Issn 1607-2782 Республикалық



жүктеу 2.96 Mb.
Pdf просмотр
бет14/18
Дата28.12.2016
өлшемі2.96 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

КОНЦЕПТ ЖӘНЕ МАҒЫНА
 
 
М.К.МАМЫРБАЕВА, Ш.Т.ЕСЕМБЕКОВА, Ш.К.АБАДИЛДАЕВА
педагогика 
ғылымдарының магистрлері, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы 
 
Аңдатпа
 
Концепт пен мағынаның арақатынасын ұғыну маңызды. Когнитивті лингвистиканың зерттеу 
нысаны  ретінде  әрі    акустикалық  және  заттық–жағдаяттық  бейнелер  тоғысуынан  мағыналық 
семантиканы  талдау  тәсілі  ретінде  түсіндіріледі.  Концептер  заттық  және  жағдаяттық  образдар 
арқылы  беріледі.  Мағына  үшін  авторлар  мағына,  десигнат,  семема,  ал  концепт  үшін  денотат, 
мазмұн, концептті қолданады. 
Денотат,  мазмұн  ,  концепт  ұғымдарына  келсек,  бұл  терминдерді  былайша  жіктейміз: 
денотат-сыртқы  әлемнің  вербалдануы,  ал  концепт  дегеніміз  сыртқы  әлемдегі  нысандар  мен 
жағдаяттық  бейнелердің  вербальды  және  бейвербальды  жиынтығы.    Концепт  пен  мағынаның 
арақытынасын  ажырату    екеуі    мәнмәтінде  қатар  келгенде  пікірталас  туғызады.  Адам  санасында 
объективті  және  субъективті  ақиқатты  бейнелейді.  Концепт  пен  мағына,  екеуі  де,  шынайы  
дүниені сипаттайды. 
Екі  құбылыста  та  когнитивті  санадағы  адамның  шынайылықты  бейнелеуі  мен  тануының 
нәтижесі болып табылады. 
Когнитивті  белгілер  концепт  мазмұнын  құрайды  әрі  шынайы  өмірдегі  құбылыстардың 
белгілі  бір  жақтарын  айқындайды.  Сөз  мағынасы  да,  семема  да  когнитивті  сипатқа  ие.Ол  мәнін 
ашатын жекелеген танымдық белгіге ие семадан тұрады. 
Мақалада  концепт  пен  мағынаның  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтары  көрсетіліп, 
концептуалдық және семантикалық талдау жасалады. 
Кілт сөздер:
 концепт,  мағына, семема, денотат, дисигнат. 
 
Аннотация
 
Осмыслить  соотношение  концепта  и  значения  слова  очень  важно,  так  как  от  этого  зависит 
как определение предмета когнитивной лингвистики, так и разработка методов анализа семантик 
значения, помещаются в области пересечения сферы акустических образов и образов предметов и 
ситуаций. Концепты  помещаются  только  в  области  образов  предметов  и  ситуаций.  Для  значений 
разные  авторы,    используют  термины  значение,  десигнат,  семема,  а  для  концептов  -  денотат, 

104 
 
смысл, концепт. 
Что  касается  терминов  денотат,  смысл,  концепт,  то  мы  их  разграничиваем:  денотаты  - 
вербализованные  внешнего  мира,  а  концепты  -  совокупность  всех  вербализованных  и 
невербализованных  образов  предметов  и  ситуаций  внешнего  мира  и  языка.  Сложности  в 
разграничении  значения  и  концепта  определяются  в  зоне  их  пересечения,  они  и  требуют 
развернутого обсуждения. 
Сознание  человека,  локализуясь  в  мозге,  отражает  объективную  и  субъективную 
действительность. 
Концепт  и  значение  в  равной  мере  представляют  собой  отражение  действительности 
(объективной  и  субъективной).  Оба  явления  -  значение  и  концепт  -  когнитивной  природы,  оба 
представляют собой результат отражения и познания действительности сознанием человека. 
Когнитивные  признаки,  образующие  содержание  концепта,  отражают  определенные 
стороны  явлений  реальной  действительности.  Значение  слова,  семема,  также  имеет  когнитивный 
характер  -  оно  состоит  из  сем,  репрезентирующих,  представляющих  в  речи  отдельные 
когнитивные признаки, образующие содержание концепта. 
Ключевые слова:
 концепт, значение, семема, денотат, дисигнат, 
 
Annotation 
Comprehend  the  relation  of  the  concept  and  meaning  of  the  word  is  very  important  because  it 
affects  how  the  definition  of  the  object  of  cognitive  linguistics  and  the  development  of  methods  for  the 
analysis  of  semantics  values  are  placed  in  the  area  of  intersection  of  the  sphere  of  acoustic  images  and 
images  of  objects  and  situations.  Concepts  are  placed  only  in  the  images  of  objects  and  situations.  For 
meaning    different  authors  use  the  terms  designatum  sememe,  and  for  concepts  -  denotation,  meaning, 
concept. 
As  regards  the  terms  denotation,  meaning,  concept,  we  draw  the  line  of:  denotations  -  verbalized 
the  outside  world,  and  concepts  -  all  the  verbalized  and  unverbalized  images  of  objects  and  situations 
outside world. 
Difficulties in the differentiation of meaning  and concepts are defined in the zone of intersection, 
they require extensive discussion. 
Human consciousness is localized in the brain reflects the objective and subjective reality. 
Concept  and  meaning  equally  represent  a  reflection  of  reality  (objective  and  subjective).  Both 
phenomena  -  the  meaning  and  concept  -  a  cognitive  nature,  both  are  the  result  of  reflection  and 
understanding reality human consciousness. 
Cognitive  signs  forming  the  content  of  the  concept,  reflect  certain  aspects  of  the  phenomena  of 
reality.  Meaning,  sememe  also  has  cognitive  character  -  it  consists  of  seeds  that  represent,  in  a  speech 
representing individual cognitive symptoms that form the content of the concept. 
Key words: concept, semantics, sememe, denotation, designatum. 
 
Отандық  лингвокогнитологияда  концепт  пен  сөздің  лексикалық  мағынасының    
арақатынасы  әлі  де  өзекті.  Бұл  екі  ұғымның  арақатынасы  туралы  мәселені  алғаш  рет 
С.А.Аскольдов 1928 жылы жарық көрген «Концепт и слова » еңбегінде  көтерген болатын 
[1].  Ғылым  дамуының  қазіргі  кезеңінде  бұл  мәселе  В.В.Колесов,  В.Никитин, 
М.В.Нименова,  В.Д.Стернин,  В.Д.Попов  т.б.  көптеген  лингвистердің  еңбектерінде 
зерттелуде.  Концепт  пен  мағынаның  басты  айырмашылықтарының  бірі  олардың  ішкі 
мазмұнына  байланысты.  Концепт  пен  мағынының  арақатысы  олардың  категориалды 
статусынан  анықталады.  Мағына  –  тілдің  семантикалық  кеңістігінің  бірлігі,  яғни  нақты 
тілдің  мағыналар  жүйесінің  реттелген  жиынтығының  элементі.  Мағынаға  салыстырмалы 
түрде  белгілі  бір  қауымдастыққа    ғана    жалпылама  танымал  бірнеше  ғана  семантикалық 
белгілер  тән.  Сөздің  семантикасы  коммуникация  процесінде  халықтың  өзара  түсінісуін 
қамтамасыз етеді. Лексикалық мағына- байқалатын, көрінетін тілдік құрылым. Ал концепт 
–  ойлау  процесі  көріністерінің  басты  формасы  болып  табылады.  Ол  байқалмайтын 
күрделі,  көпжақты,  көпмағыналы  тілдік-  танымдық  конструкт.  Мағына  -  комуникация 
мақсатында  тілдік  белгімен  бекітілген  концептің  бір  бөлігі.  Концепт  пен  мағына  санада 
шындықтың  сәулеленуі нәтижесін  көрсететін  ой- танымдық құбылыс. Десек те, мағына - 
тілдік  сана  элементі,  концепт  –  когнитивтік  сана  элементі,  сәйкесінше  мағына  -  тілдің 

105 
 
семантикалық  кеңістігінің  бірлігі  болса,  концепт  концептосфера  бірлігі.  Концептің 
мазмұны сөздің лексикалық мағынасынан әлдеқайда кең және тереңірек, ол тек сана үшін 
өзекті  мағыналық  компоненттерді  ғана  қамтымайды,  сонымен  қатар    адамның  жалпы 
ақпараттық  базасын  бейнелейтін  зат,  нысан  немесе  құбылыс  жөнінде  оның  сөзінде 
байқала  бермейтін  энциклопедиялық  білімін  бейнелейтін  ақпаратты  да  қамтиды.  Тілдік 
мағына  -  тілдік  белгімен  бекітілген  семантикалық  кеңістік  кванты.  Концепт 
концептосфераның элементі ретінде нақты тілдік белгімен байланысты емес. 
Концепт  - адамның ойлау  кодының   басты бірлігі болып табылатын салыстырмалы 
түрде  реттелген  ішкі  структурасы  бар  жеке  тұлға  мен  қоғамның  танымдық  әрекетінің 
нәтижесін  көрсететін  әрі  бейнеленіп  отырған  зат  немесе  құбылыс  жөнінде  кешенді, 
энциклопедиялық  ақпаратты  бойына  жинаған,  берілген  ақпараттың  қоғамдық  санада 
интепретациялануы  мен  қоғамдық  сананың  құбылысқа  не  нысанға  арақатысын 
бейнелейтін дискретті ментальдық бірлік [2].  
Ю.Д.Апресян  концепт  мәселесі төңірегінде мынадай ой айтады: «Әрбір табиғи тіл 
дүниені  қабылдау  мен  қалыптастырудың  нақты  тәсілін  бейнелейді.    ондағы  мағына,  мән 
белгілі  бір  ұжымдық  философия  тәрізді  ой-пікір  жүйесіне  топтастырылады.  Дүниені 
концептілеу  тәсілі  әрі  әмбебеп,  әрі  ұлттық  ерекшеліктермен  толықтырылады.  Дүниеге 
деген  көзқарас  барынша  қарабайыр.  Ол  дүниенің  ғылыми  бейнесінен  ерекше,  бірақ  бұл 
қарапайым түсінік емес». 
 Ю.С.Степанов  концепті  «қатпарлы»  білім  дей  келе,  басты  үш  қатпарды  атап 
көрсетеді: нақты мағына (ішкі форма),  пассивті (тарихи), жаңа (өзекті және белсенді) [3].  
В.Н.Телияның  пікірінше,  концепт  –  бұл  адамзаттың  ақыл-ой  жемісі  және  ондағы 
құбылыстар  мен  болмыстар  идеалды.  ол  тек  тілге  ғана  емес,  адам  санасына  тікелей 
қатысты. Демек, концепт адам санасында танылған, бейнеленген білімді айқындайды. 
Тілдегі кез-келген сөз концепт бола бермейді. Концепт саны шексіз емес. Белгілі бір 
мәдениетте  өзекті  әрі  құнды,  толып  жатқан  тілдік  бірліктері  бар,  сол  тілдің  мақал- 
мәтелдері,  поэтикалық  және  прозалық  мәтіндерінің  тақырыптары  болып  табылатын 
ақиқат  құбылыстар  ғана  концепт  бола  алады.  Концептер  халықтың  мәдени  жадысының 
тасымалдаушысы,  сақтаушысы  деп  текке  айтылмаған.  Жоғарыда  концептің  қатпарлы 
құрылым  екені  атап  өтілді.  Олай  болса,  әр  түрлі  қатпар  түрлі  дәуірдің  мәдени  өмірінің  
көрінісі  мен    нәтижесінен  сыр  шертеді  деп  тұжырымдаймыз.  Мәдени  реңктілік  концепті 
ұғымнан  ажырататын  белгілірдің  бірі,  яғни  барлық  концептер  әмбебап  ретінде  де 
этникалық  ретінде  де  эмоциональды  болып  келеді.  Зерттеулер  концептің  ұғымнан 
тереңірек әрі бай екенін көрсетеді. Концепт адамның ментальдық әлеміне, мәдениеті мен 
тарихына жақын. Сондықтан да оның  ерекше сипаты болады. Концепт халықтың  рухани 
мәдениетін,  рухани  өмірінің  мәдениетін  бейнелейді.  Концепт    әрі  қарай  ойлануға, 
қиялдауға,  сөздің  эмоциональдық  аурасын  қалыптастыруға  мұмкіндік  қалдыра  отырып, 
сөздің мағынасын кеңейтеді. Концептер  жеке, микроконцептер, макроконцептер, ұлттық, 
өркениет концептері деген концептосфераны құрайды.   
Қазіргі  тіл  білімінде  ол  қайтадан  оралғандай  өзекті,  бірмәнді  анықтамасы  әлі 
қалыптаспаған.  Әсіресе,    ресей  лингвистері  концепт  ұғымына  баса  назар  аударуда. 
Концепттің  көмегімен  қатардағы  адам  сол  мәдениетті  тануға  мүмкіндік  алады.  Концепт 
бір  жағынан  ақпаратты  сақтайтын  бірлік  болса,  екінші  жағынан  этностың  мәдени 
ерекшелігін бейнелейді. 
Концепт  әлем  бейнесін  сипаттайтын  тілдік  және  мәдени  білімді,  көріністі, 
бағалауды  шоғырландыратын  ментальдық  бірлік.  Когнитивтік  ғылымда  концепт  үнемі 
өзгеріске  ұшырап  отыратын  ментальдық  бірлік  ретінде  қарастырылады.  Концептті 
қарастыру  үшін  ең  алдымен  ол  ұғымның  мағынасы  туралы  түсініктер  болуы  қажет. 
Концепт ментальды бірлік, 1) адам тәжірибесінің әдемі көрінісіндегі кішкентай бірлік; 2) 
ол білімді өңдеу, сақтау және жеткізудің негізгі бірліктері; 3) концепттің қозғалмалы шегі 
және  нақты  қызметі  бар;  4)  концепт  әлеуметтік  оның  ассоциативтік  өрісі  оның 
прагматикасын білдіреді; 5) мәдениеттің негізгі ұяшығы. Концепттер концептуалдық жүйе 

106 
 
құрай отырып, әлемді адамның басында, санасында, танымында көрсетеді, ал адам тілінің 
таңбалары осы жүйенің мазмұнын білдіреді [4].  
Концепт  сөз  мағынасынан  емес,  сөздің  сөздікте  берілген  мағынасы  мен  адамның 
өзіндік  және  халықтық  тәжірибелері  негізінде  қалыптасқан  мағыналардың  тоғысуынан 
туған  мағыналар  нәтижесі  болып  табылады.  Сөз,  мағына,  концептіні  өзара  ажырамас 
бірлікте  қарастыра  отырып,  біз  адамды  кірістірмей  қоя  алмаймыз.  Бұл  жерде  ең  басты 
нысан-адам,  оның  тәжірибесі,  танымы,  тілдік  қабілеті.  Адамның  мәдени  тәжірибесі 
неғұрлым  кең  және  бай  болса,  концепттің  әлеуеті  де  соғұрлым  бай  болады. 
Д.С.Лихачевтің  пікірінше  концепттің  байлығын  не  жұтаңдығын  жекелеген  адамның 
өзіндік  дара  мәдени  тәжірибесі,  дағдысы  мен  білімі,  ақпарат  қоры  анықтайды.  Концепт, 
біріншіден,  жалпы  адамзаттың,  сол  тілде  сөйлеуші  жеке  адамның  мәдени  тәжірибесіне, 
білім  қоры  мен  дағдысына  байланысты;  екіншіден,  концепт  көрінетін  нақты  жағдаятқа 
тәуелді.  Концептінің  кейбір  мүмкіндіктерін,  адресат  арқылы  қабылдануын  контекст 
белгілі бір жағдайда щектеуі мүмкін. Сонда концепт арқылы берілетін ментальды таным 
кейде тілдің шеңберінен де шығып кетеді. Бұл жерде контекстің тасасындағы «тілден тыс 
мағына» іске қосылады [5]. 
Концепт  терминін  талдау  барысында  бірқатар  зерттеушілер  оның  мәнін  егжей- 
тегжейлі  ашатын  ұғымдар  ретінде    «сөздің  ішкі  формасы»,  «прототип»  терминдеріне 
тоқталады.   
М.Т.Күштаева  «Концепт пен ішкі форма» терминдерінің мәнін ажырату қиын. Бұл 
терминдер сөздердің алғашқы мағынасын, ұлттық мәдени тілдік құбылыстың ерекшелігін 
түсіндірудің  кілті  болып  табылады.  Олардың  айырмашылықтары  сақталуы  мен 
қызметінде.  Сөздің  ішкі  формасы  жоғалып  кете  алады,  ал  концепт  әрқашан  сөзбен  бірге 
өмір сүреді. Сондықтан концепт қатары тұрақты дейді [6]. 
Мағынаның уәжділігі жайында сөз болса, ішкі форма айтылады, ал сөзді тудырған 
және  оны  мәдени  –  тілдік  контекстке  ендірген  алғашқы  ментальдық  ұғым  түсіндірілсе, 
яғни мәліметтің тірек элементі тетінде қарастырылса, онда концепт термині қолданылады 
деп  жазады.  Концепт  пен  сөз  мағынасының  ара  жігі    семантикалық  талдау  мен 
концептуалдық талдау арқылы айқындалады. Себебі жеке сөздің  семантикасын түсіндіру 
концептуалдық  талдаумен  іргелес,  бірақ  екі  талдаудың  нәтижелері  екі  түрлі:  «егер 
біріншісі 
сөздің 
семантикалық 
құрылымын 
жасауға, 
сөздің 
денотативтік, 
сигнификативтік,  коннотативтік  мағыналарын  нақтылауға  бағытталса,  концептуалдық 
талдау  белгілі  бір  тілдік  таңбада  жинақталған  жалпылама  концептерді  көрсетеді, 
таңбаның  табиғатын  белгілі  когнитивтік  құрылымда  айқындайды.  Семантикалық  талдау 
сөзді  түсіндіріп,  анықтауға  қызмет  етсе,  концептуалдық  талдау  дүниені  тануға 
бағытталады».  
 
Әдебиеттер: 
1.  Аскольдов С.А. Концепт и слово. Русская словесность. От теории словесности к 
структуре текста. Антология. Под ред. проф.В.П.Нерознака.-М.: Academia,1997 г. 
2.  Попова З.Д., Стернин И.А.Основные черты семантико-когнитивного подхода к языку// 
Антология концептов.-Волгоград: Парадигма, 2006. -Т-1.-С.7-10. 
3.  Степанов Ю.С. Методы и принципы современной лингвистики.-М., 1975.-348с. 
4.  Маслова В.А. Лингвокультурология.-М.: Академия, 2001. -С.35-36. 
5.  Лихачев Д.С. Концептосфера русского языка // Известия  РАН. Серия лит и яз.-1993. -№1. 
6.  Күштаева М.Г. «Тары» концептісінің семантикалық құрылымы мен лингвомәдени 
мазмұны. Филол.ғыл.кан. ...автореф.-Алматы,2005.-24 б. 
 
 
 
 
 
 
 

107 
 
ӘОЖ 94 +930. 221                                    
 
Т. ЖҮРГЕНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ
 
 
С.О.СМАҒҰЛОВА, тарих ғылымдарының докторы,
 
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алматы қ., Қазақстан Республикасы 
 
Аңдатпа
 
Мақалада  жарияланған  ғылыми  еңбектер  мен  мерзімді  баспасөз  материалдары  негізінде 
Қазақстанның  көрнекті  мемлекет  қайраткері,  республиканың  өнерін,  мәдениетін,  мерзімді 
баспасөз  саласын  дамытуға  елеулі  үлес  қосқан  Т.Қ.  Жүргеновтің  қазақ  баспасөзі  саласындағы 
қызметі айқындалады. 
Темірбек  Қараұлының  «Ұшқын»,  «Қызыл  Қазақстан»,  «Еңбекші  қазақ»,  «Социалистік 
Қазақстан»,  «Советская  степь»,  «Казахстанская  правда»  және  тағы  басқа  басылымдарда  жарық 
көрген  аудандастыру,  межелеу,  қазақ  жеріндегі  халық  санына  қатысты  мақалаларының 
маңыздылығы  нақтыланады.  1916  жылғы  көтерілістің  шығу  себептері  мен  өрбу  барысын  ашып, 
бұл қозғалысқа өзіндік баға береді. 
Қазақстандағы  сауатсыздықты  жою,  орта  мектептер  жүйесін  көбейту,  бала  тәрбиесі  мен 
оқытудың  қырлары,  мұғалімдер  арасында  тәрбиелік  жұмысты  арттыру,  оқу  жүйесіне  жаңа 
мамандарды  даярлау  барысына  қатысты  қайраткердің  ұсыныстары  сараланады.  Сонымен  қатар 
оның  өнер  мен  театрды  көркейтуге  қатысты  баспасөзде  көтерілген  тұжырымдары  анықталып,  
мәдениет саласына қосқан үлесі талданады. 
Кілт сөздер: қазақ баспасөзі, мақала, мәдениет, әдебиет, тарих,театр,  ұлт
-азаттық көтеріліс, 
аудандастыру,  межелеу, латын әліпбиі. 
 
Аннотация
 
В  статье  на  основе  опубликованных  научных  трудов  и  материалов  периодической  печати 
рассматривается  деятельность  видного  казахстанского  государственного  деятеля,  внесшего 
весомый вклад в развитие республиканского искусства, культуры и периодической печати. 
Автором определяется значение статей Темирбека Караулы, связанных с коллективизацией, 
размежеванием,  численностью  населения  на  казахских  землях,  вышедших  на  страницах  таких 
изданий  как  «Ұшқын»,  «Қызыл  Қазақстан»,  «Еңбекші  қазақ»,  «Социалистік  Қазақстан», 
«Советская  степь»,  «Казахстанская  правда»  и  др.  Дается  оценка  восстанию  1916  г.,  выявляются 
его причины и ход событий. 
Исследователь  также  анализирует  предложения  Т.  Жургенова  в  сфере  ликвидации 
неграмотности,  расширения  системы  средних  школ,  оовоспитания  и  обучения  детей,  усиления 
воспитательной работы среди учителей. 
Кроме  того,  исследователь  останавливается  на  поднятых  государственным  деятелем  в 
печати  вопросов  популяризации  искусства  и  театра,  его  вкладе  в  развитие  отечественной 
культуры. 
Ключевые  слова:  казахская  периодика,  статья,  культура,  литература,  история,  театр, 
национально-освободительное восстания, районирование, размежевание, латинский алфавит 
 
Annotation 
The article based on of the published research works and periodical materials printing reviews the 
activity  in  the  field  of  kazakh  printing  prominent  Kazakh  the  state  figure  who  has  made  a  significant 
contribution to the development of the republic art, culture and periodicals. 
The  author  defines  the  meaning  of  articles  Temirbek  Karauly    associated  with  collectivization, 
disengagement,  population  in  the  kazakh  place,  published  in  the  pages  of  such  editions  as  "Ushkyn", 
"Kyzyl Kazakhstan", "Kazak Enbekshі", "Sotsialistіk Kazakhstan", "Sovetskaya step", "Kazakhstanskaya 
pravda  "and  others.  Give  an  estimate  the  revolt  in  1916  year  are  revealed  the  reasons  and  course  of 
events. 
The  researcher  also  analyzes  proposals  of  Zhurgenov  in  eradicate  illiteracy,  expansion  of  the 
system of secondary schools, education of children, strengthening the educational work among teachers. 
In  addition,  the  researcher  stays  on  raised  state  figure  in  print  issues  popularization  of  art  and 
theater, its contribution to the development of the domestic culture. 
Key  words:  Kazakh  periodicals,  article,  culture,  literature,  history,  theater,  national  liberation 

108 
 
revolt, zone, disengagement, latyn alphabet. 
 
ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарында  еліміздің  мәдениет  саласының  дамуына  өзіндік 
үлес  қосқан  азаматтардың  қатарынан  Темірбек  Жүргеновтің  есімі  ерекше  аталады.  Ол 
қоғамдық  және  мемлекеттік  қызметкер  ғана  емес,  ұшқыр  ойлы,  қаламы  қарымды 
публицист қызметімен де танылған.  
Темірбек  Жүргеновтің  өмірі  баспасөз  саласымен  тығыз  байланысты.  Ол  1918 
жылдың  сәуір  айынан  Торғайда  шығып  тұрған  «Қазақ  мұңы»  газетінің  редакциялық 
алқасына мүше болды. Бұл газеттің редакторлығын Нәзір Төреқұлов атқарған болатын.  
Темірбек  газет  ісінен  мүлдем  хабарсыз  еді.  Дегенмен  алғашқы  күннен-ақ  бұл 
қызметке  аса  ыждаһаттықпен  кірісті.  Аз  уақыттың  арасында  ақпарларды  жинау,  оларды 
өңдеу,  қажетті  адамдардан  репортаж  алу  сияқты  жұмыстарды  меңгеріп  алды.  Газетке 
жарияланатын  материалдарды  даярлауды,    уақытында  шығуын  қадағалап  отырды.  Газет 
сол  кездегі  аса  маңызды  деген  мәселелерді  көтеріп,  халықты  қажетті  ақпармен 
қамтамасыз етті. Алайда «Қазақ мұңында» ол 1919 жылға дейін ғана қызмет етті. Азамат 
соғысының  басталуы,  халық  шаруашылығының  бүліншілікке  ұшырауы  жас  кеңес 
өкіметінің жағдайын ауырлатып жіберген кезде Темірбекке  үкіметтің жауапты қызметіне 
араласуына    тура  келді.  Дегенмен  ол  баспасөзден  қол  үзген  жоқ.  «Ұшқын»,  «Қызыл 
Қазақстан», 
«Еңбекші 
қазақ», 
«Социалистік 
Қазақстан», 
«Советская 
степь», 
«Казахстанская  правда»  және  тағы  басқа  басылымдарда  мақалалары,  әңгімелері,  өлеңі 
жарық көрді.  
Т.Жүргеновтің  тырнақ  алды  туындысы  1920  жылы  Орынбор  қаласында  шыққан 
«Ұшқын»  газетінде  жарияланды.  «Переводчиктің  қиялы»  деп  аталған  сықақ  өлеңі  қазақ 
тарландарының  бірі  Серке  Қожамқұловтың  репертуарынан  ұзақ  жылдар  бойы  түспеген 
екен.  Ол  естелігінде  Темірбекпен  алғаш  рет  Орынбордағы  жұмысшы  факультетінде 
(рабфак)  оқып  жүргенде  кезігіп,  өзінің  жаңадан  өнер  жолына  түскендігін  білгенде  осы 
өлеңін  оқуды  ұсынғандығын  айтқан.  С.  Қожамқұлов  оның  бұл  өлеңін  Қызылордада 
тұңғыш  қазақ  театры  ашылғанда  оқыған.  Тіпті  1936  жылы  Мәскеуде  Қазақстан 
Жазушылар  одағының  төрағасы  С.Мұқанов,  Халық  комиссарлар  кеңесінің  мәдениет  пен 
әдебиет  бөлімінің  меңгерушісі    Ғ.Тоғжанов  және    Т.Жүргенов  «оқу  министрі  болған 
кезінде үшеуі белсене ұйымдастырған қазақ әдебиеті мен өнері декадасының онкүндігінде 
де осы өлең оқылыпты [1, 7-б.].  
Темірбек Жүргеновтің мерзімді баспасөз беттеріне жарық көрген мақалалары өзекті 
мәселелерге  арналды.  Ол  біріншіден,  сол  кездегі  елдің  қоғамдық-саяси  мәселелерін, 
халықтың  жай-күйін  көтерсе,  екіншіден,  мәдениет  саласын  дамыта  отырып,  көркейту 
қажеттігін қуаттады.  Үшіншін, елдің бірлігі мен тірлігінің берік, нық болуын қалады.   
ХХ  ғасырдың  20  жылдары    Қазақстанның  территориялық  тұтастығын  қалпына 
келтіру  және  межелеу  барысы  мәселесі  қолға  алынып,  Қазақ  АКСР  мен  Қазақ  КСР 
құрылған кездерде нақтылай  белгіленді. Ұлттық межелеуді өткізу республиканың партия 
мен  кеңес  орындарында  алдына-ала  шаруашылық,  әлеуметтік-саяси  тұрғыдан  дайындық 
жүргізуді қажет етті. Бұл аталған науқан барысында Орталықтан келген, жергілікті партия 
мен  кеңес  орындарының  қайраткерлері  арасында  ұлттық    межелеуді  жүргізуге  тиісті 
көптеген пікір сайыс туындады.   
Межелеу мәселесіне қазақ ұлт зиялылары атсалысты. А. Байтұрсынов,  Т. Рысқұлов, 
Т.  Жүргенов,  С.  Қожанов  және  т.б.  қоғам  қайраткерлері  Қазақстанның  құрамына  енетін 
жерлерді анықтау мен шекараны белгілеу мәселесіне байланысты ойларын, ұсыныстарын 
үкімет  орындарына  батыл,  әрі  ашық  түрде  айта  білді.  Олар  шекараны  айқындауда 
біріншіден,  қазақтардың  мекендеп  отырған  территориясын  нақтылауды,  екіншіден,  осы 
территориядағы қазақтардың санын, шаруашылығын анықтауға тырысты.    
Осы мәселеге орай 1924  жылы Т. Жүргеновтің «Еңбекші қазақ» газетіне «Орта Азия 
республикасындағы  қазақ  халқының  күйлері»    атты  мақаласы  жарық  көріп,  Орта 
Азиядағы,  дәлірек  айтқанда  Түркістан,  Бұхар,  Хорезм    республикаларында  мекендеп 

109 
 
жатқан  қазақтардың  жалпы  санын,  олардың  жай-күйлерін  баяндады.  Оның  ішінде 
Түркістан  республикасындағы  Жетісу  мен  Сырдария  облыстарындағы    қазақтардың 
санына тоқталып, 1917 жылдан арғы санақта, 1920 жылғы санақ барысында  қазақтардың 
санының  кемітіліп  жазылуының  себептерін  нақтылады.  «Түркістан  хүкіметінің  ордасы 
болып  тұрған  Тәшкеннің  өз  уезінің  көпшілігі  қазақ  (Тәшкен  уезіндегі  600 500  жанның 
400 500-дайы  қазақ).  Ферғана  облысының  халқының  48%-і  қырғыз-қыпшақ  (басқалары 
өзбек).  Самарқан  облысында  6  болыс  қазақ  бар.  Амудария  облысындағы  халықтың  да 
көпшілігі  қазақ  пен  қарақалпақ.  Осы  күнгі  Түркістан  хүкіметінің  қолындағы  1920-ншы 
жылғы санақтағы көрсетілген қазақ халқының жан есебі дұрыс емес», - дей келе, қазақтың 
азайтылып  берілуінің  себебін  біріншіден,  1916  жылы  патша  жұмысына  бармаймын  деп 
қаншамасы Қытайға қарай ауып кетуінен, екіншіден, санақ басталған кезде Жетісу, Сыр-
дария облыстары  қазақтары  Арқаға, жайлауға  шығып кеткендіктен, санаққа енбей  қалды 
деп  түсіндірген.  Сөйтіп,  ол  санақ  барысында  дәлдік  жоқтығын  көрсетіп  берді.  Сонымен 
бірге  Темірбек  Бұхар,  Хорезм  республикаларында  қазақтардың  көптеп  мекендейтіндігін, 
бұл  республикаларда  қазақ,  қырғыз,  қарақалпақ,  өзбектердің  бірлесе  тұрмыс  кешіп 
жатқанынан  кей  жағдайда  қазақ-қырғыз  немесе  қазақ-қарақалпақ  деп  қосақтала 
аталатындығын да атап  өткен.  Қарақалпақ жайлы ол, тілі, шаруашылығы қазақпен  ұқсас, 
жақын  деп  көрсетті.  Түркістан,  Хорезм,  Бұхар  республикаларындағы  қазақтардың 
айналысатын кәсіптеріне тоқтала келе, олардың тұрмыс күйлерін де бағалай кетеді.  
Темірбек  бұл  мақаласында  аудандастыру  барысында  байланысты  бірнеше 
тұжырымдарын  ортаға  салады.  Біріншіден,  ол  қазақтардың  мекендеп  отырған  жерлер 
аудандастыру  барысында  бірнеше  республикаларға  бөлініп  кетуін,  екіншіден,  осы 
аудандардағы  қазақтардың  жағдайларының  онша  еместігін,  үшіншіден,  халықта 
әлеуметшілдік  сезімінің  жоқтығын  дөп  баса  көрсетті.    Жері  тұтас,  елі  аралас  бір  ұлттың 
үш республикада жүруін жөн көрмеді. Үш мемлекет басқаруында қалған қазақтың  қамын 
көздеуде  алдағы  сиезге  мәселе  ретінде  қою  қажеттігін  көтерді.  Ондағы  бірінші  міндет  – 
Түркістан қазағын жақын арада Қазақстанға қосып алу, екінші міндет  – Бұхар мен Хорезм 
республикаларындағы қазақтармен қатынасып, олардың кем-кетіктеріне күш қостыру еді. 
Осындай  ұсыныстары  арқылы  ол  өзге  республикалардың  құрамында  кеткен  қазақ  жері 
мен  халқының  басын  қоспаққа  талпынды.  Бұл  кездерде  межелеу  мәселесі  жүргізіліп 
жатқан болатын [2].  
Қазақтарды  бір  ұлттық  кеңестік  республикаға  біріктіру  1924-1925  жылдардағы 
Орта Азиядағы межелеумен бірге аяқталды. Қазақ АКСР-нің құрамына оңтүстіктегі қазақ 
аудандары  (Жетісу  мен  Сырдария  губерниясы)  еніп,  республика  астанасы  Орынбордан 
Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губерниясы Қазақ АКСР-нің құрамынан шықты.  
Жалпы,  көріп  отырғанымыздай,  Т.  Жүргенов  елдің  тұтастығын,  бірлігін, 
тыныштығын  көздеп,  қазақтың  жері  халықтың  өз  игілігіне  айналу  қажет  деген 
тұжырымды ұстанған және осы жолда қызмет еткен.  
1926    жылдың  шілдесінде  Қазақ  Орталық  Атқару  комитеті  1916  жылы  Қазақстанда 
ұлт-азаттық  қозғалыстың  10  жылдығын  тойлау  жөнінде  қаулы  қабылдап,  оны  дайындау 
және  өткізу  үшін  арнайы  комиссия  құрамын  бекіткен  болатын.  Бұл  комиссияға  ұлт-
азаттық  қозғалыс  барысы  жөнінде  республиканың  барлық  губернияларынан  мәлімет 
жинау  және  осы  жинақталған  материалдарды  мерзімді  баспасөзде  жариялау  арқылы 
насихаттау  жұмысын  жүргізу  тапсырылды  [3].  Осыған  орай  көтеріліс  барысын  зерттеу 
қолға  алынып,  «Еңбекші  қазақ»  мерзімді  баспасөз  беттерінде  бұл  көтерілістің 
маңыздылығын  талқыға  салған  мақалалар  жариялана  бастады.  Қазақ  зиялылары 
Ә.Бөкейханов,  М.Дулатов,  Т.Рысқұлов,  Т.Жүргенов,  С.Сейфуллин,  С.Меңдешев  және 
тағы  басқалар  осы  баспасөз  арқылы  1916  ж.  көтерілістің  шығу  себептері  мен  өрбу 
барысын ашып көрсетуге шақырды және өздері де бұл қозғалысқа баға беруге тырысты.  
Темірбек  Жүргенов  1916    жылғы  көтерілісті  «ауылдың  қалаға  қарсы  көтерілісі» 
деген  пікірде  болып,  оның    неліктен  шыққандығын  сипаттап  берді  және  өз  пікірінің 
дұрыстығын дәлелдеуге тырысты.  Ауылдың қалаға қарсы көтеріліске шығуының бірден-

110 
 
бір себебі  патша үкіметінің Орта Азия мен Сібірге ұмтылғанда қазақ даласына қалаларды  
жоғарғы  үкіметтің  бұйрығымен  салып,  нәтижесінде  қазақтың  қоғам  тұрмысына  зорлап, 
қазақтың шаруа түріне, тұрмысына үйлеспейтін саясатқа кіргізуінен дей келе, 1916 жылғы 
көтеріліс  ауылдың  қалаға,  орыстың  отарына,  мәдениетіне  наразылығы  күшейе-күшейе  
отының  жайылуынан  шықты  деген  жорамал жасады.  Ол  «1916  жылғы  қазақ  көтерілісі  – 
ұлт көтерілісі еді. Өйткені жоғарыда айтылған наразылықты тудырған үкімет озбырлығы, 
капитал  құлдығы  бүкіл  қазақ  еліне  батты,  бүкіл  қазақ  елі  зорлық  көрді.  Әрине,  үкімет 
озбырлығы, капитал ауырмалдығы, әсіресе аз руға батыңқырады», – деп жазады [4].  
Қайраткердің  «Город  и  аул  в  восстании  казахов  1916  года»  атты  мақаласы 
«Советская степь» газетінің бірнеше санына жарық көрді. Автор 1916 жылғы ұлт-азаттық 
көтерілістің  шығуына  себеп  болған  әлеуметтік  жағдайы,  себептері  мен  көтерілістің 
қозғаушы күшін, маңыздылығын саралай келе, 1916 жылғы көтеріліс барысындағы  қазақ 
интеллигенциясының  рөліне  баға  бере  білді.  Ұлт  зиялыларының  көтерілісті  қолдамауы 
олардың  байлар мен билердің,  хан тұқымынан шыққандығынан және көпшілігі орыстан-
ған  мектептерге  білім  алғандығынан    деп  көрсетті.  Шаруалар  көтерілісінің  жеңіліске 
ұшырауының  себебі  осы  ұлт  зиылыларының  тарапынан    ұйымдастырудың  жоқтығынан 
деген тұжырым жасады. Дегенмен  кеңес үкіметі тұсында қалыптасқан интеллигенцияны 
«халықтың қамын ойлаушы, еркін өмірге бастаушы» ретінде көрсетті [5].  
Осы  мақалалары  арқылы  Темірбек  Қараұлы  ұлт-азаттық  көтеріліс  кезінде  қазақ 
халқы  үлкен  қайғы-қасіретті  бастан  кешкендігін  көрсете  білді.  Қозғалысқа  қатысқандар 
патша  үкіметінің  қатаң  жазасына  ілігіп,  сотталды,  атылды,  асылды.  Қара  жұмысқа 
алынған  жастардың  көпшілігі  еліне  қайтып  оралмады.  Академик  М.Қ.  Қозыбаев  «1916 
жылғы көтеріліс ел үшін, жер үшін, бостандық үшін, Қазақ мемлекеті үшін, халық болып 
қазақтың қара жерді басуы үшін айқастың жалғасы екендігін дәлелдей отырып, бұл «қазақ 
халқының  азаттық  жолындағы  қозғалысы  болды»  деп  тұжырым  жасауы  [6,  132-б.] 
қайраткердің мерзімді баспасөз бетіне басылып шыққан ой-пікірлерімен үндесіп жатыр.  
Т.  Жүргенов  1916  жылғы  көтеріліс  Орта  Азия  мен  Қазақстан  халықтарының  сана-
сезімінің  оянуына,  қазақ  халқының  отаршыл  патша  үкіметіне  қарсы  батыл  да,  ашық  
қарсы күреске шыға алатындығын көрсетіп берді.  
Темірбек  Қараұлы  әдеби  салаға  да  қалам  тартқан.  1924  жылы  «Қызыл  Қазақстан» 
журналының  №4  санында  оның    сол  кездің  өзекті    тақырыптың  бірі  –  әйел  теңдігі 
мәселесіне арналған «Меруерт» деген әңгімесі жарияланды.  Ерте жетім атанып, 13 жасқа 
дейін  үш  рет  шалға  сатылып  кетіп,  ағасынан  қайыр  көрмей  ақыры  құсадан  өлген 
Меруерттің  тағдыры  талай  жас  қазақ  қыздарының  басында  болғандығын  жеткізгендей. 
Сөйтіп,  осы  туындысы  арқылы  қазақ  қыздарының  басына  түскен  ауыртпалықты, 
әділетсіздікті сынға алып, оқу арқылы ғана алға ұмтылу қажеттігіне үндеді [7].  
1926  жылы  Темірбек  Қараұлы  Ташкенттегі  Қазақ  педагогикалық  институттың 
ректоры  болып  тағайындалып,  институт  жұмысын  жандандыруға  бар  күшін  салды, 
оқытушылар  құрамын  профессорлармен  толықтырып,  Мәскеуден  білікті  оқытушыларды 
шақыртты. Жаңа оқу орны ашылған кезде Темірбектің өзі әлі университеттің студенті еді. 
Ол жастығына қарамастан бұл басшылық қызметте ұйымдастырушылық қабілеттілігімен, 
біліктілігімен  ерекшеленді.  «Советская  степь»  газетінде  осы  жоғары  оқу  орнының    алға 
қойған  жаңа  міндеттерімен  таныстырып  өтті.  Оның  бірі  бұл  жоғары  оқу  орнында  жаңа 
мамандарды  даярлау  болса,  екіншіден,  сауатсыздықты  жою  арқылы    артта  қалған  оқу, 
мәдени  салаларын  көтеруді  маңызды  санады  [8].  Расында  да  Темірбек  Қараұлы 
көтергендей,  елде  әлі  де  сауатсыздықпен  күрес  барысы  дұрыс  жолға  қойылмаған  еді. 
Педагогтар,  қажетті оқу құралдары жетіспеді. Бар оқулықтар орыс тілінде болғандықтан, 
орыс тілін білмейтіндерге аса ауыр болды. Т. Жүргенов  жоғары оқу орындарына арналған 
саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ тіліне аудартуды 
қолға  алды.  Қазақ  жастарының  жоғары  оқу  орындарында  білім  алуына  көмек  көрсетіп 
отырды.  «Советская  степь»  газетіне  жариялаған  «Об  организации  Казахского 
университета» деген мақаласында республикамызды мәдени жағынан дамытудың бірден-

111 
 
бір  факторы жоғары оқу  орны  екендігін  айта  келе,  елімізге  аса  қажетті  білімді  де  білікті 
мамандарды  даярлауда  оқу-практикасымен  бірге  ғылыми-зерттеуді  қоса  жүргізетін 
университеттерді ашудың маңыздығын атап өтті [9].   
30-шы  жылдары  Халық  ағарту  комиссары  қызметін  атқарған  кезінде  қазақ 
зиялыларын осы салаға тартып, Қазақстан орта мектебі жүйесін көбейту және реттеу ісіне, 
қазақ орта мектебінің санын арттыруға тікелей ат салысты. Қайраткердің орта мектептегі 
оқыту  жағдайына,  Қазақстандағы  мәдениетінің  барысына  байланысты  «Ауыл  мұғалімі», 
«Большевик  Казахстана»,  «Народное  хозяйство  Казахстана»  және  тағы  басқа    баспасөз 
беттерінде мақалалары жарық көрді. Ол мектептегі бала тәрбиесі мен оқытудың қырлары, 
мұғалімдер 
арасында 
тәрбиелік 
жұмысты 
арттыру, 
ұстаздар 
конференциясын 
ұйымдастыру,  сауат  ашу    мектебінен  оқыған  жастардың  одан  әрі  білімдерін  жетілдіру  
қажеттігін  көтерді.  Сонымен  Т.  Жүргенов  баспасөз  арқылы  халық  ағарту  саласында, 
біріншіден,  сауатсыздықты  жоюға  күш  салуда,  екіншіден,  осы  саланың  дамуы  үшін 
қажетті мамандарды даярлауда елеулі рөл атқарды.     
Ол қазақ өнерінің дамуына, көркеюіне елеулі үлес қосып ғана қойған жоқ, сонымен 
бірге оны насихаттай да білді. Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 
І-слетінің  ұйымдастырушысы  болып,  мәдениет  пен  өнер  саласының  қатарын  жаңа 
өнерпаздармен толықтыруға күш салып, жағдай жасады. К. Бәйсейітова, Ж. Шанин және 
т.б.  қолдау көрсете білді. Оның бастамасымен театр саханасына «Қыз Жібек», «Жалбыр», 
«Ер Тарғын», «Айман Шолпан», «Шұға» және т.б. опералар мен пьесалар сахнаға шығып, 
көрерменнің қуанышына айналды.  
Т. Жүргенов театрдағы қойылымдарды  дайындап қана емес, сол қойылымдарға сын 
да  айта  білді.  Мәселен,  1934  жылы  «Казахстанская  правда»  газетіне  белгілі  жазушы  Б. 
Майлиннің  «Шұға»  пьесасына  сын-пікір  жазып,  бұл  пьесаның  көрермендерге  берер 
маңыздылығын көрсетіп берсе, ал 1928  жылы жазылып, бірақ театр сахнасына қойылуға 
рұқсат  етілмей  келген    М.  Әуезовтің  «Хан  Кене»  пьесасының  қойылым  ретінде 
көрермендерге  жол  табуына  мұрындық  болды.  «Социалды  Қазастан»  газетінің  24-26 
мамырдағы  және  «Казахстанская  правда»  газетінің  12  маусымдағы  сандарына    «О  пьесе 
«Хан Кене» и ее критиках» мақаласы жарық көріп, пьесаның құрылымына өзіндік талдау 
жасап, оның ешқандай да қауіп туғызбайтындығын дәлелдеген-ді [10].  
20-жылдың  соңында  латын  әліпбиіне  көшу  мәселесіне  байланысты  қаулылар 
қабылданып,  30-жылдың  басында  жазу  барысы  осы  әліпбиге  көшкен  болатын.    Латын 
әліпбиін  оқыту  Қазақстан  мектептері  мен  жоғары оқу  орындарында  бірден  енгізіліп,  бұл 
іске  ересектер  мен  жастар  жаппай  тартылды.  Жаңа  әліпбимен  қоса  қазақ  тіліне  енген 
терминдер  мәселесі  де    өзекті  мәселеге  айналды.  Терминдерді  қолдану  мәселесіне  орай 
арнайы терминологиялық комиссия жұмыс істеп, оның құрамына институттардың ғылыми 
қызметкерлері  мен  ғылыми-зерттеу  мекемелерінің    қызметкерлері  тартылып,  он  мыңнан 
астам терминдерді сүзгіден өткізген болатын. Оның нәтижелері 1935  жылғы «Мемтерком 
бюллетенінде» жарияланған еді.  
Теркомның  жұмысын    Т.Жүргенов  қадағалап,  шет  терминдердің  қазақ  тіліне 
ендірмеу,  қажеттігін  де  атап  өткен.  Қазақ  тіліне  енетін  әрбір  терминдерді  нақты 
қарастыру,  халықаралық  терминдерді  сол  қалпында  қалтыру  керектігін  көтерді.  Себебі 
оларды  өз  қалпында  бермесе  мағынасы  бұзылып  кететіндігін  де  баса  көрсетті.  Мәселен, 
оның  көрсетуінше  «музыка»  деген  сөзді  терминологтар  «күйлі»,  «психологияны»  «жан 
жүйесі», «коммунисті» «ортақшыл» деп аударған.  
«Большевик  Казахстана»  журналына  жарияланған  «Вопросы  терминологии 
казахского  языка»  деп  аталған  мақаласында  қайраткер  Қазақстан  мәдениет  құрылысы 
қызметкерлерінің  сиезінде  осы  терминмен  жұмыс  жүргізу  мәселесі  бірінші  кезекке 
қойылып,  көпшілікке  таныс  емес  терминдермен  жұмыс  жүргізу  мәселесін  қолға  алу 
қажеттігі  көтерілгендігін  айта  отырып,  әдеби  тілді  дамыту  тарихында  қалыптасқан  жаңа 
терминдердің  кейбірі  бұрынғы  үстем  тап  өкілдері  қолданған  терминдер  екендігін  де 
жасырмады. Ол сонымен қатар қолданысқа енетін жаңа терминдер қалалықтар білгенімен 

112 
 
де, ауылды жерлердегілер таныс еместігін, сонымен бірге  кейбір терминдер, сөздер дұрыс 
аударылмай  мағынасы  бұзылып  жететіндігін  де  атап  өтті.  Мұндай  бұрмаланып 
аударылған  сөз  бен  сөйлемдерді  газеттерден  жиі  кездестіруге  болатындығын  мысалдар 
негізінде  келтірді.  Мәселен,  «Главтабак»  деген      «Социалды  Қазақстан»  газетіне    «Бас 
темекі» деп аударылып кеткен немесе «ОГИЗ» деген «өгіз»  деп бұрмаланған.    
Т.  Жүргенов  кейбір  терминдерден  бас  тарту  қажет  деген  пікірде  болып,  «келін», 
«күндестік»  деген  сөздерді  патриархалды-феодалдық  дәстүрдің  қалдығы  деп  есептеген.  
Оның  ойынша  интернационалдық  мағынасы  бар  халықаралық  «совет»,  «хирургия», 
«валюта», «конвенция», «теория» және т.б. терминдер сол қалпында берілуге тиіс [11].  
Темірбек  Қараұлы  Жүргенов  қуғындалып  кеткенге  дейін  оқу-ағартуды,  өнер  мен 
мәдениетті  дамытуға  бар  күшін  салды  және  осы  мәселе  төңірегіндегі  қаламынан 
туындаған  ой-пікірін  мерзімді  басылымдар  арқылы  халықпен  бөлісуге  тырысты.  Әсіресе 
,оның терминологияға қатысты ұсыныс-пікірлері құндылығын әлі жойған жоқ.  
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сулейменов Р. Темирбек Жургенов. - Алма-Ата, 1968.  
2.
 
Жүргенов Т. Орта Азия республикасындағы қазақ халқының күйлері  // Еңбекші қазақ. -
1924. -№155. -8 январь. 
3.
 
ҚР ОММ. 693-қ., 1-т., 52-іс. 7-п.  
4.
 
Жүргенұлы  Т.    1916  жылғы  қазақ  көтерілісінде  қала  мен  ауыл  арасындағы наразылық  // 
Еңбекші қазақ.- 1926.- 30 сентябрь.  
5.
 
Жургенов  Т.  Город  и  аул  в  восстании  казахов  1916  года  //  Советская  степь.-  1926.  -30 
августа, 1, 2 сентября.  
6.
 
Қозыбаев М. Тарих зердесі. – Алматы: Ғылым, 1968. – Т.2. 
7.
 
Жүргенов Т.Қ. Меруерт // Қызыл Қазақстан.- 1924- №4.- 126-136-бб. 
8.
 
Жургенов  Т.  К  задачам  нового  педвуза  КССР.  Коренизовать  мировую  культуру  // 
Советская степь. -1926.- 7  сентября.  
9.
 
Жургенов  Т.  Об  организации  Казахского  университета  //  Советская  степь.-  1927.-  22 
апреля. 
10.
 
Хан  Кене  //  Социалды  Қазақстан,  -1934.-  24-26  мамыр:  О  пьесе  «Хан  Кене»  и  ее 
критиках //Казахстанская правда. -1934.- 12 июнь.  
11.
 
Жургенов Т. Вопросы терминологии казахского языка // Большевик Казахстана, -1935.- 
№  6.  О  чуждых  явлениях  в  казахском  литературном  языке  //  Казахстанская    правда.  -
1935.- 17-18 мая. 
 
 
 
 
УДК 811.161.1:398 
 
СИСТЕМНО
-СТРУКТУРНЫЕ ОТНОШЕНИЯ В ПРОФЕССИОНАЛЬНОМ 
ПОДЪЯЗЫКЕ 
 
 
М.И.СОЛНЫШКИНА
доктор филологических наук, профессор,  
Г.Ш.АХМЕДОВА,
 
Казанский Федеральный университет, г.Казань, Российская Федерация 
 
Аннотация
 
Статья  нацелена  на  описание  системных  параметров  профессионального  языка  и  его 
инвентаря,  включающего  широкий  спектр  единиц  профессионального  языка.  Многообразие 
семантики  языковых  единиц  зависит  от  широты  денотата,  коннотации  и  функционально-
темпорального  компонента  в  структуре  значения.  Особое  внимание  в  статье  уделено  вопросам 
нормы и способам отражения внеязыковой действительности в профессиональном языке.  
Ключевые слова:
 профессиональный подъязык, кодификация, норма, субстандарт. 
 

113 
 
Аңдатпа
 
Мақала кәсіби тілдің жүйелік параметрлері және оның кең ауқымдағы бірліктерін зерттеуге 
бағытталған.  Тілдік  бірліктердің  көп  қырлылығы  оның  денотаты,  коннотациясына  және  мағына 
құрылымындағы  функционалды-темпоралды  бірліктерімен  тығыз  байланысты.  Мақалада  кәсіби 
тілдегі тілдік емес бейненің берілу жолдары мен тәсілдеріне айрықша назар аударылады. 
Кілт сөздер:
 кәсіби тіл, коннотация, денотат,функционалды-темпоралды бірліктер. 
 
Annotion 
The article is aimed at the description of systemic parameters of the professional language and its 
inventory.  The  semantic  diversity  of  linguistic  units  is  determined  by  the  denotative  spectrum, 
connotation and functional and temporal element in the structure of the meaning. Special attention is paid 
to the issues of the  norm and the ways the professional language reflects the knowledge about the world.  
Key words: professional sublanguage, norm, substandard.  
 
Социальной  предпосылкой  существования  профессионального  подъязыка  является 
"двудиалектность  и  многодиалектность"  профессионально  подготовленных  носителей 
языка,  поскольку  в  распоряжении  каждого  профессионала  имеются  по  крайней  мере  две 
языковые  системы,  взаимообусловленные  разными  социальными  и  профессиональными 
коллективами,  к  которым  принадлежит  говорящий.  Социальные  и  профессиональные 
разновидности  языка  –  явление,  исторически  обусловленное  и  вполне  закономерное, 
поскольку  различные  группы  людей,  объединенные  практической  деятельностью,  могут 
иметь  специфические,  присущие  только  им  интересы,  для  обслуживания  которых 
возникают  соответствующие  формы  существования  языка.  Своеобразие  социальных  и 
профессиональных групп, их историческое развитие в конечном счете является причиной 
становления  и  распада  соответствующих  форм  существования  языка  –  социолектов  и 
профессиональных подъязыков.  
В  настоящее  время  профессионально  связанные  формы  существования  языка  чаще 
именуются двумя терминами: "язык для специальных целей" и "подъязык". Термин "язык 
для специальных целей" или "Language for Specific Purposes" появился в германистике в 70-
е  годы  прошлого  века  как  попытка  восполнить  имеющийся  пробел  в  исследованиях 
специальной лексики, лексики, используемой в отдельных сферах деятельности человека. 
О  характере  взаимоотношения  и  взаимодействия  языка  для  специальных  целей  и  языка 
для  "общих  целей"  (LGP  –  Language  for  General  Purposes)  в  лингвистике  нет  единого 
мнения  [Капанадзе  1999,  Никулина  2005].  При  этом под языком имеется в виду, в первую 
очередь,  лексическая  система,  функционирующая  в  определенном  социуме.  А.Н. Лаврова, 
рассматривая  тот  же  феномен,  использует  термин  подъязык:  "Специальные  подъязыки 
(LSP-  Languages  for  Special  Purposes)  характеризуются  ранговым  иерархическим 
построением, <…> при реализации усиливает фактор специфичности частных подсистем" 
[Лаврова 1998]. 
Термин  подъязык  используется  с  конца  1960  гг.  как  родовой  для  обозначения 
лексических  систем,  обслуживающих  определенную  область  науки,  культуры, 
производства  и  характеризующихся  рядом  структурно-функциональных,  семантических, 
прагматических  характеристик  [Андреев  1967,  Баранникова  1993].  Коровушкин  В.П. 
определяет подъязык (или субъязык) через понятие социолингвистических норм первого и 
второго  уровней.  Под  языковой  нормой  при  этом  понимается  совокупность  наиболее 
устойчивых,  освященных  традицией  языковых  средств  и  правил  их  употребления, 
принятых  в  данном  обществе  в  данную  эпоху.  В  представленном  исследовании  термин 
норма  будет  применяться  в  широком  значении  –  'традиционно  и  стихийно  сложившиеся 
языковые  формы  и  стереотипы'  и  может  выступать  как  норма  узуса  и  норма 
профессионального/социального подъязыка [cм. Крысин 1989]. В рамках языка/подъязыка 
норма,  как  инвариантное  понятие,  может  реализовываться  в  норме  первого  уровня 
(стандарт,  литературная  норма,  кодифицированная  норма)  и  норме  второго  уровня 
(субстандарт,  некодифицированная  норма,  жаргон).  "Норма,  проявляющаяся  в 

114 
 
кодифицированной  нормативности,  являющейся  существенным  дифференциальным 
признаком 
литературного 
стандарта 
как 
составной 
части 
СКС 
[социально-
коммуникативной системы]" трактуется как норма первого уровня [Коровушкин 2005:10], 
в  то  время  как  "норма,  проявляющаяся  в  некодифицированной  нормативности, 
являющейся  существенным  дифференциальным  признаком  языкового  субстандарта  как 
составной  части  социально-коммуникативной  системы  подводится  под  термин  нормы 
второго  порядка"  [Указ.соч.].  Таким  образом,  подъязык  определяется  как  "исторически 
сложившаяся, 
относительно 
устойчивая 
для 
данного 
периода 
автономная 
экзистенциальная 
форма 
национального 
языка, 
обладающая 
своей 
системой 
взаимодействующих 
социолингвистических 
норм 
первого 
и 
второго 
уровней, 
представляющая  собой  совокупность  некоторых  фонетических,  грамматических  и, 
преимущественно, 
специфических 
лексических 
средств 
общенародного 
языка, 
обслуживающих  речевое  общение  определённого  социума,  характеризующегося 
единством 
профессионально-корпоративной 
деятельности 
своих 
индивидов 
и 
соответствующей системой социальных понятий" [Указ.соч., 12].  
Профессиональный 
подъязык 
является 

Каталог: Docs
Docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
Docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
Docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
Docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет