Италия тәжірибесі



Дата06.01.2022
өлшемі15,56 Kb.
#12772

Италия тәжірибесі

Зерттеушілердің ойынша, Италия басқа елдер үшін білім берудің инклюзивті моделінің апробационды алаңына айналды. Инклюзивтік білім беру Заңы тәжірибеден кейін жүзеге асты, себебі ол дұрыс бағытта болды. Мұнда Бас кезінен бастап өзгешелікті қабылдау және құрметтеу бірінші орынға қойылды.

Италияндық амалдың ерекшелігі мектептердің диагностика мен терапияны жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласына жататын ұйымдардың мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болуы. Мұндай мамандардың ішінде дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік жұмыскерлер, медбикелер, логопедтер, функционалды және физикалық терапевтер бар.

Мүгедек баланы мектепке кіргізу үшін мектеп әкімшілігіне «әлеуметтік санитарлы кабинеттің» (денсаулық сақтау және әлеуметтік саясат аймақтық департаменті) мүгедектік дәрежесін растайтын анықтама ұсыну қажет. Бұл оқушының қажеттілігін есепке ала отырып мектеп бағдарламасын дайындауға мүмкіндік береді. Ерекше білімді қажет ететін балалар саны 90% қамтылған.

1977 жылы белгілі бір нормативтерді анықтайтын заң қабылданды:

•Сыныптағы максималды балалар саны 20;

•Сыныптағы дамуында ерекшеліктері бар балалардың максималды саны -2;

•Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған арнайы шаралар сынып сабағына кірген;

•Арнайы педагогтар қарапайым мектеп мұғалімдерімен бір топқа бірігеді.

АҚШ тәжірибесі

Мемлекеттік заң №94-142 қабылданды:

•«минималды шектеулері бар ортада» білім алу;

•тегін және дәл білімдік қызметтер;

•әділ және кемсітусіз бағалау, қажетті құқықтық қамтамасыз ету;

•индивидуалды оқу жоспары.

1990 жылы мүмкіндіктерінде ауытқулар бар адамдарды оқыту Актімен толықтырылып, 1995 жылы АҚШ Конгресімен бекітілді. «Әлеуметтік орта» түсінігіне бұл ғалымдар бала жынысын, отбасы жағдайын, анасының бақытын, отбасының әлеуметтік көқарасын және ата аналардың білім деңгейін жатқызады. Р.Сирстың ойынша, жаңа туған бала туа біткен аутизм жағдайында болады, оның іс әрекеті әлеуметтік әлеммен сәйкес келмейді.

Зерттеушілер Маргарет Джилберман мен Вики Ленстің ойларынша, бұрын мұндай мәселелермен мемлекеттік мектептер айналысқан ерекше білімдік қажеттіліктері бар балаларды жеке меншік мектептер қабылдағанда олармен жұмыс жасай алмаған. АҚШ-та «ерекше» балалар ата-аналары жеңіп алған бірнеше сот дауларынан кейін 1975 жылы ерекше білімдік қажеттіліктері бар балаларға келесі маңызды кепілдіктер беретін Мемлекеттік заң №94-142 қабылданған.

АҚШ-тың әрбір штатының мүгедек балаларды оқытуды өзіндік моделдерін қолданады.

Армения тәжірибесі

Арменияда білім беру кеңістігіндегі мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау процесі «эксперименталды және апатты» жағдайда жүруде. Бірнеше жылдар бойы елде психофизикалық ауытқулары бар балаларды арнайы (коррекциялық) мектеп және мектеп интернаттарда тәрбиелеп, оқытты (1998 жылға дейін). Бұл мекемелерде олар бұқаралық мектептерге арналған жалпы білім беретін бағдарламаларды ұзақ уақытта меңгерді. 1990 жылдар басындағы әлеуметтік-саяси қайта құру азаматтық саясат сұрақтарын, оның ішінде елде арнайы білім беруді жүзеге асыру мәселелерінде өзгеріс болды. Қазіргі уақытта республиканың білім беру саласында маңызды өзгерістер жүруде: дамуында ауытқулары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатынас пен амал өзгерді; арнайы көмекті қажет ететін балалар мен жасөспірімдер саны артуда (психофизикалық ауытқулары барлар мен жетімдерге дейін); жаңа мемлекеттік және қоғамдық білім беру мекемелері мен оңалту орталықтары пайда болуда; мектепке дейінге және мектепте білім берудің мемлекеттік стандарттары құрастырылуда және т.б. Арменияда 26.12.02 (№Н2179-Н) үкіметтің Қаулысына сәйкес көзінде, естуінде, сөйлеуінде, тірек-қимыл аппаратында ауытқулары бар, ойлау қабілеті нашар дамыған, жетім балаларға, девиантты әрекетті және дарынды балаларға арналған білім берудің 8түрі бар.



Украина тәжірибесі

Украинада арнайы білім берудің кіріктірілген жүйесі ХІХ ғасырдың ортасында құрыла бастады. Қазіргі уақытта дамуында ауытқулары бар мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар мемлекет бақылауында. Елде мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуді реттейтін заңнамалық және құқықтық актілер қабылданған. (Украина Конституциясы, Экономикалық саясат бұл сұрақтарды шешуде мекемеде арнай білім беруді толығымен қаржыландыруға бағытталмаған, бір баланы инклюзия жағдайында оқытумен байланысты шығындарды толықтырға бағытталған; сонымен қоса білім беру формасы, білім беру қызметінің деңгейі мен диапазонын ата аналар таңдайды. Мектептерде ерекше білімдік қажеттіліктері бар балаларды оқыту курстар мазмұны, сабақтар саны анықталған арнай жоспарлармен жүзеге асырылады. Оқу жоспарларының инваринатты бөліктерінде білімдік және коррекциялық блоктар бөлінген, вариативтіде мекеменің қызметттік спецификасы көрініс табады. Білім миинстрілігімен арнай білімнің Мемлекеттік стандарты, «Украинада берудің алдағы жылдарға және болашаққа арналған ерекшеліктері психофизикалық дамуында бар балаларға арнайы білім беру» мен «Физикалық және ақыл ой мүмкіндіктері шектеулі балаларды реабилитациялау» концепциялары бекітіліп, бастауыш арнайы білім беру стандарты бойынша жұмыстарды жүргізуде. 2009жылы«Украинадағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті оқыту» жобасы жұмысын бастады.«Білім беру туралы заң», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Балалары бар отбасыларғар мемелекеттік көмек туралы» және т.б. психофизикалық ауытқулары бар балаларды интеграциялау бойынша шаралар Украина Президентінің «Физикалық мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың бос уақыты және кәсіптік реабилитациясының ұлттық бағдарламасы туралы » Қаулысында қарастырылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет