Жаңа оқу жылы құтты болсын!



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата17.01.2017
өлшемі10,25 Mb.
#2036
1   2   3   4   5   6

Жақсы жаңалық

Қазақтың бас батыры Қобыланды

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин ел 

аралап жүріп, Марабай ақынның аузынан 

«Қобыланды» қиссасын жазып алып, оның 

«Тайбурылдың  шабысы»  деген  тарауын 

1879 жылы өзі құрастырған «Қырғыз хресто-

матиясында» жариялаған. Аталған эпостың 

толық мәтінін Махмұтсұлтан Тұяқбаев деген 

кісі  Қарабалық болысында тұрған жыршы 

Біржан  Толымбаевтан  жазып  алып,  1914 

жылы  «Қарақыпшақ  Қобыланды  батыр» 

деген атпен Қазан қаласында кітап қылып 

бастырған.  Жырдың  толық  нұсқасының 

Қостанай өңірінен табылуы тегін емес.

Мұрат  Мұқановтың  «Этнический  со-

став  и  расселение  казахов  Среднего 

жуза»  деп  аталатын  кітабында  («Ғылым» 

баспасы,1974  жыл)  қыпшақ  руларының 

орналасуы,  олардың  Қостанай  аймағына 

қоңыстануы  көрсетілген.

Қара  қыпшақ  Қобыланды  батырдың 

тікелей ұрпақтары Жаңбыршы мен Жиенбай 

батырлар қазіргі Қостанай қаласынан он бес 

шақырымдай  жерде  Талапкер  ауылының 

жанында  жұртты  жиғызып,  қолдан  үйгізіп, 

қарауыл  төбе  тұрғызған.  Бұл  төбе  «Кене-

сары көкиығы» деген атпен тарихта қалды. 

Халық  ақыны  Омар  Шипин  «Аманкелді 

батыр» атты дастанында:

«Жасынан батыр болды Аманкелді,

Ерлігін Аманкелді көзім көрді.

Әйгілі Қобыландының әруағымен,

Еске алам кешегі өткен кемеңгерді,» –

деген  болса,  Қобыланды  батырдың 

ерлігін  ұрпақтары  жалғап  отыр  дегенді 

меңзеген еді.

 

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы 



халықаралық  қор  халық  қаһарманы 

С.Нұрмағамбетовтың көзі тірісінде құрылған 

болатын.

 

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы 



халықаралық қордың қазіргі төрағасы Махмұт 

Нәлібаев,  осы  қордың  тең  төрағалары, 

белгілі қоғам қайраткері,шымкенттік ғалым, 

кәсіпкер  Серікжан  Сейітжанұлы,  Аста-

на  филиалының  директоры,  жиһангер 

Сапар  Ысқақов  есімдері  елге  танылған 

қайраткерлердің  атын  шығару  мақсатында  қыруар 

жұмыс тындырды. 

Қостанай қаласында Қобыланды батыр ескерткішін 

орнату  идеясын  ең  алғаш  ұсынған  осы  қордың 

Қостанай филиалының басшысы, Серікбай Бисетаев 

ағамыз. Игі мақсатқа ел азаматтарынан 28 милион 

теңгеден астам қаржы жиналды.

Қобыланды  батыр  ескерткішінің  авторлары 

шымкенттік мүсіншілер Әбдікәрім және Әбдімұналып 

Ахметовтер.  Ескерткіш  тұғырын  «БК-строй»    фир-

масы орнатты. Оның басшылары Игорь және Олег 

Кимдерге  мың алғыс!

Бұл ескерткіш қаһармандық символына айналған 

қазақтың  қас  батыры,  халқымыздың  бас  батыры 

Қобыландыға  қойылып  отыр.  Тарихта  бірнеше 

Қобыланды  болған.  «Бұл  қай  Қобыланды?»  деген 

сауалға қайтаратын жауабымыз – бұл «Қобыланды» 

эпосының бас кейіпкері болған батыр, қыз Құртқаның 

сүйген жары, қырық үш күндік кемдігі бар Тайбурылды 

ерттеп  мінген  Қобыланды.  Қазақ  тарихында  есімі 

алтын әріппен жазылған атақты Қобыланды батыр.

  Бұдан  былай  туысқа  ес,  дұшпанға  сес  болып 

тұратын  батырдың  еңселі    ескерткіші  асқақтап, 

даламыздың  да,  қаламыздың  да  мерейін  асыра 

берсін!

Суретте: Қостанай қаласында 

орнатылған Қобыланды батыр ескерткіші

15


C

M

Y



K

21

баев болатын. Ақын атамыз Сатыбал-



ды ишанға да жоқтау жазған. Жалпы 

Нұржанның өзі діндәр адам, оған Са-

тыбалды ишанның әсері мол болған. 

Нұржанның  өлеңдері  туралы 

кезінде Ахмет Байтұрсыновтан ба-

стап  Міржақып  Дулатов,  Бейімбет 

Майлин,  Сәбит  Мұқанов,  Әуелбек 

Қоңыратбаев сияқты тағы басқа да 

ақын-жазушы, әдебиет сыншылары 

жылы  пікір  білдіреді.  Нұржанның 

атын  атамаса  да,  өлеңдерін 

елі  оны  жүрегінде  ұстаған  екен.

Ел ішінде ақынның жарияланбаған 

өлеңдері де болуы мүмкін. Алдымен 

айтарым, бүгінге дейін Нұржанның 

термелерін айтатын аға буын өкілдері 

ел ішінде кездеседі. Башқұрт жазушы-

сы Сәйфи Құдаштың «Жастық шақтың 

ізімен» деген естелік кітабын парақтап 

шықтым. Сонда Нұржан өмір сүрген 

ХХ ғасыр басындағы қазақ интелли-

генциясы, өркендеп келе жатқан қазақ әдебиеті тура-

лы Сәйфи Құдаш тамаша әңгімелейді. Осы кітапта ав-

тор ақынның қашан жазғаны белгісіз, бірақ 1920 жылы 

көшіріп алынды деген бір өлеңінен үзінді келтіреді:

«Замана азған шағында,

Халқына ханы қарамас,

Қатын болар баққаны,

Ел пайдасын би айтпас.

Тамағы болар тапқаны

Әділдік білмес хакімі,

Актілеп жазып жатқаны,

Аманаттың аты жоқ.

Біреуді біреу сатқаны.

Алыс емес, жанында

Құрулы жүр қақпаны.

Көзің тайса бір елі

Жыландай шаншып шаққаны,

Көңілі қатты тастан да,

Сырты жұмсақ мақталы,

Жібітпейді көңілін.

Жетімнің жасы аққаны

Еңіреп жерде жатқаны!..»

Осы  өлеңін  Нұржанның  кітаптарынан  көзім 

шалмады. Ал қарияларымыздың жадында жүрген 

Нұржанның маржан өлеңдері болса әлі де болар, 

кім білсін. Сыздық Әбілғазин ақсақал, ақын Ақылбек 

Шаяхмет  Нұржанға  көп  еңбек  сіңірді.Нұржанның 

назымдарының  бәрі  де  нақыл  сөзден,  терең  ой-

дан тұрады. Ақын бағасын кезінде өз замандаста-

рынан, тұрғыластарынан алған. Біз айтып отырған 

Сәйфи  Құдаш  Нұржанмен  сол  кездегі  Қостанай 

қаласындағы  «Тәрәкки»  деген  кітап  дүкенінде 

кездейсоқ кездесіп танысады. «Ол кең кеуделі, өткір 

көзді қазақ екен» деп суреттейді Нұржанды. Талаптың 

тұлпарын мінген жас Сәйфи Нұржанмен таныспас 

бұрын оның «Манзумат қазақия», «Жұмбақ» және 

«Алаш» деген кітаптарын білгендігін айтады. «Ол 

менен:  Қазақ  ақындарынан  кімдердің  кітаптарын 

оқыдың?» - деп сұрап қалды. Мен әуелі Абайды, со-

нан кейін Нұржанның өзін атадым. Олардан басқа 

да қазақ жазушыларының есімдерін біртіндеп атай 

бастадым. Нұржан маған сүйсіне қарап отырды да:

-Әлде өзің де өлең жазасың ба? – деп сұрады. 

Мен  өлең  жазатындарды  өте-мөте  жақсы 

көретінімді  айттым  да,  жауабымды  Ақмолланың:

«Мен  бір  арық  тазымын  желіп  жүрген,

Қоян,  қарсақ,  түлкі  ізін  сезіп  жүрген.

А қ с а қ ,   а р ы қ   к е з   к е л с е   і л і п   ж ү р -

г ен »  ,   -   д е г ен   ө ле ң і м ен   а я қ т а д ы м . 

  Ақынның  жүзі  кенет  нұрланып,  көзі  жай-

нап  кетті.  Ол  маған  өз  әкемдей  жылы  ұшырап.

- Бәрекелді, талапты жігіт екенсің, сапарың сәтті 

болсын, - деп арқаға қақты» -деп еске алады. Айтпақшы 

осы естелігінде Сәйфи Құдаш алғашқы өлеңдерін 

Нұржан  Наушабаевқа  еліктеп  жазғанын  айтады. 

   - «Қын түбінде біз жатпас» деген ғой. Нұржанның 

назымдарын ақын атындағы мектеп бүлдіршіндері 

жаттап айта бастады. Нұржанның шығармалары оның 

ортамызға толық қайтып оралуына лайық. Ал менің 

мамандығым әдебиеттін алыс болса да Нұржанға 

қызығушылығым,  ол  біріншіден  –  туысым.  Сосын 

Нұржанның  шығармашылығы  ден  қойған  кімді 

де  болса  иіріміне  тартады.  Ақынның  өмір  сүрген 

заманы  да  қазақ  тарихы  үшін  қызық  дәуір.  Сол 

кездегі қазақ зиялылары тындырған іс, ұлт мүддесі 

үшін  жасаған  жақсылықтары  ғажап.  Бүгінгі  ұрпақ 

Нұржанның атын тек естіді, оны әлі танып білуі керек. 



Жанкелді Отарбаев,

техника ғылымдарының докторы, 

профессор

Халық мұрасы

C

M



Y

K

Тегін білген елін сүйеді



Біздің дәуірімізге дейінгі  Ү-Ш ғасырлардағы сақтар,  

ғұндар, Қаңлы, Үйсін мемлекеттері,  Түрік, Батыс түрік 

қағанаттары, Оғыз, Қараханид, Дешті Қыпшақ, Хорезм-

шах мемлекеттеріне барып тірелетін түп-тұқиянымызды 

айтпағанда, басынан түрлі ғаламат, кесапат замандар 

өткен халқымыз осыдан 550 жыл бұрын шамасын-

да  хандығын құрды. Бүгінгі әлем таныған Тәуелсіз 

Қазақстан Республикасының түп негізі осында жатса 

керек.  Мемлекеттің  сыртында  елдік,  ұлттық  ұғым 

бар. Елдігіміздің тарихы өз руының, жеті атасының 

шежіресін білуден басталады. «Жеті атасын білмеген-

-жетесіз», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын 

жер, жеті атасын білмеген  құлағы мен жағын жер» 

деген    мәтелдер  елдіктің  туын  жоғару  ұстау  үшін 

айтылған болар.  Өзінің тегін білмесе,  тектілік қайдан 

болсын?   Өз атасының, руының шежіресін  білудің 

генеологиялық сипатымызды, ұрпақ тазалығын, тегімізді 

сақтауда да маңызы зор. Қазақтың бай салт-дәстүрінің 

де, ұлтжандылықтың, отаншылдықтың рухани бұлағы 

осы тегін білуде жатыр.

-  Рудан  тұратын  халқымызда  туыстық  сезім 

күшті  дамыған.  Қазақтың  жігіті  өз  руының  қызын 

қарындас  деп  біледі,  оның  қамын  сырттан  ойлап 

жүреді. Қазақтың қызы өз руының жігітін аға деп 

сыйлайды, арқа сүйейді. Ал екі рудың қызы мен 

жігіті  бас қосып, шаңырақ  көтерсе,   екі рудың  

кісілері төс қағыстырып, құда болады, «құдасын 

құдайындай  сыйлайды».    Ұрпақ  барда  –  құда-

жекжат бар. Құдалар барда қазақтың руға бөлінуі 

халқымыздың  бірлігіне  жік  салатындай  қауіп 

емес.  Қыз  беріп,  қыз  алысқан  рулар  айналып 

келіп, қайта туыс болады. Міне, бұл осы далада 

тарихын  тасқа  жазып  кеткен  аталарымыздың 

ұрпағы    жалғап  келген  даналық  десек  болмай 

ма? -- дейді Арғын руының Тобыл-Торғай  өңірін 

жайлаған  Тағышы  тайпасының  шежіресін  жа-

зып  шыққан  байырғы  ұстаз,  ардагер  Сұңқар 

Оспанұлы.   

Жақында  Науырзым  ауданының  Мереке 

ауылында  Шежіренің  тұсаукесері  болып,  онда 

жалпы  Қостанай-Торғай    даласының  тарихы 

айтылды.    Осы  өңірді  Бегіс,  Шөміш,  Тышқан 

батырлар  тұлпарларының  тұяғы  дүбірлетті, 

Мұртаза Хазірет елді имандылыққа үйірді. Қиын 

уақыттарда елін серкедей бастаған қайраткерлер 

мен білімді ғалымдардың да ізі қалды.  Елдің есінде 

келе жатқан ақын мен әнші, күйші де жетерлік. Жи-

ында  өркениеттің  жаһандық  құбылыстары  ұлттық 

құндылықтардың, ұлттық бояудың әлсіреуіне ықпал 

етіп  отырғанда, ұрпақ тәрбиесінің қазығын мықтау 

керектігі айтылды. Онда аға буын өкілдері өз ата тегін 

білу жас ұрпақтың тәрбиесін босаңсытпайтын тетіктің 

бірі екенін де ескертті.  

Тәрбиелік, тағылымдық  жиыннан кейін ас  беріліп, 

соңы  ақындар айтысы мен бәйгеге, балуандар күресіне 

ұласты.  

- Тарихымызда  ат бәйгесінсіз, балуандар күресінсіз 

қазақтың асы өтпеген. Ақындар да осындай жиындарда 

сөзбен шарпысқан, --дейді  Сұңқар Оспанұлы.  Қазақ 

хандығының 550 жылдығына орайластырып  өткізілген 

бұл аста да жиылғандар алдымен  балуан күресін та-

машалады. 

 Ерлан Омаров түйе балуан атанды.  

Арқалық қаласынан келген Азамат Ерәділов бірінші, 

Әулиекөл ауданынан келген Тоқтар Жиентаев екінші,  

арқалықтық  Асылбек Әбдіров үшінші орынды алды. 

Орта салмақта Берік Мұхамедияровтың жауырыны 

жерге  тимеді.  Одан  кейінгі  екінші,  үшінші  орын-

дар  Амангелді  ауданының  балуандары  Бекболат 

Мұқанов пен Қорғанбек Молдашевқа бұйырды.  

Ат бәйгесіне сәйгүліктерді атбегілер Қостанаймен 

қатар  Қызылорда,  Петропавл,  Көкшетаудан  әкеп 

қосты. 12 шақырымдық бәйгеге 16 ат шапты. Мәреге 

қостанайлық Қазбек Төлебаевтың  Малайсары деген 

сәйгүлігі бірінші болып жетіп, бәйгеге тіккен мотоциклін 

алды.  Ал 25 шақырымдық аламан бәйгеге 17 тұлпар 

қосылды. Онда Солтүстік Қазақстан облысынан кел-

ген Біржан Шәймерденовтың Қарасай атты тұлпары 

алдына қара салмай бірінші жетті. Бәйгеге тігілген Lada 

Granta жеңіл автокөлігін қанжығаға байлады. 

Астың  қызығы  ақындар  айтысынсыз  болмаған. 

Көпшілікке  белгілі  айтыскер  Салтанат  Өтелбаева 

мен жас ақын Тоба Өтепбаев айтысып, жыр аңсаған 

қауымның көңілінен шықты. Шалғайдағы ауылдағы 

тағылымды жиын осылай өтті.

16

Жеті атасы жетелі



C

M

Y



K

20

Халық мұрасы

Бұл  менің  көптен  көкейімде  жүрген  іс  болатын. 

«Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен» деп Нұрхан 

ақын  айтқандай,  Нұржан  атамыз  біртуар  тұлға 

болған. Өлеңдері ел аузында жатталған, термелерін, 

әндерін әншілер жарыса айтқан. Оны көп ақындар 

өзіне үлгі тұтқан



Балуандығы, азаматтығы өз алдына. 

Міне, солақай саясат кезінде осындай  ақынның 

атын  атауға  болмайтын  еді.  Оның  талай  ау-

ылдасы,  туған-туысы  Нұржан  үшін  жазықсыз 

жапа  шекті.  Олардың  ұрпақтары  бүгін  өсіп-

өнуде.  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері,  бүгінде 

сексенге  келіп  отырған  менің  туысым  Сақан 

Түгелбаев  ақсақалдың  айтуынша,  Нұржан  үшін 

бір  ауылдан  жеті  адам  сотталып  кете  барған. 

Тағы бір жағдайды үлкен кісілер айтып отырады. 

Махамбеттің Хамзасы деген атамыз 1949 жылы 

бір  шілдеханаға  барады.  Жиналғандар  «Кәне, 

Нұржанның  бір  термесін  айтып  жібер»  дейді 

ғой.  Атамыз  құбылтып  айтып  береді.  Содан  үш 

күннен кейін Хамза атамызды ұстап әкеткен екен. 

Ол  бір  терменің  кесірінен  көп  қиындық  көріпті.

Тәуелсіздігімізге дейін Нұржанның туысқандары 

ақын туралы  айта алмады. Тіпті бейітінің тұсынан 

өткендер тоқтауға қорқып, атамызға бағыштаған 

құранын жүріп бара жатып оқыған күндер болыпты. 

Тек саясаттың салдарынан оның аты кейінгі балалар 

үшін көмескі тартты. Соңғы жылдары қостанайлықтар 

Нұржанды зерттеді, шығармалары жарыққа шықты. 

Нұржанның  айналасына  шарапаты  көп  тиген 

адам дейді. Үлкен жүректі ақын сол кездің өзінде 

қатарластарын  руға  бөліп  алаламаған.  Бірақ 

Нұржан  жалпы  қазақтың  Нұржаны  болғанымен, 

туыстары  ерекше  мақтанышты    сезінсін,  соған 

лайық  жауапкершілігі  болсын  деп  ойладым.

  Нұржанның  жанында  менің  атам  Битән  қажы 

және  әжем  Жібек  жатыр.  Мен  де  перзенттік  па-

рызымды  орындап,  осы  жазда  олардың  басына 

төрт  құлақ  там  салып,  мәрмәр  тасқа  олардың 

Нұржан  Наушабаевқа  қатысын  жазып  қойдым. 

Халқымыз  тарихын  тасқа  жазып  қалдырған 

ғой.  Жетіп  жатса  кейінгі  ұрпақ  оқи  жатар.  

Битән  қажы  Нұржаннан  22  жас  үлкен,  оның 

аталас  туыс  ағасы  болып  келеді.  ХХ  ғасырдың 

басында  біздің  аймақтан  Хеңгітай,  Досмұғамбет, 

Хасен,  Күйеубай,  Есмұхамбет,  Битын,  Шегет  де-

ген  кісілер  қажылыққа  барады.  Шегеттің  сүйегі 

Меккеде  қалған  екен.Сол  Битән  атамның  кемпірі 

Жібек  әжеміз  Нұржанның  кіндігін  кесіпті.    Сосын 

өмір бойы іргелері ажырамай қатар қонған. Нұржан 

көңі,  Телеу  шоғы,  Оспан  шоғы  деген  жерлерді 

әкем  біздің  жұртымыз  деп  көрсететін  еді  бала 

кезімізде.  Ыбырай  Алтынсарин  жазған  Қыпшақ 

Сейітқұл  –  Нұржанның  аталары.  Менің  әкем  От-

арбай  да  Нұржанның  айналасында  жүрген.  Ол 

қайтыс болғанда басында отырып, арулап жерлеген. 

Битән атамның басына қойған тасқа Жібек әжемнің 

Нұржанның  кіндігін  кескенін,  әкем  Отарбайдың 

ақынды  арулап  жерлегенін  қысқаша  жаздырдым. 

   Менің әкем Нұржан туралы естелік айтқан кездері 

болды. Ылғи айтып отыратын. Бірақ жас кезіміз ғой, 

бәрін көкейге  тоқып ала алдым деп айта алмаймын. 

Бір әңгімесі есімде. Нұржан балуан болған кісі ғой. 

Жасының  елуден  асқан  кезі  екен.Бұлар  Атбасар 

жәрмеңкесіне бара жатып, жолда қос тігіп дем ала-

ды. Жолаушы кетіп бара жатқан бір жігіт бұлардың 

қосын  көріп  бұрылады.  Жігіттен  Нұржан  жөн 

сұрайды.  Жолаушы  Нұржанның  атын  естігенімен, 

түсін танымайды екен. Жол болсын? – дейді Нұржан

Нұржан деген балуанмен күресейін деп барамын. 

-  Сен  алдымен  менімен  күрес,  -  дейді  Нұржан. 

Екеуі сол жерде белдеседі, Нұржан жігітті жығады. Сонда жігіт: 

  -  Аға,  сізден  жеңілдім,  Нұржанды  жеңу  үшін 

тағы  дайындық  керек  шығар.  Мен  жәрмеңкеге 

бармаймын,  -  деп  кері  қайтқан  екен.  Ол  кеткесін 

Нұржан құлын сойдырып, қазысын көкала қойдай 

болып  көгерген  денесіне  тарттырады.  Нұржанға 

жігітті жеңу де оңайға түспесе керек. Жанындағы 

жолдастарына  енді  күреспейтінін  айтады. 

Келесі жылы Нұржан Атбасар жәрмеңкесіне тағы 

барады. Сөйтсе өткен жылғы жігіт «Нұржан қайда?» 

деп  іздеп  жүр  дейді.  Нұржан  тығылып  қалады. 

Нұржанның Ыбырай Алтынсариннің тілектес інісі 

бола білгенін де жалпы жұрт біле бермеуі мүмкін. 

Ыбырай  Торғайдан  қайтқасын  Нұржан  көбіне  ол 

кісінің  жанында  болған.  Ыбырайда  Нұржаннан 

басқа іні, туыс болмай қалмаған шығар. Ал оларды 

жақындастырған  білімділік,  ақындық,  халқының 

қамын ойлаған азаматтық, қайраткерлік екені да-

усыз.  Ыбыкең  Қостанайдағы  мектебін  салғанда. 

Нұржан қаржы жинауға көмектескен, Арақарағайдан 

ағаш  тасуды  ұйымдастыруда  Нұржанның  еңбегі 

көп.  Құрылысты  татар  көпестері  Якушевтар 

жүргізген дейді. Алтынсарин қайтыс болғанда оның 

жақындарына жоқтау жазып берген Нұржан Науша-

Қын түбінде біз жатпас

C

M

Y



K

ӨӨ 


ӨӨӨӨӨӨӨ ӨӨӨӨӨ

 ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ

Өз ұлдарын Отаны 

ұмытпайды



Арқалық  қаласында  Ауған  соғысында  қаза 

тапқандарға ескерткіш орнатылды.

Арқалық қаласындағы ескерткіштер қатары тағы 

бір  обелискімен  толыға  түсті.  Ауған  соғысында 

ерлікпен қаза тапқан жерлес жауынгерлердің рухына 

арнап ескерткіш обелиск орнатылды. Биіктігі 6 метр 

ескерткіш  сонау өзге топырақта көз жұмған қаһарман 

ұлдардың  рухын  асқақтатып  тұрғандай.  Гранит 

түстес плиткамен қапталып жасалған биік қабырғаға 

қиғаштап  ілінген    Калашников  автоматы  осы 

ескерткіштің бүкіл мазмұнын ашады.  Ана сүті аузы-

нан кеппеген өрімдей жастардың тағдыры сол кездегі 

саясатқа  байлаулы  еді.  Олар  интернационалдық  

борышын  өтеу  үшін  Ауған  жеріне  аттандырылды, 

қолына қару алды. Отанды қорғаған аталар ерлігіне 

қанып өскен ұрпақ  бөтен ел болса да тапсырманы 

орындауға  адалдық  танытқан  еді.  Сол  үшін  өмірін 

қиды,  ерте  үсік  шалған  тау  жауқазынындай  сол-

ды. Ерлік  -  қашан  да,  қайда  да  ерлік.  Ерте  солған 

боздақтарын Отаны ұмытпайды. 

Ескерткіштің  ашылу  салтанатына  арнайы  келіп 

қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек 

Смағұл  тебірене сөз сөйледі. 

-  Жат  елде  жүріп  жауынгерлік  тапсырманы 

орындаған, ерлікпен қаза тапқан, кейбіріне туған жер-

ден топырақ та бұйырмаған жерлестеріміздің ерлігі 

бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке, елдікке, патриоттық 

сезімге  тәрбиелеуге  қызмет  етеді.  Бейбіт  өмірдің 

қадірін  білуге  ұмтылдырады,  --деді  депутат.    Ол 

Ауған  соғысынан  ұлы  оралмаған  аналарға    көмек 

қаржы бөлу мүмкіндігі  қарастырылып жатқанынан 

да хабардар етті.     

Қаладағы жастардың гүлзар бағынан орын алған  

ескерткіш  «Қазақстан  аллюминиі»  акционерлік 

қоғамының  филиалы -- Торғай боксит кен басқармасы 

ұжымының патриоттық сезімге адалдығын көрсеткендей 

еді. Әуелде суретші Сайлаубек Едресовтың жасаған 

нобайын Торғай боксит кен басқармасының төрағасы  

Виктор Родин бастаған жұмыс тобы жетілдіре түсіп, 

қайта жасап шықты. Ескерткішке ілінген Калашников 

автоматын таза шойыннан құйды. Сөз алған Виктор 

Павлович ескерткішті дайындаудағы қаржы жинауға, 

құрылысына қатысуға атсалысқан өз ұжымына алғыс 

білдіре отырып,  кен басқармасы   жөндеу-механикалық 

учаскесінің  бастығы Юрий Ушаковтың, күрделі құрылыс 

бөлімінің бастығы Иван Барановтың есімін айрықша 

атап кетті. Ескерткіш 7,5 миллион теңгеге түсті. 

- Кеншілер мүсінші де болып кетті. Біздің азаматтардың 

патриоттығына қалай сүйсінбессің? «Ауғандықтардың» 

басына киген бас киіміне, қара  жауқазындарға дейін дәл 

келтірген, зергерлік жұмысты атқарды, -- дейді Арқалық 

қалалық  ауған  және  локальдық  соғыс  ардагерлері 

одағының төрағасы Ғалымжан Ерназаров. Обелискінің 

сол жағына Ауған жерінде қаза тапқан және хабар-

сыз кеткен боздақтардың, оң жағына соғыста алған 

жарақаттан елге келіп қайтыс болған жауынгерлер 

есімі  тасқа  қашалып  жазылған.  Мәжіліс  депутаты 

Бақытбек Смағұл  обелискінің  жасалуына атсалысқан 

Виктор  Родиннің  кеудесіне,  Бауыржан  Момышұлы 

атындағы  «Батыр  шапағаты»  медалін  тақты.  Со-

нымен қатар батыр атындағы медальмен Арқалық 

қаласының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов пен ескерткішке 

үлес    қосқан  «Алюминстрой»    ЖШС  директоры 

Абай  Мұқановты  да  марапаттады.  Сонымен  қатар 

Ауған және локальдық соғыс ардагерлері одағының 

төрағасы Мейрамбек Төлекбаев пен Бақытбек Смағұл 

Арқалық қаласындағы ауған соғысының ардагерлері  

Тимур  Кунаковтың,    Ғалымжан  Ерназаровтың, 

Қуандық  Аяпбергеновтың,    Марат  Балдықовтың 

кеудесіне Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс 

министрі,  Ұлы    Отан  соғысының  ардагері  Сағадат 

Нұрмағамбетов атындағы медальді тақты. 

Бүгінде Арқалық қаласында  ауған және локальды 

соғыстардың 30  ардагері тұрып жатыр. Соғыс өртін 

көрген олардан артық бейбіт күннің қадірін кім білер. 

Сондықтан  олар  жас  ұрпақ  тәрбиесіне  қашан  да 

атсалысып келеді.  

 

Ер есімі - ел есінде

17


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Күпшек санды күреңді де аямаған досынан,



Болмас жайды сөз етпеген, жаттың өзін өз еткен,

Арға тиер сөз болса егер, асырмаған басынан.

Қасқа жолы Қасым ханның, ескі жолы Есімнің

Қайнары еді қазынамның, сүрлеуі еді көшімнің,

Жылқыдайын мойынына әлі құрық түспеген

Кең далада кердең басып, оза шауып, көсілдім.

Үш жүздегі – Жолбарыс пен Әбілқайыр, Қайып хан

Олардың да күндері жоқ қас жауынан қаймыққан.

Дұшпандар да жай жатпады, жылан кірді іргеден,

Олжа тауып қалсам дейтін қазақ жиған байлықтан.

Қалмақ келіп,бұрын-соңды жасалмаған қастандық

Салдарынан қанды қырғын, шұбырынды басталды.

Осы кезде атой салып Бөгенбай мен Қабанбай,

Соңына ерткен елім десе еңіреген жастарды.

Күндер өтті жүрген кейде тілім нанға жарымай,

Бытыраған ел-жұртының басын қосты Абылай.

Құдасына қойын сойып, құйрық-бауыр асатып,

Енді қазақ қосып жейтін болды нанға сары май.

Қазағымның ертеңіне алаң болған күні үшін

Кенесары қынабынан суырғанда қылышын,

Ер басына күн туғанда дегені боп дұшпанның,

Төгіп-шашып алдық,бірақ, ұлтымыздың ырысын.

Еркін, батыл, әділетті, бойы биік, еңселі,

Ұрпақтарым тарихымнан сыр сабақтап көрсе еді.

Шаршап-талып, аңсап барып олар салған сара жол

Елдік  пенен ерлік және имандылық өлшемі.

Жүзін салмай жамандарға, өрге салмай өгізді,

Сенім артып адамдарға, жұрттың қамын жегізді.

«Қой үстіне бозторғай кеп жұмыртқалар күн туса,

Жақындатқан сол күндерді хандар болған» – дегізді.

Келімсектер қожа болып малға жайлы қоңысқа,

Атамекен азып-тозып, бодан болдық орысқа.

«Жыртық үйдің Құдайы бар» деген сөз де рас-ау,

Сол кезде де ерлер шықты тізгін берген намысқа.

Қарашықтай қорғап жүрген қолдағы асыл барың  да,

Тістегеннің ауызында, ұстағанның қолында

Кеткен кезде бас көтеріп азаматы Алаштың,

Тізе қосты, сөз байласты ұлы мақсат жолында.

Кезең өтті сан құбылған, талай-талай су ақты,

Лай балшық былғап бітті тұма, тұнық суатты.

Аштық болды, қастық болды, қорлық, 

 

 

 

 

зорлық көп болды,

Үйін өртеп, жесірлер мен жетімдерді жылатты.

Көрсе-дағы көз алартқан көрінгеннің қастығын,

Бірақ, қазақ қалды сақтап тілін және дәстүрін.

Арып-ашып келген жұртты құшақ жайып, 

 

 

 

 

 

қарсы алып,

Өзгелерді өгейсінбей,  дәлелдеді  достығын.

Таласпадық, дәм-тұзды да бірге татып,жарастық,

«Көппен көрген ұлы той» – 

 

 

деп талай қиын бел астық.

Соғыс  пенен бейбіт өмір алма-кезек алмасып,

Тұман күні адассақ та, көппен бірге адастық.

Көшіп-қонып жүрген қазақ кейін дербес ел болды,

Көршісімен тату тұрып, терезесі тең болды.

Арман бар ма ұрпақтары бабалардың кешегі

Енді бүгін жалғастырса осы  даңғыл, кең жолды.

Айнымаған кешегі өткен хан мен бидің сертінен,

Ұлан-байтақ қоңыстарын мекен еткен ел түгел,

Болашаққа сенім артқан, айқындалған мақсаты,

Бүгін Қазақ –тәуелсіз ел, ынтымақты, еркін ел.

Бүгін мен де арайланған нұрлы жолды таңдадым,

Ата-бабам аңсап күткен орындалды  арманым.

Торқа болсын жатқан жері,

 жәннатта нұр шалқысын,

Қазағыма қорған болған батырлар мен хандарым!

Қазақ хандығына – 550 жыл

19

C



M

Y

K



Қазақ хандығына – 550 жыл

Тыңда, балам! 

Бабалардың  ай-

тар  болсам  мән-

жайын,

Бүгін мен де шат-

танайын, тебіреніп,  

толғайын.

Мәңгілік  ел  бол-

сын  десең,  медет 

тілеп Алладан,

Ата-баба ісін алға 

апаруға бол дайын!

Гұн мен сақтың, 

к ө к   т ү р і к т і ң  

құрғамаған арнасы,

Қ а з а қ   е л і 

–   К ү л т е г і н   м ен 

Тоныкөктің жалғасы.

Кең даланы дүбірлеткен көшпелілер арқасы,

Бар әлемге танылса егер  бүгін Қазақ Ордасы.

Мамыражай заман болып, өтіп жатса сырғып күн,

Атқа қонып, келген жауды түре қуған кіл мықтың.

Тізеліні тізерлетіп, басы барды еңкейткен,

Көне түрік қағанаты – түп қазығы бірліктің.

Алтын орда шеше алмаған күн туғанда түйінді,

Ақ ордаға қалың қыпшақ аталған ел жиылды,

Мал көбейіп, жол кеңейіп, сауда-саттық өрістеп,

Сығанақта сыңғырлаған  алтын теңге құйылды.

Не десек те, Алтын орда, Ақ орда мен Көк орда

Жанкештілік көрсете  алды, жаншылмады табанға.

Адал ішіп, тура сөйлеп, билік құрды халыққа,

Бас имеді, өр кеудесін бастырмады арамға.

Құл-Қожахмет ілімімен негізделген сенімге,

Ислам діні қанат жайды ұлан-байтақ елімде.

Шариғатпен сәйкес келіп ұлтымыздың  дәстүрі,

Қасиетті Құран тұрды әр қазақтың төрінде.

Кешегі өткен бабаларым Жетісуды  қоңыс қып,

Деген жоқ па: «ата жаумен арыстандай алыстық!»

Керуен жолы – Шу мен Талас, Қозыбасы, Түркістан,

Сыр өңірі көзімізге  көрінеді әлі ыстық.

Болашақты болжай білген қыран тектес Керейім

Хан болғанда  асырды ғой ел-жұртының мерейін.

Өріс кеңіп, ырыс толып, ел іргесін бекітсе,

Еңкеймеген  ерлеріме алғыс айтпай не дейін?!

Атам – қазақ, ұраны – Алаш, керегесі ағаштан,

Қасиетті Түркістанда салтанаты жарасқан.

Қарашаның қамын ойлап хан мен сұлтан, бай мен би,

Жаһанамға аттандырды,  жауы болса таласқан.

Орыс ханның шөбересі, Барақ ханның текті ұлы,

Мақсатына жету үшін бос  кетпеген  көп күні,

Ұран салып, ұлтты оятып, жігер беріп қазаққа,

Таққа отырды Жәнібек хан тау жығардай екпіні.

Қазақ ханы өзге жұрттан асырып бар дәулетін,

Тым-тырақай қылған жоқ па Шайбанилар әулетін.

Бір жағадан бас шығарып, жеткен болса жеңіске,

Жібі түзу басшысы бар бола алмайды ел жетім.

Сарайшық пен Ұлытау да хан ордасы болған жер,

Мейманасы асып-тасып, несібесі толған жер.

Хақназардың бағы жанып, ормандай көп орыстар

Басын иіп, құлдық ұрып, елші келіп тұрған жер.

Хан ұрпағы Тәуекел мен Есім, Жәңгір, Тәуке  де

Ханның ісін жалғағаны – ұлтыма зор мәртебе.

Көктем шыға қызғалдақтар қыр төсінде жайнаса,

Туған жердің ұландарын еске алады әр төбе.

«Жеті жарғы» сол дәуірде болған жұртқа төреші,

Естен кетпес Төле, Әйтеке, Қазыбектің кеңесі,

Тоқсан нарға жүк болардай қиын-қыстау кезеңде

Қазағымның жанталасып  асқан әрбір белесі.

Тезге салып ел ішінде есер болса мақтанған,

Жауды көрсе сарбаз жиып, ел қорғауға аттанған,

Жақынына көмек беріп, мейірімін аямай,

Алыстағы дұшпанынан алдын ала сақтанған.

Еске түсер қыпшақтарға кеткен сіңіп Жошы хан,

Атқан оқтан қашамын деп  ақсақ құлан шошыған.

Елдің қамын жеген болса ер қорғаны Едіге,

Ұлы ордалар басталады Ұлытаудың басынан.

Дешті Қыпшақ, Жошы ұлысы 

 

 

 

тамыр тартса тереңге,

Қазақ деген ерекше атау естілгенде әр елде.

Ұлтына ұя сала алмаса, елге қорған болмаса,

Хандары мен батырларын қоспас еді өлеңге.

Шаршы топта сөз бастаған, қол 

 

 

 

бастаған жасынан,

Қазағымның  қорғаны



толғау

Ақылбеқ Шаяхмет

18


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет