Issn 1607-2782 Республикалық



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата28.12.2016
өлшемі2,96 Mb.
#636
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Кілт сөздер:
 экономикалық қауіпсіздік, бюджеттік қолдау, сыртқы қатерлер, ішкі қатерлер, 
әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық. 
 
Аннотация
 
В  статье  рассмотрено  современное  социально-экономическое  положение  Казахстана, 
определяющее 
особую 
актуальность 
государственной 
деятельности  
по  
обеспечению  
экономической  безопасности ее регионов. 
В  настоящее  время  отмечается  тенденция  ослабления  функции  региональных  властных 
структур  по  управлению  хозяйствующими  субъектами.  Обострились  старые  и  проявились  новые 
проблемы  в  условиях  рыночной  экономики,  связанные  с  монополизмом  крупного  капитала, 
депрессивностью  регионов,  очаговой  безработицей,  территориальной  концентрацией  бедности, 
появлением незаконной миграции и других проблем. 
Своего 
решения 
требуют 
проблемы 
обеспечения 
экономической 
безопасности, 
предупреждения  новых  вызовов  и  угроз  экономической  безопасности  и  устойчивому  развитию 
регионов.  В  настоящее  время  ведется  поиск  новых  концептуальных  подходов  к  формированию 
методов  и  механизмов  защиты  экономических  интересов  государства,  субъектов  республики, 
предприятий  и  организаций,  сферы  государственной  и  предпринимательской  деятельности,  что 
находит свое выражение в стратегии социально-экономического развития регионов Казахстана. 
В  связи  с  этим,  особую  актуальность  приобретает  изучение  теоретических  основ 
обеспечения  экономической  безопасности  на  региональном  уровне  административного 
управления,  методологии  выявления  экономических  угроз,  обоснования  направлений  и 
региональной  политики  в  сфере  обеспечения  экономической  безопасности  как  механизма 
управления экономическими системами в современных условиях. 
Возникает  необходимость  в  исследовании  проблем  формирования  организационно-
управленческого механизма управления экономической безопасностью регионов на основе научно 
обоснованной региональной политики. 
Сущность   региональной   экономической   безопасности   заключается   в   возможности 
действенного   контроля   со   стороны   региональных   органов   управления   по   эффективному 
использованию     природных,   трудовых,   материальных,   финансовых   ресурсов,   ускорению 
экономического роста, повышению качества продукции,  конкурентоспособности  производства. 
Ключевые  слова:  Экономическая  безопасность,  бюджетная  поддержка,  внешние  угрозы, 
внутренние угрозы, социально-экономическая стабильность. 
 
Annotation 
The  article  reviewed  the  current  socio-economic  situation  in  Kazakhstan  defining  particular 
relevance government activities to ensure economic security of its regions. 

71 
 
Currently,  there  is  a  trend  of  weakening  the  functions  of  regional  authorities  to  manage  business 
entities. Aggravated old and new problems emerged in a market economy, associated with the monopoly 
of  big  business,  depressed  regions,  focal  unemployment,  territorial  concentration  of  poverty,  the 
emergence of illegal migration and other problems. 
There  is  a  need  to  examine  the  issue  of  formation  of  organizational  and  managerial  control 
mechanism of economic security of the region on the basis of evidence-based regional policy. 
The essence of regional economic security lies in the possibility of effective control by the regional 
government  for  the  effective  use  of  natural,  human,  material  and  financial  resources,  boost  economic 
growth, improve product quality, competitiveness of production. 
Key  words:  Economic  security,  budgetary  support,  external  threats,  internal  threats,  social  and 
economic stability. 
 
Экономикалық қауіпсіздік – экономикалық тәуелсіздігі  мен тұрақты дамуына  қауіп 
төндіретін  ішкі  және  сыртқы  факторлардан,  үдерістерден,  жағдайлардан  қорғау. 
Экономикалық қауіпсіздікке төнетін қауіп мемлекеттік жүйенің басқару жүйесінің негізгі 
буындарының  құлдырауы,  ұлттық  байлыққа  нұқсан  келу,  технологиялық  артта 
қалушылық,  қаржы-несие,  валюта  жүйесінің  бұзылуы,  ғылыми  әлеуметтік  регресс, 
қоғамның ыдырауы, конституциялық әлеуметтік және кепілдікпен адамдарды қамтамасыз 
ете  алмау  сияқты  ішкі  және  сыртқы  факторлардың  әсерінен  туындайтын  қауіптің 
мүмкіндігі.  Факторлар  –  үдеріс,  құбылыстардың  пайда  болу  жағдайы,  олардың  сипатын 
анықтайтын  жеке  белгілер,  нәтижелер,  ішкі  немесе  сыртқы  болуы  мүмкін,  бір  мезгілде, 
бір  немесе  бірнеше  бағытта  болуы  мүмкін.  Экономикалылық  қауіпсіздікке  әсер  ететін 
факторларға  табиғи,  техногендік  және  экологиялық  сипаттағы  төтенше  жағдайларды 
жатқызуға болады. 
Экономикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  стратегиясы,  негізгі  мақсаттары  мен 
оларға  қол  жеткізу  жолдары,  жалпы  қоғамның  әрекетінің  ортақ  бағыттылығын 
қамтамасыз  етуге  бағытталады.  Қазақстан  Республикасының  экономикалық  қауіпсіздік 
саясатының мақсаты - әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жағдайын жасау, 
негізгі  құндылықтарды  қорғау,  Қазақстан  халқының  өмір  сүруінің  материалдық 
негіздерін,  оның  құқықтары  мен  бостандықтарын,  республиканың  ішкі  және  сыртқы 
саясатына саяси қысым мүмкіндіктерін болдырмауға жағдай жасау. 
Экономикалық  қауіпсіздік  пен  тәуелсіздік  қойылған  мақсатқа  қол  жеткізуге 
бағытталған мемлекеттік шаралар мен кепілдіктердің  жүйесімен қамтамасыз етіледі, және 
одан мынадай міндеттер туындайды: 
1. Республикада экономикалық қызметтің тұрақты заңды базасын құру. 
2.Валюта  -  қаржылық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету,  ішкі  және  сыртқы  қарызды 
реттеу. 
3. Өндіріс, экспорт,импортты оңтайландыру. 
4.  Шетел  капиталын  пайдаланатын  кәсіпорындардың  құрылуы  мен  қызмет  істеуін 
реттеу. 
5.  Жабық,  құпия,  комерциялық  құпияны  және  басқа  да  ақпаратты,  меншіктік 
зияткерлікті қорғау жүйесін құру. 
6.  Экономикалық  қауіпсіздік  пен  тәуелсіздікті  қамтамасыз  етуге  жауапты 
мемлекеттік басқару органдарының   жүйесін құру [1]. 
Экономикалық  қауіпсіздік  мәселелерін  қарастыра  отырып,  оның  ішкі  және  сыртқы 
қатерлердің  бетін  қайтаруға  қабілетті  тұрақтылықты  сақтауға,  ұлттық  экономиканың 
қорғалушылығына бағдарланған ортақ міндеттерімен және өзгеше функцияларының өзара 
байланысты  жүйені  білдіреді.  Экономикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  үрдісі  ішкі 
және  сыртқы  қауіптерден  немесе  қатерлерден  қорғалу  механизмдерін  қалыптастыруға 
негізделген. Өйткені, экономикалық қауіпсіздік – ішкі-сыртқы экономикалық қатерлердің 
бетін 
қайтаруға 
қабілетті, 
экономикалық 
тұрақтылықты 
сақтау 
және 
ұлттық 
экономиканың  мемлекет  тарапынан  қорғалуына  бағытталған  өзара  байланысты 
экономикалық кешенді шаралардан тұратын динамикалы жүйені білдіретін экономиканың 

72 
 
жай-күйі ретінде анықталады. 
Жоғарыда  айтқандай,  экономикалық  қауіпсіздік  жағдайы  кері  шамалармен  – 
қауіптермен  анықталады.  Экономикалық  қауіпсіздік  қатерлері  деп  –  ішкі  және  сыртқы 
факторлардың (немесе олардың жиынтығы) әсерімен экономиканың негізгі буындарының, 
оның  басқару  жүйесінің  бұзылу  қаупі,  ұлттық  байлықтың  азаюы,  технологиялық  артта 
қалуы, қаржы-несиелік және валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми және әлеуметтік регресс, 
қоғамдағы интеграцияның бұзылуы, конституциялық әлеуметтік құқықты қамтамасыз ету 
мүмкіндігінің  жоқтығы  әсерінен  ситуациялық  дамудағы  потенциалдық  мүмкіндікті 
айтамыз.  Осылайша,  экономикалық  мүддеге  қатер  дұрыс  дамушы  қоғамдық  ұдайы 
өндірістің  жолын бұзатын экономикалық қауіптерді туғызады. Жалпы түрде оларды ішкі 
және сыртқы қауіптерге байланысты топтарға бөлуге болады  [2]. 
Қазақтан жағдайындағы ішкі экономикалық қатерлерге жататындар: 
- горизонтальді және вертикальді түрдегі шаруашылық байланыстардың бұзылуы; 
- шаруашылықтың техника-технологиялық базасының азаюы; 
- жұмыссыздық; 
- инфляция; 
- салық салудан көпшіліктің қашуы; 
- қазақстандық экономиканың монополизациясы; 
- экономиканың және қоғамның қылмысы; 
- ішкі және сыртқы қарыздың ірі көлемділігі; 
- валюталық ресурстардың азаюы. 
Қазақстандық  экономиканың  сыртқы  экономикалық  қатерлеріне  келесілерді 
жатқызамыз: 
-
 
импорттық тәуелділіктің өсуі; 
-
 
экономиканың тым ашық болуы; 
-
 
Қазақстанның  өзіндік  инициативасымен  табиғи  ресурстардың  нетто-экспортерына 
айналуы; 
-
 
экономикалық  динамиканың жаһандануы; 
-
 
халықаралық ұйымдар мен байланыстардың ролі; 
-
 
халықаралық еңбек бөлінісі мен сауданың динамикасы мен құрылымы [3]. 
Аталған  қауіпсіздік  факторлары  (қауіптері)  және  олардың  нәтижелері  өзара 
байланыстық жүйені құрағандықтан, әрбір фактордың жағдайының өзгеруі тікелей немесе 
жанама түрде экономикалық қауіпсіздікке әсер етеді. 
Жайсыз  ішкі  факторларды  саралауды  аймақтардың  ерекшелігін  де  ескеру  шарт. 
Оларға мыналарды жатқызуға болады: 
-
 
ауыл шаруашылығы моно бағытталуы; 
-
 
аяқ су дефициті; 
-
 
ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сақтау салаларының дамымауы; 
-
 
маркетингтік ақпараттық қызметтің жетілмеуі; 
-
 
ауыл шааруашылық техниканың моральдік есекеруі; 
-
 
ауыл шаруашылық материалдық-техникалық нарықтандыру жүйесінің жоқтығы; 
-
 
банктік несие тартудың лизингтік кепілінің жоқтығы; 
-
 
мал иннофонының аздығы; 
-
 
ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің төмен қабілетсіздерінің көп болуы; 
-
 
тұқым шаруашылығының жәй дамуы; 
-
 
топырақ  құнарлығының  баллының  түрлі  аймақтар  бойынша  көрсеткіші 
республикалыққа қарағанда 3,4 есеге төмен. 
Жайсыз факторлармен қатар агро азық-түлік саласының дамуына кедергілер 
келтіретін өзекті  мәселелерді де ескеру қажет: 
-
 
инженерлік  жоспарлы  жерлердің  өнімділігінің  төмендеуі,  жер  айналымынан 
шығуы; 

73 
 
-
 
гидротехникалық 
құрылыстардың 
могистральдық, 
шаруашылық, 
әшкә 
шаруашылық каналдар мен коллектерно-дреиондық аулардың ескіруі; 
-
 
мал  басының  сапалық  төмендеуі,  тәжірибелік  шаруашылықтардың  жойылуы; 
ауыл  шаруашылық  жолдарын  қолдан  ұрықтандыру  орындарын  жасау  үшін  айналым 
қаржылырының жоқтығы; 
-
 
ветеринарлық  қызмет  көрсетудің  төмендеуі  және  ауыл  шаруашылығындағы 
малдар ауруларының алдын алу қалыптаспағандығы; 
-
 
өтімділік кепілдің жоқтығы; 
-
 
мемлекет тарапынан қолдаудың жоқтығы; 
-
 
материалдық-техникалық  ресурстармен  ауыл  шаруашылық  өнімдеріне  зиян  баға 
диспоритеті; 
-
 
аграрлық өндірістердің өз-өзін ақтамауы; 
-
 
Сырдария өз шекара көлеміндегі су бөлісінің  шешілмеуі; 
-
 
азық-түлік импортына тәуелділік. 
Қызылорда  облысы  еліміздегі  аумағы    жағынан  үлкен,  бірақ  халқының  орналасу 
тығыздығы  жағынан  аз  қоныстанған  аймақтардың  бірі  болып  саналады.  Қызылорда 
облысының  2013ж.  1  қаңтарға  халқының  саны  –704,6  мың  адам.  2013  жылға  орташа 
жылдық  халқының  саны–695,2  мың  адам.  Облыстың    аумағы  -  226,0  мың  шаршы  км. 
Халықтың  тығыздығы–3,1  адам  1шаршы  км.  Халықтың  табиғи  өсімі–1000  адамға  21,32 
промилле. 
Өңір  экономикасы  үшін  негізгі  дамытушы  күштер  ретінде  мұнай,  газ,  ауыл 
шаруашылығы,  шағын  бизнестің  ролі  ерекше.  Біздің  облысымызда  мемлекеттік  баланс 
арқылы  көмірсутек  шикізатының  11  кеніші  тіркелген,  зерттелген  мұнай  қоры  58  млн. 
тоннадан  астам.  Оңтүстік-Торғай,  Арал    мұнай-газ  бассейндерінің  әлеуеті  жоғары  болып 
саналады. Бір ғана Арал бассейнде дәлелденген мұнай қорының көлемі 500 млн. тоннадан 
астам  болса,  болжамдық  қоры  –  2  млрд.  тоннаға  жуық.  Мұның  өзі  аймақтың  мұнай-газ 
әлеуетін  Каспий  маңындағы  бассейн  қорынан  кейінгі  екінші  орынға  шығарады.  Сондай-
ақ,  қорғасын,  мырыш,  уран,  кадмий,  германий,  алтын,  күміс,  темір  және  т.б. 
металлдардың  орасан  зор  қоры  тіркеліп  отыр.  Облыс  аумағында  мырыштың  жалпы 
қазақстандық қорының 15  пайызы,  қорғасынның 10  пайызы, уранның 14  пайызға дейінгі 
мөлшері шоғырланған. 
Қызылорда  облысының  аумағында  6  ірі  мұнай  компаниялары:  «ПетроКазахстан 
Кумколь  Ресорсиз»,  «Торғай  Петролеум»,  КазГермұнай»,  «Қуатамлонмұнай»,  «Қор», 
«СНПС-Айданмұнай»  мұнай  өндірумен  айналысады.  Олар  бірлесе  отырып, жылына  11,2 
млн.  тонна  мұнай  (Қазақстанда  әрбір  бесінші  тонна  мұнай  Қызылорда  облысында 
өндіріледі), 1 млрд. кубометр ілеспе газ өндіреді. 
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша стратегиялық міндеттердің  бірі  - елдің азық-
түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету.  Облыс  халқын  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету 
бағытында  жыл  сайын  облыс  бойынша    230  мың  тоннадан  аса  күріш  салысы,    90  мың 
тоннаға  жуық  картоп,  80  мың  тоннадай  көкөніс,  100  мың  тоннадан  аса  бақша,  15  мың  
тоннадан аса ет, 70 мың тонна сүт, 30 млн. данадай жұмыртқа өнімдері өндіріліп келеді. 
Ұлттық тұтыну нормасы бойынша облыс халқының бір жылдағы қажеттілігі күрішке 
1,5 есеге, картопқа 1,9 есеге,   көкөніс-бақшаға 3,0 есеге артық. Сонымен қатар, сиыр, қой, 
құс  еттеріне,  сүтке,  жұмыртқаға  қажеттілікті  жергілікті  өндіріс  толық  қанағаттандыра 
алмайды. Жетіспейтін өнім көлемі республиканың өзге өңірлерінен тасымалданады [4]. 
Сондықтан да мемлекеттік және жеке секторлардағы мал басын арттыру міндеттері 
күн тәртібінен түскен емес. 
Дегенмен  де,  өңірдің  зор  экономикалық  әлеуеті  бола  тұра,  сыртқы  экономикалық 
байланыстарды өз мәнінде дамытуға кедергі келтіретін бірқатар мәселелерді атап өтпеске 
болмайды. Олардың қатарында: 
-
 
облыс инфрақұрылымының даму деңгейінің артта қалушылығы; 
-
 
өндіруші өнеркәсіп өнімдерінің бәсекеге қабілетсіздігі; 

74 
 
-
 
басқа елдермен шаруашылық байланыстарын қалыптастыру ісінің әлсіздігі; 
-
 
өңір экономикасын дамытуға қатысты жобалар мен шешімдердің жоғары үкіметтік 
деңгейде  қабылданып,    әсіресе  инвестиция  тарту  мәселесінде,  жергілікті  басқару 
органдарының  инвесторлар  алдындағы  қауқарсыздығы  және  тағы  да  басқа  көптеген 
мәселелер бар. 
Елімізде тұрақты дамудың негізгі индикаторлары ретінде келесі көрсеткіштер есепке 
алынады: жұмыссыздық деңгейі, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, салықтық 
түсімдер, инвестиция көлемі, тұрғындардың көші-қоны, өнеркәсіп пен ауыл 
шаруашылығының даму, экология мен тұрғындар денсаулығының көрсеткіштері. 
Қазақстанның тұрақты дамуы тек оның барлық өңірлерінің тұрақты дамыған жағдайында 
ғана мүмкін. Сондықтан да, өңірлік даму тұрақтылық, әлеуметтік бағыттылық сияқты 
индикаторлармен тікелей байланысты. 
Өңірдегі  әлеуметтік-экономикалық  ахуалды  талдауықтимал  қауіп-қатерлерді 
анықтауға  және  бағалауға,  сонымен  бірге  қауіп-қатер  ықпалын  төмендететін  қажетті 
бағдарлы-мақсаттық  шараларды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  экономикалық 
қауіпсіздік  индикаторларына  сүйенуі  тиіс.    Өңірдің  экономикалық  қауіпсіздігіне  ықпал 
ететін қауіп-қатерлер жүйесін төмендегідей кестеден көруге болады (1-кесте): 
 
Кесте 1 - Өңірдің экономикалық қауіпсіздігінің ішкі қауіп-қатерлері 
 
Қауіп-қатерлер 
Қауіп-қатердің көрінуі 
1.
 
Өңір 
кәсіпорындарының 
негізгі 
қорларының 
жоғарғы 
деңгейде тозуға ұшырауы 
1.Өңірлік  және  республикалық  деңгейде  бәсекеге 
қабілетсіздік. 
2.  Өндіріс  құрал-жабдықтарын  тиімді  алмастыра 
алмау. 
3.Құрал-жабдықтардың 
амортизациясына 
жұмсалатын 
шығындардың 
есебінен 
өндірілген 
өнімнің жоғарғы құны. 
2.
 
Өңірлік 
өнеркәсіптік 
кәсіпорындардың 
төменгі 
рентабельдігі  (мұнай  өндірумен 
айналысатын 
монополист 
кәсіпорындардан басқа) 
1.
 
Өндірісті мәжбүрлі түрде қысқарту, жабылуы. 
2.
 
Өңірде 
жұмыссыздықтың, 
әлеуметтік 
шиеленістердің өсуі 
3.Өңірдің  экономикалық  дамуын 
бюджеттік  қолдаудың  төмендігі 
(республикалық  және  жергілікті 
бюджет тарапынан) 
1.Өңірлік  инфрақұрылым  мен  өндірісті  дамытуда 
бюджеттік жобаларды жүзеге асыра алмау. 
2.Әкімшілік 
басқарудың 
түрлі 
деңгейлерінде 
бюджеттік 
құралдардың 
талан-таражға  түсуінің 
жоғары деңгейі 
Ескерту – автордың құрастыруы 
 
Аумақтың экономикалық қауіпсіздігінің артуы басқарушы органдардан мемлекеттік 
және  аймақтық  бағдарламалар  арқылы  қолдауды,  мемлекеттік  тапсырыстарды 
орналастыруды, ірі өңірлік инвестициялық жобаларға қатысуды талап етеді. 
Өңірлік  қауіпсіздікке  әсер етуші  қауіп-қатерлердің  келесі  бір түрі  сыртқы қатерлер 
болып табылады (2-кесте). 
 
Кесте 2 – Өңірлік экономикалық қауіпсіздіктің сыртқы қауіп-қатерлері 
 
Қауіп-қатерлер 
Қауіп-қатердің көрінуі 
1.Өңірлік  экономикалық  жүйелердің  шет 
елдік  капиталдан,  азық-түлік  және  құрал-
жабдықтар 
импортына 
тәуелділік 
1.
 
Өңірлік өндірістің қысқаруы 
2.
 
Тұрғындардың  табыс  деңгейіне  сәйкес 
келмейтін  қызмет  көрсету    саласында 

75 
 
деңгейінің артуы 
 
бағаның  өсуі,  ойын-сауық  индустриясының 
дамуы  және  оның  айналасына  криминалды 
құрылымдардың шоғырлануы 
3.
 
Сапасы 
төмен 
және 
гендік 
модификацияланған 
өнімдерді 
тұтыну 
салдарынан  тұрғындардың  денсаулығының 
нашарлауы 
2.Бәсекеге  қабілетсіздік салдарынан  өңірлік 
өндірістің қысқаруы 
1.  Жұмыссыздықтың  өсуі,  тұрғындардың 
кедейленуі 
3.  Өңірлік  экономикалық  және  саяси 
әлеуметтік  сепаратизм  үрдістерінің  белең 
алуы 
1. Жуық 20-30жыл шамасында мемлекеттің 
ыдырауы 
2.Ұлтаралық,  конфессияаралық,  этникалық 
қақтығыстар салдарынан ірі шиеленістердің 
орын алуы 
Ескерту – автордың құрастыруы 
 
Экономикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудегі  өңірлік  саясаттың  басым  бағытары 
ретінде: 
-
 
өңір  тұрғындары  үшін  өмірлік  маңызы  бар  кәсіпорындар  мен  инфрақұрылым 
объектілерін мемлекет тарапынан қолдау; 
-
 
тұрғындардың  қалыпты  өмір  сүруі  үшін  қажетті  шарттарды  толығымен 
қалыптастыру; 
-
 
бүгінгі  күні  табысты  жұмыс  жасап  тұрған  кәсіпорындарды  қолдау,  сонымен  бірге 
аумақтық  еңбек  бөлінісі  жүйесінде  ұзақ  мерзімді  экономикалық  басымдылықтарға  ие 
өндіріс орындарын қаржылық қолдау жұмыстарын жүзеге асыру қажет. 
 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  2010-2015  жылдарға  арналған  Ұлттық  қауіпсіздік 
стратегиясы // Егемен Қазақстан, 2010. 
2.
 
Алпысбаева С., Токешова М. Бюджетно-налоговая безопасность как часть экономической 
безопасности государства // Саясат. - 2012. -№ 1.-С.9. 
3.
 
Молдабаев  С.Д.  Ашық  экономика  жағдайындағы  протекционизм  саясатының  орны  // 
ҚазЭУ хабаршысы. -2011.- № 5.-7б. 
4.
 
Қызылорда  облысының  2011-2015  жылдарға  арналған  әлеуметтік-экономикалық  даму 
болжамы. -Қызылорда, 2012. 
 
 
 
 
ӘОЖ 33:339.97. 338.1 
 
 «ЭКСПО–2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНІҢ КЕЙБІР ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
АСПЕКТІЛЕРІ
 
 
Г.И.МҰСАЕВА,
 экономика ғылымдарының магистрі, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы 
 
Аңдатпа
 
Мақалада  Қазақстанның  «Экспо  –2017»  халықаралық  көрмесін  ұйымдастырып  өткізудегі 
мақсаты мен міндеттері айқындалған. 
Көп  жылғы  тарихы  бар  «ЭКСПО»  көрмесі  техникалық  және  технологиялық  жетістіктерді, 
сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. Бұл көрме 
бүкіл  әлемдік  қоғамдастықтың  және  оны  тамашалаушы  миллиондаған  адамның  назарын  өзіне 

76 
 
аударатын  ірі  оқиға  болып  саналады.  Сонымен  қатар,  «ЭКСПО»  көрмесі  экономикалық, 
әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады. 
Елдің  «Жасыл»  экономикаға  көшу  стратегиясы,  оның  қоршаған  ортаға  әсері  мен 
экологиялық  ахуалды  сауықтырудағы  маңыздылығы  берілген.  «Жасыл»  экономикаға  көшу 
тиімділігінің  негізгі  факторлары  аталған.  «Экспо  –2017»  халықаралық  көрмесінің  тақырыбы 
болып таңдалған «болашақ энергиясының» артықшылықтары мен оны тәжірибеге енгізу жолдары 
зерделенеді. 
Табиғи  кеніш  көздері  сарқылып,  қоршаған  ортаның  ластануынан  адам  денсаулығының 
нашарлауы  күрт  өсті.  Бүкіл  әлемдік  қауымдастық  осыған  алаңдаулы.  «Жасыл»  экономика  бұл 
күрделі сұрақтардың басты шешімі болып табылады. Оны дамыту арқылы зиянды қалдықтардың 
ауаға  таралуын  қысқарту,  табиғи  қорларды  үнемдеп  тұтыну,  энергия  тиімділігін  арттыруға  қол 
жеткіземіз. Жаңа экономиканың стратегиясы табиғи технологиялардың дамуына инвестицияларды 
тартып, ел экономикасын жаңа белеске жеткізеді. Экологияға бағытталған «жасыл» экономиканың 
жарқын болашағы бар. 
Сонымен  қатар,  мақалада  «Экспо  –  2017-нің»  экономикалық  тиімділігі  мәселелері 
қарастырылған.  Жаңа  экономикалық  стратегиясының  табиғи  технологиялардың  дамуына 
инвестицияларды  тарту  мүмкіндігі,  ел  экономикасының  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға  ықпал 
ететіндігі айтылған. 
Кілт  сөздер
:  «Экспо  –  2017»,  «болашақ  энергиясы»,  «жасыл»  экономика,  стратегия, 
инновация, инвестиция, стратегия. 
 
Аннотация
 
В  данной  статье  определены  цели  и  задачи  организации    и  проведения    Казахстаном 
международной выставки «Экспо -2017». 
Имеющая многолетнюю историю выставка «ЭКСПО» проводится для показа технических и 
технологических достижений, а также истории, традиции и культуры ведущих стран. Эта выставка 
является  крупным  событием,  которое  обратит  внимание  всемирового  сообщества  и  миллионы 
людей.  Также,  выставка  «ЭКСПО»  служит  площадкой  для  формирования  и  развития  новых 
экономических, социальных, культурных тенденций. 
Рассмотрены  стратегия  перехода  страны  к  «зеленой»  экономике,  ее  влияние  на 
окружающую  среду  и  значение  в  оздоровлении  экологической  ситуации.  Перечислены  основные 
факторы  перехода  к  «зеленой»  экономике.  Изучены  привилегии  и  пути  внедрения  в  практику 
«энергии будущего», которая выбрана темой международной выставки «Экспо -2017». 
С  каждым  годом  природные  источники  сокращаются  и  от  загрязнения  окружающей  среды 
здоровье  человека  резко  ухудшается.  Все  всемирные  ассоциации  озабочены  этими  явлениями. 
«Зеленая»  экономика  является  главным  решением  этих  сложных  вопросов.  Развивая  «зеленую» 
экономику,  можно  сократить  распространение  в  воздухе  вредных  выбросов,  рациональное 
использование  природных  ресурсов  и  повышение  эффективности  энергии.  Стратегия  новой 
экономики способствует привлечению инвестиции к развитию природных технологий. «Зеленая» 
экономика, направленная на экологию, имеет большие перспективы. 
Кроме того, в статье рассмотрены проблемы экономической эффективности «Экспо -2017». 
Автором  также  изложены      возможности  стратегии  новой  экономики  в  привлечении  инвестиции 
на  развитие    природных  технологий  и  влияние  повышения  конкурентоспособности  экономики 
страны. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет