Ж. А. Карсыбаева



Pdf көрінісі
Дата30.01.2017
өлшемі0,95 Mb.
#3058

153

1941–1945 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ 

КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ

Ж.А. КАРСЫБАЕВА,

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ,

Қазақстан тарихы кафедрасы,

аға оқытушы, т.ғ.к.

Қарағанды қ., Қазақстан

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихнамасы ке ңес тік 

кезеңде жалпыодақтық тарихнаманың бір бөлігі болды. Сол себептен 

жалпы еңбектерде, сонымен қатар соғыс жылдарындағы рес пуб ли ка-

ның  тарихы  бойынша  əдебиеттерді  талдаған  арнайы  зерттеулерде  де 

қа рас тырылды. 

Ұлы  Отан  соғысының  тарихын  зерттеуді  негізгі  үш  кезеңге  бөліп 

қарастыруға болады. Бірінші кезең – соғыс жылдарынан бастап 1950 

жылдар аралығын қамтиды. Екіншісі – 1956 жылдан КСРО ыды ра ған-

ға дейінгі кезеңді қамтиды. Үшінші кезең – Қазақстан тəуелсіздік ал-

ған нан кейінгі кезең. 

Бастапқы кезеңде Қазақстан тарихнамасында қазақстан дық тар дың 

Ұлы  Отан  соғысына  қатысуы,  еңбек  тылындағы  кеңес  адам да ры ның 

даңқты істері сол кезеңнің өзінде мерзімді баспасөз беттерінде, оның 

ішінде  одақ  көлеміндегі  түрлі  баспасөз  жəне  бұқаралық  насихат  құ-

рал да ры ның беттерінде жариялана бастады. Сонымен қатар Қа зақ стан 

КП ОК-і үгіт-насихат бөлімінің қызметкерлері, ғылыми қыз мет кер лер 

мен жазушылар бірігіп жазған, 1943 жылы басылып шыққан ғы лы ми 

жинақта жəне «Қазақ КСР-інің көне заманнан бүгінгі күнге де йін гі та-

рихында» республиканың соғысқа қатысуы, ел эко но ми ка сы ның со ғыс 

жағдайында қалыптасуы, сондай-ақ майдандағы қа зақ стан дық тар дың 

ерлігі көрініс тапқан [1]. 1942 жылдың басында-ақ КСРО ҒА-ның Та-

рих  институтында  Ұлы  Отан  соғысы  бойынша  арнайы  комиссия,  ал 

1943 жылдан əскери-тарихи сектор жұмысын бастады. 1943 жылы cо-

ғыс  тарихы  бойынша  материалдар  жинау  жөніндегі  комиссия  Қа зақ-


154

стан да  да  құрылды.  Толық  емес  мəліметтер  бойынша,  республикада 

со ғыс жылдарында аталған тақырыпқа арналған 150-ге жуық кітап, кі-

тап ша лар жəне журналдық мақалалар жарық көрген [2, 35]. 

Қазақстандықтардың  соғысқа  қатысуына  арналған  зерттеулердің 

да муын да ғы екінші кезең деректанулық базаның кеңеюімен, жанр лық 

əр түр лі лік  жəне  жұмыстардың  ғылыми-теориялық  деңгейінің  бір тін-

деп  жоғарылауымен  сипатталды.  Бұл  біздің  қоғамымыздың  бар лық 

өмі рін де гі  хрущевтік  жылымық  кезеңнің  нəтижесі  болды.  Ста лин нің 

жеке басына табынушылықтың жойылуымен, саяси қысымның басы-

луымен, ғылымға жаңа күштердің келуімен байланысты болды. Алай-

да зертеушілердің бəрі де сталинизмнің догмалары, стереотиптері мен 

оның  əдістемесінен  бірден  не  болмаса  толық  ажыраған  жоқ,  бұл  сол 

ке зең де гі ғылымның дамуында əлі де болса сезіліп тұрды.

Соғыстан кейінгі онжылдықта жарық көрген зерттеулерден Ғ.Əбі-

шев, О.Малыбаев, А.Нүсіпбековтің еңбектерін атап өту қажет [3]. Бұл 

еңбектерде  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  елдің  дамуы,  қа зақ стан дық-

тар дың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне ла йық ты баға 

беріліп, «Қазақстан – майдан  арсеналы»  деген  қорытынды  жасалды. 

Тарихшы ғалымдар бұл еңбектерінде мерзімді баспасөз материалдары-

мен қатар мұрағат құжаттарын кең қолдана отырып, еліміздің май дан-

ға қосқан үлесін саралап берді. 

Соғыстан кейінгі кезеңде атақты жауынгерлердің есімдері мен ер-

лік те рін насихаттауда бірқатар еңбектер жарық көрді, олардың ал ғаш-

қы ла ры  «Кеңес  Одағының  батырлары – қазақстандықтар»  жи на ғы на 

өмірбаяндық  мəліметтер,  марапат  қағаздардың  көшірмелері  жəне  со-

ғыс жылдарының басқа да құжаттары мен материалдары ен гі зіл ді [4]. 

Сонымен  қатар  Кеңес  Одағының  Батырлары  И.В.  Панфилов,  М.Ғаб-

дул лин,  В.Клочков,  Т.Ж.  Бигелдинов,  Л.И.  Беда,  С.Д.  Луганский, 

И.П. Павлов туралы да жұмыстар жарық көрді. 

Қазақстандықтардың майдандағы ерлік істері мен тыл ең бек кер ле-

рі нің қажырлы еңбегі «Қазақ КСР тарихының» 1959 жылы жəне 1963 

жылы жарық көрген басылымдарында келтірілді.


155

И.В.  Сталиннің  жеке  басына  табынушылықты  əшкерелеген  Ке ңес 

Одағының  Коммунистік  партиясының  ХХ  съезінен  кейін  зерт теу ші-

лер дің  мұрағаттарда  жұмыс  жасау  мүмкіншілігі  кеңейіп,  жалпы  тұ-

жы рым ды  еңбектер  мен  монографияларды  даярлау  үрдісі  бір ша ма 

қар  қын  ды дами бастады. 1950 жылдардың соңы мен 1960 жыл дар дың 

басында 6 томдық «1941–1945 жж. Кеңес Одағының Ұлы Отан со ғы-

сы ның тарихы» жəне 12 томдық «1939–1945 жж. Екінші дүние жү зі лік 

со  ғыс тарихы» жарық көрді.

Жалпы, тарихшы-ғалымдар Т.Балақаев пен Қ.Алдажұмановтың мə-

лі мет те рі бойынша Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қа ты суы 

туралы 1941 жылдан бастап 1979 жылға дейінгі аралықта 25 моногра-

фия, 11 мақалалар жинағы, құжаттар мен естеліктер, 200-ге жуық ғы-

лы ми мақалалар, 20-дан астам естеліктер мен шағын кі тап ша лар жа-

рық көрген [5, 115]. 

Соғыс жылдарындағы Қазақстанның колхозшы шаруаларының Же-

ңіс ке  қосқан  үлесі,  олардың  майдан  мен  тылды  азық-түлікпен,  өнер-

кə сіп ті шикізатпен жабдықтау жөніндегі рөлі туралы мəселеге Т.Ба ла-

қаев тың  монографиясында  ерекше  назар  аударылды.  Сонымен  қа тар 

Т.Ба ла қаев пен Қ.С. Алдажұмановтың бірлескен еңбегінде эва куа ция-

лан ған  тұрғындардың  ауылшаруашылық  өндірісіндегі  қос қан  үле сі, 

малды  эвакуациялау  жəне  орналастыру,  республика  кол хоз да ры ның 

азат етілген аудандарға көрсеткен көмегі кеңінен көр се тіл ді [6]. Ауыл 

мен  қала  арасындағы  байланыс  түрлеріне,  бақташылық  мал  ша руа-

шы лы ғы мəселелеріне, колхоз саудасына, сонымен қатар соғыс жыл-

да рын да ғы  колхозшылар  арасындағы  партиялық-саяси  жұ мыс тар дың 

түр ле рі мен əдістеріне көп көңіл бөлінді. Жергілікті партия ұйым да ры-

ның жұмысы, комсомол ұйымдарының қызметі туралы А.В. Шошенко, 

С.Кай мол дин, И.Спиридоновтың еңбектерінде қарастырылды. 

Бұл  кезеңде  жарық  көрген  еңбектердің  ішінен  республика  ауыр 

өнер кə сі бі нің дамуы туралы жазған В.Я. Басиннің, Л.А. Пинегина мен 

С.А. Федюкиннің, Г.Чулановтың, Т.Шəукенбаевтың Орал-Ембі мұ най-

лы ауданы туралы жəне Қазақстанның жалпы мұнайлы өнер кə сі бі нің 


156

дамуы туралы жазған еңбектерін бөліп айтуға болады [7]. Ф.Ми хай лов 

пен  К.Оразов  еңбектерін  соғыс  кезеңіндегі  кадр  мə се ле сі не,  бі рін ші 

кезекте өнеркəсіп пен көлік саласы үшін қажет кадрларды даярлау мə-

се ле сі не арнаса, ал Г.Нұрбекованың зерттеу жұмысы со ғыс жыл да рын-

да ғы əйелдер мəселесін қамтыды.

Жекелеген жұмыстар біздің республикамыздағы денсаулық сақтау 

ісі нің хал-жағдайына жəне госпитальдардың қызметіне арналды. Мə-

се лен, Қазақстандағы денсаулық сақтау ісі мен санитарлық-эпи де мио-

ло гия лық қызметтің тарихы жөніндегі Р.И. Самарин мен А.Р. Чо кин нің 

жəне  госпитальдерді  қабылдау,  орналастыру  жəне  емдеу  қыз мет те рі 

туралы М.А. Жақыпованың еңбектерін атап өтуімізге болады [8]. 

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  Қазақстан  тарихын  зерттеуде 

М.Қ.  Қозыбаевтың  еңбектерін  ерекше  атап  өту  керек. «Қазақстан – 

майдан арсеналы», соғыс жылдарындағы Қазақстан Компартиясының 

дамуы туралы еңбектері өз кезегінде ғылыми қауымдастықта жоғары 

ба ға лан ған  еңбектер  болды.  Зерттеушінің  соңғы  онжылдықтарда  жа-

рық  көрген  еңбектерінде  соғыс  тақырыбының  ақтаңдақ  беттері  мен 

зерттелуге тиіс мəселелері айқындалып берілді [9].

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарындағы жа уын-

гер лік жолы Б.Момышұлы, Ə.Нұршайықовтың еңбектерінде толық кө-

рі ніс тапты [10]. 

1960 жылдардан бастап халыққа білім беру жүйесінің, ғылымның 

дамуы, республиканың мəдени өмірін арнайы зерттеу ісі жолға қо йыл-

ды. Қ.И. Сəтбаев, М.Қ. Қозыбаевтың мақалалары, Ш.Есенов, Р.Сү лей-

ме нов пен Н.Едігеновтің, А.Бисенбаевтың жұмыстарында со ғыс жыл-

да рын да ғы  ғылымның  дамуына  қатысты  мəселелері  қа рас ты рыл са, 

ал  Ə.Шəріпов,  А.Сембаев,  Н.Итбаев  жəне  басқа  зерттеушілер  со ғыс 

жыл да рын да ғы  мектеп  өмірі,  ондағы  оқу-тəрбие  жəне  еңбек  қыз ме ті 

туралы жазды.

ХХ ғасырдың 60–80-жылдарында соғыс кезінің құжаттарын жа рия-

лау ға көп көңіл бөлінді. 1968 жылы Қазақ КСР ҒА-ның Ш.Ш. Уə ли ха-

нов  атындағы  Тарих,  археология  жəне  этнография  институты  Қа зақ-


157

стан  КП  ОК-і  жанындағы  Партия  тарихы  институтымен,  Қа зақ  КСР 

Министрлер  Кеңесі  жанындағы  Бас  Мұрағат  бас қар ма сы мен  жəне 

журналист, жазушылармен бірігіп, «Кеңес Ода ғы ның батырлары – қа-

зақ стан дық тар» атты екі томдық еңбекті шығарды. Сонымен бір ге осы 

кезеңде екі томдық «Казахстан в период Великой Отечественной вой-

ны Советского Союза. 1941–1945 гг.» көлемді құ жат тар жи на ғы жа рық 

көрді. Оның бірінші томында соғыс басталған 1941 жыл дың маусымы-

нан 1943 жылға дейінгі аралықтағы соғыс тарихына қа тыс ты құ жат тар 

мен деректер жинақталса, екінші томында 1944–1945 жыл дар ға қа тыс-

ты мəліметтер топтастырылды.

XX  ғасырдың 50–90-жылдар  аралығында  Ұлы  Отан  соғысы  та-

қы ры бын да  тарих  саласынан  көптеген  докторлық  жəне  кандидаттық 

диссертациялар қорғалды. Бұл диссертацияларды екіге бөліп қа рас ты-

ру ға болады. Олардың біріншісі – қазақстандықтардың Ұлы Отан со-

ғы сы на қатысуына байланысты жазылған болса, ал екіншісі тыл да ғы 

қазақстандықтардың  соғысқа  қосқан  үлесі  туралы.  Бірінші  та қы рып 

бойынша  тек  Қ.Аманжолов  пен  П.С.  Белан  ғана  докторлық  диссер-

тациялар қорғаса, ал екінші тақырып бойынша Ғ.Əбішев, Т.Ба ла қаев 

пен  Т.С.  Көлбаевтар  докторлық,  С.К.  Утешов  кандидаттық  диссер-

тация  қорғады.  Кандидаттық  диссертациялардың  ішінде  соғыс  жыл-

да рын да ғы  қазақстандықтардың  майдандағы  ерлік  істері  турасында 

А.Алданазаров,  Ə.Қалшабеков,  И.Маляр,  А.Мұхамеджанов,  К.Стам-

бе ков  жəне  т.б.,  ал  тылдағы  əскери  экономика,  өкімет  органдары  қа-

зақ стан дық жастардың еңбектегі ерлік істері Н.Абдуллаев, М.Ақын жа-

нов, Қ.Алдажұманов, А.Əуелбаев, Л.Балақаева, Л.Баширова, П.Бе лан, 

А.Бисенбаев,  П.Букаткин,  М.Бутин,  В.Городецкая,  А.Жұ ма сұл та нов, 

Е.Ибраев,  Б.Искакова,  Ж.С.  Серғазиннің  жəне  тағы  басқа  ға лым дар-

дың кандидаттық диссертация тақырыптарының арқауы болды.

1980 жылдардың екінші жартысынан басталған қоғамдағы оң өз ге-

ріс тер мен 1991 жылғы Қазақстанның өз тəуелсіздігін жариялауы отан-

дық  тарих  ғылымына  да  игі  əсерін  тигізді.  Бұл  жылдар  ара лы ғын да 



158

Ұлы Отан соғысына қатысты шынайы еңбектер мен мақалалар жа рық 

көре бастады.

Қазақстанда жасақталған əскери құрамалар жөніндегі құ жат тар ды 

кеңінен жинақтап, жариялауда зерттеуші-ғалым П.С. Белан көп ең бек 

сіңірді.  Ол  өзінің  ғылыми  зерттеулерінде  қазақстандықтардың  Бело-

руссия мен Балтық елдерін, Сталинград пен Волга түбіндегі шай қас-

тар ға  қатысуы,  Ленинград  түбіндегі,  Украина  мен  Молдавияны,  Мо-

скваны азат ету барысында Қазақстанда жасақталған дивизия, бри га-

да лар дың соғыс қимылдарын нақты түрде талдап, көрсете білді [11]. 

Кеңестік  кезеңде  жарық  көре  бастаған  бүкілодақтық  «Боздақтар» 

(«Книга памяти») басылымының елімізде жоспарланған 97 томынан 

66-сы басылып шықты [2, 40]. Бұл кітапта осы əскери жа сақ тар дың 

құ ра мын да  болып,  қаза  тапқандардың,  хабар-ошарсыз  кет кен дер дің 

жалпы саны берілген. Мұнда соғыстың статистикалық бүкіл кө рі  ні  сі 

ал  ғаш  рет  ашылып,  қазақстандық  дивизия,  бригада,  полк  жəне  бас-

қа əс  кер түрлерінің тарихы туралы тарихи анықтамалар ерекше са ра-

ланған.


Қазақстанның  тəуелсіздік  алған  кезеңінде  зерттеушілер  кеңестік 

та рих на ма ның  түрлі  мəселелерін  кеңінен  қарастыра  бастады.  Мə де-

ниет тің  зерттелуіне  қатысты  мəселелер  Р.М.  Жұмашевтың,  А.Т.  Қа-

пае ва ның  зерттеулерінде  қарастырылса,  О.Х.  Мұхатованың,  Р.Ж.  Қа-

ды со ва ның жəне басқаларының зерттеулерінде Қазақстанның ке ңес тік 

үл гі де гі жаңғырту тарихнамасы жаңаша тұрғыдан қарастырылды [12].

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерліктері, əс ке ри құ-

ра ма лар дың шайқастарға қатысуы, республика халық ша руа шы лы ғы-

ның соғыс жылдарындағы дамуы, тылдағы еңбеккерлердің ерен ең бе гі, 

со ғыс тарихына қатысты қазақстандық жеке тұлғаларға қа тыс ты түр лі 

жа ңа ша  ой  пікірлер,  тұжырымдар  соңғы  жылдары  шық қан  Ұлы  Же-

ңіс тің 60 жылдық мерейтойына байланысты жəне ай мақ тық, рес пуб-

ли ка лық,  халықаралық  деңгейдегі  ғылыми-тео рия лық  жəне  ғы лы ми-

прак ти ка лық конференциялардың материалдарының жи нақ та рын атап 

өту ге болады [13]. 


159

Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің естеліктері Ұлы Отан 

соғысы  жылдарындағы  Қазақстан  тарихына  қатысты  қызықты,  сан-

салалы  сипаттағы  мəліметтер  береді.  Олардың  арасында  ардагерлер 

ес те лік те рі нің  жинағы,  жекелеген  ардагерлердің  естелік  кітаптары, 

сонымен  қатар  мұрағат  құжаттарымен  толықтырылып,  мəліметтері 

салыстырылып, жазылған құнды еңбектер де бар. Олардың арасында 

Қ.Иса бай, Д.Снегин, С.Нұрмағамбетов, К.Əбеновтің естеліктерін атап 

өту ге болады [14]. Майдангер Кəкен Əбеновтің кітабында 100-ші жəне 

101-ші  қазақ  атқыштар  бригадаларының  майдангерлік  тағдырына, 

атал ған  бригадалардың  шайқас  жолдары,  ондағы  жалпы  құрамының 

со ғыс  кезіндегі  адам  шығыны  соңғы  мəліметтермен  толықтырылып, 

жү йе лі де қызықты, тартымды тілмен баяндалған. Автордың еңбегінің 

құн  ды  лы ғы, аталған ұлттық бригадалардың Тверь облысындағы бұ  рын 

көп уа қыт айтылмай келген «Марс» операциясына қатысуы туралы то-

лық баяндайды, еңбектің соңында осы жеке құрамалардың қай тым сыз 

шы ғы ны туралы мəліметтер, жауынгерлер туралы атаулар ті зі мін бе-

ре ді.


Соңғы  жылдары  жарық  көрген  еңбектердің  бірі – «Қазақ  жа уын-

ге рі Ұлы Отан соғысы майданында. (Тарихи құжаттық зерттеу)» [15], 

мұнда соғыс куəгерлерінің естеліктері мен Д.А. Махат, Т.С. Каленова, 

С.Ш. Мұхамеджанова, А.С. Макипов, А.Н. Қашқымбаев, С.Кен же баев, 

Т.С. Садықов, Б.Шарахымбай жəне басқа да зерттеушілердің ғы лы ми 

еңбектері берілген. Бұл соңғы уақытта соғыс тарихының бір ша ма ақ-

таң дақ тұстарын айқындап берген ғылыми зерттеулерімен, ғы лы ми ай-

на лым ға тартылған мұрағаттық деректерімен құнды. 

1990 жылдардан бері қарай қорғалған кандидаттық жəне док тор лық 

диссертациялардың  арасында  əйелдер  мəселесі  туралы  Г.Быр бае ва, 

С.Карпыкова, А.Қожабекова, қазақстандық əскери құрамалардың тари-

хын зерттеген Б.Көшербаева, соғыс жылдарындағы республика мұ най 

өнеркəсібінің дамуы туралы жазған Қ.С. Мұхитов жəне бас қа ла ры ның 

кан ди дат тық диссертацияларын атап өтуге болады. 



Осылайша,  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  Қазақстан  та ри хы-

ның мəселелерін зерттеуде ауқымды жұмыстар жасалды. Алайда со ғыс 

тарихының болашақта əлі де зерттеуге тиісті тұстары бар жəне ғы лы ми 

ай на лым ға  бұрын  зерттеуге  тыйым  салынған  құжаттар  мен  мə лі мет-

тер ді енгізуге баса көңіл аудару қажет. 

Ұлы  Отан  соғысы  кезеңіндегі  Қазақстан  тарихына  қатысты  тари-

хи зерттеулерді саралай келе, келешекте ғылыми зерттеулердің бас ты 

бағыттарына  аз  уақытта  ел  экономикасын  соғыс  жағдайына  бе йім-

деп,  жауға  қарсы  барлық  күшін  төге  білген  партиялық  кеңестік  бас-

шы лық тың  қызметін  ұйымдастыру  əдістері  айналуы  қажет.  Себебі, 

бұл тақырыппен еңбек армиясы, соғыс тұтқындары мен арнайы қо ныс 

аударылғандардың тағдырын зерттеу тығыз байланысты. Со ғыс жыл-

да рын да ғы  қазақстандықтардың  майдандағы  ерліктері  көп  жағ дай да 

əді лет ті  бағаланбағаны  белгілі,  сондықтан  берілген  та қы рып тың  ақ-

таң дақ тұстары əлі де толық зерттеуді қажет етеді. Қа зақ стан дық əр-

бір арнайы əскери құрамалардың тарихы кəсіби тұрғыдан, яғни əс ке ри 

тарих тұрғысынан зерттеу керек. Қазақстанның соғыстағы адам шы ғы-

ны, хабарсыз кеткен жауынгерлер, неміс тұтқынында болып, хабарсыз 

кеткендер, соғыс жылдары құрылған мұсылман легиондарының тари-

хы, соғыс жылдары шетелдегі Қарсыласу қозғалысына қатысқан қа зақ-

тар туралы тақырып та толық зерттелмеген. 

Соғыс  жылдарындағы  Қазақстанның  əлеуметтік-экономикалық, 

сая си  дамуы  туралы  тарихи  зерттеулер  жеткілікті.  Алайда  мұнда  да 

зерт теу ші лер дің назарын аударатын мəселелер бар. 

Тəуелсіздік  алғаннан  бергі  кезеңде  соғыс  жылдарындағы  Қа зақ-

стан тарихына қатысты ақтаңдақ мəселелер бірқатар та рих шы лар дың 

еңбегінің  арқасында  көтеріліп,  зерттеушілердің  назарына  ұсы ны лып 

жатыр. 


161

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

1. Казахстан в первый год Отечественной войны против немецко-фашистских 

захватчиков / отв. ред. Абдыкалыков М. Алма-Ата: КазОГИЗ, 1943. 325 с.; 

История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. Алма-Ата: 

Наука, 1943. 485 с. 

2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. Алма-

ты: «Атамұра», 2010. 752 б.

3.  Нусупбеков  А.Н.  Могучий  арсенал  Великой  Отечественной  войны // Из-

вестия  АН  КазССР.  Сер.  историч. 1947. Вып.  З.  С. 73-84.; Малыбаев  О. 

Дружба,  испытанная  в  боях  за  Родину.-  Алма-Ата:  Казгосиздат, 1955. 

244 с.; Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне 1941–1945 гг. 

Алма-Ата: Казгосиздат, 1958. 361 с. 

4. Герои Советского Союза-казахстанцы: с документов и материалов. Алма-

Ата: Казгосиздат, 1945. Кн. 1. 247 с.

5. Балакаев Т., Алдажуманов К.С. Историография Казахстана периода Вели-

кой Отечественной войны // В кн.: Актуальные проблемы истории совет-

ского  Казахстана  (к 60-летию  Каз  ССР  и  Компартии  Казахстана).  Алма-

Ата: Ғылым, 1980. 115 с.

6. Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне 1941–1945 гг. Алма-

Ата: Казгосиздат, 1958. 361 с.; Балақаев Т. Колхозное крестьянство Казах-

стана в годы Великой Отечественной войны. Алма-Ата: Казахстан, 1971. 

351 с.; Балақаев Т., Алдажұманов Қ. Қазақстан еңбекшілері майдан қыз ме-

тін де (1941–1945 жж.). Алматы: Ғылым, 1985. 320 б. 

7.  Басин  В.Я.  Тяжелая  промышленность  Казахстана  в  Великой  Отечествен-

ной войне (исторический очерк). Алма-Ата: Наука, 1965. 164 с.; Пинегина 

Л.А., Федюкин С.А. Джезказган – город меди. Исторический очерк. Алма-

Ата: Наука, 1965. 149 с.; Чуланов Г. Промышленность Казахстана за годы 

Советской власти. Алма-Ата: КазГИС, 1951. 342 с.; Шаукенбаев Т. Урало-

Эмбинский нефтеносный район. Алма-Ата: Каз ГИС, 1958. 231 с.

8. Самарин Р.И. Очерки истории здравоохранения Казахстана. Алма-Ата: Каз-

госиздат, 1958. 163 с.; Чокин А.Р. Очерки развития санэпидслужб в Казах-

стане. Алма-Ата: Казахстан, 1975. 152 с.; Жакупова М.А. Эвакогоспитали 

Казахстана в годы Великой Отечественной войны. Алма-Ата: Казахстан, 

1985. 119 с.

9. Козыбаев М. Компартия Казахстана в период Великой Отечественной во-

йны (1941–1945 гг.). Алма-Ата: Казахстан, 1964. 363 с.: Козыбаев М.К. Ка-

захстан-арсенал фронта. Алма-Ата: Казахстан, 1970. 471 с.: Қозыбаев М.Қ. 

Ұлы ерлік. Алматы: Қазақстан, 1980. 156 с.: Қозыбаев М.Қ. Майдангер сту-

денттер. Алматы: Мектеп, 1985. 105 с.; Қозыбаев М.Қ. Тарих зер де сі (За-

ман асуы). Алматы: Ғылым, 1998. 1-ші кітап. 344 б.; Козыбаев М.К. Исто-

рия  и  современность.  Алма-Ата:  Казахстан, 1991. 342 с.;  Козыбаев  М.К. 

Казахстан  на  рубеже  веков:  размышления  и  поиски  в 2-х  книгах.  Алма-

Ата: Казахстан, 2000. Кн. 1. 342 с.


10. Момышұлы Б. Москва үшін шайқас. Алматы: Жазушы, 2009. 327 б.; Нұр-

ша йы қов Ə. Ақиқат пен аңыз: роман-диалог. 2-ші бас. Алматы: Жазушы, 

1978. 359 б.

11. Белан П.С. Казахстанцы в боях за освобождение Белоруссии и Советской 

Прибалтики (1941–1945 гг.). Алма-Ата: Наука, 1988. 175 с.; Белан П.С. Ка-

захстанцы в битве на Волге. Алма-Ата: Ғылым, 1990. 270 с.; Белан П.С. Ка-

захстанцы в боях за Ленинград. Алма-Ата: Наука, 1973. 243 с.; Белан П.С. 

Казахстанцы в боях за свободу Украины и Молдавии 1941–1944 гг. Алма-

Ата: Наука, 1981. 176 с., Белан. П.С. Участие казахстанцев в завершающих 

сражениях Великой Отечественной войны. Алма-Ата: Наука, 1980. 176 с.; 

Едыгенов Н. Участие казахстанцев в партизанских движениях в Белорус-

сии в годы Великой Отечественной войны. Алма-Ата: Наука, 1972. 208 с.

12. Жумашев Р.М. История культуры в отечественной историографии. Кара-

ганда: изд-во КарГУ, 2002. 246 с.; Жумашев Р.М. Очерки истории культуры 

Казахстана. Караганда: Гласир, 2002. 247 с.; Капаева А.Т. Культура и по-

литика (Государственная политика в области культуры в Казахстане во 2 

половине 40–80-х гг. ХХ в.). Алматы: Атамұра, 2004. 327 с.; Мухатова О.Х. 

Қазақстандағы  ХХ  ғасырдың 20–90 жылдарындағы  аграрлық  өзгерістер 

тарихнамасы.  Алматы:  Өнер, 1999. 245 б.;  Кадысова  Р.Ж.  Советская  мо-

дернизация Казахстана (1917–1940 гг.): историография проблемы. Алма-

ты: Ғылым, 2004. 288 с.

13. Қазақстан Ұлы Отан соғысында: тарихы, зерттеу əдіснамасы жəне замана-

уи көзқарас: Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған Халықаралық ғы лы ми 

тəжірибелік конференция материалдары. І-II бөлім. Өскемен, 29–30 сə уір, 

2010 ж. Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2010. 108 б.; 

Ұлы  Жеңіс:  жаңа  көзқарастар  жəне  қадамдар.  Жеңістің 65 жыл ды ғы на 

арналған халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. 

Астана, 2010. 356 б.; «Қазақстан  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында»:  Ұлы 

Жеңістің 60 жылдығына арналған республикалық ғылыми -теориялық кон-

ференция материалдары. Астана: ЕҰУ баспасы, 2005. 262 б.

14. Абенов К. «Операция «Марс». Казахи в «Долине смерти». Алматы: Жеті 

жарғы, 2010. 440 с.; Нурмагамбетов С. От огненных лет до суверенной ар-

мии: с мемуарных произведении. Алматы: Жибек жолы, 2005. 544 с.

15. Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында. (Тарихи-құжаттық зерт-



теу). Алматы: «Өнер», 2010. 640 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет