Жалпы білім беретін Шипов орта мектебі Таќырыбы



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#17921
  1   2


  • Адам баласы көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады.”

  • А.Құнанбаев.


  • Менделеев кестесіндегі элементтердің адам ағзасы үшін маңызды екенін, олардың қандай рөл атқаратыны және қайдан алу керектігіне бағыт- бағдар беріп, осы мәліметтер бойынша білімнің жаратылыстану бағытындағы қорын молайту .
  • Оқушыларға адам ағзасы химиялық элемент негізінен тұратынын дәлелдеу.

Жоспары:

1.Кіріспе. Менделеев кестесіндегі элементтердің адам ағзасы үшін маңыздылығы.

2.Негізгі бөлім. Химиялық элементтер –адам ағзасында

а) Адам ағзасында кездесетін химиялық элементтер.

ә) Тірі ағзаға қажетті тіршілік металдар.

б) Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық орны.

3.Қорытынды.Зерттеулер нәтижесі.



Жер бетінде тіршілік пайда болғаннан бастап химиялық элементтер, сол тіршілік ағзаларына қызмет атқарып келеді. Сонысымен де бұл элементердің физикалық, химиялық қасиеттері толық зерттеліп, Д.Менделеев кестесінен тікелей орын алып, көлемін ұлғайтуда. Адам ағзасында кездесетін химиялық элементтерді төмендегідей топтауға болады.

Химиялық элементтер өмір сүру ерекшелігіне (маңызына) қарай 3 топқа бөлінеді.

Адам ағзасында кездесетін химиялық элементтерді біз қайдан, қалай ағзаға сіңіреміз? Химиялық элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететіні анықталған. Химиялық элементтердің табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша жердің массасының шамамен 50%-ын оттек, 25%-дан астамын кремний құрайды. Он сегіз элемент - оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий – жер массасының 99,8%-ын құраса, ал қалған 0,2%-ы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді.

Ағзадағы “Өмір металдары” деп аталатын металдар бар. Адам салмағына қарай есептелінеді. Адамның денесі : 33 кг оттек + 9 кг көміртек + 5 кг сутек +1,5 кг азот + 800 г кальций + 500 г фосфор + 180 г калий + 130 г күкірт + 80 г натрий + 80 г хлор + 25 г магний + 4 г темір + 0,02 г йодтан (барлығы 13 элемент) құралып, нәтижесінде тірі ағзаны толтырады. Ағзаның қалтқысыз жұмыс істеуі үшін оған сәл-пәл мыс, мырыш, марганец, кобальт, литий, стронций, алюминий, кремний, қорғасын мен күшала қажет.

Калий,натрий- ағзаны қалдықтардан тазарта отырып, су алмасуын реттейді, қанайналымын жақсартады. Бұлар жемістерде, бұршақта, жапырақты көкіністерде, дәндерде, бананда және картопта болады.

Кальций- ізбес.Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді.Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 г кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций- сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам- ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр), грек жаңғағы, тұқымшалар мен балықта мол.Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызы да кальцийге бай.Ағзаға бір тәулікте қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді.

Йод -өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы.Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы, алады.Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл-ой кемістігі.

Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті.Менделеев кестесіндегі 53-і элемент адам ағзасында 20-30 мг мөлшерінде ғана болса да өте маңызды үрдістерді атқарады.

  • Йодтың күндік нормасы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет