Ж. Баласағұнидың «Құтты білік» шығармасындағы кейіпкерлердің образы



бет1/2
Дата10.11.2022
өлшемі2,87 Mb.
#49139
  1   2

Ж.Баласағұнидың «Құтты білік» шығармасындағы кейіпкерлердің образы
Оңтүстік Қазақастан Мемлекеттік Педагогикалық университеті
Орындаған: Омарбек Балауса
Тобы: 1701-31
Қабылдаған: Алтынбеков Қосай
Бісміллəхи-р-рахмани-р-рахим!
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Əзіз уа күллі ұлылықтың иесі, жер мен көкті жаратқан, тірі жанның бəріне ризық берген құдіреті күшті тəңірге ырзамыз. Əрі ол атақ-даңққа бөлене берсін! Ол кім не тілесе — тілеуін берді, өзі нені қаласа — соны жасады; кімге жафа көрсетсе — көрсетті; уа, неге ықтияр болса, неге құлқы соқса — соны істеді.Адамдардың ең абзалы, пайғамбарлардың қасиетті ұлы елшісі Мұхаммед Мұстафаға сансыз сəлем, мархабат болсын! Оның серіктестері болған əзіз, уа қымбатты сахабаларына Алла разы болсын! Тəңірінің ризық, нұры жаусын!
Бұл бір бек əзіз кітап. Шын хакімдерінің мысал-хиқыматтарымен безендірілген. Машын ғұламаларының, ақындарының өлең-жырларымен жасандырылған бұл кітапты оқыған, бұл бəйіттерді басқаларға таратқан адамдар осы кітаптан да жақсы, ізгірек болар.
Бұл кітап төрт ұлы ұғым, төрт қымбат қасиеттердің сұхбатынан құрылған: бірі — Əділ (Əділет), екіншісі — Дəулет (Бақыт, құт),үшіншісі — Ақыл, төртіншісі — Қанағат. Олардың əрқайсысына жеке- Тағы да мұны жеке түрліше ат берген. Əділетке «Күнтуды Елік» атын беріп, хан орнына қойған; Дəулетке «Айтолды» деген ат беріп, уəзір орнына қойған; Ақылға «Өгдүлміш» атын беріп, уəзірдің ұлына балаған; Қанағатқа «Одғұрмыш» атын беріп, уəзірдің туыс, ағасы деп санаған. Ғұлама өз пікірлерін ой- толғаныстарын солардың арасындағы пікірлесу, сауал-жауап сөздер арқылы əңгімелеп, желілеп жеткізген.
Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген.
  • Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.
  • Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
  • Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады.
  • Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім – танымды көркем және ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағүни ғибратында суреткерлік, ойшылдық, ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім табуынан, ғылым даналығының біртұтастығынан көрінеді.

Жүсіп Баласағүниның “Құтты білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Жүсіп Баласағүни ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп Баласағүниның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеум. философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет