Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың маңызы мен мақсаты



Дата03.03.2022
өлшемі18,62 Kb.
#26967

Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың маңызы мен мақсаты

Математика мұғалімі әрбір адамның өмірі мен ісіндегі математикалық білімнің ұлы күшін терең түсінуі керек және өз оқушыларын оған сендіруге міндетті.

Математика қоғам мүшесіне тән қабілет пен творчестволық ізденіске не жаңалыққа жаны құмар азаматтарға қоршаған ортаны одан әрі жақсарту және жетілдіру сияқты қасиеттерді дарытуда ролі зор. Бұл қасиеттердің нышандары мектеп қабырғасында қалыптаса бастайды.

Ғылым мен техниканың қарқындап өсуі «математикалық биология», «математикалық лингвистика», «математикалық экономика», «математикалық психология» сияқты пәндердің пайда болуына себепші болды. Математика жаратылыстану ғылымдарымен бірге, гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс тапты.

Математиканың мектептік курсы оқушылардың ойлау қабілеті мен жалпы білім дәрежесін дамытуда және тәрбиелеуде әрі жетекші, әрі жауапты орын алады. Математиканы мектепте оқыту:

а)оқушыларға қоршаған ортаны танып-білудің математикаға тән құралдарын меңгеруді үйретеді;

ә)оқушылардың политехникалық білімін дамытуға және оларды практикалық дайындауға көмектеседі; оқушылардың азаматтық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз етеді;

б)оқушыларды математиканың практикалық қолданымымен таныстыра отырып, олардың ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мен маңызын түсінуіне көмектеседі;

в)оқушылардың логикалық ойлауы мен танымдық қызметтерін және кеңістік туралы түсініктерін дамытуға, творчестволық қабілеттерін қалыптастыруға ұйтқы болады;

г)оқушылардың зейіні мен байқағыштығын, ұқыптылық пен дәйектілік, дербестік пен жоспарлылық тәрізді еңбек мәдениетін дарытуға ықпао жасайды;



ғ)математика ғылымының интернационалдығы, оқушыларды пролетарлық интернационализм рухында тәрбиелеуге; математика теориялары мен олардың дәлелдемелерінің әдемілігі эстетикалық тәрбие беруге; математикалық объектілердің материялығы оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, ғылыми-атеистік тәрбие беруге қолайлы жағдай туғызады.

Математиканы оқыту жөніндегі жеке міндеттер:

1) оқытуды ұйымдастыру формаларын жасау;

2) оқушылырдың білімін бағалау және оқытудың жеке әдістері мен тәсілдерін жасау;

3) оқыту процесінің тиімділігін тексеру;

4) мұғалімнің сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету;

5) кластан тыс жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету.

Оқу процесінің бұл проблемаларын зерттеу мақсаты оқу және тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мен оның жоғары көрсеткіштерге жетуін қамтамасыз ететіндей оқыту теориясы мен методикасының принциптік негіздерімен қаруландыру.

Математиканы оқыту теориясы жайындағы ілім бойынша жалпы міндеттер:

1) математиканы оқыту процесінде жүзеге асырылатын оқушылардың оқу қызметінің әр түрінің ерекшеліктерін анықтау және талдау, сондай-ақ олардың тәрбиелік мәнін ашып көрсету;

2) оқушылардың математикалық білімдерін, іскерліктері мен машықтарын жетілдіру мен оларды игеру процестерін зерттеу;

3) математика сабағында оқушылардың творчестволық қызметі мен қабілетін арттыру мен дамытудың тиімді әдістерін анықтау.

Бұл мәселелерді шешу оқушылардың творчестволық қызметі мен коммунистік көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін, математикалық теориялар мен идеяларды меңгерудің және оқу қызметін тиімді ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін оқыту процесіне енгізуге тіреледі.

Осыған орай жеке міндеттер:

1) оқушылардың дербес ерекшеліктеріне қарай математиканы оқыту процесінде тәрбие жұмысын жүргізудің тиімді тәсілдерін анықтау;

2) оқушылардың оқу қызметінің жеке түрлерін жетілдіруге және оларды игеруге ықпал туғызатын тәсілдерді анықтап, оларды зерттеу;

3)теориялық материалдарды игеруде және есеп шығаруда кездесетін қиындықтар мен оқушылар жіберетін қателердің алдын алудың тиімді тәсілдерін табу;

4)оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау және зерттеу;

5)оқушылардың абстрактілі ойлауы мен кеңістік туралы түсініктерін жетілдіру жолдарын зерттеу;

6)кластан тыс жұмыстарда оқушылардың творчестволық қабілетін тәрбиелеу жолдары мен олардың математика пәніне ынтасын арттырудың тиімді тәсілдерін анықтау.

Сонымен қатар математиканы оқыту процесінде прогресшіл көрнекі оқу құралдары мен оқытудың техникалық құралдарын жасау мен зерттеу және оқу процесін тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін оқу құрал-жабдықтарын зерттеу міндеті қойылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет