Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 2.46 Mb.
Pdf просмотр
бет14/15
Дата15.03.2017
өлшемі2.46 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Әдебиет

1  Карлинский  А.Е.  Основы  теории

взаимодействия языков. Алматы: Ғылым, 1990

г.



Швейцер 

А.Д. 


Современная

социолингвистика: теория, проблемы, методы.

Москва: Наука, 1976 г.

3  Бенедиктов  Н.А.,  Бердашевич  А.П.  О

правовых  основах  государственной  языковой

политики. Мир русского слова 2 (15).

4  Никольский  Л.Б.  Языковая  политика  как

форма сознательного воздействия общества на

языковое развитие. Москва: Наука, 1968 г.

5  Зацепина  О.,  Родригес  Х.  Противоречие  в

языковой политике и языковых ценостях США.

Санкт-Петербург: Златоуст, 2003 г.

6  Хасанаев  М.Ж.  Языковая  политика  в

Казахстане  (1921-1990  гг.).  Алматы:  Қазақ

университеті, 1997 г.

7  Лабов  У.  Единство  социолингвистики.

Москва: Наука.

8  Сулейменова  Э.Д.,  Шаймерденова  Н.Ж.

Словарь  социолингвистических  терминов.

Алматы: Қазақ университеті, 2002 г.



Резюме

По глубокому убеждению авторов данной статьи политика, идеология и планирование языка

являются составной частью национальной, социально-культурной жизни общества.

Resume

The  article  is   regarded    one of  the  actual   questions. Author  confirms   politics,  ideology  and

language planning are  compound part of the national, social and cultural life of society.

88

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №2 (23)

ӘОЖ 372. 882.151.212.2



Ғ. АКМАНОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ШӘКӘРІМ АҚЫННЫҢ МҰРАСЫН

ОҚЫТУДА  ОЙ-ПІКІРЛЕРДІ ҚОЛДАНУ

Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын оқыту жолдары қарастырылады.

Тірек сөздер: рухани мұра, оқыту, шығарма, Шәкәрім, ағартушылық.

ХІХ ғасырдың екінші жартысының соңы

мен ХХ ғасырдың бас кезіне қарай өмір сүрген,

қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени

өміріне  айтарлықтай  үлес  қосып,  гуманистік,

демократтық,  ағартушылық  идеяларды

уағыздаған Шәкәрім бүкіл адамзатқа ортақ асыл

тұлға.  Оның  бай  әдеби  мұрасында  өзі  өмір

сүрген  дәуірдің  қоғамдық  даму  көріністері,

ақыл–ой  ізденістері  талғамды  тұжырымдары

өзіндік із қалдырды. Сондықтан да Шәкәрімнің

асыл  мұрасын  тану,  білу,  зерттеу,  сырлы

сөздерінің,  терең  мағынасын,  ой-тұжырым,

зерделі  оймен  сезініп,  олардан  тағылым  алу

бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы.

Шәкәрімнің  рухани  мұраларына  жан-

жақты зер салар болсақ, ХХ  ғасырдың басында

қазақ  елі  арасында  көрегенділігімен,

данышпандығымен айналасына танылған адам.

Олай дейтініміз, Шәкәрім  әрі лирик, әрі

прозаик,  композитор,  музыкант,  тарихшы,

философ,  орыс  шығыс  классиктерімен  қазақ

оқушыларын  таныстырған  шебер  аудармашы,

терең ойшыл, сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз,

сонымен қатар мәдениет қайраткері.

Шәкәрімнің  шығармашылық  жолы  ХІХ

ғасыр  мен  ХХ  ғасыр  арасын  жалғап  жатқан,

яғни  ғалым  этнограф  Шоқанның,  алғашқы

мектеп  ашқан педагог  Ыбырайдың, ұлы  ақын

гуманист Абайдың көзқарастарын С.Сейфуллин,

М.Әуезов, С.Торайғыров, тағы басқа қазақ

ағартушыларының зерттеулерімен ұштастырған

«рухани көпір».

ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  халқының

қоғамдық  ойы  мен  дүниетанымының  шамы

іспеттес  бола  білген  Шәкәрім  шығармалары

жайлы  оңды  пікірлер,  көзі  тірісінде  айтыла

бастады.


Шәкәрімнің  елім  деп  еңіреген  елдік,

егемендік, 

азаматтық, 

ағартушылық

идеяларымен  терең  сусындаған  С.Торайғыров

«Таныстыру»  поэмасында  ақынның  ақындық

тұлғасына алғаш рет былай танытқан:

Ерте оянған кісінің біреуі осы,

Бұл жұрттың түзеймін деп антұрғанын.

Бір жолмен Байтұрсынов, Бөкейханға,

Ақ сақал бола алғандай осы кәрім...

Бұл қазақтан мақсұты биік алыс

Таппаса да сөзіне құлақ салыс.

«Қазақ» деп жекелеме «адамзат» де,

Ол кісінің пікірімен болсаң таныс [1,11].

Шәкәрімнің  ойшылдығын  бағалау

Сұлтанмахмұттан  басталады  десе  болғандай.

Сұлтанмахмұт Шәкәрімді өз заманынан жоғары

тұрған асқан ойшыл, философ, білімі өлшеусіз


89

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №2 (23)

ғұлама ретінде таныған. Шәкәрімнің көздегені

өз ортасындағыдай таптық не ұлтшылдық

емес,  негізгі  ұстанған  принципі  адамзаттық

гуманизм  идеясы  екендігіне  баса  назар

аударады.  «Теңдік  күні  туды  ғой,  бөгет  кетіп,

дегендерге  жүреді  заман  оңса»  деп,

заманындағы  қоғамдық  өзгерістерге  де  сын

көзбен қарағандығына назар аударған. Шәкәрім

зиялы қауымның көш басшысы саналған, терең

білімді,  ірі  қайраткерлер  Ә.Бөкейханов,

А.Байтұрсыновтарға ақсақал боп жол сілтеуін

Сұлтанмахмұт жай меңзеп отырған жоқ. Ерекше

назар  аударатын  тұс  халықтық,  қоғамдық,

дүниетанымдық  мәселелерде  Шәкәрімнің

ойшылдығына жүгінсе керек.

ХХ  ғасырдың  басында  Шәкәрімнің

жарыққа  шыққан  шығармаларына  назар

аударып,  баспа  бетінде  пікір  білдіріп  отырған

бірден-бір адам - Әлихан Бөкейханов.

Шәкәрім 

Құдайбердиев 

Әлихан

Бөкейхановпен етене таныс және рухани қарым-



қатынаста  болған. Ол  Ә.Бөкейхановтың  терең

білімділігіне, асқан даналық парасаттылығына

тәнті болған және оның ел басқару ісін тиімді,

ұлт мүддесіне сай жүргізе алатындығына кәміл

сенген еді. 1908 жылы Әлихан Семей қаласында

болғанда Шәкәрім онымен жиі кездесіп, кейбір

мәселелер бойынша хат жазысып, пікір алысып

та  отырған.  Мәселен,  «Кәкітай»  деген

мақаласында 1909 жылы Шәкәрім мен Кәкітай

хат жазысып ақыл-кеңес сұраған: «Не айтасың,

ата қоныс, кір жуып, кіндік кескен Қарауыл өзені

мұжыққа кетіп барады, он бестен жер ал дейді,

аламыз ба?» деп. «Не болса жұртпен бірге көр»,

- дедім [2,273] .

Әлихан 

Бөкейханов 



Шәкәрім

Құдайбердіұлының  1911  жылы  басылып

шыққан  «Түрік,  қырғыз  қазақ  һәм  хандар

шежіресі»  жайында  пікірін  айтып  мақала

жазған.  «Шаһкәрімнің  бұл  кітабы  -  қазақ

шежіресінің  тұңғышы.  Мұнан  бұрын  қазақ

шежіресі  қазақ  тілінде  кітап  болып  басылған

жоқ. Шаһкәрімнің бұл кітабы-қазақ шежіресін

білмек болған аға-іні іздегенді осыдан табасың.

Енді  мұнан  былай  қазақ  шежіресін  жазбақ

болған  кісі,  Шаһкәрім  кітабын  әбден  білмей,

қадам  баспа.  Кітап  жиған  жері  жоқ,  көшпелі

далада  жүріп  Шаһкәрім  шежіресіндей  кітап

жазбақ оңай жұмыс емес... Шаһкәрім өзі бүкір

дегенмен, шежіресі бала оқытқан молланың

қолында болатын кітап...» [3, №12].

Ә. Бөкейхановтың бұл мақаласы Шәкәрім

мұрасын насихаттау мен бағалаудағы тұңғыш

баспалдақ және өте жоғары баға.

Бұдан былайғы  уақыттағы қазақ  тілінде

қазақ  шежіресін  жазушы  адам,  Шәкәрім

шежіресін  басшылыққа  алу  керектігіне

айрықша  назар  аудартып,  бұл  кітап  бала

оқытатын әрбір молланың қолында болу керек

деуі  кітаптың  құндылығын  жете  түсініп,

Шәкәрімнің терең білімін көре біліп насихаттау

еді.

Шәкәрім осы мақалаға «Қазақтың» 1914



жылғы 61-санында Әлиханға: «Өткен жылғы 12

нөмір «Қазақ» газетасына оқшау сөз жазған қыр

баласына жауап:

Шежіремді  бағасынан  артық  мақтағаныңызға

қуанбасам  да,  қазақты  шежіре  оқуға

қызықтырғаныңызға тәңірі жарылқасын»,-деп

газет арқылы өзінің жылы сезімін де білдірген

[4].


Екінші  рет  Ә.Бөкейханов  1915  жылы

«Қазақтың»  121-санында  Шәкәрімнің

«Қалқаман-Мамыр»  жинағына  пікір  білдіріп

мақала жазды.

Мақалада Шәкәрімнің Абаймен туыстық

байланысы,  кейінгі  екі-үш  жылда  жарыққа

шыққан  шығармалары  тізбектеліп,  мақаланы

жазудағы  мақсат  оқырманға  насихаттау

екендігін жазады.

Шәкәрімнің 

ғұламалығын 

орыс


оқымыстысы Иван Филипич Гусевтің аузынан

«Жұрттың  бәрінің  аузына  алғаны  Абай.

Шәкәрімнің білімі қазақта жоқ екен!»,-дегізіп

ақынның жеке басына деген танымдық пікірін

де білдірген.

Поэмада  көрініс  берген  қазақтың  салт-

дәстүрінің шариғат заңдарына қатысы туралы

да  жайттар  сөз  болады.  Мамыр,  Қалқаман,

Көкенай бейнелеріндегі кей әрекеттеріне баға

беруге  ұмтылыс  бар.  Автор  Шәкәрім

поэмасының ұтымды тұстары мен кемшілік деп

түсінген жайттарды да ашып, сынын білдірген.

Мәселе  мақаланың  сәтті-сәтсіздігінде  емес,

Шәкәрім мұрасына танымдық роль атқаруында.

Әлихан  1915  жылы  қазақ  әдебиетіндегі


90

2014 №2 (23)

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

сынды  қалыптастыруға  назар  аударса  керек,

«Қара  қыпшақ  Қобыланды»  атты,  жеті  тарауға

бөлінген сын мақала жазған. Жырдың тарихы,

көркемдігі  туралы  сөз  болғанда  Шәкәрімге

көбірек  сілтеме  жасайды.  Әсіресе,  жырдың

тарихы  төңірегінде  айтылған  ойын,  пікірін

нақтылау  үшін  Шәкәрім  шежіресін

басшылыққа алған.

ХХ ғасыр басындағы баспасөз беттерінде

жарыққа шыққан осы мақалалардан Шәкәрім

мұрасын  танушы,  әрі  насихаттаушылардың

алғашқысы Ә. Бөкейханов деп танимыз.

Шәкәрімнің қазақ халқы үшін аса қымбат

тарихи орнын ерте таныған адамдардың бірі-

белгілі  революционер-большевик,  азамат

соғысының қаһарманы, журналист, жазушы әрі

тарихшы  Сабыржан  Ғаббасов.    1915  жылы

«Айқап»  журналында  жарияланған  «Тарих

қазақ  жайынан»  деп  аталатын  еңбегінде

Шәкәрім  туралы:  «Бұл  күнде  милләтіне

қаламымен қызмет қылып жатқан құрметті, аса

қадірлі Шаһкәрім күміс ер-тоқым, күміс белдік,

жуан бос құрсаққа мас болып,  қажы деген сөзге

төбесі  көкке  жеткендей  болып  жүрген

қажыларымызға үлкен-ақ үлгі боларлық зат....

Шаһкәрім  сияқты  ақсақалдарымыздың

ғұмырына берекет беріп, оқыған жастарымызға

Шаһкәрімдей болуға нәсіп етсін»,- деген пікір

білдіреді [5,95].

Мақала  Шәкәрімнің  төңкеріске  дейінгі

қазақ  қауымының  ой-санасына  Шәкәрімнің

халық  арасындағы  беделін,  әдеби  мұрасын

таныту мен бағалауда айрықша рөл атқарады.

Бір сөзбен түйіндегенде, ХХ ғасырдың

басындағы  ағартушылық-демократтық

бағыттың 

көшбасшысы 

Шәкәрім

Құдайбердіұлынан  қалған  ұлан-ғайыр



мұраны тану, насихаттау қазан төңкерісіне

дейін,  ақынның  көзі  тірісінде  басталып

кеткен.

Шәкәрімнің  қалдырған  мұрасы-



айдыны  да,  арнасы  да  кең  дүние.  Өзінің

жарты ғасырдан астам уақыт кеңістігіндегі

шығармашылық  жолында  ол  әдебиеттің

барлық жанрларында еңбек етті. Салмақты

да  сүбелі  туындылар  тудырды.  Абай

талантының  алтын  бесігінде  тербеліп  ер

жеткен  Шәкәрім  ақынның  мұралары  өз

заманының  үнін  көтерді,  сөзін  сөйледі,

тынысын танытты.

Әдебиет

1

Әшімханов  Д.  Бес  арыс.  –Алматы:



Жалын, 1992

2

Бөкейханов Ә. Шығармалар.- Алматы.



1994.- 273 б.

3

Бөкейханов Ә. // «Қазақ», 1913. №12



4

Құдайбердіұлы Ш.// «Қазақ», 1914. №9

5

//«Айқап», 1915. №6, 95-б



Резюме

В статье представлена точка зрения автора на использование новых технологий при

изучении творчества Шакарима Кудайбердиулы.

Resume

The author presents a new technology of teaching of  Shakarim Kudaiberdiev’s  creation.

91

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

2014 №2 (23)

ӘОЖ 372.882.151.212.2



Б.ТҰРҒАНБАЕВА,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты,

доцент м.а.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

МҰҒАЛІМНІҢ  ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС СТИЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақалада мұғалімнің дербес ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне байланысты

педагогикалық  қарым-қатынастың  өзіндік  стилін  қалыптастыратындығы  туралы  талдау

жасалған.

Тірек сөздер: оқу, тәрбие, мұғалім, жеке тұлға,  қарым-қатынас.

Адамдардың  жан  дүниесімен  сырласып,

оның  әр  түрлі  құбылыстарын  зерттеуде

педагогтар  мен  психологтар  үлкен  көңіл

аударады.  Өйткені,  оқыту  үрдісіндегі  мұғалім

мен  оқушылар  арасындағы  қарым-қатынасты

қалыптастыруға жете зер салып, көңіл аудару –

үлкен  педагогикалық  маңызды  мәселенің  бірі.

Адам  басқа  адамдармен  араласпай  қарым-

қатынаста болмай, еңбек ете де алмайды, өзінің

материалдық 

және 


рухани 

талабын


қанағаттандыра алмайды. Туылғаннан бастап ол

жан-жағындағы адамдармен әр түрлі қатынаста

болады.  Қарым-қатынас  адамның  өмір  сүруі

үшін  ең  қажетті  шарт  болып  есептеледі,

сонымен  бірге  оның  қалыптасып  дамуына  ең

негізгі факторлардың бірі.

Қазіргі  уақытта  қоғамда  болып  жатқан

өзгерістер,  жеке  ғылымдарға,  педагогика  мен

психологияға  ортақ  проблемалар  қойды.

К.Д.Ушинский, Н.А.Березовин, В.Ф.Моргуннің

белгілі тезистерін есепке алсақ, баланың өсіп-

өркендеуі  үлкендермен  карым-қатынасының

арқасында  дамиды.  Мұндай  кезендердің  бірі,

бастауыш сынып мұғалімі мен оқушыларының

оқыту  үрдісіндегі  іс-әрекеттері  мен  мұғалім

арасындағы  қарым-қатынас  сферасының

қалыптасуы. Бұл бастауыш сынып оқушысының

жаңа ортаға қаншалықты тез

бейімделуі,  әртүрлі  жастағы  адамдармен

қандай байланыста болуы арқылы анықталады.

Жас  бала  тек  өзін  сезуінен  ғана  емес,  сол

сияқты басқа іске араласуымен үлкендерге де

тәуелді.  Қазіргі  уақытта  қарым-қатынас

психология  мен  педагогикалық  білімнің  ең

негізгі алға қойған мәселесі болып саналады.

Қарым-қатынас деген не?  Мұның көбірек

таралған 

анықтамасы 

мынадай

түсініктемелерді қамтиды: "байланыс" немесе



"айырбастау", "бір адамның екінші бір адамға

хабар  беру,  мәлімет  беру,  ойын,  сезімін

айту,"нүкте"  болып  есептелетін  екі  адам  -

сөйлеуші  және  тыңдаушы,  бұл  екі  адам

арасында  жүргізілген  қарым-қатынас  үрдіс

сияқты ұйымдастырылады. Бұл жерде қарым-

қатынас  іс-әрекеттің  бір  түрі  ретінде

қарастырылады.

Қарым-қатынас  белгілі  бір  әлеуметтік

ортада,  топтарда,  ұжымда  жүзеге  асатын,

бүтіндей  алғанда  мағынасы  бойынша  жеке

адамдар  арасындағы  ғана  емес,  әлеуметтік

үрдістер. Олар қоғамдық талап пен қоғамдық

қажеттіліктен туындайды.

Кейінгі  екі-үш  онжылдықтарда  қарым-

қатынас  шеңбері  педагог,  психолог

зерттеушілердің назарын өзіне аударып келеді.


92

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

2014 №2 (23)

Қарым-қатынас  табиғаты,  оның  тікелей  және

жас ерекшелігі, өзгеру және даму механизмі

философтар мен социологтардың көңіл бөлетін

тақырыптарына айналды.

Шығыстың әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн

сынды  ғұлама  ойшылдары  қарым-қатынас

ұғымының 

біртұтастығына, 

адамдар


арасындағы өзара әрекетке аса зор мән берген.

Жүсіп Баласағұнның тәлім-тәрбиелік ойларға

толы  «Құтадғу  білік  (Құтты  білік)»  атты

дастанында  адамдардың  бір-бірімен  қарым-

қатынас  жасауы,  сөз  өнері,  сөйлеу  шеберлігі

туралы  өте  әсерлі  баяндалады.  Мысалы,  осы

дастанында жазылған: «Сөзіңді ізгі сөйле, өлсең

де  өлгісіз»,  «Ақыл  көркі  -  тіл,  тілдің  көркі  -

сөз», «Қадірлісі - тіліне ұят сіңгендер, жүрек

сөзін  жүрегімен  білгендер!»  т.б.  даналық

сөздерінің  тәрбиелік  мәні  қандай  адамның

болмасын жүрегіне жағымды, санасына сіңімді

екені анық.

Соңғы жылдары қарым-қатынас мәселесі

көп  ғылымдардың  зерттеу  пәніне  айналды.

Онымен  философтар,  әлеуметтанушылар,

м ә д е н и е т т а н у ш ы л а р , э к о н о м и с т е р ,

саясаттанушылар, заңгерлер, психологтар мен

педагогтар, менеджерлер тығыз айналысуда. Әр

ғылым  бұл  феноменді  өз  мақсаттары  мен

міндеттері тұрғысынан зерттеу үстінде.

Ғылымаралық  ұғым  ретінде  қарым-

қатынас  өзара  іс-әрекеттер  қажеттіліктерінен

туындайтын  және  ақпараттармен  алмасуды,

өзара түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар

арасындағы  байланыстарды  орнатудың  және

дамытудың  күрделі  процесі  ретінде

қарастырылады.

Қазіргі таңда зерттеуші-ғалымдар қарым-

қатынастың  түрлі  аспектілерін  жан-жақты

қарастыруда. Бұл  феноменнің философиялық

негіздері 

ретінде 


В.С.Библердің,

М.М.Бахтиннің, 

М.С.Коганның,

Ж.М.Абдильдиннің, 

Қ.А.Абишевтің,

Ш.Қасабековтың  және  тағы    басқа

ғалымдардың құнды еңбектерін атауға болады.

Қарым-қатынас  ерекшеліктерін  сол

сияқты  психологтар  С.Т.Шаций  әлеуметтік

психология бойынша мамандар П.М.Андреева

балалар  мен  үлкендер  психологиясында

Т.Н.Левашова,  А.К.Маркова,  А.Андреев,  бұл

мәселенің заңдылықтарын анықтаған. Бірақ осы

зерттеушілердің  барлығы  қарым-қатынас

түсінігіне бірдей мән бермейді. Мысалға

Н.М.Щелованов 

және 

Н.М.Аксарина



(Балаларды өте жас кезінен бастап тәрбиелеу,

1955). «Қарым-қатынас үлкендердің балаларды

еркелететін  сөзі»  -  дейді,  М.П.Щульц

(1974).»Адамның  табиғатпен  және  жерімен

өзіне  деген  қарым-қатынасы  туралы  айтуы

занды» - деп есептейді. Кейбір зерттеушілердің

(И.А.Зимняя, Н.А.Меньчинская «Ойлану және

қарым-қатынас»,  1973)  адамның  машина  мен

өзара  қарым-қатынасын  шындық"  деп

мойындайды.  Бұл  уақытта  енді  біреулер

«жансыз заттармен сөйлесу тек қана әдістемелік

астарлы, ауыспалы мағына» деп санайды. Шет

ел  ғалымдары  да  қарым-қатынастар

жиынтығын ұсынғаны белгілі. Б.Д.Парыгин тек

қана ағылшынша әдебиеттерде 1969 жылдарда-

ақ  қарым-қатынас  түсінігіне  96  анықтама

ұсынғанын көрсеткен.

Оқу-тәрбие  үдерісіндегі  педагогикалық

қарым-қатынастың рөлі мен мағынасы туралы

көптеген белгілі ғалымдар ой-пікірлер айтқан.

Мысалы,  А.С.Макаренконың  мұғалімге

педагогикалық  шеберлік  пен  педагогикалық

қарым-қатынас 

техникасын 

меңгеру

қажеттілігін  көрсете  отырып:  «...адам,  бала



келбетін  (бет-әлпетін)  оқи  білу  қажет...  Жан

дүние  қозғалыстарының  белгілері  туралы

келбеттен  оқи  білудің  еш  құпиясы,  таң

қаларлығы  жоқ.  Педагогикалық  шеберлік

тәрбиешінің  дауыс  ырғағы  мен  өзінің  бет-

әлпетін басқара алуында... Рөлге кіре алмайтын

адам мұғалім бола алмайды. Бірақ ол шынайы

болуы  тиіс...»  деген  пікірлерін  ескермеуге

болмайды  [1].  Ал  ғалым  В.А.Сухомлинский:

«Абай болыңыздар, сөздеріңіз нәзік тәнді осып

өтетін  қамшы  ретінде  болмасын,  оның

нәтижесінде бала жанында мәңгілік жара қалуы

мүмкін...» дей отырып, педагогикалық қарым-

қатынас  үрдісінде  кездесетін  «адаспа»

мұғалімдердің  «ащы  дауысын»  бәсеңдетуді

сұрайды [1].

Әрбір  адамның  өзіне  ғана  тән

қалыптасқан  қарым-қатынас  стилі  болады.

Қарым-қатынас  стилі  дегеніміз  не?  Ол  қалай

қалыптасады?



93

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

2014 №2 (23)

Осы  тақырыптағы  ең  алғашқы

тәжірибелік  зерттеулерді  1938  жылы  неміс

психологы Курт Левин жүргізген.

Педагогикалық  қарым  қатынас  стилі  –

педагогтың  өз  шәкірттерімен  әрекеттесуінің

дербес  –  психологиялық  ерекшеліктері.  Әр

мұғалімнің  балалармен  қарым  –  қатынас

орнатуында  өзіне  ғана  тән  ерекшеліктері

болады.  Осы  ерекшеліктеріне  байланысты  әр

мұғалімнің  кабинетке  кіруімен  оқушылар

сыныбында әр түрлі психологиялық ахуалдарын

алады.

Біздің байқауымызша, бірде-бір сөздікте



(философиялық, педагогикалық әсер ету жүйесі

сияқты,  басқару  стилі  бар.  30-шы  жылдары

Американың  көрнекті  педагог-психологы

К.Левин басқарудың үш стилін бөліп көрсетті:

өктемдік (әкімшілдік), (басқарудың қатаң тәсілі,

ұсынысын  және  қабылданған  шешімнің

талқылануын  тікелей  қабылдамайды),

демократиялық  (ұжымдық,  ұсыныстарды

қолдап,  қолпаштап  отырған  (анархиялық)

келісімпаздық  (басқарудан  тікелей  бас  тарту,

басшылықтан  шеттету).  Жетекшілік  стилі,

бастауыш  сынып  оқушыларының  даму,

деңгейінің өрлеу жағдайы және нәтижесі екені

бұрынғы Кеңестік педагогика және психология

зерттеулерінде және тәжірибесінде көрсетілген.

Бұл стиль сынып ұжымындағы жеке оқушылар

арасындағы  қарым-қатынас  негізінде

ұйымшылдық  пен  бірлікке  шақырады.

Н.Д.Хмель,  Р.Т.Тлеубекова,  Т.Н.Ушакова,

Н.И.Фурмановская.

Қазіргі 

уақытта 


көрсетілген

классификация  біраз  басқаша  көрінеді:

демократиялық  және  ымырашылдыққа  -

жолберушілік  (Р.Липпит  және  К.Уйдтың)

классификациясы.  Мұндай  классификацияда

қазіргі  шетел  авторларының  (Г.Андерсон,

А.Тауш, және Р.Тауш, Н.Бландерсон және т.б.)

еңбектерінде қарым-қатынастың ерекшеліктері

келтірілген.  Бұл  мәселе  бойынша  шетел

зерттеушілерінде  өте  бай  материал  жиылған:

педагогтің  оқушыларға  білімді  қабылдау

үрдісіне, оқу үрдісінде олардың үлгеріміне, жеке

оқушылар  арасындағы  қатынас  және

тәрбиешілермен өзара қатынасына стилдің әсері

көрсетілген.  Г.Андерсон  оқу  үрдісінде

«интегративті»  стилді  көрсетті.  Осының

нәтижесінде  бастауыш  сынып  оқушылары

тәртібінің қалыптасуы, өзін-өзі басқара алатын,

ұйымшыл болуына жол ашылды. Р.А. Тауштың

70-ші  жылдарда  жарық  көрген  зерттеуінен

мынаны көруге болады: сабақта оқушылардың

тек 2% өздерін дұрыс ұстайды, ал 97%-інде олар

әміршіл  жолы  арқылы  өзін-өзі  ұстайды

("терезеге қарама", "қолыңды ал", "жәй", "сен,

бір  өзің  түсінбей  қалдың").  Көптеген  шетел

зерттеу  жұмыстарында педагогикалық  қарым-

қатынас мәселесі   ашып    көрсетілген. З.Фрейд

оқытушылардың  оқушыларға  деген  әртүрлі

толғамды қарым-қатынастарын көрсеткен.

Тәрбие  проблемасы  70-ші  жылдары,

педагогтік 

қарым-қатынас 

стилінің

ерекшеліктері  кеңес  педагогтері  мен

психологтарының  назарын  аударды.  В.В.Кан-

Калик, 


Т.К.Цветкова, 

Г.А.Дукерман,

Г.С.Швайко,  Х.Т.Шерьязданова,  Р.Шмидт,

В.В.Боголовский,  О.В.Бескровная  қарым-

катынастың жекелеген психикалық аспектерге

және басқару стилін қарастыру, П.П.Блонский,

Л.И.Божович,  Дж.Брунер,  Е.О.Смирнова

зерттеулерінде қолдау тапқан.

Осы  зерттеушілер  қарым-қатынастың

әртүрлі стилін қарастырған бірақ олар бастауыш

сынып  оқытушыларының  оқушылармен

педагогикалык, қарым-қатынас технологиясын

қарастырмайды.

В.А.Сухомлинский,  Т.Н.Ушаковаөзінің

зерттеуінде  қарым-қатынас  стилі  деп,

мұғалімдердің оқушыларды түсінуінің әсерінің

жеке-типологиялық  ерекшелігін  қарастырып,

қарым-қатынас стиліне мыналарды жатқызады:

-

адамның 


қатынас 

жолының


ерекшелігі;

-

педагог  пен  тәрбиеленушінің



арасындағы пайда болған өзара қатынас сипаты;

-

шығармашылық ерекшеліктер;



-

оқушылар 

ұжымының

ерекшеліктері.

В.А.  Кан-Калик  мұғалім  мен  оқушылар

арасындағы  қарым  –  қатынастың  мынандай

топтамасын анықтаған:

1.  Бірлескен  шығармашылық  іс-әрекетке

әуестену  негіздегі  қарым-қатынас  (мұғалім

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет