Жалпы ережелер



бет1/13
Дата06.01.2022
өлшемі82,63 Kb.
#12420
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдету және инженерлік жүйелер құрылғыларын монтаждау және пайдалану» кәсіби стандарты




  1. Жалпы ережелер

1. «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдету және инженерлік жүйелер құрылғыларын монтаждау және пайдалану» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, соның ішінде кәсіпорындар қызметкерлерін оқытуға, білім беру мекемелерінің жұмысшылары мен түлектерін сертификаттауға, қызметкерлерді басқару саласы мәселелерінің кең тобын шешуге арналған.

2. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады: біліктілік – жұмыскердің нақты еңбек қызметтерін сапалы орындауға дайындық деңгейі;

кәсіптік деңгей/біліктілік деңгейі – жұмыскердің қиындық, еңбек әрекеттерінің стандартты еместігінің, жауапкершілік және дербестік кӛрсеткіштері бойынша сараланбалы, дайындық және құзырет деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы;

біліктіліктердің ұлттық шеңбері (БҰШ) – еңбек нарығында танылатын, біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

біліктіліктердің ұлттық жүйесі (БҰЖ) - еңбек нарығы жағынан мамандар біліктіліктеріне сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу механизмдерінің жиынтығы;

біліктіліктердің салалық шеңбері (БСШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

сала/негізгі топ – олар үшін шығарылатын ӛнімнің, ӛндіріс технологиясының, негізгі қорлар мен жұмысшылардың кәсіби дағдыларының ортақтығы тән, кәсіпорындар мен мекемелердің жиынтығы;

кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (бірдей немесе ұқсас тағайындалу, объектілер, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек қызметтері мен біліктіліктердің ұқсас жиынтығын болжайтын, кәсіби топшалар жиынтығы.

кәсіби топша – еңбек қызметтері және оларды орындау үшін қажетті біліктіліктердің тұтас жиынымен қалыптастырылған мамандықтар жиынтығы;

кәсіби стандарт (КС) – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік, құзыреттер деңгейіне, мазмұнға, сапаға және еңбек шарттарына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт;

кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде алынатын және білім беру туралы сәйкес құжаттармен расталатын, белгілі бір білімді, икемділік пен тәжірибелік дағдыларды талап ететін, адамның еңбек қызметінің негізгі түрі; еңбек қызметі – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше тапсырмаларын шешуге бағытталған, өзара байланысты әрекеттер жиыны;

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет