Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік


КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДЕ МАРШРУТТАУ



жүктеу 7.23 Mb.
Pdf просмотр
бет8/29
Дата30.03.2017
өлшемі7.23 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДЕ МАРШРУТТАУ 
АЛГОРИТМДЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Ұ.Ж. ӘЙТіМОВА, 
физика-математика ғылымдарының кандидаты
А.Ә. ЫБРАЕВА,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
Компьютерлік желі тез және дұрыс жұмыс істеуі үшін маршруттау алгоритмін пайдалануға болады.
Маршруттау алгоритмдерін мынадай сипаттамаларымен ерекшеленеді [1]:
– алгоритм негізінде шешілетін есептері бойынша;
– желі туралы ақпараттар  жинау және бейнелеу принципі бойынша;
– тиімді маршрутты есептеу әдісі бойынша.
Сонымен  қатар  маршруттау  алгоритмдері  жоғары  дәрежеде  келесі  талаптарды  қанағаттандыруы 
тиіс:
– таңдалған маршрут неғұрлым тиімді болуы тиіс;
– алгоритмнің іске асуы өте қарапайым болғаны, ал сонымен қатар оның пайдаланылуы есептеу 
қуаттылығына байланыссыз болуы керек;
– алгоритмнің кері қайтарылу орнықтылықтылығы жоғары болуы керек;
– алгоритмнің өзгертілетін шарттарға бейімделуі жылдам жүргізілетіндей болуы тиіс.
Жоғарыда  аталғандарды  ескере  отырып  маршруттау  алгоритмдерінің  мынадай  түрлерін  бөліп 
көрсетуге болады:

пайдаланылатын маршруттарының маңыздылығы бойынша:
1) статикалық;
2) динамикалық;

57

маршруттық ақпараттармен алмасу принципі бойынша:
1) арнаның күйі;
2) дистанциялық­векторлық;

белгіленген маршруттарының саны бойынша:
1) бір маршруттық;
2) көп маршруттық;

маршруттаудың құрылымы бойынша:
1) бір деңгейлік;
2) иерархиялық;

доменге байланысы бойынша:
1) ішкі домендік;
2) доменаралық; 
Маршруттаудың статикалық алгоритмдері маршруттау кестелерінің желі әкімшілігі қолдан құр­
ған кестесіне негізделеді де, қарапайым байланысқан топологиялы үлкен емес желілерде ғана қол­
данылады [2].
Маршруттау кестесінің динамикалық немесе аддаптивтік алгоритмдерінде және сәйкесінше марш­
руттардың өздері желі топологиясының өзгеруіне байланысты тұрақты жаңарып отырады.
Арналар  күйі  алгоритмдерінің  дистанциялық­векторлықтан  айырмашылығы  –  маршруттық  ақпа­
рат тың  қайда  жәберілетіндігін  және  қандай  ақпаратты  тарату  керектігін  анықтайды.  Маршруттық 
ақпарат  таратылуы  барлық  желі  маршрутизаторларындағы  маршруттар  кестесінің  үйлесімді  жұмыс 
істеуін  реттеу  үшін  қажет.  Арналар  күйі  алгоритмдері  жаңартылған  маршруттық  ақпаратты  азған­
тай  бөліктерге  бөліп  алу  арқылы  оларды  барлық  бағыттар  бойынша  таратылуын  қамтамасыз  етеді. 
Дистанциялық­векторлық  алгоритмдер  үлкен  көлемді  ақпараттардың  хабарламаларымен  алмасуды 
ұйымдастыра алады, алайда мұндай алмасулар тек көршілес орналасқан маршрутизаторлар арасында 
ғана жүргізіледі. 
Әр  түрлі  алгоритмдер  бойынша  қандай  да  бір  түйін  немесе  ішкі  желіге  жетуі  үшін  бір  немесе 
бірнеше маршруттарды анықтауы мүмкін. Көпмаршруттық алгоритмдерде өткізу қабілетіне және бас­
қа да көрсеткіштеріне байланысты мүмкін болатын әр маршрутқа бумалардың жіберілу жолдарының 
арасынан таңдалу артықшылықтарын белгілеп көрсетуге болады. Сол таңдалғандардың арасынан бір 
маршрут негізгі, ал қалғандары резервтік болып белгіленеді [2].  
Бір  деңгейлік  және  иерархиялық  алгоритмдер  маршруттаудың  сәйкес  жүйелерінде  ғана  жұмыс 
жасай  алады.  Бір  деңгейлік  жүйедегі  барлық  маршрутизаторлар  бір­біріне  байланысты  тең  құқылы 
болып  есептеледі.  Иерархиялық  маршруттау  әрбір  деңгей  ішінде  өзінің  меншікті  маршруттауынан 
тұратын иерархиялық  ішкі желілерге бөліне алатындай үлкен желілерге арналады. 
Маршруттау жүйесі домендер немесе аумақтар деп аталатын логикалық түйіндер тобына бөлінуге 
мүмкіндік береді. Олардың өздері өз кезегінде маршруттаудың жеке алгоритмдері бойынша домендер 
ішінде  ғана  әрекет  ете  алатын  болса,  басқалары  домендерден  тыс  жұмыс  істейді,  ал  кейбіреулері 
домендер арасында да жұмыс жасай береді [5]. 
Алгоритмдер  маршруттарының  арасынан  тиімдісін  анықтау  үшін  осы  маршруттар  бойынша 
мәліметтердің  жіберілуін  сипаттайтын  көрсеткіштерді  қолдануы  мүмкін,  ондай  көрсеткіштердің 
мысалы  ретінде  маршруттың  ұзындығы,  байланыс  арнасының  сапасы  және  т.с.с.  алынады.  Мұндай 
көрсеткіштерді маршруттар өлшемдері деп атайды.
Өте күрделі алгоритмдердің өлшемдері ретінде  бірнеше көрсеткіштердің аралас пайдаланылуын  
алуға болады. 
Маршруттау алгоритмдерінде көбірек тараған өлшемдер ретінде мыналар алынады:

маршрут ұзындығы – әдетте бұл хоптардың саны, яғни бумалардың қажетті адреске жету жо­
лын  дағы өтетін маршрутизаторларының санын білдіреді;

сенімділік  –  байланыс  арнасының  кері  қайтарылу  орнықтылықтылығы    деңгейі  немесе  осы 
арна бойынша биттердің жалпы санына пайда болған қателіктер байланысы;

өткізу жолағының ені – байланыс арнасының өткізу қабілеттілігін сипаттайды;

кідіріс  –  буманың  бастаудан  белгіленген  бөлімге  дейінгі  уақытта  маршрутизаторлар  өңделуі 
кезіндегі күтетін уақыт;
8­56

58

түйіндер арасының физикалық қашықтығы;

байланыс бағасы және т.б.
Желілік  бағдарламалардағы  барлық  амалдық  жүйелердің  фундаменталдық  бірлігі  ретінде  сокет 
алынады. Файлдық енгiзу­шығарудың функцияна ұқсас файлдық жүйемен өзара әрекеттесу интерфей­
сін анықтайтын сокет  бағдарламаны желімен байланыстырады. Сокеттердiң бiрнеше түрлерi кездеседі, 
дегенмен жиiрек кездесетiні мынадай үш түрi [3]:
• SOCK_STREAM – сенiмдi дуплекстiк хаттаманы логикалық байланысты қосудың  негiзінде қамта­
масыз етедi. Егер ең көп  таралған TCP/IР хаттамалары болса, онда бұлардың арасында қазір ең кең 
таралғаны ТCP деп есептеледі.
•  SOCK_DGRAM  –  дейтаграммалардың  сенiмдi  жеткiзілу  қызметтерiн  қамтамасыз  етедi. TCP/IР 
шеңберiнде бұл UDP хаттамасы болады.
•  SOCK_RAW  –  IP,  TCP,  UDP,  ICMP  хаттамаларының  қызметтік  өрістеріндегі  тақырыптардың 
барлығына практика жүзiнде қол жеткізе алады.
Практика жүзiнде аталған сокеттердiң алғашқы екi түрі жиiрек қолданылады. Олардың жұмыстары 
жайлы  көптеген  мақалалар  мен  кiтаптарда  жазылған.  Ал  бұл  дипломдық  жұмыста  сокеттердiң 
(төменгі деңгейлік сокет) үшiншi түрiнің бағдарламалануы қарастырылады. Кей жағдайларда IP, TCP, 
UDP,  ICMP  бумаларын  көрсетілген  қызметтiк  өрiстермен,  айталық,  порттарды  сканерлеу,  файервол 
арқылы өту, амалдық жүйесiн анықтау немесе DOS­шабуылы жасалғанда пайдаланылуы мүмкін, құру 
қажет болады. Осы аталған жағдайларда ғана төменгі деңгейлік сокеттермен жұмыс істеген ыңғайлы 
болғандықтан, дипломдық жұмыста IP, TCP, UDP, ICMP бумаларынының генераторы қарастыры ла­
ды. RAW сокеттермен жұмыс iстегенде ең алдымен Winsock 2.2 кітапханалары, оның негiзгi құрылым­
дарын жұмыс барысында пайдалана білу қажет болады. 
Әдебиеттер:
1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети, принципы, технологии, протоколы. – СПб.: Питер,  
2000.
2. Пятибратов А.П. и др. Вычислительные  машины, системы и сети. – М.: Статистика, 1991.
3. Компьютерные сети: Учебный курс, 2­е изд. Microsoft Press. – М.: Русская редакция, 1999.
Резюме
При организации взаимодействия двух или более компьютеров для получения работоспособной 
сети  достаточно    использования  базовой  сетевой  технологии,  которая  представляет  собой  согла­
со ванный  набор  протоколов,  реализующих  их  программно­аппаратных  средства  для  построения 
вычислительной сети. Протоколы и оборудование сетей, построенные на основе базовых технологий, 
специально разрабатываются для совместной работы, что избавляет от необходимости использовать 
допол ни тельные средства для организации их взаимодействия.
Summary
At the organization of interaction of two or more computers for receiving an efficient network use of base 
network technology suffices. The base network technology is the coordinated set of the protocols realizing them 
of hardware­software means, sufficient for creation of the computer network. Protocols and the equipment of 
the  networks  constructed  on  the  basis  of  base  technologies, specially are  developed  for  collaboration that 
relieves of need to use additional resources for the organization of their vzamiodeystviye.

59
ӘОЖ 004.5:004.738.52
WEB-ҚОСЫМШАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ  
ӨЗАРА  ҚАТЫНАС ИНТЕРФЕЙСТЕРІ
Ұ.Ж. ӘЙТіМОВА, 
физика-математика ғылымдарының кандидаты
 А.Е. БАЛМАХАНОВА, 
техника ғылымдарының магистрі,
 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
Интернет  торабындағы  түрлі  обьектілердің  өзара  қатынасы    (ISO­International  Organization  for 
Stan dartization) жалпы халықаралық стандарттық ережелері мен талаптарына сай құрылады [1]. 
Бұл стандарт үш тақырыптан тұрады: «Ақпаратты есептеу жүйесі – ашық жүйелер, өзара қатына­
сы – Эталонды модель». Әдетте оны қысқаша «Ашық жүйелердің өзара қатынасының эталонды мо­
делі»  деп айтады. Осы құжаттың негізі болып табылатын негізгі мақсаты, жүйеаралық ақпараттық 
өзара қатынас процесін, нақты анықталған қызметімен деңгейлерге бөлу.
Өзара  қатынас  моделі  ретінде  OSI  (Оpen  System  Interconnection)  Америка  ұлттық  стандарт  инс­
титуты ұсынған құрылым болды. ANSI (American National Standarts Institute) ISO 7498 телебайланыс 
саласындағы стандарт болып табылады [1].
Әр салалы ұйымдық өзара қатынастың артықшылығы – ол деңгейлік стандарттың дербес жоспа­
рымен  қамтамасыз  етеді  және  ақпараттық  есептеу  жүйесінің  бағдарламалық  қамтамасыз  етуі  және 
құрылғының модулді болуы, осы саладағы техникалық дамудың деңгейіне ықпал етеді.
Көп деңгейлік моделді қолданғанда, торап түйіндерінің арасында ақпараттың орнын ауыстыру үшін 
ең кіші бөлшектерге бөледі, демек, мәселелерді жеңіл шешуге ықпал етеді.
Көп  деңгейлік  модель  ақпарат  қалай  бір  қолданбалы  бағдарламадан,  мысалы,  кестені  өңдеуден, 
басқа компьютерлік торапта тұрған, сол кестені өңдейтін екінші қолданбалы бағдарламаға өту жолын 
сипаттайды [2].
Мысалы, 1­суретте көрсетілген А жүйеде Б жүйесіне жіберетін ақпарат бар. А жүйесінің қолданба­
лы бағдарламасы, А жүйесінің 4­деңгейімен (жоғарғы деңгей) байланыса бастайды да, өз кезегінде, 
А жүйесінің 3­жүйесімен байланыса бастайды. Сөйтіп А жүйесінің 1­деңгейіне жетеді. 1­деңгейдің 
міндеті  ақпаратты  тораптың  физикалық  ортадан  алып  беру.  Осыдан  соң  ақпарат  тораптың  физика­
лық ортадан өткеннен кейін В жүйесіне келіп түседі де, В жүйенің әр деңгейінде өңделіп отырады. 
Бұл  құбылыс  кері  ретпен  1­ші  деңгейде,  сосын  2­деңгейінде  жүреді,  т.с.с.  В  жүйесінің  қолданбалы 
бағдарламасына жеткенше орындалады.
Көп  деңгейлік  модель  өзара  қатынастағы  жүйенің  деңгейімен  тікелей  байланыстыру  бағытын 
ұстамайды, демек, А жүйесінің аралас деңгейінің көмегіне сүйену керек. Мысалы үшін, А жүйесінің 
4­деңгейі В жүйесінің 4­деңгейімен байланысқа түсуі керек дейік. Ол үшін  А жүйесінің  4­деңгейі 
А жүйесінің 3­деңгейінің көмегіне сүйену керек. Сонда 4­деңгей «көмек алушы» болып есептелінеді, 
ал 3­деңгей «көмек беруші» болып есептелінеді [2].
Мысалы, А жүйесі В жүйесіне бір мәтінді жібергісі келеді дейік. Мәтін деректер немесе ақпарат 
деп алынады. Бұл мәтін А жүйесінің қолданбалы бағдарламасынан, осы жүйенің жоғары деңгейіне 
беріледі. А жүйесінің қолданбалы деңгейі В деңгейінің қолданбалы деңгейіне белгілі бір ақпаратты 
жіберуі  керек,  сондықтан  ол  өз  деңгейінің  басқарушы  ақпаратты  тақырып  түрінде,  берілетін  тиісті 
нақты мәтіннің алдына орналастырады. Осындай жолмен құрылған ақпараттық блок, өз өзіне мен­
шікті басқарушы ақпаратпен оны ескерте алатын А жүйесінің 3­деңгейіне беріледі [2].
Хабарлама  мөлшері  төмен  деңгейлер  арқылы  торапқа  жеткенге  дейін  өседі.  Мұнда  мәтін нің 
түпнұсқасы және онымен түгелдей байланысқан басқарушы ақпарат, В жүйесіне көшеді және 
В жүйесінің 1­деңгейімен жұтылады. В жүйесінің 1­деңгейі түскен ақпараттан тақырыбын бөліп алады 
және өңдейді, содан кейін ол келіп түскен ақпараттық блокты қалай өңдейтінін анықтайды. Мөлшерле­
рі азайтылған ақпараттық блок 2­деңгейіне беріледі. Ол берілетін деңгейдің тақырыбын бөледі және 

60
оның орындайтын әрекетін білу үшін сараптайды. Қашан ақпараттық блок В жүйесінің қолданбалы 
бағдарламаларына жеткенде, ол тек түпнұсқалы мәтінге ие болу керек [3].
Сурет 1. Берілгендерді жіберу ортасы
Көрсетілген қызмет туралы ақпарат деңгейлер арқылы, ақпараттық блоктар арқылы беріледі. Бұл 
тақырып деп аталынады. Тақырып әдетте берілген қолданбалы ақпараттың алдында болады.
Сурет 2. Әр түрлі деңгейдегі деректердің инкапсуляция блоктары

61
ISO 7498 стандартына сәйкес ақпараттық  өзара қатынастың жеті деңгейі (қабаттары) белгіленеді: 
1. Физикалық деңгейі ( Physical Layer);
2. Каналдық  деңгейі (DataLink Layer);
3. Тораптық  деңгейі (Network Layer);
4. Транспорттық деңгейі (Transport Layer);
5. Сессиялық деңгейі (Session Layer);
6. Ұсыну деңгейі (Presentation Layer);
7. Қосымша деңгейі  (Application Layer).
Екі не одан да көп жүйенің ақпараттық өзара қатынасы, ішкі деңгейлік жүйелердің ақпараттық өза­
ра қатынасының жиынтығын береді. Сайып келгенде, локальді ақпараттық жүйелердің әрбір қабаты, 
сәйкесінше алыстатылған жүйенің қабатымен өзара қатынаста болады [3].
Ақпараттық жүйелердің қабаттары (деңгейлері) бір­бірімен өзара қатынаста болады. Онда тікелей 
өзара  қатынасқа  тек  көршілес  деңгейлер  қатысады.  Әдетте,  орта  деңгей  төменгі    деңгей  ұсынатын 
қызметтерді пайдаланады, ал өзі өз кезегінде жоғарғы деңгейге қызмет етеді.  
Интерфейс – берілген деңгейдің обьект ісімен өзара қатынасы сәйкес жүзеге асатын ережелердің 
жиынтығы.
Тораптық  өзара  қатынастың  иерархиялық  ұйымдасуы,  мәліметтердің  тасымалдау  технологияла­
рында орны басылған өңделген құрылымдарды және олардың өзгерістерге тез бейімделуін қамтама­
сыз  етеді.  Мысалы,  физикалық  тасымалдауыш  арқылы  мәліметтерді  тасымалдаудың  жаңа  әдісіне 
көшкенде, тек қана төменгі деңгейде өзгеріс орын алады. Егер хаттамалар жүйесі ISO 7498 талаптарына 
сәйкес ұйымдасса, жоғарғы деңгей өзгеріссіз қалады. Тәжірибе жүзінде берілген стандарттың талап­
тары хаттама стектері түрінде жүзеге асады [3].
Стек – өзара қатынас хаттамаларының иерархиялық ұйымдасқан тобы.
Стекке  жататын  хаттамалар  арнайы  интерфейсті  иемденеді.  Олар  тек  сол  стектің  сәйкес  деңгей­
лерінің хаттамаларымен өзара қатынасы үшін арналған. Мұндай стектердің мысалы ретінде TCP/IP
стегін келтіруге болады. Әдетте, 7­5 деңгейлер жоғарғы болып есептеледі және нақты тораптың ерек­
шеліктерін көрсетпейді. Пайдаланушының (хабарлама) мәліметтер блогы осы деңгейлермен бір тұтас 
ретінде қарастырылады. Өзгерістерді тек мәліметтердің өздері өткеруі мүмкін.
Кейде  1­3  және  4  деңгейлер  OSI  төменгі  деңгейлері  болып  саналады.  Бұл  деңгейлердің  әрбі­
рінде мәліметтерді ұсыну форматы анықталады. Стектің 4­деңгейінен біріншіге өту барысында пай­
даланушының  хабарламасы  тізбектей  фрагменттеледі  және  сәйкес  деңгейдің  мәліметтер  блогының 
тізбегіне түрленеді.  
Инкапсуляция – фрагменттелген мәліметтер блогының бір деңгейден басқа деңгейдегі мәліметтер 
блогына орын ауыстыру процесі [4].
Әдетте, жоғары деңгейлі хаттамалар деректері төменгі деңгейдегі хаттамалар деректерінің бло гына 
инкапсуляцияланады (тораптық­каналдық). Сонымен қатар, аттас деңгейдегі хаттамалар үшін де ин­
капсуляция орындалуы мүмкін.
                          
Әдебиеттер:
1. Джефф Раскин. Интерфейс: новые направления в проектировании компьютерных систем / Пер, 
с англ. – СПб.: Символ – Плюс, 2003.
2. Торрес Роберт Дж. Практическое руководство по проектированию и разработке пользовательского 
интерфейса – Пер. с англ. – М.:  Издательский дом «Вильямс», 2002.
3. Коутс Р., Влеймник И. Интерфейс «человек – машина» / Пер с англ. – М.: Мир, 1990.
4. Гасов В.М., Соломонов Л.А. Инженерно­психологическое проектирование взаимодействия чело­
века с техническими средствами: Практическое пособие / Под ред. В.Н. Четверикова – М.: Высшая 
школа, 1990.

62
Резюме
Пользовательский интерфейс представляет собой совокупность программных и аппаратных средств, 
обеспечивающих  взаимодействие  пользователя  с  компьютером.  Основу  такого  взаимодействия  сос­
тавляют диалоги. Под диалогом в данном случае понимают регламентированный обмен информацией 
между человеком и компьютером, осуществляемый в реальном масштабе времени и направленный на 
совместное решение конкретной задачи: обмен информацией и координация действий. Каждый диалог 
состоит из отдельных процессов ввода­вывода, которые физически обеспечивают связь пользователя 
и компьютера.
Summary
The  user  interface  represents  set  program  and  the  hardware  providing  interaction  of  the  user  with  the 
computer. The basis of such interaction is made by dialogues. As dialogue in this case understand the regulated 
exchange of information between the person and the computer, carried out in real time and directed on the joint 
solution of a specific objective: exchange of information and coordination of actions. Each dialogue consists 
of separate processes of input­output which physically provide communication of the user and the computer.
ӘОЖ 004.738.52
МОБИЛЬДІ СИЛЛАБУС КЕШЕНІ
Қ.Қ. ДӘУРЕНБЕКОВ, 
техника ғылымдарының кандидаты
Г.М. ЕҢСЕБАЕВА,  М.М. ЕГЕШОВА, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
Егеменді  еліміз  әлемдік  білім  кеңістігінен  орын  алу  мақсатын  ұстана  отырып,  қарыштап  нық 
қадам басып келеді. Өркениетті елдер қатарына көтерілуді көздеген елімізде ғылым мен техника да­
мып,  экономикамыз  өрістеп,  көзделген  мақсаттар  мен  міндеттерге  жол  ашылуда.  Ғылыми­техни ка­
лық  прогрестің  негізгі  белгісі  –  қоғамды  ақпараттандыру  болатын  жаңа  кезеңіне  енді.  Қоғамды  ақ­
параттандыру  –  экономиканың,  ғылымның,  мәдениеттің  дамуының  негізгі  шарттарының  бірі.  Осы 
мәселені шешудегі басты міндет білім беру ордаларына жүктеледі.
Кредиттік  оқыту  технологиясы  Қазақстанның  жоғары  білім  жүйесіне  ұлттық  білім  беру  бағдар­
ламаларын халықаралық мойындау, студенттер мен оқытушы­профессорлық құрамның ұтқырлығын 
қамтамасыз ету мақсатында енгізілді [1­2]. 
Кредитті технология бойынша оқытудағы маңызды құралдардың бірі ретінде алынған – силлабустар 
кешені. Силлабус – білім алушының оқу барысындағы дәрістері, зертханалық жұмыстары, практика­
лық / семинарлық сабақтары, білім алушының өз бетінше орындайтын жұмыстары мен білім алушының 
оқытушымен бірге орындайтын жұмыстарының тақырыптары мен оны ізденуге пайдаланылатын әде­
биеттер тізімі көрсетілген құрал. 
Қазіргі уақытта әрбір студентке тиімді әрі қарапайым қолжетімділік негізі болып отырған, ол – ұялы 
телефон. Сондықтан да осы силлабустың ұялы телефонда болғаны барлығымызға да ыңғайлы болар 
еді. 
Мобильді  силлабус  кешені  –  кез  келген  білім  алушыға  жеткілікті  құрал.  Бұл  кешенді  қолдану 
ың ғайлы әрі жеңіл. Түсінікті белгілерде жазылған нұсқаулық сөздер арқылы керекті бөлімдерге өте 
отырып, силлабустың толық мазмұнын ала алады. 

63
 Сурет 1. Мобильді силлабус кешенінің функционалды моделі
Жұмыс барысында, толық силлабус нұсқасын алып, оны алдымен html (гипертекстті белгілеу тілі) 
бетке айналдырылады. Ол беттер Adobе Dreamweaver бағдарламасын пайдалана отырып безендіріл­
ген.  Керекті  кодтарды  енгізе  отырып,  сілтемелер  дайындалды.  Сілтемелер  ішінде  көрсетілген  мағ­
лұматтар  берілген.  Осы  дайын  бағдарламаны  ұялы  телефонға  жүктейміз.  Осы  жүктеу  жолында 
көптеген кедергілер мен  қателерге жолықтық. Оларды қайта қалпына келтіріп, өңдей келе, қажетті 
ойымыздағыдай бағдарламаны ала алдық [4­7]. 
.   
Сурет 2. Силлабус кешенінің бөлімдері

64
Мобильді кешеннің  студенттерге  қол жеткіліктігінің ең басты тұсы –  оның кішкене көлемділігі 
мен тез түсініктілігі. Онда көп бетті парақтағаннан гөрі күнделікті қолда жүрген мобильді телефоннан 
табылуы  өте  ыңғайлы.  Ондағы    мағлұматтардың  жинақы  әрі  түсінікті  бөлімдерге  бөлініп,  нұсқау 
белгілермен көрсетілуі ешқандай қиындыққа алып келмейді. Мобильді силлабус кешені қазақ және 
орыс тілдерінде жазылған. Ол – білім алушының оқу барасындағы қажетті тапсырмалар тақырыпта рын 
алу жолындағы ең ыңғайлы құралы. Әрбір студент оны тез түсініп, ұғынып ала алады. 
  Әдебиеттер:
1. Өмірбаев С.М. Білім.  – Алматы,  2006. – №29. 
2. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережесі // № 566. – 2007. –
24 қараша. 
3. Қаланова Ш.М., Өмірбаев С.М. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына кредит тік 
оқыту технологиясын енгізу туралы. Жоғары кәсіби білімге сынақтар өлшемдерінің жүйесін енгізу­
дің мәселесі: Бүкілресейлік кеңестің мағлұматтары. 23 сәуір, 2003 ж., Мәскеу қ.,   В.Н. Чистохвалова. – 
М., 2003. – 100 б. 
4. Дж. Джеймс. Adobe Dreamweaver CS3. – М.: ТРИУМФ, 2008.
5. Гончаров А. Web дизайн. – СП., 2004.
6. Никифоров М. Самоучитель Adobe Dreamweaver CS3. – М.: BHV, 2009.
7. Technology Group. Создание Web­сайтов. Adobe Dreamweaver CS3. – М.: ТРИУМФ, 2007.
Резюме
В статье приведены варианты разработанных программ для мобильного силлабуса, студенты могут 
быстро найти необходимую для них информацию с помощью мобильного телефона
Summary
In  thе  article  the  credit  technology  where  by  means  of  mobile  syllabus,  students  can  quickly  find  the 
necessary information for them is used. The biggest advantage is mobile syllabus, are available to all mobile 
phones.
 УДК681.5.042:681.5.07
ИССЛЕДОВАНИЕ НАБЛЮДАЮЩЕГО УСТРОЙСТВА 
С ПОВЫШЕННЫМ ПОТЕНЦИАЛОМ 
РОБАСТНОЙ УСТОЙЧИВОСТИ
А.О. ДАУТБАЕВА,
 кандидат технических наук 
С.Е. МЫРЗАХМЕТОВА, 
Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, 
Республика Казахстан
В настоящей работе предлагается подход к построению наблюдающего устройства с повышенным 
потенциалом робастной устойчивости  для линейных систем с неопределенными параметрами и 
к построению функций Ляпунова, основанные на геометрической интерпретации прямого метода 
А.М. Ляпунова  и градиентности динамических систем  по отношению некоторой потенциальной функ­
ций заданные в пространстве состояний динамической системы.
Известно [1, 2] , что введение обратной связи по вектору состояния, т.е. формирование  закона уп­
равления по вектору состояния, позволяет  надлежащим изменением собственных значений повлиять 
на динамические свойства замкнутой системы. При этом, если объект управляем, то значения корней  

65
характеристического  полинома  замкнутой  системы  могут  быть  заданы  любыми.  В  современных 
условиях основным методом решения задачи параметрического синтеза является определение зако­
на  управления,  обеспечивающего  заданные  желаемые  значения  корней.  Это  задача  модального 
управления [2, 3].
Однако формирование такого закона требует, чтобы все составляющие вектора состояния х были 
доступны для измерения, что часто не имеет места, поскольку наблюдается и измеряется только вектор 
выхода у. Поэтому необходимо располагать устройствами, позволяющими оценивать вектор состояния 
x(t) по результатам наблюдения векторов у(t) и u(t). Такого рода устройства называются наблюдающими 
устройствами (или наблюдателями, идентификаторами состояния). 
Для современных задач управления характерна все возрастающая сложность, связанная с неопре­
деленностью в описаниях объекта управления и внешней среды [4]. Актуальной также является проб­
лема  построения  наблюдающего  устройства,  обеспечивающего  работоспособность  при  больших 
пределах изменения неопределенных параметров объекта управления. Такое наблюдающее устройство, 
реализующее оценку вектора состояния объекта управления с неопределенными параметрами, назовем 
робастным. Под робастностью понимают способность сохранять работоспособность системы в условиях 
неопределенности [4]. В общей постановке исследование системы на робастную устойчивость состоит 
в указании ограничений на изменение параметров системы, при которых сохраняется устойчивость. 
Универсальным  методом  исследования  устойчивости  динамических  систем  является  прямой  метод 
А.М. Ляпунова [5, 6].
Рассмотрим линейную стационарную замкнутую систему управления, которая описывает следую­
щим уравнением  состояния с неопределенными параметрами: 
                                                                     
.
X(t)=Ax(t)+Bu(t)+f(t)
       y(t)=Cx (t)+v(t)(t
0
)=x
0
, t
0
,
                                               (1)
где  (t)  R

– вектор состояния объекта, 
  u(t)  R
m
, y(t)  R

– входной и выходной векторы, 
 A, B, C – соответственно матрицы объекта управления, и наблюдения. Объект подвержен дейст­
вию возмущений  f (t) и «шума (погрешности) измерений» v(t). Считается, что при работе системы 
доступны измерению, процессы u(t), y(t), ax(t), f(t), v(t) – недоступны. Рассматривается задача получе­
ния оценки состояния объекта x(t). Процесс x(t), полученный с помощью некоторого алгоритма, дол жен 
в определенном (например, в асимптотическом) смысле приближаться к процессу (x(t) ® x(t) при ® ) 
независимо от исходного начального состояния объекта x
0
 [7, 8].
Пусть матрица объекта управления A размерности ´ n и матрицы b и – соответственно управления 
и выхода имеют вид:
             
                 =|c
1
 0...0 |
Для полностью наблюдаемого стационарного объекта при отсутствии возмущений мож но получить 
асимптотически точную оценку состояния, с наблюдающим устройством в форме одно параметрических 
структурно устойчивых отображений [9].
9­56

66
Наблюдатель  состояния  можем  представить  в  виде  модели  объекта  управления,  на  вход  которой 
поступает то же управляющее  воздействие, что и на объект управления и, кроме того дополнительный 
сигнал  коррекции  (обратной  связи).  Этот  сигнал  получается  из  невязки  между  выходами  объекта  и 
модели.
Влияние  сигнала  невязки  придает  поведению  модели  качественно  новые  свойства  (отличные  от 
свойств объекта). Собственные движения модели  и объекта оказываются различными, но переменные 
состояния  модели  служат  оценками  состояния  объекта.  Для  стационарных  систем  наблюдатель 
описывается уравнением: 
           
                                             (2)
где 
 – вектор состояния наблюдателя, служащий оценкой состояния объекта;
 – вектор выхода;  
– оператор обратной связи по невязке между выходами объекта и наблюдателя.
Синтез  наблюдателя  заключается  в  выборе  оператора  L.  Мы  будем  рассматривать  наблюдатель, 
у  которого  размерность  вектора  состояния  такая  же,  как  и  у  объекта  (так  называемый  наблюдатель 
полного порядка, или наблюдатель Калмана).
Для  построения  наблюдателя  рассмотрим  ошибки  оценивания 
.  Вычитая  из 
(1) уравнение (2), получаем уравнение для ошибки:
                                            (3)
Как  видно  из  этого  уравнения,  источниками  ошибки  e(t),  являются  начальное  рассогласование 
  возмущение  и  помеха  измерений    v(t).  Динамика  переходного  процесса  ошибки  e(t) 
определяется оператором G(t)=A –L(t)C.
Необходимо  исследовать  поведение  процесса  e(t).  Динамика  переходного  процесса  в  таких 
системах  определяется  оператором  G(t)=A  –L(t)C.  Если  возмущения  v(f)  и  шумы  v(t)  отсутствуют, 
то  процесс  оценивания  должен  быть  асимптотически  устойчив  и  e(t)  ®  0  при  t  ®    для  любых 
начальных значений x
0
 и 
0
. Оператор  G(t) зависит от параметров объекта управления (матриц A и 
C)  и  оператора  L(t),  выбор  которой  определяется  проектировщиком.  Для  полностью  наблюдаемого 
объекта выбором оператора L(t) можно обеспечить устойчивость и требуемое быстродействие процесса 
оценивания.  При  отсутствии  сигнала  коррекции  (=  0)  динамика  процесса  оценивания  полностью 
определяется динамикой объекта. В частности, для неустойчивых и нейтрально­устойчивых объектов 
асимптотическое оценивание было бы неосуществимо. Оператор G(t), а следовательно и L(t), влияет 
также на точность процесса оценивания при внешних воздействиях. Это влияние оказывается разным 
по отношению к возмущениям f(t), с одной стороны, и помехам измерений v(t) – с другой. Поэтому при 
определении L(t) следует учитывать характеристики внешних воздействий и обеспечивать компромисс 
между требованиями быстродействия и точности системы.
Синтез наблюдателя заключается в выборе оператора L. Выбираем оператор L в форме:  
        
                                 (4)
С учетом (4)  система (3) в развернутой форме записывается в виде: 
                  
Каталог: Docs
Docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
Docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
Docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
Docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет