Жаңгір хан атындағы Батыс Қазақстан



Дата04.11.2022
өлшемі16,5 Kb.
#47409

Жаңгір хан атындағы Батыс Қазақстан

аграрлы техникалық университеті


Баяндама
«Жастардың девиантты мінез құлқы»

Орындаған: ГРПИ-21 топ студенті Амангелді Б.
Тексерген: Жеңісқызы Ф.

Жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың пайда болуының негізгі себептері
Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына отбасы тəрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы: Олар: əке-шешесінің теріс үлгісі, ата-ананың біреуінің болмауы, үй ішіндегі еңсені басатын ауыр жағдай – отбасында өнебойы болып тұратын ұрыс, жанжал. Баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу. Өкінішке орай отбасының теріс қылықтарын атап көрсету оңай, түзету қиын.
Сонымен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді əлеуметтік педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз.
Бірінші топқа жататын девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің мінез-құлқында дөрекілік,қатігездік, мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты əдет-дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары мен іс-əрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын өзгертуге талаптанады.
Екінші топқа жататындар адамгершілік қадірқасиеттерді төмендей бастаған, əлеуметтік байдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту, уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты əдеттерге икемдене бастаған.
Бұл топқа тəртібі нашарлаған, құқық тəртібін бұзушы жасөспірімдер жатады, бірақ бұл балалар əлі бұзыла қоймаған, өз мінез -құлықтарын түзетуге мүмкүндік қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.
Үшінші топқа өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тəрбиелеуге бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады. Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын кəмелетке жасы толмаған қылмыскерлер. Бұл топқа қатігездік, зорлық-зомбылық көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік жəне наша тарту істеріне əбден машықтанған жасөспірімдер енеді.
Төртінші топқа жұйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі қылатын əдет) шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге педагогтар мен дəрігерлер тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый–құрмет, жылы лебіз қажет. Енді девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің пайда болуына себепші объективті жəне субъективті факторларға назар аударайық. Ғалымдар жасөспірімдердің қалыптасуына əлеуметтік орта мен күнделікті жағдай себеп болады деп дəлелдеген .
Əлеуметтік жағдай негізінде (қоғамдағы ікономикалық қарым-қатынас, қоғамдық сана, тап жəне ұлттар қатынасы т.б). Жеке адамдардың қалыптасуына объективтік мүмкіндік туғызып, жастардың əлеуметтік белгілерді сақтап, құқық тəртібін бұзуға жол бермейді. Ал, жасөспірімдердің заң нормаларын мойындамауы, қоғамдық орындарда тəртіп сақтамауы, үлкен-кішіні сыйламауы сияқты қылықтар ұжымда, топта, отбасында, жора-жолдастарының арасында т.б шағын ортада ғана қалыптасады. Өйткені баланың алғашқы қадамы отбасында, мектепте, жора-жолдастары мен ата-анасының арасында жасалады.
Жасөспірімдерге қоршаған адамдардың немқұрайлылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын əлеуметтік-педагогикалық бақылаусыз қалу бұл тізбектегі ерекше роль мен мағынаға ие. Нəтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болды. Үлкендерге деген қарсылық, жатырқаушылық, жек көру сезімдері, баланың пікірінің, тағдырының, қызығушылықтары мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.
Жағымды əлеуметтік тəжірибенің жеткіліксіздігі, өмірдегі көзқарасының, құндылықтар жүйесінің, əдет қалыптары мен эстетикалық талғамдарының жетілмегендігі жəне қалыптаспағандығы жасөспірімдердің өз белсенділігін жағымсыз, құқыққа қайшы жұмсауын таңдауға ықпал етеді, бұл олардың мінез-құлқынан, тұлғаның қалыптасуынан, əлеуметтік бейнесінен көрініс береді. Бұл үдерістегі ауқымды рөл балалар мен жасөспірімдерге дер кезінде педагогикалық, психологиялық, əлеуметтік көмектің көрсетілмеуінде жатыр.
Жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері əсерін тигізетін əлеуметтік педагогикалық факторларға мыналарды жатқызуға болады: олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тəрбиедегі кешіліктердің нəтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына жəне бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бəрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді жəне қоғамдағы өтіп жатқан үдерістерге, отбасының жағдайы мен атмосферасына, мектебішілік өмірдің жеткіліксіз ұйымдастырылуына тəуелділігін көрсетеді.


Қорытындылай келе жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың пайда болуына əлеуметтік факторлардың тигізетін əсерлері зор. Қазіргі таңда девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді тəрбиелеуде атааналарға психолог, əлеуметтік педагог жəне т.б. кəсіби мамандардың тарапынан көмек қажет екенін зерттеулер көрсетіп отыр. Жоғарыда аталып өтілген факторлардың мəселелерді шешуді жетекші рөл атқарады. Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді алдын алу мен қайта тəрбиелеуде аталған жұмыстар тəжірибеде дұрыс, тиімді қолдануға тікелей байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет