Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс


Студенттің дайындалуы үшін берілетін сұрақтар



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата22.12.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Студенттің дайындалуы үшін берілетін сұрақтар 
 
1.
 
XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы  мен Ресей  империясы арасындағы  сауда 
байланыстар профессор Ж.Қ. Қасымбаевтың еңбектерінде. 
2. Қазақстан мен Ресейдің экономикалық қарым-қатынастары. 
3.  Екі  ел  арасындағы  сауда-экономикалық  байланыстар  туралы  тарихи 
деректерді талдау. 
4. XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс сауда байланыстарының ХХ ғ. басына дейінгі 
тарихнамасы. 
5.  А.М.  Абдилдабекова,  С.  Едилханова,  Г.  Избасарованың  еңбектеріндегі 
қазақ-орыс байланыстары. 
                            
 
3.2 Қазақстан мен Ресейдің мәдени байланыстары және экономикалық 
қарым-қатынастары 
Алғашқыда  түрлі  саладағы  қазақ-орыс  қатынастарын  зерттеуге  деген 
қызығушылық  орыс  қоғамында  ең  алдымен  саяси  прагматикалық  тәртіп  пен 
Қазақ  даласындағы  орыстардың  қоныстануына  байланысты  бекітілген 
міндеттер  аясында  пайда  болды.  XVI-XVIII  ғасырда  Қазақстанмен 
экономикалық  қатынастар  мен  мәдени  байланыстарды  дамытуға  бағытталған 
мұндай  императорлық  ынталандыруларға  қатысты  қазақ  тарихы  мен 
этнографиясын  алғаш  зерттеушілердің  қатарында  ресейлік  елшіліктердің 
қатысушылары, кейіннен әр түрлі ресми мәртебесі бар азаматтық шенеуніктер 
болды.  
Қазақтардың  географиясы,  экономикасы,  тұрмысы  мен  шаруашылығы 
жайында  алғашқы  деректер  1694-1697  жылдары  ресейлік  елшіліктерден 
алынды.  Бір  қызығы,  революцияға  дейінгі  авторлар  осындай  елшіліктерден 
алынған  деректердің  мазмұнын  талдауды  өз  алдарына  міндет  етіп  алған  жоқ. 
Бұл  құжаттар  кеңес  кезеңінде  қазақ-орыс  қатынастарының  мәселесін 
қарастырған  Н.Г.  Аполлова  мен  В.Я.  Басин  сияқты  ғалым-зерттеушілердің 
жұмыстарында  қарқынды  түрде  қолданылды.  1694  жылы  құрамында  Федор 
Скибин  мен  Матвей  Трошин  секілді  Тобыл  казактары  бар  ресей  елшілігінің 
міндеті жайында Н.Г. Аполлова атап өтеді. Федор Скибин мен Матвей Трошин 
елшілігінің  құрамындағы  орыс  казагы  Василий  Кобяковқа  сүйенген                          
Н.Г.  Аполлова  қазақтардың  шаруашылығы  туралы  деректер  келтіреді.  Сібір 
бұйрығында  Кобяков  былай  дейді:  «Тәуке  ханның  барлық  қалалары  шикі 
кірпіштен салынған .... Ал Тәуке ханның астығы, бидайы мен арпасы өте мол, 
егіндері  қыстық  әрі  жаздық  болады.  Ал  олардың  ірі  қара  малдары  мен 
сиырлары  болмағанымен,  қойлары  және  жылқылары  өте  көп.  Олар  малмен 
қоректенеді». 
1696 жылы 10 қаңтарда «боярлар үкімі» мен 1697 жылы 14 ақпанда Петр I-
нің грамотасына байланысты елшіліктердің мәліметтеріне сүйене отырып карта 

 
111 
жасалынды.  Ол  елшіліктің  Тобылдан  Түркістанға  дейінгі,  Бұхара  арқылы 
Жайық пен Еділге және Уфа арқылы Тобылға апаратын жолдарды сипаттады. 
Елшілік  мүшелері  Қазақстан,  Хива  және  Бұхара  арасындағы  шекаралардың 
шамамен белгіленген бөлінісін хабарлады. Жекелей алғанда, олардың мәліметі 
бойынша қазақ жүздері қазақ даласының солтүстік бөлігін иеленді және Тянь-
Шань  тауының  баурайындағы  Орта  Азиялық  аймақтардан  оңтүстік  арқылы 
бөлініп жатты. Ф. Скибин мен елшіліктің басқа мүшелері хабарлағандай, Орта 
жүз  бен  Ұлы  жүз  жоңғарларға  тәуелді  «Түркістан  қаласын  қоса  алғандағы 
Сырдария  мен  Тянь-Шань  таулары  аралығын»  мекендеді.  Бұл  жерлерді  Тәуке 
хан  бастаған  қазақ  көшпенділері  жайлаған.  Сырдария  өзенінің  төменгі  және 
кейбір  ортаңғы  ағыстарына  келетін  болсақ,  мұнда  жартылай  отырықшы 
қарақалпақ халықтары мекендеді. Сырдарияның солтүстік жағалауы мен оның 
батыс жақ сағасына Хиуа ханының иеліктеріне тиесілі болды (олар Қызылқұм 
шөлінде  жайылып  жатты).  Орталық  Сырдарияның  батысынан  Амударияның 
орталық  ағысына  дейінгі  аралықты  Бұхара  алып  жатты.  Осы  мәліметтерді               
В.Я.  Басиннің  монографиясынан  кездестіреміз.  Басиннің  айтуына  қарағанда, 
«Ф.  Скибин  елшілігінің  хабарламасы  айтарлықтай  қызығушылық  тудырады, 
онда:  қазақтар  негізінен  көшпенді  өмір  сүрді,  оларда  егістік  жерлер  аз.  Ал 
қалаларда  негізінен  «қорғасын  балқытатын  және  оқ-дәрі  шығаратын» 
тұтқындағы  бұхарлықтар  тұрды»,  -  делінген.  Сығанақ,  Оқ-Карген,  Созақ, 
Түркістан,  Отырар,  Сайрам  және  басқа  да  қазақ  қалалары  (барлығы  20  қала) 
туралы Ф. Скибин мен М. Трошиннің жазған еңбектері де  ерекше маңызға ие.  
ГФ.  Дахшейгердің  пікірінше,  қазақ  қалалары  «қазақ  және  өзбек 
феодалдары  арасындағы  «тұрақты  шатақ  тудырушы  себепке»  айналды.  Бұл 
өлкедегі  өндірістік  күштердің  дамуына  кедергі  келтіріп,  әсіресе  егін 
шаруашылығы мен көшпенділер өміріне кері ықпалын тигізді». 
XVI-XVIII  ғасырда  Қазақстан  халқының  басым  көпшілігі  мал 
шаруашылығымен  айналысатын  елге  айналды.  Рулық  бірлестіктер  жақсы 
жайылымы  мен  суаты  бар  белгілі  бір  территорияларда  көшіп-қонып  жүрді. 
Дегенмен,  XVI-XVIII  ғасырдағы  қазақтардың  экономикасы,  шаруашылық 
құрылымы  мен  мәдениетіне  қатысты  арнайы  тарихи  зерттеу  жұмыстары  іс 
жүзінде  арнайы  жазылған  жоқ.  Осылай,  1558-1560  жылдары  қазақ  даласына 
(Астраханьнан  Каспий  арқылы  Маңғышлаққа,  ол  жақтан  Хиуа  мен  Бұхараға) 
саяхат  жасаған  ағылшындық  Антоний  Дженкинсон  қалалары  мен  үйлері  жоқ 
далада  мекендейтін  «ислам  дініндегі  қассақтарды»  ерекше  атап  өтеді.  Бұдан 
басқа,  Дженкинсон қазақтар  жайында  «олар  ешқашан  садақ,  жебе,  қылышсыз 
сұңқар  салған  аңшылыққа  немесе  басқа  да  сауықтарға  шықпаған;  олар  ат 
үстінде  де,  жаяу  жүрсе  де,  өте  мықты  мергендер  болды.  Осы  халық  алтын, 
күміс  немесе  басқа  да  монеталарды  пайдаланбайды,  егер  оларға  киім  және 
басқа да заттар қажет болса, оларды малға айырбастап алады», - деген.  
Қазақ халқының қонақжайлығы жайында Дженкинсон былай дейді: «мені 
жылы  қарсы  алып,  етпен  және  бие  қымызымен  қонақ  етті.  Олар  нанды 
қолданбайды, бірақ судан да басқа ерекше сусындары мол».  
1571  жылы  Базелада  Мәскеу  патшасы  жанындағы  Қасиетті  Рим 
империясының  өкілі  Герберштейннің  қазақтар  жайында  жазылған  кітабы 

 
112 
басылып шықты. Ол қазақтардың тамақтануы жайында былай дейді: «Ең басты 
дәмді тағам – жылқының қымызы. Олардың ойынша, қымыз адамды күшті әрі 
толық  қылады.  Олар  тамақтарында,  әсіресе  Танаисте  өсетін  шөптерді  көбірек 
қолданады. Ал тұз халық арасында аз таралған».  
Ресейлік  шығыстанушы  П.С.  Савельев  нақты  көрсеткендей,  «Ұлы  Петр 
кезеңіне  дейін  мұрағатта  Орта  Азияға  қатысты  барлық  географиялық  және 
этнографиялық  деректердің  бай  қоры  болды.  Ол  Делий  теңізінің  шығыс 
жағалауынан  бастап  Қытай  жағалауына  дейінгі  аралықты  қамтыды;  алайда 
біздің  ғылыми  қызметіміздің  алғашқы  кезеңінде  мұндай  деректерді  тек 
мемлекет пен кейбір шетелдік резиденттер ғана пайдалана алды, олар Сібір мен 
шығыс  елдері  жайындағы  өз  дәлелдерін  құрғақ  әңгімелерден  емес,  керісінше 
жазба деректерден нақты жинақтай алды», - деді. 
XVII  ғасырдағы  қазақтардың  тарихы,  шаруашылығы  мен  тұрмысын 
зерттеуге  өз  еңбегін  арнаған  алғашқы  батыс  ғалымдарының  бірі  атақты 
саяхатшы  әрі  зерттеуші,  венгрлік  профессор  Герман  Вамберидің  «Түрік 
халықтары»  атты  тақырыппен  жазылған  шығармасы  Лейпцигте  басылып 
шықты.  Қазақ  даласын  зерттеген  ғалым  қазақтардың  өмір  сүру  аймағы  мен 
олардың  саны  туралы  деректерді  қарастырады:  «Қазақтар-қырғыздар  Оралдан 
Алтайға  және  оңтүстік  Сібірден  Оксусқа  дейінгі  аралықта  үлкен,  орта  және 
кіші  ордаларға  бөлініп  көшіп  жүреді.  Қытай  бодандығынан  бөлек 
қырғыздардың  жалпы  саны  2,5  миллионды  құрайды».  Қазақтардың 
шаруашылық  құрылымы  туралы  жазған  Вамбери  шаруашылықтың  көшпелі 
түрінің  кең  таралғанын  айтады:  «Орта  Азиялық  түріктердің  басым  бөлігі  – 
көшпенділер; олар көктемнің келуін қуанышпен қарсы алады. Көктеммен бірге 
оларда  еркіндік  басталады.  Орал-Алтай  тауларында  жердің  бәрі  шаттыққа 
бөленеді.  Мамыр  айы  келгенде  жастар  жылқылар  мен  түйелердің  бір  топ 
отарымен  даланың    алыс    жерлеріне  көшіп  кетеді.  Қойларды  өріске  айдайды. 
Ал  қыздар  мен  әйелдер  киіз  үйлер  құрастырады.  Бір  жайылым  мен  құдықтан 
екіншісіне қарай көшу үрдісі үздіксіз бірнеше айлар бойы жалғасады. Табиғат 
берген сыйға байланысты қолайлы жерлерді, ойпатты, қыратты және қарлы тау 
шыңдарын жайлайды. Ал жаз мезгілі келгенде ерлер қауымы тонаушылық пен 
өш  алу  үшін  жорыққа  аттанады.  Қырғыздардың  осыған  ұқсас  ерліктері  сирек 
кездеседі; түркмендер арасында бұған қатысты ешқандай өзгерістер орын алған 
жоқ. 
Қысқы  тұрағын  таңдау  кезінде  көшпенділер  жайылымы  жақсы  жерлерді 
табуға  тырысады.  Байлардың  киіз  үйі  екі  қабатты  кілемнен  жасалады;  ал 
жарлылардың  үйі  дауылға  қарсы  тұра  алатындай  етіп  қамыспен  қапталады, 
қысқы тіршілік қанағат етерлік жағдайда болады, жұмыс та, сауық-сайран да өз 
орнында.  Дегенмен,  қыс  мезгілі  көшпенді  халыққа  едәуір  мөлшерде  зиян 
келтіруі  мүмкін.  Мұндай  зиян  малдарға  азық  қорының  жетіспеушілігіне 
байланысты  болады;  аязға,  жел  мен  боранға  қарамастан  жоғары  көтеріліп, 
шаруаға қолайлы жер іздеуге тура келеді. Терісі жарамды аңдарды аулау үшін 
тұзақтан  басқа  қолға  үйретілген  жыртқыш  құстарды  жиі  пайдаланады. 
Олардағы  мылтық  пен  түтінсіз  дәрінің  нашарлығы  соншалықты,  оларды  жеке 
қолдана алмайды.        

 
113 
Көшпенділер  үшін  үй  қызметін  атқаратын  киіз  үй  құрылымында  өзіндік 
даму  байқалады;  биіктігі  он  бес  фут  болатын  киіз  үйдің  жалпақтығы  отыз 
футты  құрайды.  Оның  ішінде  еркін  қозғалуға  болады,  ол  жазда  ерекше 
салқындық  берсе,  ал  қыс  мезгілінде  жанға  жайлы  жылылық  сыйлайды.  Киіз 
үйдің  ортасында,  яғни  құрметті  орында  ошақ  орналасады.  Ежелгі  заманнан 
бастап  киіз  үйдегі  барлық  заттардың  өзіндік  орны  мен  ерекшеліктері 
қалыптасқан.  Киіз  үйге  күндіз  40  адам  сыйса,  ал  түнде  жиырма  адамның 
түнеуіне мүмкіндік болады. Бір бөлігі асылған, екінші бөлігі жерде орналасқан 
киіз  үйдің  қабырғаларына  әр  түрлі  үй  аспаптары  ілінеді.  Үйдің  ыбырсуы  мен 
тазалықтың  болмауы  сияқты  келеңсіз  жайттар  түрік  киіз  үйлерінде  болған 
емес». 
Вамбери  қазақтардың  мәдениеті  мен  наным-сеніміндегі  салт-дәстүрлерге 
және өзара сабақтастыққа ерекше тоқталып кетеді. Сонымен, оның айтуынша: 
«Туылған кезде, үйлену тойы мен жаназа кезіндегі әдет-ғұрыптар ежелден бері 
өзгеріссіз  жалғасып  келеді.  Сыртқы  келбеті  жағынан  қырғыздар  исламға 
берілгенімен,  бірақ  оларда  шамандық  сенім  толығымен  сақталған.  Ислам 
қырғыздардың әдет-ғұрыптарына ешқандай әсер етпеген».  
Соңында  Вамбери  көшпенді  қазақтардың  ақыл-ой,  адамгершілік  және 
мәдени дамуы жөнінде қорытындыға келеді: «Олар мінезі жағынан табиғаттың 
бұзылмаған  балалары;  дегенмен,  адамгершілік  пен  ақыл-ойының  дамуы 
жағынан  басқа  барлық  Орта  Азиялық  түріктерді  басып  озады.  Қазақтардың 
есте сақтау қабілеті де керемет; олардың ақыл-ой жүйріктігін халық поэзиясы 
саласында  тереңінен  байқауға  болады.  Халық  мақалдары  ұрпақтан-ұрпаққа 
ауызша  жеткізіліп  отырылды;  «кітаптық  өлеңдер»  сауатты  қырғыздардың 
шығармашылығындағы басты негіз болып табылады; олардың әрбір туындысы 
өзіндік артықшылықтармен ерекшеленеді», - деп атап өткен.  
1730  жылдардың  басында  Кіші  жүз  қазақтарының  орыс  бодандығына 
өтуіне  байланысты  ресейліктер  қазақтардың  экономикасы  мен  мәдениетін 
белсенді  әрі  жүйелі  түрде  ғылыми  зерттеуді  қолға  ала  бастады,  1734  жылдың 
өзінде Сенаттың обер-хатшысы И.И. Кирилов патша үкіметіне «Қырғыз-қайсақ 
және  қара-қалпақ ордалары жайындағы түсінік» деп аталатын қызметтік жазба 
тапсырды.  Бұл  жазбада  қазақ  жерлерін  игеру  және  Орталық  Азиядағы 
хандықтармен  тығыз  сауда  байланыстарын  реттеудің  жолдарын  жеткілікті 
дәрежеде жан-жақты баяндаған жоспар келтірілген. Оның ойынша, ордалықтар 
өзара  татулық  пен  келісімде  өмір  сүрген  кезеңге  дейін  атақты  провинциялар 
мен қалаларды өз иеліктерінде ұстады: Түркістан, Сайрам, Ташкент». 
И.И.  Кириловтың  жобасы  бойынша  «Атақты  экспедиция»  құрылды.  Ол 
«Орынбор 
экспедициясы» 
деген 
атаумен 
көпшілікке 
таныс. 
Осы 
экспедицияның  жетекшісіне  айналған  Кирилов  көп  жағдайда  қазақ  жерлерін 
зерттеуге  үлкен  үлес  қосты.«Петрден  кейінгі  Империя  жазбалары»  атты 
еңбекте  Кирилов  қазақ  жерінің  қойнауындағы  байлыққа  тоқтала  отырып, 
Ресейдің    Қазақстанмен  экономикалық  қатынасындағы    мақсаттарды  жан-
жақты  талдайды.  Онда былай дейді:  «1745  жылы  мен  губернияға  бағытталған 
экспедицияға  атау  ұсындым  және  оған  қосымша  Казань,  Уфа  және  Сібірлік 
Исек  провинцияларын  атадым.  Менің  ұмтылысыммен  минералдарға  бай  жер 

 
114 
қойнауларын зерттеу ісі қолға алынды; өз еркімен келгендер әр түрлі зауыттар 
сала  бастады,  ондағы  табыс  жалпы  және  жеке  зауытшылар  табысы  деп  екіге 
бөлінді. Менің осыларды не үшін сипаттап отырғаным баршаға мәлім». Белгілі 
болғандай,  Кирилов    патшаханым  қол    қойған    кең  ауқымды  қырық  бір 
пункттен  тұратын  нұсқаулықты  қабылдады.  Ол  бойынша  Кириловқа  пайдалы 
қазбаларды,  кен  орындары  мен  минералдарды  барлауға  және  зауыттар  салуға 
қатысты  ерекше  міндеттер  жүктелінді.  Экспедиция  басшысы  қазақ  жерінде 
игерілген  территорияларға  «Жаңа  Ресей»  деген  атау  беріп,  оларды  келешекте 
еуропалық  державаларға  бәсекелес  етуге  ұмтылды:  «Ұлы  мәртебеліміздің 
ұсынысымен  талап  етілген  құдайлық  кәсіп  ретіндегі  Жаңа  Ресеймен 
құттықтағым  келеді;  жер  қойнауындағы  атақты  металдар  мен  минералдар 
еуропалық державалардан  кем түспейді деп сенемін», - деп атап көрсетті.  
Қазақтардың 
шаруашылығы 
мен 
тұрмысы 
жайындағы 
зерттеу 
жұмыстарына  көптеген  жылдар  бойы  Орынбор  экспедициясында  қызмет 
атқарған  П.И.  Рычков  (1712-1777  жж.)  та  ерен  үлес  қосты.  Ол  «Орынборлық 
топография»  атты  екі  томдық  монография  жазды.  Рычков  өз  еңбегінде 
отырықшы  өмірдің  артықшылығы  мен  оны  қалыптастыруды  насихаттау 
жайында  ой  қозғайды.  Ол  көшпенді  халықтарды  отырықшы  өмірге  тартудың 
қажеттілігін  баса  көрсетеді.  Оларды  «алғашында  пішен  жинауға,  кейіннен 
астық өсіруге үйретуге» болады.    
Қазақтардың  көшпенді  шаруашылығының  ерекшеліктерін  революцияға 
дейінгі бірқатар зерттеушілер толығымен қарастырды. Мал шаруашылығының 
жайылымдық-көшпелі  жүйесі  мал  жыл  бойы  жайылымда  болатындай  етіп 
жасалынды.  Жыл  мезгілдеріне  байланысты  қазақтар  жазда  жайлауға,  күзде 
күзеуге, ал қыста қыстауға көшіп жүрді. Олардың ара қашықтықтары біршама 
алыс  болатын.  Қазақтар  күзде  малдарын  оңтүстікке  қарай  айдаса,  ал  көктем 
мезгілі  басталысымен  жаздық  жайылымдары  мол  солтүстік  аудандарға  қарай 
көшіп  отырды.  Кіші  жүз  бен  Орта  жүз  арасындағы  қашықтық  700-800 
шақырымға дейін жетті. Ал Ұлы жүздің жайылымдық жерлері негізінен Жетісу 
аймағына тиесілі болды. Малдың жай-күйіне байланысты көктемде және күзде 
жүзеге  асырылатын  көшу  үрдісі  әр  түрлі  деңгейде  болды.  П.  Маковецкийдің 
жазуынша,  «Көктем  мен  күзде  көшудің  айырмашылығы  мынада:  көктемдегі 
көшу күзге қарағанда қысқа болады, ауылдар қыстан шыққан малдар өздеріне 
келмей жатып жайлауға көше бастайды». Көшу аралығы жайылымның күйі мен 
малдың  санына  байланысты  анықталды.  Түйелері,  бақташылары  мен  терең 
құдықтары  бар  бақуат  мал  өсірушілер  ұзақ  ара  қашықтықтарға  көше  алатын. 
Левшиннің  мәлімдеуінше,  кейбір  бақуат  мал  иеленушілер  өз  үйірінде  500 
немесе одан да көп түйе ұстайтын. Жайлау есебінде сауын сиырларға арналған 
суаты  бар  жайылымдар  таңдалатын.  Олар  ең  алдымен  қазіргі  Қазақстан 
территориясының  солтүстік  және  батыс  аудандарында  орналасты.  Сондықтан 
көшу  үрдісі  меридиандық  бағытта  жүзеге  асырылды.  Жайлы  қыстау  ретінде 
қоректік  шөбі  мол  жерлер  қажет  болды.  Қыста  тұрақтау  мақсатында  күз 
мезгілінен бастап дайындық жасалды. Ол үшін солтүстік-шығыс және оңтүстік-
батыс желдері үздіксіз соғатын, сондай-ақ малдар өз бетімен қар астынан қорек 
іздеп  жей  алатындай  қолайлы  жерлер  таңдалды.  Оған  қыстағы  бораннан 

 
115 
қамыстар  мен  құм  бархандары  арқылы  қорғалған  жайылымдар  кіреді.  Биік 
қамыстарды бұдан басқа отын ретінде де пайдаланатын. «Күздің соңында, - деп 
жазады  Завалишин,  -  ауыл  адамдар  үлкен  ауылдарға  жиналып,  өздерінің 
қоныстануына қолайлы қалың қамыстар, тау шатқалдары мен малдарды қысқы 
сұрапыл бораннан қорғауға болатын жерлерді таңдады». 
Бақуат мал өсірушілердің қысқы тұрағындағы баспана ретінде ағаш үйлер 
қолданылса,  ал  кедейлер  жер  үйлерде,  қамыс  және  қураймен  қапталған  киіз 
үйлерде қыстап шықты. Малшылар үшін баспана есебінде кіші көлемдегі киіз 
үйлер  қолданылды.  Кейбір  аудандарда  малдар  үшін  желіден  сарайлар 
тұрғызылды.  «Мұндай  сарайлар  тек  аз  мөлшердегі  малдарға  ғана  негізделген. 
Бақуат  мал  өсірушілер  өздерінің  көп  санды  отар-отар  малдарын  бораннан 
қорғау үшін орманға, кейде қалың өскен қамыстар мен төбелердің арасындағы 
панаға  айдайтын.  Егер  боран  ашық  жайылымдағы  малдарға  зиянын  тигізсе, 
киізден  ұзын  жапқыш  жасалынып,  бір  қатар  етіп  тартылады.  Оның  жел 
өтпейтін ық жағына малдарды айдайды». Аяз кезінде әсіресе түйелерді қорғау 
біршама қиындық туғызады.  
Қыс мезгілінде жайылымдағы малдың құрамы былайша сипатталады: жұқа 
қар  қабатымен  жабылған  жайылымға  алдымен  жылқылар  жіберіледі.  Олар 
тұяғымен  қардың  бетін    ашып,  шөптің  басымен  қоректенеді.  Сол  жерге 
жылқылардан кейін шөптің ортаңғы бөлігімен қоректенетін ірі қара малдар мен 
түйелер жайылады. Соңынан жіберілген қойлар қалған шөпті қорек етеді. Егер 
қойдың саны аз болған жағдайда, малшылардың өзі қардың бетін ашып, шөпті 
жинауға  көмектеседі.  Малға  қорек  ретінде  сексеуілдің  тікендері  де  жарамды 
болып  келеді.  «Өзінен-өзі  белгілі  болғандай,  -  дейді  Левшин,  -  осындай 
құнарсыз  қоректен  малдар  семірмейді,  дегенмен,  осы  қорек  жануарлардың 
өмірін сақтап қалады».  
Жайылымдағы  малдың  қысқы  құрамы  туралы  А.  Добромыслов  өзінің 
«Торғай  облысындағы  мал  шаруашылығы»  мен  «Жылқы  өсіру  және  оның 
Торғай  облысындағы  қырғыз  халқы  үшін  маңызы»  атты  жұмыстарында 
толығымен қарастырады. Оның мәліметтеріне сүйенетін болсақ, жайылымдағы 
мал жұт кезінде қиын жағдайға түседі. Мұзды тұяғымен жарып тастай алмаған 
жағдайда  жылқылар  мен  басқа  да  жануарлар  қорексіз  қалады.  Бұл  жағдай 
малдың  жаппай  қырылуына  алып  келеді.  Қорек  табуды  оңайлату  үшін 
малшылар  мұз  қабығын  балтамен  жарып,  сол  жерге  жылқыларды  жібереді. 
Олардың соңынан ұсақ малдар жайылады. Даладағы борасыннан кейін қардың 
терең қабатын ашып, малдар үшін қорек табуға қолайлы жағдай жасау керек.  
Көктем мезгілінің басы қысқы тұрақтың қиын жағдайынан босанған кезең 
ретінде  нағыз  мерекеге  айналады.  Онда  көл-көсір  тағаммен  қонақ  күтеді. 
Шабандоздық,  ойын-сауық  пен  ән-думан  басталады.  Завалишиннің  жазуына 
қарағанда,  «кейде  бір  жаз  мезгілінде  ауыл  осындай  үздіксіз  мерекенің 
ырғағымен ара қашықтығы 1000 шақырымнан асатын бір жерден екінші жерге 
жылжып  отырған».  Бірақ  көктемгі  қоныс  аудару  біршама  қиындық  туғызады: 
шөлді жерлермен өткен кезде құрғақшылық, құрғақ ыстық жел соғатын жазғы 
аптап  пен  құмдағы  борандар  кейде  жануарлар  арасында  әр  түрлі  аурулардың 
пайда болуына алып келеді. Осындай қиындықтардың алдын алу үшін аралары 

 
116 
жақын  жайылымдар  мен  құдықтардың    болғаны  дұрыс.  «Жақсы  құдықтар,  - 
Левшиннің сөзі бойынша, - ең ұзақ жолдардың бағытын анықтайды». 
Қазақтардың  негізгі  байлығын  қойлар  мен  жылқылар  құрайды.  Әсіресе 
жылқылардың  шыдамды  тұқымдары  өсірілді.  Қойлар  көктем  кезіндегі  қардан 
жалаңаштанып қалған тұзды шөптермен де қоректене береді. Қой отарларында 
серке  ешкілер  болды.  Негізінен  ешкілерді  далалы  жерлердің  оңтүстік 
аудандарында  өсірді.  Қазақ  шаруашылығында  жылқылар  жоғары  бағаланды. 
Жақсы аттың қазақ үшін қымбат екенін мына мақалдан байқауға болады: «Егер 
атың  жаман  болса  –  көңілің  қалады,  егер  ұлың  жаман  болса  –  күшің  кетеді». 
Қазақ  даласының  жылқылары  өзінің  жүйріктігімен,  мықтылығымен  және 
барынша  төзімділігімен  ерекшеленеді.  Жылқылар  бетеге  қалың  өскен 
жайылымдары  мол  далалы  жерлердің  солтүстік  бөлігінде  көп  өсірілді.  Бұл 
жайында  Н.  Рычков  былай  деп  мәлімет  береді:  «Осы  Орданың  (Орта)  Кіші 
Ордаға  қарағанда  халқы  көп  және  бай,  әсіресе  жылқылары  мол.  Жылқылары 
Кіші  Орданікімен  салыстырғанда  үлкен  және  мықты  болып  келеді».  Бұған 
керісінше Кіші жүздің шаруашылығында қойлар басым болды.  
Қазақтардың мал шаруашылығында әсіресе түйелер өте қажет болды. Олар 
өзінің ұзақ уақыт бойы қорек пен сусыз жүре алуына байланысты көшіп-қону 
кезінде көптеген қиындықтарға төзімді болып келеді. Ең көп тараған түрлері – 
қатты  қыста  айрықша  төзімділігімен  ерекшеленетін  қос  өркешті  түйелер. 
Түйені  өсіруге  ең  қолайлы  жағдайлар  далалық  жерлердің  оңтүстік 
аудандарында,  нақты  айтқанда  Каспий  мен  Арал  теңіздері  аралығындағы 
Үстіртте қалыптасқан. «Әсіресе ең көп түйе өсіретін жер Үлкен Ордада, жалпы 
шөлді  оңтүстік  алқаптарда  болды.  Мұндағы  климат  түйе  өсіру  үшін  өте 
қолайлы,  -  деп  жазады  Левшин».  Түнейтін  жерге  тоқтаған  кезде  көбінесе 
түйелер  қой  отарларындағы  күзетші  ретінде  болатын.  Броневскийдің  айтуы 
бойынша,  суық  түндері  көп  мөлшердегі  қойларды  киіз  үйлерге  кіргізіп,  бір-
біріне  жақын  етіп  жинады.  Түйелерді  қойлар  қашып  кетпеуі  үшін  олардың 
айналасына  орналастырды.  Ал  ірі  қара  малдар  аз  мөлшерде  өсірілді.  Левшин 
«Ірі  қара  малды  Орта  Орданың  кейбір  бақуат  рулары  бағады,  дегенмен 
қырғыздарда ірі қара аз болды» дейді.  
«Қырғыздардың арасында, - деп жазады Н. Рычков, - малы өте көп адамдар 
болды, бір отбасы 20 мың жылқы мен осынша қойға ие болды». Осылайша, мал 
шаруашылығы  қазақтарға  тамақ,  киім  және  үй  жабдықтары  үшін  қажетті 
шикізат  көзіне  айналды.  Үй  өндірісі  сипатындағы  әр  түрлі  кәсіптер  мал 
шаруашылығымен  тығыз  байланысты  болып  келеді.  Оған  былғары  өндірісі, 
жүн мен аттың қылын өңдеу кәсіптері жатады. Былғары өндірісі, жүннен түрлі 
бұйым  басатын  өндіріс  пен  тоқымашылық  қазақ  қолөнер  кәсібінде  маңызды 
орынға ие болды. Сонымен қатар ағаш өңдеу кәсібіне де ерекше ден қойылды: 
ағаш  өңдеу  жұмысы  мен  ағаштан  ойып,  қашап,  бояп  жасалған  ою-өрнек. 
Ағаштан  киіз  үйге  қажетті  шарбақтар  (кереге),  ойып  өрнек  жасалған  есіктер, 
киімге  арналған  сандықтар,  жастыққа  арналған  ағаш  қондырғылар,  ыдыстар 
мен ер тоқым, т.б. жасалынды.  
Металл  өңдеу  нашар  дамыды.  Соның  ішінде  ұсталық  кәсіп  кенже  қалды. 
Ұсталар  қарудың  тек  кейбір  түрлерін  (қанжарлар,  ұзын  пышақтар  немесе 

 
117 
«жартылай қылыштар» (селебе немесе джекауз), айбалта, садақ, ат әбзелдерінің 
металдық  бөліктері,  жер  игеруге  қажетті  арзан  қол  құрал-саймандар)  ғана 
жасап  шығарды.  Тевкелевтің  бақылауынша,  қазақтар  «мылтықты  өздері 
жасамайды,  оларды  Хиуа  мен  Бұхарадан  алады.  Орнына  қой  немесе  жылқы 
береді».  А.Н.  Рычков  «Ташкентте  білте  мылтықтар  сатылғаны  жайында» 
деректер келтіреді.  
Уәлиханов  қазақ  даласында  мылтықтар  сирек  кездесті,  олар  белгілі  бір 
атқа ие болып, бір рудан екінші руға ауысып отырды деп көрсетеді.  
Ежелден  егін  шаруашылығы  Жетісуда,  Балхаш  көлі  мен  Іле  өзенінің 
айналасында,  Ангрен  ауданы,  Шыршық,  Арыс  және  Қара-Торғай  өзенінің 
бойында  қалыптасты.  Қара-Торғай  өзенінің  аймағын  кесіп  өткен  Н.  Рычков 
қара  топырақты  егістікте  айдалған  жерлердің  ізін  бақылауға  мүмкіндік  алды. 
Егістік  жерлерді  Қара-Торғайдан  бастау  алып,  Қара  Тау  аңғары,  Атбасар 
даласы мен Зайсан көлі алқабы арқылы өтетін арықтармен суарды.  
Орынбор 
комиссиясының 
нұсқаулығына 
сәйкес 
орыс-қазақ 
байланыстарын  нығайту  мақсатында  1741  жылы  тамызда  поручик  Гладышев 
қазақ  даласына  аттанды.  Оның  жанында  іскер  әрі  жігерлі  ағылшындық  көпес 
Роман  (Реональд)  Гок  болды.  Оның  деректері  орыс  әкімшілігіне  орасан  зор 
пайдасын  тигізді.  Гоктың  мынадай  хабарламасы  ерекше  назарды  талап  етеді: 
«Ембі ауданында қара мұнайдың кен орны бар. Нақты айтқанда, оны Ембіден 
Каспий  теңізіне  дейін,  сол  жақтан  Астраханьға  қарай  тасымалдауға  болады». 
Соған  байланысты  XVIII  ғасырдың  ортасында  ресей  үкіметі  қазақ  даласында 
мұнай қорының бар екені жөніндегі сенімді дәлелдерге қол жеткізді. 
Қазақ  халқының  тарихын  зерттеуге  әскери  инженер  И.Г.  Андреев  (1743-
1801жж.)  үлкен  үлес  қосты.  Өз  кезеңінде  Э.А.  Масанов  атап  кеткендей, 
Андреев  «қазақ халқының өмірі  мен  тілін  мүлтіксіз  зерттеп,  қазақ  ауылдарын 
жиі  аралайтын.  Сондай-ақ,  ол  қарттармен  және  атақты  адамдармен 
сұқбаттасып, Қазақ даласында, Жоңғария мен Орта Азияда болған көпестердің, 
шенеуніктер мен саяхатшылардың әңгімелерін жазып алып отырды». 
И.Г.  Андреевтің  басты  еңбегі  «Қырғыз-қайсақтарға  тиесілі,  сондай-ақ 
Ресеймен,  Колыван  және  Тобыл  губернияларының  бекіністерімен  шекаралас 
жатқан  қырғыз-қайсақтардың  Орта  Ордасын  толықтырулар  арқылы  сипаттау» 
деп аталады. И.Г. Андреев өз еңбегінде қазақ халқының дәстүрі мен тұрмысына 
кеңінен  тоқталып,  XVIII  ғасырдағы  көшіп-қону  орындарын  кезеңімен  атап 
шығады.  Сонымен  қатар,  киіз  үй  және  мал  саны  жайында  маңызды 
статистикалық  деректер  мен  сұлтандардың  тізімін  келтіреді.  Осы  еңбекте 
оларды  Ресейге  қосу  мақсатында  «беделді  кісілерге»  арналған  ағаш  үйлердің 
қыстаудағы құрылысы жайында айтылады.  
1795  жылы  И.Г.  Андреев  Омбы  бекінісі  аймағындағы  егін 
шаруашылығының  жай-күйін  зерттей  отырып,  диқаншылық  туралы 
публицистикалық  очерк  («Диқаншылық  жайында  ой  толғау»)  жазды.  Осы 
очеркте  ол  егіншілікке  деген  қазақтардың  біршама  қабілеттілігі  жөнінде 
айтады.  Осы  бағытта  жазылған  Г.И.  Спасскийдің  «Үлкен,  Орта  және  Кіші 
Орданың  қырғыз-қайсақтары»  атты  еңбегінде  қазақтардың  еңбекқорлығы 
ерекше атап өтілген: «Диқаншылық саласындағы жетістіктер жөнінен Сібірдегі 

 
118 
көшпенді  халықтың  ешқайсысы  қырғыздармен  бәсекеге  түсе  алмайды. 
Олардың еңбекқорлығы құрғақ шөлді жерді құнарлы жерге айналдырады. Олар 
егістік  үшін  өзен  бойындағы  кең  ауқымды  жерлерді  таңдайды.  Жаңбыр 
жетіспеген  кезде  жерді  қазып,  егістікті  өзен  суымен  суландырады».  Өкінішке 
орай, осы уақытқа дейін «қазақтар егін шаруашылығы саласында артта қалған» 
деген  жаңсақ  пікір  кеңестік  тарихшылардың  да,  қазіргі  заманғы  ресейлік 
зерттеушілердің де еңбектерінде басым болып отыр. 
XVIII  ғасырдың  басында  қазақтардың  тарихына,  экономикасы  мен 
мәдениетіне  деген  қызығушылық  шетелдік  зерттеушілер  тарапынан  да  арта 
түсті.  Генерал,  князь  А.  Бекович-Черкасскийдің  атақты  қасіретті  Хиуа 
жорығына  қаншама  бұрынғы  әскери  тұтқындағы  шведтер,  соның  ішінде  – 
әдебиетте  Страленберг  деген  лақап  атпен  белгілі  болған  офицер  Табберг 
қатысты. Ол отанына оралған соң қазақтардың тұрмысын сипаттайтын «Еуропа 
мен  Азияның  солтүстік  және  шығыс  бөліктері»  деген  кітап  шығарды. 
Шынында,  көптеген  зерттеушілер,  жекелей  айтқанда  В.Н.  Татищев 
Страленберг  еңбектеріндегі  ғылыми  құндылықтарды  жоғары  бағалаған  жоқ. 
Татищевтің  айтуынша,  «Страленберг  көптеген  жылдар  бойы  Русьте  болып, 
татарлармен  жиі  араласып  тұрды,  бірақ  орыс  және  татар  сөздерін  қате 
жазатын», - дейді.  
1717  жылы  орталық  азиялық  аймаққа  италяндық  Флорио  Беневени 
жіберілді.  Оның  деректерінің  арасында  қызықты  мәліметтер  жиі  кездеседі, 
мысалы «Сырдария өзенінің бойынан... алтын табуға болады». 
1720-1727  жылдары  Қазақстанның  солтүстік  бөліктеріне  саяхат  жасаған 
Даниил-Готлиб  Мессершмидт  Қазақстанның  географиясы,  тарихы,  мәдениеті 
мен  этнографиясы  жайында  қызықты  деректер  қалдырды.  Материалдардың 
арасында  Каспий  пен  Ертіс  маңы  өлкесінің  және  Түркістан  ауданының 
суреттері  мен  карталары  кездеседі.  Оның  жазбаларының  бір  бөлігі  XIX 
ғасырдың  60  жылдары  П.П.  Пекарскиймен  және  XIX  ғасырдың  80  жылдары              
В. Радловпен жарияланды.  
XVIII  ғасырдың  30  жылдары  Ресей  империясындағы  шығыс  этностарын 
зерттеумен  неміс  ғалымы  Г.Я.  Керр  белсенді  түрде  айналыса  бастады.  Оның 
ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудағы орны ерекше болды. Н.И. Веселовский 
ол туралы былай дейді: «Шығыстану саласында ғылыми қажеттілік жайында ең 
алғаш рет орыс қызметінде жүрген шетелдік сөз бастады». 
Атақты  зерттеуші  Герард  Фридрих  Миллер  1733-1743  жылдары  Сібірді 
қарастырып,  нәтижесінде  «Сібір  патшалығының  сипаттамасы»  деген  негізгі 
ғылыми  зерттеу  жұмысын  жазды  (СПб,  1750).  Г.Ф.  Миллер  өз  еңбегінде 
ресейлік  және  шетелдік  (еуропалық  және  азиялық)  деректердің  мол  қорын 
пайдаланды.  Оған  Әбілғазы  Бахадур-хан,  Марко  Поло,  Страленберг,  Витзен, 
Мартиний  және  Суснеттің,  т.б.  еңбектерін  жатқызуға  болады.  Зерттеушінің 
атап  көрсетуінше,  «көрші  азиялық  елдердің  тарихы  мен  олардың  жерлерінің 
жай-күйі  көптеген  жағдайды  анықтап  береді.  Солтүстіктегі  бізге  тиесілі 
бөліктерде  белгісіз  нәрселер  өте  көп.  Миллер  көптеген  шығармалардың 
кемшіліктерін  баса  айтады:  «Жеке  жерлер  туралы  жазылған  ежелгі 
географиялық және саяхат жазбаларында көптеген жалғандықтар кездеседі».  

 
119 
Швед зерттеушісі И.П. Фальк XVIII ғасырдың 60-70 жылдары Астрахань, 
Омбы,  Петропавл  және  Семейдегі  көптеген  қазақ  ауылдарында  болып, 
қызықты  этнографиялық  материалдар  жинады.  Оның  кейбіреулері  кейіннен 
«Қырғыз және Зюнгор даласы туралы хабар» деген мақаламен жарыққа шықты.  
Атақты неміс зерттеушісі П.С. Паллас 1769 жылы қазақ даласын аралады. 
Оның  «Ресей  империясының  әр  түрлі  провинцияларына  саяхат»  деген  еңбегі 
1809  жылы  Санкт-Петербургте  жарияланды.  Бұл  жұмыста  П.С.  Паллас 
көшпенді  қазақтардың  өмір  салты,  тұрмысы,  мәдениеті,  дәстүрі  мен  әдет-
ғұрпы,  баспанасы,  киімі,  тамағы  және  сенім-нанымын  сипаттап  береді. 
Мысалы, ол қазақтардың өмір салтын былайша сипаттайды: «Әдеттегі далалық 
азиялық халықтарға қарағанда қырғыздар киіз үйлерде тұрады. Олардың үйлері 
қалмақтардікімен  салыстырғанда  әрі  үлкен,  әрі  таза  болады.  Олардың  киіз 
үйіне 20 шақты адам сияды».  
Үй  жануарларының  түріне  тоқталған  П.С.  Паллас  түйелер  мен 
жылқыларды  атап  кетеді.  Қазақтардың  түйе  бағуы  жайлы  автор  былай  дейді: 
«Қазақтарда  түйелер  әлдеқайда  аз  өсірілді.  Сондай-ақ,  сиырлар  да  көп 
болмайтын.  Себебі,  оларды  қыс  мезгілінде  далада  кәдімгі  қорексіз  жақсы 
жағдайда  ұстау  мүмкін  емес.  Негізінен  қос  өркешті  түйелер  бағады.  Бақуат 
қырғыздар  түйе  сауады,  оның  сүті  көкшіл,  қою  және  дәмі  жағымды  болады».  
Қазақтардың  жылқы  өсіруі  жөнінде  жазған  автор  «Қырғыз  жылқылары 
қалмақтардікіне ұқсас келеді, дегенмен олардың бойы биігірек» дейді.  
Зерттеушінің  айтуынша,  «қырғыздың  қойлары  өте  көп.  Олардың  бойы 
жаңа  туылған  бұзаудың  бойына  жетеді.  Сонымен  қатар  семіз  болып  келеді. 
Жылдың қолайлы мезгілінде кәрі қойдың салмағы төрт-бес пұт болады. Үлкен 
қойлардың құйрық майы 30-40 фунт аралығындағы салмақты құрайды. Құйрық 
майдан  20-30  фунт  май  алынады.  Осы  арқылы  олар  үндістердің  қойларынан 
ерекшеленеді».  
1771  жылы  қазақ  ауылдарына  Х.  Барданес  екі  рет  саяхат  жасады.  Оның 
қысқа  сипаттамалық  материалдары  тек  жарты  ғасырдан  кейін  ғана  жарыққа 
шықты. Х. Барданес өзінің естеліктерінде дәулетті қазақтың ұлттық мерекелік 
костюміне тоқталып кетеді: «қара атлас шалбар, жібек белбеуі бар ашық қызыл 
түсті шұғадан тігілген шекпен, басында алтын түстес әдемі қырғыз бөрік киіп, 
беліне  қылыш  асынып  жүреді».  Бұдан  басқа  ол  сұлтандардың  киіз  үйін  жан-
жақты  сипаттайды:  «Сұлтанның  киіз  үйі  үлкен,  аралары  шымылдық  арқылы 
бөлінген, үйдің ортасында сиыр еті мен жарма бар үлкен темір қазан отта тұр, 
айналасында кішкентай және жіңішке жәшіктер бар, онда киім мен тағы басқа 
заттары  бар  былғары  қапшықтар  жатыр.  Кіре  беріс  есікке  қарсы  қазанның 
артқы жағына парсы кілемі төселген. Оның үстінде аяғын айқастыра жастыққа 
сүйенген сұлтан жұбайымен бірге отыр». 
Атақты  неміс  зерттеушісі  И.Г.  Георги  1776  жылы  Қазақстанға  саяхат 
жасады.  Оның  «Ресей  құзырындағы  барлық  халықтарды  сипаттау»  деген 
жұмысы  сол  жылы  Санкт-Петербургте  жарыққа  шықты.  Онда  И.Г.  Георги 
көшпенді  қазақтардың  өмір  салты,  тұрмысы,  мәдениеті,  дәстүрі  мен  әдет-
ғұрпы,  баспанасы, киімі,  тамағы  және сенім-нанымына  сипаттама  береді.  Мал 
шаруашылығының  басты  орын  алатынына  тоқталған  автор  былай  дейді: 

 
120 
«Қырғыздардың негізгі  жұмысы  мал  өсіру  болып  табылады.  Олардың  табыны 
жылқылар,  түйелер,  ірі  қара  малдар  мен  қой-ешкілерден  құралады.  Олардан 
қырғыздар ет, сүт және қымыз алады».  
Көшпенді  қазақтардың  негізгі  баспанасы  өте  жақсы  сипатталған: 
«Олардың 
баспанасы 
жылжымалы 
киіз 
үйлерден 
тұрады. 
Олар 
башқұрттардікімен  салыстырғанда  үлкен  және  таза.  Беделді  және  ауқатты 
кісілер  киіз  үйлерін  ақ  киізбен  жабады,  сонымен  қатар  олардың  әйелдеріне, 
балаларына  және  азық-түлікке  арналған  жеке  үйлері  болады.  Ошақтың  орны 
киіз  үйдің  ортасында  орналасқан.  Оның  айналасында  киіздер  немесе  парсы 
кілемдері, кейде төсеніштер жатады. Киіз үйдің немесе күркенің іші бай алуан 
түрлі  жібек  заттармен  толтырылған.  Айналасында  сүт  өнімдеріне  арналған 
қапшықтар  мен  сандықтар  тұрады,  ал  қабырғаларына  қару-жарақтар,  аттың 
жоғары әбзелдері мен киім-кешектер ілінеді». 
Зерттеушінің  атап  кетуінше,  «Қайғысыз  қарапайым  өмір  сүріп,    ашық 
далалы  жердің  таза  ауасында  өскен  олар  ауруға  шалдықпайды,  көпшілігі 
қартайған кезінде де мықты болады». 
Қазақтардың жерлеу дәстүріне тоқталған автор былай дейді: «олар моланы 
терең  қазбайды,  оған  қарама-қарсы  тас  үйінділерін  тастайды.  Егер  ер  кісі 
қайтыс болса, оның ең жақсы киімін қиындыларға бөліп, естелік ретінде жақын 
адамдарына  таратып  береді.  Басқалар  оның  киіз  үйіне  азырақ  белгі  тастап, 
моласына жебе қадайды». 
1774  жылы  неміс  зерттеушісі  Иоганн-Эбергард  Фишердің  «Ресейлік 
қарумен  жаулап  алынған  Сібір  жерлерінің  ашылуынан  кейінгі  Сібір  тарихы» 
деген  кітабы  орыс  тіліне  аударылып  жарыққа  шықты.  Осы  кітапта  қазақтар 
жайында  көбінесе  бір  жақты,  толығымен  шындыққа  жанаспайтын  бірқатар 
қызықты  деректер  кездеседі.  Бәлкім,  Фишердің  жалғыз  шынайы  бақылауы 
мынада  болар:  Оңтүстік  Сібірдегі  түріктер  (пұтқа  табынушы-шамандар) 
өздерінің  салт-дәстүрі  мен  мәдениеті  жағынан  Орта  Азияның  мұсылман 
түріктерінен («ислам дініндегі қырғыздар») ерекшеленеді.  
«Қазақстан халқы Ресеймен салыстырғанда экономикалық қатынастардың 
дамуынан  орасан  зор  пайда  тапты»  деген  ой  революцияға  дейінгі  орыс 
тарихнамасында белсенді жүргізілді. Революцияға дейінгі тарихнаманы талдау 
ойша мынадай қорытындыға әкеледі: Ресей империясы әуел бастан кең байтақ 
қазақ жерін отарлап алуды өз алдына мақсат етіп қойды. Орыс тарихнамасында 
қазақтардың Ресей бодандығына өту үрдісі номиналды сипатқа ие болды. Ресей 
мемлекетінің  мақсаты  қазақтар  мекендеген  территорияны  Орта  Азия  және 
Қытай нарықтарымен транзиттік сауда байланыстарын орнату үшін пайдалану 
және  қазақ  жерінің  табиғи  байлығын  игеру  болып  табылады.  Сондықтан 
номиналды бодандықты іс жүзіне асырудың қажеттігі туындады. 
М.И.  Венюковтың  «Орта  Азиядағы  Ресейдің  басып  алу  қозғалысы»  атты 
жұмысында  былай  делінген:  «біздің  ғасырдың  жиырмасыншы  жылдарына 
дейін  орыстар  Орал  мен  Ертіс  аймақтарын  мүлдем  мекендеген  жоқ.  Осыған 
қарамастан  1732  жылдан  басталған  қырғыздардың  Ресейге  тәуелділігі  тікелей 
сипатта  болды.  Осылайша,  қазақ  даласындағы  отарлау  қозғалысы  маңызды 
нәтижелерге қол жеткізе бастады».  

 
121 
И.Ф.  Бабков  өзінің  «Қырғыз  даласының  солтүстік-шығыс  бөлігінде 
орыстардың  қоныстану  құрылымына  қатысты  көзқарас»  мақаласында  былай 
деп  жазады:  «Қырғыз  даласының  солтүстік-шығыс  аймағында  орыс 
иеліктерінің кеңеюі біздің биліктің осы өлкеде барынша нығаюына алып келді. 
Ол  үшін  осында  орыс  халқын  қоныстандырып,  жергілікті  көшпенділердің 
материалдық  жағдайын  жақсартудың  қажеттілігі  туындады.  Автор  еркін  және 
әскери  отарлау  саясатының  тиімділігін  талқылай  отырып,  осы  мақсатқа  қол 
жеткізудің көрінісі ретінде шекаралық аймақтарды жаулап алу үрдісін атайды. 
Қазақ  даласындағы  қоныс  аудару  мәселесі  жасанды-мәжбүрлі  сипатқа  ие 
болды. 
Ф.  Лобысевич  мемлекеттік  және  ерекше  маңызды  іс  ретінде  отарлау 
мәселесіне  айрықша  көңіл  бөлді.  Мал  шаруашылығы  үшін  пайдаланылатын 
жерлердің  өлшемін  зерттеген  автор  патша  үкіметінің  егін  шаруашылығын 
отарлауға қатысты қажетті деректермен қамтамасыз етілмеуіне тоқталады.  
Осылайша,  бұрынғы  тарихнама  қазақ-орыс  экономикалық  қатынастары 
жайында,  ең  алдымен  отардағы  экономикалық  саясат  жайында  әңгіме  болуы 
мүмкін  емес  деген  қорытынды  жасауға  итермелейді.  Ресей  империясының 
барлық  саясаты  отарланған  жерлерден  пайда  табуға,  сондай-ақ  осы  арқылы 
қазақ  жеріне  қоныстанған  казактар  мен  шаруа  халықтың  мүддесін  қорғауға 
бағытталды.  Бұл  туралы  XX  ғасырдың  басында  Ә.  Бөкейханов  пен  басқа  да 
қазақ интеллигенттері айтып кетті. 
Патша  өкіметінің  отарлау  саясатын  зерттеген  Ә.  Бөкейханов  қоныс 
аударған  орыс  шаруаларының  тиімді  шаруашылық  жағдайын  бөліп  көрсетті. 
Осыдан әрбір шаруаға бөліп берілген жер телімі жайында білуге болады. Оның 
есептеуінше,  жүзеге  асыру  шарттарының  шектелуі,  алынған  жер  үшін  салық 
төлеу  қазақтардың  дамуына  біршама  кедергі  келтірді.  Ә.  Бөкейхановтың 
ойынша, отарлаушылар қазақ халқының рухани дүниесіне едәуір зиян тигізді. 
Зерттеуші  қазақтарды  православие  дініне  бағыттауға  қатысты  іс-шаралар 
жөнінде  көптеген  деректер  келтіреді.  Бұл  жағдай  патша  үкіметі  тарапынан 
мұсылман 
дінін 
ұстанушыларды 
қудалау 
туралы 
үрей 
туғызды. 
Алғашқылардың  бірі  болып  Ә.  Бөкейханов    Ресейдің  «өркениетті  миссиясын» 
сынға  алды.  Оның  ойынша,  «өлкелерді  жаулап  алушы  орыстар  мәдени 
жұмыстарды  атқаруы  мүмкін  емес,  себебі  олардың  бастапқы  міндеті  тек  баю 
ғана болатын. Алғашқы отарлаушылар мәдени рөлге дайындалмаған еді». 
Зерттелу  мазмұны  мен  тереңдігі  жағынан  ерекше  орынға  ие  болған               
Т.  Шонанұлының  «Жер  тағдыры  –  ел  тағдыры»  атты  жұмысы  1923  жылы 
жазылды.  Т.  Шонанұлының  ойынша,  Ресейге  тәуелді  болғаннан  кейін,  қазақ 
жерінің  тарихы  аяқталып,  отарлау  тарихы  басталады.  Автор  өзінің  еңбегінде 
патша  өкіметінің  отарлаудағы  жер  саясатын  жан-жақты  қарастырады.  Орыс 
шаруаларының  қоныс  аударуының  басты  себебі  Ресейдегі  жерсіздік 
мәселесімен  тығыз  байланысты.  Орыс  үкіметінің  қоныс  аударушыларға 
қазақтың ең шұрайлы жерлерін шектеусіз мөлшерде тегін үлестіруі жергілікті 
халықтың наразылығын тудырды. Үкіметтің мұндай саясаты Қазақстанға орыс 
халқының  жаппай  қоныс  аударуына  алып  келді.  Ресей  империясының 
экономикалық саясатының мақсаттары осындай болды.  

 
122 
Кеңес  кезеңі  зерттелу  мәселесіне барынша  түсіндірмелі публицистикалық 
сипатпен  қарайды.  Қазақ  КСР-ның  көп  томдық  тарихы,  Қазақстан  тарихы, 
Қазақ  КСР-ның  4-томдық  қысқаша  энциклопедиясы,  «XVIII-XIX  ғасырдағы 
қазақ-орыс  қатынастары»  жинағы,  қазақ  халқының  экономикалық  және  мал 
шаруашылығы саласындағы тіршілік әрекетінің аспектілерін толығымен ашып 
көрсетеді.  
Осы  кезеңде  қазақ  тарихының  аспектілеріне  арналған  монографиялық 
жұмыстар  пайда  бола  бастады.  Табиғи  тұйық  шаруашылық  пен  мал 
шаруашылығына  негізделген  қазақ  жүздерінің  экономикасын  қарастырған             
Н.Г.  Аполлова  мынадай  қорытындыға  келеді:  XVIII  ғасырдың  бірінші 
жартысындағы  қазақтардың  патриархалды  тұйық  шаруашылығы  өндіріс 
техникасының  артта  қалуына  ықпал  етті.  Осы  кезеңдегі,  әсіресе  жоңғар 
шапқыншылығынан  кейінгі  Қазақстан  экономикасы  құлдырап,  халықтың 
көтерілуі үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз ете алмады.  
Аполлованың  ойынша,  «феодалдық  билеуші  топтың  қолында  малдың 
жинақталуы  мен  биліктің  феодалдық  формалары  XVIII  ғасырдың  бірінші 
жартысында  қазақтарда  мал  шаруашылығын  дамытуға  кедергі  келтірді. 
Патриархалды  тұйық  шаруашылық  пен  өндірістік  күштердің  төменгі 
деңгейінде  тұрған  экстенсивті  шаруашылықтың  артта  қалған  формалары 
жинақтала бастады».  
XVIII  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  Қазақстанның  артта  қалған 
экономикасындағы  елеулі  өзгерістер  (Аполлованың  ойынша)  экономикалық 
және  мәдени  дамуы  жоғары  деңгейдегі  көрші  елдермен  тығыз  экономикалық 
байланыс  орнату  арқылы  сыртқы  саяси  қауіпсіздікті  қамтамасыз  еткен 
жағдайда  ғана  жүзеге  асуы  мүмкін.  Осындай  мемлекет,  Аполлованың 
пікірінше,  Ресей  болып  табылады.  Кеңестік  тарихшылардың  ойындағы  негізгі 
ұстанымдарды  Н.Г.  Аполлова  жеткілікті  дәрежеде  сипаттап  бере  алды. 
Қазақтардың  шаруашылығындағы  көшпенділік  қасиет  жабайы  және  көне 
болды.  Қазақтардың  егін  шаруашылығы  саласында  бірлесуі  Қазақстанның 
әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдайлар жасады.  
Осы  пікірге  қарсы  шыққан  атақты  тарихшы  П.Г.  Галузо  Ресей 
империясының  қазақ  даласындағы  жағымсыз  салдарын  атап  өтеді.  Оның 
ойынша,  қазақтардың  шаруашылық  қызметіне  орыстардың  араласуы  дәстүрлі 
өмір  сүру  салтының  бұзылуына  алып  келді.  П.Г.  Галузо  көптеген  кеңестік 
зерттеушілердің  пікіріне  қарамастан  былайша  мәлімдеді:  самодержавиенің 
көшпелі  және  отырықшы  шаруашылық  сипаттағы  қоныстандыру  саясатының 
қорытындысы  ретінде  терең  дағдарыс  қалыптасты.  Казактандыру  мен  жер 
ресурстарын  бөліске  салған  шаруаларды  отарлау  саясаты  жергілікті  халыққа 
ешқандай  пайда  әкелген  жоқ.  Галузоның  пікірінше,  бұл  жағдай  қазақ  егін 
шаруашылығының  дамуы  мен  олардың  отырықшылыққа  өтуін  тежеді.  Галузо 
А.И.  Левшин  сияқты  үкіметтің  көшпенділерді  отырықшыландыру  саясатын 
қолдамады.  Левшин  қазақтар  туралы  «Қазақтардың  жеке  пайдасы  мен  оларға 
көрші  жатқан  державалардың,  әсіресе  Ресейдің  табысы  бай  малшылардың 
кедей  егіншілер  жағдайына  түсіп  қалмауын  талап  етеді...  Олардың  жерлері 
нағыз көшпелі өмірге арналғандай...». 

 
123 
Сондай-ақ,  XIX  ғасырдың  басында  Жетісудағы  көшпелі  және  жартылай 
көшпелі  шаруашылықты  зерттеген  П.П.  Румянцевтің  еңбегін  жан-жақты 
талдаған  П.Г.  Галузо  «қазақтардың  егін  шаруашылығы  қоныстанушылардың 
ықпалымен  ғана  дами  бастады»  деген  пікірді  толығымен  жоққа  шығарады. 
Осылайша,  Галузо  былай  деп  көрсетеді:  «...  Жетісу  облысының  қазақтары 
ресейлік  шаруа  казактары  қоныс  аудармай  жатып  және  осы  облыс  Ресейге 
қосылмай  жатып,  егін  шаруашылығымен  айналыса  бастаған:  уезд  халқының 
40%-ы  осында  алғаш  казак  шаруаларының  қоныс  аударуына  дейін,  ал  50%-ы 
орыс шаруалары келгенге дейін егін егумен айналысқан». Бұдан басқа, Галузо 
жергілікті  егіншілердің  қоныс  аударып  келген  адамдарға  егін  егудің  дәстүрлі 
тәсілдерін, әсіресе егінді қолдан суаруды үйреткенін бірқатар деректер арқылы 
дәлелдейді.  
Дегенмен, осы уақытқа дейін қазіргі ресейлік зерттеушілер бір жақты және 
жауапсыз  авторлардың  «қазақтардағы  егін  шаруашылығы  мен  қолөнер 
кәсібінің  артта  қалғандығы,  қазақтардың  жалқаулығы  мен  оларды  еуропалық 
өндіріс  мәдениетіне  отарлаушы  биліктің  әкелгені»  туралы  жазған  аңыздарын 
жиі тілге тиек етеді. Осылайша, Б.Б. Алимбаева былай деп жазады: «Көшпенді 
қазақтар  басқа  жұмыстармен  шын  көңілмен  айналыспайтын.  Егін 
шаруашылығына өту үрдісі күштеп жүргізілген шара еді. Сондықтан, билік осы 
жағдайды  тездетуге мәжбүр болды. Кәсіптің алуан түрімен айналыса бастаған 
қазақтар  орыс  халқымен  араласып,  отырықшы  өмірдің  салттарын  үйренді. 
Сонымен  қатар,  олар  өз  тұрмысында  осы  үйренген  дағдыларын  пайдалана 
отырып, ресейлік қазынаға пайда әкелді». 
Қазіргі кезең алдыңғы кезеңді сараптау арқылы сипатталады. Зерттеушілер 
өткен  оқиғаларды  идеологиялық  нұсқауларсыз,  бір  жақты  пікірлерсіз,  Ресей 
империясының рөлін шектен тыс ұлғайтпай, қазақтардың тарихи және мәдени 
танымын  төмендетпей  отырып  зерттеуге  ұмтылуда.  Дамудың  бағыттық-
ілгерілеу  саясатына  деген  көзқарас  айтарлықтай  өзгерді.  Көшпелі  социумның 
да  өзіне  тән  даму  ерекшеліктері  бар  екеніне  көпшіліктің  көзі  жетті.  Көшпелі 
мәдениет қоғамдық-экономикалық эволюцияның өзіндік және шынайы саласы 
ретінде дамыды. Н.Э. Масанов қазақтардың көшпелі өмір салтының қажеттілігі 
мен заңдылығын нақты түрде дәлелдеп берді. Бұл жағдай өмір сүру ареалының 
табиғи-климаттық  шарттарымен  түсіндіріледі.  Қазақстанның  тарихшылары 
дамудың  балама  тәсілдері  туралы  ойлана  бастады.  Өзіне  тән  емес  даму 
моделіне өту кезеңі қазақ қоғамының өміріне терең экономикалық, әлеуметтік 
және  мәдени  өзгерістер  алып  келді.  Оның  жағымды  және  жағымсыз  жақтары 
болды.  Сондықтан  осы  мәселені  қарастырғанда  реніш  пен  сенімсіздіктен 
арылып,  объективті  көзқараста  болған  маңызды.  Шынында,  қазақ-орыс 
қатынастарының  дамуы  кейбір  жағымды  нәтижелерге  (білім  беру  мен 
мәдениеттің  дамуы,  аймақты  кешенді  зерттеудің  басталуы,  өндірістің  жаңа 
салаларының  пайда  болуы,  транспорттық  жүйенің  дамуы,  т.б.)  алып  келді. 
Негізінен  жағымсыз  салдар  қатаң  отарлау  саясатының  нәтижесінде  қоғамдық 
құрылым  мен  тәртіптің  бұзылуынан  байқалды;  жайылым  мен  мал  санының 
күрт азаюы қазақ халқының тұрмыс деңгейін төмендетті; қоныс аудару саясаты 
мен жаппай ашаршылық жергілікті халық санының азаюына әсер етті.  

 
124 
Дегенмен,  барлық  аталған  жағымсыз  салдарға  қарамастан,  біз  ресейлік 
зерттеушілермен  ынтымақтаса отырып, «Ресей мен Қазақстан мүдделерінің бір 
жерде  тоғысуы  тарихи  жағымды  әрі  экономикалық  геосаяси  бағытта  екенін 
атап кетеміз». 
Осылайша,  бүгінгі  таңда  Қазақстан-Ресей  қатынастары  мен  оның  кейінгі 
интеграциясы  тарихи  кездейсоқтыққа  ешқандай  қатысты  емес.  Бұл  жағдай 
сыртқы байланыстағы эволюциялық даму мен тарихи бейімделуді көрсетеді.   
Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін
upload -> Серіктестігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет