Қыздар жиналысының хаттамасы Ерте жүктіліктің алдын алу



бет1/3
Дата13.03.2023
өлшемі36,66 Kb.
#73769
  1   2   3

Қыздар жиналысының хаттамасы
Ерте жүктіліктің алдын алу.
Мақсаты : Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу. Форма: әңгіме, сұхбат Қатысқандар: 8-9-10-11 сынып қыздары Күні: 07.09.2020 ж Жиналыста дәріс оқығандар: 1. Шынқожа ауылдық амбулатория дәрігері- Ауалиева А.А 2. Мектеп психологы – Сайранбаева О.Ж 3.Қыздар ұйымының жетекшісі Уатаева А.М 1. Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті? Дәрігер Ауалиева А.А сөйледі. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады. Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жасаналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Жиналыста қыз балалардың жеке гигиенасы, достармен және құрбылармен күнделікті қарым – қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары туралы айтылды. 2. Ерте жүктілік деген не? Мектеп психологы Сайранбаева О.Ж сойледі. Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен,жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала«әдейі» бәрін кері істейді. Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар? Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану. Психологиялық кеңестермен бөлісті.
Қыздар ұйымының жетекшісі А.М Уатаева «Қызға қырық үйден тыю» тақырыбында баяндама оқыды.
Әңгіме барысында қыздар өздерінің ойларындағы сұрақтарын қойып, сұрақ-жауап, пікір алмасуға ұласты. Қыздармен әңгіме өз деңгейінде өтіп, қыздар өздеріне қажетті мағлұматтар алды.
Шешім : Болашақта қыздармен әңгіме, жеке кеңес, жиналыстар өткізілу жалғастырылсын



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет