ЖАҢалықтарымен жаңҒырдық «Оқу-инемен құдық қазғандай»



Pdf көрінісі
Дата09.03.2017
өлшемі280,7 Kb.
#8700

ЖАҢАЛЫҚТАРЫМЕН ЖАҢҒЫРДЫҚ  

«Оқу-инемен  құдық  қазғандай»  деген  нақылдың  мағынасын  ҚР  Білім 

беру  жүйесінің  ғылыми-педагогикалық  қызметкерлерінің  біліктілігін 

арттыратын республикалық институтына қарасты «Өрлеуде» 2 апталық оқуға 

келгенде  әбден  түсіндік.    Ғылым  бір  орында  тұрмайтын,  қоғамдағы  

өзгерістердің,  ғылымдағы  жаңалықтардың  легінде  өзгермелі,  дамымалы 

құбылыс.  

Мазмұны жаңғыртылған қазіргі білім салаларында еңбек етіп жүрген 

жүздеген  педагогтардың  қатысуымен өткізілген сабақтардың,  тренингтердің 

бергені  көңіл  толтырарлықтай  болды.  Әр  облыстан  жиналған  өз  ісінің  алға 

өрлеуін  мақсат  еткен  мамандарға  дәріс  берген  институттың  ғылыми-

профессор  қауымына  ризашылығымыз  шексіз.  Елбасымыз  ескерткендей, 

балаға  берілетін  білім  шаршатпайтындай  болуы,  оның  дүниені  тануы  емін-

еркін түрде, өздігінен ізденуі арқылы жүргізілуі көзделіп отырғанда, жоғары 

оқу  орындарынан  даярланатын  тәлімгерлерді  де  өз  білімдерін  өздері 

зерделеуге,  зерттеу  жүргізе    іздене  білуге,  «Не  білдім?»,  «Не  үйреніп 

шығуым керек?», «Мен кейінгі ұрпаққа қандай маман болып баруым керек?» 

дегендей  сауалдар  төңірегінде  ойландыра  оқытуымыз  қажеттігін  тыңдаған 

курстар  барысында  көңілге  түйдік.  Мұғалім  де,  олардың  білімдерін 

шыңдайтын  ЖОО  педагогтары  да  жаңа  технологиялар  үрдісін  ұғынып,  оны 

оқу  іс-әрекетінде  тиімді  пайдалана  алуымыз  –  бәсекелестікке  бел  буған, 

жаңашыл заман  талабы.   

 

«Өрлеуде» білім көтере жүріп біздер, тыңдаушылар, білікті де білімді 



ғылыми  ұжымның  теориялық  білімімен  ұлғайдық,  тренингтерінде 

шыңдалдық,  әр  әдіскердің  әдістерінен  төрт  модуль  барысында 

құзыреттіліктерімізді  бағамдадық,  топпен  жүргізілген  жұмыстарда  ой 

жарыстырып күшімізді барладық. Поэзия тілімен айтқанда: 

Қоғам да мынау өзгерді, 

Өзгергенін көз көрді. 

Қоғамда жаңа біздерге 

Өзгеретін кез келді! 

 

Білімді жалғыз теретін, 



Барын жинап беретін 

Дәстүрлі оқу кезінде 

Мұғалім бәрін жеңетін... 

 

Кез кетіп, жетіп жаңалық! 



Жаңа оқушы, жаңа үміт. 

Технологиялық модульдер 

Жіберді бізді жаңа ғып, 

Өз ісінде  дана ғып! 

 

Жаңашыл Ph d докторант! 



Сіздерге болсын аманат: 

Жиғанын жан сап жеткізген 

Жандарыңызға салауат! 

 

Күндерде қанша шаршаған  



Кеңпейіл жандар қоршаған, 

Басшыны көрдік қамқоршыл 

Қорғаны болған қанша жан!»,-  деп, таңның атуы мен батуын 

 

сездірмей,  шығармашылықка,  ізденіске  салған  институттың  ғылыми 



ортасына,  кітапхана,  шаруашылық  –  басқару  орындары  қызметкерлеріне, 

біздерді  сабақтан  қалдырмай,  кептеліске  салдырмай  апарып-әкеліп  отырған 

автокөлік  иелеріне  30-лектің  тыңдаушылары  атынан  алғысымызды 

білдіреміз.  Терең  біліммен,  жаңалыққа  құмар  жастармен    білім  көгіне 

көтеріле берейік! 

 

 



Павлодар мемлекеттік  

педагогикалық институтының 

профессоры, курс тыңдаушысы 

                                Алтын Бакраденова  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



                 ТЫҢДАУШЫЛАР  ТІЛЕГІ 

Қоғам да мынау өзгерді, 

Өзгергенін көз көрді. 

Қоғамда жаңа біздерге 

Өзгеретін кез келді! 

 

Білімді жалғыз теретін, 



Барын жинап беретін 

Дәстүрлі оқу кезінде 

Мұғалім бәрін жеңетін... 

 

Кез кетіп, жетіп жаңалық! 



Жаңа оқушы, жаңа үміт. 

Технологиялық модульдер 

Жіберді бізді жаңа ғып, 

Өз ісінде  дана ғып! 

 

Жаңашыл Ph d докторант! 



Сіздерге болсын аманат: 

Жиғанын жан сап жеткізген 

Жандарыңызға салауат! 

 

Күндерде қанша шаршаған 



Кеңпейіл жандар қоршаған, 

Басшыны көрдік қамқоршыл 

                   Қорғаны болған қанша жан! 

 

30 лек, 11-23 сәуір 2016 ж 



2-топ тыңдаушылары атынан 

Алтын  Бакраденқызы 

 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет