Ж ұ мысо қ у б а ғ дарламас ы (силлабус)



бет2/7
Дата22.06.2022
өлшемі262 Kb.
#37183
1   2   3   4   5   6   7
Курстың міндеттері:

  • Болашақ тіл мамандарын стилистика және тіл мәдениеті курсының теориялық негіздерімен таныстыру;

  • Мәтіндегі стилистикалық қателерді, тілдік нормадан ауытқуды таба білуге үйрету;

  • Ауызша және жазбаша жұмыстарды орындау үстінде тіл тазалығын, анықтығын, дәлдігін сақтауға баулу;

  • Студенттердің стилистикаға, тіл мәдениетіне қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.

Пререквизиттер: Тіл білімі мен әдебиеттануға кіріспе, Қазіргі қазақ тілі фонетикасы, Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы, Қазіргі казақ тілі морфологиясы, Қазіргі казақ тілі сөзжасамы, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Қазіргі қазақ тілі синтаксисі.
Постреквизиттер: Қазақ тілінің академиялық грамматикасы
Пән бойынша қалыптастын негізгі құзіреттіліктер:
(құзіреттіліктер пәннің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты, түсінікті, жинақы болуы керек)
Пәнді оқыту нәтижелері:
Блум таксономиясы деңгейлері
Білу және түсіну: қазақ тіліндегі сөйлеу және кітаби стиль түрлері, синонимдерді орынды қолдану, қате ассоциация кесірінен стильден ауытқу, эвфемистік қолданыстар т.б. ұғымдарды ажырата алмаушылықтан туатын қате түрлерін; сөз мағынасының тар және кең түрлерін ажырата және қолдана білу, стилистикаға қатысты терминдер мен ұғымдар туралы түсініктерін көрсете алады;
Қолдану: курс бойынша стилистикалық мағына түрлері: бейтарап мағына, эмоционалды-экспрессивті мағына түрлерін ажыратуды мәтіндер арқылы жаттығу нәтижесінде проблемаларды шешіп, дәлелдерді қалыптастыра біледі; стиль ұғымының лингвистикадағы қолданыс ерекшелігін түсіндіре алады;
Талдау: қазақ тілінің стильдері және оның түрлері туралы, олардың өзіндік ерекшеліктерін, заңдылықтарын, стилистиканың теориясы туралы ақпараттар, идеялар, проблемалар мен шешімдері туралы хабарлай алады; мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін ажыратып, талдай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет