Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 2.46 Mb.
Pdf просмотр
бет3/15
Дата15.03.2017
өлшемі2.46 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2014 №2 (23)

Resume

Резюме

газ., № 27 от 21 (3 ноября) октября 1911 г. СПб.;

Киргиз-кайсакъ. Аульные школы у киргизъ//«Въ

мире мусульманства», газ., № 28 от 28 октября

1911  г.  СПб.:  Киргиз-кайсакъ.  Изъ  жизни

киргизъ//«Въ мире мусульманства», газ., № 32

от 25 ноября 1911 г. СПб.

30.  Омскій  казакъ.  Они  заговорили.//

«Иртышъ», № 10, 29 іюля 1906 года. Омскъ.

The article is devoted to the scientifically- publicistic activities of  Alikhan Bukeykhanov and its

pseudonyms.

Статья посвящена научно-публицистической деятельности Алихана Букейханова и истории

его псевдонимов.


14

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІНЕ -

100  жыл

1914  жылы  26  қаңтарда  Абайдың

дүниеден өткеніне 10 жыл толуына орай Семей

қаласында ұйымдастырылған тұңғыш әдеби-

көркем кештің  өткеніне биыл 100 жыл толды.

Қазақ мәдениетінде айтарлықтай орны бар бұл

әдеби  кеш  Абай  шығармашылығын  халыққа

танытудың  бастауы  болды.  Тар  заманның

құрсауына қарамастан ұлы кемеңгердің әдеби

мұрасын насихаттап, құндылығын сол кезде-

ақ  түсінген  Нәзипа,  Нұрғали  Құлжановтар

сынды абзал азаматтардың ісі ерлікпен пара-

пар. Кештің өтуіне Абай балалары Кәкітай мен

Турағұл,  Абайдың  інісі  Шәкәрім  қажы  және

Орыс  жағрафия  қоғамының  Семейдегі

бөлімшесі атсалысқан.

Кешке жиналғандар Абай шығармалары

мен  Бетховен  увертюрасын  тыңдап  қана

қоймай, қобыз тартқан бақсының әні мен биін,

қонақтарды қымызбен сыйлау, бүркітпен аңға

шығу сияқты этнографиялық қойылымдарды

да тамашалаған. Абай өлеңдері оқылып, әндері

шырқалған.

Қазақ  топырағында  тұңғыш  өткізілген

әдеби кеш Ұлы Абайдың қадір қасиетін, атағын

жұртшылыққа  жария  етудегі  алғашқы  қадам

болатын. Осы Абайға арналған тұңғыш кешті

ұйымдастырушы  -  журналист,  ағартушы,

қазақтың 

оқымысты 

қызы 

Нәзипа


Сегізбайқызы Құлжанованың еңбегін ерекше

айту  артық  болмас.  XX  ғасырдың  басында

заман  өркениетіне  ілесе  білген  Нәзипа

Сегізбайқызы  Абайға  арналған  кешті  өткізу

үшін  талай  кедергілерге  жолығады.

Губернаторға  хат  жазып,  жауабын  үш  айдан

кейін алады. Кештің бағдарламасын патшаның

цензурасы  тексереді.  Абайдың  жиені,  Абай

қорының  президенті  Б. Ерсәлімов:  «Нәзипа  -

үлкен педагог, ол кісінің бала тәрбиесі жөнінде

үлкен  кітаптары  шыққан,  үлкен  журналист,

үлкен  этнограф.  Бұл  кісі  әйелден  шыққан  ең

бірінші абайтанушы, Әлиханнан кейін Абайды

халыққа айғайлатып шығарған осы – Нәзипа»,

–  деп  қайраткер  қыздың  еңбегіне  зор  баға

берген.


Құрметті  оқырман,  назарларыңызға

осыдан  100  жыл  бұрын  ұйымдастырылған

кештің  бағдарламасын  және  кештің

ерекшелігі  жайында  сол  кездегі  қазақ

баспасөз 

беттерінде 

жарияланған

мақалаларды  ұсынып отырмыз.

АБАЙТАНУ

2014 №2 (23)

15

АБАЙТАНУ

2014 №2 (23)

16

АБАЙТАНУ

СЕМИПАЛАТТАН

(СЕМЕЙДЕГІ ГЕОГРАФИЧЕСКИЙ ПОДОДТЕЛ ПАЙДАСЫНА ЖАСАЛҒАН КЕШ)

Бұл  айтылған  нәрсе  атына  қарағанда

орысша  болса  да,  кеште  ойналған,  тамашаға

қойылған  нәрселер  бәрі  де  қазақша  еді.  Біз

өзіміз істеуге тиісті болған бір істі бізге орыстар

істеп  берді.  Алашқа  мәлім  атақты  ақын  һәм

философ  Ибраһим  Құнанбаевтың  өлгеніне

биыл  он  жыл  толады.  Ілгері  басқан  жұрт

мұндай  қадірлі адамдарының  атағын  шығару

үшін  талай  белгі  істеген  болар  еді.  Біздің

көбімізге Абайдың кім екені де белгісіз, оның

кім  екенін  бізге  орыстар  танытып  жатыр.

Жоғарыда  айтылған  кеш  өткен  ғинуар

жұлдызының 25-інде собрания залында болып

еді.  Бастап  Абайдың  орысша  жазылған

ғұмырнама 

(биографиясы) 

оқылды,


арасындағы  өлеңдері  қазақша  жазылған  еді.

Бұл ғұмырнаманы мұнан бірнеше жыл бұрын

Әлихан орысшаға көшірген екен. Көпке оқушы

семинария учителі Н.Құлжановтың жамағаты

Назифа  ханым  болды.  Сөздің  аяғында:

«Абайды туғызған қазақ даласы, тағы да талай

Абай  секілді,  бәлки  онан  да  артық,

данышпандар  туғызар»  дегенде  тыңдаушы

қазақтардың  жүйесі  босап,  көзіне  жас

алғандары да болды. (байғұс қазақ қам көңіл

гой). Назифа ханымның орысша таза сөйлеуіне

орыстар таң қалды.

Екінші  –  Абайдың  өз  әні  менен  өлеңі

айтылды, бұ да тәуір шықты. Үшінші – атақты

бір бақсы қобыз ойнап сарнады, қаруы қайтқан

қартаң  адам  екен,  артық  келістіре  алмады,

сөйтсе де бақсы ақырғанда орыстардың кейбір

әйелдерінің  қорқып  орындарынан  ұшып

түрегелгендері көрінді.

Бүркіт, қаршығалар көрсетіліп, қазақтың

аң  құмарлығы  біраз  сөз  болды.  Қазақ

әйелдерінің  қымыз  сапырып,  қонақ

сыйлағандары көрсетілді. Қысқасы, бұл кеште

көрсетілген  тамашаның  барлығы  да  қазақ

тұрмысынан алынған нәрселер болды.

Абайдың өлеңі айтылады, бақсы ойнайды

деген  хабарды  естіп,  қаладағы,  қырдағы

жиылған қазақтың көбіне билет жетпей қалды.

Қазақтың өз тілінде еш нәрсе болмағандығынан

тыныш жүрген де халық екендігі білінді (қазақ

сауыққой  халық  қой),  қазақтың  оқығандары

бала-шағаларымен көтеріле барыпты. Абайдың

қадірі  халыққа  зор  екен.  Абайдың  өлеңі

оқылғанда,  талай  қазақтың  көзінен  жас

мөлдіреді.

Бұл  кешті  жасауға  атсалысқан  Нұрғали

Құлжанов,  Абайдың  балалары  Кәкітай  һәм

Тұрағұл  мырзаның өлеңге,  білімге ыңғай  бар

деп  айтысады.  Абай  секілді  сұңқардың  орны

бос қалмас деп үміт етеміз. Қазақ шежіресінің

негізін  құраған,  қазірде  өлеңмен  бірнеше

кітаптар  жазған  ақсақал  Шәкәрім  қажы  осы

Абайдың інісі болады.

Кештен қалған саф пайда 420 болды. Зал

кең болды, билет жеткенде пайда екі есе артық

болатын еді.

                                                                                                            М.М.

Мақала «Айқап» журналының 1914 жылғы  № 4 санында жарияланған.

Тірек сөздер: Абай, ғұмырнама, еске алу кеші, поэзия.

2014 №2 (23)


17

АБАЙТАНУ

СЕМЕЙДЕ ӘДЕБИЕТ КЕШІ

26-шы  иануарда  Семейде  Народни

думада жағрафиа жәмиғатының әдебиет кеші

болды. Бұл кеште халық аса көп болып үйге

сыймағандықтан  бір  сыпыра  адамдар  кіре

алмады. Барған халықтың көбі мұсылман еді,

көбірегі қазақ.

Ол күн атақты ақынымыз марқұм Абай

Құнанбай ұғлы турасында баяндама оқылады

деген  хабар  халық  арасына  бұрынырақ

таралған  себепті,  жұрт  ол  күнді  асыққандай

күтіп  тұрды.  Баяндамашы  Назипа  ханым

(Құлжанов  жамағаты)  орысша  оқыды.

Баяндамада Абайдың арғы атасын ұзын сөйлеп

келіп, Абайдың қырда өсіп аз оқыса да Еуропа

данышпандарының  кітаптарын  оқып,  сөзін

ұғып,  көңіліне  тоқып,  Русианың  Пушкин,

Лермонтов, 

Толстой 

атты 


мәшһүр

адамдарының  сөздерін  қазақ  тіліне  аударып

жазып,  қазаққа  өзі  өлсе  де,  сөзін  қалдырып

кеткенін сөйледі. Мұнан соң Әлмұхаммед атты

жігіт,  заты  Тобықты,  Абайдың  қасында  һәр

уақыт  болған,  домбырамен  ән  салды.  Әуелі

Татиананың  жазған  хатын  Абайдың  өзінің

шығарған күйімен салды. Бұл ән мұңды, нәзік,

өзі жай салатын әуезбен айтылады екен. Мұнан

кейін «Жігіт ғашығы» мен «Өлсем орным қара

жер сыз болмай ма» деген күйлерге салды. Бұл

әндер майда үнмен салынып, бірде ақырындап,

бірде көтеріп созып салынатын екен. Естіген

халық 


хаммасы 

орыс-қазақ 

демей

шығарушысына да, салушы Әлмұхаммедке де



да  алғыс  берді.  Өлеңнен  соң  бақсы  мен

шамандық турасын баян етілді. Ақыр аяғында

80 жасар бақсы Белгібай қарт қобызын тартып

жындарын  шақырып,  неше  түрлі  дауысқа

салып бір ақырып, бір шақырып, біресе ұшып

түрегеліп  ыссенада  айнала  жүгіріп  ойынын

көрсетті. Бұл бір көрмеген тамаша болды.

Бұл  жағрафиа  жәмиғатының  кеші

халықты  сүйсіндіріп  көңілін  ашты:  «Бізде  де

Абайдай данышпан адам туады екен-ау, атағы

қазақ түгіл орысқа да шығып, өзі өлсе де, терең

ойларын, қымбат сөздерін, түрлеген күйлерін

жұртына мирас қылып артына қалдырғандай»

деп жұрт шаттанды.



Тілші

«Қазақ»  газеті  редакциясының  Абай  кешіне  арналған  хабары.  Мақала  1914  жылдың  21

ақпанындағы №51 санында жарық көрген.

Тірек сөздер: әдебиет кеші, Абай, өлең, Нәзипа Құлжанова.

2014 №2 (23)

18

АБАЙТАНУ

АБАЙ

(Офат 23 иун 1904-нші жыл)



Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың бұл мақаласы

«Қазақ» газетінің 1914 жылғы маусымның  23-і күні № 67 санында жарияланған.

Тірек сөздер: Абай, ақын, Абай кітабы, өлең.

Бүгін атақты қазақ ақыны марқұм Абай

Құнанбаевтың офатына дәл он жыл толды. Егер

Абай қазақтан өзге оразды жұрттардың бірінің

ақыны  болса,  сегіздегі  баласынан  сексендегі

шалына  шейін  түгел  атына  қанық,  сөзімен

таныс болар еді. Елі туғанына сүйініп, өлгеніне

тегіс күйінер еді. Офатына 10, 25, 50, 100 жыл

толған  сайын  бүтін  жұрт  ескеріп,  матбұғаты

қайнап, есімін мәңгіге шейін қалдыруға өшпес

белгілер  орнатып,  құрметіне  неше  түрлі  ізгі

жайлар ашар еді.

Не шара!... Біздің жұрт әлі күнге шейін

міндет  басқышының  ең  төменіне  аяқ  баса

алмай тұр. Қазақ әдебиетінің атасы хүкімінде

тарихта  аты  алтынмен  жазыларлық  Абай

Шыңғыс  тауында  туып,  Шыңғыс  тауында  60

жылдық өмірін өткізіп, сол Шыңғыс тауында

өлді.  Туғанын,  жасағанын,  өлгенін  өз  елі

тобықтыдан  басқа  қалың  қазақтың  көп  жері

білмей де қалды. Осы заманда үш ауыз сөздің

басын  құрай  білетіндердің  жазулары  тасқа

басылып, халыққа тарап, сынға түсіп тұрғанда,

Абай сөзі өзі өлгеннен кейін бес жыл өткенде

басылды. Абай кітабы басылғаннан соң да елге

көп  тарай  алмады.  Былтырдан  бері  ғана

«Қазақ»-та  Абайдың  кім  екендігі  жайынан

жазылған  соң  қазақтың  һәр  жерінен

сұраушылар бола бастады.

Абай  сөзі  өзінің  тірі  күнінде  басылмау

себебін,  өлген  соң  да  балалары  неге  тез

бастырмағанын  анық  білмейміз.  1904-нші

жылы  иун  жұлдызының  басында  Омскіге

барғанымда Абай өлеңдерінің жазбасын алғаш

Ахмет  Байтұрсыновтан  көрдім.  Сонда

Байтұрсынов  айтты:  «Естуімше  Абай  өзі

өлеңінің  басылып  шығуын  тілемейді  һәм

бастыруға һешкімге рұқсат бермейді екен, күз

Қарқаралы  қаласына  барамын,  сонда  әдейі

бұрылып Абайға сәлем беремін, танысамын һәм

өлеңдерін бастыру жайынан сөйлесемін» деп.

Ахметке Абайды көруге нәсіп болмады. Абай

өмірі  күзге  жетпей,  сол  иуннің  23-нде  опат

болды.


1905-нші  жылы  «Семипалатинский

листок» газетасында һәм онан кейін Семейдегі

Географишески  обшествоның  шығарған  бір

кітабында*  Ғалихан  Бөкейханов  Абайдың

тәржімә халін жазды һәм кешікпей кітабы да

басылатынын білдіріп еді. Бірақ тез шықпады,

1909-ншы  жылы  Абайдың  балалары  һәм

інілерінің  ризалығы  һәм  Ғалиханның

ыждаһатымен  Абай  кітабы  Петербургта

Бураганский баспаханасында басылып шықты.

Бұл  күнгі  қолымыздағы  кітап  сол  бірінші

баспасы.


Бүгін  Абай  секілді  атымен  қазақ  халқы

мақтанарлық  ақынымызды  арамыздан

жоғалтқанымызға 10 жыл толуын еске түсіріп,

халқымыздың мұндай адамның қадірін білмеуін

айтып қана өтеміз. Тәржімә халі өткен жылы

«Қазақ»-тың 39, 41 һәм 43 нөмерлерінде, бұрын

өз  кітабында  һәм  Географишеское  обшество

кітабында  жазылғандықтан,  бұ  жолы  тарқап

жазбаймыз.

Абай сынды ақынның қадірін білмеу қазақ

халқының  зор  кемшілігін  көрсетуге  толық

жарайды.  Себебі,  қазақ  басқа  жұртпен  үзеңгі

қағысып,  тең  халық  болып  жасай  алмауы

тарихы, әдебиеті жоқтықтан. Тарихы, әдебиеті

жоқ  халықтың  дүниеде  өмір  сүруі,  ұлттығын

сақтап ілгері басуы қиын.

Әдебиеті,  тарихы  жоқ  халықтар

2014 №2 (23)


19

басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады. Қай

жұрттың болса да жаны әдебиет, жансыз тән

жасамақ емес. Қайдан өрбігенін, қайда өскенін,

ата-бабалары  кім  болғанын,  не  істегенін

білмеген жұртқа бұл талас-тартыс тар заманда

арнаулы орын жоқ.  Сондықтан Абайдың аты

жоғалуы,  мұнан  кейін  де  шығатын  Абайлар

сондай  ескерусіз  ұмытылуы  ықтималы

қазақтың  жоғалуы,  қазақ  атты  халықтың

ұмтылуымен бірдей.

Соның  үшін  жиырмасыншы  ғасырдың

таңында  халқымыздың  ұйқыдан  азырақ  бас

көтеруі,  жас  әдебиетіміздің  өсуі,  белгілі

кісілеріміздің тірлігінде һәм өлген соң да мәңгі

ұмтылмастай  болуы  біздің  бірінші  ескеретін

борышымыз. Әдебиетіміздің негізіне қаланған

бірінші  кірпіш  Абай  сөзі,  Абай  аты  боларға

керек.  Абайға  шейін  қазақта  қолға  алып

оқырлық,  шын  мағынасында  қазақ  әдебиеті

дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге

қымбаттығы  да  сол.  Бәлки  мұнан  кейін

Абайдан  үздік,  артық  ақындар,  жазушылар

шығар,  бірақ  ең  жоғарғы,  ардақты  орын

Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы

атқан жарық жұлдыз – Абай.

Орыста бірінші жазушы Ломоносов, бір

балықшының  баласы  еді.  Онан  кейін  сан

жүйріктер  шығып  жатыр,  сонда  да  орыс

әдебиетінің тарихында бірінші орын, бас бәйге

Ломоносовқа арнаулы. Неше жүз жылдан бері

Ломоносовтың атын орыс халқы көңілінде һәм

тілінде сақтап келеді. Мұнан соң мың жылдар

өтсе  де  оған  көрсетілген  қадір-құрметтері

артпаса, кему жоқ. Бізде де Абайға сол көзбен

қарарға  керек.  Абайдың  есімін,  сөзін  өте

құрметтеп ұмытпастай басына белгі орнатып,

құрметіне ізге жайлар ашарға керек.

Бір-екі ай мұнан бұрын Семей қаласында

білімді,  жүрегінде  жалыны  бар  бірнеше

азаматтар  Абай  құрметіне  қираатхана  ашады

деп  естіп  қуанып  едік,  сол  хабардың

жандануына  тілектеспіз.  Бұл  туралы  өрнекті

басшылықты  әуелі  Семей  халқынан  күтеміз.

Өткен  26-нші  иануарда  Семей  қаласында

Географишески обшество, ондағы оқыған қазақ

жастарының  жәрдемімен  Абай  құрметіне

әдебиет кеші жасағандығы** Семей халқынан

күткен  үмітімізді  күшейтуге  зор  дәлел  болса

керек. Ол кеш бірінші қазақ әйелінің (Нәзипа

ханым,  Құлжанов  жамағаты)  майданға  түсіп

берген өрнегі еді.

Біз  бүгін  ардақты  ақынымыз  марқұм

Абайдың рухына дұға қылып, қараңғы заманда

шырақ  жаққан  басшымыздың  есімі,  құрметі,

терең  мағыналы  асыл  сөзі  атадан-балаға,

немереден-шөбереге  үзілмей  сақталуын

тілейміз.

Зәредей  шүбә  етпейміз,  Абайдың  өлген

күнінен  қанша  алыстасақ,  рухына  сонша

жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық

ағарар,  һөнер-ғылымға  қанар,  сол  күндерде

Абай құрметі күннен-күнге артылар, «бірінші

ақынымыз»  деп  қабірін  халқы  зиярат  етер,

халық  пен  Абай  арасы  күшті  махаббатпен

жалғасар.  Ол  күндерді  біз  көрмеспіз,  бірақ

біздің рухымыз сезер, қуанар...

                                                                       М.Д.



АБАЙТАНУ

* Записки Семипалат. т.подотдела Запад.

Сибир.  Отдела  Император.  Рус.  Географич.

Общества. вып. ІІІ. Семипалатинск, 1907, цена

1 руб.

** «Қазақ», нөмір 51.



2014 №2 (23)

20

ӘОЖ 821.512.122-1



Б.ЕРДЕМБЕКОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің проректоры

ШӘКӘРІМ ПОЭМАЛАРЫ: ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ЖЕЛІ

Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлы поэмаларындағы тарихи шындық және көркемдік желіге

тоқтала отырып, өзіндік тұжырымдарын ортаға салады.

Ш.Құдайбердіұлының поэмалары туралы

зерттеушілер  бүгінгі  таңға  дейін  аз  пікір

айтпағаны  белгілі.  Десек  те,  бұл  туындылар

жайында әлі де індете қарастыратын түйткілді

мәселелер  жеткілікті.  Шәкәрімнің  салмақты

шығармасының бірі – «Жолсыз жаза» дастаны

десек,  бұл  дастанның жазылу  тарихы  кеңірек

сөз  қозғауды  қажет  етеді.  Еңлік  пен  Кебектің

оқиғасы ел арасына үлкен лаң әкелген, қазақтың

өз  ішінде  некен-саяқ  болатын  ірі  руаралық

қақтығыстармен  ерекшеленіп  тарихтан  орын

алды.  Қалмақпен  соғысып,  атыс-шабыстан

зәрезап болған ел мен сол елдің тізгінін ұстаған

топ екі ру арасындағы тұтанғалы келе жатқан

шапқыншылықтың  алдын  алып,  ата  жолын

аттаған  екі  боздаққа  қатал  үкім  шығарды.

Шабысқалы  келген  екі  ел  басылып,

Тобықтының  батыры  –  Кебек  пен  Матайдың

сұлуы  –  Еңлік  бейбіт  өмірдің  құрбандығы

болады. Қос мұңлықтың қайғылы тағдыры ел

аузында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа аңыз боп

жетті.

Еңлік  пен  Кебек  оқиғасына  байланысты



әртүрлі жанрда қазақ тілінде хатқа түскен бес

көркем  шығарманың  жазылуының  өзі  бұл

оқиғаның  халық  арасындағы  салмағын

байқатқандай. «Қазақтардың естерінен кетпей

жүрген бір сөз» деген атпен 1892 жылы «Дала

уалаятының газетінің» он санында жарияланды

(№29,30,31,32,34-40). Әңгіме «Ұмтылған» деген

Тірек сөздер: поэма, тарихи шындық, көркемдік желі, стиль.

бүркеншік атпен берілген. «Ұмтылған», яғни

«Мұтылған»  –  Шәкәрімнің  бүркеншік  есімі.

Сондықтан  да,  бұл  әңгімені  бірауыздан

Шәкәрімнің  шығармасы  деп  қабылдауға

болады.  Бірақ,  Шәкәрім  шығармаларын

зерттеп  жүрген  жазушы  М.Мағауиннің

айтуынша бұл шығарма – Шәкәрімдікі емес,

Абайдікі  [1].    Мағауиннің  дәлелдері  де

қисынды.  Әңгіменің  жазылу  стилінен

Шәкәрімге қарағанда Абайға жақын сөз саптау,

суреттеу мен портреттеулердің үлгісін ұсынған

зерттеуші сараптаулары құптарлық. Десек те,

Мағауин  салыстырған  аталмыш  әңгіме  мен

Абай 

прозасының 



арасындағы

ұқсастықтардың  өзі  мынау  Абайдікі  дейтін

дәлелдер емес. Дәл  сол стильдің маңайында

әңгіме  қылсақ,  Мағауин  Абай  сөзіне  жақын

деп  алған  мысалдан  келтірейік:  «Енді

бұрынғыны айтып отырған қарттар байқай ма

екен,  бұрын  күннің  жылы  болатыны  –  сол

замандағы орман-ағаштың көптігінен екенін»,-

деген  сияқты  үлгіде  сөз  жазу  Шәкәрім

стилінен  алыс  екені  рас.  Солай  бола

тұрғанмен, осы үлгіде сөйлеу, яки сөлем құрау

тек Абай емес, сол уақыттағы қалам иелерінің

көбіне  тән.  Алысқа  бармай-ақ,  «Дала

уалаятының  газетінің»  сол  санына  шыққан

келесі  бір  мақаладан  үзінді  келтірейік:

«Бұрынғы  заманда  Тарбағатай  тауынан

Алатауда,  Балқаш  пенен  Алакөл  арасында

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)


21

жайлап жүреді екен Қарабай, Сарыбай деген екі

бай» немесе, «Бәрінен де қоймаған Қодар құлға

тиюді  Баян  сұлу  жек  көретін  еді,  әрі  жүріп

тұрып қоймастан өзін аламын деп ұмтылғаны

үшін» [2, 34-б.]. Баспасөздегі әңгіме мен Абай

тілінің ерекшелігіне назар аударғанда тағы бір

байқағанымыз,  әңгімеде  «Мәзікүр»  сөзі

бірнеше  жерде  қолданылады.  Абай

шығармаларында  бұл  сөз  кездеспейді.  Абай

шығармаларында есімшенің ескірген формасы

-тұғын тұлғасымен келетін сөздер көп кездессе,

«Дала  уалаятының  газетінде»  басылған

әңгімеде  мұндай  сөздер  есімшенің  қазіргі

қолданыстағы -атын, -етін, -йтін формасында

келеді. Мысалы, Абай қарасөзіне үңілсек: «Уа

ләкин,  кім  де  кім  иман  неше  нәрсе  бірлән

кәмеләт  табатұғынын  уа  неше  жерден



бұзылатұғынын білмей, басына шалма орап,

бірәдәр атын көріп, рузашыл, намазшыл болып

жүргені көңілге қалың берлей тұрып жартысын

салғанға ұқсайды»,- делінсе, газеттегі әңгімеде:

«Сол себептен үйінде отыра алмай, қайратына

шыдай  алмай  Абыз,  яғни  білімді,  сәуегей

Нысан  дегенге  жөнеліпті,  өзінің  қандай

болатынын сұрауға... Нысан көп сөйлемейтін,

түсі суық, қарт кісі екен»,- деп келеді. Демек,

әңгімені Абайға арта салу сәл ертерек сияқты.

М.Мағауин «Абайдың белгісіз әңгімесі»

деген  мақаласында  бұл  әңгімені    Абай

шығармасы деп танығанмен, бұл жаңалықты

не қостап, не қарсы болып жақ ашқан әдебиет

зерттеушілері  болмады.  Зерттеушінің  осы

мақаласы  «Абай»  энциклопедиясына  енді.

Демек, абайтанушы қауым үн-түнсіз болса да

аталған  шығарманы  Абайдың  әңгімесі  деп

қабылдаған сыңайлы.

Көркем  шығарманың  сыртқы  пішіні,

оқиға  ауаны  Шәкәрімге  жақын  тақырыптар.

Әңгімеде  сөз  болатын  Еңлік  пен  Кебек,

Қалқаман  мен  Мамыр  –  кейіннен  Шәкәрім

дастан етіп жазған дүниелер. Солай бола тұрса

да  шығарманың  ішкі  мазмұнына,  көркемдік

ерекшелігіне  үңілгенде  Абайға  жақын

штрихтарды  байқамау  мүмкін  емес.

Шығарманы  дәлелдей  келе  қорыта  айтқан

М.Мағауиннің:  «...хикая  ешқандай  даусыз

Абайға ғана тиесілі шығарма екенін қайталап

айтқымыз келеді. Сонымен қатар, бұл – жабайы

ақпар, қарадүрсін мақала емес, бас-аяғы бүтін,

артық-ауыс  мүшесі  жоқ,  машықты,  шебер

прозашының қолынан шыққан, ұлы Абай атына

лайық туынды екеніне куәлік береміз» [1] ,- деген

қорытындыға  келген  мақала  авторы  бұл

туындыны анық Абайдікі ете алмағанымен, оған

кемеңгер ақынның тікелей қатысын аңғартатын

дәлелдер келіруімен құнды.

Баспасөз бетінде бұл оқиғаға байланысты

ел аузынан алынған «Қазақ турасынан хикая» [3]

деген  атпен  осы  әңгіменің  тағы  бір  нұсқасы

басылды. Мұнда батыр – Сергелі, қыз – Қаңлық,

абыз – Келдей, Тоқтамыс – Бесқабан, Кеңгірбай

– Шалпақ деп өзгергені болмаса оқиға желісі бір,

кей  тұстар  сөзбе-сөз  келіп  отырады.  Ғалым

Ш.Сәтбаева екі әңгімені де Шәкәрімге телиді [4].

Сондай  ұқсастықтары  бола  тұрғанмен  кейінгі

басылған әңгімеде тілдік жұтаңдық, баяндауда

қарадүрсіндік бар. Авторы белгісіз. Сол белгісіз

автор  әңгіме  кіріспесінде  Кебеков  дегеннен

жазып  алғанын  айтады.  Бұл  «Кебектің

ұрпағынан, сол елдің адамынан алынған» деген

сияқты мағынаны білдірсе керек.

Бір ескеретіні осы екі әңгіме де баспасөзде

алдымен  орыс  тілінде  жарық  көрген.

«Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз»

әңгімесінің  орысша  нұсқасының  соңында

«Сибирский  вестник»  газетінен  алынып

басылғандығы  айтылса  [5,  108-б.],  «Қазақ

турасынан хикая» орыстың «Природа и люди»

журналынан алынғандығы көрсетілген [5, 191-

б.].  Бұл  Еңлік  пен  Кебек  оқиғасының  орыс

оқырмандарының да қызығушылығын оятқанын

аңғартады. Ал, осы еңбектерді орыс тілінде кім

баспаға  ұсынған  деген  мәселеге  келсек,

Ә.Марғұланның  деректері  бұл  әңгімелерді

Абайдың  орысша  оқыған  інісі  Халиоллаға

меншіктейді:  «Кадет  корпусының  соңғы  екі

класында 

оқып 


жүріп, 

Халиолла


Н.Ф.Костылецкийге  қазақ  тілінен  көп  сөздер

жазып береді, оларды әрі қазақ тілінде аударып

жазады.  Оның  ішінде  «Еңлік-Кебек»,

«Қалқаман-Мамыр», «Есім ханның ескі жолы»,

«Қазақ билерінің ерте кездегі шешімдері» тағы

басқалары  бар...  XIX  ғасырдың  90-жылдары

Халиолланың  жазулары  Н.М.Ядринцевті,

Н.И.Наумовты,  Н.Н.Максимовты  қатты

толғандырды. Олардың ортасынан Н.И.Наумов

ШӘКӘРІМТАНУ


Каталог: files -> journ shakarim
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар
journ shakarim -> Бас редактор әмірбеков Шәріпбек
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 ШӘКӘрім
journ shakarim -> Бас редактор әмірбеков Шәріпбек


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет