Жаңа оқу жылы құтты болсын!


арасында сыбайлас жемқорлықпен күресті нақты



жүктеу 10.25 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата17.01.2017
өлшемі10.25 Mb.
1   2   3   4   5   6

арасында сыбайлас жемқорлықпен күресті нақты 

да белгіледі. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің 

мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Осы 

бағдарламаларды іске асыру аясында сыбайлас 

жемқорлық  қылмыстарының  пайда  болуының 

себептері  мен  жағдайын  жою  жөніндегі  нақты 

шаралар  белгіленді.  Біздің  университет  Респу-

бликада алғашқы болып «Жоғары оқу жүйесінде 

жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру 

тұжырымдамасын» 2014 жылы қабылдады.  Әр 

оқу жылына арналған оқу-тақырыптық жоспарға 

сәйкес  барлық  факультеттерде  құқықтық  жал-

пы  оқыту  жүргізіледі.  Жыл  сайын  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес және ҚР мемлекеттік 

қызметшілерінің Ар-намыс кодексін сақтау бой-

ынша іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітіледі.

«Жемқорлыққа  қарсы  күресті  күшейту 

шаралары  қаншалықты  деңгейде  жүріп  жа-

тыр?» деген сауалға жауап іздейтін болсақ, А. 

Байтұрсынов  атындағы  ҚМУ-да  жемқорлыққа 

қарсы  күресті  күшейту  шаралары  Қазақстан 

Республикасының    жемқорлыққа  қарсы 

заңнамаларына,  мемлекеттік  және  қоғамдық 

ұйымдардың  бағдарламасына  сәйкес  орын-

далады.  Студент  жастардың  отаншылдық 

тәрбиесін  қамсыздандыру, олардың  абырой, 

қарыз,  ел  келешегіне  жауапкершіліктерін  арт-

тыру, жемқорлыққа төзбестікті тәрбиелеу үшін 

«Студенттің  абырой  кодексі»,  «Оқытушының 

абырой  кодексі»,  «Қызыметкердің  абы-

рой  кодексі»  әзірленген.  Тұжырымдамада 

жемқорлықтың  пайда  болу  салдарын  жою, 

оған  негіз  болған  алғы  шарттарды  бол-

дырмау,  сыбайластық  байқалған  жағдайда 

оның  нәтижесін  жұмсарту  секілді  бағыттар 

көзделген.Университеттің,  ректораттың  және 

Ғылыми  кеңестің  жұмыс  жоспарларында 

жемқорлықтың  басын  ашу,  оның  алдын-алу, 

тыю  шаралары  қарастырылған.  Осы  бағытта 

университетте  Ар-намыс  кеңесі,  ректордың, 

проректорлардың,  факультет  декандарының 

виртуальды  қабылдау  бөлмелері  жұмыс  жа-

сайды, университеттің барлық бөлімшелерінде 

арыз – ұсыныс жәшіктері орналасқан.

Жұмысқа қабылдау кезінде тамыр-таныстық 

б о л м а с   ү ш і н   п р оф е с с о р - о қ ы т у ш ы л а р 

құрамы  бос  орынға  үміткер  болған  кезде, 

олардың  барлығы  конкурстан  өтіп  барып 

қабылданады.  2006  жылдан  бастап  ҚМУ-да 

профессор-оқытушылар  құрамы  жұмысына 

сарапшылықтың  рейтингтің  жүйесі  баға 

береді.  Оның  нәтижесі  бойынша  профессор-

оқытушылар  құрамының  жалақыларына 

қосымша үстемақы қосылады. Оқытушылардың 

жұмысын бағалау мақсатында студенттер ара-

сында сауалнамалар өткізіледі.

ҚМУ  әкімшілігі  электрондық  ректорат 

жұмысын да жолға қойған. Ол жариялылықты 

қамсыздандыруының,  нақты  менеджменттің 

персоналмен  жұмыс  жасауын  және  халыққа 

«электрондық  үкіметтің»  бағдарламасы 

жіберетін  қызметтерді  атқарудың тетігі болып 

табылады.Университетте білім тексерудің және 

емтихан білімін сараптаудың құрастырмалы-

рейтингтің  жүйесі  енгізілген.  Университеттің 

барлық мамандықтары кредиттік технология  

жүйесінде қызмет атқарады.

4


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Жас қалам



Жас қалам

ҚҰС


Терістіктен  дүниені 

қарашаның  қара  суығы 

қаусырып  алған.  Ілеспе 

дүкендердің  алдындағы 

ашық  аялдамада  көлік 

тосқан  жұрт  бүрісіп  тұр, 

біртіндеп  кетіп  жатыр, 

келіп жатыр. Ұрымтал жер. 

Алма кезек сапырылысқан 

ақ,  жасыл  газельдердің 

ешқайсысы 206-шы бол-

май  тоңдыра  бастады. 

Осы  тұстан  мешітке 

қатынайтын жалғыз марш-

рутты таксидің сирек          

   жүретіні өзіме бұрыннан       

 

                                  мәлім. Дегенмен жұма күні 



жиілетуге болар еді ғой. 

Қаланың оң жағалауындағы Тінібай мешіті үйден 

қашық емес, тек тікесінен қия тартпай, үлкен көшемен 

ұзынынан келіп, оңға бұрылсаң болды. Бір жол бар 

алыс, алыс та болса жақын деген сөздің құдіретін өткен 

жазда сезіндім. 

Жеке меншік кірпіш үйлердің маңынан қаңғыған бір 

топ ит ыстықтан марғау шоғырланып, жұмсақ топырақта 

аунап жатыр екен. Таяқ тастам жерден жүрегім тас 

төбеме шығып, құдайыма сыйынып тез өте шықтым. 

Мешітке апаратын соқпақ атаулының кедергісі кесірсіз 

екенін қауіптен ұзаған сайын мойындасам керек. 

Алайда  биылғы  оразада  көңілім  Орталық  үлкен 

мешітке баруға ауып, алып ұшты. Көктен себелеген 

қар ұшқынын ағылған мол автомобильдердің кедірлі-

бүдірлі дөңгелектері ілесе жұлып әкетеді. Сол себепті 

жылан жалағандай ақты қара жұтқан. Кенет мен құсты 

көрдім. Сол құстың дәл өзі. Және тағы оны тек мен 

ғана көрдім, менен өзге адамдардың ешбірі оған назар 

салмақ түгілі, тесіле қараса да көрмес еді. Тіпті олардың 

оған құлқы да, зауқы да жоқ екеніне шүбәсізбін. Өйткені 

құс былай қараса мүлдем жоқ болатын. Елес тәрізді. 

Мен болсам оның анық сол құс екенін жазбай таныдым, 

бәлкім, оны құрбандыққа қиып тастап кеткеннің бірі тап 

өзім болған соң еш жалтара алмадым. Оны бедірейген 

қарасұр асфальтқа тақтайдай етіп тегістеп тастапты. 

Түйсіксіз, ымырасыз жендет оның бір уыс денесін жер-

ге керіп, шегелеп, сөйтіп жазалағаннан айнымайды. 

Мұнымен христиандық тұспалға ұқсап шыққаны ма 

сонда, көгершін де қозыдай жуас, момын құс емес 

пе еді. Сондай-ақ, әлдеқашан жол үстіне тапталып 

кеуіп қалған өлі құстың сұлбасы көзіме гербты һәм 

балалардың аппликациясын елестетті. Бұл дүниеде 

метафораның шегі жоқ екенін енді аңдадым. Құстың 

қос қанаты бір жағына ғана қайрылмапты, аспанда азат 

ұшып бара жатқандай, кәдімгі кітаптың қос парағындай 

шалқасынан ашылып жатыр. Тегі ол өліп бара жатқанда 

да самғап ұша жөнелуге зар мүсәпір кейпінде қалған-ау. 

Әлде гүрілдеп төнген темір тажалдан қорғанбаққа көкке 

көтерілмекке ақырғы рет талпынған күйі мерт болған. 

Үміттің ажалдан араша күтпегі неліктен. Көз айырмай 

қадалған сайын құстың бір жапырақ денесінен бір қадам 

алшақ басы бөлек жатқанын топшыладым. Құс біртұтас 

тапталған деуге орналасу қалыбы мен бедері рұқсат 

бермеді. Сонда қалай, сорлы құстың бармақтай басын 

зілбауыр дөңгелектер қиып тастап, оны серпе лақтыра 

апарып сәл арырақ жаншыған ғой. Келер мезетте сүйегі 

қарайып, өзі жермен-жексен болған, бірақ мүрдедегі қос 

қанатының қауырсындары табиғи қалпын жоғалтпаған 

құстың мойнындағы құбылған жасыл реңнің құдіреті 

оңайшылықпен өшпейтіні маған әбден мәлім болды. 

Өлген адамның сүйегі қурағанмен шашы шірімейді деп 

айтатыны есіме оралды. Кептер құстың мойын тұсын 

орап  тұратын  жасыл  түске  гауһар  тастың  сәулесін 

жалатып қойған табанына, елдің аяқ астына дөп тұсы 

бола тұра сол бояуын ештеңе өшіре алмапты. Әйтпесе 

мойынның тұсы екенін жасылданған қою, нұрлы көркінен 

білмегенде  қайдан  білуші  едім.  Жаз  жамалында 

қалада көгіршіндер ұя басарда мойыны жуанданып 

гүрілдегенде дірілдеп, үлбіреп, біресе торсиып, біресе 

басылып, ойнақшып құбылатын. Сонда айналасындағы 

өмір бейқам һәм маңғаз манаурап, бесіктегі нәрестеше 

бейбіт мүлгіп сала беретін. 

Енді  сол  әсем  тылсым  түсті  үйірлі  жылқы  

ж а н у а р л а р д ы ң   ж а б а й ы   д ү б і р і н   ұ р л а ғ а н 

автомобильдердің түтінді салмағы түгілі адуын күннің 

ызғары, өрекпіген өкпек жел мен кезбе ажал қосылып 

мүлдем  құртып,  жойып  жіберуге  дәрменсіз  екенін 

танытты.  Құстың  қос  қанаты  таудағы  тасты  жарып 

өскен бірер түп өсімдікке және ұқсайды. Бірақ бұл мені 

ерекше сұқтандырған да, қамықтырған да жоқ, жарық 

дүниені түбі бір қайғы алып тынарын арғымағымнан 

айрылғаннан бері көшпенді санамнан әркез өшірген 

емеспін.  Сөйте  тұра  мынау  жұрнағы  көркем  құсты 

тұспалдап, ишара ретінде қабылдаудан түк шықпасына 

көк  аспан,  күн  мен  ай,  құс  жолы  куә.  Ал  бұл  құсты 

тірісінде осыдан қанша уақыт бұрын көргенімді тіпті 

де есіме түсіре алсамшы. Бір ай бұрын ма, тамызда 

ма, қыркүйекте ме, бұйырмасын, сол сәттің дедектей 

жөнелетін әурешіліктің қай қатпарында қалғанын. Адам 

баласы әншейінде фәнидегі жел аударған қаңбақтай 

домалайды әрі мұнысын әрнеге үлгердім деп масайрайды.

Көк кептерлердің қара жолдың тақырынан да жем 

іздеп жанай ұшатыны жаман, соның біреуі машинаға 

соғылып, қанатын зақымдап алса керек. Көшедегі тола-

сы бір тыншымас қозғалыс төнген сайын мөлиіп қозғала 

қоймаған. Сол мәрте – асыққан шәйтан ісі, көзіме контактілі 

линзамды тағып шықпағаныма өкінгендей боламын. 

Маршрутты таксилер лық толы болған сайын наразы 

пейілмен автобусқа отыруға тура келді, әсіресе, ескілерін 

жақтырмаушы едім. Автобустар жүргіншілерді ұзақ тоса-

ды, мұндайда адамның рухын жаншитындай әлденесі бар. 

Құстың ашық жол үстінде қалғанын автобусқа отырғанда 

барып зорға көрдім. Алдымен жерден көзіме бұлдырап 

бірдеңе шалынды. Үздіксіз жұмыстан ерекше қалжырап 

жүрген кезім, қағазбастылықтан миым ашып кетпесе де, 

адамша демалудың кезеңі әлдеқашан, әлденеше орам 

болып өтіп кеткені мейлінше айқын құбылысқа айналған.

Автобус  асығатын  түрі  көрінбеді.  Сөмкемнен 

көзәйнегімді алып қарағанда – құстың ұша алмай сұлқ 

отырғанын сонда көрдім. Автобус шбандап тұрғаны 

Айгүл Кемелбай

32

әңгіме



C

M

Y



K

Студенттің  білімін  тексеру  жүйесі  бес 

кезеңдік  семестрлік    аттестациядан  тұрады. 

Қазақстан тарихынан және мамандық бойын-

ша  мемлекеттік  емтихандарда  студенттердің 

б і л і м і н і ң   с а р а п ш ы л ы ғ ы н а   су б ъ е к т и в т і 

ықпалды  болдырмайтын  бланктік  тестілеу 

әдісі қолданылады. Бүл әдіс ұлттық тестілеу 

орталығы  технологиясы  негізінде  өзіміздің 

бағдарламашылар  жасаған  жүйе  арқылы 

өткізіледі.  Ал  ағымдағы  басқа  емтихандарға 

екі  оқытушының  қатысуы  міндетті.  Сту-

деттер  мен  магистранттардың  дипломдық 

жұмыстарын  және  магистрлік  диссертаци-

яларын  біздің  университет  қызметкерлері 

жасаған  «Антиплагиат»  жүйесі  тексеруден 

өткізеді. Оның нәтижесі бойынша жұмыстарды 

қорғауға жіберу туралы шешім қабылданады.

«Жемқорлыққа  қарсы  күрес  негіздері» 

атты элективтік курс барлық мамандықтарда 

өткізіледі. Сонымен бірге жемқорлыққа қарсы 

күрес  мәселелері  кафедра  отырыстарында 

қарасты р ы л ы п ,   з а ң г е р ле р м ен   к е з д е су -

лер  өткізіледі.  Студенттермен  әр  сессия 

аяғында,  түлектермен  диплом  алар  алдын-

да  жемқорлық  фактілері  туралы  арнайы 

сауалнама  өткізіледі.  Олардың  нәтижелері 

б ө л і м ш е ле р   м ен   у н и в е р с и т е т   к е ң е с і н і ң 

отырыстарында  қарастырылып,  қажетті 

жағдайларда шешімдер қабылданады.

Барлық факультеттер мәжілістерінде құқық 

бұзушылық  мәселелері    қарастырылатын  

с т у д е н т т і к   қ о ғ а м д ы қ   қ ұ р ы л ы м д а р -

студенттердің ар-намыс кеңестері құрылған. 

Деканаттармен тығыз байланыстағы студенттік 

деканаттар  және  старостаттар  мен  студенттік 

автономияның  буындары  жұмыс  істейді.Уни-

верситетте  басқа  да  құрылымдар  -  Жастар 

бастамасы  орталығы,  студенттер  Альянсы, 

студенттердің ар-намыс кеңестері, студенттердің 

өзін-өзі басқару ұйымдары жемқорлыққа қарсы 

күреске  жұмылдырылған.  2006-2007  оқу  жы-

лынан  бастап  заң  факультетінде,  2009  жыл-

дан  барлық  факультеттерде  Қамқоршылық 

кеңестері  қызмет  атқарады.  Олар  оқу  үрдісін 

ұйымдастыру мен басқа да қолғабыстарымен 

қатар жемқорлыққа қарсы шаралар өткізуге ат 

салысады. 

Әрине,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

күрес  талаптары  қаншама  күшейгенімен 

заңды айналып өтудің түрлі айла-шарғылары 

әдетте  сан  құбылып,  жиі  өзгеріп  келеді.  Заң 

талабы  түзу  болғанымен,  оның  тетіктері 

қоғамда  әрқашан  да  терең  ойластырылып, 

жаңғыртылып  отыруды  қажет  етеді.  Бұл  та-

рапта заңгерлердің әрекеті мәселені шешуде 

аздық  етеді.  Сондықтан  да  оқу  орнының 

профессор-оқытушылар  құрамы  ауызбірлік 

танытып, күш біріктіре отырып қызмет жаса-

улары қажет.

ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлт  жо-

спары  -  бес  институционалдық  реформаны 

жүзеге  асыру  бойынша  нақты  100  қадам» 

бағдарламасын  басшылыққа  ала  отырып, 

жемқорлықтың  алдын  алу  және  сауықтыру 

жұмысын жетілдіре түсуге күш салатын бо-

ламыз.

Жемқорлықтың алдын алу

5


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Алмасбек Әбсадықов



Ахмет Байтұрсынов атындағы  

ҚМУ  проректоры,  филология 

ғылымдарының докторы

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ 

ТУРАЛЫ 

 

Бізде Кеңес дәуірінен қалыптасқан 

үлгі  бойынша,  білім  маусымы  1 

қыркүйектен басталып, 25 мамырда 

аяқталады. Одан кейін оқушылар 3 

айлық жазғы демалысқа шығады. 

Бұған қоса оқу мерзімнің арасында 

жалпы көлемі 3-4 аптаға жететін 

тоқсан аралық (күзгі, қысқы, көктемгі) 

демалыстар  бар.  Сонда  біздің 

оқушылар үшін жыл он екі айдың 4 

айы, яғни 3/1 демалыс күндері болып 

келеді екен.

Қазіргі  жүйедегі  үрдістің  таза 

оқу  апталығы  –  34  апта  немесе 

алтыкүндік оқу кестесі бойынша, 204 

(34*6) күн. Бұған мерекелік демалыс 

күндерін қосыңыз. Оның ұзын саны, 

оқушылардың қысқы демалысымен 

тұспа-тұс  келетін  Жаңа  жыл  мен 

Рождество мерекесін және көктемгі 

демалысқа  дәл  келетін  Наурыз 

мейрамын қоспағанда, 8 күн. Олай 

болатын болса, 204 күннен 8 күнді 

тағы шегеріп, 196 күн деп санауға 

тура келеді. Бұл да шегерудің соңы 

емес. Егер мереке күні демалыс 

күніне тура келсе, мерекелік күндер 

туралы заң бойынша, тағы бір күн 

қосылады. Сонымен, орта есеппен, 

біздің оқушылар 32,6 апта оқиды.

Білім саласы сарапшыларының 

пікірінше, дамушы елдердің нөпірінде 

кеңестік жүйеден шыққан елдердің 

білім  жүйесінде  оқушылардың 

демалыс  күндерінің  мерзімі  көп. 

Екінші  сөзбен  айтқанда,  біздің 

оқушыларымыз дамыған елдердің 

оқушы балаларына қарағанда аз 

оқиды,  керісінше,  көп  демала-

ды.  Осы  жерден  сұрақ  туындай-

ды: бәлкім, біздің дамушы елдер 

қатарынан дамыған елдің тобына 

қосыла алмай жүрген себебіміздің 

де  бір  ұшығы  осында  жатқан 

шығар?  Мүмкін  біздер  бәсекеге 

қабілеттілікті  балалық  шақтан 

дайындайтын  мерзімді  дема-

лыс  күндерімен  шегеріп,  шектеп 

жүрген жоқпыз ба?

Ендігі  кезекте  осы  төңіректе 

ой  тамызығын  тұтатайық.  Алды-

мен,  оқу  маусымының  не  себеп-

тен  күзде  басталатынына  назар 

аударайық.

Білім  маусымын  күз  айы 

кіргеннен бастау кеңестік дәуірдің 

30-жылдарынан орныға бастаған 

екен. Оқушы балалардың жаз ай-

ында  ұзақ  демалатын  себебінің 

сырын  патшалық  Ресейдің 

аграрлық ел ретінде қалыптасқан 

экономикалық  жағдайынан  іздеу 

қажет. Патшалық Ресей тұсында 

жаз  айларында  оқушылар  мек-

теп  қабырғасына  тартылмаған. 

Өйткені  сол  кездегі  тұрмыстың 

ауырлығына  байланысты  жас 

балалар  күн  көрістің  қамымен 

егін  немесе  мал  өсірумен  ай-

налысатын  ата-аналарына 

көмектесетін.  Басқаша  айтсақ, 

мектеп  жасындағы  бала  жаз 

айларында  егін  немесе  мал 

шаруашылығымен  тікелей  ай-

налысып  немесе  оны  қосымша 

күнкөріс  ретінде  тұтынып  жүрген 

ата-анасына (бүгінгі күннің сөзімен 

айтсақ,  өзін-өзі  қамтамасыз  етіп 

жүрген азаматтарға) егін салу, оны 

жинау, шөп шабу, мал бағу сынды 

жұмыстарына  қолғабыс  етіп,  өз 

жәрдемін тигізетін болған. Бұл сол 

тұстағы мешеу қалған экономиканың 

болмысынан туындаған қажеттілік, 

тұрмыс тауқыметі болды.

Кеңестік дәуір тұсында ауылдық 

жерлерде осы дәстүр сол күйінде 

қалып,  тек  қаланың  балалары 

жаз  айларында  пионерлік  лагер-

лерге  жіберілетін  болды.  Міне, 

бүгінгі тәуелсіз Қазақстан да сол 

қалыптасқан  үлгі  негізінде  келе 

жатыр.  Бұл  үлгіден  бас  тартып, 

бұрынғы кеңес жүйесінің «шапаны-

нан» шығып жатқан елдер де бар. 

Олар - Балтық жағалауы елдері мен 

Грузия мемлекеті.

Қысқасы, біздерге кеңес кезеңінен 

қалған үлгі тиімді ма, әлде тиімсіз 

бе? Бірінші, стратегиялық тұрғыдан 

сараптайық. Жұмыр жер бетіндегі 

жұртпен білім-ғылым, өнер, дәулет 

жолындағы тартыс бәсекесіне ара-

ласып, ДСҰ-ға кірген, ұзақ жылдарға 

бағытталған «Қазақстан – 2050» 

Стратегиясында  30  озық  елдің 

қатарында  болуды  мақсат  еткен 

біздерге әрідегі патшалық Ресей 

мен бергі кеңес дәуірі тұсындағы 

ескі дәстүрді ары қарай жалғастыру 

экономикалық  және  оқу  үрдісін 

ұйымдастыру тұрғысынан  тиімсіз. 

Индустриалды-инновациялық эко-

номиканы  тереңдетіп  дамытуға 

бет бұрған бүгінгі Қазақстан үшін 

аграрлық  экономика  тұсында 

қалыптасқан  дәстүрден,  кеңестік 

жүйедегі бірізділік қасаңдылықтан 

арылу керек.

Дамыған мемлекеттердің (АҚШ, 

Батыс Еуропа, Шығыс Азия) тәжірибесі 

көрсетіп отырғандай, білім жүйесі 

экономикалық дамудың негізгі діңгегіне 

бағытталмаған ел дамудың алғы 

шебінде бола алмайды. Олардың 

экономикасы не нәрсеге сүйенеді? 

Әрине, бұл орайда алдымен ауызға 

ілінер сөз - инновация мен техноло-

гия. Озық елдер өз экономикасын 

жаңашыл инновация мен тиімді тех-

нологиялар арқылы дамытып отыр. 

Ал ол ұғымдар өз кезегінде білім мен 

ғылымға сүйенеді.

«Баланы  жастан»  дегендей, 

дамыған  елдерде  оқушылардың 

білімін ұзақ демалыссыз, аз-аздан бол-

са да үздіксіз дамытып отыру көзделген. 

Бұл тұста, қазақтың «Оқу - инемен 

құдық қазғандай» деген мақалы тіл 

ұшына оралады. «Инемен құдық қазу» 

- білім алу жолында үздіксіз іздену. 

Білім беру саласының ұстаздары 

жақсы біледі: білім аз-маздап үздіксіз, 

жүйелеп және кідіріссіз (ұзақ мерзімге 

ұласатын демалыссыз) үйренсе, бойға 

сіңімді, ойда ұзақ сақталады. Сан 

жылғы тәжірибе көрсетіп жүргендей, 

бірнеше айға созылған жазғы дема-

Ортаға салар ой

6

C



M

Y

K



Бір ел -  бір тағдыр

Бір ел -  бір тағдыр... 

Бұл  сөздер  жазы-

лып  жатқанда  бар-

ша  еліміз  Қазақстан 

халықтарының кезекті 

Ассамблеясын күтуде 

болатын.  Сол  күнге 

жетісімен  мерейлі 

Ассамблеяның  сес-

сиясында  түгелдей 

халыққа үндеу болған 

басты сөздер айтыл-

ды:  «Қазақстанңың 

2050  стратегиясы: 

бір  халық-бір  ел-бір 

тағдыр». Айтарлықтай 

нәрсе,  Қазақстан 

халықтарының  Ас-

самблеясы еліміздегі 

Бірлік күні  мерекесімен 

тұспа-тұс  келді.  Ел-

басы  мәртебесі  мен 

міндеттерінің бір парасы жыл сайын халқына арналған 

Жолдауын жариялау болып табылады. Жолдау болса 

әрбір қазақстандық асыға күтетін құбылысқа айналды. 

Жолдаулардың мәні мен мазмұны, өресі мен құрылымы 

тереңдеген сайын еліміздің іргелі ел болып, өркендеуі 

шапшаңдағанын,  елдің  өсуімен  бірге  Жолдаулар 

да  кемелденгенін  байқаймыз.Жаңа  әлемдегі  жана 

Қазақстан, бәсекеге қабілеттілік, еркін экономика, ұлт 

тағдыры, еліміздің қазіргі әлемдегі беделін нығайту 

жолында өзектілігін жойған емес.

Біздің  жерлесіміз,  академик  Манаш  Қозыбаев 

«Тәуелсіздік жолы – үміт жолы» деген мақаласында: 

«Ел азаматтары даудың жолына түсті, сөйтіп жаудың 

қолына түсті. Бодан болған халықты  жоңғар, өзбек 

биледі, қамырша иледі, ел азды, сарбаз тозды» – деп  

тарихи  шындықты  шымбайға  батырып,  шыжғырып 

тұрып  айтқан  еді.  Қазіргі  уақытта  өз  қолымыз  өз 

аузымызға жетіп, еліміз еркіндіктің дәмін татты, көк 

байрағымыз көкке көтерілді. Әнұранымызды шырқап 

айтып, Отанымыз десе мақтанатын болдық.

Елбасы  стратегия  аясындағы  басты  мақсаттың, 

түп мүдденің, армандай болашақтың берер жемісінің 

сыны  мен  сырын  ашып  берді.  Сөз  жоқ,  Қазақстан 

халықтарының Ассамблеясы атқарған іргелі жұмыстар 

Отанымызды көркейтудегі басты нышанға айналды.  

Жолаушының мақсаты-жет, саудагердің мақсаты-ұту, 

аурудың  мақсаты-сауығу,  шаршағанның  мақсаты-

тынығу... Осының барлығын қосатын, жай қосып қана 

қоймай,  қоғамға,  мемлекетке  шарапатын  тигізетін 

жолды ұсыну қас кемелдің ғана қолынан келеді. Бар-

ша  халыққа  арқау  болған  үндеудің  негізін  салушы 

елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі. 

Он жеті миллион азаматтың стратегиясы – болашаққа 

апарар жолдың, тарихи мәдени мұраның іргетасының 

бастауы. Ассамблея барлық халықтардың талғамдарын 

қорғаушы, біріккен құндылықтардың  реттеушісі бо-

лып табылады. Қайсыбір елдің азаматы болу – сол 

елді мекен еткен әр адамның тағдыры. Адам баласы 

өз талғамына сәйкес таңдау жасауға құқылы, біздер 

болсақ,  сол  таңдауды 

жасадық. Өзімізді отан-

дас,  тағдырлас  қылған 

да  сол  таңдау.  Өйткені 

Отанымыз,  жеріміз, 

еліміз  бір-  ол  тәуелсіз 

Қазақстан.  Қазақстан 

х а л ы қ т а р ы н ы ң 

Ассамблеясындағы 

Елбасының  айтылған 

сөздері бар азаматтарға 

демеу  болды. 

Нұрсұлтан  Әбішұлы 

айтып  кеткендей,  оның 

негізгі үш қағидасы бар. 

Біріншіден,  бұл  біздің 

ортақ тарихымыз. Тарих 

толқынындағы  деректі 

мәселерге жүгініп, өткен 

қателікті  болдыртпауға 

тырысу.  Екіншіден,  бұл 

Қазақстанда  тұратын 

барлық этностардың ортақ құндылықтары. Үшіншіден,  

барлығымызға  да  тірек  –  ортақ  мақатымыз,  кемел 

болашағымыз. Тұғырлы тәуелсіздікке ие болған соң, ел 

азаматтары ақылдаса отырып өз таңдауын тапты, өз 

ғұмырына мақсат қылып қойған түйінді шешті. 

Еліміз  өркендеу  барысында  басынан  талайды 

өткерді,  талай  империялардың  құлауының  куәгері 

болды, еркіндік үшін шайқасты, дағдарыс кезеңінен 

өтіп те шықты. Бұның барлығына қарамастан еліміз 

өсіп,  еркіндігін,  елдігін  нығайтады,  біріге  мақсатқа 

ұмтылып,  сол  мақсаттың  жүзеге  асуына  жетеді. 

Өсіп-өніп  қана    қоймай,  беделін  арттырады,  күш 

жинайды.  «Бір  ел-бір  тағдыр»  тақырыбының  өзі 

Елбасымыз жариялаған Отанымызда бірлікті орна-

тып, оны сақтау, сонымен қатар гүлдендіре берудін 

принциптері  біздің  болашақта  емін-еркін  өмір  сүру 

жайлы түсінігімізді арттырады.

2015  жылды  Елбасымыз  Ассамблея  жылы  деп 

жариялады. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ 

сессиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «XXI ғасырдың 

ең  басты  заңы  -  татулық.  Татулық  пен  тыныштық 

арқылы экономикамыз өседі, әл – ауқатымыз күшейеді, 

бейбітшілік орнайды. Біз келісім мәдениетін дәстүр 

ретінде ұрпаққа мұра етіп қалдыруымыз керек» - деп 

айрықша атап өткен болатын.

Республиканың  түкпір-түкпіріндегі,  әр  өңірдегі 

барлық этникалық топтардың мәдениеті мен өнерін, 

салт-дәстүрі мен тілін дамытуға бағытталған жарқын 

істер көңіл қуантады. Өйткені, бұл Қазақстан халқының 

ортақ тарихи-мәдени мол мұрасы ғана емес, бұл біздің 

кемел  келешегіміз  бен  асыл  қазынамыз,  ынтымақ-

бірлігіміздің кепілі. Бұл бағытта татулық пен бірліктің 

ордасына айналған этно-мәдени бірлестік өкілдері 

ауқымды істер атқаруда. Ал, осы игі істердің негізгі 

ұйтқысы біздің қазақ халқы.

Сәбина Сартова,

Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды 

балаларға арналған мектеп-интернаттың 11 

сынып оқушысы. Қостанай қаласы


Каталог: files -> nasha zhizn -> studencheskie izdanija -> Jas Orken -> 2015
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
2015 -> Индек с 75579 Табиғат тосын мінез танытты. Қараша айында қар жауып, жерге мұз қатты. Суретті түсірген Айбек ЖҮзбай c m y k c m y k тарихи суреттер
2015 -> «Киіктер тағы көбейеді, Сарыарқаны тастамайды» дейді «Алтын дала» мемлекеттік табиғи
studencheskie izdanija -> Наурыз, 2015 жыл
studencheskie izdanija -> Студенттер шығармашылығы наурыз, 2015 жыл


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет