудің ғылымға 
деген  осындай  қараңғылығының  салдарынан  батыста 
ғылым мен мәдениет едәуір артта қалған еді. Бірақ батыс 
ХVІІІ ғасырда шіркеудің үстемдігін құлатып, саналарын 
171
 Шабан Дөген, Мүслүман илим Өнжүлери ансиклопедиси, 32-бет. 
Стамбул, 1984 ж.

303
ИМАНИ ГҮЛ
билеген  шектеуден  азат  болғаннан  кейін  ғана  ғылым 
көкжиегіне еркін қанат қақты. Бүгінгі таңда батыс ғылым 
мен  технологияда  алдыңғы  қатарда.  Дейтұрғанмен, 
дінсіз ғылым да өзінің кері нәтижесі мен кемшіліктерін 
байқатпай қалған жоқ. 
«Ғылым деген бұл болса – адыра қалсын,
Демеске  бара  жатыр  ішім  толып»
172
-деп  Шәкәрім 
Құдайбердіұлы жырлағандай дінсіз, руханиятсыз ғылым 
адамға кейбір тұстарда қасірет әкелді. Ол атом бомбасы 
боп  жарылып,  оқ  боп  бейкүнә  жандарға  атылды.  Руха-
ниятсыз ғылым өзгелерді қанауға қолданылды. Соңында 
«клондауды» шығарып, жаратылысты жаратуға адамның 
да  құдіреті  жетеді  дегендей  күпірлікке  барды.  Ол  –  ол 
ма?  Оны  адам  деген  киелі  жаратылысқа  да  қолдануға 
шақ  қалды.  Қолдан  ұрықтандыруды  дамыта  келе  ешбір 
шектеусіз  оны  адамға  да  қолдана  бастады.  Сөйтіп,  ер 
адамдардың  спермалары  сатылатын  сперма  банкалары 
пайда  болып,  әйелдер  тұрмысқа  шықпай-ақ  жүкті  болу 
мүмкіншілігіне  ие  болды.    Нәтижеде  әйелдер  «күйеу» 
деген  Құдай  қосқан  жұбынан  айрылды.  Тіпті,  оларды 
керек те қылмайтын болды. Балалар болса тумай жатып 
жетімдік көріп, дүниеге әкесіз келді. Киелі ұғым, ата-тек 
әбден шатасты. Ежелгі  қастерлі ұғымдар бүгінде «ескінің 
сарқыншағы»,  «керітартпалық»  саналса,  небір  сорақы 
әрекеттер «ғылым, мәдениет, даму, әйел еркіндігі» деген 
ұранменен  көкке  аспандатылды.  Міне,  мұның  бәрі  ру-
ханиятсыз  ғылымның  жемісі  екені  сөзсіз.  Бүгінгі  таңда 
батыстың  ғылымда,  технологияда  өркендегенімен  руха-
ни азғындап, тығырыққа тірелгені баршаға мәлім. Дінсіз 
жерде  ғылым  құлды  Құдайға  жақындатудың  орнына, 
керісінше, оны алшақтатты. Адамды «мен жасадым, мен 
172
  Шәкәрім,  Өлеңдер  мен  поэмалар,  139-бет.  Жалын  баспасы,  
Алматы  1988 ж.

304
ИМАНИ ГҮЛ
бүйттім»  деген  тәкаппарлыққа  тәрбиелеп,  азғындауға 
душар  етті.  Атақты  ғалым  Эйнштейн:    «Дінсіз  ғылым  – 
ақсақ болса, ғылымсыз дін - көр», – деп бекер айтпаса ке-
рек. Қысқасы,  дінсіз жерде ғылым, ғылымсыз жерде дін 
болмайды.  Құранның  алғашқы  аятына  назар  аударсақ, 
«Оқы, жаратқан Раббыңның атымен!» делінеді. Яғни, 
Ұлы  Құдіретті  танытудан  ада,  Оның  ризашылығы  жоқ 
оқу – ғаламға пайдасынан гөрі зиянын тигізбек. Ыбырай 
Алтынсариннің: 
«Бір Құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!»-деп, оқудың жанына жарату-
шы иеміз Алла Тағаланы да қосуы, ақын Мұқағалидың:
«Қол қусырып Құдайға,
Ғылым мен дін  бірге бар!»
173
-деуі де бекер болмаса 
керек-ті. 
Өкінішке  орай,  кейбір  адамдардың  «Батыс  діннен 
алшақтағанда ғана ғылымда қайта өрлеу дәуірі бастал-
ды, дамушылық белең алды. Мұсылмандар да діндерінен 
алшақтар болса, бәлкім, артта қалудан құтылар ма еді» 
дегенін  де  құлақ  естіп  жүр.  Алайда,  батыс  бізге  өлшем 
емес.  Батысты  мұсылмандармен  салыстыруға  мүлде 
болмайды.  Себебі,  сол  кездегі  шіркеу  ғылымға  қатты 
қарсы болғандықтан, батыстың одан құтылған шақта да-
муы табиғилық. Ал, ислам діні ешқашан ғылымға қарсы 
болмаған.  Тіпті,  әрдайым  қолдап  отырған.  Сондықтан 
дінді  жақсы  түсініп,  Құранға  құлақ  асқанда  ғана 
мұсылмандар ғылымда шарықтап, мәдениетте өркендеген. 
Әлемге  ғасырлар  бойы  ұстаздық  еткен.  Алайда,  Құран 
қағидаларынан  алшақтап,  өзгелерге  ес-түссіз  еліктеп, 
өз  тектерінен  адасып,  қастерлі  ұғымдарды  аяқасты  ет-
кен кездері еріксіз кері кетушілік бой көрсетті. Ғылымда 
173
  Мұқағали  шығармалары,  2-том,  26-бет.  «Жалын»  баспасы, 
2001ж.

305
ИМАНИ ГҮЛ
артта  қалып,  сауатсыздықтың  шыңырауына  құлады. 
Ендеше,  мұсылмандардың  артта  қалуы  Ислам  дінінің 
керітартпалығынан емес, керісінше олардың өз діндерінен 
алшақтауында,  Құранның  өміршең  қағидаларын  жаңа 
өмірге  сай  дұрыс  түсіне  алмауларында  жатыр.  Содан 
барып жақсы мен жаманның парқын білмейтін, дос пен 
дұшпанды ажырата алмайтындай мешелдікке ұрынды. Өз 
құндылықтарын мақтан ете бойын тік ұстаудың орнына, 
өзгелердің  жылтырақ  мәдениетінің  алдында  бүгежектеп 
өздерін төмен санаудан аса алмады. Ынтымақ-бірліктеріне 
сызат түсті. Талқыланатын қаншама маңызы зор мәселелер 
бола  тұра  түймедей  жайттар  түйедей  етілді.    Сол  бол-
машы  нәрселерге  бола  бір-бірімен  қызыл  кеңірдек  боп 
айтысып-таласып, жаға жыртысуға дейін барудан тайын-
бады, береке-бірліктен айрылды. Ал береке-бірлік кеткен 
жерде даму емес, тек кері кетушілік қана  болады. 
Иә,  бұл  айтылғандар  мұсылмандардың  артта 
қалуының  негізгі  себептері.  Бұған  қоса,  кешегі  тарих 
беттеріндегі  шытырман  оқиғалар  да  мұсылмандардың  
сергелдеңге  түсіп,  сансырауына  себеп  болды.  Бұған 
орта  Азияның  ғылым  мен  мәдениет  ошағы  Отырар-
ды,  сан  ғасырлар  бойы  мұсылмандарға  ғылым-білімде 
орталық  болған  Бағдат  шаһарын  жалмап  жұтқан 
моңғол-татар  шапқыншылығын,  бүкіл  батыстың 
шоғырланып  мұсылмандарға ес жиғызбай неше қайтара 
жасаған    «крест  жорығын»,  ғылым  мен  өнерде  күллі 
адамзаттың  мақтанышына  айналған  «Андалусияның» 
мұсылмандардың 
уысынан 
шығуын, 
«Осман 
империясының күйреуін»  жатқызуға   болады. 
Андалусияны  (қазіргі  Испанияны)  христиандар 
жаулап  алған  уақытта,  мұсылмандардың  мәдениетін, 

306
ИМАНИ ГҮЛ
ғылымы мен білімін ойрандай етіп
174
, кітапхаларындағы 
бар құндысын талан-таражға салып, өз елдеріне әкетті
175

Сөйтіп,  Андалусия  батыстың  қазіргідей  ғылым-білімде 
дамып-жетілуіне жағдай жасады.   
Кешегі,  ғасырлар  бойы  төрткүл  дүниені  аузына 
қаратып, мәдениет пен ғылымда өзгелерден оқ бойы озып 
шығып, оларға жетекшілік еткен ата-бабаларындай бола-
мыз десе, бүгінгі мұсылмандар да Құранның нұрлы аятта-
рын өмірлерінің әр саласына шамшырақ ете білуі керек. 
Құран аяттарын заманға зай тапсірлеп, жорамалдай білуі 
қажет. 
174
 Бір ғана Гырнатаны қолға түсірген уақытта қаланың ортасында 
мұсылмандардың 80000-ға жуық кітабын өртеп жіберді.
175
  Ахмет  Гүркан,  Ислам  күлтүрүнүн  гарбы  меденилештирмеси, 
230-бет.

307
Рухтың денеден денеге өтуі, яғни,  
«реенкорнация»  сенімі дұрыс па?
Рухтың бір денеден екінші денеге өтуі ғылымда «ре-
енкорнация»  немесе  «тәнасұх»  (ислами)    деп  аталады. 
Бұл жаңсақ наным-сенім бойынша, рух қонған денелердің 
барлығы оның сыртқы шапаны іспетті. Өмір − үлкен мек-
теп.  Бұл  өмірге  қайта  келіп,  кем-кетігіңді  толықтыруға 
болады. Рух өзінің кемел дәрежесіне жеткенше денеден-
денеге өтіп, үлкен мектепті тәмамдайды екен. 
Бұл  сенімнің  негізінде  өлімнен  қорқу,  жер 
бетінде  мәңгі  өмір  сүруге  деген  құштарлық,  дүниеде 
кездесетін  жаманшылықтарды  өзінше  түсіндіру  сияқты 
психологиялық себептер жатыр. Яғни, өлуді қаламайтын 
адамдар бұл сенім арқылы өздерінің мәңгілік өмір сүруге 
деген құштарлықтарын қанағаттандырмақ болған. 
Реенкорнация  сенімінің  нақты  қай  жерде  бастау 
алғаны белгісіз. Кейбір деректер бойынша, бұл көзқарас 
көне Мысырдан бастау алған. Тарихшы Геродот та осы-
ны  мақұлдаған.  Өйткені,  көне  Мысырда  өлген  адамның 
жаны  жануарлардың,  әсіресе,  құс  немесе  жыланның 
денесіне  өтіп,  сол  жерде  өмірін  жалғастырады-мыс  де-
ген наным болған. Ежерлгі мысырлықтар дене өле сала, 
рух құрлықта болсын, мейлі суда болсын бірнеше жан-
жануардың  денесін  аралағаннан  кейін  қайта  айналып 
адам денесіне қонады деген пікірге сенген. Перғауындар 
заманында  Пирамидалардың  салынуына  да  осы  бір 
түсініктің ықпал еткені мәлім.  

308
ИМАНИ ГҮЛ
Ал басқа дерек көздеріне сүйенсек, бұл жалған сенім 
Мысырда ғылыммен айналысқан Пифагор арқылы грек-
терге, осылайша батыс әлеміне жеткен. 
Шығыста  тәнасұх  сенімінің  ең  көп  тараған  жері 
–Үндістан.  Ганга  және  Сент  өзендерінің  бойында  өмір 
сүрген  тұрғындар  адам  өлгеннен  кейін  жаны  құсқа  ба-
рып қонады, сол арқылы тіршілігін үзбейді деген пікірге 
иланған. 
Бұл  сенім  түрлі  қоғам  мен  мәдениеттердің 
ерекшеліктеріне,  уақыттың  өтуіне  қарай  әр  түрлі  си-
пат  алып,  өзгерістерге  ұшырап  отырған.  Сондықтан 
бұл  жалған  көзқарас  көне  Греция,  Мысыр,  Үндістан, 
Қытай, Иран елдерінде әр түрлі. Айталық, тәнасұх пікірі 
Үндістанда жалпыға ортақ кейіпте болса, Будда мен Брах-
ман діндерінде аңыз ретінде сипатталады. Тіпті мынадай 
ой қалыптасқан: «Тазарған күнәсіз рухтар Нирванаға қол 
жеткізеді,  ал  күнәһар  рухтар  болса,  тазарғанға  дейін 
аңдар мен айуандардың денелерінде көшіп жүреді». 
Көне  мысырлықтар  реенкорнацияны  адамнан 
жануарға, жануардан қайтадан адамға өту деп түсінген. 
Иранда  болса,  тәнасұх  мәселесі  пәлсападан  гөрі 
діни  негізде  қолға  алынған.  Бұл  пікірді  Зороастризм 
мен Мәздақы секілді діни топтар арасынан қолдағандар 
да шыққан. Көнеден келе жатқан бұл жарамсақ пәлсапа 
Иранда  Ғұлат  секілді  кейбір  Шиилік  ағымдарға  да 
араласқан
176
.  
Жинақтап  айтар  болсақ  реенкорнацияның    негізгі 
басты-басты сенімдері мыналар:
1.  Рухтар  бір  денеден  екінші  денеге  мәңгілік  өтіп 
жүре  береді.  Буддада  кемелденген  рухтар  «Нирванаға» 
жетеді.
176
  Меһмет  Кыркынжы,  Рух  недир?  74-бет.  Зафер  иайынлары, 
Станбул.1993 ж.

309
ИМАНИ ГҮЛ
2.  Адам  үшін  жұмақ  пен  тозақ  ақыретте  емес,  осы 
дүниеде әр түрлі денелерде болады. Олардың түсінігінше, 
Жұмақ – бұл дүниеге сау-саламат, қуанышты әрі бай болып 
келіп, рахаттанып өмір сүру болса, Тозақ – ауру-сырқау, 
мүгедек,  жетім  болып  келіп,  қиналып,  бар  ауыртпалық-
тарды бастан кешу ғана. Қиямет – кісінің өлімі, қабір – 
ана жатыры, ал өлгеннен кейін қайта тірілу болса, тенасұх 
жолымен қайтадан дүниеге келуді білдіреді. 
3.  Жақсы іс істегендер келесі келулерінде әдемі, сұлу 
денелерде, ал жамандық істегендер жағымсыз  денелер-
де келеді. Жаман адамдар жазаларын түрлі жан-жануар, 
өсімдік және жансыз нәрселерге көшу арқылы тартады. 
4.  Адам және барлық жан-жануарлар – жауапкершілік 
иелері. Яғни, Алланың бұйрықтарын орындауға міндетті. 
Жан-жануарлармен қоса барлық жан иелеріне пайғамбар 
келген әрі келуде.
Реенкорнация 
сенімінің 
исламдағы 
негізгі 
ұстанымдарға  және  жалпы  қисынға  қайшы  жақтары 
төмендегідей
1. Ислам діні бойынша әрбір адам жеке өзінің өмірі-
нен, істеген істерінен жауапқа тартылады. Ал  мыңдаған 
денеге кіріп шыққан рух – біреуінде жақсы, екіншісінде 
жаман,  үшіншісінде  тағы  жақсы  болды  делік.  Сонда  ол 
қай денеде атқарған істері бойынша сұраққа тартылады?
2. Ислам діні және басқа да Құдайылық діндер бой-
ынша, адамдардың барлығы мына дүниеде істеген әрбір 
ісінің  қарымын  ана  дүниеде  алады.  Ал  енді  бір  денеде 
істеген  жаманшылығы  мен  жақсылығының  қарымын 
алу үшін екінші бір денеге кіретін болса, онда тозақ пен 
жәннат  кім  үшін?  Арғы  дүниеде  адам  рухының  рахатқа 
бөленіп, байыз табатын Жәннат мекені болмаса денеден-
денеге өтіп рухани тазарудың қандай пайдасы бар?

310
ИМАНИ ГҮЛ
3.  Денеден-денеге  өткен  сайын  рухтың  сатылай 
жоғарылап тазара түсетіндігі айтылады. Егер шынымен-
ақ адам рухы бір денеден екінші бір денеге көшу арқылы 
тазарып отыратын болса, адамзаттың жағдайы қазіргідей 
болмас еді ғой. Миллиондаған  жылдан бері мыңдаған де-
нелерге кіріп-шығып жүрген адам рухтары тазарған сай-
ын  тазарып,  күллі  пендешілікден  арылып,  жалпы  әлем 
мейірімділік пен бейбітшіліктің, адамгершіліктің шуағы-
на шомуға тиіс еді. Алайда, қазіргі таңда әлемде керісінше 
соғыс, қатігездік, зұлымдық, зинақорлық, ішімдікке салы-
ну,  өзімшілдік,  жалпы  рухани  аштық  күннен-күнге  арта 
түсуде.
4. Рухтың денеден денеге өту сенімі ақыл-ой, қисынға 
да сай келмеуде. Өйткені, егер ондай көзқарастың шынайы 
өмірдегі ғылыми астары қалың болса, онда ол бүкіл адам-
зат  баласына  ортақ  болуы  қажет  еді.  Айталық,  әркім-ақ 
әуелгі денелерін, бастан өткен оқиғаларын еміс-еміс еске 
түсіре алуы керек еді. Алайда, бірнеше жас балалар мен 
психопаттардың және кейбір адамдардың гипноз кезінде 
айтқан  сандырақ  әңгімелерінен  басқа  ешкім  бұл  тура-
сында  жақ  ашпауда.  Осы  уақытқа  дейін  басқа  денелер-
де  өмір  сүргендіктерін  айтып  келген  алты-жеті  жастағы 
үш-төрт кішкене баланың сөздері құқықтық әрі ғылыми 
тұрғыдан  ешқандай  дәлел  бола  алмайды.  Өйткені,  әлі 
қиял мен шындықты ажырата алмайтын кішкене жастағы 
балалардың бөгде біреулердің психологиялық ықпалынан 
шыға  алмауы  әбден  мүмкін.  Реенкорнацияшылардың 
мықты дәлелі – әр нәрсенің басын бір шала әңгімелеген 
осы балалар ғана.  Психопаттарға келсек, бұлардың ақыл-
есінде ақау болғандықтан, айтқан сөздерінде де қарама-
қайшылықтар  жиі  ұшырасуда.  Дәрігерлік  емге  зәру  бұл 
кісілердің  айтқан  уәжіне  тоқтау,  сірә,  ақыл-есі  бүтін 
адамға жараса қоймас. Сондықтан бұлардың айтқандары 

311
ИМАНИ ГҮЛ
да  құқықтық  тұрғыдан  дәлел  бола  алмайды.  Ал  кейбір 
адамдардың гипноз сеансы кезінде ес-түссіз жағдайда гип-
ноздаушы адамдардың ықпалымен өткен өмірлеріне бай-
ланысты айтқан әңгімелері реенкорнацияның шындығына 
қалайша  ғылыми  дәлел  бола  алмақ?  Неліктен  барлық 
психиатрлар реенкорнация сенімін қолдаушылар сияқты 
гипноз  кезінде  айтылған  сандырақтарды  реенкорнация 
сеніміне  дәлел  ретінде  қарамауда?  Керісінше,  барлық 
психиатрлар  бұл  адамдарды  психологиялық  (dissosyetif 
бұзылу)  ауруға  ұшыраған  деп,  ренкорнацишылардың 
дәлелін бірауыздан жоққа шығаруда.
5. «Рухтар өткен өмірлерін неге естеріне түсіре ал-
майды?» деген сауалымызға бұл сенімнің жақтаушылары 
адам  үшін  өткен  өмірлерін  білмеулері  тиімді  деп,  мы-
нандай  дәлелі  әлсіз  мысалды  алға  тартады:  «Өткен 
өмірлерінде  араларында  келеңсіз  жайттар  болып,  бір-
бірімен дұшпан болған  екі ағайынды екінші өмірлерінде 
де  бір  шаңырақтың  астында  дүниеге  келулері  мүмкін. 
Мұндай  жағдайда  олардың  бұрынғы  өмірлерін  білулері 
олардың  бұрынғы  дұшпандықтарын  естеріне  түсіріп, 
ыза-кек,  дұшпандықтарын  қоздыра  түсуі  мүмкін. 
Сондықтан  бұрынғы  өмірлерін  естеріне  түсіре  алмау-
лары  олар  үшін  әлдеқайда  тиімді».  Берілген  бұл  жау-
аптарына  қанағаттану  әсте  мүмкін  емес.  Себебі,  өткен  
өмірлеріндегі қателіктерін білмейтін адамдардың қазіргі 
өмірлерінде  сол  жіберген  қателіктерін  түсініп,  түзетуі 
мүмкін  бе?  Ендеше,  өткен  өмірлеріндегі  қателіктерін 
білмеген  адамдардың  сол  жіберген  қателіктерін  түзету 
үшін  мына  дүниеге  қайта  келулерінде  қандай  мән  бар? 
Өткен қателерін мүлдем білмейтін адамдардың қайтадан 
сол қателерге ұрынбауына кім кепіл?
6.  Егер  реенкорнацияшылардың  айтқанындай 
адамдардың  рухы  жан-жануар,  өсімдіктерге,  сосын 

312
ИМАНИ ГҮЛ
өсімдіктерден  қайта  адамға  өте  беретін  болса,  бұрынғы 
өмірлерінде  адам  болған  қазіргі  триллиондаған  жан-
жануарлар  мен  өсімдіктерде  неліктен  адамның  кейбір 
ерекшеліктері  мен  оған  тән  іс-әрекеттері  қылаң 
бермейді? 
7. Бұл сенім адамдардың арасындағы қарым-қатынас-
қа да психологиялық тұрғыдан кері әсерін тигізері сөзсіз. 
Жаңа туған пәк сәбидің денесінде мына дүниеге сан рет 
келіп, әр түрлі істерді жасаған қария рух жатқандықтан, 
ата-ана жаңа туған сәбилерін құшақтап тұрып: «бұл сәби 
кезінде қандай күнәлар мен қылмыстарды жасады екен» 
деген  үрейлі  ойға  батып,  өз  сәбилерінен  өздері  қорқып, 
бойларын балаға деген сүйіспеншіліктен гөрі суық сезім 
билеуі әбден мүмкін. 
8. Реенкорнация  сеніміндегідей  егер  рух  бұрынғы 
өмірлеріндегі кейбір қабілеттері мен жеткен жетістіктерін 
басқа денеге қайта қонған кезде бірге ала келетін болса, 
неліктен жаңа туға сәбиді оқытып, тәлім-тәрбие беріп, өте 
қарапайым нәрселердің өзін қайыра үйретуге мәжбүрміз? 
Әлемде  неліктен  баланың  өмір  сахнасына  дайындалуы 
үшін қыруар қаржы жұмсалуда? 
9.  Реенкорнация  сенімі  бойынша  рухтар  бірнеше 
рет  келіп,  кемелдену  дәрежесіне  жеткеннен  кейін  бұл 
дүниеден  мүлдем  келмеске  кетеді.  Будда  діні  бойынша 
«Нирванаға» жетеді. Ал енді миллондаған жылдан бері 
көптеген  рухтар  кемелденіп,  мына  дүниені  тәрк  етіп 
келмеске кеткені рас болса, жер бетіндегі  адамдардың 
саны ғасырдан ғасырға азаюға тиіс еді ғой.  Алайда жер 
бетіндегі адамдардың саны керісінше күннен-күнге арта 
түсуде.
10. Мына дүниеде берілген бір ғана шектеулі өмірде 
адам  баласының  рухани  кемелдікке  жетуіне  толық 

313
ИМАНИ ГҮЛ
мүмкіндігі  бар.  Ислам  тарихында  исламды  қабылдамай 
тұрып пұтқа табынып, өз қыздарын өз қолдарымен аяу-
сыз  өлтіріп,  зұлымдыққа  белшесінен  батқан  көптеген 
жандар Ұлы Жаратушыға иман етіп, Құран қағидаларын 
ұстанғаннан кейін жалпы адамзатқа үлгі боларлық кемел 
тұлғаларға  айналғаны  баршаға  мәлім.  Олай  болса,  ру-
хани  жетілу  үшін  біресе  адамның,  біресе  өсімдік,  жан-
жануардың  денелеріне  сан  рет  кіріп-шығудың  қандай 
қажеттілігі бар? Тіпті, реенкорнация сенімі адамдарды ру-
хани жетілдіру былай тұрсын, керісінше, мінез-құлқының 
құлдырап, адами қасиеттерден ажырауына әкеліп соғады. 
Себебі, бұл сенімге иланған адам «мына дүниеге мыңдаған 
рет келіп, өзімді түзетіп, кемелденуіме әбден мүмкіндігім 
бар» деп пайымдағандықтан небір сорақы іс-әрекеттерге 
баруы ғажап емес. Ал, керісінше, өмірге бір-ақ рет келіп, 
барлық істеген іс-әрекеттері бойынша ана дүниеде есепке 
тартылатынына иланған адам рухани жетілуге бар ынта-
шынтасымен ұмтылары сөзсіз. Өйткені, ондай сенімдегі 
адам  үшін  мына  дүниеге  қайта  келіп,  қатесін  түзету 
мүмкіншілігі жоқ
177

11.  «Өткен  өмірде  болған  Маркс,  Андрей,  Григо-
рий  сияқты  мүлде  танымайтын  адамдардың  істеген 
күнәларының салдарынан неліктен мен осы өмірімде жапа 
шегіп, қиыншылықтарға душар болуым керек?  Еміс-еміс 
болса да есімде жоқ алдыңғы өмірдің күнәсін неліктен мен 
арқалауым керек? Алғашқы өмірім мен күнәларым кіммен 
басталды  және  қашан  басталды?»  сияқты  сұрақтарға 
қанағаттанарлық  жауап  табу  мүмкін  емес.  Құранда: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет