Жалғасы 5-Бетте



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата29.12.2016
өлшемі12,61 Mb.
#674
1   2   3   4   5   6   7

Қысқа қайырғанда:

тыныС-тіршілік



Бетті  әзірлеген:  Жасұлан  МӘУЛЕНҰЛЫ

Алматыдағы қисайған көпқабатты тұрғын үй сүріліп, орнына жаңа үй тұрғызылатын болды

М

ұхтар Тайжан – қоғам қайраткері, 



экономика ғылымының кандидаты, кәсіпкер. 1973 

жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Дипломат, 

қоғам қайраткері Болатхан Тайжанның ұлы. Бүгінде 

әкесінің есімімен аталатын қордың президенті. 1990 

жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 

Заң факультетіне оқуға түседі. Алайда әкесінің 

ұсынысымен оқуын Польша астанасы Варшава 

қаласында жалғастырады. Варшава университетінде 

бакалавр және магистрлік деңгейлерді тәмәмдап, 

Қазақстанға 1997 жылы оралады. 1997-2003 жылдар 

аралығында түрлі мемлекеттік қызметтерде жұмыс 

атқарды. 2003 жылдан бері жеке кәсіпкер.

Алғаш 2009 жылы Астана қаласында ашық 

далада қар басып қараусыз қалған Керей мен 

Жәнібек хандардың ескерткішіне Үкіметтен жер 

сұрап баспасөз мәслихатын өткізген Мұхтар Тайжан 

содан бері көптеген бастамалардың басы-қасында 

жүріп, қоғам өміріне белсенді араласып, саяси алаңда 

ұлтшыл-патриот ретінде танылды. «Кедендік Одақтан 

шығуымыз керек» деп өзінің қарсылығын ашық білдірді. 

Қазақ жеріндегі Ресей полигондарына тыйым салу 

жөнінде батыл бастама көтерді. Бірнеше рет митинг те 

ұйымдастырды. Украинадағы Майданға және қатысты. 

Осылайша үнемі халықтың қасынан табылып жүрді. 

Ал, қазақ оппозициясы тарыдай шашырап жатқан 

уақытта саяси алаңда Мұхтар Тайжан бастаған 

ұлтшыл патриоттардың бір тобының пайда болуын 

халық жылы қабылдады.

Халық арасында ұлттық мәселелерді көтеруімен 

таныла бастаған белсенді 2014 жылы саясаттан 

кететіндігін мәлімдеді. Оның саясаттан бір күнде 

бас тартуы ешкім күтпеген жағдай болғаны да рас. 

Сол кезде арнайы баспасөз мәслихатын өткізген 

ол: «Саясатқа келетін заман болады, саясаттан 

кететін уақыт болады. Өйткені, осы жұмыспен үнемі 

айналысу мәңгі емес. Менің саясаттан кетуіммен біздің 

ұлттық демократиялық, патриоттық идеяларымыз 

өшіп, жұмысымыз тоқтайды деп ойламаймын. Бір 

адамның күші шектеулі. Қоғамдық-саяси жұмыстарда 

4,5 жыл жүрдім. Сондықтан кететін уақыт келді деп 

санаймын. «Халықтық альянс» ұйымымыз бар. Олар 

полигондар мен гептилге қарсы жұмыстар жасап жатыр. 

Жігіттер, әріптестеріміз Еуразиялық одаққа қарсы 

шығуда. Мұның бәрі жұмыстың жалғаса беретінінің 

көрінісі. Мен жеке себептерге байланысты саясаттан 

кеттім. Ал, ойыммен осы бағыттамын. Әрі қарай қалай 

болатынын уақыт көрсетеді» – деп, саясаттан кетуінің 

себебін түсіндіргендей болды. 

Иә, Мұхтар Тайжанның өзі айтқандай, әрі қарай 

қалай болатынын уақыт көрсетті. Жер туралы заңға 

2015 жылы күзде енгізілген өзгерістерге сай биыл 

шілдеден бастап ауыл шаруашылық жерлерін азаматтарға 

жеке меншікке аукцион арқылы сату, сонымен бірге 

шетелдіктерге 25 жылға дейін жалға беру жөніндегі 

Үкімет бастамасына ол қарсылық білдіріп, халық 

ойламаған жерден саясат сахнасына қайта шықты. 

Бүгінде ұлттық мүдде үшін күресіп жүр. Мемлекет 

басшысының тапсырмасымен Жер реформасы 

бойынша құрылған арнайы комиссияның мүшесі 

болды. Содан бері оның жерге қатысты өткір пікірлері, 

орынды ұсыныстары елдің аузында жүр.

Таяуда Жер реформасы бойынша республикалық 

комиссияның мүшесі  Мұхтар Тайжан  Kaz.tengrinews.

kz тілшісіне берген сұхбатында пайымды пікірлер 

мен орамды ойларды ортаға салыпты.

«Жер мәселесін біздің өмірімізге қатысты емес, 

оқшау тақырып ретінде қарастырмау қажет. Елдің 

әлеуметтік жағдайы екі девальвациядан кейін нашарлады. 

Меніңше, мұнымен бәрі келіседі. Мен статистика 

мәліметтерін келтірейін. Біздің елімізде 9,6 миллион 

сайлаушы бар, олардың 7 миллионының жеке тұлға 

ретінде тұтынушылық және ипотекалық кредиттері 

бар. Осы адамдардың 1,3 миллионы кредиттерінің 

төлеу мерзімін өткізіп алған. Бұл кредиттерді төлей 

алмай жүргендер кімдер? Бұл тек осы адамдарға 

қатысты мәселе емес, сонымен қатар банк жүйесіне 

де қатысты болып тұр. Біз кредиттерді өтеуге қызмет 

көрсететін статистикадан банк жүйесінің мәселесі 

тек жеке тұлғаларда емес, заңды тұлғаларда да 

болатынын көріп отырмыз. Егер банктік дағдарыс 

болатын болса, онда оның барлығына да қиындық 

туғызатыны анық. Біз қазір жылжымайтын мүліктің 

дағдарысын көріп отырмыз, пәтерлердің, кеңселердің 

бағасы төмендеді, көбінесе бұл жылжымайтын мүліктер 

банкте кепілдікке қойылған. Яғни, ипотекалық кредит 

ретінде немесе құрылысшылардың мүлігі. Бірақ егер 

кепілге қойылған мүліктің бағасы төмендесе, банк 

теңгерімінің жағдайы қандай деп ойлайсыздар? Осыны 

ойласақ, қазір экономикамыз қиын жағдайларды 

бастан өткеріп жатыр. Сондықтан халық өздерінің 

ауыр жағдайын міндетті түрде наразылық шаралары 

арқылы білдіріп тұрады. Астанада өткен кездесулер 

барысында мен бәріне экономикалық саясатты өзгерту 

керектігін айттым. Бірақ, ол сұрақтар жер мәселесі 

шеңберінде емес. Осы қиындықтарды өткеру үшін 

бізге тезірек экономикалық саясаттың өзгеруі қажет. 

Себебі, экономиканың жаппай күйреуі мемлекеттің 

де жаппай күйреуіне әкеліп соғады. Әрине, ұлттың 

бұл наразылықтары тек жер мәселесіне қатысты 

емес, жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық 

жағдайының нашарлауына байланысты болып отыр», 

– дейді сол сұхбатында Мұхтар Тайжан.

Ал, тілшінің «Сіздің ойыңызша еліміздің 

экономикасы қалай өзгеруі керек?» деген сауалына 

Мұхтар Болатханұлы: «Біріншіден, адалдық керек, 

ойынның дұрыс ережесі керек. Нарыққа қатысушылар 

үшін монополиясыздандыру қажет, біздің нарық 

монополияланған, бұл сыбайлас-жемқорлық жүйесіне 

байланысты. Бұл – бірінші талап. Себебі, экономика 

әділетсіз, сыбайлас-жемқорлық жағдайларында дами 

алмайды. Экономиканы дамыту үшін әділдік қажет. 

Бірақ бұл біздің елде жоқ. Бұл даму үшін қажетті басты 

шарт. Нақтырақ айтсақ, басылымдарда жазылғандай, 

79 миллиард теңге тұратын пантеон салудан бас тарту 

керек. Мектептерде оқушыларға ыстық тағам беруді 

қайта қалпына келтіруді ұсынамын. Бұған бар-жоғы 

500 миллион теңге жұмсалады. Бұл пантеон салуға 

қажетті 79 миллиард теңгемен салыстырғанда түк 

емес. Өлген адамдарға денелерінің қандай жағдайда 

жатқаны маңызды емес, сондықтан да тірі адамдар 

туралы ойлайық. Бұл қоғамдағы жағдайдың ілгері 

басуына дереу әсер етеді. Дегенмен, бұл күн көріс 

мәселесі ғана емес. Егер біз қоғамдағы жағдайды 

реттегіміз келсе, қоғамды толғандырып отырған 

мәселелерді де шешуіміз керек. Жалпы алғанда, 

Үкімет халыққа қарау керек. Соңғы он жылда біздің 

демографиямыз қатты өзгерді. Ал біз ауылда қандай 

жағдай жасап отырмыз? Біз жұмыссыздық, газдандыру, 

жарық жүргізу мәселелерін шешіп жатырмыз ба? 

Кейбір ауылдарда әлі күнге дейін ұялы байланыс 

жоқ, медициналық пункттер жабық. Сондықтан да, 

ауыл тұрғындары қалаға келеді, мұнда арба сүйреп, 

көліктерге жанармай құйып, күзетші болғаннан басқа 

жұмыс табылмайды. Бұл мәселені кешенді түрде 

шешу керек. Яғни, халықты алаңдатып отырған 

мәселелерді шешуіміз қажет. Тек жер мәселесі емес, 

халықтың басындағы мәселелерді шешіп берсек, 

қоғамда да шиеленіс туындамайды», – деп жауап 

беріпті. Ойласатын-ақ шаруа!

P.S.


 

Ұлттық тұрғыдан қарағанда 

тұрақты әрі тегеурінді ұстанымға 

ие Мұхтар Тайжанның қоғамдық 

өмірге осылайша белсенді араласуы, әрине, 

құптарлық жағдай. Кешегі Алаш қайраткерлері 

қызметкерлерді «бірі ұлтқа жаны ашитындар 

да, екіншісі орталық не айтса соған бас шұлғи 

беретін жәй шенеуніктер» деп екіге бөліп 

қараған екен. Осы пайымға бүгінгі жаһандану 

қоғамындағы көзқараспен қарасақ, ұлттық 

мүдде үшін күресіп жүрген Мұхтар Тайжанды 

ұлтқа жаны ашитындардың қатарына қосуға 

әбден болады. Өйткені, Мұхтар Болатханұлы 

қоғамдық өмірдің бір факторына айналып кетті. 

Көптеген бастамалардың басы-қасында жүрген 

ол халықтың шынайы ілтипатына ие болып жүр. 

Бұл да әркімнің қолынан келе бермейтін шаруа 

екені ақиқат.

«Б

іріншіден, әрине, біз осы үлкен мәселені талқылап 



отырмыз. Бізге барлығы қарап отыр. Оның бәрін қайталап айтқым келмейді. 

Дегенмен, бізде осы комиссияның сөздерін, пікірлерін халық түсінуі үшін, 

біз осы комиссияның ішінде бір-бірімізді ұғынып, жақсы түсініп алуымыз 

керек. Мұқаңа айтайын деп отырмын (Мұхтар Шахановты айтады, – ред.), 

біз сөйлегенде, мен мысалы өзім сөйлегенде менің айтқан сөзімді осы 

отырған халық түгел ұқса екен, түсінсе екен деймін. Ал енді бәрі бір 

тілді маман болмағандықтан, осында әр ұлттың адамы отыр. Оны енді 

орысшасын бір айтып, қазақшасын бір айтып, қайталамай, кейде бәріне 

ұғынықты болсын деп, орысша да айтуымызға болады деп ойлаймын. 

Мұқа, мен ақын, жазушы болмасам да қазақша бір адамдай-ақ білемін. 

Ал мынау біреуіміз орысша айтсақ, мынау жартылай орыс боп кеткен 

деген әңгімені қою керек. Біз бір-бірімізге сыпайылықпен түсінісейік», 

– депті  Ғани Әлімұлы талай жылдан бері мемлекеттік тіл үшін шырылдап 

жүрген Мұхтар Шахановқа қарата.

Өз кезегінде Мұхтар Шаханов әңгіменің ауанын бәріне ұғынықты 

болу үшін Жер комиссиясының отырысында ойларын кейде орыс тілінде 

жеткізуді ұсынудан бастаған Ғани Қалиевке: «Біз мемлекеттік тілдің мүддесін 

қолдауымыз керек. Қорғап отыруымыз керек. Ал енді осы өзіңіз орысша 

жақсы сөйлейсіз, қазақша да жақсы сөйлейсіз. Бірақ, оны менсінбей 

өз ана тіліңізді шетке қағуға болмайды. Осында отырған адамдардың 

барлығы мемлекеттік тілдің мүддесін сыйлауы керек», – деп жауап берді.

Мұхтар Шахановтың бұл сөзін қолдаған Жер комиссиясының тағы 

бір мүшесі Жанұзақ Әкім орыс тіліне ойысуды ұсынған Ғани Қалиевке: 

«Есіңізде ме, осы тіл мәселесіне қатысты Елбасы: «Аюдың да тіл үйренетін 

уақыты болды» деп еді ғой. Қазақ тілін білмейтіндер енді білсін, үйренсін! 

Мемлекеттік тілді, мемлекетті сыйлау керек!» – деп уәж айтты. Осылайша 

Жер комиссиясының отырысындағы жер дауы тіл дауына айналып кете 

барды.


Рас, Ғани Әлімұлының «осында (Жер комиссиясының екінші 

отырысында, – ред.) әр ұлттың адамы отыр» деуінің жаны бар. Өйткені, 

комиссия құрамына мүше 75 адамның 67-сінің ұлты қазақ (олардың 

өмірбаяндарында мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жазылған, – ред.) 

екен, ал қалған сегізі өзге ұлттың өкілдері. Олардың екеуі ҚР Мәжіліс 

депутаттары – Владислав Косарев пен Артур Платонов болса, енді бірі – 

Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченко. (Бұлардың мемлекеттік 

қызметте жүргендіктен мемлекеттік тілді білулері керек емес пе?). Сонда 

Жер комиссиясының отырысында сегіз өзге ұлт өкілі отырғанын алға 

тартып, қалған алпыс жеті қазақ орысша сөйлеуі керек пе? Бұл – бір. 

Екіншіден, Ғани Қалиевтің бұл ұсынысы мемлекеттік тілдің құқығын таптау 

және Қазақстанда тұратын 70 пайызға жуық қазақты қорлау болып 

табылады. Үшіншіден, бұл орайда «Қазақтың тірі я өлі болу мәселесіне 

(Ахмет Байтұрсынов) арналған Жер комиссиясының отырысында сол 

75 адамның аузына қарап отырған кімдер?» деген сұраққа жауап беріп 

көрелік. Иә, кімдер? Теледидарға телміріп отырған негізінен шаруалар, 

яғни ауылдағы қазақтар. Осыдан барып Ғани Қалиевтің бұл ұсынысының 

қаншалықты орынсыз екенін бағамдай беріңіз!..



2009 жылы 

астана қаласында 

ашық далада қар 

басып қараусыз 

қалған Керей мен 

Жәнібек хандардың 

ескерткішіне 

Үкіметтен жер 

сұрап баспасөз 

мәслихатын өткізген 

Мұхтар тайжан 

содан бері көптеген 

бастамалардың 

басы-қасында 

жүріп, қоғам 

өміріне белсенді 

араласып, саяси 

алаңда ұлтшыл-

патриот ретінде 

танылды. «Кедендік 

Одақтан шығуымыз 

керек» деп өзінің 

қарсылығын ашық 

білдірді. Қазақ 

жеріндегі ресей 

полигондарына 

тыйым салу жөнінде 

батыл бастама 

көтерді. Бірнеше 

рет митинг те 

ұйымдастырды. 

Украинадағы 

Майданға және 

қатысты. Осылайша 

үнемі халықтың 

қасынан табылып 

жүрді. ал, қазақ 

оппозициясы 

тарыдай шашырап 

жатқан уақытта 

саяси алаңда 

Мұхтар тайжан 

бастаған ұлтшыл 

патриоттардың бір 

тобының пайда 

болуын халық жылы 

қабылдады...

Сая


Си портре

т: 


м

ұхтар 


тайжан

д

едім-ай, ау!..



Мұхтар тайжанның есімі соңғы онжылдықта бұқаралық ақпарат құралдарында

түрлі әлеуметтік желілерде жиі аталып жүр. ал, Мұхтар тайжан кім? Бұл сұраққа 

«саяси портрет» айдарында жауап іздеп көрелік.

ХАЛыҚТы АЛАңдАТып 

оТыРғАн МәСеЛеЛеРді 

шешуге МіндеТТіМіз



Тек жер мәселесі емес, халықТың 

басындағы мәселелерді де шешіп берсек, 

қоғамда да шиеленіс Туындамайды

Мұхтар ТАйЖАн, қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты, 

жер реформасы бойынша республикалық комиссияның мүшесі:

ЖеР дАуы ТіЛ 

дАуынА ҰЛАСТы

Жер комиссиясының екінші отырысында «Ауыл» партиясының 

экс-төрағасы, 78 жастағы мемлекет және қоғам қайраткері 

Ғани Қалиев отырысқа қатысушыларды қазақша емес, 

орысша сөйлеуге шақырған өзінің ұсынысымен комиссия 

мүшелерінің төбесіне жәй түсіргендей болды.

А

қтөбедегі әскери бөлім мен қару-жарақ 



дүкендеріндегі шабуылдарды қатардағы қылмыскер емес, 

экстремистік топ деуге болады. Полиция жұмысы нашар 

екені көрінді. Мұндай оқиға елде алғаш рет болып отырған 

жоқ. Өкінішке қарай, полиция шынайы қауіптермен күресу 

орнына балама ой айтып жүрген белсенділерді қудалаумен 

айналысып кетті. Өз халқымен күресіп жүргенде осындай үлкен 

проблема шықты. Әзірге, мемлекет терроризммен күресте 

қысым жасау, түрмеге жабу сияқты әдіс-амалдарға сүйеніп, 

мәселенің себебімен емес, салдарымен күресіп келеді.

[ақтөбе қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік оқиғаға 

қатысты айтқан пікірінен]

Сөзбе


өз

Расул ЖҰмАЛЫ,

саясаттанушы:

«МәСеЛенің 

СебебіМен еМеС, 

САЛдАРыМен 

күРеСіп кеЛдік»


«ҚазаҚ» газеті мен 

Сағадат Нұрмағамбетов 

атындағы Халықаралық 

қайырымдылық 

Қорының бірлескен жобасы

Жауапты редактор:

Шекербек АЙТҚҰЛҰЛЫ



Кейбір фотолар, мақалалар мен деректер сағадат нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қайырымдылық 

Қор жарыққа шығарған «Ұлт мақтанышы сағадат нұрмағамбетов» (құрастырған өтеген Әбдіраман) кітабынан алынды 

өзге


 е

ме

С, өзім айтам өз жайымды.



..

Б

іздің атқыштар полкы 



Днепрден өтудің тәсілдерін қарастырды. Полк 

құрамындағы біздің батальон қаңтардың соңында 

Верхний Рогачикте тұрған. Ол Днепрдің солтүстік жар 

қабағының үстінде бөрене үйлері шашыраған тегінде, 

үлкен бір село болғанға ұқсайды. Өзеннің өткел тұсын 

белгілеу, өткелдік қайыққа жедел отыруға, ескектік 

шеберлігіне үйренуге арғы жағаға тез шығып, бірден 

атыс-шабысқа әзір болуға дағдылану сабақтары 

өткізілді. Күндіз-түні бірдей қиын-қиын жаттығулар 

жасалды. Жиналыстар мен жиындарда өткелден 

өтудің міндеттері айтылды. Барлық жауынгерлер де 

өзеннен өтіп, ар жақ жағалаудан плацдарм аламыз 

деген тілектерін білдірді. 

1944 жылдың ақпан айының ортасы. Қысқы түн. 

Жапалақтап қар жауып тұрды. Арғы жағаны көруге 

болмайды. Ауа райының ұйқы-тұйқы,  ұлпалақ бір 

шағы. Дәл сол түнде біздің командование өзеннен 

өтіп, ар жақтан плацдарм алуға деген бұйрық берді. 

Біздің алғы бөлімдер, 15 ақпанда жау алқымынан 

плацдарм алып үлгерген, артынша жау әскерлерінің 

контратакасы басталды, біздің алғы бөлімдердің 

де, артқы бөлімдердің де үстіне немістің «Юнекс» 

самолеттері бомба тастаумен болды. Оң жағалаудағы 

алынған плацдармды сақтап қалу үшін қиян-кескі ұрыс 

басталып кетті. Біздің дивизияның оң жағалауға өтіп 

үлгермеген бөлімшелері мен полктері қайткенмен 

плацдармнан табан аударған жоқ, кешке қарай 

біздің 1052 полкіміз, оның құрамына кірген менің 

басқаруымдағы пулеметшілер ротасы өзеннен өтті 

(біраз уақыттан бері мен рота командирі болып 

тағайындалған болатынмын). Оң жағалауға шыққан 

бойда ұрысқа кірісе жөнеліп, Золотая Балка селосын 

жаудан тазарту мақсатымен атака бастадық. 

Қар қалың жауды, алай-дүлей боран бұрқырады, 

өзенде сең қозғалды. Осы себепті оң жағалаудағы 

біздің бөлімдерге  артқы жақтан көмек болмай 

қалды, соның өзінде біздің батальонымыз Золотая 

Балканы батыс жағынан орап алды. Мен қарауымдағы 

станокты пулеметтерді биік-биікке орнатып, бауырда 

жатқан селодағы фашистерді оқ боранының астына 

алдым. Біз сол түні Золотая Балкаға ие болдық. 

Өз араларына кеулей кіріп бара жатқан Совет 

әскерлерін көре тұра жау да аянып қалған жоқ. 

Алдарына танкілерін жіберіп, түске жақын күшті 

контратака жасады. Бізді кейін шегіндіріп, өлігімізді 

таптап, тірімізді Днепрге лақтырып тастамақ ойлары 

бар.

Жауынгерлер де, кіші командирлер де, тіпті 



аға командирлердің өздері де фашистерге қарсы 

бетпе-бет ұрысқа шықты. Қолымызға не түссе соның 

бәрін жауды соғуға жұмсадық, мылтық, пулемет 

атаулыдан оқ бораттық. Ақырында біздің даңқты 

дивизия жаудың күшті тегеурініне төтеп беріп, өз 

шабуылын жалғай берді. 

Кейде жаңбыр, кейде қар бұрқасында, көк 

тайғақ, көк соқта, лайсаңда дивизия жауынгерлері 

ілгерілей түсті. Жаяу әскерлер шаршап, талғанына, 

ыстық ас ішпегеніне қарамай, алға қарай мимырт 

марш жасады. Әсіресе, біздің артиллерист достарға, 

пулемет сүйреген біздерге қиын соқты. Станокты 

пулеметті арқалап келе жаттық. Оның үстіне соңғы 

ұрыстарда көп жолдастарымыз шығын болып кеткен, 

расчеттарымыз толық емес еді. Міне, аяқтарын 

әзер сүйретіп пулемет командирі сержант Саша 

Зайцев пен оның көмекшісі Вахарев келеді. Екеуі 

станокты пулеметті бөліп көтерген, арқаларында 

ауыр темір, оларды жерге жаншып келе жатқандай.  

Өзге солдаттарымыз да осындай жүріс үстінде. Бәрі 

де тек алға, тек алға қарай ұмтылады. 

Мен біресе ротаның алдына шығып, біресе 

артына шығып, енді бірде ротаны қабырғалай жүріп, 

жауынгерлерге қайрат берген боламын, өзімнің 

олардың қасында екенімді, сенімді, сергек екенімді 

көрсете беремін. Тегінде қатардағы солдаттарға 

командирінің өз қастарында, үзеңгі қағыса келе 

жатқаны үлкен күш береді, демесін жасайды. 

Шіркін, біздің совет жауынгерлерінің Отан соғысы 

жылдарында жүрген жолының, басқан ізінің сонша 

ұзақтығын айтсаңызшы! Ол шаршадым демеді, ол 

ашпын демеді, ол тапшылыққа да, қыстың үскірік 

суығына да, жаздың ми қайнар ыстығына да әбден 

көндіккен, ол ауырлыққа да, азап пен бейнетке де 

шыдаған, оның алмаған қамалы болған жоқ! Сонау-

сонау Ақмолада, әскери дайындықта жүрген жас 

түлектер соғыстың басында сапта келе жатып өлеңдер 

айтатын едік. Сол өлеңдердің бірінің қайырмасы 

былай болып келетін-ді: «Барабандар сокта-соқ – біз 

алмайтын қамал жоқ!». Сол бір өлеңде айтылатын 

бұл сөздердің шындығына менің майданда көзім 

әбден жетті. Заты, шаршап-шалдыққанда да, ашығып 

тарыққанда да еске алдырмайтын, адамды ылғи 

да ілгеріге жетелейтін адам бойында ішкі бір қуат

жұмбақ сыр болатындығына да менің майданда көзім 

жетті. Ол бір қуат, ол жұмбақ күш ұлы мақсаттан туады 

екен. Әрбір совет жауынгерінің алға қойған мақсаты 

қайткенде жексұрын жауларды құрту, қайткенде 

жеңіске жету мақсаты еді. Бізде сондай ұлы да, игі 

де мақсат болды, жау әскерлерінде ондай мақсат 

болған жоқ. Әділдік пен арамдық айырмасы да 

міне осында болатын. 

Біз жүріп келеміз. Жолдың үстінде де, екі жақ 

қабырғаларында да фашистердің көк шинельдерінің 

түймелері, тоттанған өліктері жатыр. Аттарының 

теңкиген-теңкиген жемтіктері жатыр, зеңбірегі жер 

сүзе талқандалған танкілері, қираған машиналары, 

арбалары мен сүйреткілері кездеседі. Соғыстың 

бастапқы кезіндегі бұйрықтарының бірінде біздің 

Жоғарғы Бас қолбасшыларымыз: «Гитлер бір 

сандырағында маған Ресейде қырғын соғыс керек 

деп мәлімдеді. Несі бар, керек қылған сазайын ол 

алады!» деген еді. Алғаны емес пе: Сталинградта, 

Белгород – Курск бағытында, Батыс майданында 

біздің әскерлердің жау өліктерінің үстімен өтіп 

жатқанына біз күн сайын Совет информбюросының 

хабарларынан естіп отырдық. Енді өзіміз де сондай бір 

көріністің куәсі болып, жау өліктерінің ара-арасымен 

өтіп келеміз. Жол үстінің мұндай көрінісі біздің 

жауынгерлерді қынжылтпайды, қайта қуантады, 

күшіне күш қосады. Соғыс болған соң, соғыстың 

да өз қуанышы бар, жеңілген дұшпанның үстін 

баса өтсең, соған қуанасың, фашистер қарақұм 

өрт еді, сол өртті тұншықтырып, құртып, өшіріп 

келе жатқаныңа қуанасың. Мұндай қуаныш әр 

жауынгерге дем береді, қайратын еселейді, шаршап-

шалдыққанын ұмыттырады.

Жол бойы біздің бөлімдер Твердомедведовка 

және Большая Александровка селоларын соғыстан 

азат етіп, Ингулец өзеніне қарай беттеді. Бұл ұрысты 

жорықта менің ротам капитан Иван Кустовтың 

ротасымен тізе қосып қимылдады, ал бізді Саша 

Башмановтың зеңбірек батареясы қолдады. Бұл 

45 миллиметрлі зеңбіректер батареясы болатын. 

Әдетте бұл зеңбіректер ұрыста жаяу әскердің етегін 

қағыса жүріп, оны оғымен қолдайды, дөңгелегімен 

қатарлас отырады. Демек, калибрлі 45 миллиметрлі 

зеңбірек те бір есептен біздің станокты пулеметтермен 

құрбылас, екеуі де жаяу әскердің серігі, екеуі де 

жаяу  әскермен тағдырлас. 

Біздің бөлімдер Ингулец өзенінен ұрыспен өтіп, 

күн тәулігіне тыныс алды. Бір күндік тыныс деген не? 

Аяқ суытты,  ауқаттанды, жуынды, іш көйлектерін 

ауыстырды, шылғауларын кептірді, жағаларына жаңа 

астар қадады, қару-жарақтарын тазартты, өткен 

ұрыстарда шетінеген жолдастарының алыстағы 

үй-іштеріне көңіл айтып хаттар жазды. Міне, тыныс 

дегеніміз осылай өтіп, тағы да жорық жолына түстік. 

Бұл кез 1944 жылдың наурыз айының орта шені 

болатын. Ерте көктемнің салқын жаңбыры құйып 

тұр, жер лайсаң, көксоқта. Сол көксоқтада малти 

аяңдап, жолсызбен батысқа қарай шеру тарттық. 

Ендігі бір бөгет – Южная Буга өзені, содан өтіп 

алуымыз қажет. 

Бұл өзенді өзге тұстарынан өткен біздің басқа 

бөлімдердің күйлері қандай болғанын мен білгенім 

жоқ, ал біздің бөлімдеріміз өткелді оңай салып, 

арғы жағалаудан плацдармды да жедел алды. Бұл 

кез наурыз айының аяғы еді. Бұл тұста немістердің 

қарсылығы осал соқты, олардың қорғанысына 

екі күн ішінде біз 50 километрдей кеулеп өттік. 

Алдымызда кездесетін ендігі өзен – Днестр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет