Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс


Студенттің дайындалуы үшін берілетін сұрақтар



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата22.12.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Студенттің дайындалуы үшін берілетін сұрақтар 
 
1. Ауызша тарихи деректердегі қазақ-орыс байланыстарының талдануы. 
2.  Зерттеулердегі  XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс  қарым-қатынастарындағы 
сыртқы қауіп факторы. 
3. XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығының сыртқы саясаты мен оның қазақ-орыс 
байланыстарындағы рөлі. 
4. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ-орыс қатынастары. 
5. Қазақ хандарының дипломатиясы. Қазақ хандығындағы елшілердің рөлі 
мен қызметі.  
6. Қазақ хандығының XVIII ғ. халықаралық жағдайы. 
7. XVIII ғ. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы. 
8. XVIII ғ. Қазақ-орыс қатынастарының өзгеруі мен сипаты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3 ХҮІ-ХҮІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ МЕН ОРЫС ЕЛІ 
АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ЖӘНЕ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ҚАТЫНАСТАР  
 
3.1  ХҮІ-ХҮІІІ  ғасырлардағы  Қазақстан  мен  Ресейдің  сауда 
байланыстары 

 
98 
Қазақстан  мен  Орта  Азиядағы  орыс  көпестері  туралы  мәліметтер  ХІV 
ғасырда Рубриквис пен Шегаб-эд-Диннің еңбектерінде кездеседі. Революцияға 
дейінгі  зерттеуші  Н.П.  Загоскин  мен  атақты  кеңес  тарихшысы  В.В.  Мавродин 
ежелгі  дәстүрге  сүйене  отырып,  «орыс  көпестері    XIV-XV  ғасырдың  өзінде 
тұрақты түрде Еділ сағасы мен Каспийге барып, ол жақтан Самарқанға жеткен; 
1404 жылы осы қалада орыс көпестерін татар, үнді және қытай саудагерлерімен 
бірдей көрген» деп мәлімдейді.  
Еділ  өзені  мен  Каспий  теңізі  арқылы  орыс  көпестерінің  Азия  елдеріне  аң 
терілері  (бұлғын,  құндыз,  түлкі,  сусар терісі, т.б.), бал, балауыз, балық  тістері 
(морждың  азуы),  былғары  және  зығыр  маталарды  (әсіресе  Орта  Азияға) 
тасымалдайтыны  жайында  революцияға  дейінгі  автор  А.Я.  Гаркави  қызықты 
деректер келтіреді. Олар Ресейге осы бағытпен Еділ-Каспий сағаларынан және 
Шығыстан  тұз,  дала  жылқылары,  жібек  маталар,  асыл  металдардан  жасалған 
бұйымдар,  асыл  тастар,  маржан,  қару-жарақтар  мен  болаттан  жасалған 
бұйымдар  жеткізіп  отырған.  Үндістанға  қарай  теңіз  жолы  ашылмай  тұрғанда 
Еділ  өзені  мен  Каспий  теңізі  арқылы  Ресейге  дәмді  тағамдар  ерекше  көп 
әкелінетін. 
«Орыс  және  Орта  Азиялық  қатынастарды  ұйымдастырудың  бастамасы» 
«ағылшындық  Дженкинсонға»  тиесілі  деп  есептейтін  А.Е.  Снесарев  пен               
В.В. Бартольдқа, осы пікірдің қателігі жөнінде деректер келтірген революцияға 
дейінгі  тарихнаманың  өкілі  В.Г.  Тизенгаузен  мен  кеңестік  ғалымдар                        
Б.Д. Греков, С.А. Покровский, Ю.А. Соколов қарсы шығады.  
Шынында  А.  Дженкинсон  алғаш  рет  қазақ  даласы  арқылы  өтіп, 
орыстардан  шамамен  бір  жарым  ғасырдан  кейін  Орта  Азияда  1557  жылы 
болды;  ол  мұнда  бірнеше  жыл  тұрақтады  деп  Е.В.  Тарле  мағлұмат  береді. 
Әрине, Дженкинсонның күшті әрі көп санды «ислам дініндегі қайсақтар», дала 
тұрғындары жайында хабарлайтын Орта Азия мен Қазақстан туралы өте құнды 
мәліметтері үлкен қызығушылық туғызады.  
Н.М.  Карамзин  «1557-1558  жылдары  Иван  IV-ге  Хива,  Бұхара  және 
Самарқаннан  келген  елшілер  «аса  сүйіспеншілікпен»  бас  иіп,  олардың 
көпестерінің  Еділ  өзені  бойымен  еркін  өтуі  үшін  рұқсат  сұрайтын»  деп 
мәлімдейді.  Сонымен  қатар,  А.Х.  Марғұлан  да  қазақ-орыс  сауда 
байланыстарының  ертерек  қалыптасқанын  дәлелдейді.  Сол  кезеңде  Шемаха, 
Дербент,  Шавкал,  Түмен,  Хива,  Сарайшық  және  басқа  қалалардан  келген 
көпестер  Астраханьда  болып,  Шемаха  және  Бұхарамен  сауда  жөнінде  келісім 
шарттар жасасқан.  
Оңтүстік-шығыс Еуропадағы саяси құлдырау жағдайында Алтын Орданың 
ыдырауынан  кейін  XIV  ғасырдың  басында  Ресей  мен  Орта  Азиялық  және 
шығыс  мемлекеттері  арасындағы  сауда  жолдары  бұзылды.  Сондықтан  Тугум 
ханның  (1534-1538)  кезінде  қазақтар  барынша  күшейгенімен,  Мәскеу  үкіметі 
олармен бұрынғы тікелей байланыстарды қалпына келтіруге ниет білдірмеді.  
Көшпелі  мемлекеттік  бірлестіктер  үнемі  отырықшы  мәдениеттің 
өнімдеріне,  дәндік  астықтар  мен  әсіресе  маталарға  мұқтаж  болды.  Оларға 
мұндай  бұйымдар  үнемі  Ресей  мен  Бұхарадан  әкелінетін.  В.В.  Бартольд                   
С.М.  Соловьевқа  сүйене  отырып,  осындай  маңызды  қорытынды  жасайды. 

 
99 
Ноғайлық Исмайыл Мырза Жайық бойымен көшіп жүрген ағасы Юсуфке 1551 
жылы  «Сенің  адамдарың  сауда  жасау  үшін  Бұхараға  барады,  ал  менікі 
Мәскеуге  барады;  тек  мен  ғана  Мәскеумен  шайқаса  аламын,  өліктерге 
кебіндерін тігуден басқа шара қалмайды» деп хат жолдаған.  
  XVI-XVIII  ғғ.  Қазақ  хандығы  мен  Ресей    империясы  арасындағы 
байланыстар  профессор  Ж.Қ.  Қасымбаевтың  еңбектерінде  кең  түрде 
қарастырылған  мәселелердің  бірі.  Автор  1986  жылы  жарыққа  шыққан 
еңбегінде:  «XVIII  ғ.  Ямышевск,  Железнинск,  Семей,  Өскемен  және  т.б. 
бекіністердің салыну тарихын көптеген жылдарға созылған орыс-қазақ қарым-
қатынасының  дамуы  мен  Қазақстанның  Ресейге  қосылу  тарихымен 
бөлшектеусіз  байланысты.  Орыс  мемлекеті  XV  ғасырдың  өзінде  көрші 
Қазақстанға    үлкен  қызығушылықпен  қараған.  Оның  өзі  Ресей  мемлекетінің 
әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  дамуымен  байланысты  терең  себептерге 
негізделді»,  - дейді. Ж.Қ. Қасымбаев одан әрі: «Көшім хандығының жойылуы 
және  Ресейге  батыс  Сібірдің,  Қазан,  Астраханның  қосылуы,  Сібір  және  қазақ 
даласына  баратын  Кама  сауда  жолының  құрылуы  қазақ-орыс  қарым-
қатынасының  дамуына  қолайлы  жағдайлар  туғызды.  Орыс  мемлекетінің 
Қазақстанға  қызығушылығы  әсіресе,  XVI  ғасырда  ұлғаяды.  Өйткені,  Ресей 
ортаазиялық хандықтарымен сауда және дипломатиялық қарым-қатынастарды 
орнатқаннан  кейін  қазақ  даласы  арқылы  Хиуа  мен  Бұхара  орталықтарындағы 
қала қолөнершілерімен транзиттік сауда жүргізді. XVI ғ. соңы  -  XVII ғ. қазақ 
даласы  арқылы  Бұхара  мен  Хиуадан  Ресейге  44  елшілік  және  Ресейден  9 
елшілік ортаазиялық хандықтарға өтеді. Оларда көп тауар мен адамдар болды. 
Орта  Азиядан  шыққан  сауда  керуендері  қазақ  даласы  арқылы  Астрахан, 
Еділдің жоғарғы ағысымен Саратов, Самара, Қазан және т.б.  орыс қалаларына 
бағыт алады. Сонымен қатар, ол сауда керуендері қазақ даласы арқылы  Сібірге 
де  –  Бұхарадан  Сырдария,  Түркістан,  Сарысу,  Ұлытау,  Есілдің  жоғарғы 
ағысымен Ертіске, одан Тобылға дейін барды. Орыс мемлекеті бұл транзиттік 
сауданың  дамуына  қатты  қызықты  және  ортаазиялық  хандықтардың  сауда 
керуендеріне,  көпестерге  қазақ  даласы  арқылы  өткенде  қауіпсіздікті 
қамтамассыз  етуі  үшін  қазақ  хандығының  саяси  жағдайымен  және  олардың 
көрші  елдермен  қарым-қатынасына  терең  үңіле  бастады»  ,  -  дейді.  Одан  әрі 
автор  осы  себептерден  Мәскеу  патшалығы  Қазақ  хандығымен  байланыс 
орнатуды  мақсат  етеді,  оның  дәлелі  1573  ж.  Чебуков  бастаған  елшілік  екенін 
атап өтеді. Ал 1574 жылы Иван IV ағайынды Строгоновтарға бұхаралық, қазақ 
саудагерлерімен алым-салықсыз саудаға рұқсат ететін грамота бергенін айтады. 
Профессор  Ж.  Қасымбаев  осылайша  қазақ-орыс  қарым-қатынасының  сауда-
экономикалық  астарларын  аша  отырып,  Ресейдің  ұстанған  саясатын  айқын 
көрсетеді.  
Мәскеу  үкіметі  барлық  елдермен,  соның  ішінде  Орта  Азия  және  қазақ 
даласымен  сауда  қатынастарын  жандандыруға  қол  жеткізді.  Бұл  жағдай 
экономикалық  өмірді  қалыптастыруға  ықпал  жасап,  өз  кезегінде  әскери 
қақтығыстардың пайда болу мүмкіндігін азайтты. Басқаша айтқанда, сауданың 
күшеюі Орта Азиялық мемлекеттердің агрессиялық пиғылдарын бейтараптауға 
әсер етіп, тараптардың экономикалық қуаттылығын нығайтты. Сонымен қатар, 

 
100 
олардың  дипломатиялық  және  саяси  байланыстарының  қарқындылығын 
арттыра түсті.  
Орыстардың  Шығысқа  қарай  кеңею  үрдісі  орыс  көпестерінің  өркендеуі 
үшін  қолайлы  жағдайлар  туғызды.  Бірақ  олардың  жолына  Сібір  хандығы 
кедергі  болды.  Көрші  мемлекеттердің  шапқыншылығына  үздіксіз  ұшырап 
отыратын  қазақ  хандықтары  басқыншыларға  қарсы  күресте  көмек  қолын 
созатын мықты одақтас іздей бастады. Дала төсінде жиі орын алатын оқиғалар 
қазақтарды олардың солтүстік-батыстағы қуатты көршісі Ресеймен одақтасуға 
итермеледі.  
Сол  кезеңдегі  орыс  көпестері,  дипломаттар  мен  саяхатшылар  қазақтарды 
Бұхара мен Сібір хандығы билеушілерінің толассыз қысымынан асқан ерлікпен 
қорғанған халық ретінде біледі. Ол уақыттың өзінде-ақ қазақ даласы Шығыстан 
Ресейге және Ресейден Шығысқа тасымалданатын тауардың қайнаған ортасына 
айналды. 
XVI ғасырдан бастап XVIII ғасырдың 40 жылдарына дейін Ресейдің Орта 
Азиялық  алқаптармен  байланысы  Астрахань,  Гурьев,  Тобыл  жағалауы,  Орал, 
Ой  арқылы  және  Тобылдан  бастап  солтүстіктегі  дала  мен  оңтүстіктегі  шөл 
арқылы жүзеге асып отырды. Орынбор, Троицк және Омбы қалаларының негізі 
қаланбас  бұрын  Астрахань  мен  Тобыл  мемлекеттік  және  жеке  меншік 
керуендерді  Бұхараға  жіберудің  басты  базасы  ретінде  қарастырылды.  Қазақ 
даласы  арқылы  сібір  казактары  Орта  Азия  мемлекеттерімен  сауда 
байланыстарын  дамытты.  Революция  кезеңіне  дейінгі  автор  И.  Кеппен 
бұхаралық  керуендердің  Ермакқа  Арал  теңізінің  жанынан,  «бұрыннан 
қалыптасқан  жолмен,  яғни  қырғыз-қайсақ  даласы  арқылы...»  өткендігін 
дәлелдейді.  
Ал  кеңестік  тарихшы  Х.  Зияев  Тобылдан  Бұхараға  дейінгі  жолға  75  күн 
кететіні жайында жазған.  
Ресей  мен  Орта  Азия  арасындағы  сауда  қатынастары  мәселелерін 
қарастырған  ең  атақты  зерттеушілердің  бірі  А.В.  Панков  XVI  ғасырдың 
ортасынан  бастап  жылына  екі  рет  Астрахан  мен  Маңғышлақтағы  Қараған 
кемежайлары  арасында  хивалық  және  бұхаралық  көпестердің  желкенді 
қайықтарының жүзгені жөнінде мәліметтер береді.  
Революция  кезеңіне  дейінгі  автор  В.А.  Уляницкий  мен  Сыртқы  істер 
министрлігі  мұрағатының  құжаттарын  сараптаған  қазақстандық  тарихшы                     
Г.Ф.  Дахшлейгер  Ресейден  Үндістанға  баратын  құрлық  жолы  сол  кезеңде 
Астрахан  арқылы  Маңғышлақ  (Тюб-Қараған)  түбегі,  Бұхара,  Балх  және 
Кабулға барып, сол жақтан Үндістанға қарай өткен деген қорытындыға келеді.     
Казан  қаласын  басып  алғаннан  кейін  20  жылдан  соң,  орыстар  енді 
Каманың бастауын игеруге ұмтылды және Строгановтармен құрылған Канкор 
мен  Керегеданда  орналасқан  Кама  Тұзынан  бірнеше  шақырым  алыстағы 
оңтүстік-батыс  бөлікте  өз  ұстанымын  нығайта  бастады.  Осылайша  Сібірге 
баратын өзен жолдарын басып алуды көздеді. Бәрін басып озған Строгановтар 
1574  жылы  Батыс  Сібірдегі  басқыншылық  әрекеттерді  өз  пайдасына  шешуге 
тырысты. Сондай-ақ, Тобыл, Ертіс, Обь және басқа өзендерде де өз үстемдігін 
орнатуға асықты. Иван Грозныйдың грамотасына сәйкес олардың иелігіне осы 

 
101 
жерлердің  барлығы  берілді.  «Сібір  шежіресінің»  дәлелдеуінше,  Строгановтар 
Орта Азиядан, Қазақстан мен басқа шығыс елдерінен келген көпестермен жаңа 
орындарда  баж  салығынсыз  сауда  жасауға  қол  жеткізді.  Строгановтар 
шежіресінде  кездесетін  жоғарыда  аталған  дәлелдерге  сүйенетін  болсақ,  осы 
жылдары қазақ даласымен сауда байланыстары реттеле бастады.  
Сонымен,  XVI  ғасырдың  соңында  орыс  патшаларының  (Иван  Грозный, 
Федор  Иоаннович)  Шығыстағы  көршілес  елдерге,  соның  ішінде  қазақ 
хандықтары мен осы кезеңдегі қазақ билеушілеріне (әсіресе Тәуекел) қатысты 
саясатында  «...біздің  арамызда  қайырымды  адамдар  (саудагерлер)  ешбір 
кедергісіз жүреді» деген ұмтылыс жатты.  
Дәл  сол  уақытта  тек  саяси  ғана  емес,  сонымен  бірге  орыс-қазақ  сауда 
байланыстарын  дамытудың  тенденциясы  байқалды.  Олардың  нығаюына 
әскери-феодалдық  жоңғар  мемлекетінің  қысымымен  Жетісу  ауданынан  Есіл, 
Тобыл,  Ырғыз  және  Батыс  Сібір  аймағындағы  басқа  да  өзендердің  жоғары 
ағысы  бассейнінің  бағыты  бойынша  қазақтардың  көшуіне  байланысты 
қалыптасқан  тарихи  жағдайлар  ықпал  жасады.  XVI  ғасырдың  соңында  екі  ел 
басшыларының  арасындағы  осы  қатынастар  олардың  үстем  тап  өкілдерінің 
өзара  мүдделеріне  сай  келмеді.  Мысалы,  орыс  көпестері  ноғай,  қазақ,  қалмақ 
далалары арқылы Орта Азиялық және басқа да шығыс мемлекеттерімен сауда 
байланыстарын дамытуға бірден тартылған жоқ. Ал қазақтың көшпенді даласы 
Мәскеумен  тұрақты  тату  көршілік  қатынастарды  ұстанудан  ерекше 
артықшылық  байқамады.  Әсіресе,  XVI  ғасырдың  ортасынан  бастап  Мәскеу 
көбінесе  қазақ  даласына  шабуыл  жасап,  қазақтарды  тұтқынға  алып  отырды 
және  олардың  малдарын  айдап  әкетті.  Дегенмен,  мұндай  шабуылдар  кейбір 
сәттерде Ресей мемлекетімен достық қарым-қатынас орнату арқылы саяси және 
сауда  жағынан  пайда  тапқан  қазақ  хандары  саясатының  негізгі  бағыттарын 
толығымен  бұзған  жоқ.  Бірақ,  олар  Ресейге  жартылай  тәуелді  болмау  үшін 
барынша қарсыласты. 
Революцияға  дейінгі  зерттеушілердің  айтуынша,  қазақ-орыс  сауда 
байланыстарын  дамыту  жолындағы  басты  кедергі  XVI  ғасырдың  70  жылдары 
Ресеймен  қарым-қатынаста  шиеленіске  түскен  Сібір  хандығы  болды.  Көшім 
хан  Ресейдің  Сібірге  енуіне  қарқынды  түрде  қарсылық  жасады.  Революцияға 
дейінгі және кеңестік тарихнамада Көшім ханның бейнесі тек жағымсыз жақта 
айтылып,  оның  іс-әрекеттері  тонаушылық  сипатта  көрсетілді.  Тек  1996  жылы 
ғана  қазақ  тарихшысы  М.  Әбдіров  тарихи  шындықты  қалпына  келтіру 
мақсатында «Белгілі және белгісіз Көшім хан» атты кітапта былай деп жазады: 
«Көшім  ханның  жеке  басына  деген  бүгінгі  таңдағы  ерекше  қызығушылықтың 
басты себебі оның жеке қайғылы тағдырына ғана байланысты емес, сондай-ақ 
оның ұрпақтарының драмалық тарихына да байланысты. Ең алғаш рет Көшім 
ханның өзі, балалары  мен  немерелері орыс  державасының шығыста  жүргізген 
агрессиялық  саясатына  қарсы  тұрып,  орыс  мемлекетінің  Сібір  мен  Солтүстік 
Қазақстан  аумағына  енуіне  қарсыласты».  Көшіммен  бетпе-бет  келген  патша 
үкіметі  оған  қарсы  күресу  үшін  одақтас  іздей  бастады.  Ресейден  вассалдық 
тәуелділікте  болған  қазақ  даласы  осындай  одақтас  бола  алатын.  Кейінгі 

 
102 
оқиғалар  көрсеткендей,  қазақ  даласы  Ресейдің  агрессивтік  басқыншылық 
саясатының құрбанына айналды.  
Бұдан  басқа,  осы  уақытқа  дейін  Қазақстанға  Бұхар  хандығы  қауіп 
төндірген  болатын.  Бұхар  хандығы  өз  иеліктерін  Хива  хандығының  есебінен 
кеңейтіп отырғаны белгілі. Бұхар-ноғай келісімінің нәтижесінде қазақ иеліктері 
Бұхар  хандығы  тарапынан  қауіп-қатерде  болды.  Тәуекел  ханның  Мәскеудегі 
елшілерінің  көрсетуінше,  Бұхара  ханының  түпкі  мақсаты  Жайық  бойында 
Сарайшық  қала-бекінісін  құру  және  Астраханьды  Бұхараға  тәуелді  қалаға 
айналдыру болды.  
Көшім ханға қарсы күресте қазақ хандықтарымен одақтасу үшін бірқатар 
шаралар  қабылдаған  Ресей  мемлекеті  олардың  билеушілерін  Орта  Азиялық 
хандықтармен келіссөздер жүргізуде делдал ретінде қолдануды көздеді.  
Қазақ хандығы Тәуекел ханның тұсында қайтадан нығайып, қуатты саяси 
күшке  айнала  бастады.  Осындай  өзгерістер  Ресей  үкіметін  өз  пайдасы  үшін 
қазақ хандықтарын Көшім ханға ғана емес, сондай-ақ Бұхара ханына да қарсы 
қолдануға  асықтырды.  Сол  кезде  қазақ  даласымен  тығыз  қарым-қатынас 
орнатуға ұмтылыс жасалды.  
Ресей  үкіметі  Сібір  тарапынан  қазақ  даласымен  және  Орта  Азиямен 
байланыстарды  нығайту  жолында  шаралар  қабылдады.  Тарихи  тәжірибе 
көрсеткендей,  Ресейдің  Азияға  барынша  тереңірек  енуі  Орал  жағалауымен 
салыстырғанда  Сібір  жағында  сәтті  жүргізілді.  Өнеркәсіпшілердің  елдің  ішкі 
аудандарынан Сібір жаққа көшіп, жаңа жерлерде қоныстана бастауы, сондай-ақ 
Орта Азия және қазақ саудагерлерімен сауда байланыстарын кеңейтіп, қалалар 
салуы Ресейдің Сібір аймағын толығымен меңгеруіне мүмкіндік жасады. Алғаш 
негізі қаланған қалалардың қатарына Түмен және Тобыл (1587 ж) кіреді. 1594 
жылы  Тара өзені  бойында  Тара  қаласы бой көтерді.  Оны  Тобыл аймағындағы 
Көшім  ханның  шапқыншылығына  қарсы  бекініс  ретінде  қолданды.  Іс  жүзінде 
бұған  дейін  орыстар  Ертістің  жоғары  жағындағы  осы  қалаға  одан  әрі  енген 
болатын.  Бұған  Тара  қаласының  құрылысы  жөніндегі  патша  жарлығы  дәлел 
бола  алады;  жарлықта  «Әр  түрлі  адам  шығындары  үшін  70  пұт  тұз  алынсын 
және  қосымша  ретінде  тұзды  Тарадағы  жаңа  қаладан  Ямыш  өзеніне  қарай 
сүргімен  тасуды  бұйырамын»  делінді.  Негізгі  әңгіме  осының  барлығын 
«белгіленген жерден 700 шақырым қашықтықта орналасқан жаңа қалаға», яғни 
қазіргі  Павлодар  аймағына  жеткізу  жайында  болды.  Жарлықта  бұл  туралы 
орыстардың  әбден  машықтанған  үйреншікті  тірлігі  сияқты  айтылған.  Осы 
жайында  И.В.  Щеглов,  М.И.  Сладковский,  Х.  Зияев,  Г.Е.  Катанаев  егжей-
тегжейлі жазады. 
Сібір  тарихшылары  Г.Ф.  Миллер  (XVIII  ғ.)  мен  И.  Словцовтың  (XIX  ғ.) 
дәлелдеріне  сүйенген  А.В.  Панков  XVI  ғасырда  орыс  қайық  (досчаник) 
керуендері  «Ертісті  жоғары  бойлап  жүрді,  ал  «бұхаралық»  түйе  керуендері 
қырғыз даласы арқылы еуропалық Ресейге, Астраханьға, Самара мен басқа да 
Еділ қалаларына бағытталды» деп мәлімдейді. 
Бұхаралық сауда керуендері нан және аң терісіне айырбастау үшін маталар 
мен  кептірілген  жеміс-жидектерді  тасымалдай  отырып,  Ертісті  төмен  бойлап 
Сібірге  жетті.  Тобылдан  Орта  Азияға  шығатын  сауда  жолы  Ертіс  пен  Есілдің 

 
103 
бастауы  арқылы  жүрді,  ол  жақтан  Ұлы-Тау  және  Сары-Су  тауларының 
жанынан  өтіп,  Түркістанға  жетті.  Кейін  Сырдария  арқылы  Бұхараға  жетті.                 
Г.Е. Катанаевтың жазуынша, Ресей үкіметі Тара қаласының тұрғындарын егер 
«бұхаралық  және  ноғайлық  көпестер  қалаға  тауарлар,  жылқылар  және  ірі 
қаралармен  келсе»,  олармен  «достық  қарым-қатынаста»  болуға,  сондай-ақ 
«олар  арқылы  пайда  тауып,  тауарды  сату  барысында  бөгетсіз  өткізуге 
міндеттеді.  Егер  көпестердің  кейбіреуі  өзінің  тауарлары  және  малдарымен 
Тобылға немесе Түменге барғысы келсе, оларға ерік берілді».  
Кеңестік  зерттеуші  В.С.  Батраков  сол  уақытта  Орта  Азиялық 
мемлекеттермен  байланысты  кеңейтуге,  олардың  Тара,  Тобыл  және  Түмен 
қаласындағы  елшілерін  қабылдауды  ұйымдастыруға,  сонымен  бірге  олардың 
ұсыныстарын мұқият тыңдап, бұл туралы Мәскеуді хабарландыруға тапсырма 
берілді деп атап көрсетті.                                                                  
Осыған байланысты көптеген деректік көрсеткіштерді кездестіруге болады. 
Сонымен,  Х.  Зияев  Ресей  үкіметінің  1595  жылы  «сауда  адамдарына, 
бұхаралықтар  мен  ноғайлықтарға  ықыласпен  қарау»  мәселесі  жайында 
Таралық  билеушілерге  берген  бұйрығы  жарияланған  құжатты  пайдаланады. 
Бұйрықта  түмен  әскер  басына  1596  жылы  былай  деп  бұйырады:  «...Буде 
бухарцы  с  товары  или  ногаи  с  лошадьми  торговые  люди  велели  с  нашими 
людьми и с юртовскими ясашными татары на Тюмени торговать беспошлинно; 
а иных никаких таможенных пошлин с них имети не велели. И береженье к ним 
и ласку держати великую и обиды б им и насильства никоторого не было, чтоб 
им  вперед  повадно  было  со  всякими  товары  приезжати.  А  торговати  бы  есте 
велели за городом в посаде и за посадом, где будет пригоже...». 
1608 жылы наурызда Таралық әскер басы И.В. Масальскийге бұйырылған 
Қазан  сарайының  грамотасы  арқылы  Сібір  қалаларында  еркін  сауда-саттық 
жасау  үшін  бұхаралық  көпестерге  рұқсат  берілді.  Бұхаралық  көпестерге 
Мәскеу  тарапынан  артықшылықтар  берілгені  жайында  мәлімдеген  өзбек 
тарихшысы М.Ю. Юлдашев та мұның растығын дәлелдейді.  
Дегенмен,  сауда  керуендерін  қарақшылық  тонаудан  сақтандыруға  ешкім 
кепілдік  берген  жоқ.  Сондықтан  оларды  күзету  мәселесінде  бірқатар  шаралар 
қабылданды. Жекелей айтқанда, тұз тасымалдайтын керуендермен бірге әскери 
команда еріп жүрген. Мысалы, 25 қайық (дощаник) және оған Тара қаласынан 
5  қайық  (дощаник)  қосылған  Ертіске  бағытталған  сауда  экспедициясын 
мергендер,  зеңбірекшілер,  дабылшылар,  атты  казактар  және  «шамамен  840 
жүзбасы мен атаманнан тұратын жұмысшы» жаяулар күзететін болған. Олар он 
бір мыс пищальмен, 814 ядромен, «79 қолды және зеңбіректі түтінсіз дәрімен, 
50  пұт  қорғасынмен»  қаруланды.  Бұл  жайында  1903  жылы  «Қырғыз  өлкесі» 
баспасында жарияланған құжаттар сыр шертеді. 
«Аласапыран  кезең»  деп  аталған  халықаралық  жағдайда  Ресей  мемлекеті 
қатты  құлдырап,  белгілі  бір  уақыт  аралығында  қазақ-орыс  сауда  қатынастары 
жүзеге аспай қалды.  
XVII  ғасырдың  басында  екі  ел  арасындағы  сауда  байланыстары  жандана 
бастады. Ресей үкіметі Орта Азиялық көпестерге орыс қалаларында еркін сауда 
жасауы  үшін  рұқсат  берді.  Сол  кезеңде  Ресейдің  Орта  Азиядағы  сауда  және 

 
104 
дипломатиялық  миссияларының  санын  ұлғайтуға  барынша  күш  салынды. 
Мұнда  басты  қатынас  жолдары  Қазақстан  арқылы  өтті.  1614  жылы  Жайық 
арқылы және қазақ даласымен (Ембі-Хива) Парсы жаққа Михаил Тихонов пен 
Алексей Бухаровтың елшілігі жіберілді. Олармен бірге орыс көпестері мен ұзақ 
уақыт  бойы  «аласапыран  кезеңіне»  байланысты  отанына  қайтуға  мүмкіндігі 
болмай жүрген парсы шахының өкілі Амир Кули болды.  
XVII  ғасырдың  20  жылдарының  соңында  шығыс  елдерінің  нығаюына 
байланысты Орта Азия мен басқа да шығыс елдерінен келген көпестердің арта 
бастауы  олардың  орыс  көпестерімен  қақтығысына  алып  келді.  Нәтижесінде 
жергілікті  билік  өкілдері  Ресей  аймағында  шығыс  көпестері  керуендерінің 
қозғалысына  белгілі  бір  шектеулер  қоюға  мәжбүр  болды.  Бұл  жағдай  шығыс 
көпестерінің  қатты  наразылығын  тудырды.  Осы  мәселені  қарастырған  кеңес 
тарихшысы Х. Зияев Ресей аймағында шығыс көпестерінің еркін қозғалысына 
шектеу  қою  себебін  тауар  тасымалы  үшін  «қолайлы  жағдайлардың 
жетіспеушілігімен»  байланыстырады.  Бұл  тек  бір  жағы  ғана.  Орта  Азия  мен 
басқа  да  шығыс  елдерінен  келген  көпестердің  ұлғайған  ағымы  орыс 
көпестерінің  арасындағы  бәсекелестікке  алып  келді.  Нәтижесінде  орыс 
көпестері маңызды түрде зиян шекті. 1627 жылы орыс көпестері өздерін шығыс 
көпестерінің  бақталастығынан  қорғау  мақсатында  Михаил  Филаретович 
патшаға  арнайы  ұсыныс  жасауға  мәжбүр  болды.  П.П.  Смирновтың 
көрсетуінше, ұсыныста Ресейдегі «тезиктер» (Орта Азиялық көпестер) санының 
көптігі,  олардың  өз  бетінше  жүріп,  өз  бұйрық  берушілерін  өздері  жіберіп 
отыратындығы  жөнінде  айтылған.  Орыс  көпестерінің  пікірінше,  олардың 
патшасы барлық жердегі кәсіпке шектеу қойды. 
Жолдастарымен  бірге  патшаның  аяғына  жығылған  «сібірлік  бұхаралық» 
Алим  Сулейманов  жайында  Сібірлік  бұйрық  кітабынан  (134  қатар,  194  п) 
алынған үзінді ретінде зерттеуші М.Ю. Юлдашев олар өз құқықтарын қалпына 
келтіруді сұрап, патшаның аяғына бас ұрғаны туралы мәлімдейді.  
Осы  кітапта  басқа  да  «Сібірде  тұрақтанған  бұхаралықтар  мен  жергілікті 
көпестер арасындағы өзара қарым-қатынастар сипатталған». 
Бұл 
мысалдар 
Ресейдің 
Қазақстанмен 
және 
Орта 
Азиялық 
мемлекеттерімен  кең  ауқымды  сауда  байланысы  болғанына    дәлел  болады. 
Оның үстіне Бұхарада «сауданы тұрақты түрде кәсіп еткен» орыс көпестері де 
болатын.  
Алайда,  XVII  ғасырдың  20-80  жылдары  аралығында  Ресейдің  Қазақстан, 
Орта  Азиялық  және  басқа  да  шығыс  мемлекеттерімен  сауда  және  басқа 
саладағы  байланыстары  біршама  құлдырағанын  байқаймыз.  Бұл  жағдай  сауда 
керуендері  мен  дипломатиялық  миссияларға  шабуыл  жасайтын  «тонаушылар 
тобының»  белсенді  іс-әрекеттерімен  түсіндіріледі.  Осыған  байланысты  1620 
жылы  теңіз  дауылы  кезінде  қайығы  Маңғышлақ  түбегінің  жағалауына 
тасталған  И.Д.  Хохловтың  елшілігін  айтуға болады.  Осында  орналасқан сауда 
керуені түркмен тайпаларының шабуылына ұшырап, тоналған болатын.  
Дегенмен, осы кезеңде сауда миссиялары арқылы алмасу жалғасып жатқан 
еді. Тара және Тобыл қалаларына 1637-1645 жж. - 185 көпес, 1645-1655 жж. - 

 
105 
165  көпес,  1655-1665  жж.  –  227  көпестің  келгені  жөнінде  жазылған  кедендік 
кітаптан алынған дәлелдерді Ю.А. Соколов мысалға келтіреді.  
Қазақстан  территориясымен  (Тобылдан  Түркістанға  дейін)  ең  алдымен 
қазақ  хандарынан  арнайы  рұқсат  алған  Орта  Азиялық  сауда  керуендері  өтті. 
Бұл  жайында  орыс  елшісі  Василий  Кобяков  мәлімдейді.  Осыған  сүйенген                  
Н.Г.  Аполлова  сол  кезеңдегі  Қазақстандағы  сауда  туралы  қызықты  деректер 
келтіреді.  Сібірлік  бұйрықтағы  өзінің  «сөзінде»  Кобяков  былай  дейді:  «Тәуке 
ханның  «билігінде  бұхаралық  көпестер  тұратын  25  казак  қаласы  болды». 
Негізінен сауда операцияларынан түсетін барлық табыстар қазақ хандары мен 
сұлтандары  және  оның  айналасындағы  адамдарға  тиесілі болатын.  Олар  Сібір 
аймағындағы  орыс  базарында  орыс-қазақ  саудасын  ұйымдастыру  үшін 
қолданылды.  
Орыс  және  Орта  Азиялық  мемлекеттер  арасындағы  сауда  байланысына 
кеңірек  тоқталуға  басты  себеп:  Орта  Азиялық  сауда  керуендерінің  басында 
тұрған көпестер қазақ билеушілерінің ұсынысы бойынша ресейлік әкімшілікке 
бағынбады  және  сауда  операцияларына  қатысты  дипломатиялық  сипаттағы 
міндеттерді  орындаған  жоқ.  Орта  Азиядағы  хандықтармен  сауданың  дамуы 
орыс-қазақ  байланысының  нығаюына  ықпал  етті.  Соған  сәйкес  Қазақстан 
территориясымен  Орта  Азиялық  сауда  керуендері  өткен  сайын  орыс-қазақ 
сауда қатынастарын күшейтуге қолайлы жағдайлар жасала бастады.  
Мысалы,  Ресеймен  сауда  қатынасындағы  кедергілерді  жою  міндеті 
қойылған  Ташим  елшілігі  қазақ  көпестерін  алып  жүрді.  Тәуке  ханның 
«көпестерді  қайырымды  өкілмен  қамтамасыз  етіп,  сауда  адамдарын  босатуды 
сұрауы» тегін емес. 
Тәуке  хан  осы  елшілікке  үлкен  үміт  артты:  елшілік  бұрынғы  саяси  және 
сауда  байланыстарын  қайтадан  қалпына  келтіруге  міндетті  болды.  Сондықтан 
Тәуке  хан  елшілікпен  бірге  патша  сарайына  көптеген  сый-сияпат  жіберіп 
отырды.  
Мысалы, қазақ даласындағы сауда саласына ханның айналасынан шыққан 
көптеген  ірі  және  беделді  қазақ  билеушілері  тартыла  бастады.  Қазақ  билеуші 
тобы  қазақтар  мен  Орта  Азиялық  елдер  арасындағы  сауданың  дамуына 
барынша мүдделі болды. Себебі, олар қазақ даласы арқылы өтетін көпестерден 
алынған  баж  салығының  маңызды  бөлігін  иеленетін.  Бұл  табыстар  олардың 
орыс  көпестерімен  сауда  саласында  байланыста  болуы  үшін  мүмкіндік 
туғызды.  
Кіші  Жүздің  Ресейге  қосылуы  кезеңінде  қазақ-орыс  сауда  қатынастары 
жаңа  деңгейге  көтерілді.  «Орта  Азияны  жаулап  алу  тарихы»  атты  зерттеуде 
М.А.  Терентьевтің  көрсетуінше,  1740  жылы  ант  беру  кезінде  Әбілмәмбет  пен 
Абылай  оларға  Ресей  тарапынан  қойылатын  міндеттердің  жеңілдігіне  таң 
қалған: қазақ даласы арқылы өтетін керуендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, 
Ұлы жүзбен тоналған тауарларды қайтару. Автор бұл міндеттердің Орта жүздің 
ханы  мен  сұлтандары  тарапынан  іс  жүзінде  орындалмағанын  атап  өтеді: 
«біріншіден,  Орта  Орда  орналасқан  Сібір  даласы  арқылы  ешқандай  керуен 
өтпеген...». 

 
106 
А.И.  Левшиннің  баса  назар  аударып  айтуынша,  Әбілхайыр  хан  жазбаша 
және ауызша міндеттенді:  
-  Оған  тиесілі  жүздің  жерімен  шектесіп  жатқан  ресейлік  шекаралардың 
қауіпсіздігін сақтау;  
- Көпес керуендерін қорғау және оларды қазақ жерлері арқылы өткізу. 
Әбілхайыр  хан  өзінің  берген  уәдесіне  жауап  ретінде  хан  болып  тек  оның 
руынан  шыққан  адамдарды  тағайындауды  және  баспана  ретінде  қамал-
бекіністері  бар  қала  салуды  сұрады.  Ресей  қазақ  жүздерінің  толық 
бодандығынан  кейін  өзінің  оңтүстік-шығыс  шекарасының  тыныштығы  мен 
көпес керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы шығыс базарларымен 
сауда айырбасын кеңейтуді көздеді.  
В.Я.  Басиннің  жазуынша,  Әбілхайыр  хан  патшаханымнан  қорғаныс  үшін 
қала  салуды  сұрады.  Өкілдерді  жақсы  ниетпен  қабылдаған  патшаханым 
империяның  құрамына  барлық  қырғыз-қайсақ  халқы  мен  қарақалпақтарды 
қосуға және Ор өзенінің сағасында қорғаныс қаласын салып, оны Орынбор деп 
атауға келісім берді. Бұл тапсырма Петр I-нің бұрынғы қызметкері болған обер-
хатшы Кириловқа жүктелді.  
Қала  құрылысына  қатысты  И.  Кирилов  «қала  тұрғындарын  негізінен 
башқұрттар  және  осы  жерлерді  қиып  өткен  ұры  қырғыз-қайсақтар  құрайды» 
деп  көрсетті.  Қаланың  салынуы  «ішкі  коммерцияның»  дамуына  ықпал 
жасайды. Сауда керуендері Түркістан мен Ходженттен шығып, Бұхараға емес, 
Ресейдің ішіне, Ор ауданы мен Оралға дейін барады. Егер шетелдік көпестерге 
арнайы  артықшылықтар  берілген  жағдайда  олар  жаңа  қалада  тұрақтай 
бастайды,  бұл  өз  кезегінде  сауданың  дамуын  жандандыра  түседі.  «Күтпеген 
жерден  иелікке  немесе  байлыққа  қол  жеткізе  алмаймыз  және  ешнәрсе 
жоғалтпаймыз,  бірақ  жаңа  қаладан  түскен  табыс  үнемі  біздің  жақта  болады» 
деп жазды Кирилов. 
Сыртқы  істер  ұжымының  аудармашысы,  кейіннен  1731  жылы  ақпан 
айында  мазмұны  сыртқы  істер  ұжымының  нұсқауы  бойынша  анықталатын  
«күнделікті 
жазбаларды» 
жүргізу 
міндеті 
тапсырылған 
Орынбор 
экспедициясының  мүшесі  Тевкелевтің  журналында  қазақ  даласында  негізі 
қаланған  бекіністерде  сауда  істерін  ұйымдастыру  туралы  бірқатар  деректер 
келтіріледі:  «мен  барлық  назарымды  Ресейден  келген  көпестер  мен 
азиялықтардың  саудасына  аудардым.  Мен  ең  алдымен  барлық  басқармаларға 
олардың  жеке  табысы  менің  сөздеріме  куә  болатынын  сендіре  жаздым; 
екіншіден, 
мен 
шекараға 
қырғыздар, 
хиуалықтар, 
ташкенттіктер, 
қашқарлықтар,  түркмендер  мен  бұхаралықтарды  пайда  табуға  үміттендіре 
отырып,  саудаға  шақыру  мақсатында  грамоталар  жібердім.  Мен  мұсылман, 
Сеитов  ауылының  татары  осы  жолдаманы  қолдандым;  осы  халық  байлыққа 
мастанып  қалуы  мүмкін,  мен  татармын,  оларды  көл-көсір марапаттадым  және 
комиссияның  табысты  орындалуына  байланысты  тағы  да  марапаттауға 
сендірдім. 1745 жылдан бастап Орынбордағы атақты сауда орны жақсы бастау 
алып, барлық сала бойынша қарқынды дами бастады. Экспедицияның бастапқы 
табысының орнына жоғарыда аталған баж салығынан түскен кіріс ретінде жыл 
сайын 30000 р. қазынадан алдым; оның үстіне Ресейге саудамен әкелінген 5000 

 
107 
р.  күміс  пен  одан  кем  емес  мөлшердегі  алтын  хабарландыруға  кірді,  ал  жыл 
сайынғы  салық  50  мыңға  дейін  жетті.  Менен  алдын  бұрынғы  коммерцияда 
ешқашан жылына үш мың болмаған.  
Ал Орынбор қаласының салынуы кезінде қысқа уақыт аралығында барлық 
Ресей империясы мен Азиялық көпестер тарапынан пайда молая түсті. Әр жыл 
сайын Ресей империясына көп көлемде алтын мен күміс әкелінді және олардан 
қаншама салық алынатын». 
1762  жылы  5  тамызда  Петр  III-нің  өлімінен  кейін  Екатерина  II  Семей 
бекінісінде сауда істерін ұйымдастыру жөніндегі сұлтан Абулфеиздің өтінішін 
қанағаттандырған  жарлыққа  қол  қойды.  Сауданы  ұйымдастыру  ісі  сібірлік 
губернаторға 
тапсырылды. 
Шынында, 
негізінен 
Тобылда 
саудамен 
айналысатын  орыс  көпестері  Семей  бекінісінде  сауда  операциясын  жүзеге 
асыру  қажеттілігін  жылы  қабылдамады.  Абулфеиздің  хабарлауынша,  қазақ 
көпестері  Семейге  көп  көлемде  тауар  тасымалдаған.  Ресейлік  көпестерге 
қарамастан,  қазақ  саудагерлері  өз  ұлыстарына  оралып,  Сібір  аймағының 
генерал-майоры  фон  Фрауендорфке  шағым  жасаған.  Олар  орыс  көпестерінің 
Семейге  келуіне  қарсы  болды.  Мұнда  тек  қазақ  көпестерінің  ғана  емес, 
сонымен  бірге  бұхаралық  көпестердің  де  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  уәде 
берілді.  Қазақтардың  табанды  талаптарын  байқаған  фон  Фрауендорф  1763 
жылы  20  қазанда  Тобылдағы  мекемелік  «құпия  әрі  шекаралық  мәселе 
жөніндегі  комиссиядан»,  ал  1764  жылы  20  қаңтарда  сібірлік  губернатор 
Чечериннен  ресейлік  көпестердің  бірнеше  керуенін  тәжірибелік  мақсатта 
Семейге  жіберуін  өтінген  болатын.  Сондай-ақ,  ресейлік  үкімет  Ресейдің 
Қазақстан арқылы Шығыспен сауда байланыстарын дамыту мәселесін бірнеше 
рет  талқылады.  Мысалы,  1763  жылы  П.И.  Рычков  Орта  Азия  арқылы 
Үндістанмен керуен саудасын орнатуды ұсынды.  
Палластың  еңбегінде  Ресейге  бодан  болғаннан  кейінгі  кезеңдегі 
қазақтардың  айырбас  саудасында  орынборлық  сауданың  ерекше  маңызға  ие 
болғанын  байқауға  болады.  Мұны  И.  Фальк  те  өзінің  «Саяхат  жазбалары» 
еңбегінде атап өтті. 
Н.  Рычков  «1771  жылы  қырғыз-қайсақ  даласындағы  саяхаттан  күнделікті 
жазбалар»  атты  еңбегінде  Троицк  бекінісіндегі  сауда  жайында  деректер 
келтіреді.  Қазақ  даласындағы  сауда  туралы  Рычковтың  мәліметтері 
көрсеткендей,  олар  Ресейдің  Орта  Азиямен  өзара  сауда  қарым-қатынасында 
транзиттік мәнге ие болды.  
Ф.  Лобысевичтің  «Орынбор  ведомоствосындағы  қырғыз  даласы»  атты 
очеркінде  қазақ  даласын  отарлаудың  маңызды  шарттарының  бірі  ретінде 
сауданың дамуына баса көңіл бөлінді. Оның жазуынша, қазақ даласын отарлау 
адамдардың  егіншілік  саласынан  емес,  керісінше  сауда  және  өнеркәсіп 
салаларынан басталуы керек. Себебі, бұл салалар астық егуге жарамды болатын 
ауқымды  әрі  қолайлы  жерлерді  қажет  етпейді.  Өздері  қалаған  жерге 
қоныстанған  қырғыз  қауымдастығындағы  жаңа  қоныстанушылармен  өзара 
келісім арқылы еркін жаулап алу саясатын  жүргізуге болады.  
А.  Петров  «Англия  мен  Ресей  Орта  Азиядағы  өз  мүдделерін  қалай 
қорғайды»  деген  еңбегінде  Ресей  мемлекетінің  отарлаушылық  билікті 

 
108 
нығайтудағы  екі  тәсілін  бөліп  көрсетеді:  «Бірінші  жолы  –  бұл  біздің  азиялық 
аймағымызда  ресейліктердің  қоныстануы,  ал  екіншісі  –  орыс  саудасы  мен 
өнеркәсібін орнықтыру және қолдау». 
Экономикалық  және  сауда  саласындағы  Ресейге  қатысты  жетістіктерге            
А.  Семенов,  Ф.  Лобысевич  және  Н.Н.  Балкашин  өз  еңбектерінде  жоғары  баға 
берді. Олардың негізгі ұстанымдары мынадай: 
-
 
Орыс саудасының айналымын ұлғайту;  
-
 
Басып алынған өлкенің табиғи ресурстарын пайдалану; 
-
 
Территорияны Еуропа мен Азия арасындағы транзит ретінде қолдану; 
-
 
Орыс мануфактуралық бұйымдарын өткізетін нарықты дамыту; 
-
 
Коммуникациялық байланыстарды дамыту; 
-
 
Қоныстанушылар үшін жерлерді босату. 
Ал  Ю.В.  Кологривовтың  «Орта  Азиядағы  орыс  иеліктері»  атты  еңбегінде 
атап  өткендей,  «біздің  алғашында  азиялықтардан  талап  еткен  Орта  Азияға 
бағытталған  қозғалысымыз  орыс  өнеркәсібі  мен  саудасына  едәуір  көмек 
көрсетті,  сондай-ақ  оны  Қытаймен  жақындастырып,  Үндістанға  жол  ашты»,  - 
делінген. 
Сонымен, патша өкіметінің Қазақ даласын өндіріс нарығына айналдыруға 
деген  ұмтылысы,  оның  табиғи  байлықтарын  пайдалану  мен  стратегиялық 
тиімді  жағдай  революциялық  кезеңге  дейінгі  орыс  тарихнамасында  ерекше 
көрініс  тапты.  Осы  кезеңдегі  жұмыстардың  көпшілігінде  талдау  әдісі 
қолданылмайды,  керісінше  нақты  қателіктер  мен  дәлсіздіктер  кездеседі. 
Дегенмен,  дәл  осы  еңбектер  кеңес  дәуіріндегі  қазақ-орыс  сауда 
қатынастарының мәселесін зерттеуге негіз болды.  
XVI-XVIII  ғасырдағы  қазақ-орыс  сауда  қатынастарына  қатысты  арнайы 
зерттеу жұмыстары кеңестік және қазіргі заманғы тарихнамада сирек кездеседі. 
Қазақстан  арқылы  жүзеге  асырылған  Ресей  мен  Қытай  арасындағы  сауда 
қатынастары  туралы  жекелей  мәліметтер  беретін  Т.А.  Шеметованың  «XX 
ғасырдың  екінші  он  жылдығындағы  Ресей  мен  Синьцзян  арасындағы  сауда 
байланысы жөніндегі кейбір деректер» атты еңбегін атауға болады. 
Тұрақты 
сауда 
байланыстары 
қалыптаспаған 
қазақ 
жүздерінің 
экономикасын талдаған Н.Г. Аполлованың еңбегін сөзсіз түрде жоғары бағалау 
керек.  Оның  ойынша,  30  жылдардың  басында  патша  өкіметінің  Кіші  жүз  бен 
Орта  Азиялық  хандарға  (Бұхаралық  және  Хиуалық)  қатысты  нақты 
шаруашылық-саяси  мақсаттары  анықталды.  Бұл  патша  өкіметінің  Орта  Азия 
аймағында сауда байланыстарын кеңейту мен Орта Азияны Ресейдің боданына 
айналдыру  арқылы  саяси  үстемдігін  нығайтуға  қатысты  мақсаты  болатын. 
Монография  авторы  орыс  экономикасының сауда саласына    тигізетін әсерінің 
тікелей  салдары  жайында  кеңірек  тоқталады.  Бұдан  басқа  Н.Г.  Аполлова 
Орынбор  өлкесіндегі  орыстардың  қоныстану  жағдайы  мен  қазақтарды  сауда 
және  шаруашылық  салаға  тартуға  бағытталған  Шекаралық  комиссия 
(алғашында Орынбор экспедициясы) қызметін қарастырады.  
Г.А. Михалева Ресейдің Орынбор арқылы Орта Азия хандықтарымен сауда 
және  елшілік  байланыстарының  даму  мәселелерін  зерттеді.  Мұнда  XVIII 

 
109 
ғасырдың  II  жартысы  мен  XIX  ғасырдың    I  жартысы  аралығындағы  Ресейдің 
Қазақстан мен Орта Азияға қатысты мүддесі айқындалады. 
Тұтастай  орыс  басқыншылығының  себептерін  көптеген  кеңестік  авторлар 
өзіне  жаңа  нарық  іздеген  орыс  капитализмінің  отарлаушылық  ұмтылысынан 
іздейді. 
В.Я.  Басиннің  монографиясы  60  жылдар  мен  70  жылдардың  басындағы 
орыс-қазақ қатынастары тарихнамасының қорытындысы іспеттес. Бұл жұмыста 
Ресейдің  сыртқы  саяси  жүйесіндегі  Қазақстанның  орны  туралы  мәселе  жеке 
дерекнамалық  негізде  қойылған,  сондай-ақ  ол  Ресейдің  шығыстық 
саясатындағы  қазақ-орыс  сауда  қатынастарының  маңыздылығын  қарастырған 
қазақ тарихнамасындағы алғашқы кең ауқымды зерттеу болып табылады.  
1994  жылы  А.Б.  Кушпаева  XVIII  ғасырдың  соңындағы  қазақ-орыс  сауда 
қатынастарын  дамытудағы  Орынбор  қаласының  маңыздылығын  толығымен 
қарастыратын диссертациялық жұмыс қорғады. 
2004 жылы жарияланған зерттеуші Ф.М. Шамшиденованың «XVI-XVII ғғ. 
Қазақ  хандығы»  оқу-әдістемелік  құралында  автор  арнайы  «Қазақстан  мен 
Россия  арасындағы  сауда  байланыстары»  тарауында:  «Ресей  шығыстағы 
саясатын жаңа жағдайда жүргізгісі келді. Сондықтан Қазақ хандығымен қандай 
да бір келіссөз жасау Шығыстағы жоспарының жүзеге асуына маңызды қадам 
болатын.  Әрине,  алғашқы  байланыстар  саяси  мүддеден  келіп  туды.  Сауда 
жөнінде ойламаған да болар», - деп жазды.  
Жаңа методологиялық әдістермен ерекшеленетін қазіргі заманғы ресейлік 
жұмыстардың арасынан «Ресей мен Қазақстанның этномәдени және этносаяси 
өзара  қарым-қатынасы»  атты  еңбекті  бөліп  қарастыруға  болады.  Бұл  қазақ-
орыс  сауда  байланыстарының  жандануы  мен  орыстардың  аймақтағы  белсенді 
отарлауының басталуы арасындағы тығыз байланысты көрсетеді.  
XX  ғасырдың  соңы  мен  XXI  ғасырдың  басындағы  Қазақстанның  тарих 
ғылымында  деталдаудың  әр  түрлі  дәрежесі  арқылы  жаңа  методологиялық 
тәсілдермен  орта  ғасырлық  қалаларды  «сауда  орталықтары»  ретінде 
қарастырған  бірқатар  зерттеулер  пайда  болды.  Оған  М.Х.  Абусеитова,                    
С.М.  Сыздықов,  Р.У.  Каримова  және  Б.А.  Байтанаевтың  еңбегін  жатқызуға 
болады.  
Қазақстан мен Орта Азиялық хандардың сауда және мәдени байланыстары 
С. Мадуанов, М.У. Шалекенов және А.Б. Абдуалының зерттеу жұмыстарының 
негізіне айналды. 
Сонымен қатар, Қытай мен Ресей арасындағы халықаралық қатынастарды 
жаңаша концептуалдық тұрғыда талдаған Н. Алдабектің, Қазақстанның Ресейге 
қосылу  тарихнамасын  зерттеген  А.М.  Абдилдабекованың,  қазақ-жоңғар 
қатынастарын  зерттеген  С.  Едилханованың,  қазақ-башқұрт  қатынастарын 
тарихнамалық  тұрғыда  талдаған  Г.  Избасарованың  ғылыми  еңбектерінің 
құндылығы жоғары.   
Байқағанымыздай,  XVI-XVIII  ғасырдағы  қазақ-орыс  сауда  қатынастарын 
зерттеу 
барысында 
тарихнамалық 
тұжырымдамалардың 
маңызды 
трансформациясы  орын  алды.  Бұл  кезең  революцияға  дейінгі  Ресейдегі 

 
110 
мессиандықтың  көне  дәстүрінен  бастап,  синергетикалық  парадигмада  көрініс 
тапқан қазіргі заманғы тәсілдерге дейінгі аралықты қамтиды. 
 
Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін
upload -> Серіктестігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет