Жаңартылған білім заман талабы Хромтау қаласы №2 Хромтау гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі



жүктеу 315.85 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.03.2017
өлшемі315.85 Kb.

Жаңартылған білім - заман талабы 

 

Хромтау қаласы № 2 Хромтау гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі 

Қ.Ш.Жұмабай 

 

 

2016  жылы  Хромтау  қаласында  №4  орта  білім  беретін  мектеп  базасында 



жаңартылған  білім  бағдарламасы  аясында  орыс  тілді  мектептерде  қазақ  тілін 

оқытатын  мұғалімдерге  арналған  «Қазақстан  Республикасында  орта  білім 

мазмұнын  жаңарту  шеңберінде  орыс  тілінде  мектептердегі  «Қазақ  тілі»  пәні 

бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру  курсы»  тақырыбында курс 

ұйымдастырылды. 

 

Үйретері  көп  мазмұнды  курстың  мұғалімнің  құзіреттілігін  арттыруда  қосар 



үлесі  зор.  Жаңартылған  оқу  бағдарламасында  оқу-нормативтік  құжаттың  дәстүрлі 

міндеттері заманауи мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық 

тәсілдемелерімен  үйлесімді  сабақтасқан.  Оқытудағы  тәсілдемелер  пән  бойынша 

оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып 

табылады. 

Құндылықтық-бағдарлық, 

іс-әрекеттік, 

тұлғалық-бағдарлық, 

коммуникативтік  тәсілдемелер  білім  берудің  классикалық  негізі  ретінде  оқыту 

мақсаттарының  жүйесі  мен  білім  беру  үдерісі  нәтижелерінің  басымдылығын 

арттыру  үшін  қолданылды,  бұл  оқу  бағдарламасының  жаңа  құрылымында  көрініс 

тапқан.Бағдарлама материалдары Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін 

мектептеріне  арнап  әзірленген  мектеп  пәндерінің  оқу  бағдарламаларына,  оқу 

жоспарларына  және  бағалау  моделіне  негізделген.  Бұл  Бағдарлама  республикада 

орта  білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  қайта  қаралған  оқу  бағдарламаларын 

мектептерге енгізуге септігін тигізеді. 

Жаңартылған  бағдарлама:  «Орыс  тілінде  оқытатын  мектептердегі  қазақ  тілі 

пәні  бойынша  білім  беру  бағдарламасын  жаңарту  және  критериалды  бағалау 

жүйесін  енгізу  тұрғысынан  мұғалімдердің  педагогикалық  шеберлігін  жетілдіру» 

мақсатын көздейді. 

Қазіргі  кезеңде  оқушының  өз  бетімен  білімге  ие  болу  барысында  оның 

белсенді  іс-әрекетін  ұйымдастыру  оқу  үдерісіне  қойылатын  негізгі  талаптардың 

бірі  болып  табылады.  Бұл  тәсілдеме  пәндік  білімді,  әлеуметтік  және 

коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері  мен 

болашағын  сезінуге,  сындарлы  шешімдер  қабылдауына  мүмкіндік  беретін 

тұлғалық  қасиеттерді  де  меңгеруге  ықпал  етеді.  Мұғаліммен  бірлесіп 

шығармашылықпен  айналысу  және  серіктес,  кеңесші  ретінде  мұғалімнің  қолдауы 

кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. 

Жаңартылған  білім  бағдарламасын  меңгере  отырып,  жас  ұрпақты  тәрбиелеп 

оқытуда курс тыңдаушыларына үлкен міндет жүктеліп отыр.  Алдағы  уақытта ата-

анамен, 

әріптестерімен 

бірлесе 

отырып, 


жаңартылған 

білімді 


тәуелсіз 

мемлекетіміздің  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлғасын  қалыптастыруда  ауызбіршілік 

танытып, бірлесіп жұмыстануға шақырамын. 

Курс  барысында  түсінбегенімізді  тиянақты  ой  жүйесінде  жеткізе  білген 

Хромтау ауданында жаңартылған білім бағдарламасының алғашқы тыңдаушылары 

атынан  төл  тренеріміз  –  Сүгірбаева  Анаргүл  Сағынбайқызына  ерекше  ыстық 

ықыласымызды білдіреміз. Қызметтік еңбегіне жеміс тілейміз! 

 


Курс тыңдаушыларының жұмыстану кезі 

 

 



 

 

 



 

Каталог: images -> 2016
images -> С. Бегалин «Бала Шоқан» “Толағай”
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының
images -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
images -> Краткое содержание проекта Екі елдің данышпан ақындары Абай және Пушкин өмірі мен шығармашылығы қазіргі
2016 -> «Болашақ – білімді ұрпақта»
2016 -> «22»қаңтарындағы
2016 -> Тәрбие жұмысы бойынша жоспар «19 орта мектебі» кмм
2016 -> «Самұрық–Энерго» АҚ біріктірілген жылдық есебі


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет