Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық «Әбіш оқуларының» байқауын өткізудің ережесі І. Жалпы ереже



бет1/3
Дата21.02.2023
өлшемі18,73 Kb.
#69860
  1   2   3
Байланысты:
ереже Әбіш2023


Білім басқармасының
2023 жылғы « »_______
№ ____ бұйрығына

  1. қосымша


Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында
облыстық «Әбіш оқуларының» байқауын өткізудің
ЕРЕЖЕСІ


І. Жалпы ереже.

Осы ереже жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында өткізілетін облыстық «Әбіш оқуларының» (бұдан әрі – Әбіш оқулары) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етілуін, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.


1.Әбіш оқуларының негізгі мақсаты мектеп оқушылары арасында Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының руханы мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған айқындамаларын қалыптастыру.
2. Әбіш оқуларының негізі міндеттері Ә.Кекілбаевтың шығармашылығының көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы оқушылардың ой танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
3. Әбіш оқуларының негізгі міндеттері- дарынды балаларды анықтау, әдеби мұралардың жүйелі оқылуын жолға қою.


ІІ. Әбіш оқуларына қатысушылары.

1. Әбіш оқуларына аудандық (қала) кезеңнің жеңімпазы атанған жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарының оқушылары қатыса алады. Әр аудан (қала) облыстық кезеңге жекелеген байқауларға қатысқан 3 оқушыны қоса есептегенде 8 оқушы 1 жетекшіден тұратын топты ұсынады.


2. Жетекші топ құрамындағы оқушылардың жол бойындағы өмір қауіпсіздігіне жауапты. Жетекшіні білім беру ұйымдары тағайындайды.
ІІІ .Әбіш оқуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі.



  1. Әбіш оқулары - 4 бағыт бойынша өткізіледі.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет