Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының Ережесі Жалпы ережелер



бет1/5
Дата17.01.2023
өлшемі67,5 Kb.
#61577
  1   2   3   4   5

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының Ережесі


Жалпы ережелер
1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданы (бұдан әрі - Олимпиада) ұйымдастыру және өткізу қағидалары жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын барлық білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
2. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау болып табылады.
3. Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
- бірінші (мектепішілік) кезең;
- екінші (аудандық/қалалық) кезең;
- үшінші (облыстық) кезең;
4. Барлық кезеңдер бір турда өткізіледі.
5. Ұйымдастыру комитеті: Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары мен облыстық «Дарын» орталықтары болып табылады.
Олимпиаданы Ұйымдастыру Комитеті:
-Олимпиаданы өткізудің ұйымдастырушылық-техникалық нысанын айқындайды;
- Олимпиаданы ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
- Олимпиаданың барлық кезеңіне қатысушыларды (қажет болған жағдайда) олимпиаданы өткізу кезінде қолданыстағы санитариялық эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға сәйкес жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, олимпиаданы өткізу уақытына тамақпен қамтамасыз етеді (қажет болған жағдайда);
- әрбір жалпы білім беретін пән бойынша олимпиадалық тапсырмалардың сақталуын қамтамасыз етеді, олардың құпиялылығы үшін ҚР заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады;
- олимпиадаға қатысушылардың олимпиадалық жұмыстарын шифрлауды жүзеге асырады.
6. Олимпиада келесі пәндер бойынша жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізіледі: математика, биология, физика, география, химия, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.
7. «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәні бойынша туу туралы куәлік бойынша сәйкестендірілетін өзге ұлттың оқушылары қатысады.
8. Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары және облыстық «Дарын» орталықтары олимпиаданың екінші/үшінші кезеңдерінің тапсырмаларын әзірлейді және құрастырады.
9. Барлық кезеңдердің мерзімдері мен Олимпиада пәндерінің тізбесін жыл сайын, мектепішілік, аудандық, облыстық кезеңдерін өткізу жөніндегі нұсқаулықты Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары және облыстық «Дарын» орталықтары бекітеді.
Барлық қатысушыларға қажет:
- олимпиада басталғанға дейін кемінде 30 минут бұрын Олимпиада өтетін жерге келу;
- ұйымдастырушының сүйемелдеуімен қосымша заттарды, ұялы телефондарды арнайы бөлінген орынға қалдырып, аудиторияға өту;
- ұйымдастырушы көрсеткен орынға отыру;
- жұмысты орындау жөніндегі нұсқаулықты тыңдау, танысу;
- тапсырманы орындауға кірісу;
Олимпиаданың басталуына кешіккен қатысушылар аудиторияға жіберілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет