Issn 1607-2782 Республикалық



жүктеу 2.96 Mb.
Pdf просмотр
бет11/18
Дата28.12.2016
өлшемі2.96 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

Ключевые  слова
:  «Экспо-2017»,  «энергия  будущего»,  «зеленая»  экономика,  стратегия, 
инновация, инвестиция, стратегия. 
 
Annotation 
In this article definite purposes and tasks of the organization of carrying out by Kazakhstan of the 
international  exhibition  "Expo-2017".  Having  long-term  history  the  exhibition  of  "EXPO"  is  conducted 
for a show technical and technological achievement, and also histories, traditions and cultures of leading 
countries.  This  exhibition  is  a  large  event,  that  will  pay  attention  and  millions  of  people  world 
community. And also, the exhibition of "EXPO" serves as a ground for forming and development of new 
economic, social, cultural tendencies. 
Its  influence  on  environment  and  value  in  improvement  of  an  ecological  situation  is  considered 
strategy of transition of the country to "green" economy. Major factors of transition to "green" economy 
are listed. Privileges and  ways  of  introduction to practice "energy  of the  future"  which  it  is chosen as a 

77 
 
subject of the international exhibition "Expo-2017" are studied. 
With  every  year natural sources  grow short and  from  contamination  of  environment the  health  of 
man gets worse sharply. All world associations are concerned by these phenomena. A "green" economy is 
the main decision of these stumpers. Developing a "green" economy it is possible to shorten distribution 
in  mid  air  of  harmful  extrass,  rational  use  of  natural  resources  and  increase  of  efficiency  of  energy. 
Strategy  of  new  economy  assists  bringing  in  of  investment  on  development  of  natural  technologies. 
"Green" economy, sent to ecology, have large prospects. 
Besides, problems of economic efficiency "the Expo-2017" are considered. By the author it is also 
stated to possibility  of strategy of  new  economy  in attraction  of an investment  on  developments  natural 
technologies and influences of increase of competitiveness of national economy. 
Key  words:  "Expo-2017",  "energy  of  the  future",  "green  economy",  strategy,  innovation, 
investment, strategy. 
 
Кезекті  «Экспо-2017»  халықаралық  көрмесін  өткізетін  ел  мәртебесі  Қазақстанның 
елордасы  Астана  қаласына  бұйырғандығы  2012  жылдың  22  қарашасында  Францияның 
астанасы  Париж  қаласында  өткен  ХКБ-нің  EXPO  халықаралық  бюросы  Бас 
ассамблеясының  152-ші  сессиясы  барысында  белгілі  болды.  Жасырын  дауыс  беру 
қорытындысы  бойынша  ХКБ-ның  103  мүше-мемлекеті  Астана  қаласына  дауыс  берсе, 
біздің  бәсекелесіміз  бельгиялық  Льеж  қаласы  44  дауыс  жинаған.  Біздің  елдің 
ұйымдастырушыларының  тарапынан  ұсынылған  Future  Energy,  яғни  Болашақ  қуаты 
тақырыбы  сарапшылардың  көпшілігінің  көңілінен  шығып,  «Экспо-2017»  халықаралық 
көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты [1]
 Қазақстан  тарапынан  барған  ұйымдастырушылар  Астанада  өткізілетін  «ЭКСПО-
2017»  көрмесінінің  басты  тақырыбы  ретінде  «Болашақтың  энергиясы»  атты  тақырыпты 
ұсыну  себебі,  ол  ең  алдымен,  баламалы  энергия  көздерін  дамытуды  қоса  алғанда, 
энергетикадағы  сапалы  өзгерістер  жолы  мен  оны  тасымалдау  тәсілдерін  іздестіруге 
бағытталғандығы болып табылады.  
Екіншіден, орнықты энергиямен жабдықтау осы күнде жаһандық көлемдегі негізгі 
мәселе  болып  саналады  және  оны  шешу  экономикалық  өсімді  қамтамасыз  ету  және 
қоршаған ортаға келер зиянды төмендетуге септігін тигізеді.  
Үшіншіден,  Қазақстанның  бұл  тақырыпты  таңдауының  басты  негізі  -  еліміздің 
дәстүрлі  энергиялық  ресурстардың  елеулі  қорына  ие  бола  отырып,  баламалы  энергия 
көздерін  пайдалану  жөніндегі  шараларды  дәйекті  түрде  қабылдауда  және  «жасыл» 
экономика құру бағытын ұстанғандығы.  
ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ? 
ЭКСПО  –  индустрилиазацияның  символы.  Техникалық  жетістіктер  мен 
техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. 
«ЭКСПО»  көрмелерінде  әлемнің  барлық  мемлекеті  өздерінің  ең  үздік 
технологиялық,  ғылыми,  мәдени  жетістіктерін  көрсетеді.  Олар  жаһандық  дамудың  жаңа 
күн  тәртібін  қалыптастырады.  Мұндай  іс-шараға  барлық  құрлықтың  ондаған  елінен 
миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер 
емес. Оған бірнеше факторлар ықпал еткендігі аян: 
Біріншіден,  елордамыздың  әлемдік  деңгейдегі  шараны  лайықты  өткізе  алатын 
орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды. 
Екіншіден,  таңдаудың  Қазақстан  пайдасына  шешілуі  мемлекетіміздің  табыстары 
жоғары  бағаланғанын  білдіреді  және  Еуразия  өңірінде  де  оның  даму  келешегі  кемел 
екенін айғақтай түседі. 
Үшіншіден,  біздің  «Болашақтың  энергиясы»  атты  өзекті  тақырыпты  ұсынуымыз 
жеңіске жетуімізге көмектесті. 
Көп  жылғы  тарихы  бар  «ЭКСПО»  көрмесі  техникалық  және  технологиялық 
жетістіктерді,  сондай-ақ  оған  мүше  елдердің  тарихын,  дәстүрі  мен  мәдениетін  көрсету 
үшін өткізіледі. 

78 
 
Бұл  көрме  бүкіл  әлемдік  қоғамдастықтың  және  оны  тамашалаушы  миллиондаған 
адамның  назарын  өзіне  аударатын  ірі  оқиға  болып  саналады.  Сонымен  қатар,  «ЭКСПО» 
көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы 
қызметін атқарады. 
Ең алғашқы ЭКСПО Англияның принці Альберттің ұсынысы бойынша 1851 жылы 
Гайдпаркте  өткен  болатын.  Хрустальды  сарайда  орын  алған  ЭКСПО-ның  тақырыбы: 
«Барлық  ұлттардың  өнеркәсіптік  жұмыстарының  ұлы  көрмесі»  болып  аталды. 
Сенсеңіздер,  дәл  сол  көрмеден  кейін  халықаралық  аренада  дизайн  мектептері,  туризм 
саласы  және  өндіріс  өнері  пайда  болды.  Осы  көрме  халықаралық  сауданың  жандануына 
септігін тигізді. Одан кейін 1855, 1878 жылдары Парижде, 1939 жылы Нью-Йоркте, 1985 
жылы  Цукуба  –  Жапонияда,  1992  жылы  Севилья  –  Италияда,  1998  жылы  Лиссабон  – 
Португалияда,  2000  жылы  Шанхай  –  Қытайда  ЭКСПО  халықаралық  көрмелері  болып 
өткен. 
Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге 
қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша 
жұртты  тәнті  етеді.  Әсіресе,  қазіргі  таңда  сұранысқа  ие  балама  энергия  көздерін  алу 
мақсатындағы  құрылғылармен  таныстырады. Сарқылмайтын  энергия  көздеріне  жататын: 
күн  сәулесі,  жел,  жер  асты  сулары  арқылы  энергия  алу  болашақта  адамзатқа  қажетті 
ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық 
екені білінеді. 
EXPO-2017  жылы  10  маусым  мен  10  қыркүйек  аралығында  өтеді.  Халықаралық 
көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл 
көрмеге  5  млн.-нан  астам  адам  келеді  деп  жоспарлануда.  Әрбір  келген  адам  130$  ақша 
әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520-910 млн.-ға дейін жоспарлануда. 
Ал,  енді  бұл  көрменің  бізге  қандай  әлеуметтік  тұрғыда,  экономикалық  тұрғыда 
пайдасы бар екен? Біртіндеп, жауабын қарастырайық. 
Біріншіден,  еліміздегі  техника  саласының  дамуы.  Қазақстанда  балама  энергия 
көздерін  пайдаланатын  аймақтар  бар.  Мысалы,  Алматы  қаласының  маңында  жер  асты 
ыстық сулары бар, Жоңғар қақпасынан жел энергиясын алуға болады және Байқоңырдың 
орналасу  траекториясы  күн  энергиясын  алуға  қолайлы  жер.  Ендеше,  болашақта 
энергиядан тапшылық көрмеу үшін «Болашақ энергиясы» атты көрменің бізге берері мол. 
Екіншіден, бізге түсетін ақшалай пайда көрсеткіштерін жоғарыда жазған едім. Оны 
қуаттау  үшін,  өзге  елдердің  көрмеден  алған  пайдасын  санап  көрелік.  2000  жылы 
Шанхайда  өткен  көрмеден  түскен  пайда  12  млрд  $  болса,  Ганноверде  өткен  көрменің 
пайдасы  350  млн  еуроға  жеткен.  Біздің  мемлекетке  де  айтарлықтай  пайданың  болары 
айдан анық. 
Үшіншіден,  өзге  елдермен  достық  қатынастарымыз  нығаяды.  Оның  көрсеткіші 
ретінде, қазіргі уақытта Қазақстан Германия мемлекетімен көрмеге дайындықты бастады. 
Германия  бізге  құрылыс  саласында  тәжірибелерімен  бөлісуде.  Бұл  инициативаны 
немістер  бастаған  еді.  Соның  төңірегінде  елімізде  жаңадан  жұмыс  орындары  ашылуда. 
Астана қаласында қонақүйлер салынуда. Бұл көрме аяқталғаннан кейін де қонақүйлеріміз 
Қазақстанның «әмиянын» толтыратыны қуантады. 
Төртіншіден, көрме кезінде жастарымыздың көңілдері көтеріңкі болары анық. Неге 
десеңіз? Қазіргі таңда жастарымыз «Work and travel» бағдарламасы бойынша шетелге тіл 
үйренуге кетіп жатыр. Бұл бағдарламаға қыруар ақша кететіні өкінішті. Ендеше, ЭКСПО 
уақытында тегін тәжірибеден өтуге мүмкіндік туады. 
Бесіншіден,  ЭКСПО  халықаралық  көрмесі  Қазақстанның  мәртебесін  күллі  әлемге 
паш етеді. Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде Қазақстанның жеңісі бізге 
деген қызығушылықтың барын көрсетеді. Бельгияға 44 дауыс, Қазақстанға 104 дауыстың 
берілгені  халықаралық  аренада  үлкен  қызығушылыққа  ие  екеніміз  және  өзіміздің 
мүмкіндіктерімізді көрсетудің алғашқы қадамы болды. 

79 
 
ЭКСПО  бізге  не  береді?  Оның  Қазақстан  үшін  қандай  пайдасы  бар?  Елдің 
дамуындағы экономикалық тиімділігі қандай? 
Біріншіден, бұл  еліміз  үшін  үлкен  абырой  болмақ.  Ауқымы  жағынан  Олимпиада 
ойындары  мен  әлемдік  футбол  чемпионатынан  кейінгі  орында  тұрған  көрмені  ТМД 
кеңістігінде  тұңғыш  рет  Қазақстан  өткізгелі  тұр.  Бұл  бізге  берілген  сенім  квотасы  һәм 
Елбасының  дәрежесін  сыйлау  болса  керек.  Әрі  сыртқы  саясаттағы  табысымыз  бен  елді 
біріктіріп, тұтастыра түсетін уақыттық нышан. 
Екіншіден, Астанаға 3 айдың ішінде 5 миллионның үстінде адам келеді деп күтіліп 
отыр.  Бұл  миллиондардың  ішінде  инвесторлар  да,  туристер  де,  журналистер  де  болады. 
Демек,  Қазақстанға  ақпараттық  шу,  туристік  қызығушылық  һәм  инвестициялық  климат 
жағынан болсын, бұл көрме әбден тиімді. 
Үшіншіден, көрме  Астананың  инфрақұрылымына  үлкен  серпіліс  әкеледі.  Жаңа 
қонақүйлер салынады, жаңа жұмыс орындары ашылады, жеңіл рельсті трамвай жолдары 
салынып,  сауда-саттық  дамиды.  Шағын  және  орта  бизнес  өркендейді.  Және  бұл  көрме 
елдегі  новаторлық  рухты  жанудың,  ғылымға  ұмтылуға  құлшыныс  берудің  таптырмас 
тетігі.    
Төртіншіден, Астана  көрмесінің  бас  тақырыбы  –  «Болашақ  қуаты».  Жасыл 
технологияларды  дамыту,  балама  қуат  көздерін  табу  мәселесі  өзекті  боп  тұрған  заманда 
2017  жылғы  көрме  талай  бастаманы  іске  асыру  кілтіне  айналады.  Мысалы,  1939  жылы 
Нью Иоркте өткен әлемдік көрмеде Рузвельттің телеэкранда пайда болып, жиналғандарды 
таң қалдыруымен әлемде телевидение өрістей бастады. Ал Эдисонның фонографы үшінші 
Парих  көрмесінде  танымал  болып  кетті.  Ендеше,  Астана  көрмесінде  де  жаңа 
технологиялар мен ғылыми жетістіктердің бағы жанып кетеді деп білеміз. 
Бесіншіден, ЭКСПО-ны  өткізу  тарихына  қарасаңыз,  үлкен  көрмелердің  құрметіне 
әр ел өзінің техникалық мүмкіндігін паш ету үшін сәулет туындыларын салуға тырысқан. 
Мысалы,  алғашқы  ЭКСПО-дан  Лондонда  Хрусталь  сарайы  қалған  еді,  ол  1936  жылы 
өртке  оранып  кетті.  Парижде  Эйфель  мұнарасы,  Брюссельде  Атомиум,  Монреальда 
Хабибат деген ерекше тұрғын үй кешені тұрғызылғанын тағы білесіздер. Ендеше, Астана 
көрмесінде де сәулет тарихына ұялмай кіретін туындылар салынады деп сенейік.   
Алтыншыдан, көрме  өтіп  біткен  соң  қалған  павильондардың  біразы  ғылыми 
зертханалар, ғылыми орталықтар, зерттеу институттары ретінде қолданылады. Бұл туралы 
Сыртқы  істер  министрінің  орынбасары  Рәпіл  Жошыбаев  мәлімдеген  болатын.  Бұл 
павильондардың  негізінде  «Зерттеу  орталығы»  құрылып,  оны  «Назарбаев  университеті» 
АҚ-ына бекітіп береді [2].  
«Елдің  дамуының  «жасыл»  жолына  көшуіне  Астанадағы  алда  тұрған  «ЭКСПО-
2017»  қуатты  серпіліс  беруі  тиіс.  Астанада  ғылым  мен  техниканың  үздік  әлемдік 
жетістіктері  ұсынылатын  болады.  Көптеген  қазақстандықтар  біз  қол  созып  отырған 
«болашақтың  энергиясын»  өз  көзімен  көре  алады»  деді  Елбасымыз  «Қазақстан-2050» 
Стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында. 
Энергия 
– 
бұл  адамзат  тіршілігінің 
дамуына  жағдай 
жасаушы  және 
ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. 
Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді 
біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды 
туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтiк, экономикалық 
және  экологиялық  тұрақты  дамуының  нақты  жағдайларын  тiкелей  түрде  анықтайды. 
Технология  саласындағы  әр  түрлi  қуат  көздерін  оңтайландырумен  байланысты  ғылыми 
зерттеулер  мен  жетiстiктер  қоғамдастықтардың  функционалды  тәсiлдерiн  анықтап, 
энергетиканың тұрақты даму болашағын қалыптастырады. 
Елді  индустриялық-инновациялық  дамытудың  және  Астанада  «ЭКСПО-2017» 
халықаралық  мамандандырылған  көрмесін  өткізу  жоспарының  аясында  жаңаша  сипат 
алған  «Жасыл  экономиканы»  игерудегі  алғашқы  қадамдар  жасалды.  Елбасы  Қазақстан 

80 
 
Республикасының  Үкіметіне  «жасыл»  экономикаға  көшу  стратегиясын  дайындауды 
тапсырды. Премьер-министрдің өкімімен стратегияны әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды. 
Оның 
құрамында 
барлық 
мемлекеттік 
және 
жергілікті 
органдардың, 
ұлттық 
холдингтердің, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар. 
Стратегияның  негізгі  әзірлеушісі  болып  «Назарбаев  университеті»  ұсынылды. 
Сондай-ақ,  бас  кеңесші  ретінде  халықаралық  McKinsey  компаниясы  таңдалды.  Бұл 
компания  осыған  ұқсас  зерттеулерді  басқа  елдерде  де  жүргізген.  Стратегияны  дайындау 
жұмыстары  3  кезеңнен  тұрады.  Бірінші  кезеңде,  Қазақстан  экономикасы  жан-жақты 
зерттеледі  және  «жасыл»  экономикаға  не  үшін  көшу  керек  деген  сұраққа  жауап  беріліп 
оның қорытындылары өткен жылдың желтоқсанында жұмыс тобына ұсынылды. 
Қазір мамандар Стратегияны даярлауға көшті және жол картасын дайындап жатыр. 
Екінші кезеңнің жұмыстары сәуір айында аяқталады деп күтілуде [3]. 
Осы ретте, «жасыл» экономика ұғымына түсінік бере кетелік. «Жасыл» экономика 
–  Қазақстан  қабылдаған  халықаралық  міндеттемелерге  сәйкес  және  болашақ  ұрпақтың 
мүддесі  үшін  табиғи  шикізат  қорларын  тиімді  және  рационалды  қолдану  арқылы 
тұрғындардың  әл-ауқатының  артуына  жеткізетін  табысты  экономика.  Электр  және  жылу 
энергиясының генерациясы, газ  өндіру, су ресурстарын пайдалану, ауыл шаруашылығын 
тұрақты  дамыту,  өнеркәсіп  қалдықтарын  басқару  мен  тұтыну,  көлік  және  жол 
инфрақұрылымы «жасыл» экономиканың негізгі секторлары болып саналады. 
Қазақстан  күн  және  жел  энергетикасын  дамытуға  қолайлы  елдердің  бірі  болып 
табылады.  Жел  энергетикасының  тиімділі  еуропалық  одақ  елдерімен  салыстырғанда  екі 
есе  тиімді.  Күн  энергетикасы  жөнінен  әлемнің  ең  үздік  аймақтарымен  теңдесе  алады. 
«Жасыл»  экономикаға  көшу  тиімділігінің  бірнеше  факторы  бар.  Халықаралық  сараптама 
бойынша,  жасыл  жобаларға  салынған  инвестицияның  2/3-і  өзін-өзі  ақтаса,  1/3-і  бес  жыл 
көлемінде  шығынсыз  деңгейге  қол  жеткізеді.  Энергия  тиімділігінің  артуына  қарай 
инвестицияның  тиімділігі  50  пайызды  құрайды,  оның  өзін-өзі  ақтау  мерзімі  екі  жылға 
созылады.  «Жасыл»  экономикаға  салынған  инвестиция  активтердің  жылдам  өсіп  келе 
жатқан санатына кіреді. Мысалы, жаңғыртпалы энергия көздеріне салынған халықаралық 
инвестициялар  көлемі  жағынан  қазба  байлықтары  инвестицияларының  көлеміне 
жақындайды. 
Табиғи  кеніш  көздері  сарқылып,  қоршаған  ортаның  ластануынан  адам 
денсаулығының  нашарлауы  күрт  өсті.  Бүкіл  әлемдік  қауымдастық  осыған  алаңдаулы. 
«Жасыл»  экономика  бұл  күрделі  сұрақтардың  басты  шешімі  болып  табылады.  Оны 
дамыту  арқылы  зиянды  қалдықтардың  ауаға  таралуын  қысқарту,  табиғи  қорларды 
үнемдеп  тұтыну,  энергия  тиімділігін  арттыруға  қол  жеткіземіз.  Жаңа  экономиканың 
стратегиясы 
табиғи 
технологиялардың 
дамуына 
инвестицияларды 
тартып, 
ел 
экономикасын  жаңа  белеске  жеткізеді.  Экологияға  бағытталған  жасыл  экономиканың 
жарқын болашағы бар. 
 
Әдебиеттер: 
1. ҚР Президентінің баспасөз қызметінің мәлімдемесі.- Париж, 22 қараша, 2012. 
2. http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/4/42/Expo2017.  
3. Ғаламтор ресурстары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

81 
 
УДК: 551.462: 551.799 (262.9) 
 
СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ СИСТЕМЫ УПРАВЛЕНЧЕСКОГО УЧЕТА 
 
С ПОМОЩЬЮ ПОВЫШЕНИЯ РЕЛЕВАНТНОСТИ ИНФОРМАЦИИ
 
 
С.К.СУЛТАНОВ, 
 
Международная Академия Бизнеса, г.Алматы, Республика Казахстан 
 
Аннотация
 
В  статье  рассмотрена  возможность  использования  релевантной  информации  в  целях 
совершенствования  системы  управленческого  учета.  Сущность  релевантной  информации 
раскрывается  как  информация,  используемая  в  целях  принятия  обоснованных  управленческих 
решений  на  предприятии.  В  данной  статье  рассмотрены  такой  глобальный  тип  релевантной 
информации,  как  информация  о  переменных  затратах.  Релевантность  этой  информации 
предполагается  применять  в  процессе  осуществления  управленческими  кадрами  сравнения 
между  собой  нескольких  альтернативных  вариантов  путем  выбора  из  них  наилучшего  для 
достижения каких-либо управленческих целей. 
Статья  раскрывает  возможность  применения  информации  о  переменных  затратах, 
маржинальном  доходе  при  расчете  точки  безубыточного  производства,  при  планировании 
целевой  прибыли  предприятия.  Релевантная  информация  о  производственных  затратах 
позволяет  быстро  определить,  какой  объем  продукции  компании  необходимо  произвести  и 
реализовать  для  получения  желаемой  величины  прибыли  в  планируемом  периоде.  Статья 
раскрывает методику маржинального анализа (анализа безубыточности), которая направлена на 
выявление 
максимально 
эффективного 
соотношения 
постоянных 
и 
переменных 
производственных  затрат.  Методика  маржинального  анализа  с  математической  точки  зрения 
исследуется, как расчет математической зависимости между прибылью, объемом производства 
и производственными затратами предприятия. 
Кроме  того,  в  статье  доказано,  что  при  применении  метода  расчета  точки 
безубыточности,  руководство  предприятия  может  определить  величину  дохода  от  реализации 
продукции,  который  необходим  для  покрытия  всех  затрат  и  достижения  запланированной 
рентабельности в панируемом периоде. 
Статья включает в себя практический пример, на основе которого можно изучить процесс 
применения  релевантной  информации  на  казахстанском  предприятии  в  целях  определения 
безубыточного уровня производства продукции. 
Ключевые  слова:
  релевантная  информация,  переменные  затраты,  маржинальный  доход, 
маржинальный анализ, точка безубыточности, безубыточность. 
 
Аңдатпа
 
Мақалада басқарушылық есебінің жүйесін жетілдіру мақсатында орынды ақпаратты қолдану 
мүмкіндігі  қарастырылған.  Орынды  ақпараттың  мәні  мекемелерде  негізделген  басқарушылық 
шешімдерді қабылдау мақсатында қолданылатын ақпарат ретінде айқындалады. Аталған мақалада 
орынды ақпараттың сондай ғалами түрі сияқты өзгермелі шығындар жайлы ақпарат қаралған. Осы 
ақпараттың  орындылығы  қандай  да  бір  болмасын  басқарушылық  мақсатқа  жету  үшін  олардың 
ішінде  өзара  бірнеше  альтернативті  нұсқаларын  салыстырып,  ең  жақсысын  таңдау  арқылы 
басқарушылық кадрлармен іске асыру жүйесінде қолдану болжанады. 
Мақала,  мекеменің  мақсатты  кірісін  жоспарлау  кезінде,  төменгі  шекті  табыста  өндірістің 
залалсыздық  межелі  есебін  жасау,  өзгермелі  шығын  туралы  ақпаратты  қолдану  мүмкіндігін 
айқындайды. Өндірістік шығындар туралы орынды ақпарат жоспарлы кезеңде қалаулы мөлшерде 
табыс  алу  үшін  компанияның  қандай  көлемде  өнімін  өндіру  және  өткізу  қажеттігін  тез  арада 
анықтауға  мүмкіндік  береді.  Мақала,  тұрақты  және  өзгермелі  өндірістік  шығындардың  барынша 
тиімді  арақатынасын  анықтауға  бағытталған  төменгі  шекті  табысты  (залалсыздықты)  талдау 
әдістерін айқындайды. Төменгі шектілік әдістемесі математикалық тұрғыдан қарағанда, мекеменің 
өндірістік  шығындары  және  өндіріс  көлемі,  табыс  арасындағы  математикалық  тәуелділік  есебі 
ретінде зерттеледі. 
Сонымен  қатар,  мақалада  мекеме  басшылығы  заласыздық  межелі  есебінің  әдісін  қолдану 
кезінде  есепті  кезеңде  жоспарланған  пайдалылыққа  қол  жеткізу  және  барлық  шығындарды  жабу 
үшін қажетті өнімді өткізуден түскен табыстың көлемін анықтай алатындығы дәлелденген. 

82 
 
Мақалаға  енгізілген  тәжірибелік  мысал  негізінде  өнім  өндірудің  залалсыздық  деңгейін 
анықтау  мақсатында  қазақстандық  мекемелерде  орынды  ақпаратты  қолдану  жүйесін  үйренуге 
болады. 
Кілтті  сөздер:
  орынды  ақпарат,  өзгермелі  шығындар,  төменгі  шекті  табыс,  төменгі  шекті 
талдау, заласыздық межелі, зиянсыздық. 
 
Annotation 
The article is considered with the ability to use relevant information in order to improve the system 
of management accounting. The essence of the relevant information is disclosed as the information used 
to  make  informed  management  decisions  at  the  company.  This  article  describes  such  a  global  type  of 
relevant information, such as information of variable costs. The relevance of this information is supposed 
to be used in the implementation of managerial personnel comparison between several of alternatives by 
choosing one of the best to achieve some administrative purposes. 
The  article  reveals  the  ability  to  use  information  about  variable  cost  margin  income  when 
calculating the breakeven point production, the planning target of company profits. Relevant information 
about  production  costs  allow  you  to  quickly  determine  what  volume  of  the  company's  products  are 
necessary  to  make  and  implement  to  achieve  the  desired  amount  of  profit  in  the  planning  period.  The 
article reveals the method of marginal analysis (break-even analysis), which aims are  to identify the most 
effective ratio of fixed and variable production costs. Margin analysis method from a mathematical point 
of  view  explores  how  mathematical  relationship  between  profit  calculation,  the  production  volume  and 
production expenses of an enterprise. 
Moreover, the article  proves that the application of the method of calculating breakeven point, the 
company's  management  may  determine  the  amount  of  income  from  the  sale  of  products,  which  is 
necessary to cover all costs and to achieve the planned of profitability in planning period. 
The article  includes a practical example, based  on  which  you can  explore the process  of applying 
the relevant information in the company of Kazakhstan to determine the break-even level of production. 
Каталог: Docs
Docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
Docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
Docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
Docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет