Қызметті жүзеге асыру кезінде өзінің



бет1/3
Дата03.11.2022
өлшемі30,75 Kb.
#47128
  1   2   3

Қаржы заңнамасы


Қаржылық қызметті жүзеге асыру кезінде өзінің өкілеттікті шегінде қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалану, оларды жұмсауға бақылау жүргізу, қаржы жоспарларын және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау жөніндегі қаржылық қатынастарды реттейтін, сонымен бірге бұл қатынастардың қатысушыларына басшылық ететін белгілі бір қаржылық- құқықтық актілер қабылданады.
Қаржылық-құқықтық актілер дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар уәкілетті органдардың олардың құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл актілер қаржылық-құқықтык нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе бұзады немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пайда болуының, тоқтатылуының, өзгеруінің негізін атқарады. Қаржылық- құқықтың актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.
Қаржылық қызметтің сол немесе өзге құқықтық нысандарды қолдану реттелінетін қатынастардың маңызымен және мазмұнымен айқындалады. Мәселен заңи акт ұзақ және тұрақты қаржылық қатынастарды бейнелеп көрсетеді және оны Парламент бекітеді; қысқа қатынастарды, мысалы республикалық бюджет туралы заңды да елдің әлеуметтік-экономикалық өмірі үшін мұндай актінің мәнділігіне қарай осы орган бекітеді. Заңи емес қаржы нысандары ағымдағы қаржылық қызметте іс-әрекет етеді; оларға мыналар жатады: қаржы және салық органдарының аппаратында кеңестер өткізу, кәсіпорындардың қаржы службасына нұсқаулық беру, бюджеттерді депутаттардың жиналысының бекітуіне әзірлеу кезіндегі комиссиялардың мәжілістерін өткізу және т. б.
Қаржылық-құқықтық актілер заңи негіздер бойынша нормативтік және дара, заңнамалық және қосалқы, жоспарлы-қаржылық болып бөлінеді.
Нормативтіктерге біртекті қаржылық қатынастардың тобын реттейтін актілер жатады; бұл актілерде олардың қатысушыларының жалпы ережелері, яғни құқықтық нормалары болады және әдетте ұзақ уақыт іс-әрекет етеді. Олар кәсіпорындар мен азаматтардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттіліктерін, белгіленген төлемдерді есептеудің тәртібін, төлеушілердің тұрпатты белгілерін және басқа шарттарын белгілейді.
Дара актілер құқықтық нормаларды белгілі бір төлеушіге немесе қаражаттарды алушыға қатысты нақтылайды. Заңнамалық актілер - бұл Парламент шығаратын заңдар мен қаулылар, Президенттің Жарлықтары.
Заңға тәуелді актілер - бұл заңға негізделген және заңды атқаруға қабылданған актілер: басқарудың салалық және жоғарғы органдарының бұйрықтары, Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің нұсқаулықтары, лауазымды адамдардың қайсы бір іс-әрекеттерге рұксат етуі туралы қорлары және т.б.
Жоспарлы-қаржылық актілердің қалғандарынан айырмашылығы сол олар өзара қаржы саласындағы белгілі бір кезеңге арналған нақтылы тапсырмалар болады, яғни олар қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі жоспарлар болып табылады; бұған бюджеттердің барлық түрлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы жоспарлары, бюджеттік қаржыландырудағы мемлекеттік мекемелердің шығындарын қаржыландырудың дара жоспарлары (шығыстардың сметалары) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет