Ж. Т. Нысанбаева Саттар Ерубаев атындағы №24



бет1/4
Дата21.01.2023
өлшемі26,41 Kb.
#62209
  1   2   3   4

Бекітемін
IT мектеп-лицей директоры
Ж.Т.Нысанбаева
Саттар Ерубаев атындағы № 24 IT мектеп-лицей
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Л.С.Баедилованың
дарынды оқушыларға арнап жасаған жұмыс жоспары.
2020-2021 оқу жылы.

Түсінік хат.
Бұл бағдарлама қазақ тілі грамматикасы бойынша білім беру үшін құралған. Қазақ тілінің бағдарламасының оқу материалдары дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді.Грамматиканы жақсы меңгеру үшін оқушылардың жазу, оқу, сөйлеу сауаттылығын жетілдіру, өзіндік көзқарастары мен дүниетанымын дамытуға жол аша отырып оқыту. Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру, оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана отырып оқыту.Оқушының жеке адами қасиеттерін, тілдік қабілеттерін арттыру көзделеді.Бүгінгі заман талабының қажеттілігі: іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге тәрбиелейді. Тіл мен сөйлеу адамның болмысының, оның жалпы табиғатының көрсеткіші.Оқушының коммуникативтік дағдыларын, жеке тұлғаның мәдениетін дамытады.Сауатты сөйлеу қабілетін практика арқылы дамытуды қажет етеді. Нәтижесінде оқушының қазақ тіліне деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етіледі.Бұл бағдарлама орындалу үшін грамматикалық тұлғаларын айыру қажет. Ол үшін грамматикалық материалдарды таңдау принциптерін ұстану шарт:
1. Сөйлем құрастыруға қажеттілігі.Қарым-қатынасқа қажетті грамматикалық форма, құрылым пайдалана отырып, сөйлеуге керекті сөйлем түрлерін құрастыру.
2. Жиі қолдану принципі .Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілінде жиі қолданылатын грамматикалық құбылыстарды таңдау.
3. Өнімділік ұстанымы .Грамматикалық құбылыс пен лексикалық материал байланысы, өмірде жиі кездесетін лексиканы қалыптастыру. Сөз қоры тақырыптық ұстаным арқылы құралады, ол грамматиканың ең қажетті деген формаларын таңдауға әсер етеді.
4. Тіркесу ұстанымы.Сөз тіркестерінде жиі кездесетін грамматикалық формалар таңдау.
5. Түсініктілік ұстанымы.Грамматикалық форманы игерудегі қиындықтарды еске алу. Әр кезеңде, әр деңгейде қиын материалды жоғары сатыға көтеру, немесе тереңдету деңгейінде қалдыру.
6. Оқу материалын тереңдету, баптау.
- оқушылардың есінде лексикалық минимумын (қорын) сақтау;
- жаңа сөздердің жасалуын түсіндіруіне дағдыландыру;
- сөздердің жазу және айтылу техниканы меңгеріп алу;
Осылай оқушылар сөздерді – сөз тіркестерді – сөйлемдерді меңгере алады, ауызекі сөйлеу тілінде және жазбаша практикада пайдаланады. Оқу сапалы және нәтижелі болу үшін жаңа технологияға сүйену керек. Педагогикалық технологияның дидактикадан айырмашылығы «нені, қалай, не үшін?» оқытамыз деген сұрақтар туғызады. Оқу барысында күткен нәтижені алдын ала жоспарлап, оқу процесін сол бағытқа икемделуі тиіс.
Теория мен практиканың бірлігін нығайтумен коммуникативтік біліктің қатар қалыптасуына жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет