Issn 1607-2782 Республикалық


ҚАЗАҚ  ТАРИХЫНЫҢ  ДЕРЕКНАМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата15.03.2017
өлшемі1,83 Mb.
#9918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
ҚАЗАҚ  ТАРИХЫНЫҢ  ДЕРЕКНАМАЛАРЫ
 
(Зафарнама, Бабырнама және Тарих
-и Рашиди сынды үш жазба дерек бойынша) 
 
А.И.ЖЕМЕНЕЙ, филология ғылымдарының докторы
 
Сүлеймен Демирель атындағы Университет, Қазақстан Республикасы 
 
Аңдатпа
 
Қазіргі таңда қазақ тарихын жаңаша көзқарас тұрғысынан зерттеу – күн тәртібіндегі 
ең өзекті мәселенің бірі. Ұлт тарихы жайлы сөз еткенде нақты деректің, тарихи оқиғаның 
маңызы  зор.  Сондықтан  да  ғалым  мақаласында  қазақ  тарихының  дерекнамаларына 
байланысты дәйекті ойлар айтады. 
Ғалым  ортағасырлық  парсы,  түркі  тіліндегі    жазба  деректерде  қазақ  сөзінің  қай 
мерзімнен,  қандай  мағынада  қолданғандығына  байланысты  сұрақтарға  жауап  іздейді.  
Қолда бар жазбаларға қарағанда  әзірше алғаш рет  қазақ сөзі тарихшы Шараф ад-дин  Әлі 
Йәзди  (туған  жылы  белгісіз  -  1454  жылы  қайтыс  болған)  1424-1425  жылдары  парсы 
тілінде жазған «Зафарнаме» кітабында кездеседі. 
Осылайша «Зафарнаме» кітабындағы қазақ тарихына байланысты деректерге,  Зәһир 
ад-дин  Мұхаммед  Бабырдың  «Бабырнаме»  кітабындағы  тарихи  оқиғаларына  шолу 
жасайды. Кітаптың тілі жеңіл, түсінікті әрі қарапайым болуымен қатар мазмұны маңызды 
тарихи оқиғаларға, философиялық-дидактикалық ойға, көркем бейнелеу сөздерге өте бай. 
Бабыр  қарапайым  сөздер  мен  терең  ойлар  арқылы  түркі  тілінің  құдіретін  көрсетіп  әрі 
тілдің беделін асырып отырады. Сондықтан  ойы бар, жаңалығы бар құнды туындыларды 
әрбір халық өз тіліне аударып алуға мүдделі болатынын көрсетті. 
Бабыр  аталған  кітабында  «қазақ»  сөзін  көп  рет  түрлендіріп,  түрлі  мағынада 
қолданғандығы туралы нақты деректер келтіреді. 
Автор  Мұхаммед  Хайдар  Дулаттың  «Тарих-и  Рашиди»  еңбегіндегі  алты  әңгімені 
талдай отырып, ондағы қазақ тарихына қатысты деректерді оқырман назарына ұсынады. 
Мақаладағы  ғылыми  тұжырымдар  қазақ  тарихын  жаңаша  көзқарас  тұрғысынан 
қарастыруға негіз бола алады. 
Кілт сөздер: қазақ, Зафарнаме, Бабырнаме, Тарихи
-и Рашиди, жаңаша көздерек. 
 
Аннотация
 
В  настоящее  время  исследование  казахской  истории  с  новых  позиций  является 
самым  актуальным  вопросом,  стоящим  на    повестке  дня.  В  ходе  обсуждения  вопроса  о 
национальной  истории  большое  значение  играет  историческая  правда.  Поэтому,  в  своей 
статье  автор  приводит  достоверные  размышления,  связанные  с  фактами  казахской 
истории. 
Автор  ищет  ответы  на  вопросы,  касающиеся  употребления  и  значения  казахского 
слова  в  письменных  памятниках,  написанных  на  персидском  и  тюркском  языках.  По 
имеющимся  летописям впервые  слово «казах» было написано в 1424-1425 годы в книге 
«Зафарнаме»,  написанной  на  персидском  языке  историком  Шарафаддином  Али  Йазди 
(год рождения неизвестен, год смерти – 1454 год). 
В  статье  дается  обзор  фактов  казахской  истории,  представленных  в  книге 
«Зафарнаме»,  а  также  исторических  событий,  написанных  в  книге  Захираддина 
Мухаммеда  Бабура  «Бабурнаме».  Книга  легко  читаема  и  понимаема,  однако  богата 
художественно-изобразительными 
средствами, 
содержательными 
историческими 
событиями,  философско-дидактическими  размышлениями.  Бабур  с  помощью  простых 
слов  и  глубоких  мыслей  показал  священность  тюркского  языка  и  уникальность  каждого 
языка. Не случайно, автор показал возможность использования и перевода на свой родной 
язык ценных произведений, отличающихся новизной и глубоким смыслом. 

34 
 
Автор  статьи  приводит  достоверные  сведения  о  том,  что  Бабур  в  своей    книге 
употребляет слово «казах» в различных видах и значениях. 
Также,  исследователь,  выбрав  из  труда  Мухамедда  Хайдара  Дулата  «Тарих-и 
Рашиди»  шесть  рассказов,  предлагает  читателю  соответствующие  факты,  связанные  с 
казахской историей. 
Научные  концепции,  представленные  в  статье,  можно  считать  основой  для  нового 
взгляда на казахскую историю. 
Ключевые слова:
 казах, Зафарнаме, Бабурнаме, Тарихи-и Рашиди, новый взгляд. 
 
Annotation 
Current  research  Kazakh  history  from  new  positions  is  the  most  pressing  issue  on  the 
agenda. During the debate on national  history historical truth is of great importance. Therefore, 
in his article, the author gives reliable reflections related to the facts of Kazakh history. 
The  author  is  looking  for  answers  to  questions  regarding  the  use  and  importance  of  the 
Kazakh speech in written records, written in the Persian and Turkic languages. According to the 
chronicles for the first time the word "Kazakh" was written in the years 1424-1425 in the book 
"Zafarname",  written  in  Persian  by  historian  Sharafeddin  Ali  Yazdi  (the  year  of  birth  is  not 
known, the year of death - in 1454). 
The article provides an overview of the facts of the Kazakh history  presented in the book 
"Zafarname",  as  well  as  historical  events  written  in  the  book  of  Muhammad  Babur  Nama 
"Baburname."  The  book  is  easy  to  read  and  understood,  but  it  is  rich  in  artistic  and  graphic 
means, meaningful historical events, philosophical and didactic reflections. Using simple words 
and deep thoughts Babur revealed the sacredness of the Turkic  language and the uniqueness of 
each  language.  Not  coincidentally,  the  author  has  shown  the  possibility  of  translation  into  the 
native language and usage of valuable works excelled with their novelty and deep meaning. 
The author brings reliable  information that  in  his book Babur uses the word "Kazakh"  in 
various types and senses. 
Also, the researcher, choosing  from  Muhamedd Haidar Dulati "Tarikh-i  Rashidi"  works 
six stories, invites the reader to relevant facts related to the Kazakh history. 
Scientific concepts presented in this article can be considered as the basis for a  new view 
of the Kazakh history. 
Key words: Kazakh, Zafarname, Baburname, Tarikhi-i Rashidi, new view. 
 
Ортағасырлық  парсы  және  түркі  тілінде  жазылған  жазба  дерек  тарихнамаларда  
Қазақ сөзі бірде этникалық, бірде лексикалық мағынада көрініс тапқан[1,2]. 
Әуелі  «Қазақ»  сөзі  ортағасырлық  парсы,түркі  тіліндегі  жазба  деректерде  қай 
уақыттан, қандай мағынада қолданып келген деген сұрақтарға жауап іздегенде,  қолда бар 
жазбаларға  қарағанда  әзірше  алғаш  рет  қазақ  сөзін  тарихшы  Шараф  ад-дин  Әлі  Йәзди 
(туған  жылы  белгісіз-  1454  жылы  қайтыс  болған)  1424-1425  жылдары  парсы  тілінде 
жазған «Зафарнаме» кітабынан кездестіреміз[3]. 
Қазақ сөзі  Зафарнамада «һәзаре» сөзімен бірге қолданылған: «Сарбұға  мен Әділшаһ 
Қамареддинге  қосылған  соң  Қамареддиннің  бұрыннан  ішінде  сақталып  келе  жатқан  кек 
оты  одан  әрі  лаулай  түскендіктен  оны  адастырып,  пасықтық  іске  итермеледі.  Содан 
Қамареддин  Әндіжанға  жорыққа шықты.  Осы оқиғадан  кейін    қазақ  һәзарелері    әмірзада 
Омар  Шейхтан  бас  тартып,  Қамареддинге  қосылды.»  (Зафарнаме:  329-б.)  осы  мәтіндегі 
қазақ пен һәзаре сөздерінің тіркесі қандай мағынада болған? Һәзаре парсы тілінде мыңдық 
деген  мағынаны  білдіреді.  Осыған  орай  бұл  тіркестің  қандай  жағдайда  айтылғаны 
ойландырады.  Қамареддин  мен  Әмір  Темір  арасындағы  ұрыс-керіс  шамамен  1363-1375 
жылдары болған. Осыған қарап қазақ сөзі сол кездері қолданыста болғанын білдіреді. 
Зафарнаме  кітабында    екінші  рет  қазақ  сөзі  Әмір  Темір  Тәшкентке  барып,  кейін 
қазақ  уәлаятына  қарай  шабуыл  жасағанын  жазады.  Ол оқиға  былай  баяндалған:«Ол  яғни 
Әмір  Темір  Тәшкентке  қарай  бет  алды.  Ол  уәлаятты  әділет  пен  игілік  нұрына  және 

35 
 
кешірімділік  пен  алғысқа бөледі. Ол аймақтың  тұрғындары  Әмір Темір жорық жасамай 
жатып,  оның  алдына  келіп  бас  иді.    Олар  Әмірді  мойындағаны  үшін,  Әмір  оларға  сый-
сияпат  беріп,  өзінің  шапағат  мейіріне  бөледі.  Осылайша  тұрғындар  Әмірдің  рақым 
шашқан  назарына  ілігіп,  қан  мен  үрейден  аман  қалған  болатын.  Тағдыр  үкімінің  ағысы 
іске асып  Әмір Темір былай деген: «әскерлер  оларға мүлдем тиіспесін, тіпті тұрғындарға 
титтейде  зиян    келтірмесін.  Содан  әлем  жұртшылығы  әркім  өздерінің    жақсы  не  жаман 
істерінің  жазасын  тартатынын  білетін  болады.  Мына  аятқа  сай:  «Кім  ізгі  іс  істесе,  өзі 
үшін. Жамандық істесе де өзі үшін...» (41 сүре, 46 аят),-деп бұйрық берді. Саһиб қыран ол 
жерден  өтіп,  Қазақ  жұтұр  уәлаятына  жорық  жасады.  Жеңімпаз  мұжаһид  әскерлері  биік 
тауларда  мекендеген  адасқандардың  барлығын  жамандықты  өртеуші  семсердің  жеміне 
айналдырды. Қазақ жұтұр елін тонады. Мал-мүлік пен олжалар қолға түсті.» (Зафарнаме- 
551б.).  Бұнда  “қазақ  жұтұр”  деген  тіркес  бар.  Бұл  мәтіндегі  «жұтұр»  сөзінің  қандай 
мағынаны  беретінін  түсіне  алмадық.  Сөздіктерден  де  таба  алмадық.  Сосын  аталған  сөз 
«жұрт»  сөзінің  өзгертіліп  айтылған  түрі  ме  деп  ойладық.  Өйткені  автор  түркі  тілін 
білмеген,  әрі  араб  әліппесінің  таңбалары  тілдердің  дауысты    дыбыстарын  таңбалауға 
жеткіліксіз  болып  келеді.  «жұтұр»  сөзі  «жұрт»  сөзінің  баламасы    болса  қазақтың 
территориясы  болған  жұрт.  Бұл  оқиғалар  ХIV  ғасыр  аясында  болып  жатқанын  ескерсек 
қазақ  жұртының    тарихы,    әлде  ерте  заманда    қалыптасу  процессін  бастан  өткізіп 
жатқанын  байқатады.  Өйткені  Ел  болып,    жерге  қожалық  ету    ұзақ  уақытқа  созылатын  
процес. 
Автор еңбегінің тағы бір тұсында: «Олардың аттарын олжалап, мың кісіні  қос аттан 
тездетіп  жүріп,  Хожәнд  өзенінен  өтіп,  Қазақ  жолы  арқылы  Самарқанға  бет  алды.» 
(Зафарнаме- 975 б.). Бұл сөйлем Қазақтың өз атауымен территориясы  бар болғанын анық 
байқатады. 
Түйіндеп  айтқанда:  тарихтың  осындай  аласапыран  кезеңде  жазылған    Зафарнаме 
кітабы  негізінде  Әмір  Темір  салтанат  құрған  (1370-1405)  жылдардағы  оқиғаларды 
қамтиды. Ал, кітаптың кіріспе бөлімінде түрік тайпаларының пайда болу тарихы, Шыңғыс 
ханның төрт ұлының  билігінің  тарихы, Орта Азия мен көршілес елдердің ХIV ғасырдың 
бірінші жартысындағы саяси ахуалы және сол кездегі ру-тайпалар аймақтарды әмірліктер 
мен  сұлтандықтарға  бөлшектеп  билегендері  және  солардың  таққа  таласқан  талас-
тартыстары  сипатталады.  Сондай  аласапыран  кезде  Әмір  Темір  саяси  сахнаға  шығып, 
түркі тайпаларын бір орталықтан басқару жүйесіне енгізіп, ұлы мемлекет құрғанын айқын 
сездіреді. 
Сонымен  қатар,  Қазақ  халқының  да  топтасу  барысының  жүріп  жатқанын  байқауға 
болады.  Сондықтан    Әмір  Темір    Орталық  Азияда  ру-тайпалық  шашыраңқы  биліктерді 
қалай бір тудың  астына жинап,  ұлы мемлекет құрған болса, дәл солай  әр тұста шашырап 
жүрген  қазақ  топтарын  кейін  Керей  хан  мен  Жәнібек  хан  бір  ту  астында  жинап,  Қазақ 
хандығын құрғанының куәсі боламыз.    Әмір Темір Самарқан қаласын астана етіп, жаулап 
алған  елдерден  құрылыс,  өнер  мен  әдебиеттің  озық  мамандарын  жинап,  Самарқан 
қаласының  көрінісін  де,  руханиятын  да  көркейтіп,  дамытты.  Көшпенді  Қазақ  хандығы 
бұндай  табысқа  қол  жеткізуі  мүмкін  болмады.  Бірақ  көшіп-қонып  тіршілік  ету  оларға 
жаулардың  тегеурінді  шабуылдарынан  аман  қалып,  өмір  сүрулеріне  мүмкіндік  туғызып 
отырғандай  көрінген  тәрізді.  Сонымен  бірге  қазақтың  көшпенді  салты  ежелден  мұра 
болып келе жатқан түркінің  бай ауыз  әдебиеті мен күйіне ие болу мүмкіндігін берді. Бұл 
өте маңызды  құбылысқа «Әдебиет және  өнер институтынан» жарық көрген  қазақтың 100 
томдық «Бабалар сөзі» және этнограф ғалым Ақселеу Сейдімбектің « Қазақтың күй өнері» 
атты зерттеу еңбегі дәлел бола алады. 
Сондай-ақ  Әмір  Темір  отырықшы  қоғамның  көсемі  ретінде  Самарқан  шаһарын 
әлемнің  ең  көрікті  қаласы  етуді  армандады.  Екіншіден  бүкіл  әлемге  өз  билігін  жүргізуді 
мақсат  етті.  Сол  себептен  көздеген  екі  мұрат-мақсатына  жеткен  деп  тарих  куәлік  етеді. 
Оған айғақ Самарқан қаласының көркі және ғажайып ғимараттары күні бүгінге дейін әлем  
жұртшылығының  көз  айдыны  болып  келеді.  Жыл  сайын  мыңдаған  саяхатшы  Самарқан 

36 
 
шаһарын  тамашалауға  дүниенің  түкпір-түкпірінен  сонда  ағылып  жатады.  Екінші 
арманына  орай  Әмір  Темір  және  оның  ұрпақтары  жүздеген  жыл  Орталық  Азия,  Иран, 
Ауғаныстан, Үндістанға дейінгі кеңістікті биледі. 
Зафарнамеде  Әмір  Темірдің  Жайық  бойындағы  Сарай  мен  Сарайшық  қалаларын 
ойрандап,  күл-талқанын  шығаруын  да  сипаттап  берген.    Зафарнамеде  Сарай  туралы 
мәлімет  бірнеше  рет  беріледі.  Соның  бірі:«Батыйды  Қыпшақ  даласына  Үгедей  қағанның 
бұйрығы  бойынша  таққа  отырғызып,  қайта  оралды.  Сарай  шаһарын  Батый  тұрғызды» 
(Зафарнаме-151б.).  Бұнда  қаланың  кім  салғанын  жазса,  ендігісінде  ойран  болғанын 
хабарлайды. Онда:«Саһиб  қыран  Қажы Тархан маңына жеткенде  әмірзада Пір Мұхаммед 
Жаһангер,  әмір  Жаһаншаһ,  әмір  Шейх  Нұреддин,  Темір  қожа  Ақбұғаны  әскермен  бірге 
Сарай  жаққа  жөнелтті.  Өзі  таңсәріде  арнаулы  шағын  атты  адамдармен  Қажы  Тарханға 
жорыққа  шығып,  ондағы  жанды-жансыздың  барлығын  тонап,  талан-таражға  салды.  Сол 
жердің  әкімі  Мұхаммедиді  мұз  астына  жіберіп,  балықтарға  жем  қылды.  Жеңімпаз  әскер 
мұз  қатқан Еділ  өзенінен  өтіп,  Сарайды  жаулап  алып, отқа  өртеп, жақты.  Сол  төңіректің 
мал  қорасын,  дала  тұрғындарын  түгелдей  тонап,  айдап,  алып  келді.  Сарайды  ойрандау 
себебі, олардың әскері саһиб  қыран Фарс пен Иракты жаулап алумен  әлек болып жүрген 
кезде,  олар  Мауәраннаһрдың  бос  қалғанын  пайдаланып,  шабуыл  жасап,  Қазансұлтан 
ханның  Шынжыр  сарай  атты  әйгілі  сарайын  талқандаған  болатын.  Міне  сол  үшін  Сарай 
осылайша астан-кестені шықты (Зафарнаме-582 б.). 
Қазақ  сөзін  қолданған    тағы  бір  шығарма  «Бабырнаме»  кітабы[4].  Бұл  кітаптың 
авторы  адамзат  тарихында  ерекше орны  бар  Зәһир  ад-дин  Мұхаммед  Бабыр  (1483-1530). 
Бабыр өз шығармасын түркі тілінде жазған.  Аталған еңбегін көріп, естіген, оқыған тарихи 
оқиғаларды  жылнама  түрінде  1493-1529  жылдар  аралығындағы  тарихи  оқиғаларды 
қамтитын  кітап  етіп    түркі  тілінде  жазған.  Еңбек  өте  құнды  болғаны  үшін  түркі  тілінде 
жазылғанымен  парсы  һәм  әлем  елдерінің  өзге  тілдеріне  аударылып  келеді.  Бұл  кітаптың 
тілі жеңіл, түсінікті әрі қарапайым болуымен қатар,  мазмұны маңызды тарихи оқиғаларға, 
философиялық –дидактикалық ойға, көркем бейнелеу сөздерге өте бай. Бабыр қарапайым 
сөздер мен терең ойлар арқылы түркі тілінің құдіретін көрсетіп әрі тілдің беделін асырып 
отырады.  Сондықтан  ойы  бар, жаңалығы  бар  құнды  туындыларды  әрбір  халық  өз  тіліне 
аударып  алуға  мүдделі  болатынын  көрсетті.  Бабыр  аталған  кітабында  «қазақ»  сөзін  көп 
рет  түрлендіріп,  түрлі  мағынада  қолданған.Мәселен:  «Екінші  қызы-менің  анам  Құтлық 
Нигар ханым еді. Көбінесе қазақлықтар да әлсіреп, күйзеліске түскенде менімен бірге еді» 
(Бабырнаме-13  б.).  Бабырнамадағы  бұл  сөйлемде  анасы  Құтлық  Нигар  ханым  Бабырмен 
қазақылықтарда  бірге  болғанын  ескерсек,  Бабыр  анасын  қарақшылық  пен  барымта 
жасауға  өзімен  бірге  алып  жүрмесі  анық.  Сондықтан      қазақылықтың  аталған  мәтінде: 
орталық биліктен шеттеп, еркін жүрісті меңзейді. Бұл жайт үш себепті орын алуы мүмкін: 
Бірі-билікке  таласқанда    қарсылас  өте  қуатты  болған  жағдайда,  екінші  жақ  кең  даладан 
панажай  іздеп,  саяси  қуғын  ретінде  қазақы,  яғни  еркін  өмірге  көшеді.  Екіншісі-  орталық 
билікке бағынғысы келмейтін тұлғалар мен топтар, далада аң аулап, сәтті уақытын күтіп, 
тіршілік  ете  тұрады.  Үшіншісі-  өзінің  болмыс  табиғаты  қалалық  тіршілікті  сүймейтін 
жандар.  Сондықтан  қазақылық  өмір  салтын  ұстанады,  олар    даладағы    еркін  өмірге 
құмартқан  адамдар  дей  аламыз.  Осыған  орай  «қазақ»  сөзі  еркін,  еркіндікті  сүйетін  жан 
деген мағынада қолданылған. 
Бабыр «Алашы» атауының шығу себебін де өз еңбегінде жазғанын атап кеткен жөн. 
Ол  Сұлтан  Әбусаид  мырза  әулеттері  туралы    жазғанда:«Сұлтан  Маһмұд  ханның  кіші 
баласы  Сұлтан  Аһмет  хан  еді,  ол  Алшы  ханға  мәшһүр  дүр,  Алшының  аталуына  былай 
делінген:  Қалмақ  пен  моғол  тілінде  Алашы  деген.  Калмақты  неше  қайта  басып,  қалың 
жұртын  қырған  үшін  Алашы  депті,  бұл  сөз  көп  қолданып  келе  Алшы  болып  тұр.» 
(Бабырнаме-14 б.). Алаш атауын осы түбірге байланысты болжайтын болсақ Бабыр алғаш 
зерттеуші ретінде бұл атауды айналымға салып отырған ғалым. 
Бабыр  Қазақ  хандары  Әдік  сұлтан  мен  Қасым  ханды  былай  еске  алады:  «Өзгеден 
кіші бір қыздың үлкені Сұлтан Нигар ханым еді. Оны Сұлтан Маһмұд мырзаға ұзатқанды. 

37 
 
Мырзадан  Сұлтан  Уайыс  атты  бір  ұл  болған.  Оның  әңгімесі  осы  тарихта  келтіріледі. 
Сұлтан  Маһмұд  мырза  өлгеннен  соң  ұлын  алып  ешкімге  хабар  айтпай,  Тәшкентке 
ағаларына  барып  еді.  Бірнеше  жылдан  соң  Әдік  сұлтанға  тиді.  Әдік  сұлтан  Шыңғыс 
ханның үлкен ұлы Жошы нәсілі Қазақ сұлтандарының бірі болған.Нигар ханым хандарын 
Шейбани хан басып, Тәшкент пен Шаһрохиені алғанда он, он екі моғол нөкерімен қашып 
Әдік  сұлтанға  барды.  Әдік  сұлтаннан  екі  қызы  болды.  Бірін  Шейбан  сұлтандарына  және 
бірін  Сұлтан  Саид  ханның  ұлы  Рашид  сұлтанға  берді.  Әдік  сұлтаннан  соң,  Қазақ 
ұлысының  ханы  Қасым  хан  болды.  Әңгімелерге  қарағанда:  Қазақтың  хан  мен 
сұлтандарының арасында ешкім ол ұлысты Қасым хандай берік қолға алып билеген емес. 
Ерікті  әскері  үш  жүз  мыңға  жуық  жиналған  еді.  Қасым  хан  өлген  соң,  ханым  Кашғарға 
Сұлтан  Саид  ханның  қасына  келді»  (2-14  бб.).  Бабырнаме  кітабының  түпнұсқасын  түркі 
тіліндегі  бұл  мәтіннің  сөзі  мен  сөйлем  құрылымын  қаз-қалпында  беруге  тырыстық. 
Байқасақ мәтіннің жалпы сөздері қазақшаға бейім келеді. Сондықтан өз заманында Бабыр 
тілі  түркілерге  түсінікті  ортақ  тіл  болғанға  ұқсайды.  Бүгіндері  Бабыр  тілінен  алыстап 
кеткен  себебіміз  бұрын  араб  жазуы  қолданыста  болған,  ал    қәзір  криллица  жазуы 
болғандықтан оқылуы  екі  түрлі  дыбысқа  айналып,  бұрынғы  айтылуынан  ажырап  қалған. 
Екіншіден  Бабыр,  Қазақ  хандығына  Қасым  хан  арқылы  өзге  хандықтардың  хандары 
арасында  өзіндік  орынға  ие  екенін  көрсетіп,  биік  баға  беріп  отырғаны  үшін  біздің 
тарапымыздан  ұлықтауға  әбден  лайық  тұлға.  Өйткені  Бабыр  патшаның  Қасым  ханға 
берген  бағасы  аса  маңызды  һәм  шындықтың  тарихи  мәйегі.  Себебі,  біріншіден-  Бабыр 
патша  Қасым  ханның  замандасы,  екіншіден-Бабыр  адамзат  тарихына  теңдесі  жоқ  ұлы 
империясы  жүздеген  жылға  жалғасып,  адамзат  мәдениеті  мен  руханиятына  баға  жетпес 
жәдігерлер  қалдырдыған  тұлға  ретінде  Қасым  ханға  берген  бағасының  айрықша  екенін 
айтып, Қазақ хандығына мақтан көңілмен қарай аламыз. 
Бабыр  әкесінің  әмірлерін  таныстырып  баға  берген  тағы  бір  тұсында  қазақ  сөзінің 
тіркесін  былай  қолданған:  «  Тағы  бірі  Қасымбек  еді.  Қаушын  еді.  Бұрынғы  Әндіжан 
қосынының  бектерінің  бірі  еді.  Асанбектен  соң  менің  жанымда  билік  иесі  ол  болған. 
Өмірінің  ақырына  дейін  билік  пен  беделі  артты  және  өксімеді,  мәрт  кісі  еді.  Бір  мәрте 
Касан  өңірін  шапқан  өзбектің  артынан  барып  оны  жәйпап  тастаған.  Омар  Шейх  мырза 
қасында  қылыш  сермеп  жүргенді.  Иасы  кешіті  (өткел,  кешу)  ұрысында  да  жақсы 
шабысты.  Қазақлықтарда  Мәсша  тауынан  Сұлтан  Маһмұд  ханның  қасына  бармақ  ниетін 
қылғанда Қасымбектен бөлініп, Хұсрау шаһ қасына кетті» (Бабырнаме- 17 б.). Бұл мәтінде 
қазақ+лық  сөз  тіркесі  «далалық  еркін  өмір  салты»,-деген  ұғымды  білдіреді.  Бұл  адамдар 
өмірден  шаршап,  шалдыққанда  жайлауға  барып  дем  алып,  бой  жазғандай  жағдайды 
меңзейді.  Екінші  жағынан  түркілер  қаншалықты  қалада  тұрса  да  далаға,  оның  еркін 
өміріне сағыныштары жоғалмаған.  Өйткені, кейде  қазақылық пен барымташылық балама 
сөздер болып көрінеді. Бірақ Бабыр патша барымтаға барып жүрген болса, оның аты ұлы 
патша орнына ұлы барымташы атпен де  танылар еді. 
«Тағы  бірі  Уәйіс  Лағәри  еді.  Самарқандық  Тоқшы  елінен  еді.  Омар  Шейх  мырза 
қасында  соңғы  кездерде  өте  жақын  жүрген  еді.  Менімен  бірге  қазақлықтарда  жүретін. 
Ақыл-парасаты  жақсы  еді.  Бір  шама  бүлікшіл  еді  (Бабырнаме-  18  б.).  Бұл  мәтінде  де 
қазақ+лық  даланың  еркін  өмірін  меңзейді.  Ал  қазақылықты  барымташылыққа  телісек, 
Бабыр  барымтаға  шыққан  болса  қай  жерге  барымта  жасап,  қандай  мал-мүлікті 
олжалағанын бір рет болса да айтар еді. 
Бабыр  Сұлтан  Аһметтің  балалары  жайында  жазғанда  қазақылық  сөзін  тағыда 
қолданады.  Онда:«Үшінші  қызы  Айша  Сұлтан  бегім  еді.  Бес  жасында  Самарқанға 
келгенде  маған  атастырған  еді.  Соңғы  жорықтарда  Хожәндыға  келді,  онымен  үйленген 
едім.  Самарқанды  екінші  рет  алғанда  бір  ғана  қызы  болып  еді,  неше  күн  соң  тәңірі 
рахметіне барды. Тәшкент бүлігінен бұрынырақ әпкесінің азғыруымен менен ажырасты. » 
(Бабырнаме-  24  б.).  Бұл  мәтінде  қазақ+лық  сөзі  жорықтар  дегенді  меңзейді.  Бәлкім 
партизандық тұтқиылдан жасалатын жорықтарды айтатын шығар. 

38 
 
Бабыр Сұлтан Әбусаид мырзаның балалары жайында айтқанда:«үшінші Қазақ бегім 
еді»(Бабырнаме  -35  б.),-деп  жазды.  Бұнда  Сұлтан  Әбусаид  Қазақ  деп  қызының  есімін 
қойғанға қарап, Қазақ атауының бір киесі болған шығар дейсің. 
Бабыр  еңбегінің  1496  жылғы  оқиғаларын  баяндағанда  «қазақ  жігіттері»  деген 
тіркесті  қолданған:  «Төлен  қожа  моғолды  екі-үш  жүз  қазақ  жігіттермен  жорыққа 
аттандырдық.»  (Бабырнаме  –  52  б.).  Бұл  мәтіндегі  «қазақ  жігіттер»  сөз  тіркесіне  зер 
салғанда мұнда «қазақ» сөзі -партизандық іс-қимылға шыңдалған ерікті жауынгер дегенге 
саяды. 
Бабыр  кітаптың  тағы  бір  тұсында  көреміз:«Төлен  қожа  атты  бәрі  ер,  бетке  ұстар, 
қазақ  жігіттерінен  еді.  Әкем  Омар  Шейх  мырза  жанашырлық  жасады.   Қазірде  жанашыр 
болып  жүр.  Мен  өзім  тәрбиелеп,  бек  қылып  едім.  Ғажап  ер  және  қазақ  жігіт  еді. 
Жанашырлыққа лайықты еді.» (Бабырнаме  – 70 б.). Осы мәтіндегі  қазақ сөзі мәрттік пен 
ерлікке баланып, бағаланған. 
Бабыр  кітабының  86-шы  және  88-ші    беттерінде  де  қазақ+лық  тіркесті  қолданған. 
Сонымен  бірге  моғол  ұлысы  туралы  өз  көзқарасын  білдірген.  Онда:«Менің  анамның 
қасында  мың  бес  жүз,  екі  мыңға  жуық  моғол  ұлысынан  бар  еді.  Тағы  Һисардан  Әмзе 
сұлтан,  Мәһди  сұлтан  және  Мұхаммед  дұғлат.  Олармен  бірге  де  соншалық  моғол  келіп 
еді.  Қашанда  жамандық  пен  бұзақылық  моғол  ұлысынан  болатұғын.»,-делінген 
(Бабырнаме - 86 б.). Осы тұста «моғол» ұлысына қатысты Бабырдың әңгімесіне қарағанда: 
Бабыр  моғол,  қазақ  тағы  басқа  ұлыстарды  бір-бірінен  ажыратып,  оларға  өз  көзқарасын 
анық  білдіріп  отырған.  Бұнда  Бабыр  өзін  моғол  еместігін  нақтылап  тұрса  да,  европалық 
ғалымдар  Бабырдың  Үндістанда  құрған  империясын  Моғол  империясы  деп  атағанының 
жөні  жоқ  екенін  көрсетеді.  Бабыр  империясын  моғол  империясы  деулерінің  не  қажеті 
болған?  Екінші мәселе парсы және түркі тарихшылар Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарын 
бірақ “моғол”  деген  сөзбен жазған. Ал  қазақ ғалымдары оны моғол, монғұл, моңғұл тағы 
басқа  түрде  түрлендіріп  жазып  жатады.  Оны  қалай  түсіне  аламыз?  Тарихта  бір  шындық 
бар.  Ол  жаулаушы  ел  ұдайы  жауланған  жеркілікті  күшті  елдің  құрамына  еніп, 
ассимиляциясына  ұшырап,  сол  елдің  болмысының  бір  бөлшегіне  айналып  отырған. 
Европалықтар,  арабтар,  парсылар  һәм  түркілер  осындай  тарихи  процестерді  басынан 
өткізіп,  талай  рет  өзге  ұлыстарды  өз  құрамына  енгізіп,  бойына  сіңіріп  отырды.  Сондай 
заңдылық  негізінде  Түмен  Балтабасұлы(1884-1957):  «Бұл  жерден  кімдер  кетіп,  кім 
қалмаған?  Кара  жер  қаза  жетсе  кімді  алмаған?  Қызылбас,  Қытай,  Қыпшақ,  Қырым, 
Қырғыз,  Айладыр  алтау  болса,  Қалмақ  жетеу-Ерлерден  ертедегі  қалынған  жер»,-деп 
жырлағандай,  Қазақ халқы да жеті жұртты өз бойына сіңіріп келді. 
Бабыр  тағы  бір  әңгімесінде:«Сол  қыстауда  болғанда  Құдайберді  Тоқшыға  мейір-
шапағат  көрсетіп,  бек  қылып  едім.  Ол  екі-үш  рет  қайта  барып  Тәнбәлдің  қарсылығын 
басып,  бастарын  кесіп  алып  келген.  Әндіжан  мен  Ош  өңірінде  де  қазақ  жігіттер 
әииарлықпен  тынбай  шабуылдап  жылқыларын  айдап,  кісілерін  өлтіріп  қатты  әлсіреткен 
болатын  (Бабырнаме-  95  б.).  Бабыр  жоғарыдағы  үзінділерде  қазақ  сөзін  әииар  сөзімен 
балама  сөз  етіп  қолданған.  Әииар  сөзіне  парсы  түсіндірме  сөздіктер  былай  анықтама 
берген:  әииар  \а\  шапшаң,  батыр,  зерек,епті,  жасампаз  және  сиқыршы  адам.  ІХ  ғасырда 
керуен жолын кесіп, алған олжаларын халық игілігіне жаратып жүретін мәрт, жауанмәрт, 
жауынгер,  батырларға  қаратып  айтқан  сөз.  Хорасан  өлкесінді  Жақып  ибн  Лейс  Саффар 
есімді әииар болған. Ол 868-878 жылдары әииарлар топтарының қолдауымен  Бағдаттағы 
халифаға қарсы шығып, Иран мен Ауғанстан аймақтарындағы Кабул, Һерат, Керман және 
Фарс  территорияны  халифатқа  бағынбайтын  дербес  ел  деп  жариялады.  Сөйтіп  Иранның 
шығыс өңірінде орналасқан Систанда Зәрәнж қаласын астана етіп,  алғаш рет халифаттан 
тәуелсіз саффари үкіметін құрды. Аталған Жақып ибн Лейс Саффар тарихта әииарлықпен 
аты шыққан. 
Бабыр  еңбегінде  түрік  халықтары  Үндістан  мемлекетін  құрудағы  үлесін  де  сөз 
қылған:«Әзіреті  рәсул  заманынан  бұл  тарихқа  дейін  жүз  деген  патшалардан  үш  кісі 
Үндістан  уәлаятын  жаулап,  салтанат  құрып  тұрған.  Бірі-Сұлтан  Маһмұд  Ғази  және 

39 
 
әулеттері  Үндістан  мемлекетінде  ұзақ  уақыт  салтанат  құрып,  патшалық  тағына  отырған. 
Екіншісі- Сұлтан Шаһабеддин ғури және қолдары мен айналасындағылар көп жылдар бұл 
мемлекетте  патшалық  құрды.  Үшіншісі-  мен  едім.»  (Бабырнаме  –  388  б.),-дейді.        Әрі 
қарай ол:«Бірақ менің  ісім ол патшалардікіне  ұқсамайтын, не  үшін  десек Сұлтан Маһмұд 
Үндістанды  жаулап  алды,  Хорасан  тағы  оның  билігінде  еді  және  Харезм  шекаралас 
сұлтандар  оған  бағынышты  болған.  Самарқан  патшалығы  оның  қол  астында  еді.  Ерікті 
әскері екі жүз мың болмаса да өзі бір жүз мыңды құрайтын еді. Әрі жаулары Раджалар еді. 
Бүкіл  Үндістан  бір  патшалық  еместі.  Әр  бір  раджа  бір  уәлаятта  өз  басына  патшалық 
құрған  еді»  (Бабырнаме  –  388  б.).    Бабырдың  әңгімесіне  мұқият  зер  салғанда  бүгінгі  бір 
тұтас  Үндістан  атты  ірі  мемлекеті  түркі  патшаларының  сол  елге  жасаған  жорықтары  әрі 
өктем саяси билігінің арқасында раджаларын біріктіріп құрған бір ел. 
Қорытып айтқанда: Шарафеддин  Әлі Йәздидің «Зафарнаме»кітабында “қазақ” сөзін 
1365-1370  жылдардағы  оқиғаларда  қолданған.  Бұл  ХІV  ғасыр  аясында  немесе  әлде  ерте 
заманда    қазақ  жұртының    қалыптасу  процесінің  жүріп  жатқанын  көрсетеді.  Екіншіден 
Батый ханның (1208-1255) Қыпшақ даласында Үгедей қағанның бұйрығы бойынша таққа 
отырғанын  жазады.  Бұндағы  қыпшақ  даласы  ғасыр  асып,  түгелдей  қазақ  хандығы 
құрылған  соң  Қасым  ханның  билігіне  өткенін  Мұхаммед  Бабыр  да  Мұхаммед  Қайдар  да 
өз  еңбектерінде  жазады.  Мәселен  “Тарих-и  Рашиди”  еңбегінде:«Қасым  хан  түгелдей 
Қыпшақ  даласын  билігіне  алғаны  соншалық  Жошы  ханнан  кейін  ол  сияқты  ешкім 
билемеген еді.»,- делінген. Сол Қыпшақ даласы бүгін Қазақстан Республикасы болып, көк 
туын    желбіретіп,  әлем  елдері  арасында  өз  орнын  тапқан.  Бұл  тарихи  үрдістің  заңды 
сабақтастығы болып табылады. 
1542  -1546  жылдары  Кашмирде  парсы  тілінде  Мұхаммед  Қайдар  Дулат  тарапынан 
жазылған  Тарих-и  Рашиди  кітабы  өзге  жазба  деректерге  қарағанда  бірнеше 
артықшылыққа  ие.  Біріншіден:  Қазақ  елінің  хандық  саяси  жүйесі  1465  жылы 
құрылғандығы,  екіншіден:  Қазақ  елінің  территориясын  «Қыпшақ  даласы»екендігін 
нақтылап жазғандығы, Үшіншіден:Қазақ елінің мәдениеті мен тілінің негіздері жайын сөз 
еткендігі  аса  маңызды  болып  табылады.  Сондай-ақ,  Мұхаммед  Қайдар  Дулат  “Тарих-и 
Рашиди” еңбегінің алты әңгімесінде қазақты арнайы сөз етеді[1]. 
 
Әдебиеттер: 
1.Бабыр Захир ад-дин Мұхаммед. Бабырнаме.-Алматы: Жалын, 1990. - 328 б.
 
24 см. – 
Библиогр.:  320-927 б. –24000 дана. – ISBN 5-610-00441-1 (в пер.).  
2.Кәрібаев  Б.Б.  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихы.  -  Алматы:  Сардар,  2014.-  520  б.
 
22 см. – Библиогр.:  499-517 б. – 2000 дана. – ISBN 978-601-7174-51-4. (в пер.).     
3.Мұхамед  Хайдар Дулат. Тарих-и Рашиди.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2015.- 698 б.
 
22 
см. – Библиогр.:  597–614 б. – 5000 дана. – ISBN 9965-9219-0-3 (в пер.).    
 
 
 
 
 

40 
 
ӘОЖ 950 (574) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет