Исмаилов Б. Р. Техногенді сипаттағы апаттарды модельдеу және бағалау пәнінен дәрістер жинағы



бет40/41
Дата25.04.2022
өлшемі1,37 Mb.
#32224
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Сабақтың мақсаты

Бұл дәрісте Бастапқы және шектік шарттары берілген турбулентті диффузияның жартылай эмпирикалық теңдеуін сандық тәсілмен шешуді үйренеміз.

Алдын-ала талқылауға арналған сұрақтар.


1. Бұлт ішіндегі белсенді қоспалардың таралу моделі қандай?


2. Сандық әдіспен шешу әдістері қандай?


Жоспар:

  1. Бұлт ішіндегі белсенді қоспалардың таралу моделі

  2. Сандық әдіспен шешу әдістері



  1. Бұлт ішіндегі белсенді қоспалардың таралу моделі

Бұлт ішіндегі өтіп жататын құбылыстар шығу табиғатының күрделілігімен ерекшеленеді және олар әлі толық зерттелмеген. Бұл дипломдық тарауда бұлттың өзін түзуші заттардың таралу тәртібін шекті дәл түрде жазып беру мақсатқа қойылған жоқ. Сондықтан да бұлт ішінде өтетін құбылыстарды өте қарапайымдатылған түрде, жеке алып қарағанда су буынан тұратын қоспаның таралуы ретінде қарастырамыз. Бұл құбылыстырды жазып беру үшін бастапқы және шекаралық шарттары берілген турбулентті диффузияның жартылай эмпирикалы теңдеуін пайдаланамыз:



(1.1)

бастапқы



(1.2)

және шекаралық шарттары



кезінде (1.3)

(3.2.4)

→ (1.4)

мұндағы



q*(t,x,y,z) – мәні t уақыт мезетінде (x,y,z) E3+ нүктесінде бұлттағы су буларының қарастырылып отырған нүктедегі орташа мәніне сәйкес келетін функция;

– мәні (x,y,z) E3+ нүктесіндегі t уақыт сәтінде осы нүктедегі уақыт бірілігінде бұлтқа қосылатын сулы будың салмағына сай келетін функция;

– t=0 уақыт кезіндегі бұлттың сулы буының концентрациясы;

– ОХ осінің бағытындағы желдің жылдамдығын сипаттайтын коэффицент (жылдамдық векторының бағыты ОХ осінің бағытына сай келетіндей етіп координаталаржүйесі бейімделген деп ұйғарамыз);

– OZ осін бойымен бұлттың отыру жылдамдығын сипаттайтын коэффицент;

– атмосферадан су буы шығуының жылдамдығын сипаттайтын коэффицент;

ε – бұлттың шекарасын сипаттайтын ең аз жеткілікті шама;

Кx, Ky, Kz – сәйкесінше ОХ, ОҮ, OZ остері бойындағы турбуленттік диффузияның коэффициенттері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет