Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата15.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#9921
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2014 №2 (23)

28

жастыңсүйіспеншілік  сезімін  басты  назарға

алған Мағауия жырына тұсау салғанда, «орта

қалай  қабылдайды,  оқырман  не  дейді»  деген

күдікті  Абай  алдымен  ойлаған-ды.

Орыстандырудың  астыртын  саясаты  қаймағы

бұзылмаған қазақы билікті ығыстырып, орыс

заңына бағына бастаған елдің кешегі әділеттің

ақ туын жықпаған билері мен шешендерін үлгі

ету  еді –  Абайдың  арғы  ойы. Шәкәрім  Ұстаз

ойын  ақтады.  Сөз  жоқ,  ел  ішін  бүлдіріп  ала

жаздаған  сезімтал  Мағауияның  поэмасынан

кейін,  Шәкәрім  шығармасының  жазылуы

Абайдың  қатты  қадағалауында  да  болуы

ықтимал.  Екі  жастың  трагедиясын  жеке

адамдардың  мүддесінен  іздемей,  одан  терең

жатқан ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтардан

табады. Бұл тұрғыдан алғанда Шәкәрім ұстаз

көңілінен шықты деуге болады.

«Қазақтардың  естерінен  кетпей  жүрген

бір  сөзінде»  әңгіме болып  кейіннен  Шәкәрім

поэма  етіп  жырлаған    оқиға  Қалқаман  мен

Мамырдың оқиғасы. Поэмаға сын айтып, алғаш

мақала  жазған  Ә.Бөкейханұлы:  «Рас,  біздің

қазаққа осы бойымен де, «Қалқаман-Мамыр»

айтулы жақсы өлеңнің бірі болар. Бірақ «көп

бергеннен  көп  сұралады»  деген.  Мұны

Шәкәрімнен  көп  сұрап  жаздым»  [15],-  деген

биік талаптың артында Шәкәрімнің ақындық

талантын жоғары бағалау жатыр.  Шәкәрімнің

айтуынша  Қалқаман-Мамыр  оқиғасы  1722

жылы  болған да,  осы  оқиғаның өткеніне  190

жыл  толуына  орай  «Қалқаман-Мамыр»

поэмасын баспадан кітап етіп шығарады. Ал,

шығарманың  жазылуы  бұдан  да  ертерек,

«Жолсыз  жазаның»  алдында  жазылғандығын

жоғарыда айттық. «Жолсыз жазамен» тақырып

ұқсас.  Бірақ,  «Қалқаман-Мамырда»  Шәкәрім

алдыңғы  шығармадағыдай  кеңінен  таратып

тарихи баянға бармаған. Қалқаманның шыққан

тегіне  аз  аял  жасап,  бірден  негізгі  оқиғаға

көшеді. «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген

бір сөз» әңгімесінде Қалқаманға айып кесуші

поэмадағыдай  Әнет  баба  емес,  Кеңгірбай

болады. Әңгімеге қатысты Халиолла мен Абай

бір  адамның  қолына  ұстатуы  мүмкін,  қазақ

билерінің бәрін қатігез, өз бауырын өлімге қия

беретін  шетінен  безбүйрек  етіп  көрсетуді

Халиолла,  Абайлар  қош  көрмеді  ме  екен.

Әйтеуір Халиолла мен Абайдың қаламы тиді,

Шәкәрімнің  қатысы  бар  деген  әңгімеде  екі

жұптың  да  қайғы-қасіретін  Кеңгірбай  биге

арқалатқан.  Әнет  баба  туралы  ештеңе

айтылмайды.  Ал,  поэмада  Қалқаман-Мамыр

дауының ортасында Әнет бабаң жүреді. Әнет

Кішікұлы  шамамен  1623-1723  жылдары  өмір

сүрген.

Әнет бабаң Арғынның ел ағасы,



Әрі би, әрі молла ғұлымасы.

Орта жүзге үлгі айтқан әділ екен

Сол кезде тоқсан беске келген жасы,

–  деген  Шәкәрімнің  сөздері  тарихтан  алшақ

кетпейді.  Орта  жүз  сөзіне  құлақ  асқан  Әнет

бабаңның  Қалқаман  мен  Мамырға  ара  түсе

алмауының себебі не? Оның түп-төркіні тағы

да  қазақтың  ескі  салт-санасына  жетелейді.

Кебек  алып  қашқан  Еңлік  біреудің

атастырылып  қойған  қалыңдығы  болса,

Қалқаман мен Мамырдың кінәсі одан да ауыр.

Қыз алған жоқ жақыннан Тобықты әзір,

Өлтірем деп жүрмесін бізді қазір,

–  деп  өрекпіген  Мамыр  қыздың  аузына  өлім

түсуінің өзі содан.

Мамыр-ау, айтып тұрсың әлденені,

Шариғат қосады екен немерені,

–  деп  Қалқаманның  басу  айтатыны  бар.

Поэманың екінші бір тұсында:

Мамыр-ау, мені сүйсең, кетпе жатқа,

Құдайға хақ, сөзім жөн шариғатқа.

Басы Бабаң, аяғы шала молда

Бәріне анық, оқыған жамиғатқа,

–  деп  Қалқаман  шариғатты  тағы  алға  тарта

сөйлейді.  Автор  бұл  арада  жастар  жағында.

Ақынның «Мұсылмандық шарты» еңбегінің

десек, олардың бұл оқиғаны, яғни Қалқаманға

билік айтқан Әнет баба екенін білмеуі мүмкін

емес.Солай  бола  тұрғанмен,  ел  арасындағы

халыққа дұрыс жетуіне аса мән берген. Тек екі

түпкі идеясы бауырлас екі оқиғаның да шешімін

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)


29

«Қатын  қылып  алуға  шариғат  қоспайтындар»

деген бөлімінде: «Есебі екеуі де немере болса

шариғат қосады» [16, 63-б.],- деп жазды.

Олай  болса  Мәмбетейлердің  басшысы

Көкенай  батырдың  ширығып,  Әнет  бабаның

«бітімсіз  іс  кез  болып  қалар  ма  екен»  деп

қобалжуының сыры неде? Ол кезде бір-бірінен

қыз  алысып,  қыз  беріспеген  аз  ғана  ру

Тобықтының бір атасы Сары батырдан барып

қосылады қыз бен жігіттің ныспысы. Тарататын

болсақ,  Сары  батырдың  бәйбішесінен  Кішік,

Кішіктің тоқалынан Әйтек, Әйтектің тоқалынан

Байбөрі, одан Қалқаман. Кішік пен Мәмбетей

бірге  туады.  Мәмбетейден  Байғазы  бай,

Байғазының  қызы  Мамыр.  Қазақ  жеті  атаға

жетпей қыз алмаған. Шариғат қосқанмен, таза

қанды  ұрпақ  өсіру  үшін  жеті  атаға  дейін

қосылмауды  қатаң  сақтаған  бабалар  әдет-

ғұрпына  қылау  түсіру  –  кешірілмейтін  іс.

Көкенайдың қарындасы Мамырды өлімге қиып,

Әнет  бабаның  өз  туысы  Қалқаманды  оққа

байлаған шарасыз қарекеті қашаннан қылшығы

бұзылмай  келе  жатқан  ата-баба  салтының

беріктігінен болса керек.

Айттырылған  жері  бар    Еңлік  пен

Кебектің  қосылып  қашуы  қазақ  үшін

үйреншікті  іс  болғанмен,  Қалқаман  мен

Мамырдың  жазасы  әуел  бастан  ауыр-тын.

Аяқты  кеңге  салып,  істі  ушықтырып  алған,

бәлкім Тоқтамыспен бақталасып жасағаны ол

жағы нақты анық емес Кеңгірбайдың жағдайы

мен  бұрын-соңды  болмаған  сұмдықтан

Қалқаманды  арашалауға  еш  мүмкіндігі

қалмаған  Әнет  бабаның  жайын  салыстыруға

келмейді.  Екі  поэмадағы  билердің  пішініне

бақсақ,  Кеңгірбайға  қарағанда  Әнет  бабаның

образы  айқын  сомдалған.  Тарихи  шындыққа

жүгінді  ме  кім  білсін,  Шәкәрім  Әнет  бабаны

шын  жанашыр  етіп  суреттейді.  «Көрсетемін,

қайтемін, тыныш жатам» деген Кеңгірбай бидің

самарқаулығы жоқ. Алдымен мал беріп бітіспек

болған  Бабаң,  «ел  болмай  кетісеміз»,-  деген

Көкенай тобына:

Бабаң айтты: Өлтірер жұмыс емес,

Таспен атып өлтірмек – бұл іс емес.

–  деп  тоқтау  айтады.  Дау  бұған  да

ауыздықталмай ұзаққа кетеді. Арада төркіндеп

барған  Мамырды  Көкенай  атып  өлтіреді  де:

«Мен тентегімді өлтірдім, ендігі кезек сенікі»,-

деп Бабаңа кісі салады. «Бір еркек, бір қатынның

құнын  алсын»,-  деген  Бабаң  сөзіне  тағы

болмайды  Көкенай.  Қан  көрген  күшігендей

құтырған Көкенай Қалқаманды алып тынбасын

білген  кәрі  би  лажсыздан  соңғы  шешімін

айтады. Әнет бабаның асау елмен алысқан осы

бір қасіретті шағын Шәкәрім аяулы  Абайымен

салыстырады да:

Бабаңның нұр жүрегі болды мұздай,

Жазасыз жасқа ешкімнің қаны қызбай.

Мысалы көз алдыңда тұрған жоқ па

Қойдыңдар  Абайға да не қылғызбай ,

– деген ақын толғанысының ішінде тентек елді

бағудан әбден мезі болған қос дананың қайғы-

қасіреті бұғып жатыр. Қалқаман да:

Ей, жұртым, мен өлемін, сендер қалдың,

Орнына бауыздадың айтқан малдың.

Өз бауырын оққа байлап өлтірді деп

Қалдыңдар обалына мына шалдың ,

– деп, Әнет бабаны емес, өзіне ара түспеген елін

кінәлайды. Көкенайдың тартқан жебесінен аман

қалғанмен,  еліне  өкпелеп,  нағашы  жұртына

Бұхар жаққа кетеді. «Батыр Қалқаман нағашы

жұртында  абройлы  адам  болып  ел  құрметіне

бөленеді.  Қалқаманның  ұрпақтары  өсіп-өніп

Үйсін Шапыраштың ішінде Айқым-Қалқаман

Тобықты  атанады»  [17,  401-б.].  Шәкәрім  көзі

тірісінде Қалқаманның ұрпақтарымен байланыс

жасаған да. Шығармасының соңында:

Хан Шыңғыс деген тауда тұрмыз біз де,

Егер де іздесеңдер, сонан ізде.

Тобықтыда Құнанбай қажы десе

Басты кісі – біледі Орта жүзде,

–  деп  туыстарына  іздеу  салады.  Шәкәрім

заманында тағдырдың айдауымен шетке кеткен

Біреудің некелісін бұзбаған соң

Қанына ортақ болу дұрыс емес ,

туыстармен  байланыс  та  орнаған.  «Қалқаман

руының сол кездегі үлкені Құдайберген қажы

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)


30

дегенге  елге  қайтыңыз  деп  шақырған

туыстарына қажы:

-  Көп  туысымызға  шақыра  келгенің

жақсы. Ал, дәм жазып баруымыз одан да жақсы

болмақ. Сапар сәті түсіп бара қалсақ, кімді іздеп

барамыз  дейміз?  Ол  айқын  ғой  десек,  кімнің

үйіне ат басын тірегеніміз жөн болады?- депті.

- Шәкәрім қажы бар емес пе?-дегендерге,

Құдайберген ойланып отырып:

- Е, е, е! Онда таяу уақытта біз бармайды

екенбіз.  Ертеде  атамыз  Қалқаман  бәйбіше

баласы  Олжай  ызғарымен  туысынан  кеткен.

Тағы  да  барып  Олжайға  тәуелді  болуымыз

келіспес. Дәм бұйырып, Алла жазғандай заман

болса,  ол  келешек  ұрпақ  ісі  болсын,-  деп

қайырған екен» [8, 421-б.]. Осы арада бір көңіл

бөлетін нәрсе, Қалқаман да, оның ұрпақтары да

кінәні өз туысы Олжайдан көреді. Поэмадағы

автор  ұстанымы  да  осыған  жақын.  Екі  жасқа

үкім кескен Көкенай да, еріксіз өз бауырын оққа

байлаған Әнет баба да емес, солардың артында

тұған есер көп шуылдақ.

Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын,

Ешкіммен ойнап-күліп жүре алмаймын.

Өлерде аямады, қайда аяйды

Сендерге енді мойын бұра алмаймын,

– деп өкпесі қара қазандай Қалқаманның елінен

безінуі де содан. Тобықтының жігіттері Кебекті

ұстап  беруге  қарсы  болатыны  бар  «Жолсыз

жазада».  Ал,  Қалқаманды  құтқаруға  келгенде

көп  Олжайдан  ондай  қимыл  шықпайды.

Көкенай  да  жалғыз  емес,  артында  шулаған

Мәмбетей, одан қалса тамам Арғын тұр. Көпке

топырақ шаша алмайсың. Дәстүрден аттаған екі

тентекке  де  қатал  үкім  шығарған  және  оны

орындатушы  сол  көп  болып  шығады.  «Ар

сүймейтін  іс  қылған»  Қодарды  атанға  асып

өлтіретін Құнанбай емес, мырзаның қасындағы

көп.


Шәкәрім поэмаларындағы осындай ұқсас

шешімдер  жалпы  тақырып  таңдаудағы

автордың  идеялық  бірлігіне  алып  келеді.

«Жолсыз жаза», «Қалқаман-Мамыр» және соңғы

тілге тиек еткен «Қодардың өлімі» поэмаларын

  Қазақта  аса  сирек  кездесетін  өлім

жазасына  кесудің  ең  сұрапыл  мысалдары  әр

заманда Тобықты елінде болған екен. Әнет баба,

Кеңгірбай  би,  Құнанбай  аузымен  айтылған

қатал үкім көп жылдар ел есінде сақталып, кезі

келген  шақтарда  Тобықты  елінің  осы  бір

қаталдығы  басқа  елдердің  тарапынан  сынға

алынып  та  отырды.  «Аттың  жалы»,  «түйенің

қомы», «садақтың оғы»не?» деп қанды оқиғаны

тұспалдаған  арты  ауыр  сауалдар  Абайға  да

қаратыла сан мәрте қойылған. Абайдың жауап

қата алмай үнсіз қалатынын ескеріңіз. Кезінде

жалғыз Абай емес, Тобықтының сан жүйрігін

тосылтқан ата-баба  билігінің шектен  шыққан

қаталдығын  Шәкәрім  өз  тарапынан  түсіндіру

мақсатында осы үш шығармасын жазған. Жеті

атадан  қосылмайтын  қазақтың  заңын  аттаған

Қалқаман  мен  Мамырды  арашалауға  Әнет

бабаң шарасыз болса, шабыспаққа сылтау іздеп

отырған  қалың  Найманға  қарсы  тұра  амаған

Кеңгірбай  Кебекті  ат  құйрығына  байлатады.

Қодар  мен  Қамқаның  кінәсі  әлгі  екеуінен  де

ауыр  еді.  Келінімен  жақындасып  жын-

шайтанның жолына түскен Қодардың қылығы

онсыз  да  орыстың  отарлауына  түсіп,  салт-

дәстүрден айырыла бастаған елдің азғын кейпін

танытқан-ды.  Елдікті  сақтау  үшін  Құнанбай

ессіз  кеткен  ерінің  мойнына  арқан  салуға

мәжбүр болды. Міне, осы шындықты бүркемей

жеткізіп,  келер  ұрпақтың  алдында  ел  панасы

болған,  сын  сағат  туғанда  елдің  бірлігі  үшін,

болашағы  үшін  адам  айтқысыз  қатал  үкімге

барған  қазақтың  маңдайына  біткен  біртуар

тұлғаларды  сомдаушы  Шәкәрім  туындылары

қашанда шыншыл, қашанда өміршең.

Демек,  «Жолсыз  жаза»,  «Қалқаман-

Мамыр»,  «Қодардың  өлімі»  поэмаларын  бір

арнаға тоғыстырып тұрған идеялық бірлік бар.

Ол  –  қазақтың  салт-дәстүрін  бұзғандарға

кесілген  ең  ауыр  жазаның  себеп-салдарын

ашып  көрсету,  жаза  кескендер  мен  жапа

шеккендердің  ақ-қарасын  анықтап,  кейінгі

ұрпаққа жеткізу.

біріктіріп тұрған дүние бар, ол – қазақтың әдет-

салтын бұзғандарға ең ауыр жаза кескен елдің

бет-бейнесін  шынайы  қалыпта    жеткізу.

Шәкәрім бұл арада белгілі бір мақсат қойған.



ШӘКӘРІМТАНУ__2014_№2_(23)__31__Әдебиет'>ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)

31

Әдебиет

1

Мағауин  М.  Абайдың  белгісіз



әңгімесі. // Қазақ әдебиеті, 1989, 15 желтоқсан.

2

Әдеби  мұра.  Революциядан



бұрынғы  мерзімді  баспасөз  бетінде

жарияланған  көркем  шығармалар.  –Алматы:

Жазушы, 1970. - Б. 132

3

Қазақ  турасынан  хикая.  //  Дала



уалаятының газеті, 1900, №46,50.

4

Сатбаева 



Ш. 

Шакарим


Кудайбердиев. –Алматы: Ғылым, 1993. - С.116

5

Субханбердина Ү. Дала уалаятының



газеті. 

5-кітап. 

Мазмұндалған

библиографиялық  көрсеткіш.  –Алматы:

Ғылым, 1995. - Б. 216

6

Марғұлан  Ә.  Ақын  туған  орта.  //



Жұлдыз, 1982, № 4, Б.192-199.

7

Халиулла.  Киргизское  придание.



Московская  иллюстративная  газета,  1892,  №

274.


8

Исабаев  Б.  Ұлылар  мекені.  –

Новосибирск, 2001. - Б.623

9

Қазақстан.  Ұлттық  энциклопедия.



Т.3. –Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,  2001.

- Б.720


10

Мұхамедханұлы  Қ.  Абайдың  ақын

шәкірттері.  1-кітап.  –Алматы:  Дәуір,  1993,  -

Б.224


Резюме

В  настоящей  работе  исследуются  художественно-исторические  особенности  поэмы

Шакарима Кудайберидиева.

Resume

Article is devoted to the artistic and historical features of  Shakarim  Kudaiberdiev’s  poem.

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)

32

2014 №2 (23)

ӘОЖ 821.512.122



С. ІЗТІЛЕУОВА, филология ғылымдарының докторы

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

«Тұлғатану» орталығының жетекші ғылыми қызметкері

АБАЙ, ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Автор мақалада адам факторларының құндылықтары негізіндегі ұрпақ тәрбиесі кемеңгер

ойшылдардың айтқан ой-пікірлерімен сабақтасып жатқанына мән береді. Ұрпақ өзінің бойындағы

кемшіліктерді көруге, қателіктерді түзеуге темір қазық етіп Абай, Шәкәрім шығармаларын алу

керек деген тұжырымды ұсынады.

Тірек сөздер: Абай, Шәкәрім, рухани құндылық, мұра, дүниетаным.

Қазақстанды  өркендету  азаматтардың

санасын, дүниетанымы мен пиғылын ізгілікті

мақсаттар  мен  құндылықтар  негізіне

тәрбиелеуге тәуелді. Өркениетті мемлекет болу

дегеніміз – адам факторын тиімді пайдалануға

қол  жеткізу.  Осы  мақсатқа  ұлттың  кемеңгер

ойшылдарының айтқан ой-пікірлері, көтерген

мәселелері қызмет етеді. Ең бастысы ұлт өзінің

бойындағы кемшіліктерін көруге, қателіктерін

жөндеуге қабілетті болуы керек. Осы тұрғыдан

келгенде  Абай  мен  Шәкәрімнің  үлгілері

ерекше.

Дамудың кілті адамда. Өз азаматтарына



ойдағыдай  тәрбие  мен  білім  беріп,  ғылым

үйреткен мемлекеттер ғана тұрақты дами алған.

Сондықтан  дамыған  елдердің  барлығы  адам

факторына, адамның рухани жаңаруда болуына

ерекше назар аударуда. Адамның біліктілігі мен

білімділігі аса зор байлықтарды иемденуге жол

ашады. Мәселенің екі жағы бар. Бірінші жағы

адамды  тек  өндіруші,  тиімді  еңбек  етуші,

материалдық  игіліктерді  жасаушы  ретінде

қарастыру. Екінші жағы, өндірушілікпен қатар

парасат  пен  ізгілікті,  демократиялық  қоғам

орнату  мақсатына  осындай  рухани  тұлғаның

шешуші  рөл  атқаруы  шарт.  Оның  бойында

кәсіпкерлікті,  біліктілікті,  еңбекқорлықты

әділетті сүю, адамды сүю, Алланы сүю сияқты

ізгіліктілік  сапалары  толықтырып  тұрады.

Қазақстанның болашағы үшін осындай тұлғаны

тәрбиелеп өсіру маңызды. Бұл – рухани міндет

қоғамдық 

қатынастарды 

жарасымды

дамытудың  кепілі,  толыққанды  дамыған

мемлекет  құрудың  кепілі.  Сол  себепті  адам

тәрбиесін  тағдырлық  мәселелердің  қатарына

қойған дұрыс. Қазіргі жаппай вестернизациялау

саясаты халықты өзінің рухани тамырларынан

айыруды  мақсат  тұтады.  Тек  қарынның,

нәпсінің қамын ойлау бірінші кезекке шығады.

Ондай халықта келешек жоқ. Қазақ ұлты өзінің

рухани келбетін, сақтай алуы керек. Сонда ғана

баянды өмір болады, ізгілікті бойына жинаған

азамат тәрбиеленеді.

Осындай,  жарасымды  дамыған  тұлғаны

тәрбиелеуге  көмектесетін  білім  бұлағы,

тәрбиенің  қайнар  көзі  Абай  мен  Шәкәрім

шығармашылық  мұрасы.  Олар  шын  бақытты

қоғам  құрудың  жолдарын  қазақ  жұртына  өте

байыппен түсіндіреді. Екі ғұлама ақын халықты

жөндеудің,  тірегі  адамның  дүниетанымы  мен

ішкі  болмысын  түзету  деп  біледі.  Абай  мен

Шәкәрім  түзу  адам,  дұрыс  адам  тәрбиелеудің

түп тамырын көрсетіп береді. Ол қасиетті тамыр

– Алланы  сүюден басталады.  Алланы сүйген,

оған  сенген,  Алланы  жүрегінде  ұстаған  адам

барлық  жаманшылықтан  өзін  сақтай  алады.

Алланы сүю адам тәрбиесіндегі ең тиімді бағыт.

Алланы сүйген адам әділетті сүйетін, адамзатты

ШӘКӘРІМТАНУ


33

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)

сүйе  алатын,  адал  еңбекті  сүйетін  болып

қалыптасатыны ақиқат.  Демек, адам бойындағы

жақсылықтар  мен  ізгіліктердің  қайнар  көзі  –

Алланы  сүю.  Жүрегінде  Алласы  бар  адам

қайырымды.    Сондықтан  әрбір  адамның

Жаратушы, Алла тағала туралы дұрыс түсінігі

мен сенімі, көзқарасы болғаны дұрыс деп біледі

Абай  мен  Шәкәрім.  Екі  ақын  өз

шығармаларында ислам дінінің қағидалары мен

идеяларын  жан-жақты  пайдаланып  қазақи

ұғыммен  түсіндіреді,  дінді  терең  талдап

насихаттайды.  Абай  мен  Шәкәрімнің

Жаратушы,  Алла  туралы  көзқарастары

талданады. Екі ойшыл Құраннан нәр алып, оның

қасиетті  қағидаларын  халыққа  түсіндіріп,

насихаттауға негізделеді.

Екі  ақынның  Алла  туралы  ілімдерінен

олардың жан туралы ой-толғамдары өз бастауын

алатындығы  көрсетіледі.  Олар  Алланы  сүюді

бірінші  кезекке  қояды.  Адамзатты,  әділетті

сүйгенді толық адам ретінде және де ұжданды

адам ретінде ұғынып, түсінеді, Алланы сүйген

адамның тұлғасын танытады. Сонымен қатар,

жан  жетілуді,  рухани  толысуды  қалайды.  Ол

үнемі білуге, көруге, үйренуге ынтық. Ал тән тек

пендешілік сипаттарды қалайды: ішсем, жесем,

кисем, ала берсем деген ниетте болады. Жанның

сұранысын, тәннің сұраныстары жеңіп кеткен

жағдайда  адам  рухани  деградацияға  түсіп,

жаманшылыққа,  зұлымдыққа  қарай  ауысады.

Әлемде  әділетсіздік  пен  зұлымдылықтың

тұсаушысы  ынсап  пен  қанағатқа  қол  жеткізу.

Абай мен Шәкәрім шығармаларын талдау мен

сараптау арқылы жанды рухани өсіру, өркендету

жолдары көрсетілген. Жан қуатын арттыратын

күштер  білім,  ғылым,  өнер,  шығармашылық,

еңбек, жаңашылдық пен талап. Үнемі ізденісте

болатын  тұлға  үнемі  жақсылық  пен

жасампаздық жағында.

Алланы  сүйген  тұлға  жанын  үнемі  таза

ұстайды. Оған өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек,

мал  шашпақ  жат.  Жан  қуаты  адамның  адами

қалпын  сақтап  өмір  сүруіне  әкеледі.  Алланы

сүйіп, жанын таза ұстай алған адамды тәрбиелей

алған  қоғам  –  жақсы  қоғам.  Алланы  сүю,

әділетті  сүю,  адамзатты  сүю  жолдарын

көрсеткен Абай мен Шәкәрімнің шығармаларын

оқу,  білу,  талдау  арқылы  бүгінгі  жас  ұрпақ

тәрбиесіне  пайдалануға  болатындығына  көз

жеткіземіз.  Дана  ұстаздар  ұлағатын  тәрбие

жұмысының  идеялық,  мазмұндық  арқауына

айландыра  білсек,  Қазақстанның  рухани

жаңаруы үрдісіне зор үлес қосарымыз ақиқат.

Қазақстан  қоғамы  үшін  Абай  мен

Шәкәрімнің  рухани  мұрасын  пайдаланудың

тиімді бағыттары, жолдары және маңыздылығы

көрсетіледі.  Тәуелсіз  Қазақстанда  тәрбие  мен

идеология  Абай  мен  Шәкәрімнің  мұраларына

негізделгені  абзал.  Себебі,  екі  ойшыл  айтқан

идеялар, ұсыныстар мен концепциялар бүткіл

адамзатқа үлгі болатын дүниетанымның нақ өзі.

Абай  мен  Шәкәрім  өз  шығармаларында

адам тәрбиесіндегі ислам дінінің рөліне ерекше

назар  аударады.  Олар  адамның  игілікті  өмірі,

бақыты және рухани дамуы мен білімі тұлғаның

Алланы  сүюіне  және  дін  мәселесінің  дұрыс

шешілуіне байланысты екендігін терең білген.

Сондықтан қазақ ұлты Алланы сүюіне, адамды

қастерлеуге ерекше ден қойған.

Қасиетті Құранда 30-Рұм сүресі:

«Алладан  тойтарылмайтын  күн  келуден

бұрын жүзіңді тұп-тура дінге жөнелтіп, мықты

тұр. Ол күні олар айрылады» [1].

Адамның 

діни 


мүдделері 

мен


құндылықтары  оның  қоғамдық  мінез  –

қылықтарын белгілі дәрежеде анықтайды. Адам

мен дін феноменінің өзара байланысы олардың

бір – біріне ықпалы Абайды да Шәкәрімді терең

толғаныстарға  бастайды.  Олар  діни  сенімнің

адамзат өркениетінің ажырамас бөлігі ретінде

дамып  келе  жатқандығын  терең  түсінеді.

Қасиетті  Құран  сүрелерінде  мұсылман

халықтарына  дейін  де  болған  пайғамбарлар

өздерінің рухани беделінің арқасында адамзат

өркениетін жасау мен жетілдіруде шешуші рөл

атқарғандығы  айтылады.  Абай  мен  Шәкәрім

өздеріне  дейінгі  адамзаттың  гуманистік  ойын

жете  меңгеріп,  олардағы  негізгі  қағидаларды

дамыта отыра қазақ халқына таратады.

Адамзат өмірі мен танымын талдасақ, дін

де  ғылым  да  маңызды  рөл  атқарады.    Адам

баласына дін де, өнер де, ғылым да, тәрбие де,

кәсіпкерлік те қажет. Сондықтан болар, адамзат

дін  мен  сенімге  айрықша  бас  ұрады.  Себебі,

болмыстың  мәнін  және  қоғамдық  шындықты

ұғыну білім мен өнерге қаншалықты қатысты



34

ШӘКӘРІМТАНУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет