Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік


ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕСІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет2/29
Дата30.03.2017
өлшемі7,23 Mb.
#10629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕСІНДЕГІ
 ИНФОРМАЦИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Қ.Е. КЕРВЕНЕВ
доцент
Н.Қ. МЕДЕУБАЕВ,
 магистрант, 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
Әр ғылым өмірдің белгілі саласын зерттей отырып, құбылыстар арасындағы заңды байланыстарды, 
олардың пайда болу заңдарын, қызметін және дамуын ашады.
Информациология ғылымы пәнаралық зерттеулер нәтижесінде физика, химия, математика, астро­
номия, биология, информатика, философия, тарих және т.б. фундаментальды ғылымдармен жапсарлас, 
жалпығылыми әдістерді таңдау нәтижесінде пайда болды. Информациология және философия ғылым­
дарының гносеологиялық мүмкіндіктерін біріктіретін ақпараттық принциптер жиынтығын қарастырған 
ғылыми еңбектер де аз емес [1].
Информациология  ретінде  әр  түрлі  объектілер  жиынтығы  үшін  ақпаратты  алу,  беру  және  сақтау 
жөніндегі ғылымды түсінетіндігіміздіктен, бұл ғылымның басқа облыстарындағы қолданылу жетіс­
тіктеріне мысалдар келтірейік.
С.И. Репьевтің «Тұқымқуалаушылық, өзгергіштік және түрқалыптастықтың энергоақпараттық тео­
риясы» атты өсімдіктерге ақпарат беру тәсілі тамаша нәтижелерге әкелді. Репьев теориясы негізіндегі 
популяция мен социум арасындағы ақпарат алмасу Т.В. Ермакованың жұмысында тек өсімдіктер ғана 
емес, жануарлар арасында, мәселен, ірі қара малдарында қолданылады. Осындай нәтиже А.Н. Иезуи­
товтың «Өзара қатынас философиясында» байқалуы мүмкін. Яғни, тек материалды, рухани ақпарат 
алмасу арқылы ғана адамдар арасында түсінік қалыптасып, олардың қарсыластығы, антагонизм деңгейі 
төмендеуі мүмкін [2].
Космостан алынатын ақпаратпен Е.И. Боровков пен В.В. Сергеев шұғылданады. 
И.Г. Горячконың «микро­ және макродүние қызметінің бірегейлік заңы» – жеке интелекттің жұмысы­
ның айқын көрінісі.
Оқыту  барысында  ғылыми,  тарихи,  оперативті  ағымдық  және  перспективті  ақпараттарды  қол­
дану  оқыту  үрдісін  қызықты,  түсінікті  және  сапалы  қылатыны  айқын.  Сондықтан  бұл  мәселені 
қарас тырудағы негізгілердің бірі – ақпараттың фундаментальды мәнін, оның қазіргі даму кезеңі жағ­
дайындағы  құндылығы  мен  өзектілігін,  информациологиялық  технологиялар  мен  ресурстардың 
баламасыздығын студенттерге түсіндіре білу; өзін­өзі информациогенездеу – қоғам мен табиғаттағы 
информациогенді  процестер  мен  құбылыстардың  алғышарттары  екенін  логикалық  түсіндіру;  бү­
кіләлемдік  қауымдастықтың  өзекті  мәселесі  информациологиялық  қауіпсіздік  екеніне  тоқталу  және 
т.б., негізгі және кейінге қалдырылмайтын мәселенің бірі болып табылады.
Информациология ғылымы келесі бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын қарастырады [3]: 
– Ғалам құбылыстарын,  оқиғалары мен процестерін тіркеу және зерттеулер;
– Микро және макроқұрылымдардағы процестерді топтастыру, типке бөлу және стандарттау;
– Ғарыштық объектілердің, жүйелердің ақпараттық модельдерін және Ғаламның тұтастай алғандағы 
ақпараттық моделін жасау;
– Ғалам, Күн жүйесі, қоғам және адамның ақпараттық  кодтарын зерттеу формалау;
– Адам жасын ұзартудың ақпараттық негіздерін өңдеу;
– Басқа планеталарда биосфераларды жасау және оларды игеру;
– Ғаламның микро және макроқұрылымдарына арналған ақпараттық технологияларды өңдеу;
– Дүниетаным, космология, космохимия, радиоастрономия, радиофизика, космонавтика, астрономия, 
математика, геология, океанология, физика, химия, биология, ноосфера, генетика, биофизика, медицина, 
экологияның  ақпараттық  мәселелері бойынша фундаментальдық және қолданбалы зерттеулер;

9
– Жерден тыс ақпараттық­ғарыштық өркениеттерді  іздеу және зерттеу;
– Халықтық  медицина және адамның  жасырын  қабілеттерін анықтау;
– Рухани­діни ғылымның қызмет сфералары;
– Гидроэнергетика, энергияның  жағармайлық, атомдық, ақпараттық­ғарыштық және басқа көздері; 
пайдалы қазбаларды  су асты, жер асты, жер үсті  және ақпараттық­ғарыштық кендерді өндіру;
–  Мәдениет,  философия,  тарих,  социология,  педагогика,  журналистка,  баспа  қызметі,  дін,  кес­
кінде ме, өнер, радио, теледидар, астрология, уфология, кино, кітапханалық іс, архивтік мәлімет ша­
руа шылығы, туризм, тәрбие, дене шынықтыру, спорт және адам денсаулығын жақсарту мен  сақ тан­
дырудың  өзге әдістері саласындағы зерттеулер;
–  Азаматтық,  қылмыстық  және  мемлекеттік  құқық;  ұжымдардың,  қалалардың,  аймақтардың, 
елдердің,  планетаның  және  Ғаламның  қоғамдық­саяси,  әлеуметтік­экономикалық  және  экологиялық 
мәселелері; қаржылар, несие, банкілер және статистикалық зерттеулер;
– Су асты, жер үсті  және ақпараттық­ғарыштық байланыс, автоматика, телемеханика, радиотехни­
ка, элект роника, робототехника және есептеуіш техника; телекоммуникациялар, электрондық пошта, 
фак симилді, телекстік және пошталық байланыс; бөгеттен қорғаныс; ақпараттық қауіпсіздік әдісна­
масындағы зерттеулер;
– Ғалам микро және макро  әлеміндегі  ақпараттық процестер мен технологиялар; Ғаламның ақпа­
раттық моделі (әлем физикалық картасы); Ғалам және адамның  ақпараттық коды;
– Ақпараттық саясат және біртұтас  әлемдік деңгейде тағайындалған ақпараттық – ұялы бірлестікті 
құру аумағындағы  зерттеулер; 
– Тұрғындарды, мекемелерді, ұйымдарды және дүниежүзілік бірлестік сауда құрылымдарын  ком­
муникациялық, ақпараттық және есептеуіш қызметпен қамтамасыз етуге арналған үлкен ауқымда тара­
тылатын ақпараттық­есептеуіш жүйе жасау мәселелері;
–  Телерадиоспутниктік,  ұялы  және  мобильді  байланыстарды  қолдану  негізінде  локальды  көп­
терминальды ақпараттық­ұялы  жүйе мен желілерді енгізу және өңдеудегі зерттеулер;
– Интеллектуальды нейрокомпьютерлі және транспьютерлі желілер мен жүйелер;
– Адам қызметі салаларындағы математикалық және компьютерлік модель жасау  құралдары мен 
технологиялары, методологиялары, теориялық зерттеулер;
–  Машина  жасау  информатизациялары,  металлургия,  көлік,  кәсіпкерлік,  өнеркәсіп,  өнеркәсіпсіз 
сфера, қорғаныс, құқық қорғау және мемлекеттік органдар, ауыл, орман, коммуналдық шаруашылық, 
қоғамдық тамақтану, тұрмыс қызметі, білім беру, ғылым, сыртқы экономикалық байланыстар, сауда 
облы сындағы, яғни адам қызметінің бүкіл сфералары мен халық шаруашылық салаларындағы зерт­
теулер;
– Физика, химия, биология, астрономия, космология, байланыс техникасы, медицина мен әлеуметтік 
сферадағы ақпаратты өлшеудің  бірыңғайлы бірліктерін өңдеу;
– Ақпараттың әр түрлі бірліктері арасындағы өзара тәуелділікті анықтау;
– Барлық ғарыштық объектілер мен жүйелердің мәліметтері базасын жасау;
– Ғаламның барлық ғарыштық объектілері мен жүйелеріне оның біртұтас  ақпараттық­ұялы  кеңістігі 
негізінде  координаталардың ақпараттық жүйелерін жасау;
– Координаталардың ақпараттық жүйелерін топтастыру және типтендіру;
–  Энергияға,  қозғалысқа,  салмаққа,  кеңістік  және  уақытқа  ақпараттық  координата  жүйесі  және 
ақпараттық өлшем бірлігін анықтау; Супер­ЭЕМ, мини­ЭЕМ, биотранспьютерлер  және нейро компью­
терлер жасау;
– Желілі, оптикотолқынды, радио, су асты және ғарыштық байланысты жүйелердегі супердәйекті 
теле коммуникацияларды өңдеу;
– Бірыңғай дүниежүзілік ақпараттық­ұялы телефондық байланыс жасау;
– Куатты Супер­ЭЕМ базасында ауқымды реттелген ақпараттық­есептеуіш жүйелерін  жасау;
– Тұрмыстық, өндірістік және мекемелік мұқтаждықтарды өтеу үшін   жергілікті ақпараттық­ұялы 
байланыстарды (ЖАҰБ) өңдеу; 
– Бұқаралық қызмет жүйесі мен желісінің жергілікті көп терминді ақпараттық­ұялы жүйесін жасау.
Сонымен,  информациология  –  Ғаламның  микро  және  макро  әлемдеріндегі  бүкіл  процестер  мен 
құбылыстарды түбегейлі зерттеу ғылымы, физико­химиялық, астрофизикалық, ядролық, биологиялық, 
2­56

10
экономикалық, әлеуметтік, ғарыштық және бірыңғай ақпараттық көзқараспен әрекет ететін басқа да 
зерттеулердің практикалық және теориялық материалын қорытындылау ғылымы болып табылады. 
Әдебиеттер:
1. Юзвишин И.И. Энциклопедия информациологии.  – М.,  2000.
2. Мильнер Б.З. Управление знаниями вызов XXI в. // Вопросы экономики.– М., 1999. – №9. –
С. 108­118.
3. Юзвишин И.И. Информациология или Закономерности информационных процессов и технологий 
в микро и макромирах Вселенной. Изд. 4. – М., 1996.
Резюме
В  статье  рассмотрены  вопросы  информациологии  как  результата  межпредметных  исследований 
и  указаны  основные  направления  объекта  его  исследования.  Приведены  достигнутые  результаты 
применения  исследования  информации  в  некоторых  областях  знаний.  Обоснованы  важность  при­
ме нения  научных,  исторических,  текущих  и  перспективных  информации  в  учебном  процессе,  фун­
даментальные значения и современные достижения исследования информации. 
Summary
In the article questions информациологии as result of intersubject researches are considered and the basic 
directions of object of its research are specified. The reached results of application of research of the information 
in some fields of knowledge are resulted. Information in the educational process, fundamental values and 
modern achievements of research of the information are proved importance of application scientific, historical, 
flowing and perspective.
ӘОЖ 502.65:519.688
ТОПЫРАҚТЫҢ АЗҒЫНДАЛУЫН МАТЕМАТИКАЛЫҚ 
МОДЕЛЬДЕУ МӘСЕЛЕСІ
А.Т. ДіЛМАНОВА, 
химия магистрі,
 Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, 
Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы
Жер ғаламшары ауа кеңістігімен, жер бедерімен, ауа райымен, топырақпен, фаунамен, флорамен, 
пайдалы қазбалармен, сулармен сипатталынады. Жер биосферасының маңызды бөлігі болып табыла­
тын топырақ – ел экономикасының негізі. Сондықтан топырақтың азғындалуын зерттеу ғылыми мәселе 
болатыны түсінікті.
Топырақтың  азғындалуы  –  топырақтағы  адамзаттың  іс­әрекетінің  себебінен  пайда  болған  жә­
не  адам  өміріне  қауіп  тудыратын  процестер  жиыны  [1].  Топырақтың  азғындалуының  барлық 
түрлері  физикалық,  химиялық  және  биологиялық  болып  3  топқа  бөлінеді.  Топырақтың  азғындалуы 
келесі  себептерге  байланысты  екені  белгілі:  эрозия  және  дефляция;  шөлейттену  мен  құрғақшылық; 
агротехникаға жат әдістер; химиялық қасиеттерінің өзгеруі; пайдалы қазбаларды алу; орманды шабу; 
топыраққа  ащы  жауын­шашынның  жаууы;  гербицидтерді  пайдалану;  қатты,  сұйық  және  газтектес 
қалдықтардың тасталуы; ауыр металлдардың әсері [2]. Азғындалған топырақ өзінің экологиялық ма­
ңызды функцияларын атқаруды тоқтатады.
Топырақтың азғындалу процесі алғашқы кезде баяу және байқалмай жүреді. Сондықтан топырақ­
тың  азғындалуының  белгілері  байқалғанша  біраз  уақыт  өтіп  кетеді.  Егер  жағымсыз  жағдайды 
қоздыру шы факторлар қысқа уақытта ғана әсер етсе, онда топырақтың функционалдық қызметі тез 

11
қалпына  келеді.  Егер  жағымсыз  жағдай  күшті  болса  және  ұзақ  уақыт  әсер  етсе,  онда  топырақтың 
қасиеттері орнына қайтып келместей өзгереді. Топырақтың табиғи немесе адами сипаттағы жағымсыз 
өзгерістерінің  алдын  ала  белгіленген  шектен  асып  кетуі  Жердің  биосферасына  елеулі  экологиялық 
қауіп  туғанының  белгісі  болып  саналады.  Топырақтың  азғындалуын  алдын  ала  және  тиімді  болжау 
экологиялық қауіпті анықтап, оны тезірек жоюға мүмкіндік береді [3, 4]. 
Топырақтың  азғындалуын  болжау  үшін  қазіргі  кезде  ғылымда  мынадай  әдістер  қолданылады: 
азғындалудың  жалпы  сапалық  бағалануы;  азғындалу  индекстері;  жеке  азғындалу  түрлерінің  жалпы 
азғындалудағы  балансын  анықтау;  тәжірибе  негізінде  алынған  эмпирикалық  өрнектерді  пайдалану; 
тәжірибелік деректерді экстраполяциялау. Азғындалушы топырақ экологиялық жүйе ретінде статика­
лық күйде емес, үздіксіз өзгеріп тұратын күйде қарастырылады.
Топырақтың  азғындалуын  зерттеу  әдістері  топырақтың  азғындалуының  әр  түрлі  күйлерін  анық­
тамайды және оның уақыт бойынша өзгеру динамикасын еш ескермейді [5]. Сондықтан топырақтың 
азғындалуын бағалау әдістері жетілдіруді қажет етеді. Басқа сөзбен айтқанда, топырақтың азғын далуы­
ның сапалық және сандық бағалаулары бір­біріне қарсы қойылмайды, керісінше бұл әдістер бірін бірі 
толықтырады. 
Топырақтың азғындалуы құбылысының сандық қатынасын зерттеу күрделі ғылыми мәселе болып 
табылады. Сол себепті бұл мәселені жуықтап шешу жеткілікті. Топырақтың азғындалуын зерттеген­
де сенімділік теориясының көпке белгілі әдістерін [6, 7] қолданған тиімді болатынын ғалымдар дың 
тәжірибесі  анық  көрсетіп  берді.  Сенімділік  теориясында  топырақтың  азғындалуының  математика­
лық модельдері қарастырылады. Атап айтқанда, мұндай модельдерде зерттелетін системаның сипат­
тамаларын белгілі бір уақыт аралығында және сыртқы әсер етуші факторларға байланысты қарастырады. 
Бұл теорияда, әдетте, келесі математикалық модельдер [5] қолданылады: 1) кездейсоқ модельдер, 2) па­
раметрлі немесе параметрсіз фунционалдық модельдер, 3) азғындалу процесін сипаттайтын тең деу­
лермен берілген кинетикалық модельдер.
Объектінің және оның бөліктерінің ақаусыз жұмыс істеп тұру ықтималдығын бағалау система ­
ның өзгерісін сипаттаудың негізгі кезеңі болып табылады. Системаның жұмыс істемей қалуын, әдетте, 
оны сипаттаушы параметрге (индикаторға) қатысты шешеді.
Топыраққа әсер етуші белгісіз факторлар көп болған жағдайда  азғындалған топырақтың күйлерін 
сипаттайтын  теңдеулерді  қорытып  шығару  үшін  системаның  өзгерісінің  кездейсоқтық  табиғатын 
ескеру керек. Жалғыз параметрлі математикалық модель қарастырылғанда алынатын функция табиғи 
системаның, дербес жағдайда, топырақтың өзгерісі деңгейінің орташа мәндерін ғана анықтайды.
Қарастырылатын системаның күйлерін алдын ала дұрыс болжауға мүмкіндік беретін болғандықтан 
стохастикалық  модельді  қарастырған  тиімді.  Азғындалушы  топырақты  сипаттау  үшін  физикада 
диффузиялық  процестерді  сипаттауға  пайдаланылған  стохастикалық  дифференциалдық  теңдеулер 
қолданылатыны  белгілі.  Мұндай  теңдеулерде  кемінде  бір  мүшенің  кездейсоқтық  табиғаты  бар 
болады.  Топырақтың  компоненттері  де  уақыт  бойынша  алдын  ала  болжауға  келмейтін  қозғалыспен 
ерекшеленеді.   
Топырақтың  азғындалуына  әкелетін  барлық  фактор  бойынша  бағалау  іс  жүзінде  мүмкін  емес. 
Сондықтан  топырақтың  азғындалуы  туралы  қойылған  есепті  шешкенде  азғындалу  процесін  толы­
ғырақ  сипаттайтын  бірнеше  факторды  ғана  белгілеп  алуымыз  қажет.  Әдетте,  олар  математикалық 
статистиканың әдістерімен анықталады.
Алғаш рет жапон математигі К. Ито [8] ұсынған стохастикалық кинетикалық теңдеу: 
dу(t) = m(t) dt+ s(t)dx(t)                                                             (1)
топырақтың  азғындалуын  да  сипаттайды,  мұнда  у(t)  –  шешуші  фактор  (параметр);  m(t)  және  s(t)  – 
сәйкесінше шешуші параметр өзгерісінің орташа жылдамдығы мен оның орта квадраттық ауытқуы; 
x(t)– гаусс процессінің кездейсоқ компоненті. Стохастикалық дифференциалдық теңдеуді шешу үшін 
оны  алдымен  уақытқа  тәуелді  ықтималдық  тығыздығына  қарағанда  стохастикалық  мүшелері  жоқ 
дербес туындылы Фоккер­Планк­Колмогоров теңдеуіне түрлендіреді.                                                                     
Топырақтың  азғындалу  процесін  талдау  кезінде  азғындалу  процесі  басталғанша  дейінгі  уақыт 
аралығында  шешуші  параметрдің  таралуын  анықтау  зерттеуді  өте  қажет  ететін  негізгі  мәселе. 

12
Топырақтың  азғындалуы  оған  үздіксіз  әсер  етіп  тұратын  факторлардың  қызметінің  нәтижесі  деп 
қарастырылады.  Егер  шешуші  параметр  өзгерісінің  орташа  жылдамдығы  m(t)  мен  оның  орта  квад­
раттық  ауытқуы  s(t)  уақытқа  байланысты  өзгермейтін  тұрақты  мәндерге  ие  болса,  онда  (1)  тең деу 
былай жазылады:
dу = mdt+ sdx(t).                                                                     (2)
Сәйкес Фоккер­Планк­Колмогоров теңдеуінің түрі мынадай:
болады, мұнда шартты ауысу функциясы P = P(y,t) ізделінді функция. Бұл – дербес туындылы парабола­
лық типті теңдеу. Осы теңдеуді бір мәнді етіп шешу үшін қарастырылатын процестің моно тондығынан 
туындайтын шекаралық және бастапқы: 
шарттарды  берілген  теңдеумен  бірге  қарастырамыз,  мұнда  d(t)  –  Дирактың  дельта­функциясы.  Ма­
тематикалық физиканың бұл есебінің  P(y, t)  шешуі фундаменталь шешу болады [9].
Ықтималдық тығыздығы былай анықталады [5]:
,
мұндағы  a  дегеніміз  –  топырақтың  азғындалуы  басталғанын  көрсететін  шешуші  параметрдің  (фак­
тордың) мәні. 
Монотонды кездейсоқ (2) процестің көрсетілген шекараға алғаш жету уақыттарының таралу фун­
кциясын былай
анықтай аламыз, мұнда 
функциясы 

 үшін кестеленген нормаланған Лаплас функциясы. Дәл осындай 
                                                     (3)
формуламен топырақтың азғындалмауының ықтималдығын анықтайды. Олай болса топырақтың аз­
ғындалу ықтималдығы былай r (t)=1 – P(t) есептеледі.  
Егер z кездейсоқ шамасын топырақтың қалыпты жағдайда болу ықтималдығы деп қарасақ, онда 
(3) теңдеуден 
.

13
Соңғы қатынастан a шектік мәнін алғаш қабылдау уақытының мәні: 
                                    (4)
табылады,  мұндағы вариацияның v коэффициенті кездейсоқ шаманың байқалуының салыстырмалы 
өл шемін көрсетеді. Осы формула топырақтың азғындала бастауының уақытын анықтап береді.
Бұл жұмыста топырақтың азғындала бастауының уақытын анықтауға арналған Паскаль тіліндегі 
программа жазылған [10].
– program Almas;
– var m,s,v,z,a,t,d,p:real; 
– begin;
– writeln (¢Вариациялық қатардың m арифметикалық орта мәнін көрсетіңіз¢); read(m);
– writeln (¢Вариациялық қатардың s орта квадраттық ауытқуын көрсетіңіз¢); read(s);
– v:=s/m;
– writeln (¢Вариация коэффициенті v = ?¢,v:3:2);
– writeln (¢Сенімділік ықтималдығының мына p = 0,9, p = 0,95 немесе p = 0,99 мәндерінің біреуін 
ғана көрсетіңіз¢);
– read(p);
– if P = 0,9 then z:= 1,28;
– if P = 0,95 then z:= 1,64;
– if P = 0,99 then z:= 2,33;
– if z<>0 then begin
writeln(¢Нормаланған кездейсоқ шама z = ¢, Z:3:2);
– d: = z*z*v*v;
– writeln(¢Шектік a мәнін көрсетіңіз¢); read(a);
– t:=a*(2+d+sqrt((4+d)*d))/(2*m); 
– write(¢Қолайсыздықтың a = ¢, a ,¢ деңгейіне сенімділік ықтималдығы p = ¢, p , ¢ болғанда қажет 
уақыт t  = ¢, t:4:2,¢ жыл.¢)
– end
– else writeln(¢Сенімділік ықтималдығының мәнін қате енгіздіңіз. Программаны қайтадан іске қо­
сыңыз.¢)
– end.
Литература:
1. Деградация и охрана почв / Под ред. Г.В. Добровольского. – М.: МГУ, 2002.
2. Добровольский Г.В., Никитин Е.Д. Функции почв в биосфере и экосистемах. – М.: Наука, 1990.
3. Мирцхулава Ц.Е. Количественная оценка предельно допустимых нагрузок на ландшафт // Известия 
РАН. Сер. геогр. – М., 2001. – №3. – С. 68­74.
4. Зимовец Б.А., Хитров Н.Б., Кочеткова Г.Н., Чижикова Н.П. Оценка деградации орошаемых почв // 
Почвоведение. – 1998. – №9. – С. 111­126. 
5. Мирцхулава Ц.Е. Деградации почв и стратегия экологического менеджмента (общая методология 
количественного предсказания рисков) // Инженерная экология. – М., 2003  – №5.  – С. 39­55.
6. Свешников Л.Л. Прикладные методы теории случайных функций.  – М.: Наука, 1968.
7. Стрельников В.П. Новые результаты в теории и практике параметрической надежности. – Киев: 
Знание, 1984.
8. Гнеденко Б.В. Курс теории вероятностей. – М.: Наука, 1988.
9. Тихонов А.Н., Самарский А.А. Уравнения математической физики. – М.: Наука, 1977.
10. Дильманова А.Т. К проблеме математического моделирования деградации почв // Матер. междун. 
науч.­практ. конф. «Наука и образование: фундаментальные основы, технологии, инновации», посв. 
110­летию акад. К.И. Сатпаева. Том 1. – Павлодар: ПГПИ, 2009. – С. 45­50.

14
Резюме
Деградация  почв  обусловлена  непрерывным  воздействием  действующих  факторов  на  почву. 
Для  описания  деградирующей  почвы  исследователи  решают  краевую  задачу  для  стохастического 
дифференциального  уравнения.  В  статье  составлена  программа  на  алгоритмическом  языке  Паскаль 
для определения времени наступления порогового уровня деградации почвы.
Summary
Soil degradation due to continuous exposure of operating factors on the soil. To describe the degraded soil 
researchers solve the boundary value problem for a stochastic differential equation. In this article, the program 
in algorithmic language Pascal to determine timing of the threshold level of soil degradation.
ӘОЖ 82.08:82(574)
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАНЫ ПАЙДАЛАНА 
ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК 
ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
С.Б. БАХТИЯРОВА, 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Қ.А. ЖҰМАНАЗАРОВА, 
№46 А.С. Пушкин атындағы мектеп-лицейі, 
Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы
Баланың ынтасын арттыру үшін оқы-
латын нәрседен бір жаңалық болуы керек.
Жүсіпбек Аймауытов
Білім  беруді  ақпараттандыру,  білім  салаларының  барлық  қызметіне  АКТ­ны  енгізу  және  ұлттық 
модельді  қалыптастыру  –  қазақстандық  білім  беруді  сапалы  деңгейге  көтерудің  алғышарты.  Ақпа­
раттық  процестерді  қамтамасыз  ететін  қазіргі  заманғы  есептеу  техникалары  біртұтас  күрделі  жүйе 
болып  табылады  [1,  2].  Білім  беру  жүйесі  ауқымды  қоғамдық  жүйенің  бір  саласы  ретінде  өмірде 
болып  жатқан  жаңалықтарды  есепке  ала  отырып,  педагогикалық  инновация  жүйесiн  жaңартудың 
қажеттi факторы болып табылады. Бұл мәселеге көптеген еңбектер арнaлған, мәселен, М.С. Бургин, 
Н.Д. Молахов, Н.И. Лaпин, А.И. Пригожин [2] «инновация», «инновациялық құбылыс» түcініктерінің 
негiзiн қарастырса, К. Ангеловский, В.А. Сластенов, В.С. Лазерев, С.Ц. Поляков, М.М. Поташник бiлiм 
саласындағы  ин новациялық  құбылыстардың  мазмұнын  анықтайды  [3].  Инновациялық  өзгерiстердiң 
әлеуметтiк­психологиялық кедергілерi туралы В.И. Антошок, В.Г. Зазыкина, Р.Л. Кричевский, Л.К. Мар­
кова, Н.Р. Юсуфбекова зерттеулерiнде талдаулар жасaғaн [4].
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына 
сай  терең  білімді,  әрі  жан­жақты  адам.  Қазіргі  білім  жүйесінің  ерекшелігі  –  тек  біліммен 
қаруланды рып қа на қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне 
қажеттілік  тудыру.  Бi лiм  беру  саласында  инновациялық  үрдiстi  жүзеге  асыру  мұғалiмдерден  өз 
мінез­құлықтарын,  ұстанымда рын,  мүмкіндіктерін  түрлендiрудi  талап  eтедi.  Инновациялық  ic­
әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық, креативтік, 
технологиялық, шартты компоненттер жатады. Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың 
педагогикалық  жаңалықтарға  деген  сұранысын,  ол  жаңалықтарды  қабылдау  дәрежесiн  көрсететін 
кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды. 

15
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға 
және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралда рын 
пайдалана білуі керек.
Ақпараттық мәдениет дегенiмiз – адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол 
кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic­әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. 
Э.Л. Семенюктiң пiкiрi бойынша «Ақпараттық мәдениет – адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгi­
нiң ақпараттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi – ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының 
негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және  практикалық қолдану  бойынша жетiлу деңгейi» [5].
Жалпы, педагог кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруда факторлардың екі тобын бөлiп 
көрсету қажет [4].
Бiрiншiсi – педагогикалық бiлiм беретiн жоғары оқу орындары студенттерi мен орта мектепте білім 
алушы оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру:
– интернет арқылы халықаралық байланыс;
– ақпараттық­коммуникациялық технологияларды оқытудың пәндік арнайы курстары;
– дербес компьютердің болуы;
– телекоммуникациялар; 
– қызығушылық;
– белгілі бір бағыттағы ақпараттық қажеттілік;
– ғылыми­зерттеу қызметі.
Екiншi тобына бiлiм беру ұйымдарындағы педагог кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру 
жатады:
– білім беру ұйымдарында, оқу кабинеттерінде компьютерлік базаның болуы;
– педагогикалық қызметінде коммуникациялық технологияларды қолдануға деген қызығушылық;
– педагогикалық жобалау;
– компьютерлік сауаттылық;
– біліктілік көтеру арнайы курстары;
– электрондық оқу­әдістемелік кешендердің болуы; 
– педагогикалық қызмет пен педагогикалық процесті модернизациялау.
Біздің сөз етіп отырғанымыз педагогикалық бiлiм беретiн жоғарғы оқу орындары студенттері мен 
орта мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру туралы болмақ.
Білім  алушылардың  ақпараттық­коммуникациялық  құзырлылығы  мен  ақпараттық  мәдениетiн  қа­
лыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң 
бiрiне  айналып  отыр.  Қарастырылып  отырған  мәселе  «Жаңа  ақпараттық­коммуникациялық  техно­
логиялар» ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауы­
мен тығыз байланысты. 
Жаңа  ақпараттық  технологиялар  дегенiмiз  –  бiлiм  беру  iсiнде  ақпараттарды  даярлап,  оны  бiлiм 
алушыға беру процесi. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе «құзiреттiлiк» 
ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic­тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды. 
Құзырлылық  –  бұл  күнделікті  өмірдің  нақты  жағдайларында  пайда  болатын  проблемалар  мен 
міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. Стенфорд комиссиясының директоры 
Г.  Вайнер  құзырлылықты  адамның  белгілі  бір  әрекеттер  аймағына  сәйкес  бағыттылығы  ретінде 
қарастырады. Ал белгілі ғалым М.М. Чошанов құзырлылықты білім, білік, дағдының өзара байланысы 
деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы – әдістердің 
оралымдылығы  –  ойлаудың  сынаулылығы.  Аталған  анықтамадан  кейін  біз  ақпараттық  құзырлылық 
дегеніміз  не  деген  анықтамаға  тоқталсақ.    Ақпараттық  құзырлылық  –  бұл  оқу,  тұрмыс  және  кәсіби 
бағыттағы  міндеттерді  шешуде  ақпараттық­коммуникациялық  технологияның  мүмкіндіктерін  жан­
жақты қолдану қабілеті.
Әдебиеттерде  «ақпараттық  құзырлық»,  «компьютерлік  құзырлық»  терминдері  жиі  кездеседі.  Ақ­
параттық­коммуникациялық  технологияның  жеделдетіп  дамуына  байланысты  «ақпараттық­комму ни­
кациялық  құзырлылық»  деген  терминді  қолдану  тиімді.  Ақпараттық­коммуникациялық  құзырлылық  – 
бұл адамдардың кез келген проблема мен міндеттерді компьютермен, ақпараттық құрылғылармен және 
телекоммуникациямен шешу қабілеті. 

16
Сонымен, білім алушының ақпараттық­коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi 
тәсiлдерiне мыналар жатады:
– Ақпараттарды өңдеудiң компьютерлiк технологияларын теориялық  және практикалық тұрғыда 
оқып­үйрену; 
– Әр түрлi қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыздандыруды оқып­үйрену және оны оқыту про­
цесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау; 
–  Ақпараттық  және  коммуникациялық  технологияларды  жеке  пәндердi  оқытуда  қолданудың 
тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу; 
– Ақпараттық­коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін да­
мытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастықта қолдану.
Білім  беруді  ақпараттандыру,  білім  салаларының  барлық  қызметіне  ақпараттық  технологияны 
енгізу  және  ұлттық  модельді  қалыптастыру  –  қазақстандық  білім  беруді  сапалы  деңгейге  көтерудің 
алғышарты.
Аталған  бағыттарды  дамыту  үшін  құқықтық­нормативтік,  материалдық­техникалық,  ғылыми­
әдіс  темелік  және  ақпаратттық  жағынан  қамсыздандыру  педагог  мамандарды  даярлаудың  негізгі  ба­
ғыттарының біріне айналып отыр.
Бүгінде білім беруді одан әрі ақпараттандырудың  кезеңі  мазмұндық тұрғыда болады және ком­
пьютерлік  сауаттылықтан  жеке  тұлғаның  ақпараттық  мәдениетінің  іргелі  операциялық  негіздері не 
ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана 
қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернеттік ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс. 
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі білім алушы­
ның жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға 
итеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Білім беруді қайта құру білім алушылардан үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың 
тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлылықтарына жоғарғы талап қойылады.  
Қазіргі  мектепке  және  ЖОО­на  шығармашылық  ізденіс  қабілеті  дамыған,  жаңа  педагогикалық 
технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ұстаз бір уақытта 
педагог,  психолог  және  оқу­процесін  ұйымдастырушы  технолог  бола  білуі  керек.  Сонымен  қатар 
оқушының  шектеусіз  қабілетін  дамыта  алатындай  білім  берудің  әлемдік  кеңістігін  құруға  қабілетті 
бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады. 
Сонымен, ақпараттық құзырлылықты қалыптастыру келесі талаптарды қанағаттандырады:
1. Қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру; 
2. Ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу­әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi 
зерттеу, ғылыми­зерттеу нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн  меңгерту; 
қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.
3.  Өз  қызметтерiн  жаңа  ақпараттық  технологияның  мүмкiндiктерiн  пайдалану:  жаңа  ақпараттық 
технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм 
беру процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық құралдарды қолдану және оларды өз 
қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану.
Басқаша  айтқанда,  білім  беруді  ақпараттандыру  процесі  педагогтың  дайындық  деңгейі  мен  ма­
мандық сапасына үлкен талап қояды. Ол оқытушының өзін­өзі дамуына, өзіндік білім алуына және 
шығармашылық  түрде  өздігінен  қызметтерін  іске  асыруға  мүмкіндік  береді.  Педагог  мамандардың 
біліктілігін  көтеру  ақпараттық  әлемде  оқу­тәрбие  процесін  ұйымдастырудың  негізгі  құралдарын, 
жаңа  әдістер  мен  формаларды  кез  келген  уақытта  таба  білуіне  мүмкіндік  туғызуды  көздейді. 
Мұндай  жағдайда  педагог  мамандар  өзін­өзі  дамытуына  және  өздігінен  білім  алуына  мүмкіндік 
алады. Бұл жағдай да дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық­коммуникациялық технологияны оқу­
тәрбие процесіне жан­жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету, дайындау кезеңдерінің сапалығымен 
анықталады.
Әдебиеттер:
1. Ғалымжанова М. Ақпараттық­коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру 
деңгейін көтеру // Информатика негіздері. – 2006. – №3. – 2 б. 
2.  Хеннер  Е.К.,  Шестаков  А.П.  Информационно­коммуникационная  компетентность  учителя: 
структура, требования и система измерения // Информатика и образование. – 2004. – №12. – 5­6 бб.

17
3. Матрос Д.Ш., Полев Д.М., Мельникова Н.Н. Управление качеством образования на основе но­
вых информационных технологий. – М., 2001. – 30­33 бб.
4.  Лебедева  М.В.,  Шилова  О.Н.  Что  такое  ИКТ­компетентность  студентов  педагогического  уни­
верситета и как ее формировать // Информатика и образование. – 2004. –  №3. – 96­100 бб.
Резюме
В статье рассматриваются инновационные методы обучения и вопросы внедрения инновацион ной 
технологии в учебный процесс. Освещаются проблемы развития информационно­коммуникацион­
ной  компетентности  педагогов  и  описываются  основные  компоненты  их  профессиональной  ком­
петентности. Предложены  новые подходы и в профессиональной подготовке будущих учителей. 
Summary
New technologies and modern methods of teaching are discerned in thе article. In this article is offered 
introduction  information  technologies  in  scholastic  process.  Thesis  work  to  actual  and  few  researched 
problems: the usage of modern educating technologies – important element in formation of future teachers’ 
communicative competence in professional training. In given article provision of modern quality of education 
by development of professional competency of teachers is considered and main components of professional 
competency of teachers are described. 
ӘОЖ  004. 9:37

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет