Жалпы қасиеті



Дата27.10.2022
өлшемі39,7 Kb.
#45592

Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялык белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі амин қышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі.

Жалпы қасиеті

  • 1. Алшақ (дистанциялық) әсер -- гормондар өздері түзілген бездерден алшақ орналасқан мүшелер қызметіне әсер етеді.
  • 2. Өзіндік әсер -- әрбір гормон организмде жүретін белгілі бірпроцеске ғана әсер етеді. Дегенмен, жеке мүшелер қызметіне немесе белгілі бір процесті реттеуге бірнеше гормон қатысуы мүмкін. Олардың әсеріне бірыңғай (синергиялық), не кереғар (антагонистік) болуы мүмкін
  • 3. Зор биологиялық белсенділік. Гормондардың аз мөлшерінің өзі үлкен биологиялық жауап тудырады. Мысалы, 1г адреналин 10 млн бақаның оқшауланған жүрегінің жиырылу күшін арттырып, жұмысын жиілетеді. 1 г инсулин 125 мың қоянда гипогликемия тудырады.
  • 4. Гормондар молекулалары ықшам болады, сондықтан олар капиллярлар қабырғасынан оңай өтеді.
  • 5. Көптеген гормондарға түліктік-түрлік өзінділік сипат тән болмайды, сондықтан олардың практикада қолданылу аясы кең болады.
  • 6. Гормондар ұлпаларда ұзақ сақталмай, тез бұзылады, сондықтан ішкі секреция бездері оларды толассыз бөліп отырады.
  • 7. Гормондар тек тірі организмде ғана әрекет етеді, олардың әсері тірі торшалар мен құрылымдарға ғана бағытталған

Жалпы қызметі

  • Зат алмасу қарқындылығын өзертеді
  • Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігі арттырады
  • Өсу мен көбеюді реттейді
  • Физиологиялық үдерістерді күшейтеді немесе бәсеңдетеді.

Алып тастаймыз ауызша

  • Гормондар -- өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекұсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары),
  • Ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай:

  • бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин,
  • норадреналин)
  • организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон)
  • жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет