Жаңаөзен қаласы



бет1/8
Дата06.01.2022
өлшемі37,66 Kb.
#15310
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

Жаңаөзен қаласы

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі

ӘДІСТЕМЕ

Тақырыбы: Көркем шығарманың түрлерін оқыту

Орындаған:Шотанова Айдана

Тексерген: Джумагамбетова Зоя

Тобы: 3БШ-18б/б


2020-2021 о/ж
Сабақтың мақсаты:

Мектептегі әдебиетті оқытудағы жетекші принциппен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар.Оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі сабақ тиімділігін арттыруды,оның сапасын жақсартуды мақсат етіп қою.

ЪКөркем шығарманы оқытудан бұрын дайындық жұмысы жүргізіледі. Ол өтілетін шығарманың мазмұны мен көлеміне байланысты болады. Шығарманы әуелі тұтас оқыған тиімді. Өйткені, бөліп оқыса, балалар мазмұнын толық ұқпай қалады. Шығарманы шабытпен, тыңдаушылардың көкейіне қондырып оқу керек. 
Бастауыш мектеп жасындағы балаларға нақышына келтіре сөйлеген сөздердің керемет әсер ететіні, олардың есту сезімін дамытып, санасын оятатыны, шығарманың психологиялық мәнін түсінуге мүмкіндік беретіні мәлім. Бастауыш сынып оқушылары көркем шығарманы мұғалімнің мәнерлеп оқуына, қызықты, тартымды әңгімелеп беруіне қарап қабылдайды, мұғалімнің оқу мәнеріне еліктеудің көп болатыны да содан. Мәнерлеп оқу- біреудің даусына сырттай еліктеуден туған жасанды дауыс ойнақылығы емес, шығарманың мағыналығын терең сезінудің, оның мазмұнын саналы игерудің көрінісі, мәтінді оқудан туған үлкен сазды үнге айналуы. Оқудың екі түрі бар: бірі- дауыстап, мәнерлеп оқу; екіншісі- іштен оқу. Дауыстап оқу 1-2 сынып оқушылары үшін тиімді. Мұғалім шығарманы әуелі шығарманы өзі оқып көрсеткені дұрыс. Егер оқушыларға оқытса, мәтіннің әр бөлімін әр оқушыға оқытады.
Көлемді шығарманы оқытудың оңай жолы- бөлімге бөліп оқу. әр бөлімді оқып біткен соң, бірнеше сұрақ арқылы оның мазмұны айтқызылады. Бұл әдісте шапшаң, асықпай оқудың екеуі де пайдалы. Шапшаң оқу- мәтіндегі сөздерді қалай болса, солай бастырмалап, немесе сөздердің ара жігін айырмай оқу емес. Бұл оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу. Шапшаң және дұрыс, түсініп оқу бір- бірімен тығыз байланысты.
Бастауыш сынып мұғалімі оқушылардың оқуға қаншалықты төселгенін арнаулы есеп жүргізу арқылы бақылап отырады. Балалар саналы түрде түсініп, дұрыс оқуға төселгенде, мәтінді қиындықсыз біршамажылдамдықпен оқиды.

Педагогика ғылымы- мектепте оқылатын оқу пәндерін, оқу теориясын, онда сақталатын басты принцптерді, қолданылатын негізгі және көмекші әдіс-тәсілдерді жалпы түрде баяндайды. Әдебиетті оқытудың өзіндік амал-тәсілдері бар:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет