Қызметкерлердің жекелеген түрлері олардың құқықтық жағдайы. Еңбек барысындағы қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбекті қорғау саласында жекелеген қызметкерлердің нормативтерін әзірлеу тәртібі



бет1/12
Дата09.02.2023
өлшемі3,01 Mb.
#66545
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 15 бабы, 23 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1219 қаулысымен ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы Үлгі ереже бекітілді

Жоспары Негізгі бөлім

  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңдарына біріктірілген заң жобасы
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер
  • Еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
  • Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін қорғау ерекшеліктері.
  • Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың еңбегін қорғау.
  • Мүгедектердің еңбегін қорғау ерекшеліктері

Қазіргі таңда Елбасы Жолдауындағы басты бағыттардың бірі – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына ерекше көңіл бөлініп, оның орындалуы жөнінде Үкімет тарапынан нақты шаралар жасалынуда. 2007 жылы Қазақстан Республикасында тұңғыш рет Еңбек Кодексі қолданысқа енгізілді. Бұрынғы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңдарына біріктірілген заң жобасы жасалынды. Қазақстандағы еңбекті қорғау жүйесі көптеген онжылдықтар бойы қалыптасты. Егер осы жылдар ішінде ие болған бағалы тәжірибе жөнінде айтар болсақ, онда бұған қызметкерлерді оқытуды, жауапкершіліктің көп сатылы жүйесін, қорғану құралдарын пайдалануды, қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді жатқызуға болады, сонымен қатар, еңбекті қорғау қызметін ретке салатын жаңа нормативтік актілер қабылданды. Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске асырылды. Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді

  • Қазіргі таңда Елбасы Жолдауындағы басты бағыттардың бірі – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына ерекше көңіл бөлініп, оның орындалуы жөнінде Үкімет тарапынан нақты шаралар жасалынуда. 2007 жылы Қазақстан Республикасында тұңғыш рет Еңбек Кодексі қолданысқа енгізілді. Бұрынғы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңдарына біріктірілген заң жобасы жасалынды. Қазақстандағы еңбекті қорғау жүйесі көптеген онжылдықтар бойы қалыптасты. Егер осы жылдар ішінде ие болған бағалы тәжірибе жөнінде айтар болсақ, онда бұған қызметкерлерді оқытуды, жауапкершіліктің көп сатылы жүйесін, қорғану құралдарын пайдалануды, қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді жатқызуға болады, сонымен қатар, еңбекті қорғау қызметін ретке салатын жаңа нормативтік актілер қабылданды. Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске асырылды. Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет