Жа а жылмен!


Көзіңмен көргенге не жетсін



жүктеу 7.32 Mb.
Pdf просмотр
бет8/9
Дата24.03.2017
өлшемі7.32 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Көзіңмен көргенге не жетсін

КҚК-ҒА ҚЫЗМЕТКЕ АУЫСҚАНҒА ДЕЙІН БАТЫС ӨҢІРІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕР-ЭЛЕКТРИГІ 

БОЛҒАН ТАГИР АЛТУНБАЕВ 110/6 КВ ПОДСТАНЦИЯЛЫ ЖЭО-СЫ, СОНДАЙ-АҚ  КӨМІРСУТЕК  

ӨНДІРУ,  ГАЗ ЖӘНЕ СУМЕН ЖАБЫҚТАУ ЖҮЙЕСІ БАР, КОМПРЕССОРЛЫ ЖАБДЫҚТАРЫ МЕН 

ТАЗАРТҚЫШ ҒИМАРАТТАРЫ БАР ІРІ НЫСАН -КРОПОТКИНСКИЙ ХИМИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫНДА 

БАС ЭНЕРГЕТИК БОЛЫП ЖҰМЫС ІСТЕГЕН.



Есет Жұмағалиев –

Теңіз МАС операторы

Сәрсенқұл Шерниязов –

ӨҚБжА жетекші маманы

www.cpc.ru

www.cpc.ru

44

45

Панорама КҚК 



желтоқсан 2016

Панорама КҚК 

желтоқсан 2016

САЯХАТ 

САЯХАТ


емес, үнділердің өздері де жиі бас 

сұғатын Делидің ең керемет жер-

лерінің бірі, діни ғимарат. Кутуб 

Минар мұнарасы сан ғасырлар 

бойы құламай тұрған үнділік діни 

ғимараттар орын тепкен мекенде 

орналасқан. Солардың қатарында 

Вишна құдайының ғибадатхана-

сы да бар. Мұсылмандар олардың 

құрылысының негізінде сәулетті 

мешіттер тізбегін салған. 

Кутуб Минардан бөлек мұнда 

салмағы алты тоннаны құрайтын 

биіктігі жеті метрден сәл асатын 

темір бағана бар. Кейбір ақпарат 

көздеріне сенсек, бұл темір бағана 

біздің эрамызға дейінгі 895 жылы 

металдан құйылған екен. Бірақ 

осы күнге дейін темір бағана-

ның тот басып шірімей қалай 

сақталғаны жұмбақ! Бұрын баға-

наны қолмен ұстап, құшақтауға да 

болатын. Қазір оны темір шар-

бақпен қоршап қойған, ұстауға 

болмайды.

ҚЫЗЫЛ ФОРТ

Біздің келесі аялдамамыз – Қызыл 

Форт. Бұл жерге жету үшін көпте-

ген саудагерлердің арасынан өтуге 

тура келді. Сауда сөрелеріне көз 

жүгіртіп, сатушылармен сөйлескен 

де бір қызық. Көненің көзіндей 

болған дүниелерге қызығатындар 

бұл жерден не бір нәрселер таба-

ры анық. Бір зергерлік дүкеннің 

қожайыны нумерологияның білгірі 

дерсіз. Келуші келіссе болды, 

оның өткені мен болашағын 

болжап айтып, әртүрлі жайлардан 

сақтанып жүруіне кеңес береді. 

Мұны ол тегін айтып береді, бірақ 

алғыс ретінде оның дүкенінен құр 

қол шықпауыңыз шарт. Құмнан 

жасалған атақты Қызыл Форт 

қорғанын 1648 жылы аты аңызға 

айналған монғол билеушісі Жахан 

шах салғызған екен. Алайда ол 

бұл жерге көшіп келіп үлгерме-

ген. Жолда өз туған ұлы Ауранга-

зеб бұрып алып, Агра қаласында 

тұтқында ұстаған. Аурангазеб 

осы бекіністе тұрған алғашқы 

және соңғы император болды. 

Кейін қорған еңіс тартып, мүжіле 

бастады. 1857 жылғы тәуелсіздік 

үшін соғыста британдықтар үлкен 

қамалды әскер бөлімшелерінің 

ұсқынсыз казармаларына айнал-

дырды.


Қызыл Фортқа саяхатшылар азайған 

кезде, яғни таңертең немесе кешке 

келуге кеңес беремін. Күн батқан 

кезде мұнда түрлі түсті музыка қой-

ылымы болады. 

Фортқа таяу жерде ескі Дели қақпа-

сы бар. Біз оған баламен баруға 

тәуекел етпедік. Өйткені ол ауданда 

саудагерлерден, қайыршылар мен 

кедейлерден аяқ алып жүре алмай-

сыз. Көшеде тамақ сататындар, түр-

лі бұрыш, дәмдеуіш саудалаушылар 

мен басқалардан өткір де жағымсыз 

иіс мүңкіп тұрады. 

Келесі күні Үндістан қақпасы мен 

Президент сарайына соққан соң біз 

Акшардхам ғибадатханасына жол 

Үндістан қақпасының гвардияшылары

Дели. Кутуб Минар.

Отбасылық кеңесте біз алдымен 

саяхаттайтың елді таңдап, кеш бойы 

жолнұсқағышпен, Уикипедия және 

достарымызбен ақылдаса отырып, 

оған барар бағытымызды сызып ала-

мыз. Өткен жылдың наурыз айында 

біздің таңдауымыз австралиялық 

жазушының «Шантарам» кітабында 

ерекше суреттеген Үндістан еліне 

түсті.

«КҚК айшықтары» оқырмандарына 



саяхатшылар үшін өзге елдерден 

ерекше саналатын мекенге сапарым 

туралы әңгімелеп, тәжірибеммен 

бөліскім келеді. Әсіресе балаларын 

ерте жүретін саяхатшыларға қызық 

болары анық. Біз өзімізбен бірге 

8 жасар ұлымызды алуға тәуекел 

етпедік, есесіне 12 жастағы қызымыз 

бізбен баруға қуана келісті.

Бір аптаға жоспарланған саяхатқа 

аттандық. Біз әу баста-ақ теңіз жаға-

сында демалудан бас тартып, өзіміз 

үшін танымдық пайдасы көбірек 

саяхатты қалаған едік. Үндістанның 

алтын үшбұрышы саналатын - Нью 

Дели, Агра мен Джайпур қалаларына 

барамыз деп шештік.  

Осы жолы да біз қонақ үй мен ұшақ 

билеттерін брондау үшін www.

anywayanyday.com сайтының көме-

гіне жүгіндік. Ал виза мәселесін біз 

ертерек шешіп қойғанбыз.



АЛҒАШҚЫ АЯЛДАМА

Нью Делиге бар болғаны бес-ақ 

сағатта ұшып келдік. Мәскеуден Ма-

дридқа дейінгі қашықтықты бағын-

дырғандай екен. Ұшақтан түсе сала, 

қонақ үйге жету үшін такси іздедік. 

Ол аса қиынға соққан жоқ. 

Қала орталығына қатынау үшін 

таксиге тапсырыс беру қажет. Ол 

үшін қонақ үй консержінің қызметін 

пайдалануға болады. Ал ақшаңызды 

үнемдегіңіз келсе, таксиді өз бетіңіз-

ше іздесеңіз болады. Қонақ үйден 

шығып, айналаңызға көз жүгірсеңіз 

жетіп жатыр. Таяу жерде бір топ 

такси жүргізушілері тұрады. Бір 

мекенжайға жету үшін, таксиді бір 

күнге немесе бірнеше күнге жалдап 

алу үшін, тіпті басқа қалаға барып 

келу үшін бағасына бірден сол жер-

де келісе аласыз.

Үндістанның өзі жасап шығарған 

Амбассадор мәшинесін таңдасаңыз, 

тамаша әсерге бөленеріңіз анық! 

Айтпақшы, жергілікті халық ағыл-

шын тілінде еркін сөйлейді, өйткені 

ол мемлекеттік тіл болып саналады. 

Тек олардың сөйлеу ерекшеліктері-

не үйренсеңіз болды.

Қаламен жақын танысу үшін 

бірнеше киелі орындар мен ескерт-

кіштерден өтетін бағытты таңда-

дық. 

ВИШНАДА ҚОНАҚТА

Саяхатымыз әуежайға жақын 

жерде орналасқан Кутуб Минардан 

басталды. Бұл саяхатшылар ғана 



Үндістанның алтын үшбұрышы

Ғасырлар қойнауынан жеткен даналық

Анна мен Саша

БІРЕУЛЕР АЛДЫН АЛА ТУРОПЕРАТОРЛАР АРҚЫЛЫ ҰШАҚ БИЛЕТТЕРІ МЕН ҚОНАҚҮЙЛЕРГЕ 

ТАПСЫРЫС БЕРІП ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН САЯХАТТЫ ҰНАТСА, БІЗДІҢ ОТБАСЫМЫЗ ӨЗ 

БЕТІМІЗБЕН САЯХАТТАҒАНДЫ ҰНАТАМЫЗ.



www.cpc.ru

www.cpc.ru

46

47

Панорама КҚК 



желтоқсан 2016

Панорама КҚК 

желтоқсан 2016

САЯХАТ 

САЯХАТ


Егер Сіз Үндістанға жиналсаңыз, 

осынау таңғажайып елде ештеңе 

сіздің көңіліңізді түсірмесін десеңіз,  

кейбір сақтық шараларын есіңізден 

шығармаңыз:

• Тек бөтелкедегі суды ішіңіз. Газдалған 

болса тіпті жақсы.

• Балғын жеміс-жидектер мен көкөні-

стерді жемеңіз. Көкөністер пісіріліп 

дайындалған (бұқтырылған, қуы-

рылған, қысқасы - термиялық өңдеу-

ден өткен) болуы тиіс. Ал жемістердің 

өзіңіз арши алатын қабығы барын 

ғана пайдаланыңыз.

• Тісіңізді тазалағанда бөтелкедегі 

суды қолданыңыз. Ал жуынған кезде 

суды жұтып қоймауға тырысыңыз.

• Ешқашан мұз қосылған сусын 

ішпеңіз. Даяшыға мұны ескертіңіз. 

Коктейль, шырын немесе виски 

тапсырыс берген кезде, «мұз 

қоспаңыз!» деген тіркесті міндетті 

түрде айтқаныңыз жөн.

• Егер сізді еуропалықтардың талға-

мын білетін жергілікті тұрғын арнайы 

шақырмаса, сол жердегі мейрамхана, 

дәмханаларға бармаңыз. Қонақүйде 

тамақтанған абзал.

• Өзіңізбен бірге бір реттік шұлық ала 

жүргеніңіз жөн. Кез келген жергілікті 

ғибадатханаға кірерде аяқ киім ше-

шуге міндеттісіз.  Адамның көптігін, 

әртүрлілігін ескеріп, өз аяғыңыздың 

қауіпсіздігіне мән бергеніңіз дұрыс. 

• Сақтық шарасы ретінде тамақ  жер 

алдында бір жұтым виски ішіп жібер-

сеңіз болады.

Бірақ пілге мініп шыңға көтерілу 

бәрінен қызық!

1726 жылы Форт Амберді қорғау 

мақсатында салынған сарай ке-

шенді Джайгарх форты жақын 

орналасқан. Екі форт та бір тұтас 

қорғаныс жүйесі боп саналған 

және жерасты өткелдерімен өзара 

қосылған. 

Ман Саробар көлінің жағалауынан 

біз көлдің қақ ортасында орна-

ласқан су сарайы – Джал Махалды 

тамашаладық. Өкінішке қарай 

сарайға бару бұйырмады. Муссон 

маусымында көлдің суы көтеріліп, 

сарайдың төрт бірдей қабаты су 

астында қалады екен. 

Джайпурда қыдырып болып, біз 

Нью Делиге жылжыдық. Тағы да 

жеті сағатты көлік ішінде өткізіп, 

басқа өңірлік қалалардан салысты-

рмалы түрде тазалығымен, қайыр-

шыларының аздығымен, көшедегі 

жағымсыз иістің жоқтығымен, 

сауда жасау мәдениеті қалыпта-

сқандығымен көш ілгері тұрған 

астанаға жеттік.

Үндістан бір қалыпты ел емес, мұн-

да бәрі аралас. Соған қарамастан 

бұл ел өзіне тартып тұрады, таңғал-

дырады және жібергісі келмейді... 

Қызым бұл саяхаттың оған қатты 

ұнағанын, бірақ қайтадан осы 

елге оралғысы келмейтінін айтты. 

Дегенмен біраз уақыт өте «Тағы бір 

мәрте Үндістанға барып қайтпадық 

па? Мысалы, Кашмирге?» деп бір 

айтып қалғаны бар. 

Анна Волина

Джайпур. Су сарайы

Джайпур. Желдер қақпасы.

жүрдік. 2005 жылы тұрғызылған 

бұл кешен әлемдегі ең үлкен инду-

истер шіркеуі ретінде Гиннестер 

рекордтар кітабына енген. 

АЛУАН ТҮРЛІ АГРА

Нью Делидегі екі күн серуеніміз 

аяқталып,біз Аграға аттандық.  

Алдын ала желдеткіші бар көше 

таксиімен келіскен едік. Ой-шұқы-

ры көп нашар жолмен жеткенше 

6 сағат өтті. Жол бойы сиырлар 

мен адамдар, ағаш тиелген жүк 

арбалар, шалшық суға қолын жуған 

балалар жүрген елді мекендерді 

басып өттік... Көліктің терезесінен 

үнділердің өмірін тани бастадық. 

Бірінің үйі - сиырдың жапасынан 

қаланған жаман лашықтар болса, 

енді бірінікі - заманауи зауыттар 

мен фабрикаларды, зәулім бизнес 

кешендерін еске түсіретін вилла-

лар. 


Аграда екі күн аялдадық. Жахан 

шахтың сүйікті жұбайы Мұмтаз 

Махалға арнап ақ мәрмәрдан 

соқтырған әйгілі Тәж-Махал кесе-

несі мен туған ұлының кесірінен 

қамалған Жахан шахтың тұтқын 

үйі, сондай-ақ Ұлы моғолдар импе-

риясының үшінші билеушісі Ұлы 

Акбардың (Жахан шахтың атасы) 

мазарына бардық. Кешкісін Аграда 

серуендейтін жер жоқтың қасы, 

сондықтан қонақ үйде тынығып, 

саяхатымыздың келесі күніне дай-

ындалдық. 



ҚЫЗҒЫЛТ ҚАЛА

6-7 сағатта көлікпен жүйткіп оты-

рып, қала ғимараттарының қабырға-

лары қызғылт түспен боялғандықтан 

«қызғылт қала» атанып кеткен 

Джайпурға жеттік. Бірден бір-біріне 

керағар көріністерге тап болдық. 

Тарихи ескерткіштер мен жарқ-жұрқ 

еткен заманауи ғимараттар, зергер-

лік дүкендер, бесжұлдызды қонақүй-

лер мен сіңірі шыққан кедейлер, 

қайыр сұраған балалар, автокөлік-

тің сан-алуан түрлері, қаланың 

орталығында пілмен, түйемен жүк 

тасыған адамдар, еркін жайылған 

сиырлар алғашында кері әсер туғы-

затыны анық. Бірақ кейін бұған да 

етің үйреніп, сен де сол ағынның 

бір бөлігіне айналып кете барасың. 

Джайпурда серуендеу Агра қаласын-

дағыдай жүйкесі әлсіздерге оңай ти-

мейді. Сондықтан да такси қызметін 

немесе жергілікті адам таситын екі 

дөңгелекті арбалар – рикшаларды 

пайдалануды ұсынар ем. 

Джайпурдағы екі күн төрт бірдей 

қаланың көрікті жерін тамашалауға 

жетті.


Хава Махал мен Желдер сарайы - 

1799 жылы қызғылт түсті құмнан 

салынған махарадж Савай Пратап 

Сингхтың сарай кешенінің бес қа-

батты гаремдік қанаттары. Ғима-

раттың алдыңғы беті аптап ыстықта 

сарайдың ішін желдетіп салқын-

датуға арналған 953 ұсақ терезе 

тәрізді тесіктермен безендірілген. 

1592 жылы тұрғызылған Форт Ам-

бер Джайпурдан 11 шақырым биік-

тегі дөң үстінде орналасқан. 1037 

жылдан 1727 жылға дейін сол кезде 

билікте болған Каччава династия-

сының астанасы еді. Кейін астанасы 

Джайпур қаласына ауысқан. Форт 

Амбер өзінің көркем стилімен, үн-

дістер мен монғолдардың сәулеттік 

қалыптарының өзара үйлесімділі-

гімен көз тартады. Фортқа жаяу 

да, көлікпен де көтерілуге болады. 

Үндістан жолдарында

Күнде мерекелік киіммен жүру - қалыпты


www.cpc.ru

48

Панорама КҚК 

желтоқсан 2016

ӨЗІМ ЖАЙЛЫ АЙТСАМ...

Бүгінде ол МӨК-8 ӨҚБжА-да техник 

болып еңбек етеді. Бұған Юрадан 

бұрын мен қатты қуандым десе бо-

лады. Өйткені маған о бастан КҚК-

ның өз қызметкерлеріне қатысты 

саясаты қатты ұнайтын. Юра үшін 

қуанғаным да сол.

Жанымызда ағайын-туысымыз 

болмаса да, Новороссийск – біз 

үшін жайлы мекен. Санкт-Петер-

бург және басқа да үлкен қалалар-

да шығармашылық мүмкіндіктер 

мол болғанымен оларда таза ауа, 

тыныштық, толқынмен таласқан 

дельфиндері бар теңіздің тамаша та-

биғаты жоқ. Біз осы жерде өз орта-

мызды, жаңа достарымызды таптық. 

Олардың біразы біз сияқты әр та-

раптан келгендер. Олар да отбасын 

құрған, бүгінде үбірлі-шүбірлі. 

Қыркүйекте Юра екеуміздің той-

ымыз өтті. Нағыз романтикалық 

кеш болды! Туыстарымыз, әріпте-

стеріміз, достарымыз келді. Мереке 

Натухаевскта, оңтүстікке лайық 

мамыражай табиғат аясында өтті. 

Ауылдың әдемі пейзажы, жанды 

дауыстағы әдемі әуен... Кешті өз қо-

лымызбен әшекейлеп, безендірдік. 

Красноярскден де келген туыста-

рымыз тойдың қамына бел шеше 

кірісіп, көмектесті. 

Той күні ауа райы тұнжырап тұрды. 

Бірақ жаңбыр жаууға асықпады. 

Біз де далада армансыз қыдырдық. 

Тек соңына қарай «отбасы шы-

рағын» жаққан кезде ғана нөсер 

құйды. Бірақ достарымыз әп-сәтте 

жамылғыдан бізге «шатыр» жасап, 

соған бәріміз жасырындық. Мере-

кенің әдемі түйіні де осы болды. 

Достарымыз бен туыстарымыз Юра 

екеумізге «ошақтарыңның оты 

сөнбей, өмір бойы бірге бақытты 

болыңдар» деген тілек айтты. Лай-

ым солай болғай! 



Ксения Потылицына

Сібірде туып өстім. Санкт-Петербург 

қаласында құрылысшы-инженер 

мамандығы бойынша жоғары білім 

алып, Ресейдің орталық құрылыс 

алаңдарына аттандым. Усть-Луг 

МАС газ кешенінің құрылысына, 

Мәскеу-Санкт-Петербург жедел ав-

томагистралін салуға, № 4 Черепо-

вецк энергоблогының құрылысына 

қатыстым. 2013 жылдың қаңтарын-

да тағдыр мені КҚК мұнай құбыры 

жүйесін кеңейту жобасына жетелеп 

әкелді.


«Теңіз» терминалының резервуар 

паркінде мен «Континент» ЖШҚ 

ӨТБ-де инженер болып қызмет 

еттім. Жұмысыма ғана емес, Қара 

теңіз жағасында орын тепкен сұлу 

қалаға да ғашық болдым. Біздің 

ұжым жоба аясындавғы өз міндетін 

аяқтағанда, осы жақта қалғым 

келіп, басқа нысанға ауыстым. 

Қазір КҚК-дан тыс жерде еңбек 

етудемін.

Енді жеке өмірім жайлы. 2014 жыл-

дың жазында Новороссийск жаға-

лауында құрбым екеуміз қыдырып 

жүрдік. Кенет сымбатты жас жігіт 

маған жақын келіп, танысқысы ке-

летінін айтты. Мен ыңғайсызданып 

танысудан бас тарттым. Кейін оған 

өкіндім. 

Арада біраз уақыт өткен соң маған 

ғаламтор арқылы Юрий есімді 

азамат хат жазды. Екеуіміздің ортақ 

қызығушылықтарымыз бар екен. 

Мысалы, музыка, кино, өнер, саяхат 

т.б. Ол аздай КҚК теңіз терминалы 

резервуар паркінің құрылысындағы 

жұмыс кеңселеріміз де көрші ор-

наласқан екен. Кейін Юраның сол 

күні жағалауда менімен танысқысы 

келген жігіт екенін білдім!

Тағдыр жолы таңғаларлық қой! 

Юрий Трибулкин Брянск қаласында 

техникалық үрдістерді автоматтан-

дыру мамандығы бойынша техника-

лық университетті тәмамдаған соң 

бүкіл Ресейді шарлап шығыпты. 2014 

жылы «Арнайы электромеханика» 

ЖАҚ фирмасының құрамында КҚК 

резервуар паркінің құрылысына 

жолдамамен келген екен. 

Таныстығымыз достыққа ұласты. 

Юра бойжеткеннің көңілін қалай 

табуды біледі екен. Подъезді гүлмен 

көмкеріп, жағалауда отшашулар 

ұйымдастыратын. Қолымыз босай 

қалса орманда қыдырып, музыка 

тыңдайтынбыз. Мен Юраға блюз, 

блюз-рок жанрындағы әуендер, 

фильмдер, жалпы өнер жайлы айт-

сам, ол маған өзі оқыған кітаптары, 

тарихи оқиғалар мен саяхаттаған 

елдері туралы әңгімелейтін.

Бізге бірге жүрген ұнайтын. Ажы-

рағымыз келмегені соншалық, осы 

жерде қаламыз деп шештік. Юра 

Брянсктегі кеңсеге шақыру алды. 

Басшы қызметі ұсынылды. Алай-

да екеуміз де бұл жақтан кеткіміз 

келмеді. Ол кезде Юра КҚК жедел 

қызметінде қажетті жабдықтарды 

тасымалдау жұмыстарымен айна-

лысатын. Кездейсоқ жаңа жұмыс 

орындарының ашылғанын естіп қал-

дық. Түйіндеме қабылдаудың соңғы 

күні екен. Бағымызға орай жолымыз 

болып 2015 жылы Юра КҚК-на жұ-

мысқа қабылданды.

Біз КҚК жобасы аясында кездестік

СӘЛЕМЕТСІЗДЕР МЕ? ЕСІМІМ КСЕНИЯ. КҚК ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МАХАББАТЫМДЫ 

КЕЗДЕСТІРГЕНІМ ЖАЙЛЫ ЖӘНЕ ӨМІРІМНІҢ БАСҚА ДА ҚЫЗЫҚТЫ ТҰСТАРЫМЕН 

БӨЛІСКІМ КЕЛЕДІ. 

www.cpc.ru

49

БІЗДІҢ ҚОНАҚ



Панорама КҚК 

желтоқсан 2016

Біздің қонағымыздың атақ-дәрежесі сан түрлі: белгілі астропсихо-

лог, түбегейлі өмір жаттықтырушысы, «Балаларды саналы түрде 

дамыту мектебі» жобасының басқарушы серіктесі, прозашы, ақын, 

публицист, ЮНЕСКО-ның «Адам Мицкевич атындағы», РФ Мәде-

ниет министрлігінің «М.Ю.Лермонтовтың 200 жылдығы» медаль-

дарының иегері. Айтпақшы, Ирина Эйр – бұрын әріптесіміз болған. 

–  Мұнай саласындағы өмірбаяныма келсек, мен мұнай-газ кәсібін 

басқару бойынша маманмын, – дейді ол. – Ірі халықаралық компа-

нияда 10 жыл жұмыс істедім. Қосымша кітаптар жазып, астропси-

хологиямен шұғылдандым. Уақыт өте келе, қызығушылығым деп 

қана жүргенім өзіме қуаныш пен кәсіби рахат сыйлайтынын түсін-

дім. Солайша жаңа жолға түстім. Енді адамдарға жағымсыз эмоци-

ялардан арылуға болысып, бақытты, дарынды, еркін әрі табысты 

адамдардың жаңа буынын қалыптастыруға көмектесемін.



–  Ирина, астрологиялық жұлдызнаманың адам жайлы ғана емес, 

тіпті кәсіпорын туралы да көп дүние «айта» алатыны рас па?

–  Әуелі терминологияны нақтылап алсақ. Мен жұлдыз жорамал-

дарға үзілді-кесілді қарсы адаммын. Өйткені болашақты болжау 

осы шақтағы шешім қабылдау еркіндігін бұғаттап тастайды. Ал 

астропсихология болса, адам бұл өмірге немен келді, қандай қа-

білеті бар, қандай қиындықтары күтіп тұр, маңдайына не жа-

зылған, жеке өміріндегі негізгі міндеттер қандай деген сияқты 

болмыстың сыртқы факторлары туралы айтады. Коучинг болса – 

түйсікпен сырласу – бұл ішкі фактор. Олардың бірігуінен Өзіңді, өз 

жолыңды, кәсіби және жеке өмірдегі орныңды тануға мүмкіндік бе-

реді. Былайша айтқанда, адамның «қолдану нұсқаулығы» сияқты. 

Өз өміріңе жауапкершілікті толық қолыңа аласың да күнделікті са-

налы таңдау жасайсың. Бал ашумен айырмашылықты көріп тұрған 

боларсыз? Кәсіпорынға келер болсақ, мұнда да солай – кәсіпорын-

ның құрылған күні планеталардың қалай орналасқанына қарап да-

мудың анағұрлым үйлесімді жолдарын қарауға болады. Мұнда да 

сол «нұсқаулықты» беруге болады. Бұл жолы да мен тағдыр тура-

лы емес, компания дамуының әлдеқайда тиімді жолдарын айтып 

тұрмын. Бірақ ол үшін компанияның «туған күнін» минутына дейін 

білген дұрыс.

Кәсіпорын деген – ортақ мақсатқа топтасқан, түрлі функцияларды 

атқаратын адамдар. Бұл тұрғыда компанияның жетістігі, астроло-

гия тілімен айтсақ, адамдарына байланысты.

Мысалы, мұнай саласына келер болсақ, онда жердің ауыр энергия-

сы бар. Бұл жаңғыру, өмір мен өлім энергиялары. Әсіресе ауа сти-

хиясының адамдарына бұл ортада жүру өте оңай емес. 



–  КҚК ұжымы – көпұлтты. Менің естуімше, Жер шарында әр ұл-

тқа ерекше міндет жүктелген...

–  Әр халықтың өз тарихы, тәжірибесі, қасиеті бар. Ал бұлар со-

лардың өкілдеріне бейсана дариды. Әр адам (немесе рухани дүние 

туралы айтқандықтан жан дейік!) дүниеге келетін күнін, уақытын, 

жерін өзі таңдайды. Солайша планеталардың әсер етуін де таңдап 

алады. Жан өз мақсаттарын тиімді шешу үшін жынысын, елін және 

халқын таңдап алады. Бір компанияда бірнеше халықтың бас қо-

суы – технология, қаржы, кәсіби сараптама тіліндегі серіктестік 

қана емес, тамыры тереңге тартқан бейсана деңгейдегі қарым-қа-

тынас деуге болады. Бұл бір уақытта өзара байыту да, қиындық 

та. Дәл сол үшін ірі халықаралық компаниялар түрлі халықтардың 

дәстүрлері мен түсініктерін жақындастыру бойынша ішкі ұжымдық 

мәденит мәселелеріне баса мән береді.

–  Біздің тағдырларымыз планеталардағы жағдайларға байланысты. 

2017 жыл қандай болады? 

–  Мен болжамаймын. Бұл - менің басты ұстанымым. Кез-келген бол-

жамнан кейін, сіз оған мән бермесеңіз де, санада белгілі бір түсініктер 

мен бағдарламалар қалыптасады. Бұған қоса болжамның қуаты оның 

пайда болған кезінде ғана болады. Адамдардың күнделікті мүмкіндік-

тер атты сан түрлі соқпақтардан бір ғана жолды таңдайтынын естен 

шығармау керек. Бір ғана маңызды шешім бүкіл тарихты өзгертіп жі-

беруі мүмкін.Әлем ғаламат өзгерістер алдында тұрғанын ғана айта 

аламын. Бұл екімыңыншы жылдардан бері туған қазіргі заманның ба-

лаларынан байқалады. Олардың көпшілігі біз сияқты емес, олар – өте 

дамыған, көреген әрі ақылгөй. Олар кез-келген дүниеге білімнің түрлі 

қырынан қарай алады. Мектепте олар тапсырмаларды төтесінен орын-

дайды, бірақ ол әрекеттері бағдарламаға сай болмай, екі алып жатады. 

Бүгінгі білім беру мен ересектердің сана-сезімдері қазіргі балалардың 

ой-түйсік деңгейіне жете бермейді.

Дәл осыған байланысты екі нәтижеге келуіміз мүмкін: бірі сананың 

даму үрдісінде үлкен өзгерістер болуы мүмкін немесе керісінше – то-

лық құрдымға кету. Егер балалар өздерін осы қоғамда еркін сезіне 

алмаса екінші нұсқасына келуіміз мүмкін. Өйткені қазіргі балалар 

орасан жасампаз күшке, ғылыми жаңалықтар ашатын әлеуетке ие. Со-

нымен қоса, олар орасан бүлікшіл, қиратушы күшке де ие. Дәл осын-

дай балаларға арнап біз өз мектебімізді аштық.



–  Алдағы жылы табысқа жету үшін не істеу керек?

–  Табысқа қол жеткізудің және ең бастысы бақыт-

ты болудың бірден бір жолы - адам өзін-өзі 

танып, ешбір сылтаусыз қабылдай білуі 

қажет. Және тағдырға бой ұсынған адам-

ның кез-келген жылы табысты болады. 

Алайда табыс дегеніміз – тек күткенің 

орындалғаны үшін қуану ғана емес. Та-

быс дегеніміз ол – жүріп өткен жолың, 

ондағы жиған тәжірибе мен білімің, 

кезіктірген адамдарың.

Өзімізге шын мәнінде не қажет 

екенін түсінбей жатып, қала-

уымызды анықтамай жатып, 

өзімізді-өзіміз қанша рет ал-

даймыз! 


Осыған байланысты Аяз Атаға 

хат жазған кезде оған кез-кел-

ген жағдайда сіз үшін ең тиімді 

нұсқасын таңдауына мүмкіндік 

қалдырыңыз. Ешкім белсенді әре-

кеттерге тыйым салмаса да, әлемге 

деген сенімнің болуы аса маңызды. Кей 

кезде бір істі бастаудан бұрын оған се-

нудің өзі қиынырақ! 

Сұхбаттасқан  

Екатерина Суворова


Каталог: SiteCollectionDocuments


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет