«ЖАҢа инновациялық имитациялық ойындар технологиясы»



бет1/10
Дата27.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#45637
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИМИТАЦИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ»



Мазмұны

КІРІСПЕ 4
1. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ РӨЛІ 6
1.1 Жаңа инновациялық технологияларды информатика сабағында қолдану 6
1.2 Ойын әдістері 11
1.3 Оқытудың компьютерлік технологиялары 17
2. ИНТЕРАКТИВТІ ИМИТАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 20
2.1 Имитациялық ойындар 20
2.2 Дәстүрлі оқыту және имитациялық технология 21
2.3 Информатика сабағында имитациялық ойынды құру және қолдану әдістемесі тақырып бойынша конспект жоспар. 24
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30



КІРІСПЕ


ХХІ ғасырда білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту маңызды мәселелердің бірі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» мемлекеттік стратегиялық жолдауында «біз білім - ғылым - инновациялар үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз, біріншіден бұл - уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры» деп атап көрсеткен болатын. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.
Қазіргі таңда білім беру саласында мүмкіндіктерді пайдалана отырып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияны тиімді пайдалана отырып, оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін, жаңа технологияны тиімді пайдалану, оқытуды жетілдіре түсу, оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың білім деңгейін халықаралық стандартқа сәйкестендіру-ең басты бағыттардың бірі болып саналады. Осы тұста оқу процесінде ойын технологиясын қолдану мәселесі тиісті нәтижесін беріп отыр. Ойынды қолдана отырып, оқыту технологиясының басты мақсаты - оқушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдын-ала болжай білуге үйрету болып табылады. Имитациялық ойын (немесе метафоралық іскерлік ойын) – бұл нақты бизнес-үдерісті көрсететін метафораның базасында құрылған іскерлік ойын. Имитациялық ойындар жарыс, кооперация, ережелер және имитация белгілері бар ойын қатысушылары сияқты ойын элементтерін біріктіреді. Бұл ойындар қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: пікірталас, келіссөз жүргізу, презентациялау, бірлесе әрекеттесу. Имитациялық ойындар жаңа ортаға бейімделу дағдыларын қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Мұндай ойындарда студенттер үйреншікті қалыптан өзгеше жағдайларда (ситуацияларда) өздерінің күнделікті құлықтары мен әрекеттеріне өзгерістер енгізіп, проблеманың шешімін табады.
Зерттеудің мақсаты-жалпы орта білім беретін мекемелердегі информатика сабақтарында оқытудың интерактивті имитациялық әдістерін қолданудың теориялық аспектілерін зерттеу және осы әдістерді қолдануға бағытталған әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.
Зерттеу объектісі - жалпы орта білім беру мекемелерінде информатиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні - информатика сабағында оқытудың интерактивті әдістерін қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу гипотезасы келесіден тұрады, егер информатика сабақтарында оқытудың интерактивті имитациялық әдістерін жүйелі және үздіксіз пайдалануды жүзеге асырса, онда бұл оқушылардың информатика бойынша білімі мен іскерлігінің деңгейін едәуір жоғарылатады, аталған пәнді оқытудың уәждемелік аспектісіне оң әсер етеді және жалпы білім беру сапасын арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет