Жалғасы 5-Бетте



жүктеу 12.61 Mb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата29.12.2016
өлшемі12.61 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Ахмет бАЙТҰРСЫНОв

Ғылым, білім саласына қызмет еткен тұлғалардың ерен еңбегін бағалаудың  ең биік нүктесі 

ретінде, әдетте, «төрт түліктің төресі» атанған түйенің қадыр-қасиетіне қатысты «қара нар», «нар 

тұлға» сынды тіркестерді жиі қолданамыз. Біз ақ қағазға сия түсіріп, ала түске айналатын жазба 

арасынан орын табар ойымыздың тамызық-тақырыбына ел басына күн туған заманда ерлер 

мінетін арғымақты, тұлпарды қадірлейтін қазақтың бағасы – «қазанат» атауын беруді жөн санап 

отырмыз. Оның бірнеше себебі бар. 


22-23 [799], 03-10.06.2016

 qazaq1913@nur.kz  

7

Қысқа қайырғанда:

оҢаша  ойлар  отауы



АқШ-тың мэриленд штатында сенбі күндері қазақ тілін үйрететін арнайы курстар ашылды

Мен – әлемнің қай қиырына барсам да, 

атағы мен абыройы, беделі мен белесі дүние 

жүзіне кеңінен танылған егеменді қазақ елінің 

бақытты анасымын!

* * *


Мәңгілік не бар дейсіз бұл дүниеде?! Бәрі 

де өткінші, бәрі де алдамшы дүниенің тіршілігін 

кешіп жүріп жатқан адам пенде дегеніңіз жер 

бетіндегі өзінің тіршілігін аяқтайтын қылталы бір 

тұсқа да келіп жететіні болады әйтеуір.

* * *


Өмірдің жан шуағы ананың мейірімінен 

бастау алар болса, өмірдегі еркелігің де өз 

әкеңнің өзіңді еркелетуімен бастала ма деп те 

ойлаймын.

* * *

Өмір ол да өтіп жатыр, өтеді ол! Сол бір өтіп 



жатқан өміріңнің өз жыры мен өз сыры болады 

әрдайым. Менікі – әке жыры, әке сыры!

* * *

Бар ғұмырымның жетпеген, жеткізбей 



кеткен бір елес дүниесі бар екендігін ұғынамын. 

Ол – әке деген дүние екен!

* * *

Сәби жүректің шырылдағанын тұтас бір 



дүниенің шырылдағаны ма деймін?!

* * *


Ана жүрегінің үміті үзілмесін деңіз! Үміті 

үзілген ананың демі де сол бір соңғы бір 

үмітімен үзіліп жүре бере ме деп ойлаймын!

* * *


Дүние кең болғанымен, айналаңдағы өзіңді 

қоршаған жан иелерінің ақылы қысқа, ниеті тар 

болса, соның өзі кең дүниені тарылтып жібере 

алады екен. Өмір маған осы бір ақиқатты 

ұғындырды.

* * *


Әр адамға бұйырған өз өмірі қашан болсын 

қымбат емес пе?!

* * *

Қаншалықты есейсең де, өмірден орныңды 



тауып, қаншалықты төрт құбылаң теңелсе де 

жетім баланың көңіліне тұнған мұң да, шер де, 

нала да бәрі бір айықпай, жүрек түкпірінде мұз 

болып жатып алады екен.

* * *

Адам баласының бір-біріне деген мейірімі 



суалып, шапағатының қанаты қайырылмаса 

екен әрдайым.

* * *

«Жетім көрсең жебей жүр», – деген атам 



қазақтың биік адами қасиетінен ада болып 

қалмасақ екен деп алаңдайтын кездерім де аз 

болмайды.

* * *


Адам болсаң ең әуелі бар жақсылықты 

балаға жаса, бар мейіріміңді баладан аяма 

деген ой сабағын маған өмірдің өзі үйретті. 

Соны бүгінгі адам баласына қайыра-қайыра 

қайталап айтқым келеді.

* * *


Жетімді жылата көрмеңдер, шамаларың 

келсе жұбата біліңдер! Бүгінгі аналық 

жүрегіммен айтар осы бір өсиетімді бәріңе де 

аманат қылдым, адамдар!

* * *

Қазіргі адам баласының «Кедей бай 



боламын, бай Құдай боламын», – деп ешкімнің 

обал сауабына да қарамастан, бірін-бірі 

жылатып та, құлатып та жанталасып жатқан 

мәнсіз әрі мағынасыз тіршілігіне қайранмын.

* * *

Әйел жанының қырық шырағы бар, соның 



біреуін ер азамат жағады.

* * *


Адам баласының бақытты болмағы неден 

екен?! Тәңіріңнің маңдайыңа жазған тағдыр-

талайыңның тарамыс тамыры тартылып, солып 

біткенше бақыт құсына қолын жеткізе алмаған 

пенделер аз болды ма мына дүниеде?!

* * *


Тылсым тіршіліктің ашыла қоймаған, әлі 

де ашыла бермейтін құпиясы көп қой, шіркін! 

Әлем тіршілігінің тынысына қаншалықты құлақ 

түріп, дүниенің сырын ұғынғымыз келгенімен 

кейде өреміз, кейде оған ой-санамыздың жете 

бермейтіні де бар.

* * *

Дүниенің жақсылығын да, жамандығын да 



көруі әр адамның өз ниетіне орай қалыптаса ма 

деп ойлаймын.

* * *

Адам баласына жамандық жасап, қарғыс 



ала көрме! Біреудің көз жасы, қарғысы 

жібермейді деген халқымыздың бойындағы 

даналыққа да таң қаламын.

* * *


Қу тіршілік өз пендесіне не істетпей қойған 

дейсіз?! Бір жаныңды асырау үшін өмір бойы 

тыным көрмей-ақ өтеді екен адам баласы бұл 

дүниеден!

* * *

Қорғансызға кім әлімжеттілік жасамаған?!



* * *

Жаратқанымның көрсін дегенін көріп, 

естісін дегенін естіп өсіп, сынағына салған небір 

қиын сәттерде де сынбадым, іштей кейігенім 

болмаса, жан баласына көңілімнің наласын 

салып, ренжуді де білген жоқпын.

* * *

Дүниеге ұрпақ әкелуді қыз балаға 



Жаратушының жазған ұлы сыйы деп санау 

керек. Бұл сыйдың үлкен жауапкершілігі және 

де бар.

* * *


Ана болудың қасиеті ең әуелі әр әйелдің 

болмысынан танылуға тиісті.

* * *

Әулетінің ырысын, шаңырағының 



шырағын, дастарханының берекесін, ағайын-

туыстың татулығын әйелдің қадір-қасиетімен 

байланыстырып, бағамдай білген ата-

бабаларымыздың көрегендіктеріне осы күнге 

дейін таңданып, сүйсінетінім бар.

* * *


«Жер дауы мен жесір дауын» барлық дүние-

мүлкінің парқынан артық санаған бабаларымыз 

әйел ананың қадір-қасиетін қалай терең танып, 

түйсіне білген десеңізші!

* * *

Қазақ қызы тумысынан инабатты, 



ұлтжанды. Сұлулығы мен ажары, ақылы мен 

парасаты ішкі жан дүниесінің тазалығын 

танытып тұратыны бар. Бүгінгі өсіп келе жатқан 

жастардың бойынан осы бір қасиеттерді жиі 

байқап жүремін. Сондай сәтте аналық жүрегімді 

ерекше бір қуаныштың билейтіні де бар.

* * *

Әйел заты қаншама ақылды, қаншама 



талантты, атақты болса да бәрібір ол әлсіз, 

қорғансыз екендігіне өмірдің өзі иландырып 

келе жатыр.

* * *


Әйелді нәзік жанды деуіміздің жөні де бар. 

Әйел үшін сол нәзік жанның жанында Құдай 

қосқан қосағы – ер азаматының болғаны, қатар 

жүріп тұрғаны, бір шаңырақтың шаттығын да, 

қуанышын да бірге көтерісіп, дүниеге келген 

ұрпақтарын бірге тәрбиелеп, бірге өсіріп, 

солардың қызығын бірге көргеннен асқан 

бақыт жоқ.

* * *

Ешқашан да, ол қандай болса да ешқандай 



әйелді ер азаматтан артық деп санамаймын. 

Халқымыздың «алтын басты әйелден, бақыр 

басты еркек артық» деген даналығына жүгініп 

отырамын әрдайым.

* * *

Алла тағала әуелі Адам-Атаны жаратқан, 



сонан кейін барып Хауа-Ананы дүниеге 

келтірген ғой. Біз әйел дегеніңіз дүниеге ер 

адамнан кейін келгеніміз бар. Қашан болсын, 

ер азаматтан кейін жүріп, кейін тұрғанымыз 

жөн ғой!..

* * *


Әйел қашан да мейірімді, пейілі кең болса 

ғана отбасының ырысы бола алары хақ.

* * *

Ниеті тар әйелдің ерін де, үйін де қырсық 



шалды дей беріңіз.

* * *


Ер азаматтың бағын да ашатын, жолын да 

ашатын – әйел!

* * *

Әр адам өмірге өз пешенесіне жазылған 



тағдыр-талайымен келеді десек те, өмірдің бар 

жақсылығын, бар игілігін өзің де ала білуің 

керек.

* * *


Қолыңдағы бар дәулетіңді қызықтай білу де 

дәурен!


* * *

Өмір – біздің ұлы ұстазымыз!

* * *

Әйелдің ең үлкен міндеті – жақсы жар болу! 



Құдай қосқан қосағыңның сенімді серігіне 

айналып, ер азаматтың алаңсыз жұмыс істеуіне 

жағдай жасап, қолыңнан келгенше көмектесу, 

қолдау әйелдің бір парызы.

* * *

Тіршілік болған соң, оның түйткілі де көп 



болары анық. Жан жарың түзден кейбірде 

көңілсіз, кейбірде жадырап келетін кездері де 

болып тұрады. Сол сәтте ер азаматтың әйелінен 

басқа түсінетін кімі бар?! Отбасы, ошақ қасында 

кездесетін не бір тысқа жаюға болмайтын 

жайлардың бәрін де әйел орнына келтіріп, 

реттеп отырғаны жөн.

* * *


Төзген әйел – жеңген әйел! Әйелдің ең 

күшті қаруы осы – төзімділік!

* * *

Әйелдің бағы – ері мен бесігі!



* * *

Көңілі кең әйелдің дастарханы да кең.

* * *

Жас келін болып біреудің босағасына 



түскеннен кейін енең мен атаңа төзесің, 

содан туыс-туғаныңның еркелігіне де төзесің, 

одан жолдас-жоралардың орынды-орынсыз 

айтылған қалжың-әзіліне де төзесің.

* * *

Түзден әлденеге ренжіп келсе ерің ашуың 



сенен алуы мүмкін. Оған да төзімділік керек. 

Тіпті жігітшілік жасаса да төзесің.

* * *

Балаңның еркеліктері тағы бар, оған да 



төзесің. Құда-құдағиың, туыстарың да әртүрлі 

болады. Балаң үшін тағы төзесің.

* * *

Келініңнің кемшілігін түртпектесең, оны 



ұстай алмайсың, оған да төзу керек. Ең ақыры 

шаршап, жасың ұлғайған шағыңда дем алғың 

келіп тұрса да, немерелерің асыр салып 

мазаңды алады, оған да көнесің де, төзесің.

Әйелден сол төзімің кеткен күні – тозасың!

* * *


Төзім болмаған жерден – сөз шығады. Сөз 

шыққан жерден көңіл қалысады. Көңіл қалған 

жерден біреуін жоғалтасың. Жоғалту дегеніңіз 

– жауласудың, дұшпандықтың басы. Сондықтан 

бәріне де төзімділік керек.

* * *


Мына дүниеде сағынысып, қуанысып 

табысатын достарыңның болғанына не 

жетсін?! Дос дегенің қуанышыңды бөлісетін, 

қиыншылықта көрісетін, шақырту іздемей-

ақ үйіңе баса-көктеп кіретін, дүниеден озсаң 

жылап жүріп көметін ет жүрегі елжіреген жан-

жақының емес пе?! Құдайға шүкір, мен өз 

өмірімде осындай достарым бар деп санаймын.

* * *

Біз «қызға қырық үйден тыю» деген 



қазақы тәрбиенің керемет бір тезімен өскен 

қыздармыз!

* * *

Біз жасы үлкеннің жолын кесіп өтпеген, 



анамыз тұрып сөз сөйлеп, билік айтпаған, ер 

азаматтың алдына түспеген, «алтын басты 

әйелден, бақыр басты еркек артық» деген 

қағидаға мойын ұсынып өскен қыздармыз!

* * *

Біз ақтық пен пәктікті сақтау керек, адалдық 



пен ізеттіліктен аттамау керек деген тәрбиемен 

өскен қыздармыз!

* * *

Біз тағдырдың талай бір тәлкегіне түссек те, 



өз ұрпағымыз үшін бәріне де төзіп, бәріне де 

көніп өскен қыздармыз!

* * *

Біз қандай бір күй кешсек те арымызды 



сақтап, намысымызды қолдан бермеген, 

тағдырға қарсы тұрып, желі бауын үзген 

құлындай құлдырай жүріп тарихқа енген 

қыздармыз!

* * *

Қазақ қыздарының қасиеті ғажап қой! 



Ұрпақ, әулет, бала дегенде, алдарына жан 

салмай, туған-туыстың да, жарының да бабын 

тауып, балаларын бағып-қағып жүгіріп 

жүргендері. Отбасы мен қоғамның жүгін қатар 

арқалаған аяулы аналарымыз, әйдік қыз-

келіншектеріміз қаншама?!

* * *

Біраз қазақ қыздары апалап, тәтелеп 



сыйлап тұрады. Қазақ қыздарының өскеніне, 

өнгеніне қуанып отырамын, тілеулерін тілеп, 

батамды беріп жүремін.

* * *


Қазақ қыздарының жолы ауыр ғой. Соған 

қарамастан, өздерінің ерік-жігерлерімен, білім-

біліктіліктерімен жарып шығып, биік белестерге 

көтерілген қазақ қыздарының барлығына 

халықтың қалаулысы, елдің елеулісі бола 

беріңіздер дегім келеді.

* * *

Өмір – көрген түстей ме екен?! Солай да 



болар, бәлкім?! Қаншама ғұмыр кешсем де, сол 

ғұмырымда жақсыны да, жаманды да көрсем 

де, соның барлығы көрген түстей екен-ау!

* * *


Өз ұрпағымның амандығын тілегенім – 

елімнің амандығын тілегенім.

* * *

Ел анасы деген ұғым бар халқымызда. 



Мен өзімді елдің анасымын демей-ақ қояйын, 

дегенмен де ана атты қасиетті ұғымның кішкене 

ғана ет жүрекке сыйып тұрған лүпілімен сүйемін 

мына дүниені.

* * *

Дүниені сүйгенім – адамның баласын 



сүйгенім. Сол сүйіспеншілікпен де өмірім 

жарасты болып келе жатыр.

* * *

Бәлкім менің жан дүнием сүйіспеншіліктен 



тұратын да болар. Бала күнгі ой мен арман, 

талап пен ынта жақсы күндерге, жақсылыққа 

қарай ұмтылдырып, жетелегендей болғаны да 

бар.


* * *

Қаншалықты жетімдік, өмірдің 

тарыншылығын көрсем де, Жаратқан иемнің 

жарылқар сәттері көп болды.

* * *

Маңдайыңа жазылған қаншалықты 



тағдырың болса да, өз өміріңді өзің билеуің 

керек.


* * *

Жігерленетін жерде жүнжіп кетсең, сабыр 

сақтайтын сәтте ақылыңның ойран асыры 

шықса, қолыңнан келіп тұрған жақсылықты 

өзгелерге жасай алмасаң сол сәтте-ақ өз 

өміріңнің тізгінін өз қолыңнан шығарып алдым 

дей беріңіз.

* * *


Өмір маған әрдайым ұстамды болуды 

үйретті. Ұстамды болсаң ақылың да орнында 

тұрады, сабырың да сарқылмайды. Сол ерік-

жігерің мен ақыл-қайратың қиыннан жол тауып 

шығарады.

* * *


Тіршіліктің күні бойы біте қоймайтын бар 

тауқыметін арқалап жүру үшін де әйел затына 

қашан болсын ақыл мен сабыр қажеттілігіне 

өмір дәйім көзімді жеткізгендей болды.

* * *

Мен өз өміріме, өз тағдырыма риза 



адаммын! Дүниеге келгеніме, одан осы күнге 

жеткеніме тәуба, шүкіршілік қыламын.

* * *

Сынар жерде сынбай, жылар жерде 



жыламай да құламай, ар мен адамшылықтан 

аттамай, жақсылармен жанасып, 

жайсаңдармен сыйласып мен де өз өмірімнің 

сыр айтар түйініне жеткендеймін.

* * *

Арманым жоқ та болар, бәлкім?! Адам 



баласының армандай беруінің ар жағында 

осы тойымсыздық та жатқан жоқ па екен деп 

ойлайтыным тағы да бар.

* * *


Мына жарық әлем маған бәрін де берді, 

бәрін де сыйлады, ендігі бір арманым бар 

еді деп қалайша қыйыларсың?! Жетім едім, 

жетілдім! Жалғыз едім – Кенжекеңдей жар 

таптым да, тамырымды тереңге жайдым!

* * *


«Тәуба десең маған, тағы да берем саған», 

– деген Алланың алдындағы пендешілік ой мен 

пиғылдан әрдайым жан дүниемді аулақ ұстауға 

тырысып келемін.

* * *

Түрік философы Фетхуллах Гүлен «Адамға 



арықтау оңай, бірақ сол қалпыңды сақтап 

қалу қиын. Иманға келу оңай, бірақ иманды 

болып қалу қиын» деген екен. Адам баласы 

қаншалықты қиындық көрсе де, қаншалықты 

барға қолы жетіп, байлыққа кенелсе де адами 

қалпында қалуы керек.

* * *

Өмір болғаннан кей-кейде кейіп, налитын 



да кездеріміз, кей-кейде шалқып-толқитын 

шақтарымыз да болмай тұрмайды. Соның 

бәрінде тез арада сабамызға түсіп, бір Алланы 

аузымызға алып, кешірім сұрап, тоба деп, тәуба 

қылып отырамыз.

* * *


Қазақтың «Жасымда бейнет бер, ұлғайғанда 

зейнет бер» деген осы бір бәтуалы батасы маған 

дарыған іспетті. Құдайға тәуба!

* * *


Мен бақытты әйелмін! Менің бақытым – 

өзімнің сүйенішім, тірегім, жарық жұлдызым, 

өмірлік жарым Кенжекең, қазақтың ардақты 

перзенті Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев!

* * *

Менің бақытым – өз жанымның 



қуанышы мен сөнбес үміті балаларым, жас 

құрақтай болып, жайқалып өсіп келе жатқан 

немерелерім!

* * *


Менің бақытым – өзімізді қадірлеп, 

қастерлеп сыйлайтын туыс-туғандарымыз бен 

адал ниетімен адал асын ұсынып, шынайы 

көңіл-ниеттерімен сыйласа білген дос-

жолдастарымыз!

Нағытай ӘбІТАЙқЫЗЫ

Халқымызда «Ой түбінде жатқан сөз 

шер толқытса шығады» деген қағидалы 

нақыл сөз бар. Жанын да, жүрегін де өмір 

шері толқытып, толғандырған Нағытай 

Әбітайқызының өмірдің ащысынан да, 

тәттісінен де түйген өз ойларын ақыл мен 

нақылға айналдыра білген сырларының 

жас ұрпаққа, жас отбасыларға, әсіресе 

қыз-келіншектерге берер тәлім-тәрбиелік 

мәні зор.

РЕДАКЦИЯ


8 маусымнан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» 

мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған 

ХҚКО-ларында қазақстандықтар автомектептерде 

оқымай және тұрғылықты жеріне тіркелместен жүргізуші 

куәліктерін ала алатын өзгерістер күшіне енді. Жаңа 

қағидалар «А» және «В» санатындағы, сондай-ақ «А1» 

және «В1» кіші санатындағы жүргізуші куәліктеріне 

таратылады.

Азаматтар үшін жүргізуші куәліктер алу процедураларын 

жеңілдететін өзгерістер көлік құралдарын тіркеу және 

есепке алу қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа енгізілді. 

Жүргізуші куәлігін алу үшін 083/У нысанындағы 

медициналық анықтаманы ұсыну қажет. Сондай-

ақ, қазақстандықтар медициналық қараудан 

мамандандырылған ХҚКО-лардың ғимараттарында 

өте алады, онда бұл үшін арнайы медициналық 

кабинеттер, сондай-ақ психиатр мен наркологтың 

кабинеті жұмыс істейді.

Үміткер жүргізуші куәлігін алғаш рет алған кезде екі 

емтихан тапсырады. 40 сұрақтан тұратын теоретикалық 

емтихан және автодромда 12 жаттығудан тұратын 

практикалық емтихан. Әрбір үміткердің емтиханды 

үш ретке дейін тапсыру мүмкіндігі бар. Әрекеті үш 

рет сәтсіз болған жағдайда, кандидат соңғы емтихан 

өткізілген күннен бастап алты айдан кейін келесі 

емтиханға жіберіледі.

Бүгінгі таңда Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, 

Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, 

Қостанай және Ақтөбе қалаларында мамандандырылған 

халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.



Кенжеғали 

с

ағадиев пен 

н

ағытай Әбітайқызы

енді ТҰРғыЛыҚТы ЖеРіне ТіРкеЛМеСТен 

ЖүРгізуші куәЛікТеРін АЛуғА боЛАды


22-23 [799], 03-10.06.2016

 www.qazaq1913.kz  

8

Қысқа қайырғанда:

ой-Сана


бауыржан байбек бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым қызайбайға автокөлік сыйлады

Е

нді  сол  жер  сатылады  дегенде  үстіме мұздай суды  



құйып  жібергендей болды. Жетіскен  екенбіз. Ата-бабаларымыз  

«ақ найзаның ұшымен, ақ  білектің күшімен» қасық  қаны  қалғанша, 

жанталасып  жүріп сақтап, көзінің қарашығындай  қорғап қалып 

еді. «Жер дауы» мен «жесір дауы» қазақта ықылым  заманнан бері 

ең өзекті әрі  маңызды болып  келген. Жалпы, тіршілік иелерінің 

асыраушысы – Жер. Сан ғасырлардан бері сол жер үшін  талас-

тартыс  толастаған  емес. Төрткүл дүниеде жер үшін жанжал  бүгінге 

дейін  жалғасып келеді. Мысалы: Израиль Палестинаның жерін 

шарпып қалуда, Армения Әзербайжанның Таулы Қарабахты 

пайдалануда. Қытай Ресейдің шығысына көз алартуда. 

Адамзатқа қасірет әкелген сондай жойқын соғыстардан соң жер  

қайта бөліске түскенін  көріп отырмыз. Бірінші, Екінші дүниежүзілік 

соғыс нәтижелері дәлел. Жер үшін! Алпауыт елдердің мақсаты 

біреу-ақ – жерді жаулап алып, асты-үстіндегі қазба байлықтарын 

иемденіп, үстемдіктерін  құру. Қалалар салып, жер қыртыстарын  

қопарып, өндіріс  орындарын ашып, байлыққа  кенелсе болғаны. 

Сол солақай саясаттың кесірінен алпауыттар  бір-бірімен жарыса  

қаруланып, өзгелерге  сес көрсету үшін  табиғатты жоқ ететін 

қаншама ядролық сынақтарды жасады  десеңізші. Соның салдарынан 

қоршаған ортаның тепе-теңдігі бұзылды. Күн сәулесі қуатынан 

қорғаныш болған (озон) ауа қабаттары ластанып, күннің шамадан 

тыс ыстықтығынан ну ормандар өртеніп, Атлант пен Солтүстік 

Мұзды мұхиттардағы қалың мұздар еріп, құрлықтарда өзендер 

арнасынан тасып, тасқын сулар көбеюде. Жер бетіндегі көптеген 

көлдер мен теңіздер тартылуда. Келтірген залалдары адамзатқа  

шаш-етектен. 

Жер сатып алғысы келген АҚШ Президенті Авраам  Линкольнге 

1854 жылы 18 қарашада Үндіс көсемі Сеаттленің: «Көгілдір  аспанды, 

аяқпен басып жүрген ата-бабаларымыздың мирас болып бізге 

қалған жерді жалға беру немесе сату  менің тайпамның  ақылына  

кірмейді. Өйткені, адам баласы өте алмайтын ну ормандар, олардың 

жапырақтары мен ызыңдаған жәндіктердің дыбысы, сан алуан 

шөптердің жайқалып өсуі мен ағып жатқан мөлдір бұлақтардың 

сылдыры ата-бабаларымыздың қаны іспеттес, осының бәрі 

халқымның санасынан орын алған және табиғат аясында біте 

қайнасып өмір сүрген біз қоршаған ортаны анамыздай жақсы 

көреміз. Себебі, үндіс өзінің анасы Жер екендігін  анық біледі 

және қоршаған ортаға өзгеше көзбен қараймыз. Үндістер айдын 

көл бетін сипаған самал желдің үні мен иісін сүйеді. Шалғындарда 

қырылып жатқан өлексесі сасыған мыңдаған бизон көрдім. Ақ 

түсті пенделер пойызбен өтіп бара жатып, ермекке бола атып 

өлтірген. Түтіні будақтаған темір аттың бір бизоннан да қастерлі 

болғанына ақылым жетпейді. Біз үндістер жануарларды тек 

өзіміз өмір сүру үшін  ғана қажетімізге қарай өлтіреміз. Барлық 

жануарларды қыратын болсақ, онда қалай өмір сүресің? Жер 

адамға емес, адам Жерге тәуелді. Барша дүниенің басына келген 

нәубет – адам баласының басына келеді деген сөз. Ақ түстілер 

үшін бір түйір топырақтың өзгелерінен айырмашылығы шамалы. 

Жер ақ нәсілдінің досы емес, дұшпаны тәрізді. Ана болған Жерді, 

бауыры болған аспанды сатып алынатын, пұл ретінде жұмсалатын 

тәріксіз бір нәрсе ретінде ғана қарайды. Ақ түстілердің салған 

қалаларында  тыныштық, бейбіт тірлік  жоқ.

Айналып келгенде Тәңір үндіс пен ақ нәсілді пенделер үшін 

біреу-ақ. Олардың арасында еш айырма жоқ. Тәңір де Жерге 

құрметпен қарайды. Жерді сыйламау – Тәңірді  сыйламау. Көкте 

қалықтаған қырандар, тауларды жапқан ормандар, қолға үйретілген 

жабайы аттар жойылар және Жер үсті адам баласымен толар. 

Міне, сол күні адам баласы  үшін ақырзаман болуы ғажап емес», 

– деп жазған хаты адамды сансыз ойларға жетелейтіні  даусыз. 

«Оқу ойдан артық емес» дегендей, Үндіс көсемі Сеаттле оқымаған, 

техникалық өркениеттен хабары болмаса да, өмірден көріп-түйгені 

көп екендігі жазған хатынан байқалып тұр. Адамзатты ойландыратын, 

толғандыратын ұлағатты сөзіне қалай басыңды имейсің? Біздің 

де ұлан-байтақ  жеріміз бар – әлемде тоғызыншы орындамыз. 

Алайда ауыл шаруашылығы салаларында бей-берекет қолданылып, 

игерілмей жатқан жер қаншама. Кейбір малға жайылым болатын 

жерлерде үйіліп жатқан қоқыстарды көргенде қарның ашады. Тіпті, 

үй алдындағы бақшалық жерді де күтіп баптай бермейміз. Бұл 

Жерге деген селқос көзқарасымыздан, жанашырлығымыздың 

аздығынан болар. Жер Анаға, туған Табиғатқа Сеаттленің ұлағатты 

сөздерінен  үлгі  алсақ  игі  болар еді. Қазіргі қазақ қоғамының 

оңала алмай жатқаны елім, жерім  деп еңіреген жігіттің қолында 

мал жоқ, қанша тыраштанғанымен тышқақ лақ таба алмай жүр, 

қазақ қоғамы – кедей қоғам.

Малы барлардың қазақпен ісі жоқ, бұл бүгінгі күннің парадоксы. 

Мыңжылдықтарды артқа тастап, қауымдастық пен мемлекеттік 

құрылымдардың сан алуан түрін алмастырып, әрқилы қоғамдық 

формациялардың қызығы мен шыжығын көріп, соқтықпалы соқпақсыз 

өмірдің талай тар жол, тайғақ кешуін бастан өткерген біздің ата-

бабаларымыз ұлт болып ұйысқан халықты уақыт құрдымына 

құлатпай, қадір-қасиетімен бүгінге жеткізуі сол қажеттілік талабын 

орындай алғандығынан деп ойлаймын. Олай болмағанда бұл күнде 

қазақ деген ұлт та, яғни біз де болмас едік. Біздің бар болуымыз, 

нар болуымыз сол ата-бабаларымыздың тұтастық туын жықпай, 

қазақтық қалпына қылау түсірмей, ұлттық ұйтқының қаймағын 

бұзбай, заманнан заманға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуінің арқасы. 

Ата-баба жолын жалғастыру, аманатқа адалдықты сақтау – ел 

боламын, жұрт боламын деген ұрпақ үшін киелі міндет, перзенттік 

парыз. Бірақ, бүгінгі тірлігімізге сырттан бақылап тұрып, ұлттың 

өзіндік бет-бейнесі шайылып кету қаупі жоқ дей алмайсыз. Адамдық 

өлшемдер тұрғысынан қарағанда, кісілік келбетіміздің күнгейі 

мен көлеңкесінің ара-қатынасы алаңдатарлықтай болып тұр. 

Сөзімізден дауа, ісімізден бәтуа кетіп бара жатқандай, тіпті кім 

екенімізді айыру қиын. 

Сөз бен істің арасы тым алшақ. Мәселенің мәніне жетіп, 

түбіне үңілмей жатып, даңғаза даңғыртпен кемшілік атаулының 

бәрін басқа біреулерге аударып, соларды жазғырып, өзіміз бұғып, 

сырт айналып, жақсы атты көрінуді мұратты ісімізге айналдырып 

алғандаймыз. Батырлықтың бәсін бағалау, найза төніп тұрса да, 

намысын жатқа бермеу, тірі жанға тышқақ лағын босқа жегізбеу 

– бабалардың мәрттік мінезі, берік ұстанған жолы  бүгінде далада 

қалды. 


Қазақтың кедей болатын себебі, байлыққа деген теріс көзқарас 

шөгіп жатыр, құлдық психологиядан арыла алмағандығымыздың 

айғағы. Бұл нағыз қазақы сана емес, деформацияға ұшыраған, 

отарлық езгіден сансыраған аурушаң, дімкәс сана. Байлық бәрін 

шешеді. Тіптен тәуелсіздігіңді де. Байлықты кім иеленсе, соның мерейі 

үстем – билік соның қолында. Бұл тарихи мың рет дәлелденген 

шындық. «Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін». Олай болса, 

елдің байлығын, экономикасын өз қолымызға – қазақ ұлтының 

игілігіне ұстау қажеттілік. Қазақстан байлықтарын шетелдіктерге 

өндіруге берудің қазаққа әкелетін сорақы кесапаты орасан зор. 

Сұлулары сұлулығынан, батырлары күшінен ұялған халық 

тектіліктің парқын тереңнен өлшеген. Алып күш иелері өзінен 

төменге, әлсізге, жарлы-жақыбайға тізе батырмаған, алысса да, 

атысса да өзімен теңдеспен ғана табан тірескен. «Ер шекіспей, 

бекіспейді» дейді, қанжарға емес, қамшыға жүгінген халықпыз. 

Бүгінгідей батыр бір оқтық, қулық сауған, айламен бәйге алған 

заманда қайран бабаларымыздың қадір тұтқан мәрттік, серілік, 

өрлік, ірілік, текті қасиетін ұстанбақ тұрмақ, ұлықтаудың өзінен 

қалып бара жатқандаймыз. Баяғыда бір жұдырықпен шешілетін 

мәселеге бола алпыс бет ақ қағазды арзан сөзбен былғайтынымыз 

жасырын емес. Біз осы жоғалып бара жатқан алтынның сынығын, 

асылдың сарқытын қазіргі таңда көре алмай жүрміз. Жасырғаннан 

не пайда, бұл – біздің өн бойымызды жайлап алған дерт іспеттес. 

Бейтараптылық пен жайбарақаттық дертінің бойымызды жайлап, 

ойымызды шырмауықтай шырмап алғаны сондай, ненің ақ, ненің 

қара екенін айырудан қалып барамыз.

Надандықтың белгісі – еш ақылға жарымас,

Жайылып жүрген  хайуандай, ақ-қараны танымас, – деген 

ыбырай Алтынсариннің жанайқайына 100 жылдан астам уақыт 

өтті. Бірақ, өзгеріп жатқан қазақ көзге көрінбейді. Жан дүниемізді 

Батыстың капиталға ашкөздігі баурап бара жатқандай. Әрине, 

нарықтық жүйеге көшкен Қазақ елінің санасы да соған бейімделетіні 

белгілі. Тіпті, бейімделуге тиіс те. Сонда да әр нәрсенің жөн-жобасы 

болуы керек қой. Бүгінде осы жөн-жоба қалып барады. Бәрінің 

есіл-дерті ақша, соның көлемімен айқындайтын болдық, ойлағаны 

баюдың амалы, қымбат көлік пен баспаналы болу, шет елде дем 

алсам деп армандайды. Халықтың біраз бөлігі қалай байысаң 

өзің біл, әйтеуір байлық жиғандарды жазғырудан, айыптаудан 

аулақтап кеткендей десем, шындыққа обал жасамаспын. Қайта 

керісінше, кейбіреулер оларға іштей қызығып қарайды, оларға 

заманы түлкі болса тазы болып шалып қалған ширақ, еті тірі 

кісілер ретінде бағалайды да. Оның есесіне қолына келіп тұрған 

мүмкіндікті пайдаланып қалмағандарды, сол қызметтің байлығын 

судай сіміре алмағандарды өмір сүруге бейімсіз бейшаралардай 

айыптап жататындарды құлағым естіп, көзім көрді.

Кез-келген ұлтты тірі организм ретінде қарастырсақ, онда қазіргі 

қазақ халқының жамылып отырған қорғаныш қабатының бүгінгі 

күйі шұрық-тесік, кір-қожалақ, сатпақ-сатпақ. Әр тесіктен кірген 

залалға қарсы тұратын иммунитеті де қалмаған. Осы тесіктерден 

кіріп, төрге жайғасып жатқан қаншама дүниелерді еріксіз қабылдап 

жатырмыз. Ал оларды қабылдамау үшін мықты ұлттық идеология 

мен ынтымақ-бірлік қажет. Ол бізде  қағаз жүзінде бар, бірақ іс 

жүзінде мүлдем жоқ.

Фрэнсис Фанон «Жер шарының бақытсыз тұрғындары» еңбегінде: 

«Колониализм, яғни отаршылдық тек қана отарланған елдің әскери 

күшін құртып қана қоймайды, сонымен қатар ол елдің мәдени, 

саяси қазынасын түбегейлі тонайды», – депті жарықтық. Отарлау 

саясатында Ресей империясы алдына жан салмады, өзіне ғана тән 

культурагерлік ағартушылық бағытты идеологиялық қалқан етіп 

ұстанды. Жуырда саясаткерсымақ Александр Дугиннің «Основы 

геополитики» деген кітабы қолыма түсті, оны жайбарақат оқу мүмкін 

емес. Ол кітапта: «Это мирный переход под прямую юрисдикцию 

Москвы всей территорий Средней Азии (особенно Казахстан) 

компактно заселенной русскими. Для выживания русского народа 

в нынешных, трудных условиях необходимо обращение к самим 

радикальным формам русского национализма. Усугубить трения 

между кланами, племенами, жузами, и.т.д. Битва за мировое 

господство русских не закончилась», – делінген. 

Бүгінгінің бағасын ертеңгі ұрпақ берсе керек. Бүгінгі аға 

буын сол іргетасты қалай қаласа, ертеңгі ұрпақ дәл сол үйде 

тұратын болады. Келер ұрпаққа ол үй ұнамаса қиратып қайта 

салуы әбден мүмкін. Бірақ, ол жақсылық емес. Біз ертеңгі немере, 

шөберелерімізге қаптаған проблемаларды мұра етіп қалдырмауға 

тиіспіз. Сондықтан бүгінгідей күнде мың құбылып тұрған саяси 

самал-желге бейтарап болуға құқығымыз жоқ.

«Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен. 

Біреу қылды дегенді шығарамын сөзімнен», – депті Сұлтанмахмұт 

Торайғыров. Оның үстіне билікті оңды-солды сынайтын, бесінші 

рет сайланған Елбасын жеріне жеткізіп жамандап, сол арқылы 

саяси ұпай жинайтын адамдарға тап қазір таптырмайтын ыңғайлы 

жағдай туып отыр. Елдің ертеңі үшін шырылдап, астындағы тағын 

да, басындағы бағын да тәрк етуге дайын санаулы зиялыларымыз, 

бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға халықтың мұңын мұңдап, 

көңіл-күйін ойлап, ұйыған бірлігін бұзбауға септігін тигізсе игі. 

Себебі, рухы төмен адам қанаты сынған құспен тең, рухани жүдеген 

елге үстемдік жасау оп-оңай. Онымен қоса, тілін бір тізгіндесе, 

дінін алауыздаса, салт-дәстүрін талапайға салса, жер жалға кетсе, 

қазақ халқы жердің артынан өзі де жалға кетері анық. Жалданған 

құлдық санадағы тобыр «құл жиылып ел болмас» тұжырымды 

дәлелдеп, кез-келген билік үшін таптырмас қоғамға айналуға 

әкеп соқтырады.

Жұмамұрат шәМші,

тарих ғылымының кандидаты

Ағымдағы жылғы 4 сәуірде сол кездегі Ұлттық  экономика  министрі Ерболат 

Досаев 1,7 млн гектар  жер телімі жеңілдетілген аукцион арқылы сатылатынын  

Орталық  коммуникациялар  қызметінде  өткен  жиналыста мәлімдегеннен бері 

тәбетім қашып, күндіз  күлкіден, түнде ұйқыдан  қалдым. Өйткені, 2005 жылы  

Астанаға сонау Ташкенттен қоныс  аударған  қазақтың  бір баласы  едім. Бар  

мақсатым, «Өзге  елде  сұлтан  болғанша, өз еліңде  ұлтан бол» деген кешегі ата-

бабалардың бейітін  тастап, үкілеген үмітін  арқалап өлсем, өлігім  атажұртта  

қалсын деген ниетпен  келіп  едім.

И

герілмей жатқан ауыл шаруашылығы 



жерлерін жаппай сатуға және 25 жылға жалға беруге 

батыл һәм жанкешті қарсылық көрсеткен халық ақыры 

жартылай жеңіске жетті. Билік пен Үкімет икемге 

келіп, халықпен санасуға мәжбүр болып, Келісім 

комиссиясы құрылып жұмыс жасап жатыр. Оған 

қойылар басты халық талабы  белгілі. Ол: жерді жекеге 

ешкімге сатпау және шетелдіктерге 25 жылға, яғни 

ұзақ мерзімге жалға да бермеу. Әлеуметтік желіде: 

«Жерді сатпаймыз, жалға бермейміз десек, онда ол 

жермен не істейміз? Осы жөнінде сауатты талап-

ұсыныс керек» деген орынды пікір айтылды. Рас, 

шынында не істейміз? Келісім комиссиясының 

талқылауларына осы сұрақтың дұрыс жауабымен 

бару керек қой.

Үкімет пен оның министрлері, барша әкімдері: 

«Жер өнім беруі керек, жермен жұмыс істеу керек» деп, 

сол уәжді алға тартады. Ал  Үкіметтің өзі, оның ауыл 

шаруашылық министрлігі мен әкімдері сол жермен 

неге өздері жұмыс істемейді? Осы сұрақты неге қарсы 

қоймасқа? Үлкен өкініштісі, жермен қалай тиімді  

жұмыс істеуді облыстардың  әкімдері де, аудандардың 

әкімдері де білмей отыр, қысқасы басқара алмай 

отыр. Білмегендіктен осындай әрекетке барып, халық 

наразылығын тудыруда. Ойлап отырсақ, Үкіметіміз 

шаруашылықтарды басқаруда өз мойындарына 

ешқандай жауапкершілік алғысы келмейді. Бәрін  

жекешелендіріп, өздері басқармай,  басқаларға 

басқартып, солардың  тапқандарынан салық жинап 

қана отыр деуге толық негіз бар. Нағыз нонсенс, 

парадокс  дегенің осы емес пе?! Комиссиядағы халық 

өкілдері Үкіметтен бәрін жекелерге үлестіріп, құр 

салық жинап қана отыруды қойып, негізгі міндеті 

– басқару міндетін атқаруды талап етсін демекпіз

Кеңес кезінде жыл сайын Қазақстан Отан 

қоймасына миллиард пұт астық құйып, облыстар 

бірінен соң бірі Ленин орденімен наградталып, 

механизаторларымыз Еңбек Ері атақтарын алып 

жататын. 35-40 миллион қойымыз болды, соны 

азсынып, 50 миллионға жеткіземіз деп күрестік. 

Сол тәжірибелерге неге назар аудармасқа? Кеңес 

десе оны құбыжықтай көріп жиырыла қалуымыз жөн 

бе? Жаманы өзімен кетсін, жақсысын алайық деп 

халық қанша қақсаса да Үкіметіміз құлақ қоймайды.

Жердің игерілмей  жатқанына Үкімет шаруаларды 

кінәлі санайды. Ал шынына келсек, жыл сайын ауылға 

бөлініп жатқан қыруар мемлекет қаржысы «откат» 

деген бәленің кесірінен астана мен облыс әкімдігінде 

талапайға түсіп, сонау ауылға жеткенше кемінде 

жартысы жымқырылады екен. Ал бұл кімнің кінәсі? 

Оның сыртында жыл сайын облыстарға бөлінген жүз 

миллиардтаған  теңге бюджет қаржысы игерілмей 

қалғаны Парламентте жиі сөз болып, Президентіміз де 

Үкімет басшысы мен облыс әкімдеріне ұрсып жатады 

емес пе? Бұл кімнің кінәсі? Әрине, Үкіметтің кінәсі 

екені айқын. «Игере білмеген жерді жамандайды, 

басқара білмеген елді жамандайды» деген осы.

Енді жерді сатпай-ақ та, ешкімге 25 жылға жалға 

бермей-ақ та оны игеруге болатынын, сөйтіп болашағы 

жоқ деп, жабылып жатқан, жабылудың алдында тұрған 

ауылдарды қалай құтқарудың жолдарын айталық. 

Мен ақын, жазушы ғана емес, ауыл шаруашылығын 

бір ғалымдай зерттеген және сол салада жұмыс 

істеген адаммын. 1970-1976 жылдары Алматыда 

компартияның органы «Қазақстан ауыл шаруашылығы» 

журналында қызмет атқардым. Соның нәтижесінде 

1988 жылы бастама көтеріп, Ауыл шаруашылығы 

министрлігі мен сол кездегі Министрлер Кеңесінің 

төрағасы Қарамановтың табалдырығын  тоздыра 

жүріп, елде алдымен «Игілік» атты шаруашылық 

кооперативін, содан соң «Болашақ» атты агрофирма 

құрып, үш жыл басшылық еттім. 

Мен ауылдарды қазіргі қиыншылықтардан құтқару 

үшін не істеу керектігін талай айтып та, жазып та жүрген, 

сан рет бастамалар көтеріп және сол бастамаларымды  

жүзеге асырамын деп, әлі  күресіп жүрген кісімін. 

Соңғы жылдары «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», 

«Президент және халық», «Түркістан» газеттерінде 

«Бағы байланған бастамаларым»,  «Жаңалықсыз 

заман алға басар ма?», «Болашақсыз ауыл жоқ», 

«Бастама», «Қайыңдым, сені қайтейін?», «Ауылды 

өркендетуге мүмкіндік мол» атты  көлемді мақалаларым 

жарияланған. Бірақ солардың  бір де біріне Үкімет те, 

ауыл шаруашылығы министрлігі  де түк мән берген 

жоқ. Оны айтасыз, олар  басқа газет түгіл  үкіметтік 

бас газет «Егемен Қазақстанның» бетін ашпайды. 

Ауылға жаны ауырған қаншама ғалымдар мен қоғам 

қайраткерлерінің, басқа да ауыл шаруашылығы 

мамандарының  құнды  ұсыныс, орынды пікірлер 

айтылған мақалалары жарияланып жатады. Әттең, 

құлақ асатын ешкім жоқ. Ауыл шаруашылығын  одан 

хабары шамалы адамдар басқарып отыр. Оған нақты 

мысал келтірейік. 

Үкімет ауылдағы жеке шағын шаруа қожалықтарын 

біріктіріп, күштерін қосып, ірілендірген шаруашылықтар 

құру туралы шешімдер шығарып, әлденеше қаулылар 

қабылдаған. «Село тұтынушыларының кооперативі» 

деген құрылымның жарғысы да бар. Кезінде сол 

жөнінде облыстар мен аудандардың әкімдеріне 

сансыз бұйрық-жарлықтар берілген. Бірақ бір кезде 

құрылған шаруа қожалықтарының көбі тарап кеткен, 

қалғандары қанша үгіттесе де біріккілері келмейді. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі жасаған түрлі ереже, 

жарғыларда жеке шаруаларды біріктірудің, бірігуге 

көндірудің механизмі жоқ. Сегіз  жылдан  бері сегіз  

шаруа қожалығын  біріктіре алмаған шығар. Оны 

айтасыз, өздері бірігіңдер дей отырып, қауымдасып 

шаруашылық құру үшін 15 миллион  теңге жарғылық 

қор болуы керек деп заң шығарып, бірігуіне кедергі 

жасап, тосқауыл қойып қойған. Ал бұған не айтасыз, 

күлесіз бе, жылайсыз ба?!

Енді осы ақылға сыя ма? Күндерін зорға көріп 

отырған ауылда 15 миллиондық жарғылық  қор қайдан 

болсын. Енді Үкіметтің шаруларды кінәлайтын не жөні 

бар? Ал мен құрмақ болған «Қайыңды қауымдық 

шаруашылығының»  Жарғысында қауымшарға күштемей-

ақ кіргізудің, біріктірудің механизмдері жан-жақты 

жазылған. 2009 жылы өз ауылым «Қайыңдыда» біз 

өткізген жалпы жиналыста қауымшар құруға, оған 

мүше болуға бәрі де қол көтерген. Себебі, ауыл 

адамдары бұрынғы колхоз сияқты жер де, меншік 

те, игіліктер де  бәріне ортақ  және бәрі де жұмыспен 

қамтылатын қауымшарға біріккісі келген. Әттең не 

керек, ол жолы 15 миллион жарғылық қор  сор болып 

қауымшарды құра алмағанбыз. Ақылдары түстен кейін 

кіріп, былтыр  бұрынғы  15 миллиондық жарғылық 

қор алынып тасталды. Енді биыл ауылда қауымшар 

құруды қайтадан қолға алайық деп жүргенде  жерді 

сатамыз деген  шатақ шығып елдің үрейін алып тұр.

Қорыта келгенде, жер жеке меншікке емес, 

ұжымдық, яғни қауымдық меншікке берілуі керек. 

Оны қауымдық шаруашылық, қысқаша «қауымшар» 

деп атағанымыз жөн. Үкімет құрмақшы болған «Село 

тұтынушыларының кооперативінің» жұмыс принципі 

де шаруалардың, яғни ауыл тұрғындарының бірігіп 

қауымдасып, жұмыс жасауына негізделген. Бұл бұрынғы 

колхоз. «Совхоздарды таратқанда оны бұрынғыдай 

колхоз ету керек еді» деген пікірді бәрі айтып келеді. 

Колхоз да жеке меншікке жатады. Айырмасы бәріне 

бір ғана адам емес, сондағы бар адам иелік  етеді, 

яғни кауымдық меншік, ортақ игілік. Енді басын ашып 

алатын мәселе, ауылда мың  адамның меншігін бір 

адам иеленсе, ол бай-феодал болды деген сөз. Оның 

малын бағатын, сиырын сауатын, отын жағып, күлін 

шығаратындар сол ауылдың бүгінгі жұмыссыздары. 

Ал олардың шын аты – жалшы, малайлар, орысша 

айтқанда батрактар.

Екіншіден, Терещенко, Кулагин  секілді және 

басқа он мыңдаған гектар шұрайлы   жерлерді алып 

алған латифундистер  ауылда тұрмайды, атқарушы 

директорлар арқылы басқарады. Ал олар егін науқандары 





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет