Жаңа оқу жылы құтты болсын!



жүктеу 10.25 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата17.01.2017
өлшемі10.25 Mb.
1   2   3   4   5   6

Тілі бөлек - тілегі бір

31


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Әсемдік әлемі

Бәрінен де сен сұлу...

Қай  заманда    болса  да    қыз  атаулы  әрқашан 

гүлдей жайнап жүруге тырысады. Бет әлпетін сәндеп, 

дене пішінінің сұлулығына да ерекше көңіл бөледі.Сәнді 

киімдер киіп, әртүрлі әшекейлер тағады. Ал, біздің за-

манымызда  қыздар тек қана сұлу емес, басқалардан 

ақылды, әрі айырықша көркем болуға тырысады. Жыл 

сайын  өтетін  сұлулық  байқаулары  да  осыған  дәлел. 

Университетаралық,  қалааралық,  мемлекетаралық 

байқаулар  жетіп  жатыр.  Осы  байқауларда  бірінші 

орынға  ие  болатын  бойжеткендер  неге  біреуге  ұнаса, 

екіншісіне ұнамайды? Ал әлем байқауларын бағындырған 

аруларға келетін болсақ, «ең әдемі» деген атаққа ие 

болған бикештер де әркімнің көңілінен шыға бермейді 

ғой. Сонда қалай? Әділ қазылардың әділетсіз болғаны 

ма?! Әлде сұлулық та әркімнің талғамына байланы-

сты ма? Мүмкін сұлулық стандарты әртүрлі шығар?

Перизат ЖҰМАБЕК , журналист:

Сұлу  деген  сөздің  өзі  үлкен  бір  ғаламды 

шарлаған,  үлкен  сөз  іспетті.  Адамдар  казір 

сұлулыкты  екі  мағынада  тусінуді  калдырды. 

Сұлулық тек тән сұлулығы сияқты. Адам тек 

жан-дүниесімен  ғана  сұлуланады.  Жаның 

сұлу болса, алынбайтын қамал жок. Адамзат 

осы бір екі ұғымдагы сөзді көп шатастырып 

алмаса екен!

Жадыра ЖАНТЫҚБАЕВА, филолог:

Сұлулықты тілмен жеткізу мүмкін емес, көп 

жігіттеріміз сұлулық келбетте емес, жүректе 

деп  ,бірақ,  бірінші  назары  келбетке  кетіп 

қалатын  жайымыз  бар,  сұлулық  деп  мен 

имандылық пен ибалықты қатар ұстай білетін, 

көздері нұрға толы, жаны таза, қазақылыгымен 

баурайтын нәзік туындыны айтар едім.



Эльмира ЕГІЗБАЙ, журналист: 

Сұлулық    адам  жанын  марқайтатын, 

көзін  қуантатын,  тамсантып,  тәнті  ететін, 

таңырқататын, сүйсіндіретін көрініс, қимыл-

әрекет,  пішін  немесе  ой-қиялдың  жемісі. 

Солардың ішіндегі ең кереметі- қоғам мен 

табиғаттың ерекше перзенті — адам, соның 

сұлулығы.  Бірақ,  "сұлулық  бетте  емес 

жүректе" деген сөзді тілге тиек етуге болады. 

Небір  ажарлы,  көрікті,  сұлу  адамдар  бар, 

бірақ, олардың да әттеген-ай дейтін тұстары 

жетерлік. Кейбіреулер түр жағынан әп-әдемі 

болса  да,  мінез  жағынан  басқаша.  Міне, 

осыдан  жүзі  жалтырағанның  бәрі  әдемі  деп 

саналмайды. Әрине, өзі сұлу, өзі көрікті, бой 

десе бойы, ой десе ойы бар, мінезі жұмсақ, са-

бырлы т.б. жақсы қасиеттерді бойына жинаған 

мейірімді жандар баршылық.

Адам ешқашан өзіне қараудан жалықпайтын 

шығар.  Сарапшылардың  зерттеуіне  зер 

салсақ: 

• 18-24 жас аралығындағы қыз-жігіттердің 

51  пайызы  күніне  10-12  ретке  дейін  айнаға 

қарайдыекен;

•  25-34  жас  аралығындағы  жастардың  44 

пайызы айнаға жиі үңіледі; 

•  35-44  жас  аралығындағылардың  ішінде 

33 пайызы ғана айнадан алыстай қоймайды;

• 45-54 жас аралығындағы ханымдар мен 

мырзалардың  9,4  пайызы  айнаға  қарау 

әдетіне  адалдық танытады;

•  54  жастан  асқандар  көбінесе  күніне  бір 

мәрте ғана айнаға қарайтын көрінеді. 

 

Бір  қызығы,  қыз-келіншектержағы 



айнаға  бетін,  көзін,  кірпіктерін  тақап,  же-

ке-жеке  қараса,  ер  адамдар  тұла  бойына 

толық  қарағанды жөн санайды екен. Қалай 

дегенімен,  сұлулық  тек  беттің  тегістігімен, 

көздің  әдемілігімен,  тістің  түзулігімен 

өлшенбейді.  Сұлу  адам  деп  нағыз  көркем 

мінез иесін айтатының естен шығармайық. 

 

 



 

Жұпар  Қожахметова,

журналистика мамандығының 

3 курс  студенті

30

C



M

Y

K



лыстан келген оқушы білім теңізіне 

қайта малтығу  және оқу ырғағына, 

тәртібіне қайта көндігуі үшін кемінде екі 

апта уақыт кетеді. Мұны барлығымыз 

білеміз, бірақ оған көзжұма қарап, 

немқұрайылық танытып жүрміз.

Екіншіден, жаңа оқу жылын бастау 

мерзімін Қазақстанның ішкі мәселесі 

тұрғысынан  қарастырайық.  Жаз 

айында  ата-анасына  көмектесіп 

жүрген бірен-саран оқушылар ауыл-

дан табылмаса, бүгінгі таңда қалада 

ондай оқушыны шам алып іздесең 

де,  таба  алмайсың.  Оған  басты 

себеп – технологияның қарыштап 

дамуынан әлемнің экономикалық 

болмысы мүлдем өзгеріп, әртүрлі 

салаларда тың инновациялар жүзеге 

асып жатқан бүгінгі бөлек келбет. 

Бұрын аграрлық экономикасы басым 

болған Қазақстан индустриалдық 

кезеңге  түбегейлі  бет  бұрып, 

тұрғындардың қалаларға жиналуы, 

яғни урбанизация үрдісі қарқын алып 

тұр. Аталмыш үрдіс біздің алдағы 

дамуымыздың  бағыт-бағдарын, 

соның ішінде оқу жүйесін басқаша 

бағамдау керектігін талап етеді.

Қазіргі таңда ата-аналар оқушы 

балаларының  оқу  жүктемесінің 

көптігіне және бір аптадағы алтыкүндік 

оқу мерзіміне шағым жасайды. Шы-

нымен  де,  солай.  Оны  шешудің 

жолы қалай? Шешудің жолы – жазғы 

демалыс мерзімін қысқарта отырып, 

оқу мерзімін ұзарту, оқу апталығын 

бескүндікке  көшіру.  Мұны  қалай 

жүзеге асыруға болады?

Көздеген мақсатқа жетудің төте 

жолы - оқу маусымын қыркүйектен 

бастамай, бір ай бұрын тамыздан ба-

стау. Ұзарған оқу мерзімі арасындағы 

қыс айларындағы тоқсандық дема-

лысты ұлғайту. Осылайша, ауа-райы 

қолайлы, мамыражай жаз бен қоңыр 

күз айларында екі тоқсанды игеріп 

алып  (жарты  жыл),  оқушыларды 

жаңа жылдың алдында кемінде үш 

апта  болатын  қысқы  демалысқа 

шығару.  Сол  арқылы  жаңа  жыл 

алдында болатын қарбаласты де-

малыс шеңберіне кіргізуге болады. 

Бұл – бір.

Екіншіден,  Қазақстанның 

солтүстігінде қыс айларында күннің 

суықтығынан мектеп оқушылары 

апталап  сабақтан  қалып  қоятын 

кездері жиі болып тұрады. Қалып 

қойған сабақтарды қуып жетеміз деп 

ұстаздар оқушыларға тапсырманы 

үйіп-төгеді. Ақырында, шамадан тыс 

берілген тапсырмалар жарым-жар-

тылай орындалып, оқушының білім 

қоржыны  толмайды.  Оның  соңы 

екі жаққа да – ұстазға да, оқушыға 

да тиімсіз. Бір-бірін алдау болып 

шығады. Қысқы ұзақ демалысты аяз 

қысып, боран соғатын желтоқсанның 

соңы мен қаңтар айына орайласты-

рып,  аталмыш  қолайсыздықтың 

әсерін азайтуға әбден болады.

Жаңа оқу маусымын тамыз ай-

ынан бастау арқылы ұстаздардың 

алтыкүндік жұмыс күнін бескүндікке 

ауыстыруға болады. Аптасына екі күн 

тыныққан мұғалім, өзге мамандық 

иелеріндей,  жаз  айларында  30 

күндік заңды демалысқа ие болады. 

Бескүндік жұмыс күні мұғалімдерге өз 

білімін жетілдіруге, шығармашылықпен 

айналысуға кең мүмкіндік беріп, әрі 

денсаулығын сақтауға септігін тигізсе, 

оқушыларға түрлі үйірмелерге еркін 

қатысуға жағдай тудырады. Болма-

са, бескүндік пен алтыкүндікті өзара 

араластыруға болады. Мысалы, күн 

жылы, жарығы ұзақ бірінші (тамыз, 

қыркүйек, қазан айларында) мен 

төртінші (сәуір, мамыр айларында) 

тоқсанда алтыкүндік кестемен, ал 

жарық  көзі  қысқа  екінші  (қазан, 

қараша,  желтоқсан)  мен  үшінші 

(қаңтар, ақпан, наурыз) тоқсанда 

бескүндік оқу аптасын белгілеуге бо-

лады. Бұл тұста мұғалімдердің дема-

лысы 40 күн шеңберінде болып, оны 

олар жағдайдың барысына қарай екі 

бөліп (қыс-жаз) алуына да  болады.

Қысқы мезгілінде бескүндік оқу 

кестесіне көшу және оқушыларға 

күннің  көзі  қырауда  ұзақ  дема-

лыс беру - экономикалық тұрғыдан 

да тиімді. Әлемде экономикалық 

дағдарыс тереңдеп, оның салдары 

елімізге  қатты  әсер  етіп  жатқан 

кезеңде  біздер  Қазақстанның 

географиялық  орналасуын,  ауа-

райының ерекшелігін оңтайлы пай-

далана білуіміз қажет-ақ. Ең алды-

мен қыс мезгілінде жылдан-жылға 

қымбаттап бара жатқан жылу мен 

электр жарығын үнемдеуге мүмкіндік 

туып, оқушыларға қысқы демалысты 

Қазақстанның оңтүстігіндегі жылы 

аймақта  ұйымдастыру  арқылы 

(қысқы  лагерьлер),  ішкі  туризмді 

күшейтуге жол ашылады. Әсіресе, 

оңтүстіктің  таулы  аймағындағы 

шаңғы  спорты  дамыған  куротты 

аймақты (Алматы, Шымкент) ерек-

ше  өркендетуге  болады.  Соны-

мен қатар ұстаздардың біліктілігін 

көтеретін курстарын да қысқы дема-

лыс кезінде жүзеге асыруға болады. 

Қазақтың  қарапайым  мәтелімен 

айтсақ, құда да - тыныш, құдағи да 

-  тыныш. Сабақ үрдісіне де кедергі, 

мұғалімнің алаңдауына  да негіз жоқ.

Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай 

түйіні: Қазақстанға жаңа оқу мау-

сымын 1 тамыздан бастап, 31 ма-

мырдан аяқтау пайдалы. Бір жылда 

(365/7) 52 апта барын ескеріп, оны 

оқу маусымы мен демалыс аптала-

рына бөлсек, мынадай сипат көрініс 

алады:


І тоқсан – 10 апта оқу, 1 апта күзгі 

демалыс;

ІІ тоқсан – 10 апта оқу, кемінде 3 

апта қысқы демалыс;

ІІІ тоқсан - 9 апта оқу, 1 апта 

көктемгі демалыс;

ІҮ тоқсан - 9 апта оқу, 9 апта 

жазғы демалыс. 

Барлығы – 38 оқу, 14 демалыс 

аптасы. 

Аталмыш  38  оқу  аптасының 

қақ  жартысын  алтыкүндік  (І,  ІҮ 

тоқсандар),  екінші  жартысын  (ІІ, 

ІІІ тоқсандар) бескүндік кестемен 

оқығанда, біздің оқушылар 209 күн 

(19*6+19*5=209) оқитын болады. 

Қазіргі  34  апталық  жүйедегі  204 

күннен бар болғаны 5 күнге артық, 

бірақ оның есесіне қыс күндерінің 

ауа-райына  байланысты  сабақ 

оқылмайтын күндер азаяды, жар-

ты жыл бес күн оқығандықтан оқу 

жүктемесі мұғалімге де, оқушыға 

да жеңілденеді, біліктілікті көтеруге, 

шығармашылықпен,  спортпен, 

ғылыми ізденістермен шұғылдануға 

қолайлы  жағдай  туындайды,  бір 

сыныптан екінші сыныпқа көшкен 

кезеңдегі өтпелі уақыттың (өткенді 

еске  түсіру,  қайталау  және  жас 

организмді қайтадан оқу ырғағына, 

тәртіпке көндіру) мерзімі қысқарады, 

ал  мектеп  жылу  мен  жарықты 

үнемдейді, еліміз қысқы туризмді 

дамытуға мүмкіндік алады.

Тоқсандық  мерзімдердің 

бірыңғайлығы  (стандарттылығы) 

оқу бағдарламаларын жоспарлауға, 

оны  сабақ  кестесіне  қоюға  да 

ыңғайлы.  Оқу  апталарын  ұзарта 

отырып Елбасының бастамасымен 

жасалған «100 нақты қадам» Ұлт 

жоспарында белгіленген көптілділікке 

қатысты қадамды, яғни ағылшын 

тілі пәнінің сағатын ұлғайтуға және 

ағылышын тілінде жүретін пәнінің са-

нын арттыруға зор мүмкіндіктер ашы-

лады. Бұл орайда, біздер еліміздің 

алдағы  белестерде  12  жылдық 

оқу мерзіміне көшетінін де ескеріп 

отырмыз. Айта берсек, әлі де айты-

латын ойлар қатары мол. Алғашқы 

ойтамызықты осымен доғарғымыз 

келеді. Айтылған пікірлер үкіметке 

де, ұстаздар қауымына да алдағы 

уақытта ақылдасып, келісіп пішілер 

ойларға азық, айтыс-тартысқа безбен 

болар деп сенеміз... Ал, әзірше, Білім 

күні құтты болсын, қадірлі ағайын!



Ортаға салар ой

7


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Әр  бейсенбі  сайын  бас  қосып, 



домбыраға  қосылып  ән  айту,  күй 

тарту  бүгінгі  жастар  арасында 

әдемі  дәстүрге  айналды.  Бұл  іс-

шара  "Домбыра  -  party"  деп  ата-

лады.  Яғни,  домбыра  кеші.  Ең 

кереметі, ұлттық аспапты, ұлттық 

өнерді  насихаттауға  арналған 

ш а р а   р е с п у б л и к а м ы з д ы ң   ә р 

аймағында  бірдей  уақытта  баста-

лады.  Ешқандай  саяси  астары 

жоқ,  өнерге  асық,  әнге  ғашық 

жастар жиналатын кеш Қостанай 

қаласында да өтті. Алаш ардақтысы 

Ахмет  Байтұрсынов  атындағы 

орталық алаңға жиналған көпшілік 

домбыра,  гитара  аспаптарымен 

ән  айтты,  күй  тартты.  Бір  топ 

замандастарымыздың  сол  күні 

жаңбырға  қарамастан 

"Домбыра  -  party"-ға  кел-

г е н і н е   ш ы н   қ у а н д ы м . 

Ұлттық аспап пен қазақтың 

халық  әндеріне  жана-

шыр жастардың бар екені 

қандай жақсы.

Домбыра кешінде ҚМУ-

д ы ң   с т у д е н т і   Б о т а г ө з 

«Аққу»  күйін  нақышына 

келтіріп  орындады.  Бұл 

күй тыңдармандарға «Қыз 

Жібек»  фильмі  арқылы 

таныс.  Дәл  осы  күйді 

тартқанда  көрермендер 

а р а с ы н а н   б е й т а н ы с 

апай  көзіне  жас  алды. 

Кейбір өзге ұлт өкілдері іс-

шараны  қызыға  тамаша-

лады. «Қаражорға» билеп, шынайы 

қошеметтерін білдіріп жатқандар 

да табылып жатты.

Жалпы  "Домбыра  -  party"-дің 

осыдан  екі  жыл  бұрын  Қостанай 

қаласында  өтуіне  журналист 

Қымбат Досжанова үлес қосқан бо-

латын. Сонымен қатар жоғары оқу 

орындарының  пікірсайысшылары 

мен  студенттерінің  де  үлесі  көп 

болды. Ең бастысы республикалық 

д е ң г е й д е г і   е р і к т і л е р д і ң   і с -

шарасы  Тобыл  топырағында  да 

ұйымдастырылып  жатқанына 

қуаныштымыз.  Домбыра  кешіне 

асығатын  қыз-жігіттерге  мың 

алғыс!


Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ

29

Домбыра кеші көңілді



Өнер

C

M



Y

K

Қазақ хандығына  550  жыл



Дәстем сал Қарабасұлы

(жалғасы, басы № 4 санда)

Құмар боп жұртты жаулауға

Дегендей бізді сен байқа.

Шыңғысты қатты қолдапты,

Бұл аталған төрт тайпа.

Тоқтаған жері Шыңғыстың,

Еділдің Қалқа саласы,

Қайтыс болған сол жерде,

Есуқай бектің баласы,

Жерленген жері Шыңғыстың,

Қалқа өзені жағасы.

Өлгенде оны көмгендер, 

Табылмай кеткен моласы,

Ханы қайтыс болған соң, 

Татардың көңілі торықты.

Сүбітайдай сардары,

Тоқтатқан созбай жорықты.

Маңғұл, бұлғар, мешерлер,

Мекендеп шаһар Қазанды,

Салдырып сонда мешіті,

Молдасы айтқан азанды.

Ер жеткеше Батихан,

Бастамай татар соғысты.

Иемденді берік ұстап, 

Өздері алған қонысты.

Айлалы сардар Сүбітай,

Алдын болжап шолыпты.

Еділдің екі жағына,

Сол шақта татар толыпты.

Көп жұртқа зиян шектірген,

Шыңғысханның  соғысы.

Әлі күнге бос жатыр,

Ежелгі маңғұл қонысы.

Бос қалған татар жерлері,

Аңдардың қазір мекені.

Мәшһүр болды баршаға,

Иесіз аймақ екені.

Ескер, барын, барабы,

Құрлаш, сұңқар қарабаш,

Бұлар да татар тайпасы,

Сібірде тұрған аралас.

Осы алты елі татардың,

Астана еткен Түменді.

Мекендеген жерлері,

Есіл, Ертіс, Тобылдың, 

Тұтасар жері төменгі.

Қазақ, естек, өстектер,

Кәми, манса, қанттар да,

Қоныс қылып Сібірді.

Көрші қылып Сібірді,

Көрші тұрған татарға,

Осы елдерге хан болды,

Шыңғыс ханның ұрпағы,

Бақыты асқан ұл болды,

Жәдігер деген сұңқары,

Татар сұлтан Жәдігер,

Салмаса да тас қамал,

Ор қаздырып әр жерден,

Қорқануға етті амал.

Сібірлік түрік жұртына,

Жәдігер жайлы хан болды.

Дақ түсірмей ғұрпына,

Айтқаны оның  заң болды.

Жәдігер ханның сардары,

Орта жүз Керей Еламан,

Жәдігер билеп тұрғанда,

Ел-жұрттың болды басы аман.

Жәдігер өліп орнына,

Көшім сұлтан хан болды.

Ол да Шыңғыс ұрпағы,

Ақылға күші сай болды.

Жәдігер де, Көшім де,

Татардың белді сұлтаны.

Шыңғыс ханның тұсынан,

Татарлар болды ел ұлтанды.

Хан болған соң Көшім ер,

Түменнен әрі Тобылда,

Өз ордасын қондырды,

Тоғайлы, сулы орманға.

Жасыл ала ту тігіп,

Ауылын хан жайнатты.

Еламан ұлы Сейдекті

Бас уәзір сайлатты.

Жармақ сұмға ер Сейдек,

Шық десе де жекпе-жек,

Алыстан барып  оқ атып,

Келмей қойған қашып шет.

Ұрысқа қамдап қауымын,

Батыр мен би, бегі де 

Кетті деп жауға күйінді,

Мұсылманның кегі де.

Бермеу үшін қонысты,

Татарға қазақ  болысыт.

Көрген түсін сардарлар,

Жақсылыққа жорысты.

Қазақтың ордабасы*,

Дәулен батыр дер екен.

Керей-Уақ көсемі,

Дәулен асқан ер екен.

Өз тұсінда сол Дәулен,

Мұсылманға бел екен.

Жармаққа қарсы соғыста,

Ерлігі оның көп екен.

Орта жүз Керей-Уақтар,

Жармақпен қарсы соғысқа.

Естекке де, татарға,

Олар шындап болысқан.

Естектің биі Шалабай,*

Қазақтың бегі – ер Дәулен,

Жармақты бөгеп соғысып,

Қарсы тұрды көлденең.

Соғысам деп Көшіммен,

ДӘСТЕМНАМА

тарихи дастаннан үзінді

8


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Жармақтың қолы азайды.



Бермек болды ер Сейдек,

Жалмауызға сазайды.

Қанішер, жауыз Жармаққа,

Қайғылы жағдай орнаған.

Құтылмақ боп азаптан,

Татарлар ұрыс салыпты.

Он алты мың жыртқыштан,

Бес жүз бұзық қалыпты.

Көшім хан ісі оңдалды,

Халқы ылғи қолдаған.

Аштық жайлап ақыры,

Бес жүз ұры сорлаған.

Бекінген жерін Жармақтың 

Көшім мен Сейдек барлаған.

Аңдыған ерге тап болды,

Бес жүз құзғын сандалған.

Жармаққа пана болмады,

Ертістің Бағай саласы.

Қоршауға алды ел жауын,

Мұсылманның баласы.

Таң алаң-елең атқанда,

Шырт ұйқыда жатқанда,

Бағай өзен бойында,

Түсірді жауды қақпанға.

Шашын жұлды Жармақ сұм,

Татарлар дабыл қаққанда.

Тұс-тұсынан андыздап,

Мұсылман қолы шапқанда.

Бұйрық беріп Көшім хан,

Соғысқан күндіз жөн деді.

Бірде-бірін құтқармай,

Жан-жағынан төн деді.

Тірі ұста деп Жармақты,

Көшім хан айтты жарлығын.

Көрсетем деп жауызға,

Кең дүниенің тарлығын.

Аңдыңдар деді залымды,

Түсірмей суға барлығын.

Орындалмақ болды жұрт,

Ханның еткен жарлығын.

Атқармақшы қалың қол,

Көшімнің берген бұйырығын.

Тірі ұстап әкеп Жармақты,

Алмақ боп ханның сыйлығын.

Өліктің қарап арасын,

Жармақты ғаскер таппады.

Сүзіңдер деп сай-сайды,

Хан сабырлық сақтады.

Шоқпар тиіп, әлсіреп,

Жармақтың басы даң болды.

Соғысам деп татармен,

Денесі жара, қан болды.

Жылатқан жұртты жауыздың

Іші өртеніп шоқ болды.

Есалаңсыған Жармақ сұм,

Тоғайға кіріп жоқ болды.

Арасына еніп талдардың,

Халі азайып құлады,

Ісіне қылған өкініп,

Сақалын жұлып жылады.

Еске алмады сол сәтте,

Сауыт-сайман,құралды.

Ішіп-жеуге тамақ жоқ,

Аш тышқандай бұралды.

Күшін жинап ақырғы,

Шықпақ боп сыртқа бет алды.

Тоғайдан шетке шығарда,

Тұрып-жығылып қиналды.

Ханнан Сейдек қалаған,

Бағай өзен тоғайын.

Қыстап сонда шықпақшы,

Шаруаның ойлап оңайын.

Көшіп кеп қонған күздікке,

Бағай өзен бойына,

Бас уәзір Ер Сейдек,

Қолайлы жер деп қойма.

Ілесе келіп Сейдекке,

Қазақтар да үй тіккен.

Бес ауыл ғана қазақ бар,

Хан тобымен біріккен.

Ол бесеуі шынында,

Сейдектің ерткен ауылы.

Білмек болсаөң басқасын,

Татардың таза қауымы.

Ұстаған жерде Жармақты,

Талатып итке өлтір деп,

Өз қылғанын жауыздың,

Алдына бүгін келтір деп.

Сол арада Көшім хан,

Өзгертіп бірден бұйрығын.

Өлігін әкеп көрсетсең,

Дайын деп алар сыйлығың.

Жауыздығы Жармақтың,

Халық аузында сөз болды.

Алғашқыда татарлар,

Көп шабылып зарлапты,

Сол себепті Жармақты,

Мұсылман жұрты    

 

 

қарғапты.



Керейдің бегі Сейдек те,

Жармаққа бұғау арнаған.

Ізіне түсіп, жауыздың,

Соңынан сәрі, қалмаған.

Көшімді Сейдек қостаған,

Бұғалық жауға тастаған.

Жармақты мықты десе де,

Сейдектен күші аспаған.

Адал еді Сейдек ер,

Арам жолға бастаған.

Күн-түн жорып ел үшін,

Басына ерін жастаған.

Соғыспаса жауымен,

Ұрпаққа кейір атасы.

Халық пен хан-билердің,

Қабыл болып батасы.

Орта жүз Керей Сейдек те,

Ер еді асқан санаттан.

Сүйреп әкеп Жармақты,

Қабаған итке талатқан.

Қандыбалақ қарақшы,

Қолға түсіп қазаққа,

Қазақ, татар, естектер,

Салды оны әбден азапқа.

Жұрттың алған мазасын,

Тартты жауыз жазасын.

Тәңірім әркез қолдайды,

Пенденің адал, тазасын.

Қаза тапқан соғыста,

Қазақтың небір данасы.

Оқиға болған осыдан,

Жүз он бес жыл бұрын   

 

 

 



шамасы.

Хан мен батыр, бектердің,

Ел-жұртқа болған опасы,

Жоқ шығар  деп ойлаймын,

Бұл сөзімнің қатасы.

Әрқашанда жарандар,

Жақсы елдің аманы.

Жармақпен соғыс болған кез,

Шығай ханның заманы.

Жәдіктің ұлы Шығай да 

Сол тұста қазақ ханы екен.

Таққа отырды демесе,

Әйтеуір жүрген жан екен.

Татар, қазақ, естектің,

Бәрі айтады осылай.

Шежірені негізге ап,

Жыр жырладым тосылмай.

Хисса еттім қысқаша,

Уақиғаның төтісін.

Орыстан келген елшіден,

Жармақтың білдік әкесін.

Қазақ хандығына  550  жыл

9

C



M

Y

K



28

Қалаулы мамандық

Менің таңдауым - 

журналистика

Журналист    ма ман­

дығы  –  қиындығы  мен 

қызығы    мол,  жан­

жақты  болуды  талап 

ететін  жауапты  сала. 

Өз  шығармашылығы 

арқылы  қоғамға  да, 

а д а м ғ а   д а   қ ы з м е т 

е т е т і н,   қ а ш а н   д а 

шындықты  айтатын, 

жаңалықтармен бірінші 

хабардар  болатын 

кәсіп иесі.

Ж у р н а л и с т   б о л у 

–   б ұ л   м а қ с а т к е р , 

т а л а п ш ы л,   ұ ш қ ы р 

тілді  болу  деген  сөз. 

Қоғамда болып жатқан 

құбылыстарды  зерт­

теп­зерделеу  бары­

сында  өзінің  күші  мен 

уақытын аямай, шынайы, сүйікті оқырмандарын  

табатын дәрежеге жеткенде ғана нағыз журна­

лист бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы 

қорғансыздарға  пана  болып,  біреуге  үміт  пен 

сенім сыйлаған сәтте бұл мамандықтың құдіретін 

сезінуге болады.Осындай мамандық иесінің жыл 

сайын артуы, әрине, қуантарлық жәйт.

Журналистика  –  әр  адамның  қолынан  келе 

бермейтін,  төзімділікті,  еңбекқорлықты  талап 

ететін мамандық. Осындай мамандық иесі ата­

ну  –  менің  бала  кезгі  арманым.  Теледидардан 

сөздің майын тамызатын шебер журналистерді 

көргенде  қызыға  да  қызғана  қарайтынмын. 

Осылайша  мен  журнали­

стерге  тән  төзімділікті, 

еңбекқорлықты  өз  бой­

ымнан  іздей  бастадым. 

Сондықтан  бала  күнгі 

а р м а н ы м а   ж е т у   ү ш і н 

А.Байтұрсынов  атындағы 

Қостанай  мемлекеттік 

университетін таңдадым. 

Менің  арманым  жәй 

ғана  журналист  болу 

емес,  қоғамға  керекті, 

атқарған  қызметімен  үлгі 

болар,  нағыз  кәсіп  иесі 

атану.  Мен  үшін  алда 

кездесетін қиыншылықтар 

мен сәтсіздіктер маңызды 

емес.  Маңыздысы  сол 

қиыншылықтарға  қарсы 

тұрып, төтеп беру. Бүгінгі 

к ү н і   А . Б а й т ұ р с ы н о в 

атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің 

журналистика факультетінің 1 курс студентімін. 

Жаңа  орта,  жаңа  қоғамға  енді  ғана  үйренісіп 

жатырмын. Оқудың алғашқы күндерінен ерекше 

әсер  алудамын.  Бұл  жерден  көптеген  достар 

таптым. Көпшілік ортада ашық, еркін сөйлеуді, 

өзімді ұстауды үйренудемін. Ахаң атындағы оқу 

орнынан кәсіби білікті маман болып шығарыма 

сенімдімін. 

Перизат ОҢАЙБЕК,

ГӘФ журналистика мамандығының 

1 курс студенті.

1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет