Исследование произведений



жүктеу 132.62 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата05.02.2017
өлшемі132.62 Kb.
  1   2   3

серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

109

С. 57.


Резюме

В статье  впервые проводится исследование произведений  

М-Ж. Копеева,  в часности природы, истоков их этнокультурной  

лексики, прослеживается её связь с историей, литературой казахского 

и других народов и создаётся её классификация в соответствии с 

различными принципами её группировки, что является основанием 

для возвращения многих забытых слов, обычаев и традиций в 

этнокультуру  казахского и других родственных языков. 

Resume

The article is the first experience of M.-J. Kopeyev’s works, par-

ticularly of the nature and origin of their ethno-cultural lexis. The author 

traces its connection with history and literature of the Kazakh and other 

peoples and creates its classification in accord with various principle of 

its grouping, which is the basis of returning of many obsolescent words, 

customs and traditions to the ethno-culture of the Kazak and other cognate 

languages

ƏӨЖ 81:39 (574)



РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

А.Қ. Тұрышев

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

«Рухани мәдениет» – адамдардың талғамына байланысты дамыды. Ол 

өзінің құрамдас бөлігі ретінде  эстетика мен этика нормаларын қабылдауға 

мәжбүр болды. «Мораль» – нормасы ретінде «эстетика» мен «этика» 

адамның рухани сипатын анықтады. «Эстетика» – (грек - ощущение) - өнер 

туралы философиялық оқу. «Этика» – (грек. адамгершілік, дәстүр қағидасы, 

мінез нормасы) адамдардың бір – біріне деген қарым – қатынасы, жоғарғы 

мәдениеттілік келбеті [1, 323-324]. «Салт – дәстүр» - адамзаттың рухани 

көне құбылыстарының – бірі. Этнографиялық зерттеу мынаны көрсетеді: 

салт – дәстүр қоғамдағы архаикалық мәдениеттің доминанты болып 

табылады. Салт – дәстүр - әдеттегі саналы түрде адамзаттың аз өзгеріске 

түскен түрі. Әдет – ғұрып аса қарапайым мінез - құлықтардың бүтіндей, 

үйреншікті өмір салтының үлгілерінің негізінде қалыптасады. Олар қоғамда 

белгілі бір уақытта, орында, белгілі бір – оқиға – жағдайға байланысты 

қолданылып жатады. Ол үлгіге қарекеттің айқындалмаған бір бөлігі енгізіледі 

[2, 63]. Рухани мәдениеттің алғы шарттары ауыз әдебиетінен де табылып 



Вестник ПГУ № 3, 2010

110 

жатады. «Разнообразна и богата духовная культура народа, составной 

частью которой являются многообразные формы народного поэтического 

творчества – фольклор, включающий в себя сказки, предания, легенды, песня, 

поговорки, загадки. Особенное место занимают в поэтическом творчестве 

казахов героический и социально – бытовой эпос, айтыс. Эпический жанр, 

выступающий способом изустной передачи межпоколенной информации, 

возник в древности, в течение столетий обогащался, развивался и в основном 

отобразил условия кочевого быта, патриархально – родового уклада предков» 

[3, 101]. Нормалар. Әдет – ғұрып нормаларына  (шама, өлшем, ереже) іс 

- әрекетті аяғына дейін түгел емес, тек қана бір принципті, іс - әрекеттің 

параметрін қамтиды. Ол мінез – құлықты белгілі өлшемнің варианттарынан 

және күрделенуінен тұрады. Т. Парсонстың көрсетуінше нормаларды былай 

классификациялауға болады: 

1. Жалпы қоғамда және оны құрайтын топтарда формалданған тәртіпті 

сақтауға арналған нормалар. Мысалы: ер балалар әскери қызметін өтеу, 

ұлттық қауіпсіздік комитетінде, ішкі істер бөлімінде, әскери дайындық, 

дене шынықтыру, техникалық салаларда т.б. Әйел балалар  көбіне мұғалім 

қызметіне, ара - тұра дәрігерлік, тамақ өнеркәсібі (ер балалар да араласа 

бастады), үй шаруашылығымен айналысу т.б; 

2. Экономикалық нормалар шаруашылық қарекеті, мақсаттылықты, 

кәсіпқойлықты және пысықтылық пен тиімділіктің мөлшерінің қолайлы 

жақтарын береді;  

3. Өз еліндегі жалпы саяси принциптердің жүйесін қолдайтын 

міндеттерді белгілейтін, заңдылықтар мен конституцияны бұзбай, күресті 

«ережені» сақтай отырып жүргізетін саяси нормалар; 

4. Коммуникацияның тұрақты принциптерін, жеке адаммен түрлі 

топтардың өзара қарекеттерін қолдайтын мәдени нормалар. Ол өз халқының 

тілінде сөйлеу, оқу, жазу, музыканы сүю, өз мәдениетінің стилі мен рәміздерін 

қолдау. Егер кейбір нормалар өзінше соны немесе ерекше дәрежесін ала 

алмаса, онда қабылданған нормалар жедел қатардан шығып қалады да, 

қолайсыз мінез – құлық деп аталады. 

Құндылықтар. Құндылықтар нормалардан кейін жүрсе де, олардан бір 

айырмашылығы жоғары деңгейде нысандардың хал – жағдайын, қажеттілікті, 

мақсатты таңдауды түсіндіреді. Құндылықтарды шартты түрде: Витальдық 

құндылықтар; Әлеуметтік құндылықтар; Саяси құндылықтар; Моральдық 

құндылықтар; Діни құндылықтар; Эстетикалық құндылықтар болып бөлінеді. 

М.М. Копыленко: «Язык любого народа хранит увлекательную повесть 

многовековых усилий познать, осмыслить и подчинить себе окружающую 

их действительность. Отсюда проистикает важность этнолингвистических 

исследований, проливающих свет на формирование конкретных предметов 

и абстрактных понятий» - дейді [4, 19]. Уақыттың жазба кодтар арқылы 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

111

көрсетілуі ақпараттық берілістің кеңістігін және ұзақтығын арттырады. Осы 

тұрғыдан алғанда объективті мазмұны бар таным жазу арқылы ғана дами 

алады. Текстер табиғаттың мәнді белгілерін ымдардан қабылдамайды. Олар 

көбінесе жаратушының айтқан сөздерінің таңбалары ретінде беріледі. Осы 

тұрғыдан қазақ халқының Қазан төңкерісіне дейін жазба мәдениеті болған 

жоқ, олар түгелдей дерлік сауатсыз еді деген тоталитарлық жүйедегі кең 

тараған пікірдің логикамен де, тарихи деректермен де қисына жоқ. Тарихшы 

Ә. Хасеновтың пікірінше, көне түрік жазуы скиф – сақ дәуірі мәдениетімен 

үндесіп, астасып жатты. Бұған қарағанда ғұндардың қаһарлы әміршісі 

Бадуұн шаньюдің  қытай императорына қыр көрсете жазған хаттары, 

Аттиланың Римге жіберген елшілерінің қолына ұстатқан грамоталары, 

қаңлы патшаларының заңы, жарлықтары көне түрік алфавитімен жазылмады 

ма деген болжам туады. Қазақтардың арғы ата – тектерінің түрік тілдес 

болғандығының және өзіндік әріптік жазуының бар екендігінің тағы бір 

айғағы 1982 жылы монғол археологтары тапқан – Хунну жазуы. Алтыннан 

шекіп жасалған деңгейде (медальон) көне руниканың 9 әрпінен тұратын 

4 сөз жазылған: 1. Ой – сеңгір. 2. Елші ыты. Аудармасы: 1. Ой – Сеңгір. 

2. Елшінің найзасы. Тарихшы Қ. Сартқожаұлының топшылауы бойынша, 

«1. Хуннулар дыбыс белгілейтін алфавиттік жазу қолданған. 2. Бұл жазу 

Хуннулардан бері ұрпақтан – ұрпаққа үзілмей жалғасып, Х ғасырға дейін 

қолданылады. 3. Монғолия мен Тува, Қазақстан мен Қырғызстан жерінен 

ұшырасатын жүздеген руникалық айғақты бұдан былай тек VIII – IХ 

ғасырдағы түркілерге ғана тән деп емес, енді Хунну, Това, Вэй, Сяньби, 

Жуанжуан қағанатына да қатысты мұра деп қарастыруға болады. 4. Хуннулар 

байырғы түркі (баба түркі) тілінде сөйлеген және мемлекеттік тілі түркі тілі 

болған» (Хунну жазуы - Әлем, 455 б.) [5, 146]. Қола дәуіріндегі тұрақтар 

мен пероглифтер (грек. рetros – тас және giрһе ойып салу)  тасқа салынған 

алғашқы жазулар, суреттер, таңбалар ерекше орын алады. «Қапшағай 

таңбалы тасына көне Тибет ғарпінде шекілген дұғалықтар мен ежелгі 

түркі алфавитімен жазылған таңбалары қағазға түсіріп әрі тартымды да 

нәзік бейнеленген ... » [6, 216]. Қола дәуірінің тас мүсіндердің орыны тіпті 

ерекше, бас жағында жұлдыздар,  етегіне адам бейнесі пішінделген сын 

тастар түркі ата бабаларының баға жетпес қол туындысы болып табылады. 

Космологиялық түсінігі сол кезеңде қалыптасқан түркі тілдес халықтардың 

ой әлемі мен рухани мәдениеті ерте қалыптасқандығын көреміз. Ескі түркі 

жазуларында «блбл» Орхон жазуында «балбақ» - деп те аталады. Балбал ескі 

түркі жазуларында кездесетін сөз. Таңбасы blbl – блбл араб жазуы сияқты 

арасына дауысты дыбысты қосып «balbal» - деп оқимыз. Енді бір таңбасы 

blbk - блбқ – bolрbak – болпық (болбақ) түркі тілдерінде кездеседі. Мұндай 

дыбыстық өзгерістер туралы К.Ш. Хусайнов, М.Х. Жубанов: этимология 

және дыбыс құрау (звукоизобразительность) сөздің шығу тегін мысалы, 



Вестник ПГУ № 3, 2010

112 

балқаш > балқы, балшылдап, балдара, балдырла, балпылда, балпақ түркі 

тілдерімен салыстырылып, бұған орай: былқ, шылқ, бүлк соңғы дауыссыз 

модификаторлы қызмет атқарады дегенді айтады [7, 69]. «Қозы көрпеш – Баян 

сұлу» жырының сюжетіне байланысты табылған ескерткіштер: «Шоқ терек», 

«Алтын айылбас», Ә. Марғұланның балбал тастар туралы түсіндірмесі көне 

қазақстан жеріндегі мәдениеттің жоғары болғандығын көрсетеді. Мәдениеті 

бар елдің жазуы болмады дегеннің өзі ақылға сыймайды. Тас қамал, тұрақтар, 

мегалиттар (грек – megas (үлкен) lithos (тас), дольмендар (Бретон. dol – стол, 

men - тас ) «Ор мәдениеті» кейін «орда» болды (энолит заманы III – басы 2 

– жартысы мен б.д. д. II мың ) көне ғасырдың мәдениетінің жемісі. Кейбір 

зерттеушілер көне түркі жазуын көне шумер жазуына апарып тірейді. Әрине, 

шумер жазуы да өте көне жазудың бірі. Ол өзінің бастауын суреттерден 

алады. Аккад тұрғындары шумерлер болғандықтан олар әр тілде сөйлеген. 

Сондықтан оларды бірге шумер – аккат дейді. Суреттер – идеографиялық 

(грек. idea – идея, grafho - бітікші) – ребустарға айналды. Тасқа, сазға, ағашқа 

жазылғандықтан бұл жазуды – клинопись - деп атады. Суретті принцип 

ептеп дыбысты беру принципімен алмасты. Сонымен жүздеген белгілер 

пайда болды. Олар дыбыс, буынды белгіледі. Бұлар алфавитті белгілер 

- деп аталды. Жазба шумер – аккадтардың өте үлкен жетістігі болды. Бұл 

жазбаны алдыңғы Азиялықтар да пайдаланды [8, 57-58]. И.А. Батманов: 

«Пласт слов: прослеживаемых в общей массе турецких языков, отличающихся 

лишь фонетическими разновидностями. Этот пласт сложился в относительно 

отдаленный период (до VI до появления орхонских надписей), сложение этот пласт 

в процессе интенсивного скрещивания разноязычных племенных образований. 

Пласт этот условимся называть «общетурецким» - дейді [9, 54].

 Түркі мәдениетінің дүниежүзілік өркениетке қосқан сүбелі үлесі 

– Орхон – Енесей жазба ескерткіштері. Бұл жазуды скандинавтықтар ашып 

(И. Страленберг), мағынасын түсіндіргендіктен (В. Томсен) «руникалық» 

(құпия ) деп аталды. Алғашқы сөз «тәңір» деп оқылды. Бұл ескерткіш 

егемендіктің, рухани мәдениетінің басы ретінде тарихи отанына қайтып 

оралды. Орхон жазулары жергілікті ру таңбаларына ұқсас, геометриялық 

пішіндегі 38 әріптен тұратын, идеограммалық түріктердің өзіндік жазуы. Бұл 

жазу түрік тілділердің фонетикалық ерекшеліктерін дәл жеткізуге мүмкіндік 

береді. Сонымен, қазақ мәдениетінің архетиптік уақытында осы мәдениеттің 

болмыстық тұрақтылығына үлкен әсер еткен жазу қалыптасты. Кейін түрік 

жазуын араб харіпі ауыстырғанымен, бұл мәдени қазына өз құндылығын 

жоғалтқан жоқ. М. М. Копыленко: «Мы, разумеется, смогли упомянуть лишь 

о малой части этнолингвистических исследований в сфере языка памятников 

древней письменности, фольклора и древней литературы. Но небольшое 

число их, затронутое нами, свидетельствует о том, что язык всех этих 

памятников несет на себе яркий отпечаток материальной и духовной культуры 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

113

тюркских народов» - дейді [10, 71]. «Күлтегін» [11, 10-25] ескерткішіндегі 

заттық мәдениет көздері (топоним, антропонимдер бірге) кездеседі. Осы 

орайда академик Ә. Қайдаровтың: «Таким образом, становится ясно, что 

онимия любого народа содержит огромный информационный культурно 

– исторический потенциал и изучение собственных имен в связи с культурной 

историей общества в плане выявления и рассмотрения черты может и должно 

стать одним из кардинальных направлений в ономастике» - деген сөзін 

келтіргенді жөн көрдік [12, 5]. 

 «Күлтегін» ескерткішінде: күн, түрік, Шаңтүң, теңіз, темір қапығқа, 

Тоғыз ерсен, Түпүтке, Йінчу, Байырку, йерке, алтун, күмүш, ісігті, артқыш 

–тікіш, ташқа, бөдке, Табғач, Істемі, Қапуғқа, Иоллығ, Отұз татар, қытан, 

татабы, інісі, ечісін, Оғлу қанун тег, Табғач, інілі – ечілі, оғлун күң,  Бөклі 

қаған, субу, Қанум Елтеріс қағануғ, Өгім Елбілге қатұнығ, төпесінте, сүсі, 

бөрі, қоң, Баз қаған,  Қырқыз, құрықан, отуз татар, Қытай, балбал, Йашул 

үгүз, Шаңтүң йызықа, Түргіс, ечүміз, йер, суб, сіңілім, Қадырқан йышығ, 

Кенту, иарықлығ, сүңігліг, соңүкүң, Өчім қағанығ, Өгім қатунығ, тонсыз, 

Күлтегін, от суб, Алты чүб, сағдақ, Табғаш Оң тұтұқ, Чача Сеңүнке, Тадықын 

чурың, боз ат, торы ат, сауыт, қарығ, оқуын, удлықын, Түргеш, Ертіс, балық, 

көзі – қашы, бедіз т.б.  

Немесе, рухани мәдениеттің көздері: теңрі, қаған, шд, апыт, беглер, 

тарқат, тоғыз, оғұз, будуні, тоғсыққа, ортусыңару, біргеру, қурғару, йырғару, 

біліг, бедізчі, таш тоқытдым,  түрт булуң, сү сүлепен, еліг йыл, күн тоғсықда, 

елін- төрүсін, иағу, йіті йегірмі, йетміс ер, йеті йүз, ечум – апам, қырқ йеті, 

иегірмі, беш отүз, үч йегірмі, он оқ будун, Умай, бес түмен т.б. 

«Тоныкөк» [13, 26-38]: буқалу, кейік, табусған, іңгек, көлүк, абыз, теңірі, 

ұмай, түмен, апа қолданылған. 

Мәдениеттің негізгі функциясы адамның – шығармашылығы немесе 

гуманистігі. «Орхон – Енесей» ескерткіші түрік мәдениетінің адам қолымен 

жасаған шығармашылығының ең шырқау биігі. Ал, қазақтың қалған 

мәдениеті осымен тығыз байланысты, не болмаса осы мәдениеттен туындап 

жатады. Бұны – трансляция функциясы (ұрпақтан – ұрпаққа беру), әлеуметтік 

тәжірибе (тарихи мұрагерлік, немесе ақпараттану) деп атауға болады. 

Мәдениет – шынында да адам жадының әлеуметі. Ол алдында айтылған 

таңбалардан, ауызша әдебиеттен, әдеби және өнер ескерткіштерінен «тілі» 

ғылымы, пәлсәпәсі, діні т.б. арқылы келешек ұрпаққа жетеді. Бұл - әрине 

ата – бабамыздың сүбесі бұзылмаған, қаттап қойған мәдениеті ғана емес. 

Тарих сынынан өткен ең бір сұрыпталған мәдениет болып табылады. Ұрпақ 

арасындағы сабақтастық мәдениеті үзілсе ол – «мәңгүрттікке» әкеледі. 

«Мәңгүрт» түркі сөзі оның түбір тұлғасы екі: «мәңгі» (басы айналу) мәңгі 

(ұдайы) деген мағына береді. «Манас» жырынан бастау алып, Ш. Айтматов 

енгізген «мәңгүрт» сөзі қараңғылықты анықтайтын әлемдік терминологияға 



Вестник ПГУ № 3, 2010

114 

айналып жүре берді. М. Шахановтың «рухани мәдениет», «ғаламдану 

үрдісінің» («жаһандану» деп жүр) көлеңкесінде қалып қою қаупі бар деген 

жан айқайы «мәңгүрттіктен» сақтандырудың алғы шарты болып табылады. 

Р. Бердібаевтің «көзқаманы» да осы іспеттес мағынаны береді. Танымдық 

(генеосеологиялық) мәдениет функциясы - мәдениеттің ата – бабадан бері келе 

жатқан үрдістердің әлеуметтік ғасырлар бойғы  тәжірибесін бір орталыққа 

жинақтау болып табылады. Реттеу (нормативті) мәдениет функциясы 

- қоғамдық және адамның жеке басының түрлі қызметін реттеу басты 

мақсаты. Адамдар заттық немесе рухани мәдениетті таңдап ала ма? Бұл 

арада - еңбектегі, тұрмыстағы, жеке басының мәдениетке деген құрметі, 

немесе адамдарға әсері, олардың іс - әрекеті қарастырылады. Реттеу мәдениет 

функциясы: мораль мен заң жүйесіне сүйенеді. Семиотикалық немесе белгі 

функциясы: белгі жүйелік мәдениетіне, білімге, оны игерумен айқындалады. 

Мәдениетке сайма – сай белгі жүйесін меңгермей мәдениет жетістігін білдім 

деу бос сөз. Тіл (ауызша және жазбаша) адамдардың қарым – қатынасының 

тетігі болып табылады. М.М. Копыленко: «Все шире распространяется 

убежденность в том, что «каждый язык («большой» или «малый») преставляет 

собой неповторимую энциклопедию культуры его народа и имеет право 

на свое место в мировом сообществе языковых культур. К сожалению, ход 

истории время от времени ставит на грань исчезновения отдельные культуры 

и языки, чаше всего малочисленных этносов» /Мараш-Оглы Ш: 1990, 146 // 

Kibrik A: 1991/ - деп жазады [14, 19]. Ауызекі жадылық дағды көне түріктердің 

рухани мәдениетін жеткізген «тілі» болды. Түрік «жадыға» қатты мән берді. 

«Сөз» көне түркі үшін «құдаймен» тең болды. Құдайды сөз арқылы тапты. 

Ұзын – сонар дастандар мен батырлық жырларды әр түрік баласы жатқа білді. 

«Ұзын құлақ» дала аппараттарының рөлін атқарды. Адамдардың өз ара қарым 

– қатынас құралдарының бірден – бір көзі – ауызекі сөз, тіл болды. Ауызша 

сөзге негізделген қауымдық өмірде адам тек акустикалық (дыбыстық, естілетін) 

кеңістікте өмір сүрді. Негізгі коммуникация құралы тіл болғандықтан, тілге, 

ауызекі сөзге негізделген салт – дәстүрлер, мифтер, әдет – ғұрыптар немесе, 

жалпылама айтсақ, фольклор кеңінен дамыды және ұрпақтар мирасқорлығының 

негізі де сол болып табылды. Ауызша дамыған тіл кірме сөздерден таза болды. 

Ақын – жырау шығармаларын еске түсіріңіз.

А. П. Седельников: «Среди тюрков, кочующих в Азии, киргизы – казаки 

– найболее культурный народ, и несомнено, что ему предстоит лучшее 

будущее: количество его увеличивается и он оказывается восприимчивым к 

культурным приобретениям. О сравнительной культурности киргиз – казахов 

можно судить отчасти по характеру языка, по способности и форме излагать 

свои мысли, по богатству народной литературы и, наконец, по состоянию 

развития искусств» - дейді [15, 20]. 

Тіл – коммуникация құралы ретінде адамның тікелей қатынасуын 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

115

(айтуын, естуін) қажет ететін болғандықтан да адамдар ұжымы өзара 

ұйымшыл, бөлінбес бірлікте болды. Жазу – сызудың пайда болуы адамзатты 

естілетін дыбыстық аккустикалық кеңістіктен көзге көрінетін визуалды 

көрнекі кеңістікке итермеледі. Ұрпақтан – ұрпаққа ұласқан ақыл - өсет, 

даналық ой, көпжылдық тәжірибе нәтижесі ендігі жерде тікелей ауызекі 

айтылмай, жазылған және көзбен көріп оқылатын мәтіндерге айналды. «Қаз 

қанатынан (қаурсынынан – А.Қ) жасалған қаламсап тіл үстемдігіне шек 

қойды; ол өмірдегі қасиетті құпияны жоққа шығарды; ол сәулет өнері мен 

қалаларды, жолдар мен әскерді, бюрократияны дүниеге әкелді. Ол сананы 

тылсым көлеңкеден жарыққа шығарып, өркениетке бастама болған түбегейлі 

метафора болды» - дейді (А. Кукаркин. Буржазное общество и культура. М., 

1970. С. 336.) [16, 48-49]. 

Әліпбиге дейінгі қауымдық қоғамда адамның өмірге бейімделген 

негізгі сезім мүшесі – құлақ болды. Есту сенумен пара – пар болды. Билердің 

сөзін еске түсіріңіздер. Ауыздан шыққан сөз екі айтылмай орындалатын.  

А.М. Щерба: «Слова – комплексная единица более высокого уровня, чем слог. 

Оно может состоять из одного или из нескольких слогов» - деген [17, 110].          

А. Джунисбеков бұл ойды әрірек апарып: «Казахская письменность – в 

основном фонематическая, т.е. каждая фонема обозначается отдельной буквой. 

Однако есть и исплочение определяющиеся только правилами орфографии 

казахского языка, которая не всегда дает правильное предоставление о 

количестве фонем в составе слога, слова или морфем» - деп, тереңдете 

түседі [18, 9]. Фонетикалық әліпби құлақтың сиқырлы әлемін жайбарақат 

бейтарап көз әлеміне алмастырды. Ендігі жерде негізгі сезім мүшесі болып 

есту мүшесі – құлақ емес, көру мүшесі – көз келді. Жазу – сызу жоқ уақытта 

ұрпақтан ұрпаққа ұласқан тәжірибені ру көсемдерінің зердесі сақтап, адам 

өмірлік мәні бар жеке – дара отырып – ақ, кітапты оқу арқылы өткен – кеткен 

аталар даналығынан, мұрасынан үлгі алатын жағдайға жетті. Жеке адам, дара 

адам өзінің жеке тұлға екендігін түсіне бастады. Жаңа дәуірден бастап ХIХ 

ғасырдың соңына дейін мәдениеттегі тілге көңіл бөлінген жоқ. Тіл сананың, 

ойдың, рухтың құралы ретінде ғана, қосалқы бөлшек есебінде қарастырылып 

келді. Тек ХIХ ғасырдың басында ғана философияда, мәдениеттануда тілге 

деген бетбұрыс байқалды. Соның нәтижесінде тіл адам болмысының ең 

негізгі тәсілі екендігі айқындалды. Сана әрдайым белгілі тілдік негізде өмір 

сүреді, ол тілмен бірге дамиды. 

Тіл – тек коммуникативті құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, 

оның мәдениетінің көрінісі, өйткені мәдениет таңба, белгіден тысқары, 

яғни тілден тысқары өмір сүре алмайды. Адамды түгелдей дерлік таңбалық 

әлем қоршаған, өйткені адам болмысының өзі таңбалық, тілдік болмыс. 

Адам бір мезгілде таңбаны тудырушы да, оны талдаушы да. Тіл – тек 

денотативті (белгі, сигналдық) коммуникация құралы ғана емес, сонымен 



Вестник ПГУ № 3, 2010

116 

бірге коннотативті (белгілі әлеметтік – мәдени, идеологиялық мәні бар) 

құрал. Тілде әр халықтың тарихы, оның өмір, тіршілігі, шаруашылығы мен 

мәдениеті жатыр. В.А. Звигенцев: «Язык, как мы знаем, существует главным 

образом в процессе мышления и в нашей речи как в выражении мысли, и 

кроме того, наша речь заключает в себе также и выражение чувствований»  

- деп бекерге айтпаса керек еді [19, 205].  

Дискурс – тілдік коммуникация түрі. «Дискурс» - қарым – қатынасқа, 

сұхбатқа имманентті (іштей тиеселі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде 

қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан 

тұратын идеологиялық тіл. Кең щеңберде «дискурс»  дегеніміз – уақыттың 

мәдени – тілдік контексі. Шындығында тіл – бәрімізге ортақ, бәріміз осы 

тілде сөйлейміз, бір – бірімізді түсінеміз. Бірақ, күнделікті өмірдегі сөз 

саптасымызға жіті көңіл бөлетін болсақ, онда біз мынандай қызық нәрсені 

байқаймыз - әрбір сөз өзінің нақты заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа 

көптеген уақытша идеологиялық мағынаға да ие екен. Сол шексіз көптүрлі 

мағынаның болуы бір ұлтқа тиеселі ортақ тілді көптеген «социологтерге» 

бөліп – бөліп жіберді. Осы «социологтерді» М. Бахтин «әлеуметтік – 

идеологиялық тіл», «айтылған сөз» - деп, Р. Барт «жазу типі» - деп атайды. 

Адамның бірде бір сөзі тиянақталып, аяқталмаған, өйткені ой принципиалды 

түрде тәмамдалуы мүмкін емес. Әрбір сөз әрбір адам рухани әлемінде өзіндік 

өзгеріске ұшырайды. Тірі сана, тірі қарым – қатынас барысында тілді 

бұлжымас, қозғалмас жүйе деп қарастыру мүмкін емес. Адам үшін оны 

қоршаған тілдік орта да, ол адамның өзінің тілдік санасы да түгелдей дерлік 

көпдауыстылықтан, көпмағыналықтан тұрады. Сөз, ендігі жерде, тек бір 

нәрсені білдіріп қана қоймайды, сөздің өзінің «иісі», тіпті өзінің «дәмі» де 

бар [20, 52-54]. Академик Ә. Қайдаров: Этносты танып – білуге тұс – тұсынан 

ат салысып, өзіндік үлесін қосушы қоғамдық ғылым салаларының бірі – 

мәдениеттану (культурология) десек, ол этнос болмысының ауқымды да 

маңызды саласымен шұғылданады. «Мәдениет» жеке адамның басына тән 

қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан 

ұлттық сана, дүниетаным, салт – дәстүр, рухани – материалдық байлықтың 

бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым. ... этнолингвизмдер мен мәдени 

лексиканың арасына тепе – теңдік белгісін қоя салуға да болмайды. Оның 

басты себептері: біріншіден, этнолингвистика этнос болмысына қатысты «тіл 

әлемін» түгел қамтуға тырысса, мәдениеттану пәні өз міндетін «мәдениет» 

ұғымымен ғана шектеуге тиіс;  демек, ол қанша күрделі, ауқымды болса да, 

«бүтіннің бөлшегі іспетті дүние»;  екіншіден, мәдениеттану мәдениет 

түрлерінің  (әдебиет, жазу – сызу, қолөнер, ән – күй өнері т.б.)  пайда болуын, 

қалыптасуын, дамуын, өзіндік ерекшеліктерін талдап, таратып айтуды негізі 

міндетім деп санаса, этнолингвистика барша мәдени лексиканы іштей сала 

– салаға жіктеп, жүйелеп, мүмкін болғанша толық жинап алып, тілдегі өзінің 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

Каталог: download -> zhurnal st
zhurnal st -> Вестник пгу №1, 2010 106 Түйіндеме
zhurnal st -> Вестник пгу №4, 2010 134 Түйіндеме Доцент Нұрманова Ж. К. мақаласы «Компаративистиканың ғылыми өрісінде қазақ әдебиеті мен кинематографының шектесуі»
zhurnal st -> М. тынышбаев және 1916 жылғЫ Ұлт-азаттық КӨтеріліс с. К. Тулбасиева
zhurnal st -> Адам қҰҚЫҚтары-саяси ғылымның Өзекті мəселесі р. Б. Əбсаттаров
zhurnal st -> 6 ƏӨЖ 81’1: 811. 512. 122 Етіс категориясының теориялық МӘселелері е. Б. Ахметов
zhurnal st -> Педагогическая
zhurnal st -> Литература рыжова Л. П. Пресуппозиционный аспект обращения // Семантическая семантика и прагматика. Калинин, 1982
zhurnal st -> Филологическая
zhurnal st -> Филологическая
zhurnal st -> Вестник пгу №3, 2010


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет