Жаңа форматта күншығыс елі және шыңның суреті бар



Дата27.10.2022
өлшемі213,25 Kb.
#45623

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: «Тарих, этнология және археология»
Кафедрасы: «Дүние жүзі тарихы, тарихнама, деректану»


Рецензия

Тақырыбы; «Кайдзен - үздіксіз дамудың құпиясы»


Орындаған: Амангелдіқызы Сымбат
Тексерген:Дәрмен Смайыл.

«Кайдзен - үздіксіз дамудың құпиясы»


Авторы: Ғани Байғалиұлы
Баспа: Samga
Сериясы: Іскерлік әдебиет, Оқу-білім, Тұлғалық даму, Мотивация, Жаңа кітаптар, Әр түрлі
Беттер саны 188
ISBN: 978-601-291-459-7
Шығарылған жылы: 2021жыл
Қол жетімділігі: Қоймада бар
Жеткізу: 3-тен 14 күнге дейін
Мұқаба: Жұмсақ

Мұқабанын сыртқы дизайыны:Жаңа форматта күншығыс елі және шыңның суреті бар.
Титулкасы: көзге жақсы, ұстағанаға ыңғайлы, күнделіті сөмкеге сыйып кетеді.
Кітап парақтарына келсек,парақтары қалың,жазулары көзді ауыртпайды оқығанға ыңғайлы.Граматикалық қатесі жоқ.

Кіаптың мазмұны:
Бұл кітапта жапон философиясын қолданып, жетістікке жеткен компаниялар туралы айтылады. Сонымен қатар, оны әр адам өз өмірінде қолданып, жеңістің жолын қайталай алады.Өндірістік үдерістерді үздіксіз жетілдірудің жапондық тәжірибесі қазақстандық компаниялардың қалай қолданғаны, кайдзеннің арқасында қандай өзгеріске ұшырап, жетістікке жеткені туралы да баяндалады. Кітап өзін-өзі дамытып, жетілдіргісі келетін, сапалы өмір сүруге талпынатын оқырман қауымға арналған.


Кайдзен және менеджмент
Бұл кітап енді ғана өз кәсібін бастап, қалай басқаруды, қол астындағы жұмысшыларымен қандай қарым-қатынас орнатып, ұйымдастыруды білгісі келетін жандарға арналады. Бұл кітапты оқу арқылы басқару тәртібі мен жүйесін, ұйымдастыру шеберлігін жетік меңгере аласыз. Аталмыш кітап ең алғаш рет 1986 жылы шығып компания басшыларының арасында кеңенінен таралып, әлемдік бестселлерге айналды.
Зауытты кайдзен әдісімен басқару.Қалай шығынды азайтып, пайданы молайтуға болады
Өз ойым:
Кайдзен туралы шет тілдерінде пайдалы әдебиет көп. Қазақтілді аудиторияға арналған кітапты Ғани Байғалиұлы жазып шыққан. Ғани мырза 2018 жылдан бері кайдзен-менеджер атанып, кайдзен пәлсапасын кеңінен насихаттап жүрген кайдзен-тренер. «Uzdiksiz damu» компаниясының негізін қалаушы. «Кайдзен. Үздіксіз дамудың құпиясы» кітабы оқырманға жол тартқалы көп уақыт өткен жоқ. Кітаптағы маңызды ойларды сіздерге ұсынамыз.

182 беттік кітаптың негізгі идеясы – АҚШ-та тұңғыш рет пайда болып, Жапонияда қанатын кеңге жайған кайдзен жүйесін қазақ халқына оңай әрі түсінікті жеткізу. Кітапта 5 негізгі тарау бар. Олар:

Философиялық төңкеріс;
Сапа – табысқа апарар жол;
Жетілдіру арқылы қателікті болдырмау;
Кайдзен құралдарын жүзеге асыру;
Тұлға ретінде үздіксіз даму.
Сонымен қатар, қорытынды бөлімі мен өміріңізді өзгертуге арналған арнайы бөлім бар. Кітап глоссарий мен кайдзен философиясына үлес қосқан ғалымдар туралы бөлікпен аяқталады.

Кайдзеннің мақсаттары:


Жұмыс өнімділігін арттыру;
Өнімнің сапасын мейлінше өсіру;
Қызметкерлердің дамуы;
Тұрақты түрде ынталандыру;
Қызметкерлердің бірлігі.
Кайдзеннің ең негізгі қағидасы – құндылықты арттыру және ысырапты азайту. Ысырапты азайту деген қызметкерлердің жалақысын төмендету немесе арзан шикізат қолдану дегенді білдірмейді. Мұндай үнемдеу кайдзен идеясына қарсы. Автор кітапта 8 ысырап түрін жазған. Соның ішіндегі ең маңыздысы – адамның тиімді қабілетін пайдаланбау ысырабы. Мысал ретінде Nokia компаниясының қызметкері Джоханнес Ваананенді келтірген. Ол кісі ең алғаш боп сенсорлы жүйені ойлап тапқан екен. Басшылығы қабыл алмаған соң, Джоханнес осы идеяны Apple басшысы Стив Джобсқа ұсынады. Сол уақыттан бастап Apple компаниясы тізгінді бермей тұр. Джобсты байытқан Nokia-ның қателігі



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет