Іspring quiz maker бағдарламасының тиімділігі



Дата22.02.2023
өлшемі170,57 Kb.
#69903
түріБағдарламасы

ІSPRING QUIZ MAKER БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Қазіргі таңда білім алушылардың білім деңгейін тексеру үшін ең тиімді және ең ыңғайлы түрі тестілеу қолданылады. Тестті тапсыру формаларына карай жеке, топтық, ауызша, жазбаша, бланктік, компьютерлік, вербальды және вербальды емес болып бөлінеді. Дәстүрлі тесттерге жататындар: гомогендік және гетерогендік. Дәстүрлі емес тесттерге: интегративті тесттілер, адаптивті тесттер, критерилі - бағытталған тестілер. Ақпараттық технологияның даму қарқынымен тесттерді құру және басқарудың бірнеше бағдарламалық қамтамасыз ету технологиялары пайда болып, қолданысқа ену үстінде.
Осындай технологияның негізінде  ІSpring өзінің құрамындағы ІSpring QuizMaker құралы арқылы интерактивті тесттер мен сауалнамаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
iSpring QuizMaker бұл - интерактивті тесттарды құраудағы функционалды әрі қолданылуы қарапайым бағдарлама.
iSpring QuizMaker бағдарламасы сізге әр түрлі дәрежедегі тестілерді тез және оңай құруға көмектеседі. Аталған құралды пайдалану үшін төменде келтірілген мүмкіндіктерді пайдаланған қолданушы үшін және тест тапсырмаларын өңдеуші үшін де тиімді.
iSpring QuizMaker бағдарламасын іске қосу барысында жұмыс істеуге болатын бастапқы терезе ашылады (1-сурет).
Бұл терезеде:

  • Жаңа тест құрастыру.


  • Бұрыннан бар тестті ашу.

1-сурет. iSpring QuizMaker бағдарламасының бастапқы терезесі.
2
-сурет. iSpring QuizMaker бағдарламасының негізгі терезесі


iSpring QuizMaker бағдарламасының – негізгі терезесі төмендегі бөліктерден тұрады: (2-сурет).

  1. Басты мәзір

  2. Сұрақтар тізімі (список вопросов)

  3. Редактілеу панелі (панел редактирования)

  4. Медиаресурстарды енгізу тақтасы (панел управления медиарисунками)

  5. Жауаптарды редактілеу панелі (панел редактирование ответов)

  6. Панелдегі сұрақтардын ерекшеліктері (Панель свойства вопросов)

Студенттердің білімін тексерудің қарапайым және тиімді тексерудің тәсілі - бұл бағаланатын тест. Тесттің бұл түрі студенттердің жауаптарының дұрыстығын бағалап, олардың тесттен өткені бойынша балл көрсеткіштерін беруге мүмкіндік береді. Олар келесі 11 типті сұрақ түрлерін қамтиды: (3-сурет).

  • Д ұрыс/дұрыс емес. Айтылымның дұрыстығын бағалау.

  • Бір нұсқаны таңдау. Жауап нұсқасының анағұрлым дұрысын таңдау.

  • Көп нұсқаны таңдау. Бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау.

  • Жолды енгізу. Сұрақтың жауабын арнайы жолға енгізу.

  • Сәйкестік. Сәйкес элементтерді біріктіру.

  • Реттеу. Ұсынылған дұрыс жауап нұсқаларын дұрыс ретпен орналастыру.

  • Санды енгізу. Дұрыс жауапты сандық нысанда енгізу.

  • Б
    3-сурет
    ос орындарды толтыру. Мәтіндегі бос орындарды сәйкес жауаптармен толтыру.

  • Ұсынылған жауаптар. Ұсынылған тізімдер ішінен дұрыс жауаптарды таңдау.

  • Сөздер қоры. Бос орындарды «сөздер қорында» ұсынылған нұсқалармен толтыру.

  • Белсенді облыс. Суреттегі дұрыс облысты көрсету.

Сауалнама. Тесттің бұл түрі арқылы оның жауаптарының дұрыстығын бағаламай-ақ сауалнамалар мен сұрақ-жауаптар құрастыруға болады.
Әрбір бағаланатын сұрақ түріне сұрақ-сауалнама сәйкес келеді («Белсенді облыс» сұрақтарын есепке алмағанда). Сонымен қатар, сауалнаманы қалыптастыру тәртібінде арнайы сұрақтар түрі бар:

  • Ликерт шкаласы. Дәлелдемеге келісу немесе келіспеу дәрежесін бағалау.

  • Эссе. Еркін нысанда жауапты енгізу.

ІSpring QuizMaker бағдарламасы сонымен қатар барлық сұрақ түрлерін енгізу арқылы аралас тесттер құруға мүмкіндік береді.
М
ультимедиа нысандары. Тесттің әрбір сұрағы суретпен, дыбыстық, бейне сүйемелдеумен және формулалармен, Flash роликтермен толықтырылады. Одан басқа, мәтін стилі мен гиперсілтемелерді қосуға болады. Нұсқа жауаптары да сұрақтар мен формула түрінде беріледі (4-сурет).
4-сурет. ІSpring QuizMaker бағдарламасының
қолданатын мудьтимедиалық қорлары

Толық дайын болған тест сұрақтарын жариялау, тест құрудың соңғы қадамы болып табылады. iSpring QuizMaker ортасында Публикация батырмасы арқылы соңғы қызметті атқаруға болады. iSpring QuizMaker құралында тестті жариялау келесі бөлімдерді қосып қызмет етеді: бір Flash-файл (.SWF), HTML5-форматты, Flash+HTML5 форматы, iSpring Mobile App-те жүктеу және iPad-қа сақтау, SCORM/AICC/TinCan форматында жариялау, қашықтықтан білім беру жүйесінде BlackBoard-те жариялау, Microsoft Word-қа экспорттау, резервті көшірмесін құру.


Қорыта келгенде оқу үрдісінде компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану, оның мүмкiндiктерiн жаңа материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту (тренинг), білім алушының білім деңгейін тестілеу, Интернет-технологияларды қолдану арқылы оқытудың сапасын арттыру – оқытудың тиімділігін беріп отыр.
Қазақстан әлемдік қауымдастықтың қатарында басқа елдермен терезесі тең дәрежеге қол жеткізуі үшін, жас ұрпақтың нұрлы болашағы үшін осындай жұмыстарды атқару қажет. Осы мақсат бізді алға жетелейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет